Құқықтық қатынастар туралы



Кіріспе
1. Құқыктық қатынастың түсінігі мен мазмұны
2. Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
4. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994.
5. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
6. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
7. Теория государства и права. /Под ред. Профессора М.Н.Марченко. МГУ, 1996.
8. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
9. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
10. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет пен құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Жоспары

Кіріспе
1. Құқыктық қатынастың түсінігі мен мазмұны
2. Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-
қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа
себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс.
Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп,
жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың
бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы
қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде
дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның
экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан
адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта
отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.
1 Құқыктық қатынастың түсінігі мен мазмұны

Қоғамдық қатынастар – белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте
және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар.
Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық
және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас
объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық
қоғамдық катынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік
қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс
процесіндегі адамдар арасындағы материалдык экономикалық қатынастардың
жиынтығы. Өндірістік қатынас –қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам
материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі
байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен
қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын
алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең
маңыздылары – саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар.
Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы – өзара заңды байланысқан реттелген
бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір
ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың
өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу – ғылымның зор еңбегі.
Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы
қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір
сүреді. Қоғамдык, қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір
сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.
Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге
бөлінеді. Антагонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды
қанауға негізделген қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Антагонистік
емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы
қауымдық қоғам Марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болуға тиіс деп
түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек
өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.
Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы
реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік
билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп,
басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең
күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне
айналады.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық,
әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс – қатынастар
моральдық, әдет-ғүрып, діни, құқықтық нор-малармен реттеледі. Мысалы,
отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек
әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп,
басқарып отырады.
Құқықтық қатынас дегеніміз – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты
құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-
белгілері:
Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп
отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың
мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса
жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы
нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші – қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен
міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының
міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру
үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе
субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің
қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға
тиіс.
Құқықтық қатынастардың түрлері:
1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе-
саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық,
қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.
2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай катынастар екіге бөлінеді:
реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып,
дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес
орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және
нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың
арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда
басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.
4. Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына қарай екіге
бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын
құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде
тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі.
Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім
бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге
міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен
міндеттері бірдей болады.
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі
және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы
реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс,
прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.
2. Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері

Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық
байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма
әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас – бұл субъективтік құқықтар мен
заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар
арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды
қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптіде
жақсартуға мүмкіншілік жасайды.
Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект,
субъективтік құқық, заңды міндеттер.
1. Құқықтық қатынастың субъектісі – жеке адам және заңды тұлғалар.
Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары сондай-ақ
азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады (КРАК, 12 б.).
Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі
қалыптасуы керек. Құқықтық қабілет – құқыққа бостандықтар мен міндеттерге
ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде
аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың
құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның
ішінде шетелдік валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет
етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу; шет елдерге кетуге, қайтып
келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым-қатынас жасауға т.б. құқықтары бар
(кодекстің 14-бабы).
Әрекеттілік (дееспособность) – адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана
алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау
қабілеті. Әрекеттіктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада
белгілі жасқа толу болып табылады.
Құқықтық субъектіліктің (әрекеттіліктің) адамның тәртіп бұзғаны үшін
заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі: құқықтық жауаптылық
мүмкіндігі (деликтоспособность) деп аталады. Бұл мүмкіндік Республиканың
қылмысты істер заңы бойынша он алты жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр
қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау...) жасаған жағдайда он төрт жастан
басталады.
Құқықтық субъектіліктің (әрекеттіліктің) шарттар жасап басқа да
келісімдер жүргізуге негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп
аталады. Толық әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие
болады. Кәмелетке толмаған он төрт жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың
атынан ата-аналары, асырап алушылары, не қамқоршылары жасайды.
Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған
тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды. Адамдардың
әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады:
- кәмелеттік жасқа толмаған адамдардың, үйленуге (жанұя кұруға),
қылмыстық жауапкершілікке тартылуына, жұмысқа орналасуына, әскер қатарына
шақырылуына шектеулер бар. Оларды бұзуға тыйым салынған (шектеудің
түрлері):
- адамдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ІІО қызметінде әкімшілік құқық қатынастарындағы жеке адамның құқықтарын қамтамасыз ету кезінде туындайтын жалпы және жеке негізгі мәселелерді талдау, анықтау, қорыту және шешу, сондай-ақ осы қызметті жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу
Банктік қызмет аясындағы банктік құқықтық қатынастар: жалпы сипаттамасы, теориялық мәселелері
Құқықтық сана түрлері
Әкімшілік құқықтық қатынастар туралы ақпарат
Құқықтық қатынастардың объектісі
Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы
Құқықтық қатынастардың субъектілері. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану
Конституциялық құқықтық қатынастар түсінігі, түрлері, пайда болу негіздері, ерекшеліктері
Пәндер