Отбасы туралы жалпы ұғым. Отбасы социологиясы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Отбасы туралы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Отбасы социологиясының пәні болып не табылады? ... ... 4
3. Отбасы әлеуметтік институт ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
4. Отбасында қайшылықтар тууының негізгі себептері ... ...7
5. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстардың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
6. Отбасының заман талабына сай мәселелері ... ... ... ... ... ..10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Қоданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Н. Смелзер біздің өміріміздің бір жағын байқай алған. Туғаннан о дүниеге дейінгі барлық өмір жолында адамдар ұйымда болып, оларды отбасы қарсы алатынын ұмытпағанымыз жөн.
Адамның бейресми өмірі ата-анасының отбасында, өзінің отбасында және балаларының, немерелерінің, туысқандары мен достарының отбасында өтеді.
Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социоллогияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы – адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды, - дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өндірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс, өмірдегі кездесетін проблемаларын бөтен адам араласпайынша шеше алмайтын, өзінің әлеуметтік қызметін толық орындай алмайтын отбасыларын әлеуметтік жағынан қолдауды жүзеге асыруға бағытталған.
Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Сондай-ақ отбасы өзінің өмір сүрі жылдарында әртүрлі мәселеге кездесіп, отбасына теріс әсер ететін және күйзеліс пен зорлық тудыратын жағдайларға тап болуы мүмкін. Осыған байланысты отбасылары өздерінің ішкі ресурстары есебінен жеңе алмайтын әртүрлі күйзеліс жағдайын жеңуге, мәселелерді шешуге көмек көрсету туралы сұрақ туындайды.
1. Д.С. Орынбекова. Социология: Оқу құралы. – Алматы АЭжБИ, 2002ж.
2. Қ.Ж. Рахметов, А.Н. Болатова, З.Н. Исмағамбетова. Социология. – Алматы: “Өлке”, 2003ж.
3. Ә.Х. Тұрғынбаев. Социология. Лекциялар курсы. – Алматы: “Білім”, 2001ж.
4. И. Шәмшәтұлы, М. Дәкенов, Д. Дәуіт, Н. Күнхожаев. Әлеуметтану. –Оқу құралы. – Алматы: “Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті”, 1999ж.
5. П. Сейітқазы. Отбасының әлеметтендірушілік рөлі туралы.
// Поиск 2003ж - №1- 242б.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Отбасы туралы жалпы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Отбасы социологиясының пәні болып не табылады? ... ... 4
3. Отбасы әлеуметтік институт ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

4. Отбасында қайшылықтар тууының негізгі себептері ... ...7
5. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстардың
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.8
6. Отбасының заман талабына сай мәселелері ... ... ... ... ... ..10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 12
Қоданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 13

Кіріспе

Н. Смелзер біздің өміріміздің бір жағын байқай алған. Туғаннан о
дүниеге дейінгі барлық өмір жолында адамдар ұйымда болып, оларды отбасы
қарсы алатынын ұмытпағанымыз жөн.
Адамның бейресми өмірі ата-анасының отбасында, өзінің отбасында
және балаларының, немерелерінің, туысқандары мен достарының отбасында
өтеді.
Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне
қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір
ізді әдіс те жоқ. Социоллогияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты
Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы – адамзат тегін
жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды, - дейді.
Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын
зерттеу адамның өндірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы
тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс, өмірдегі кездесетін
проблемаларын бөтен адам араласпайынша шеше алмайтын, өзінің әлеуметтік
қызметін толық орындай алмайтын отбасыларын әлеуметтік жағынан қолдауды
жүзеге асыруға бағытталған.
Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени
өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Сондай-ақ отбасы өзінің өмір сүрі
жылдарында әртүрлі мәселеге кездесіп, отбасына теріс әсер ететін және
күйзеліс пен зорлық тудыратын жағдайларға тап болуы мүмкін. Осыған
байланысты отбасылары өздерінің ішкі ресурстары есебінен жеңе алмайтын
әртүрлі күйзеліс жағдайын жеңуге, мәселелерді шешуге көмек көрсету туралы
сұрақ туындайды.

Отбасы туралы жалпы ұғым

Социологияның негізін салушы О.Конт қоғамды зерттеу үшін
алдымен отбасына көңіл бөлу керек деп есептеді. Ол қоғамды индивид бағыну
мен басқаруға үйренетік кішкене қоғам деп есептеді. Отбасы, О. Контттың
пікірінше, оның үлгісі бойынша қоғам құрылатын негізгі элемент, әлеуметтік
өмір мектебі деп есептеді. Ол алғашқы қауымдастық құрылыстың тұсында
таптардан, ұлттардан және мемлекеттерден бұрын пайда болды.
Біз қазіргі отбасы - өзімен өзі қайнап жатқан әлем екендігіне
көніп алдық. Ал, ол болса - көптеген жақсылықтар мен қателіктердің жемісі.
Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға
бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші
тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал
мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.
Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет етуін
тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті
бізге белгізіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының
бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын
нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты.
XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық
әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық – функционалдық,
жағдаяттық, эволюциялық және инмтитуционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр
түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады:
“Отбасы – ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен
сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік
бағытталған жыныстыққатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз
балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі
кіреді.”

Отбасы социологиясының пәні болып не табылады?

Отбасы социологиясы – отбасын әлеуметтік институт ретінде
зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері
отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әртүрлі типтегі отбасылардың
өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б. зерттеу болып табылады.
Отбасы социологиясы жалпы социологияның бір бөлігі ретінде, “орта
деңгей” теория есебінде де өмірлік әрекет пен мәдени әрекет етуші адамдар
(отбасы) тобының негізгі саласын отбасылық-туыстық қатынастарды ңбайланысын
қарастырады. Отбасы социологиясы өмірлік іс-әрекеттегі жеке субъектілерді
емес, топтарды қарастырады.
Өмірлік іс-әрекетте отбасының топтық сапасын көрсете отырып, отбасы
социологиясы индивидті отбасының мүшесі ретінде, мүшелердің құрылымын бір
бүтін ретінде, ең алдымен жеке адамды отбасының ішкі рольдерінің әлеуметтік-
мәдени призмасын зерттей отырып қарастырады. Отбасы социологиясында жеке
адам нақты ері немесе жұдайы ретінде қойылады. Ерекше қарастырылатыны ішкі
отбасылық рольдердің орындалуы, тұлғааралық өзара әрекетпен өзара
қатынастар рақылы көрінеді.
Отбасы социологиясы отбасылық-туыстық түрдің адамдардың аз
тобындағы біріккен өмірін, отбасылық өмір салтын жалғыз бойдақпен
салыстырып оқытады. Жалғыз бен тұтастықтағы өзара байланысын туыстық-
некелік-туыстық, яғни нақты отбасын оқытады. Отбасы әлеуметтік ұйымдардың
құрылымымен, әлеуметтік құрылымды, әлеуметтік институттармен аз топтардың
жиынтығымен негізделеді. Бұл пәнге отбасылық тәрбие мен әлеуметтену,
саясат, мәдени құқық, еңбек кіреді.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде

Отбасы - некеге қарағанда күрделі қатынастар жүйесін құрайды,
себебі ол тек қана ерлі-зайыптыларды ғана емес, сонымен қатар, олардың
балаларын және басқа да туыстарын біріктіреді. Сондықтан, отбасын жай ғана
некелік топ демей, оны әлеуметтік институт, яғни байланыстар жүйесі,
адамдардың өзара қимылы мен қатынастары белгілі бір құндылық пен
нормаларға негізделген, ұрпақ жалғастыру қызметін орындаушы деп
қарастырылуы керек.
Отбасын қоғамның бір бөлігі ретінде социологтар оның қызметін
орындауға қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз – отбасы мен
мүшесінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты,
отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін
анықтауға болады.
Социологтардың басым бөлігі қазіргі қоғамдағы отбасының негізгі
қызметі: дүниеге адам әкелу; әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда
өмір сүруге әзірлеу; экономикалық, яғни балалардың есеюіне көмек беру деп
көрсетеді. Қазіргі қоғамдағы отбасылардың осы қызметтерді орындауға жақсы
бейімделгендігінің бірнеше себептері бар. Шын мәнінде, балаларды тәрбиелеу
мықты биологиялық механизмдерге, яғни туыстық байланысқа сүйеніп, дуниеге
адам әкелу жұбайлар арасында қалыпты, тәртіпке келлтірілген жыныстық
қатынастыр және экономикалық жағынан көмек көрсету балалар тәрбиесі үшін
өте тиімді тәсіл болып отыр.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде бірнеше кезеңдерден тұратын
отбасылық саты немесе отбасылық өмірден өтеді. Зерттеушілер бұл маты
фазаларды әр түрлі атайды. Дегенмен, олардың арасындағы бастылары мыналар
болып табылады:
1. Некеге отыру – отбасын құру;
2. Бала туудың басталуы – бірінші баланы туу;
3. Бала туудыңи аяқталуы – соңғы бала;
4. “Бос ұя” – соңғы баланың некеге отырып отбасынан бөлініп шығуы;
5. Отбасының өмір сүруін тоқтатуы – ерлі-зайыпының бірінің өлімі. Әрбір
кезеңде отбасы ерекше әлеуметтік және экономикалық сипаттарға ие
болады.
Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамының қалыптасуымен
бірге пайда болды. Отбасының қалыптасу және қызмет жасау процесі құндылық-
нормалық жүйелермен белгіленген. Мысалы, болашақ жар таңдау, оны құрметтеп
күту, жыныстық қатынаста сексуалдық тәртіпті сақтау, мәдениеттілік
нормаларды әйелі мен еркегі, ата-аналар мен балалар және т.б. басшылыққа
алуы орындамаған жағдайда заңға жүгінеді. Бұл құндылықтар, өлшемдер мен
заңдылықтар осы қоғамда қабылданған еркектер мен әйелдер арасындағы тарихи
өзгерісте болатын қатынастар түрінің көрінісі болып табылады да олардың
жыныстық өмір қатынасын реттеп заңдандырады және ерлі-зайыптылық, ата-
аналық және басқа туыстық құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Отбасының негізгі, алғашқы функциясы ол репродуктивтік, яғни
қоғамдық тұрғыда балаға деген қажеттілікті қанағаттандыру. Отбасы осындай
негізгі функциямен қатар, басқа да маңызды әлеуметтік қызметтер атқатады:
• тәрбиелік жас ұрпақтың әлеуметтенуі қоғамның мәдени жетістігін
сақтау және толықтыру;
• тұрмыстық-шаруашылық – қоғам мүшелерінің денсаулығын сақтау,
отбасы мүшелері балалар мен қарттарды күту;
• экономикалық – отбасы мүшелерінің біреулерінің материалдық
қаражат табуы, кәмелетке жетпеген және жарамсыз басқалары үшін
қоғам мүшелеріне экономикалық көмек көрсету;
• бастапқы әлеуметтік бақылау - отбасы мүшелерінің әртүрлі
өмірлік қызмет саласындағы тәртібінің моральдық қағидаларды
ұстануы, сонымен қатар, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен
балалар, үлкендер мен орта ұрпақтар өкілдері қатынастарының
жауапкершілігі мен міндеттері;
• рухани байланыс – отбасы мүшелерінен тұлғалар қалыптастыру,
өзара рухани қатынастарды байыту;
• әлеуметтік дәреже - отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік
дәреже беру, әлеуметтік құрылымдарды дамыту;
• демалыс – демалысты ұқыпты ұйымдастыру, өзара мүдделік
қатынастарды байыту;
• ұстамдылыққа тәрбиелеу – индивидтің мінез-құлқының тұрақты
болуын қадағалап, оның дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасау.
Отбасының ең маңызды міндеттерінің бірі – балаларды тәрбиелеу.
Отбасының балаға ықпал болғаны жақсы. Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен
жүзеге асады. Баланың өсуіне қарай, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған
қойылатын талап та арта түседі. Балалар отбасында еңбекке, әдептілікке,
жинақылыққа, тәртіп мәдениетіне үйретіледі. Бала үй шаруашылығындағы
жұмыстарға қатысу арқылы еңбек етуге үйренеді. Отбасы тәрбиесі ата-
аналардың оқытушы, жұмыс орнымен бірлескен тәрбие жұмысының нәтижесінде
жүзеге асады. Бұдан шығатын қорытынды, отбасы тәрбиесінің мәртебесі де,
кемшіліктері де, ағаттықтары да баланың жеке басына едәуір ықпал жасайды,
сөйтіп көбіне – көп адамды қалыптастырудың аса күрделі процесінің түпкі
нәтижесін алдын-ала айқындап береді. Ақырында, отбасы тұтыну мен тұрмысты
ұйымдастыру ісінде аз рөл атқармайды. Мұнда аданың материалдық және рухани
қажеттері қанағаттандырылып қана қоймай, сонымен қатар, адамғы соншалық
қажетті моральдық, эстетикалық байлықтар жасалады.

Отбасында қайшылықтар тууының негізгі себептері

Отбасында қайшылықтардың тууының негізі екі себебі бар: ішкі және
сыртқы себептер. Сыртқы себептерге тұрғын үй, табыс, әдет-ғұрып, ұлттық
ерекшеліктер т.б. жатса, ішкі себептерге – махаббат, эмоциялық-сезімдік,
қамқорлық, ауызбірлік, т.б. Себептердің екеуі де жас отбасы үшін дағдарыс
жағдайын тудыруы мүмкін.Отбасының тұрақсыздығы ажырасуға апарады. КСРО
боынша, 1991 жылғы есепке қарағанда 2,7-2,8 млн. неке тіркелген, содан 930-
980-ні ажырасқан. Біздің республикамызда 1994-1996 жылдар аралығында , 100
мың тұрғынға шаққанда, ажырасу оорта есеппен 40 мың болды, ал 1997 жылы
32,8 мыңға жеткен.Ажырасудың негізгі себептері:

1. Жұбайлардың мінез-құлқының, көзқарастарының сәйкеспеуі;
2. Арақ ішу, әсіресе ерлер тарапынан;
3. Үй жағдайының, әсіресе жастарда, қолайсыздығы;
4. Жұбайлық опасыздық;
5. Балалы болғысы келмеушілік;
6. Жыныстық кемшілік.
Осы аталған себептер әр аймақта әртүрлі көріністе болады. Ресейде –
арақ ішу, мінездің сәйкемтігі, Эстонияда – жұбайлардың опасыздығы,
Арменияда, Грузияда, Өзбекстанда – ата-анаға дұрыс қарамаушылық, т.б.
Ресейлік БАҚ мәліметтері бойынща, ажырасудың 75% әйелдің бастамасымен
болады. Ресейдегі ажырасу себептері туралы жауаптардың бейнесі
төмендегідей:

Себептер Ерлер Тұрмыстағы Ажырасқандар
әйелдер
Жұбайыныңүнемі 87 80 71
көзіне шөп салуы
Ұнатпай қалуы 15 40 47
Басқаны ұнатуы 64 50 60
Жыныстық қанағат 31 32 47
алмау
Жұбайының 70 88 92
маскүнемдігі
Жұбайының үй 21 17 31
шаруашылығын
жүргізуге қырының
жоқтығы
Күйеуі әйелінен 12 8 21 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
Құқық социологиясы
Құқық әлеуметтанушы
Әлеуметтану пәні мен ғылымы
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Отбасы туралы жалпы ұғым
Социология түрлері
Әлеуметтану зерттеулері
Білім беру әлеуметтануы туралы
Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі
Пәндер