Нарықтық қатынастар туралы



КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері. 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Нарықтық қатынастардың қызметтері. 5
1.2 Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері. 7
1.3 Нарықтық қатынастардың шеңбері 10

ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық экономиканың үлгілері. 14

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 18
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жатқан, өндірушілер, басқа жатқан, тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жатқан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекетеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастырының субъектірінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу-сату эквивалентік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіріне айналуының экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді жетілдіруді – барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар-ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмұны неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұраққа жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бір-бірін тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиі қолдынылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно (1801-1877 жж.) мен экономист А. Маршалл (1842-1824жж.) береді. «Нарық заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келтін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда – бірдей тауалардың бағасы көп ұмазай тез арада теңеледі» (Маршал А. Принципы политической экономии. – М., 1984.Т.2.С.6.). Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У. Джевонс (1835-1882 жж.) нарықтық критериі деп сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың «тығыздығына» назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез келген адамдардың тобы, нарық болады.
Байқасаңыздар, келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас сферасымен шектеледі.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екеншіден, нарық - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.
1. С.Әкілібеков. «Экономикалық теория». 72-75 беттер
2. Әубәкіров «Экономика теория негіздері»1998/300-301
3. А.Смит «Халықтар байлығы»,556-557 беттер
4. А.Смит «Халықтар байлығы» 1962,1990з/480,491 беттер
5. В. Крылова «Учебное пособие»
6. Жанайдаров «Экономика теория негіздері»
7. Журавлев «Основы экономической теории».
8. «Континент» журнал из Казахстана №21 (131) 13-24 октября 2004
9. «Континент» журнал из Казахстана №22 (134) 24 ноября - 7 декабря 2004
10. А. Смит. «Халықтар байлығы». М., 1962, 1990 ж. 480-491 б.
11. К. Маркс пен Ф. Энгельс шығ. 26 том, ІІ бөлім, 178б.
12. W. R. Scoot Adam Smith as Student and Professor lasjow 1937, p 54-53.
13. Дж. С. Милль. «Основы политической экономии».
14. I.A. Schumpeter Historu of Economic Analysis, p 307.
15. J. F. Bell. A. Historu of Economic Thout6 p 188

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері.
3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Нарықтық қатынастардың қызметтері.
5
2. Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету
принциптері.
7
3. Нарықтық қатынастардың шеңбері
10

ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық экономиканың үлгілері.
14

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 18

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері.

Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға
қозғалысын қамтиды: бір жатқан, өндірушілер, басқа жатқан, тұтынушылар
арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді.
Бұл бір жатқан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекетеріне сәйкес оларды
бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты
функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің
шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады,
сөйтіп нарық қатынастырының субъектірінің қалыптасуының экономикалық
негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу-сату эквивалентік
негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде,
жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіріне айналуының
экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске
айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді,
өндірісті кеңейтуді жетілдіруді – барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар-
ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын
алады.
Осы қатынастардың мазмұны неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұраққа
жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып
алушы болып бір-бірін тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық
әдебиетте жиі қолдынылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно
(1801-1877 жж.) мен экономист А. Маршалл (1842-1824жж.) береді. Нарық
заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол
сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге
келтін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда – бірдей тауалардың бағасы
көп ұмазай тез арада теңеледі (Маршал А. Принципы политической экономии. –
М., 1984.Т.2.С.6.). Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның
белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У. Джевонс (1835-1882 жж.) нарықтық критериі деп
сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың
тығыздығына назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа
түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез
келген адамдардың тобы, нарық болады.
Байқасаңыздар, келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек
айырбас сферасымен шектеледі.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен
бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада
өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады.
Екеншіден, нарық - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын,
адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан
формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға
негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.

Айналыспен қатар, нарық қатынастарына мыналар жатады:

• Екі субъектің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда,
кәсіпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен
байланысты қатынастар;
• Еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
• Шетел фирмалары мен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
• Белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары;
• Тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын нарықтық
инфрақұрылымдардың іс-әрекет процестері.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Нарықтық қатынастардың қызметтері.

Нарық қызметтерінің белгілі шарттары болады. Ақырғы уақытқа дейін
Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның
себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған
көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі өндірістік-экономикалық
процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде
экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруалылық құрылымдарды
материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.
Бүгін осы шектеулер жойылды-мыс болып отыр. Бірақ олардың орнына басқа
шектеулер, кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көліме, алып
сатарлыққа жол ашу, криминалдық әрекеттердің жандануы – рэкет, мемлекеттік-
коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбейуі, т.б. Осылардың
барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік-шаруашылық іс-қимылдарға
негативтік ықпалын асыра түседі.
Осыған байланысты, өркениеттік нарық қатынастарының біздің
экономикадан тез орын алуына жол ашатын шарттардың зәрулігі өте жоғарылап
отыр. Бұндай шарттарды екі топқа бөлуге болады. Біріншісі нарықтық
байланыстарды қамтамасыз ететін жалпы шаруашылық шарттарға жол ашумен
байланысты:
• Меншіктің алуан түрлі формаларына (жеке меншікке,кооперативтік,
акционерлік, мемлекеттік меншікке) жол ашу. Бұл шартқа бірте-бірте
құрылымдық өзгерістер экономикадағы сәйкестікті шұғыл бұзбайтын етіп )
жол беру керек;
• Мемлекеттік реттеушілерді сақтай отырып, өндірісті демократияландыру.
Бұнда есте болатын жағдай: нарық экономикасы өзін-өзі реттеп шексіз
өркендеп тек жетіліп жандана беретін жүйе емес;
• Үш негізгі элементтерді біріктіретін: тауар мен қызметтер нарығын,
өндіріс факторларының нарығын, қаржы нарығын біріктретін нарықтық
инфрақұрылым жасау.
Факторлардың екінші тобына құқықтық заңдарды жасаумен байланысты
шаралар жүйесі және шаруашылық жүргізудің нарықтық әдісіне көшу туралы
экономикалық тәртіптерді қабылдау жатады. Біріншіден, меншік пен шаруашылық
жүргізудің көптүрлі формалары қалыптасу және оларға қожалық ету кезеңінде,
талантараждыққа және орынсыз пайдалануға жол бермейтін, нақты шаралардың
болуы қажет. Екіншіден, экономиканың жетекші салаларында құрылымдық
өзгерістер жүргізіп тапшылықты жою керек. Үшіншіден, шетел капиталының
қатысуымен және аралас кәсіпорындарды құру арқасында, экономиканы ашық
жүйеге айналдыру қажет.
Нарықтық мәні оның функциялары арқылы толығырақ анықталады. Нарық
мынадай маңызы функциялар атқарады:
• Тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы
көрінеді: тауарға сұраныс өскенде өндірушілер өздерінің өндіріс
көлімен көбейтіп бағаны жоғарылатады; нәтижесінде өндіріс қысқара
бастайды;
• Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде өндірушілер өндіруді азайтады,
осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек
ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін
іздестіреді;
• өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау
қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге
аса алады: сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте
монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес
болғанда;
• реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және
айырбастағы негізгі микро-және макропропорциялар белгіленеді;
• шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принциптерін
жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсерімен қоғамдық өндіріс
экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады, және
рсының арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді,
яғни дифференцияланады.

2. Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері.

Нарықтық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі
элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін
құрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер мен
тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады –
біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыны
және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауалар өндіріс
сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып
табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге
пайдаланады.Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір- бірімен
байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп
отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға
негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.

Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының
корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас
формаларымен болжанғанэкономикалық оңашалану құрайды.
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі- баға. Бағаны жеке
талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға
сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі
конъюктураға байланысты өзгеріп отырады. Екінші- осы географиялық ауданда
өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.
Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен
байланысеы айналым шығындары болжайды.
Нарық экономикасының тортінші, орталық буыны- екі құрылымнан,
сұраныстан және ұсыныстан, тұрады. Нарықта сұраныс тауарларғақажеттілік
болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай
табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және
ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс
материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты
байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды
элементтері.
Нарықтық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың
жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз
етеді. Бәсеке нарық субъектерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің
формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың көрінбейтін қолыдеген.
Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің
қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам
пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты
қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының,
проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық
тауар биржаларының кқтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып,
қызмет етуін талап етеді.

Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге
гнегізделеді:
• Маржиналдық (шекті) талдауға;
• Балама таңдау шығындарына;
• экономикалық рационалдыққа.
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъкктілерінің іс-
қимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті
шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту,
нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға
ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаң, шекті субъектінің пайда болуы нарық
экономикасында, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген
нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық
жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес
салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей
қызмет етуін қамтиды деуге болады: сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне
жол бермейді: тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік болмысын
қамтамасыз етіп отырыды.
Балама таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау
шығындарына, тікелей шығындар және ресурстары пайдаланудың, немесе,
кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың
салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады.
Нарық экономикасының ерекшілігі мынада: барынша қолданылмаған
мүмкіндіктердің варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір
күмәнсіз табысқа жеткізітін варианты таңдап алынады. Балама таңдау
шығындары принципі өндірушілерді, олардағы бар ресурстары тиімді қолдануға
ынталантырыды.
Экономикалық рационалдық принципті табыс пен шығындары салыстырып
отыруға негізделеді. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан
жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде
болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады.
Рационалдықтың критериі – табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма
неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар – капиталды
шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді.
Нарық экономикасың осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-теңдік
болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық
проблемасы. Бұл жағдай екі қарама қарсы күштерді қолдануға негізделеді –
бір жатқан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жатқан, нарықтағы бағаны.
Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып
табылады. Сиректік деген түсінік экономистер үшін өте маңызды
методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде
қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында Сиректік деген түсінік
негізгі және ешқандай түсіндірме тілемейиін, физикалық ақиқат болып
табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір
игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық мектептің өкілдері Д. Рикардо, А.Смит сиректік
түсінігін құнмен байлыныстырады. Олардың айтуы бойынша, сиректік еңбектің
санымен қатар, тауардың құнын білгілейтін маңызды факторларға жатары. Осы
замандағы нарықтық қатыныстар теориясында сиректіктің түсінігі белгілі
трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік
факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету
мерзімінен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және
толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі уақыт
мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің
қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.

3. Нарықтық қатынастардың шенбері.

Нарық теориясында нарықтық қатынастар әрекет ететін шекараны
білгелеудің маңызы зор. Бұл мәселеде айырбас сферасында шығындардың
қалыптасуы шешуші шарт болып табылады. Нарық жағдайында тауаларды өткізу
мен тұтынуға байланысты шығындарды К. Маркс таза шығындар деп атаған. Батыс
экономикалық әдебиетінде айырбас сферасындағы шығындар трансакциондық
шығындар деп аталады. Бұл түсінікті американдық экономист Д.Коуз еңгізген.
Д.Норт трансакциондық шығындардың негізгі типтерін бөліп көрсеткен:
- нарық туралы информация ізлеумен және сол нарықтағы тауарлар мен
қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты шығындар;
- келісімдердің шартіын білгілеумен және оларды жасаумен байланысты
шығындар;
- тауарлардың сапасын анықтауға, стандарттар жүйесін жасауға, фирманың
белгісін қорғауда жұмсалған шығындар;
- нарықта ойланбай (опортунистік) жасалған әрекеттерден болған шығындар.

Шығындардың осы формасын пайдалану өте көп тараған. Шекті
пайдалылық теориясының өкілдері трансакционердық шығындардың енгізілуінен
көп бұры, бәсеке мен нарықтық баға белгілену процестеріне көңіл аз бөлінді
деушілікке сүйене отырып, зерттеу процесін айналым сферасына аударған.
Қазіргі замандағы экономикада, бухгалтерлік өндіріс шығындары қолданылады.
Бұған тікелей шығындардан басқа, сауда және әкімшілдік шығындары жатады.
Бухгалтерлік шығындар мен әдеттегі кәсіпкерлік пайда бірігіп толық
бәсекелік пайданы құрайды.
Айналыс сферасындағы шығындарды теория жағынан дәлелдеу, өндіріс
заңдары мен бөлу заңдарының арақатыстық мәселелерінін шешу болып табылады –
олар, немесе, бір-бірінен дербес, немесе, біріншілер екіншілерге тәуелді
болады, егер өндіріс процесі болу процесінен тәуелді емес десек, онда
трансакциондық шығындар нөлге тең болу керек. Бірақ, нақты өмірде
трансакциондық шығындар қашанда нөлге тең болмайды. Сондықтан, өндіріс
процесіне бөлу нарықтық механизм арқылы тікелей әсер етеді.
Осы әсердің дережесін білу үшін А.Смит пен Р.Коуздың
теоремаларымен танысайық.
А.Смит теоремасы, немесе, айырбас теоремасы бойынша, еркін айырбас
екі жаққа да пайда әкеледі. Осы теорема арқылы нарық, еңбек бөлінісі және
өндірістің тиімділігінің араларында байланыстар белгіленеді. Нарық
қатынастарының дамуы және айырбас арқылы қол жеткен пайда еңбек бөлінісіне
негізделген маманданудың нәтижесінде туған рационалдық кәсіпкерлік іс-қимыл
арқылы қамтамасыз етіледі. Осы арқылы өндіріс көлемі және айырбастың
масштабы өседі. Тауарлапды өткізу (айырбастау) сферасының кеңейуі
трансакциондық шығындардың өсуімен қатар жүреді. Бұл арада қайшылық процесс
туады. Бір жатқан, маманданудың арқасында шығындар жалпы төмендейді, басқа
жатқан, нарықтық қатынастардың территориялық деңгейінің кеңейуінің
арқасында трансакциондық шығындар өседі. Осының нәтижесінде еңбек
бөлінісінің пайдалылығы, трансакциондық шығындардың өсуінің салдарынан
жоққаайналуы мүмкін.Бұдан мынадай тұжырым туады: еңбек бөлінісінің пайдасы
мен трансакциондық шығындар салыстырылып отырылытын, нарықтық қатынастар
шекарасы, осы нарықтық қатынастар субъектерінің шекарасы болып табылады.
Р. Коуздың теоремасының мәнін былай сипаттауға болады:
егерменшік құқы нақты белгіленген болса, онда ынталы жақтар ұнамды, немесе,
ұнамсыз нәтижелерді мемлекеттің кірісуінсіз шешуі мүмкін. Бұл теорема
мвнадай жағдайға негізделеді: меншікті қолдану процесінде пайда болатын
трансакциондық шығындар екіге – меншіктің өзінің әрекет етуімен байланысты
шығындарға және мемлекеттің ынталы жақтардың арасында меншіктің бөлінуін
реттеп отыруға жұмсайтың қосымша шығындарға бөлінеді. Бұл мынадай жағдайға
әкеліп соғады: нарықтық қатынастардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтағы әлеуметтану
І. ММ «Зайсан аудандық жер қатынастар бөлімі»-нің қаржылық жағдайының мазмұны мен әдістерін талдау
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы ақпарат
Нарық және нарықтық экономика
Нарықтық экономиканы дамытудың экономикалық қатынастары мен заңдылықтары
Нарық: түсінігі, қатынастары, құрылымы
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастырудың өзiндiк ерекшелiктерi
Нарық, оның қызметтері және қызмет ету қағидалары
Қазақстандағы нарықтың даму тарихы
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс
Пәндер