Инфляцияға қарсы саясат: теориялық негіздер және Қазақстан тәжірибесі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Инфляцияға қарсы саясат

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1 . Теориялық бөлім

1 . 1 . Инфляция дегеніміз не ?

1 . 2 . Инфляцияның түрлері .

1 . 3 . Инфляцияға қарсы саясат ?

2 . Анализдік бөлім .

2. 1. Қазақстан Республикасындағы инфлякция деңгейі .

2 . 2 . Инфляцияның экономикалық себеп салдары .

III Қорытынды .

Пайдаланылған әдебиеттер .

Кіріспе

Инфляция-бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс ; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады .

Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді .

Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған ; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген . Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады . Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана . Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды . Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады . Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады . Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі . Артық ақша сұранымды арттырады . Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, олардың көтеріп жібереді .

Батыс елдерінде 10%-ке дейінгі баяу инфлякция қауіпті деп саналмайды . Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі . Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбатқа түсетінін біледі . Бұл, өз кезегінде, өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады . Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді . Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді . Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі . Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды .

Бірақ, 10%-тен асқанда инфляция қауіпті . Экономика әсіресе гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвистиция жасау тиімсіз болады . Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқы сауда сферасына ауысады . Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып-сату ( спекуляция) түрі тез дамиды . Спекулятивті бизнес ұсыныстың, өндірістің өсуіне ықпал жасамайды, керісінше, өндіріс тоқырауға ұшырайды . Тоқырау мен инфляция қосылған соң нарықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға теріс әсер ететін болады . Сондықтан стагфляциядан шығу үшін мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс-шаралар бағдарламасы жасалып, іске асырылуы қажет болады .

1. 1. Инфляция дегеніміз не ?

« Инфляция » термині ( латынның inflation сөзінен шыққан -кебіну, ісіну ) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары ( 1861-1865 ж . ж . ) қағаз долларының ( « гринбектердің » ) қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды . XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылады . Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады .

Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы-тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде-тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі ; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі . Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алщақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады .

Инфляция -ақша жүйесінің дағдарысты жан-күйі .

Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады :

  1. айналысқа артық ақшаның шығарылуы ;
  2. қолайсыз төлем балансы ;
  3. үкіметке сенімнің жоғалуы .

Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді . Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды . Алайда инфляцияны тауар бағасының өсуінде көргенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды . Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс . Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі .

Инфляцияның көріну нысандары :

  1. тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, оның үстіне бірқалыпты емес өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының төменженуіне ұрынады ;
  2. ұлттық ақша бірлігінің шетелдік ақша бірлігіне қатысты бағамының төмендеуі ;
  3. ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көтерілуі .

Бүгіндегі инфляция бағаның өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты . Инфляцияға өндіріс пен өткізу сферасындағы әр түрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама-қайшылықтары себепші болады . Яғни, инфляция--бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан сәйкессіздік . Жеке тауар рыногында сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі . Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды . Инфляция-бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі .

Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, нарық жағдаятына ( конъюнктурасына ) , сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін . Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады . Бірақ бағаның кез-келген өсуі де инфляция емес . Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратындарын анықтап алу қажет .

Айталық, экономиканың конъюнктуралық ауытқуына байланысты бағалардың өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды . Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді . Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта « шығын инфляциясы » деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі .

Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені ? Қандай жағдайларды жатқызуға болады ?

Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік . Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы . Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді . Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруы әбден мүмкін . Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландару, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, түптеп келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін . Үшішіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін XX ғасырда нарық құрылымының өзгеруімен түсіндіреді . Бүгінгі нарық XІX ғасырдағы нарық түріне тіпті ұқсамайды . XІX ғасырдағы нарықта негізінен өзара толық бәсекелі тауарлар сатылатын . Бұл тауарларды көптеген өндірушілер өзара еркін бәсеке негізінде өндіріп сататын, салалық және салааралық бәсеке жағдайы болған, капитал кедергісіз бір саладан екінші салаға айысатын еді . Қазіргі рынок-көбінде олигополия түрінде қалыптасқан . Осы күнгі фирмалар ( тауар өндірушілер, ұсынушылар ) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады . Фирма-олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі . Бағаның төмендеуімен өз рыногындағы жағдайды « бұзып алмау » мақсатында ірі фирмалар ұсыным икемділігінің артуына кедергі жасауға тырысады . қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады . Төртіншіден, ұлттық экономикалардың « ашыла » түсуіне, олардың дүние жүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысу қаупі артады . «Импортталған инфляциямен » күресу мүмкіндіктері де шектеулі келеді . Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экпорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді . Бесіншіден, « инфляцияны тосу » деген жағдайға байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді . Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше, « инфляцияны тосу » психологиясын жеңу антиинфляциялық асясаттың негізгі мақсаты деп анықталады .

« Инфляцияны тосу » механизмі экономикаға қалай әсер етеді ? Мәселе мынада : адамдар ұзақ уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуіне күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді . Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды . Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұраным одан әрі арттыра түседі .

Өндірушілер де шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап, өздерінің өнімдеріне бағаны арттыра түседі . Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын-ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді . Нәтижесінде, бағалар сұраным көлемі анықтайтын деңгейден артып, « инфляцияны тосу » деңгейіне көтеріледі .

Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезден олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы ) қалыптасады . Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан . Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуін, « баға --еңбекақы », « инфляциялық тосу » « инфляцияның бір елден екінші бір елге ауысуы » және басқалары болады . Бұрыңғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болады .

1. 2 . Инфляцияның түрлері

Бұрын инфляция төтенше жағдайында қалыптасқан . Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын . Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақта факторына айналды .

Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады . Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден-бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді . Баяу инфляция сасясаты өндіріс пен нарық ( сұраным ) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді .

Қарқынды инфляция ( бағалардың жылына 20% -200% -ке дейін өсу түрі ) --экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын-ала ескеріп, оған икемделе береді .

Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады . Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып келеді . Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша щығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен .

Ақша айналым заңын сипаттайтын теңдік-MV=PQ қолдана отырып осыны қалай түсіндіруге болады ? Егер М-п есе өскен болса, баға деңгейі сонша есеге өсуі қажет сияқты . Бірақ бұл жерде V--көрсеткішін де есепке алу қажет . Шаруашылық субьектілері ұлттық валютаға сенімдерін толық жойған жағдайда қолындағы құнсыз валютадан тез құтылуға ұмтылады . Нәтижесінде ақшаның айналым жылдамдығы күрт өседі, ал бұл айналымға қажетті ақша көлемінің күрт өсуімен бірдей . Сондықтан бағаның өсу қарқыны айналымдағы ақша массасының өсуінен сан есе артады . Сонымен, инфляцияны тосу факторын қарқынды инфляцияның гиперинфляцияға ауысып асқындап кетуінің негзгі бір себебі ретінде қарастыру болады .

Жоғарыда сөз болғандар инфляцияның ашық түріне жатады . Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуін және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады . Бірақ, бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса да құнсыздану ( инфляция ) жағдайы қалыптасуы мүмкін . Инфляцияның бұл түрі тауар тапшылығынан көрінеді . Тауарлардың тапшылығына байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша ( табыс ) құнсызданады .

Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі . Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі ( ставкасы ) да өседі . Нарықта тепе-теңдік ( тұрақтылық ) сақталады . Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі .

Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білге жөн . Тосылған инфляцияны алдын-ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен « жоспарлайды » . Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді . Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады . Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды . Сондықтан нарықта қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін болады . Сонымен бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың « инфляциялық тосу психологиясын » туғызады . Егер тосын инфляция ( бағаның кенеттен өсуі ) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайында қатты әсер етпейді . Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды ; және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді ; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады . Нарқытқы сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді .

1 . 3 . Инфляцияға қарсы саясат

Инфляцияның екпіні ағын судай қатты болатындығы белгілі . Сондықтан, оның экономикамызға ендеп кіріп кетпеуін болдырмау үшін еліміздің айналымындағы ақшалардың мөлшерін байланыстыратын шаралар атқарылуы қажет . Бюджет тапшылығына байланысты құнды қағаздар шығару мәселесі де қолға алынып отырғандығы аян . Бірақ, инфляция мұнымен тоқталады деуге болмайды, инфляция келді дегенше елде қымбатшылық болады .

Құнсызданудың ( инфляцияның ) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді . Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады : күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайында икемделген дұрыс па ?

Бұл екіұшты мәселеге әртүрлі елдерде ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен . Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады . Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады ( табыстарды индексациялау ) .

Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады . Бірінші әдістеме шеңберінде ( оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді ) белсенді бюджет сасясаты жүргізіледі -сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі . Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді . Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді . Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады . Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін . Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады . Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады . Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі . Ең алдымен табысы төмен нарық субьектілеріне салынатын салық қысқартылады . Бұл бірден нәтиже береді : сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады . Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен . Соымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады .

Екінші әдістемені жаңа классикалық бағыттағы экономистер ұсынады . Олар бірінші орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін қояды . Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды . Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді . Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы ( процент ) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды .

Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-шаралар жүргізілуі қажет . Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді . Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын ( бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т. б. ) толық жою мүмкін емес . Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын-ала белгілі . Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған .

Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану қажет . Бұл шаралар жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады . Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді . Ол үшін кез-келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады . Үкімет өзінің белсенді іс-шаралар негізінде ( өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу т . б. ) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды . Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана-сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді .

Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс-шаралар жүргізіледі . Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады .

Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс-шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді .

Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету . Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсіретеді . Бұл өте күрделі және өзекті мәселе . Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады .

Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады . Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсіреді ; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктер береді ; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады ; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді .

Күнделікті сұранымды қысқарту арқылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады . Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады . Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары қысқарады .

Инфляцияға қарсы саясатқа байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды . Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін . Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2 %-ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰО-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен қалыптасады .

Инфляцияны ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтері 60-шы жылдардан бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді . Бұл саясат негізінен табысты шектеуге бағытталған . Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе бермеген . АҚШ тәжірибесі көрсеткендей, табысты тежеу саясаты, түптеп келгенде, ұзақ мерзімді тұрақты нәтиже бермеген . 1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу тәртібін қолданған екен . 70-жылдардың соңында табыс пен бағаны тікелей реттеу тәртібі жойылып, оның орнына орындауға міндетті емес үкіметтің ұсынысы ретінде сақталған болатын . Ал 80-жылдардың басында президент Р . Рейганның әкімшілігі бұл мәселемен айналысатын мемлекет мекемелерін таратып жіберген .

Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды .

Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат: теориялық және құқықтық негіздер мен шаралар
Инфляцияға қарсы саясат: себептері, құралдары және Қазақстан тәжірибесі
Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат: теориясы, құралдары және тәжірибесі
Қазақстандағы инфляция: теориялық негіздер, даму факторлары және инфляцияға қарсы саясат
Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты және инфляциялық таргеттеу: теориялық негіздер мен Қазақстан тәжірибесі
Инфляция: түрлері, себептері, зардаптары және инфляцияға қарсы саясат (Қазақстан тәжірибесі)
Инфляция: себептері мен зардаптары және инфляцияға қарсы саясат (Қазақстан тәжірибесі)
Қазақстандағы инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат: теориясы мен тәжірибесі
Қазақстан Республикасындағы инфляция және инфляцияға қарсы саясат
Ақша айналымы мен инфляция: теориялық негіздер және Қазақстан экономикасындағы қазіргі жағдай мен инфляцияға қарсы саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz