Экологиялық мониторинг туралы


Мазмұны

Кіріспе. . 2

1 Әдебиетке шолу . . . 4

1. 1 Стресс түсінігі . . . 4

1. 2 Биоиндикацияның экологиялық негіздері . . 8

1. 3 Кешенді биоиндикация әдісімен қоршаған орта жағдайын бағалау ……. . 11

1. 4 Популяция және экологиялық қуыс туралы түсінік 12

1. 4. 1 Популяция туралы түсінік . . . 12

1. 4. 2 Экологялық қуыс . 13

2 Тәжірибелік бөлім. 15

2. 1 Объект сипаттамасы 15

2. 2 Шыбынның сипаттамасы 16

2. 3 Материалдар және әдістер . . 17

2. 3. 1 Зоналарды және аулау нүктелерін таңдау . . 17

2. 3. 2 Дрозофиламен жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтар және инвентарь 17

2. 3. 3 Қоректік ортаны дайындау . . 17

2. 3. 4 Аулау әдісі . …18

Қорытынды. . 20

Пайдаланылған әдебиет. …21

Кіріспе

Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Экологиялық мониторингті сапалы жүргізу үшін физико-химиялық және биологиялық мониторинг қажет. Бұл екі мониторинг әдісі бірін-бірі толықтырып отырады.

Егер алғашқы әдіс фактордың сандық және сапалық сипаттамаларын берсе, бірақ оның биологиялық әсері туралы тек жанама болжайды, ал екінші әдістің көмегімен биологиялық нәтижесі туралы ақпарат алуға болады және фактордың нақты ерекшелеліктері туралы жанама қорытындылар шығаруға болады.

Барлық биологиялық жүйелер өздерінің даму барысында тіршілік орталарындағы кешенді факторларға бейімделген. Әрбір ағза өзіне әсер ететін кез-келген факторға қатысты генетикалық детерминделген, филогенетикалық иемденген, бірегей физиологиялық төзімділік диапазонына ие. Ағзаның физиологиялық төзімділігі және экологиялық потенциясы оның индикатор ретіндегі бағалығын көрсетеді. Нәтижесінде әрбір биологиялық жүйе (ағза, популяция, биоценоз) уақытқа байланысты өзіне әсер ететін орта факторларын сипаттайды - табиғи, адаммен өзгертілген немесе антропогенді. Биологиялық жүйелер арқылы тіршілік ортасының абиотикалық және биотикалық факторларын бағалау әдісі көп жағдайда биоиндикация (лат. indicare - көрсету) деп аталады. Осыған байланысты ағза немесе ағзалар бірлестігінің тіршілік функцияларының ортаның белгілі бір факторымен тығыз корреляцияланатын болғандықтан оларды бағалау үшін пайдаланады және биоиндикаторлар деп атайды.

Табиғи жағдайларда ағзалар әрдайым әртүрлі стрессорлар әсеріне ұшырап отырады. Биологияда стресс дегеніміз - ортаның экстремальды факторларына биологиялық жүйенің реакциясын айтамыз және бұл факторлар қуаттылығына, қарқындылығына, уақытқа, әсер ету ұзақтығына байланысты жүйеге қатты немесе ақырын әсер етуі мүмкін /1/.

Популяция деңгейінде ортаның кешенді стрессорлық әсерін зерттеуде тест-обьект ретінде Drosophila мelanogaster алдық. Бұл түрді зерттеу лабороторияда ұстау кезінде үлкен қаржылық шығындарды қажет етпейді, морфологиялық анализ жасау үшін ыңғайлы, өте тез көбейеді және онтогенездік кезеңі қысқа.

Жұмыстың мақсаты Алматы қаласының жағдайындағы Drosophila мelanogaster популяциясындағы морфологиялық өзгерістердің қалыптасу заңдылықтарын зерттеумен байланысты. Сонымен қатар келесі міндеттерді орындауды қажет етеді:

- Алматы қаласының экологиялық дифференциясына сай дрозофила популяцияларын аулау нүктелерін анықтау;

- дрозофила популяциясындағы особьтарға морфологиялық анализ жасау;

- антропогенлік прессинг бойынша Алматы қаласының екі зонасын салыстыру .

1 Әдебиетке шолу

1. 1 Стресс түсінігі

«Стресс» түсінігі ғылымның көп салаларында әр түрлі мағынада пайдаланылады. Ең алғаш ғылыми термин ретінде Селье 1936ж медицинаға енгізді, кейін арнайы емес психикалық күштемені түсіндіретін термин ретінде қолданылып жүрді. Селье (1979ж) стрессті биологиялық жүйенің ішіндегі өзгерудің арнайы синдромы ретінде көрінетін қиын жүктеменің жағдайы деп түсіндірді.

Стрессті әртүрлі әсер ететін екі типке ажыратады. Эустресс қиын жағдайда тіршілік иесінің орта жағдайларының өзгеруіне бейімделу қажет болған кезде ағзадағы биоэнергетикалық процесстермен іске қосылатын физиологиялық бейімделген реакциялармен сипатталады. Дистресс дегеніміз индивид қысқа немесе ұзақ уақыт бойы реттей алмайтын негізінен тұрақты жүктемелер немесе күшейтулер кезінде пайда болатын патогенді процесстер. Стрессордың эустресс немесе дистресс болуы көптеген факторларға байланысты, мысалы қоздырғыштардың экзогенді қосылыстары және ағзаның ішкі жағдайы.

Биологияда стресс дегеніміз - ортаның экстремальды факторларына биологиялық жүйенің реакциясын айтамыз және бұл факторлар қуаттылығына, қарқындылығына, уақытқа, әсер ету ұзақтығына байланысты жүйеге қатты немесе ақырын әсер етуі мүмкін. Табиғи жағдайларда ағзалар ортаның экстремальді жағдайларының ырғақты қайталанатын әртүрлі биотикалық және абиотикалық стрессорлар әсерлеріне ұшырайды, мысалы суық, ыстық, құрғақшылыққа көптеген ағзалар белсенділігінің периодты өзгеру (ұйқыға кету немесе криптобиоз) жолымен бейімделген, ол ағзалардың стресс әсеріне тұрақты етеді (стресске төзімділік) . Кейбір ағзалар арнайы бейімделгіштер (стресстен қашу) арқылы ортаның экстремальді жағдайының әсерінен қаша алады. Мысалы терең тамырланатын өсімдіктер топырақтың беткі қабатының құрғақшылығына сезімтал емес; кейбір өсімдіктер стрессорлардың жолына химиялық немесе физикалық тосқауылдар қояды.

Төзімділік және қашу стрессорға тұрақтылықты құрады. Биологиялық жүйеге стрессорлармен түсірілетін жүктемені серпімді (қайтымды) және иілмелі(қайтымсыз) деп бөледі. Бастапқы жағдайдың стрессордың әсеріне жауабы, ең алдымен артықшылық реакция жүреді, содан кейін тұрақты жағдай арқылы бейімделген жағдайға жеткізеді/1/.

Био-стрессорлар биологиялық жүйеге жыртқыштық, инфекция және бәсекелестік нысанда әсер етеді, өте жоғары немесе өте төмен

Кесте 1 Стресске тұрақтылық түрлері /1/

Стресске

тұрақтылық

Стресстен қашу стресске төзімділік

Серпімді иілмелі серпімді иілмелі

Жүтемеден жүктемеден жүктемеге жүктемеге

қашу қашу төзімділік төзімділік

Кесте 2 Ағзаны қоршаған ортаның стрессорлары /1/

Қошаған орта стрессорлары

Биологиялық стрессорлар Абиотикалық стрессорлар

(бәсекелестік, жыртқыштық)

Температура Су Сәулелену Жел, қысым Химиялық заттар

Шу, магнетизм

электртоқ тұздар, газдар,

тапшылық молдық пестицидтер

төмен жоғары

(суық) (ыстық)

Инфрақызыл көрінетін ультракүлгін иондаушы

суық аяз сәулелену сәулелер сәулелер сәулелер

температурадағы, судың молшылығы немес аздығы, экстремальды сәулелену, көптеген химиялық заттар, қатты желдер, шудың атмосфералық қысымының шеткі мәні, магнитті немесе электрлік әсер абсолютті нақты ажыратылады/2/. Барлық антропогендік стрессорларды жеке-жеке атау мүмкін емес. Транспорт, гигиена және тамақ өнеркәсібіндегі тек бір ғана үлкен прогресс өткен он жылдың ішінде мыңдаған жаңа химиялық өнімдердің түзілуіне жағдай жасады, сол өнімдердің көп бөлігі экстремальді биологиялық белсенділікке ие. Антропогендік стессорлардың қаіптілігі ең алдымен оларға биологиялық жүйелер - ағза, популяция немесе биоценоз болсын оларға әлі толық бейімделмеген. Антропогендік стрессорлардың түзілу жыдамдығы сонша, тіпті жүйелер бейімделушілік процесстерін іске қосып үлгере алмайды. Ортаның көптеген антропогендік фактролары көлемі, қарқындылығы, әсер ету уақытымен ұзақтығы биожүйелер бейімделген табиғи нормадан өте өзгеше болғандықтан тірі ағзалар үшін өте қауіпті (стрессорлар) . Нәтижесінде олар көп жағдайда төзімділік диапазонына әсер етіп, ағзаға жүктеменің артып кетуіне және биологиялық жүйелердің бұзылуына әкеледі/1/.

Сонымен қатар ескеретін жайт, ол табиғатта ағзаға қандай да бір ғана стрессор әсер етпейді, әрдайым бұзғыш факторлардың толық жиынтығы болады (ортаның кешенді стрессорлық әсері) . Бұған қоса жеке бір фактор уақытша немесе әрдайым доминантты болуы мүмкін. Осыған байланысты лабороториялық тәжірибедегі стрессорға ағзаның реакциясы табиғи жағдайлардағы бақылаумен сай бола бермейді. Сол себепті ортаның кешенді стрессорлық әсерін зерттеуде көптеген антропогендік стрессорлармен бұзылған ортадағы шектік жүктемені және биологиялық жүйелердің тұрақтылығын анықтау маңызды болып отыр.

Кесте 3 Антропогендік стрессорлар және олардың ағзаны бұзғыш әсері /2/.

Стрессор
Бұзғыш әсері
Стрессор:
Бұзғыш әсері: Серпімді жүктеме
: Иілгішті жүктеме
Стрессор:

Температура

Суық, аяз

Бұзғыш әсері: Липидтердің қатаюы, белок денатурациясы, метаболиттік процестердің ақырындауы (судың жайылуы және қатаюы)
: Жартылай өткізгіштігін жоғалту
Стрессор: Ыстық
Бұзғыш әсері: Липидтердің сұйылуы, белок денатурациясы
: Белок агрегациясы, жартылай өткізгіштігін жоғалту
Стрессор:

Су

Құрғақшылық

Бұзғыш әсері: Еріген заттардың концентрациясы, дегидратациясы
: Белок агрегациясы, жартылай өткізгіштігін жоғалту, жасушалардың қысылуы
Стрессор: Су басу
Бұзғыш әсері: Гидратация, оттегі жетіспеушілік
: Жартылай өткізгіштігін жоғалту, жасушалардың қысылуы
Стрессор:

Сәулелену

Инфрақызыл және көрінетін сәулелер

Бұзғыш әсері: Фотосенсибилизация
: Фотохимиялық реакциялар
Стрессор: Ультракүлгн сәулелену
Бұзғыш әсері: Сәулеленудің әсеріне сенсибилизаия
: Радиохимиялық реакция
Стрессор: Иондық сәулелену
Бұзғыш әсері: Сәулеленудің әсеріне сенсибилизаия
: Радиохимиялық реакция, белок агрегациясы, жартылай өткізгіштігін жоғалту
Стрессор:

Химиялық заттар

Тұздар

Бұзғыш әсері: Иондық дисбаланс
: Жартылай өткізгіштігін жоғалту
Стрессор: Иондар
Бұзғыш әсері: Ион алмасу
: Белоктың SH-тобымен байланысу, жартылай өткізгіштігін жоғалту
Стрессор: Оттегінің жетіспеуі
Бұзғыш әсері: Редокс- потенциалының төмендеуі
: Аралық улы өнімдердің түзілуі, жартылай өткізгіштігін жоғалту
Стрессор: SO
Бұзғыш әсері: Сульфиттердің түзілуі, редокс- потенциалының төмендеуі
: Белоктың S-S байланысын ажырату
Стрессор:

Қышқылдандырғыштар

пероксиацетилнитрат

Бұзғыш әсері: Редокс- потенциалының жоғарылауы
: Белоктың SH-тобының S-S тобына дейін қышқылдануы, жартылай өткізгіштігін жоғалту
Стрессор: NH
Бұзғыш әсері: NH түзілу, рН артуы
: Алидтердің түзілуі, рН деңгейінің артуына байланысты өзгерулер
Стрессор:

Физикалық факторлар

Қысым

Бұзғыш әсері: Тургордың өзгеруі, жасушаның өсуінің тоқтауы
: Жасушалардың қысылуы
Стрессор: Шабу(шөпті)
Бұзғыш әсері: Тургордың өзгеруі, жасушаның өсуінің тоқтауы
: Жасушалардың қысылуы
Стрессор: Жел
Бұзғыш әсері: Тургордың өзгеруі, жасушаның өсуінің тоқтауы
: Жасушалардың қысылуы
Стрессор: Электр
Бұзғыш әсері: Тургордың өзгеруі, жасушаның өсуінің тоқтауы
: Белок агрегациясы, жартылай өткізгіштігін жоғалту

1. 2 Биоиндикацияның экологиялық негіздері

Барлық биологиялық жүйелер өздерінің даму барысында тіршілік орталарындағы кешенді факторларға бейімделген. Әрбір ағза өзіне әсер ететін кез-келген факторға қатысты генетикалық детерминделген, филогенетикалық иемденген, бірегей физиологиялық төзімділік диапазонына ие, осы шекте фактор өте жоғары немесе өте төмен қарқындылығымен ерекшеленеді, бірақ әлі өлмеген болса, онда ағза физиологиялық пессимуамда болады. Кез-келген фактордың ағзаға оң әсер ететін шектері болады. фактордың жоғары немесе төмен дәрежедегі әсері ағзаға теріс әсер етеді. Мысалы: ылғалдың тапшылығы немесе шектен тыс көп мөлшері өсімдіктің дұрыс өсуіне кері әсер етеді. ағзанығ тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық фактордың белсенділігі оптимум немесе экологиялық фактордың оптимум аймағы деп аталады. Әрбір ағза, түр үшін өзінің оптимум жағдайы болады. Ол тек әртүрлі жағдайда орналасқан әр түрге жататын особьтар үшін ғана емес, бір ағзаның әртүрлі даму стадияларында да әр қалай болады. оптимальді мәннен аз ғана ауытқығанға тұрақты түрлер, особьтарды стенобионттар деп атайды, ал фактордың өзгеруін өте жақмы көтеретін түрлерді эврибионттар деп атайды /3/. Көп жағдайда ағзаның дамуы, қарқындылығы ең шеткі мәнге сай факторға байланысты болады, яғни физиологиялық пессимумға сай. Сол себепті оның мәнінің оптимумға қарай өзгеруі үлкен экологиялық әсерге ұшыратады.

Бір-бірімен байланыста бола отырып жекелеген факторлар белгілі бір деңгейде бір-бірімен алмаса алады. Әр түрлі факторлардың қосындысы ұқсас эффектіні көрсетеді, бірақта толық орын алмасу жүрмейді. Сол себепті табиғатта қатынасуы және мөлшері бойынша төзімділіктің физиологиялық диапазонынан ерекшеленетін қатынасудың экологиялық диапазоны (экологиялық потенция) бар, ол барлық орта факторлары әсер еткен кездегі нақты реакцияны көрсетеді.

Физиологиялық төзімділігі және ағзаның экологиялық потенциясы оның индикаторлық бағалығын анықтайды. Нәтижесінде әрбір биологиялық жүйе (ағза, популяция, биоценоз) уақытқа байланысты өзіне әсер ететін орта факторларын сипаттайды - табиғи, адаммен өзгертілген немесе антропогенді. Биологиялық жүйелер арқылы тіршілік ортасының абиотикалық және биотикалық факторларын бағалау әдісі көп жағдайда биоиндикация (лат. indicare - көрсету) деп аталады. Осыған байланысты ағза немесе ағзалар бірлестігінің тіршілік функцияларының ортаның белгілі бір факторымен тығыз корреляциялық байланыста болғандықтан оларды бағалау үшін пайдаланады және биоиндикаторлар деп атайды. Бұл қысқа анықтама тіршілік ортасының табиғи жағдайның индикациясына қатысты, мысалы, ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығында белгілі бір экотопқа тән өсімдіктің болуы. Бірақта нәтижелерді салыстыру кіретін биоиндикация түсінігі биологиялық обьектілер және жүйелердің сипаттамасының сандық өзгеруінің негізінде уақытқа байланысты антропогендік әсерге ұщыраған және антропогендік әсерге ұшырау үстіндегі орта факторларын бағалау үшін пайдаланылады/1/.

Антропогендік әсерлер бір жағынан ортаның жаңа параметрлері болып табылады, ал екінші жағынан - табиғи факторларда болған антропогнедік модификацияны ескереді және сонымен биологиялық жүйенің қасиеттерін өзгертеді. Егер осы жаңа параметрлер бастапқы көлемдерден нақты ауытқыса, онда биоиндикация жасалуы мүмкін.

Ортаның антропогнедік факторларының физикалық және химиялық өзгеруімен биоиндикация арасындағы негізгі айырмашылық осында. Егер алғашқы әдіс фактордың сандық және сапалық сипаттамаларын береді, бірақ оның биологиялық әсері туралы тек жанама болжауға болады, ал екінші әдістің көмегімен биологиялық нәтижесі туралы ақпарат алуға болады және фактордың нақты ерекшелеліктері туралы жанама қорытындылар шығаруға болады. Ауытқулардың сандық мәнін бағалау үшін абсолютті немесе салыстырмалы стандарттар қажет.

Кесте 4 Биоиндикация кезіндегі антропогенді немесе антропогнеді әсерге ұшырап жатқан орта факторларын салыстыруға қажет стандарттар /4/.

А. Салыстырудың абсолютті стандарттары.
А. Салыстырудың абсолютті стандарттары.:

а) Әсерге ұшырамаған биологиялық жүйелердің көрсеткіштерін салыстыру.

б) Антропогенді немесе антропогенді-модификацияланған факторлардың тәжірибелік ерекшеліктері

в) Бұрынғы биологиялық жүйелерді аз немесе тіптен антропогендік факторлардың әсеріне ұшырамаған жүйелермен салыстыру.

г) Аз антропогендік әсерге дейін бір обьектінің өзгері градиентін тұрғызу.

А. Салыстырудың абсолютті стандарттары.: Б. Салыстырудың салыстырмалы стандарттары.
А. Салыстырудың абсолютті стандарттары.:

а) Антропогенді немесе антропогенді әсерге ұшырау үстіндегі орта факторларының кеңістіктік-уақытты өзгеруінің корреляциясы.

б) Аз немесе орташа антропогендік әсерге ұшыраған эталондық обьектілерді белгілеу.

Биоиндикация кезінде биологиялық жүйенің өзгеруі әрдайым антропогендік факторларға, сонымен қатар табиғи факторларға тәуелді. Жүйе толығымен ортаның әсеріне кері жауап қайтарса және өзінің бейімделуіне сай, яғни қоректік орта, жасы, тұрақтылықты бақылайтын ішкі жүйелер және сонда болған бұзылыстар сияқты ішкі факторлар.

Биоиндикацияның әртүрлі факторлары болады. Егер әр түрлі антропогендік факторларға екі бірдей реакция жауап қайтарса, онда арнайы емес биоиндикация туралы айтуға болады. Егер болып жатқан әр түрлі өзгерістер тек бір ғана фактормен байланысты болса, онда арнайы биоиндикация туралы айтуға болады. Егер биоиндикатор, тіршілік белгілерінің нормадан мәнді ауытқуына керісінше жауап қайтарса онда ол сезімтал биоиндикатор болып табылады /1/.

Аккумулятивті биоиндикаторлар керісінше, тез көрінетін бұзылулар жоқ антропогендік әсерлерді жинақтайды. Мұндай ластағыштардың көптеп жинақталуы, бірте-бірте нормадан асуы көп жағдайда экофизиологиялық немесе биоценотикалық процестер деңгейінде жүреді. Негізінен табиғатта барлық биоиндикация түрлері белгілі бір ретпен жүріп жатқан реакцияларда немесе прцестерде тізбекте орналасады. Егер антропогендік фактор тікелей биологиялық элементке әсер етсе, онда тікелей биоиндикация деп айтуға болады. Бірақта басқада элементтердің тікелей әсерінен болған өзгерістерден кейін ғана биоиндикация мүмкін болады. Мұндай жағдайда жанама биоиндикация және биоиндикаторлармен жұмыс істейміз.

1. 3 Кешенді биоиндикация әдісімен қоршаған орта жағдайын бағалау

Қоршаған орта жағдайын бағалау үшін кешенді биоиндикация әдісі ұсынылған. Ол әртүрлі жүйелі деңгейлердегі фито-зооиндикацияның комбинциясынан тұрады. Бұл әдістің тиімді жағы, экожүйенің табиғи элементтері және антропогендік әсерлердің өзара әсерлесуінің нәтижесі ретінде экожүйенің жағдайын бағалау мүмкіндігі және адамның әсерінен болатын экожүйенің реакциясын, тұрақтылық деңгейін анықтау мүмкіндігі.

Биоиндикациялық, нақтырақ айтсақ физиологиялық индикациялық белгілерін пайдалану, экожүйенің өзгерістерін өте бастапқы кезеңдерінде анықтауға мүмкіндік береді, морфологиялық және құрылымдық өзгерістерінің белгілері көрініс бермейінше оларды басқа әдіспен анықтау мүмкін емес. Бұл әдіс арқылы экожүйенің бұзылуын алдын ала біліп, оған қарсы шаралар қолднауға мүмкіндік береді және соның нәтижесінде экожүйені қорғап қалуға, ауыл шаруашылық шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Биоиндикациялық бақылаулар екі жүйелік деңгейде жүргізіледі - популяция және индивид. Әрбір деңгей үшін таблица арқылы индикаторды және индикаторлық әдісті таңдау үшін критерилер жасалған. Популяциялық индикатор зерттелетін териториядан басқа жерлерде де жиі кездесуі тиіс, барлық вегетациялық кезең кезінде жеткілікті түрде саны көп болуы тиіс, экологиялық алуантүрлі немесе әртүрлі қоректік тізбек деңгейінде орналасуы керек, зерттеліп отырған територия үшін экологиялық мәні бар болуы керек, стандартты әдістермен есептелуі және синантропты болмауы қажет. Бақылау жағдайындағы қарапайым лабороториялық популяцияларды пайдалана отырып жоғарыда айтылған топтық белгілерді өлшеуге болады және оларға әртүрлі факторлардың әсерін зерттеуге болады. Популяцияларды зерттеу әдісінің дамуына байланысты бұл қиындықтарды оңай жеңуге болады.

1. 4 Популяция және экологиялық қуыс туралы түсінік

1. 4. 1 Популяция туралы түсінік

Тірі ағзалармен қоршаған ортаның өзара байланысын тереңірек түсіну үшін, олардың эволюциясын және биосыерадағы рөлін түсіну үшін, сонымен қатар адамның тірі табиғатты игеруіне байланысты көптеген практикалық мәселелерді шешу үшін популяция түсінігі өте маңызды. Популяция белгілі бір кеңістікті алып жатқан, бір түрге жататын особьтар тобы ретінде көптеген белгілерге ие. Бұл белгілер жекелеген осоьбтарды емес, толығымен топты сипаттайды. Осы белгілердің кейбір түрлері: тығыздығы, туылымы, өлім-жітімі, жасы бойынша ағзалардың бөлінуі, биотикалық потенциал, өсу түрі. Популяция сонымен қатар генетикалық сипаттарға ие, олар тікелей экологиямен байланысты, нақтырақ айтсақ: бейімделушілікке қабілеттілігі, репродуктивті бейімделуі және тұрақтылығы, яғни ұзақ муақыт бойы ұрпақ әкелу қабілеттілігі/5/.

Көптеген түрлердің особьтары өздерінің түрлік ареалында біркелкі таралмаған. Тығыздығы жоғары жерлер тығыздығы төмен жерлермен реттеле орналасқан. Түрлердің осылай тығыздана бір жерде орналасуын көбінесе популяция дейді.

Популяция - бір түрге жататын, ұзақ уақыт белгілі бір територияда тіршілік ететін және өзара шағылысатын осоьбтар жиынтығын айтамыз. Түр- жалпы морфофизиологиялық, биохимиялық және өзін-өзі ұстау белгілері ұқсас, өзара шағылыса алатын осоьбтар тобын айтамыз.

Популяция саны - белгілі бір територияда немесе белгілі бір көлемдегі особьтардың жалпы саны. Популяция тығыздығы - аудандағы немесе көлемдегі особьтар санының немесе популяция биомассасының бірлігі /6/

Популяцияның тағы бір сипаттамасы ол өсу құрылымы. әрбір популяцияда особьтардың 3 экологиялық жасы болады: 1) репродуктивтінің алды; 2) репродуктивті; 3) репродуктивтіден кейін. Популяциядағы әртүрлі жастық топтардың қатынасы оның көбеюге қабілеттілігін және болашақта популяциядан не күтуге болатынын айқындайды. Тез өсіп келе жатқан популяцияларда - жас особьтар көп. Тұрақты популяцияларда - жастық топтар бірдей таралған. Азайып келе жатқан популяцияда кәрі особьтар көп болады.

Популяция санының тұрақтылығы табиғатта сирек болады. Популяция санының динамикасы негізінен төрт популяциялы-динамикалық процестердің өзара әсерінен тұрады: 1) туылым; 2) өлім - жітім; 3) басқа популяциялардан жаңа особьтардың иммиграциясы; 4) осы популяцияның ареалының шегіне кейбір особьтардың эмиграциясы /6/.

Алып жатқан териториясының көлеміне байланысты популяцияның келесі түрлерін ажыратады: қарапайым, экологиялық және географиялық/6/. Қарапайым (локальді) популяция - біртекті, үлкен емес ауданды алып жатқан бір түрге жататын осоьбтар жиынтығы. Экожүйенің жағдайы бірегей болса, қарапайым популяциялар аз болады. Экологиялық популяция - қарапайым популяциялар жиынтығы, яғни нақты биогеоценозға үйренген түрішілік топтар. Географиялық популяция - экологиялық популяция кіреді, сонымен қатар бірегей географиялық жағдайда тіршілік ететінособьтар тобында қамтиды. Дрозофилалар салыстырмалы түрде оңашаландырылған, генетикалық материал алмасу мүлдем жүрмейді, сол себепті популяция өнімділігімен, особьтар мөлшерімен, өзін-өзі ұстау, физиологиялық және басқада ерекшеліктерімен ажыратылады. Егер географиалық популяция көршілерінен ерекшелендіретін ерекшелігін иемденсе, онда популяцияны географияалық нәсіл немесе түрасты деп атайды. әрбір түр салыстырмалы түрде оңашаланған белгілі бір сандағы популяциялардан тұрады. Бірақ оңашалау абсолютті болмайды және көп жағдайда ұрпақтың қайта орын ауыстыру кезеңінде, миграция кезінде, тозаңдандырғыштар және желдің көмегімен тозаңдардыңтаралуы кезінде бұзылады /7/.

Кез-келген популяция келесі қасиеттерге ие:

  • көптеген ұрпақтар бойы тірішілік ету;
  • белгілі бір деңгейде панмиксияның болу, яғни особьтардың өз бетінше шағылысуы. Популяцияның осы ерекшелігі эволюциялық құрылым ретіндегі бірлігін қамтамасыз етеді;
  • популяцияны оңашалаудың белгілі бір деңгейі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мониторингті жүзеге асыру тәртібі
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
Экологиялық мониторинг жасаудың техникалық құралдары
Экологиялық мониторинг жайлы
Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг жайлы жалпы түсінік
Қоршаған ортаның мониторингі. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау үшін экологиялық мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары
Климаттық мониторинг
Экологиялық мониторинг
Жер мониторингі жайлы жалпы мәлімет
ҚОРШАҒАН ОРТА МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫН НОРМАЛАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz