Корпорация қаржысын дағдарысқа қарсы басқару



Кіріспе
1. Корпорация қаржысын жағдарысқа қарсы басқарудың теориялық аспектілері
1.1. Банкроттықтың алғышарттары. Қаржылық дағдарыстарды басқару саясаты.
1.2. Банкроттықтың диагностикасы
1.3. Қаржылық басқару механизмдері
2. Қаржы . шаруашылық қызметтің анализі.
2.1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
2.2. Қаржылық жағдайдың анализі Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Нарықтық экономикаға өту барысында біздің қаржылық саясатта жаңа ұғым - «банкроттық» түсінігі пайда болды. Банкроттық туралы заңға сәйкес, банкроттықтың астарында корпорацияның өтімді активтерінің жетіспеушілігі, кредиторлардың талаптарын белгіленген мерзімде орындай алмауы мен бюджет алдындағы міндеттемелерін қанағаттандырмау жағдайы жатыр. Төлем балансы айналымының тежелуі, жоғары инфляция, салықтық жүйенің тұрақты болмауы, белгісіздік пен менеджерлердің темен білікгілігі тұрақсыз экономиканың көрінісі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы тәжірибеге сәйкес, шаруашылық қызметте кәсіпорындардың өз еркімен жойылу мысалдары өте көп кездеседі. Бұл кәсіпорындар өздеріне қажетті қарыздық ақша
- қаражаттарын тартып, оларды пайдаланғаннан кейін кредиторлармен есеп айырыспау үшін банкроттығын жариялайды. Осындай іс - әрекеттер «жалған банкроттық» деп танылады және заң алдында жауапкершілікке тартылады.
Банкроттық - кризисті жағдай болып табылады және оған төтеп беру үшін арнайы қаржылық басқару әдістерін қолдану керек. Нарықтық экономика банкроттықты сипаттап - талдау мен басқару шешімдерін қабылдаудың ауқымды жүйелерін қалыптастырды. Бұл жүйелер тек дағдарысқа ұшыраған және тұрақтандыру шараларын қажет ететін кәсіпорындар үшін ғана емес, нарықтық экономика жағдайында қызмет ететін барлық кәсіпорындар үшін де қолданылады. Себебі, бұл шаралар жиынтығы шаруашылықтың дамуындағы жағымсыз факторларды дер кезінде аныктауға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыс мынадай негізгі үш жағдайды қарастырады :
- банкроттықтың диагностикасы;
-дағдарыстардың дамуына эсер ететін факторлар;
-қаржыларды дағдарысқа қарсы басқару механизмдерін жасау.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Корпорация қаржысын дағдарысқа қарсы басқару. Банкроттықтың болу
ықтималдығын болжау

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Корпорация қаржысын жағдарысқа қарсы басқарудың теориялық
аспектілері
1. Банкроттықтың алғышарттары. Қаржылық дағдарыстарды басқару
саясаты.
Банкроттықтың диагностикасы
Қаржылық басқару механизмдері
2. Қаржы - шаруашылық қызметтің анализі.
Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
2. Қаржылық жағдайдың анализі Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға өту барысында біздің қаржылық саясатта жаңа ұғым -
банкроттық түсінігі пайда болды. Банкроттық туралы заңға сәйкес,
банкроттықтың астарында корпорацияның өтімді активтерінің жетіспеушілігі,
кредиторлардың талаптарын белгіленген мерзімде орындай алмауы мен бюджет
алдындағы міндеттемелерін қанағаттандырмау жағдайы жатыр. Төлем балансы
айналымының тежелуі, жоғары инфляция, салықтық жүйенің тұрақты болмауы,
белгісіздік пен менеджерлердің темен білікгілігі тұрақсыз экономиканың
көрінісі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы тәжірибеге сәйкес,
шаруашылық қызметте кәсіпорындардың өз еркімен жойылу мысалдары өте көп
кездеседі. Бұл кәсіпорындар өздеріне қажетті қарыздық ақша
қаражаттарын тартып, оларды пайдаланғаннан кейін кредиторлармен есеп
айырыспау үшін банкроттығын жариялайды. Осындай іс - әрекеттер жалған
банкроттық деп танылады және заң алдында жауапкершілікке тартылады.
Банкроттық - кризисті жағдай болып табылады және оған төтеп беру үшін
арнайы қаржылық басқару әдістерін қолдану керек. Нарықтық экономика
банкроттықты сипаттап - талдау мен басқару шешімдерін қабылдаудың ауқымды
жүйелерін қалыптастырды. Бұл жүйелер тек дағдарысқа ұшыраған және
тұрақтандыру шараларын қажет ететін кәсіпорындар үшін ғана емес, нарықтық
экономика жағдайында қызмет ететін барлық кәсіпорындар үшін де қолданылады.
Себебі, бұл шаралар жиынтығы шаруашылықтың дамуындағы жағымсыз факторларды
дер кезінде аныктауға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыс мынадай негізгі үш жағдайды қарастырады :
- банкроттықтың диагностикасы;
-дағдарыстардың дамуына эсер ететін факторлар;
-қаржыларды дағдарысқа қарсы басқару механизмдерін жасау.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - корпорация қызметіне банкроттық
қаупі төніп тұрғанда қаржаларды дағдарысқа қарсы басқарудың тиімді жолдарын
ұсыну болып табылады.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде дағдарыстардың
түрлері мен банкроттықтың теориялық аспектілері, яғни банкроттықтың мәні
мен мазмұны, заңмен реттелуі қарастырылады. Сонымен қатар, банкроттықты
сипаттайтын факторлар классификациясы мен оны (банкроттықты) бағалау
әдістері және түрлі қаржы - экономикалық дағдарыстардың ауыртпалығына төтеп
берудегі шешімдер қабылдау мен талдаулар келтіріледі.
Екінші бөлімде зерттелуші кәсіпорынның банкроттықты диагностикалау
модельдерін қолдана отырып, қаржылық жағдайына қаржы - экономикалық анализі
келтірілген. Зерттеліп отырған объект Талдықорған қаласында орналасқан
кәсіпорын болып табылады. Бұл кәсіпорынды банкрот деп танылуы үшін, Салық
комитетінің өтініші бойынша ісін сотқа тапсырған. Кәсіпорынның
басқарушыларының қалауы бойынша, курстық жумыста кәсіпорынның атауы
ЖШСАЛҒАБАС деп өзгертілген.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде, алдыңғы бөлімде келтірілген қаржы
-шаруашылық қызметтің нәтижелерін ескере отырып, зерттеліп отырған
кәсіпорынның қаржысын дағдарысқа қарсы басқару бағдарламасы жасалады.

1. Корпорация қаржысын дағдарысқа қарсы басқарудың теориялық аспектілері
1.1. Банкроттыктың алғышарттары. Қаржылық дағдарыстарды басқару саясаты.

Бизнеспен айналысу - өте күрделі де тәуекелді іс. Сол себепті, кез
келген коммерциялық ұйым мүмкін болатын банкроттықтан сақтандырылмаған.
Банкроттық - заңи, басқару, ұйымдастыру, қаржылық, есеп - талдамалық
сипаттармен анықталатын күрделі үрдіс болып табылады.
Қарқынды өсіп, дамып келе жатқан корпорация л арда да қаржылық
мәселелер туындап жатады, көптеген фирмалар кенеттен, ойламаған жерден
қаржылық қиындықтарға ұшырап жатады. Мысалы: Рап Amerikan Airlines,
Техасо, Executive Life сиякты ірі корпорациялар.
Қаржылық дағдарыстар дегеніміз - болашақ табыстылыққа үрей туғызудан
бастап, фирманың жойылуына дейін алып келетін жағымсыз іс - әрекеттердің
жиынтығы.
Қаржылық дағдарысқа ұшыраған фирмалар өзінің қаржылық жағдайын екі түрлі
жолмен шеше алады:
1. формалды түрде, яғни сот шешімімен;

2. формалды емес түрде.
Корпорацияның қаржылық жағдайы дағдарыстардың мынадай түрлерін
сипаттайды:

1. экономикалық дәрменсіздік. Экономикалық тұрғыдан, фирманың
дәрменсіздігі - бұл фирманың жалпы табысы барлық шығындарын
жаппайтындығын және қаржылық көздерді қамту үшін кететін шығындарды да
қанағаттандырмайтындығын білдіреді. Экономикалық дәрменсіз фирма
инвесторлардың қосымша қаржылық көздермен қамтамасыз етіп тұрғанынша
және компания иелері нарыктық бағадан төмен табыстылыққы келісіп
тұрғанынша қызметін жалғастыра алады. Нәтижесінде, қаржылық құйылымдар
уақытында түспегендіктен, активтер тозады және жаңартылмайды. Осындай
мәселелері туындаған фирмалар жабылады немесе қызметі қалыпты табысты
көрсеткенше қысқартылады.
2. Іскерлік дәрменсіздік. Dun & Bradstreet деп аталатын ірі банкроттық
жөніндегі агенттіктің анықтамасы бойынша өзінің операцияларын
тоқтатқан бизнес түрінің сипаты. Бұл жерде компания толығымен
банкротқа ұшырамаса да, бизнес дәрменсіз болып табылады.
3. Техникалық дәрменсіздік. Егер фирма төлеу уақыты жеткен кредитордың
ағымдағы төлемдері мен талаптарын орындамаса, техникалық дәрменсіздік
орын алады. Техникалық дәрменсіздік уақытша өтімді құралдардың
жетіспеушілігін білдіруі мүмкін. Оған қарамастан, фирма төлемдерін
кейінге қалдыру арқылы ақшалай табыстарын өсіруі мүмкін. Бұл жағдайда
қарыздардан толық қүтылып, қызметін қайта жалғастырады. Егер
техникалық дәрменсіздік - экономикалық дәрменсіздіктің алғышарты
болса, онда компания тас - талқанға ұшырайды.
4. Банкроттыктың алдында төлем қабілетсіз болу. Егер фирманың
балансындағы қарыздары активтердің нақты нарықтық құнынан жоғары
болса, төлем қабілетсіздік орын алады. Бұл экономикалық және
техникалық дәрменсіздіктен де қиын жағдай болып табылады. Ол көбіне
бизнестің жойылуына дейін алып келеді. Мұндай фирма сот шешімінсіз
тарауы мүмкін.
5. Занды банкроттық. Арнайы заңмен бекітілмегенше, сот шешімі шықпағанша
фирма банкрот деп жарияланбайды.

Іскерлік дәрменсіздіктің пайда болуы

Іскелік дәрменсіздіктің түрлері сансыз көп және олар түрлі жағдайларға
байланысты өзгеріп отырады. Соған қарамастан ең негізгі себептердің мән
-мағынасын жете түсіну керек. Бұл компания қызметіне қауіп - қатерлердің
алдын - алу және болдырмау үшін қажет.
Dun & Bradstreet бюллетенінің ең соңғы мәліметтеріне жүгінсек,
іскерлік дәрменсіздіктің себептерінің бірі ретінде көптеген пайыздық
қатынастары көрсетілген. Экономикалық қатынастарға іскерлік
белсенділіктің төмендеуі және бизнестің сәтсіз орналасуы жатса, қаржылық
факторларға өте үлкен көлемдегі несиелік қарыздар мен капиталдың
жетіспеушілігі жатады. Ал кәсіби біліктілікпен байланысты факторлар
басқарудағы тәжірибенің жоқтығы мен бизнестің берілген түрін жете
түсінбеу болып табылады.
Іскерлік дәрменсіздік жағдайларының көпшілігі компанияны дағдарысқа
алып келетін көптеген факторларға тәуелді. Тәжірибе көрсеткендей,
қаржылық қиындыктар - жағдайды дұрыс бағаламау, іскерлік белсенділіктің
төмендеуі сияқты басқа да көптеген жіберілген қателіктердің нәтижесі
болып табылады. Бұл басқарудағы олқылықтардың салдары. Потенциалды
қаржылық дағдарыстардың белгілері фирманың банкроттыққа ушырамас бұрын
әлдеқайда ертерек байқала бастайды.
Дағдарысқа қарсы емделу тәсідері басқарушыларға қаржылық
сәтсіздіктің қаупі туындағанда пайдаланылыды.
Қаржылық қиындыктардың пайда болуы
Қаржылық қиындыктар фирма кредиторлармен есеп айырыса алмаған кезде
және фирманың ақша ағыны тіпті төлем төлей алмайтын жағдайында пайда
болады. Жағдайдың пайда болуына байланысты келесі сұрақтар пайда болады:

1. Фирманың төлем графигін орындау уақытша құбылыс па, әлде бұл
активтердің құнының қарыздық міндеттемелер көлемінен төмен құлдырау
салдарынан болған қалыпты тенденция ма?
2. Егер дағдарыс уақытша құбылыс екендігі байқалса, онда
кредиторлармен келіссөз жүргізіп, фирманың төлемдерін төлеу кейінге
қалдырылады. Бұл фирманың қалпына келуіне және кредиторларды
қанағаттандыруға жағдай жасайды. Егер активтердің құны шынымен
төмендеген болса, бұл экономикалықжоғалтулардың болғандығын
білдіреді. Осы жоғалтуларды кім жабады?
3. Компанияны өлі деп тануға болады ма? Басқаша айтқанда, бизнесті
қолдау арқасында оны құтқаруға болады ма, әлде оны жойып, бөлшектеп
сату тиімді ме?
4. Фирма банкрот деп жариялянуына өтініш білдіруі керек пе, әлде
формалды емес процедураларды қолданған жөн бе?
5. Фирма жойылғанша немесе қайта құрылғанша оны кім басқарады?
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, қаржылық дағдарысқа қарсы басқару
саясаты кәсіпорынның ортақ қаржылық стратегиясының құрамдас бөлігі
екендігін түсіну қажет. Оның құрамына мүмкін болатын банкроттыкты
диагностикалау және қаржылық емдеу механизмдері кіреді.
Банкроттық қаупі төніп тұрғанда қаржыларды дағдарысқа қарсы басқаруды
жүзеге асыру келесілерді қарастырады: (1.1-сур).

1. сурет
1.2. Банкроттықтың диагностикасы

Банкроттыкты диагностикалау қаржыларды антидағдарыстық басқару
саясатының бастапқы үш бағытын көрсетеді. Соның барысында келесі мәселелер
қарастырылады:

кәсіпорынның қаржылық жағдайы зерттеледі. Бұл дағдарыстарды ерте кезінде
жоюға мүмкіндік береді.

кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының масштабтары анықталады;

кәсіпорынның дағдарыстық жағдайын білдіретін негізгі факторлар талданады.
1.2.1. Кәсіпорынның қаржылықжағдайын зерттеу

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу - банкроттыкты тудыратын
дағдарыстардың алдын - алу үшін қажет және бұл қаржылық анализдің қурамдас
бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, қаржылық анализдің осы бөлімінде
көптеген объект бойынша және жүргізу әдісі бойынша артықшылықтар
анықталады.
Банкроттыкты болдыратын дағдарыстарды бақылау - ағымдағы және болашақ
төлемдер ағыны мен кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық және қаржылық
қызметінде таза ақша ағыны көрсеткіштерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Банкроттыктың ағымдағы деңгейі абсолютті төлемқабілеттікпен
сипатталады. Егер оның мәні 1-ден кем болса, ағымдағы қаржылықжағдай
қауіпті болып саналады.
Болашақ банкроттыктың қаупі екі көрсеткішпен сипатталады: ағымдық
төлемқабілеттілік коэфициенті мен автономия коэфициенті. Бұл көрсеткіштер
бірнеше кезендердің динамикасында қарастырылуы мүмкін. Егер олардың турақты
түрде төмендеуі байқалса, банкроттық кейінге қалдырылған деп есептеледі.
Әдебиеттерде төлемқабілеттілік коэфициенті 0.7, ал авиономия коэфициенті -
0.5 болғаны оптималды жағдай деп қарастырылады. Бірақ, кәсіпорындардың
салалық ерекшеліктері мен көлемдері біршама түзетулер енгізеді.
Банкроттыкты бейтараптандыру үшін кәсіпорынның ішкі потенциалы келесі
екі көрсеткішпен сипатталады: капиталдың рентабельділігі коэфициенті мен
активтердің айналымдылық коэфициенті. Бірінші көрсеткіш бойынша
кәсіпорынның капиталы пайдаға қалай эсер етеді, яғни өсіп келе жатқан төлем
міндеттемелерін қанағаттандыру үшін қосымша ақша ағынын қалыптастыру. Ал
екіншісі, сол қосымша ақша ағынын қалыптастырудың жылдамдағын, яғни
кәсіпорынның пайдасын қамтамасыз ететін мультипликатор ретінде
пайдаланылады. Осы жиынтық бағалау негізінде Дюпон моделі қарастырылады.
Қаржылық менеджменттің шетелдік тәжірибесінде интегралды бағалаудың ең
кең таралған түрі Альтман моделі немесе Альтманның Z - шоты. Бұл
банкроттыкты болжаудың бес факторлы моделі болып табылады. Альтман моделі
келесідей түрде сипатталады:

Z=1.2X1+1.4X2+3.3X3+0.6X4+1.0X5, (1.1.)

Мұндағы, Z - банкроттық қаупі деңгейінің интегралды көрсеткіші;
Х1 - жұмыс күші капиталының активтер сомасына қатынасы (активтердің
өтімділік деңгейін көрсетеді);
Х2 - активтердәі рентабельділік деңгейі, таза пайданың пайдаланылған
активтерге немесе барлық капиталға қатынасы (кәсіпорынның пайдасын басқару
деңгейін көрсетеді);
ХЗ - активтердің табыстылығы. Бұл көрсеткіш ағымдағы шығындарды жабу үшін
кәсіпорын табысының деңгейі мен пайданы қалыптастыруды білдіреді.
Х4 - өзіндік капиталдың қарыздық капиталға қатынасын көрсетеді. Шетелдік
тәжірибеде өзіндік капитал нарықтық бағамен өлшенеді.
Х5 - активтердің немесе капиталдың айналымдылығы.
Альтман моделі келесі түрде қарастырылуы мүмкін:
Z=1.2*РКА+1.4*ЧПА+3.3*ЧДА+0.6*СК рЗК+1.0*ОПА (1.2.)
Алтман моделінде банкроттықтың деңгейі келесідей бағалануы мүмкін: (1.1 -
кесте):
1.1-кесте
Альтман моделінің бағалау шкаласы.
Z көрсеткішінің мәні Банкроттық ықтималдығы
80. дейін Өте жоғары
81. -2.70 Жоғары
2.71 - 2.99 Мүмкін болатын
3.00 және жоғары Өте төмен

Бұл моделді пайдаланудың оңайлығына қарамастан, біздің экономикамыздың
шарттарында оны қолдану объективті нәтижелерге алып келмейді. Себебі,
инфляция шартында сол активтердің баланстық құнын пайдалану рентабельділік
деңгейі, активтердің табыстылығы мен айналымдылығы көрсеткіштерін есептеу
үшін тиімсіз. Қарастырылатын көрсеткіштердің мәні жоғарылап кетеді. Осыған
сәйкес, есептеулерде активтердің қалпына келтіруші (нарықтық) бағасы
қолданылуы тиіс.
Шетелдік тәжірибеде банкроттықты бағалаудың ең кең таралған түрі
өтімділігі төмен активтерді қаржыландыру коэфициенті қолданылады. Ол үшін
акт и втер қаншалыкты деңгейде меншікті және қарыздық қаражаттармен
қаржыландырылатындығы анықталады.

Экономикалық тұрғыдан бұл модель кәсіпорынның активтерін қаржыландыру
саясатын көрсетеді. Соңғы жағдайға сәйкес, банкроттықтың жоғары ықтималдығы
ақшалай активтердің сомасы, қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен дебиторлық
қарыздар кәсіпорынның ағымдағы тауарлы операциялар бойынша кредиторлық
қарыздар мен ішкі есептерді жүргізу барысында анықталады. Банкроттық қаупі
төніп тұрғанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін диагнстикалаудың
келесі кезеңіне өтуге болады.

1.2.2. Кәсіпорынның дағдарыс жағдайының масштабы

Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының масштабы банкроттық қаупін
дифференциалды немесе интегралды бағалау нәтижесінде анықталады. Бұл
банкроттыктан қорғану үшін қажетті қаржылық механизмді таңдау мақсатында
жасалады.
Қаржылық менеджменттің тәжірибесінде кәсіпорынның дағдарыстық
жағдайының масштабын бағалауда негізгі үш сипаттама қолданылыды:

а) жеңіл дағдарыс;
ә) қиын дағдарыс;
б) катастрофа.
1.3 кестеде осы сипаттамалардың құрылу шарттары көрсетілген:
1.3 кесте
Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының масштабы және олардан шығу жолдары.
Бағалау қорытындысы бойынша Кәсіпорынның дағдарыстықӘсер ету әдісі
банкроттықтың ықтималдығы жағдайының масштабы
Мүмкін болатын Жеңіл дағдарыс Ағымдық қаржылық қызметті
қалпына келтіру
Жоғары Қиын дағдарыс Қаржылық тұрақтандырудың
ішкі механизмдерін толық
қолдану
Өте жоғары Катастрофа Санацияның тиімді
формаларын іздеу

1.2.3. Кәсіпорынның дағдарыстық дамуына әсер ететін факторлар

Банкроттыкты диагностикалаудың қорытынды кезеңі болып оны тудыратын
факторларды анықгау болып табылады. Себебі дағдарысқа алып келетін
факгорлар басқа да тәуекелдіктердің пайда болуына соқтырады. Факторлар
тәуекелдіктің түрлеріне байланысты екі топқа бөліп қарастырылады:
а) кәсіпорынның қызметіне тәуелсіз (сыртқы немесе экзогенді);
б) кәсіпорынның қызметіне тәуелді (әшкә немесе эндогенді факторлар).
Сыртқы факторлар үшке жіктеледі:
-мемлекеттің жалпы дамуының әлеуметтік - экономикалық дамуы (бұл жерде тек
шаруашылық қызметке кері әсерін тигізетін факторлар); -рыноктық факторлар
(тауарлы және қаржылық нарыктардың керәі әсері); -басқа да сыртқы факторлар
(өзінің қызметету ерекшеліктеріне байланысты). Ішкі факторлар да ішінарі үш
топқа топтастырылады:
өндірістік қызметпен байланысты факторлар,
инвестициялық қызметпен байланысты факторлар, -қаржылық қызметпен
байланысты факторлар.

1.3. Қаржылық басқару механизмдері

Антидағдарыстық басқару жүйесіндегі ең маңыздысы - қаржылық
тұрактандыру механизмін дұрыс таңдау болып табылады. Қаржылық механизмдерді
тиімді пайдалййану банкроттыктың қаупін азайтып қана қоймай, сонымен қатар,
кәсіпорынның қарыздық капиталға тәуелділігін төмендетеді және оның
экономикалық дамуын жылдамдатады.
Дағдарыстық жағдай шарттарында қаржылық тұрактандыру шаралары келесі
кезеңдерден тұрады:
1. Төлемқабілетсіздікті жою ;
2. Қаржылықтұрактылыкты қалпына келтіру;
3. Экономикалық өсуді жылдамдату мақсатында қаржылық стратегияны
өзгерту. Бұл жағымсыз факторларды ескере отырып, кәсіпорынның қызметін
қайта қарастыру болып табылады.
Қаржылық менеджменттің тәжірибесінде кәсіпорынды қаржылық
тұрақтандырудың әрбір кезеңіне белгілі бір механизмдер сәйкес келеді. Олар
жедел немесе шұғыл (оперативті), тактикалық және стратегиялық болып
қарастырылады (1.4 кесте).
Кәсіпорынды қаржылық тұрактандыру механизмдері мен олардың жүзеге
асырылуы.

Қаржылық Қаржылық тұрақтандыру механизмдері
тұрақтандыру
кезеңдері
Жедел Тактикалық Стратегиялық
1. артық нәрселерді- -
Төлемқабілетсіздікжою принципіне
ті жою. негізделген
өлшемдер жүйесі
2.Қаржылық - Қаржылық -
тұрақтылықты тепе-теңдік
қалпына келтіру модельдеріне
негізделетін
өлшемдер жүйесі
3. Экономикалық - - Жедел өсуді
өсуді жылдамдату қаржылық қолдау
мақсатында модельдеріне
қаржылық негізделетін
стратегияны өлшемдер жүйесі
өзгерту

Бұл механизмдердің әрқайсысын жеке - жеке қарастырайық.

1.3.1 Қаржылықтұрақгадырудыңжедел механизмі

Қаржылық тұрактадырудың жедел механизмі кәсіпорынның ағымдағы ішкі
және сыртқы қаржылық міндеттемелерін қанағаттандыруға бағытталған, ал басқа
жағынан қарастырғанда, сол міндеттемелерді қамтамасыз ететін ақша
активтерін ұлғайту екендігі анықталады. Артық нәрселерді жою принципіне
негізделетін өлшемдер жүйесі жекелеген өтімді активтер мен ағымдық
қажеттіліктерді қысқарту мақсатында қолданады.
Кәсіпорынның ағымдағы ішкі және сыртқы қаржылық міндеттемелерін
қысқарту келесі шаралардан тұрады:
а) тұрақты шығындар сомасын қысқарту;
ә)айнымалы шығындарды азайту;
б) тауарлы операциялар бойынша несиелік қарыздарды өтеу мерзімдерін
өлғайту (коммерциялық несие бойынша);
в) қысқа мерзімді банктік кредиттер бойынша пролонгациялар (мерзімдерін
өзарту);
г) белгіленген дивидендтер, пай бойынша пайыздар және тағы басқалар
бойынша төлемдерді кейінге қалдыру.
Ағымдағы акшалай активтер сомасының өсуі келесі атқарылатын шараларға
тәуелді:
а) қысқа мерзімді салымдар портфелінің жойылуы;

б) ұзақ мерзімді салымдар портфельдерін жоғары өтімді ақшалай және қор
куралдарымен қамтамасыз ету;
в) дебиторлық қарыздарды қайта қаржыландыру, яғни оның жалпы көлемін
төмендету мақсатында;
г) дебиторлық қарыздардың айналымдылығын жылдамдату, әсірісе тауарлы
операциялар мен тұтыну несиелері бойынша;
д) ағымдағы тауар материалды құндылыктар қорларының көлемін қалыпқа
келтіру;
е) тауар материалды құндылыктардың сактандыру және маусымдық қорларының
көлемінің қысқаруы.

Қаржылық тұрақтандыру ағымдағы төлемқабілетсіздік жойылғанда ғана өз
мақсатына жетті деп есептеледі. Яғни абсолютті төлемқабілеттілік
коэфициенті бірден жоғары екендігі байқалады.

1.3.2. Қаржылық тұрактандырудың тактикалық механизмі

Қаржылық тұрактандырудың тактикалық механизмі ұзақ мерзімдегі қаржылық
тепе теңдік модельдерін есептеу жүйелерін білдіреді. Ол үшін жағымды және
жағымсыз ақша ағындары қарасырылады.
Барлық шаруашылық қызметтегі жағымды ақша ағыны келесі формула бойынша
есептеледі:
ДПп = ЧПпр + AO +dAK+ СФРп , (1.3.)
мұндағы:
Дпп - Барлық шаруашылық қызметтегі жағымды ақша ағынының жоспарланған
сомасы; ЧПпр -өндірістік дамуға бағытталған таза пайда сомасы; АО -
амортизациялық аударымдар сомасы; dAK - акционерлік капиталдың өсімі;
СФРп - басқа көздер бойынша меншікті қаражаттардың өсуі.
Жағымсыз ақша ағындары келесі формула бойынша есептеледі:
flno=dBA+d4PK, (1.4.)
Мұндағы,
ДПо -жағымсыз ақша ағынының жоспарланған сомасы;
dBA - айналымнан тыс активтер сомасының жоспарланған өсімі;
d4PK - таза жұмыс капитал сомасының өсімі.
Тепе-теңдік моделі келесі түрге ие:
ДПп=ДПо (1.5.)
немесе
ЧПпр + AO + dAK +СФРп = dBA + d4PK (1.6.)
Қаржылық тепе-теңдік моделі
Даму кезінде қосымшаМеншікті қаржылық ресурстарды басқару деңгейі (жағымды ақша
қаржылық ресурстардыағындары)
пайдалану деңгейі
Төмен орташа Жоғары
Төмен А1 А2 А3
Қаржылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржысын жоспарлау
Кәсіпорын қаржысының тұрақтылығын талдау
Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Инвестициялық қоржын
Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары
Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту
Ет өнімдерін өндіретін ЖШС «Казмясопродукт-М» кәсіпорынның ақша ағындарын жоспарлау мен басқару тиімділігін зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы
Корпорациялар қаржысының мазмұны және оларды ұйымдастыру
Пәндер