Франчайзинг жүйесі



Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Франчайзинг жүйесін қалыптасстырудың ұйымдық.экономикалық механизімі
2. Франчайзигнктік жүйені қалыптастыру үдірісі
3. Франчайзигнктік жүйенің ұйымдық құрылымы және оны басқарудың негізгі функциялары
4. Франчайзигнктік жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. Осы тұжырымдар Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы Жолдауында да өзінің ары қарай дамытылуымен сипатталады. Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі – өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны – франчайзинг.
Франчайзинг – ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды: біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге – табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы, үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады.
Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі де болса жоғары болуы. Жоғарыда аталғандарға байланысты, кәсіпкерлік дамуының ерекше нысаны ретіндегі франчайзинг жүйесін қалыптастыру мен дамытуға байланысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттеу уақтылы және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
1 Франчайзингтің әлемдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері / «Қазақстанның БСҰ-ға кіруі: жүйелік жағдайларын талдау, оң бағыты, теріс салдары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағы. Алматы: Экономика, 2004., 184-189 б., 0,37 б.п.
2 Франчайзингтің Қазақстандағы дамуының шарттары және мүмкіндіктері / «Конкурентоспособность национальной экономики в условиях глобализации: проблемы и пути ее повышения» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағы. Алматы: Халықаралық бизнес Университеті, 2004 ж., 254-256 б., 0,25 б.п.
3 Қазақстандағы франчайзингтің артықшылықтары мен кемшіліктері / «Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағы. Алматы: Экономика, 2005 ж., 368-373 б., 0,37 б.п.
4 Қызмет көрсету нарығындағы франчайзингті қазіргі кезде пайдалану жағдайы/ Бірінші Рысқұлов оқулықтары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағы.2 бөлім. Алматы: Экономика, 2006 ж., 96-98 б., 0,3 б.п.
5 Қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік шаруашылық жүргізу моделін (үлгісін) ұйымдастыру ерекшеліктері/ Екінші Рысқұлов оқулықтары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағы. Алматы: Экономика, 2007ж., 259-261 б., 0,3 б.п.
6 Мейрамхана бизнесіндегі франчайзингті қолдану/ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағы. Алматы: ҚазҰТУ, 2007 ж., 83-86 б, 0,3 б.п.
7 Кәсіпорынның франчайзингтік механизмі/ КазЭУ хабаршысы, 2007 ж., № 3, 226-229 б., 0,4 б.п.
8 Қазақстандағы франчайзингтік қатынастарды реттеу бойынша іс-шаралар/ Қаржы-қаражат, 2007 ж., № 5, 74-78 б., 0,3 б.п.
9 Формирование и развитие франчайзинговых отношений в Казахстане / «Реформа» международный ежеквартальный научный экономический журнал, г.Бишкек, 2007 ж., № 3, 42-44 б., 0,38 б.п.
10 Франчайзингтің жіктелуі/ Вестник КазГУ им. Аль-Фараби, 2007 ж., № 5, 105- 108 б., 0,3 б.п.
11 Франчайзингтік қатынастар жүйесінің ерекшеліктері/ Ізденістер, нәтижелер, 2007 ж., № 4, 246-250 б., 0,3 б.п.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Франчайзинг жүйесін қалыптасстырудың ұйымдық-экономикалық механизімі
2. Франчайзигнктік жүйені қалыптастыру үдірісі
3. Франчайзигнктік жүйенің ұйымдық құрылымы және оны басқарудың негізгі
функциялары
4. Франчайзигнктік жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа
кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар
мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік
артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға
ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске
асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын
құруды айқындады. Осы тұжырымдар Қазақстан Республикасы Президентінің 2008
жылғы Жолдауында да өзінің ары қарай дамытылуымен сипатталады.
Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі – өндірісті дамытуға және
филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін
фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге
бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны – франчайзинг.
Франчайзинг – ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел
дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті
ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану
тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне
жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі
қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды: біріншіден, жаңа
кәсіпкерлерге – табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін
ұйымдастыруға мүмкіндік береді, екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы
қызметін кеңейту және нығайту жолы, үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті
қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады.
Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120
франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың
қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы
қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде
франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар
жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деп болжам жасауға
мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған
факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік
жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық
қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі,
франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі
де болса жоғары болуы. Жоғарыда аталғандарға байланысты, кәсіпкерлік
дамуының ерекше нысаны ретіндегі франчайзинг жүйесін қалыптастыру мен
дамытуға байланысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттеу уақтылы
және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Франчайзинг термині француздың franchise - жеңілдік, артықшылық,
сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған.
Франчайзингтің қалыптасу және даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің
мағынасы батыс және отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген.
Франчайзингтің бастапқы пайда болу мекені – АҚШ-та ол тауарлар мен
қызметтерді сату, сатылған күрделі тауарларға сервистік қызметтер көрсету
қажеттілігіне байланысты дистрибьюторлық желіні құру, кеңейту және
жетілдіру мәселелері туындаған кезеңде кеңінен таралды. Әйгілі Зингер,
Форд, MC Donald,s сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде
дамыған.
Дамыған елдерде франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге деген
қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт
пайдаланылып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2
триллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік
20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі
франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін
дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілердің саны
бойынша әлемдегі көшбасшысы – Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік
желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.
Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты,
алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі
де жаңа құбылыс болып табылады.
Франчайзингтің шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі
кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды экономикалық мәні, ерекшелік
белгілері бойынша келесі түрде бөлуге болады:
– бизнесті жүргізудің ерекше әдісі;
– ірі және шағын кәсіпорындардың интеграциясы;
– кәсіпорынның дәстүрлі емес қаржыландыру көзі;
– жеңілдікті кәсіпкерлік.
Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына, отандық тауарлар мен
тауар өндірушілерді ішкі және халықаралық нарықта жылжытуға, жұмыс
орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып,
франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамыз: Франчайзинг
–келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық
алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа
коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті
құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны.
Франчайзинг – көптеген франчайзилер желілерін және территориялық дамудың
жетілген технологияларында қалыптасқан серіктестік бизнес. Франчайзингтік
жүйе жалпы түрінде құрылымды басқарушы франчайзер-компаниядан және оның
бақылауындағы франшиздік кәсіпорындар желісінен тұратын ұйымдық құрылымды
сипаттайды. Әрбір жүйе оның тараптарының өзара байланысымен сипатталады,
осыған орай, франчайзингтік қатынастарды оның қатысушылары тұрғысынан
қарастырамыз (1-сурет).

1-сурет - Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік жүйесіне қатысушылардың
өзара байланысы
Ескертпе – автор құрастырған.

1-суретте көрсетілгендей, франчайзингтік келісім-шарттың тараптары
болатындар:
Франчайзер – франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын, құқық иесі. Көп
жағдайда франчайзердің рөлін тұтыну нарығында жоғары мәртебеге ие, атақты
сауда маркасы немесе бренді бар, жеке кәсіпкерлерге немесе олардың
топтарына белгілі бір мерзімге және келісім-шартқа сәйкес сауда маркасын
пайдалану құқығын беретін ірі фирма (корпорация) атқарады. Әдетте
франчайзерлердің өз атынан ұсынатын тауарлық белгісі немесе қандай да бір
өнімді өндірудегі қаржылық тәжірибесі мен жеке жүйесі болады. Франчайзер
үшін франчайзинг өткізу нарығын жылдам кеңейту және персоналды басқару
шығындарын азайту, шаруашылық субъектісінің тауарлық белгісі мәртебесін
көтеру, өнім сапасы мен бірегей ассортиментіне деген тұтынушылар сенімінің
артуы сияқты артықшылықтармен қамтамасыз етеді.
Франчайзи – франчайзиат, франшиза алушы, лицензиат, оператор, франшиза
ұстаушы, құқық алушы. Франчайзи - франчайзердің сауда белгісі мен
технологиясын пайдалану арқылы коммерциялық қызметін жүргізетін тұлға,
компания немесе серіктестік. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде
– франчайзи франчайзерден белгілі бір мерзімге және шартқа сәйкес айрықша
құқықты (франшиза) алатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады. Франчайзи
үшін франчайзинг - өз бизнесін ашудың қайталанбас мүмкіндігі, себебі
франчайзер оған дайын нарықтық тауашаны, өзінің фирмалық атауын бере
отырып, жан-жақты көмекпен қамтамасыз етеді.
Франчайзинг компоненттерінің бірі – франшиза – белгілі бір шарттарға және
сыйақыларға сәйкес неғұрлым ірі фирманың қызметтерін ұсынуға немесе оның
өнімін сатумен айналысатын коммерциялық кәсіпорынды құруға берілетін құқық.

Франшиза – франчайзинг негізінде белгілі бір экономикалық қызметті
жүзеге асыру үшін өзара келісіммен бекітілген айрықша құқықтар жиынтығы
немесе франчайзингтік жүйеде қолдануға арналған іскерлік тұжырымдама.
Франшизалық пакет франчайзингтік келісімге қатысты құжаттардың және
франчайзиге берілетін бәсекелік артықшылықтар жиынтығы болып табылады. Оның
келесідей құрамдас бөліктері бар:
– Кәсіпорынды ашуға қажетті алғашқы жарна – франчайзердің бизнес-
тұжырымдамасын және брендін пайдалануға алу үшін төленетін
алғашқы төлем мөлшері;
– Роялти – франчайзингтік келісімде көрсетілген нақты мерзімде
франчайзидің төлеп отыратын міндетті мерзімдік төлемдерінің
мөлшері, немесе, франчайзердің авторлық құқықтарын пайдалану
үшін төленетін төлемдер (лицензиялық төлем, роялти);
– Жарнамалық қорға төленетін төлемдер – бизнестің тиімді
жүргізілуін ынталандыратын, франчайзер тарапынан өткізілетін әр
түрлі жарнамалық шараларға франчайзидің ат салысуының қаржылық
мөлшері. Әдетте, франчайзингтік келісімде франчайзер оның
мөлшері алдын-ала белгілейді.
Еліміздегі франчайзингтік негізде қызмет етуші фирмалар, бизнестің басқа
үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен салыстырғанда белгілі бір
ерекшеліктер мен артықшылықтары бар екені белгілі. Осыған орай, бүгінгі
таңдағы бизнестің осы жүйесіне қатысты мәселелер шешімдерінің жылдам
табылуы оның шағын және орта кәсіпкерліктің серпінді дамуын арттырып,
еліміздің келесідей жағымды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп
пайымдаймыз:
– франчайзингтік келісім-шартты заң жүзінде тіркеу негізінде –
жұмыс орындарын арттырады;
– кластерлік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін
экономиканың басымды секторларындағы франчайзингтік
кәсіпорындардың үлесін ұлғайтады;
– бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудағы мемлекеттік
холдингтердің рөлі мен орнын белгілеу арқылы олардың франчайзинг
негізінде даму бағыттын айқындайды;
– нарықтағы өзгерістерге жылдам бейімделгіш франчайзингтік
компаниялар тұтынушылардың сұранысын инновациялық тауарларды
ұсыну арқылы қанағаттандырады;
– Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 Жолдауына сәйкес
отандық өндірушілерді қолдау бағдарламасы шегінде жергілікті
және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті отандық
франчайзерлер санының артуына ықпал етеді.
Франчайзинг жүйесін әзірлеу үрдісі келесідей бес кезеңнен тұрады:
1) Франчайзинг тұжырымдамасын әзірлеу кезеңінде жүйеге қатысушы
тараптарды анықтау және олардың міндеттерін тағайындау;
2) Франчайзингтік келісімді әзірлеу кезеңінде жүйеге қатысушы тұлғаларды
белгілеп, ережелер мен шарттар жасау;
3) Франчайзинг жөнінде әдістемелік нұсқаулықты әзірлеу;
4) Франчайзинг бағдарламасын әзірлеу кезеңінде жүйені кеңейту жоспарын
жасау;
5) Бағдарламаны жүзеге асыру және бақылау.
Франчайзингті жіктеудің тәсілдемелері тәжірибе жүзінде толық
зерттелмегендіктен, шетелдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, оны
белгілеріне сәйкес жіктеудің авторлық үлгісін ұсынамыз (2-сурет).

2 - сурет– Франчайзинг түрлерінің жіктелуі мен олардың сипаттамалары
Ескертпе – автор құрастырған.

Әрине, франчайзингтік үлгінің жалпы жіктелімі мұнымен шектелмейді,
ұсынылған жіктеме франчайзингтік қызметтің жалпы құрамын сипаттап,
франчайзингте жүретін барлық үрдістерді зерттеуге жеткілікті негіз болуы
мүмкін.
Қазақстандағы франчайзингтің дамуын негізгі сипаттамалары бойынша талдай
отырып, оның келесі кезеңдерін бөліп көрсеттік (1-кесте).

1- кесте Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың даму кезеңдері

КезеңКомпания атауы Құрылу Негізгі сипаттамалары
- жылы
дері
БірінCoca Cola 1994 Франчайзингті реттеуші
ші нормативтік-құқықтық базаның
кезең болмауы.
і Нарықта бәсекелестіктің жоқтың
1994- қасы.
1999 Жекелеген шетелдік компаниялар
ж.ж. іс-әркет аумағын кеңейту
мақсатында Қазақстандық нарыққа
шықты.
Өндірістік және сервистік
фран-чайзинг қалыптаса бастады.
Рахат Палас
Adidas 1995
Сеймар 1996
Kodak 1997
Дока
1999
Анкара
Рамстор
Екінш1C 2000 Франчайзинг туралы Заң
і қабылданды.
кезең Шетелдік ірі фирмалардың
і франчайзилерінің нарыққа шығуына
2000 байланысты бәсекелестік
– қалыптасты.
2004 Қазақстан Франчайзинг
ж.ж. қауымдас-тығы құрылды.
USAID кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау бағытында франчайзинг
бағдар-ламасын ұсынды.
Баскин31Роббинс
Қазақстан Франчайзинг
қауымдастығы

2002
Қазақстан Республикасының
Кешенді кәсіпкерлік
лицензия (франчайзинг)
туралы Заңы
Il Patio, Планета Суши
World Class
2003
Business Consult, Scot
Holland Estates
Пятерочка
2004
MaxMara, Sela
Три Толстяка
ҮшіншEnglish First Санаткерлік меншікке,
і 2005 франчайзингке қатысты заңнамалар
кезең белсенді қолданылды.
2005 Франчайзинг көрмесі
жылда ұйымдас-тырылды.
н Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
баста франчайзингті несиелеу
лып бағдарламасын әзірледі.
осы Бәсекелестік өсіңкі түрде
кезге дамыды.
дейін Медиа және әлеуметтік
франчайзинг пайда болды.
Алма – TV
Tiffany Marble
Ромат
2006
Umex Realty
Сбарро
Finn Flare 2007
Aquatoria of Luxury Life 2008
Ескертпе – автор құрастырған.

Франчайзингтік қатынастардың дамуындағы бірінші кезең жекелеген
кәсіпкерлердің отандық экономикада жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық
экономикада франчайзингтік қатынастар жүйесін пайдаланудағы
талпыныстарымен сипатталады. Бұл кезеңде франчайзинг тамақтандыру
саласында, пиццериялар мен шағын наубайханаларға арналған құрал-жабдықтар
саласында дамып, өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады.
Екінші кезеңде – Қазақстан нарығына ірі шетелдік франчайзингтік фирмалардың
келуі, елімізде осы салаға қатысты заңнаманың қабылдануы, Қазақстан
Франчайзинг қауымдастығының (ҚФҚ) құрылуы, отандық кәсіпкерлер мен аймақ
басшыларына тақырыптық семинарлар жүргізу бойынша USAID шаралары жүзеге
асырылды. Үшінші кезең Қазақстанда 400-ге жуық оператор-фирмалармен
іскерлік қарым-қатынас жасайтын, ҚФҚ-на біріктірілген, 40 - 50
франчайзингтік жүйелердің қызмет көрсету, БАҚ, сауда, қоғамдық тамақтандыру
салаларында қызмет етуімен сипатталады.
Франчайзингтің отандық баламалары сауда мен халыққа қызмет көрсету
салаларында пайда болып, дами бастады, ол бизнес жүйесінің экономикалық,
құқықтық, мәдени-әлеуметтік жағынан даму деңгейінің төмендігіне қарамастан,
қазақстандық жағдайларға бейімделу қабілетінің негізінде өз тиімділігін
көрсетті. Еліміздегі дербес франчайзингтік қатынастар техника-
технологиялық, материалдық және тұтынушылардың мәдени-әлеуметтік даму
ерекшеліктерін ескеретін экономика салаларының қажеттілігіне сәйкес пайда
болуда. Қазақстандағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап
өтуге болады, біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг қарқынды
даму үстінде болса, ал батыс елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым.
Оған мысал ретінде Пятерочка бөлшек сауда дүкендерінің желісі, Sela
киімдер дүкені, DIXIS, Евросеть байланыс дүкендерін келтіруге болады.
Екіншіден, отандық франчайзинг нарығының сублицензиялық сипаты, халықаралық
франчайзерлердің қазақстандық нарыққа әлі де болса сенімсіздікпен қарап,
тікелей қарым-қатынастардың орнына ресей, түрік субфранчайзерлері арқылы
жұмыс істеуді таңдайды. Атап айтқанда, түрік субфранчайзерлері Mariott,
Интерконтиненталь қонақүйлері, Coca-Cola сусындар өндірісі, Mango
киім дүкендері. Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар саны
басым. Мысалы, РосИнтер Алматы, English First, Lefutur компаниялары
және т.б. Жоғарыда аталған ерекшеліктерді бағалау барысында еліміздің
шетелдік франчайзерлердің Орта Азия нарықтарына шығуының себепшісі болу
мүмкіндігі айқындалды. Мұнда отандық кәсіпкерлердің де өзіндік үлесі
болатыны анық. Сонымен бірге еліміздегі ірі және шағын бизнес арасындағы
ішкі франчайзингтік қатынастардың дамымауы оның басты кемшіліктерінің бірі
болып тұр. Бұл кемшіліктің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар
аймақтық даму бағдарламасында шағын және орта бизнес субъектілеріне
франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүргізудің технологиясы мен әдістерін
ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады. Қазіргі кезде осы
бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы Қазақтелеком компаниясы
кәсіпкерлерге Интернеттегі уақытты жалға беру франшизасын, Қазақстан темір
жолы франчайзинг негізінде темір жолдарды жөндеу шеберханаларын жеке
меншікке ұсынуда.
Қазақстанда соңғы жылдары франчайзингтік нысанды таңдаған бірқатар
компаниялар нарықта белсенділік танытуда. Қазақстан франчайзинг
қауымдастығы мәліметтерін жинақтап, оларды зерттеу барысында еліміздегі
франчайзингтік жүйелердің қызмет ету салалары бойынша даму қарқыны мен
үлесі 2-кестеде сипатталады.

2-кесте – Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік
кәсіпорындарының үлесі (сәйкес салалар бойынша)

Сала Сәйкес қызмет ету 2007 жылды
салалары бойынша алдыңғы
фран-айингтік жылдар-мен
кәсіпорындардың үлесі, салыстырған-дағ
% ы өзгерісі, есе
2001 ж 2004 ж.2007 ж.2001 ж.2004 ж.
Жылдам тамақтандыру 1,1 2,3 4,3 3,9 1,9
кәсіпорындары
Мейрамханалар 0,31 1,2 2,8 9,0 2,3
Фирмалық бөлшек сауда 0,95 2,7 8,2 8,6 3,0
Азық-түлік өнімдері бөлшек - 1,6 3,8 - 2,4
саудасы
Денсаулық сақтау және фитнес 1,0 1,4 3,3 3,3 2,4
Консалтингтік және аудиторлық 0,87 1,8 3,2 3,7 1,8
компаниялар
Телекоммуникациялар және 0,35 0,3 1,0 2,9 3,3
байланыс құралдары
Ескертпе- ҚФҚ мәліметтері.

2-кестеде көрсетілгендей, франчайзингтік компаниялардың ең дамыған
салалары – қоғамдық тамақтандыру және бөлшек сауда саласы. Франчайзингтік
фирмалар жылдам тамақтандыру кәсіпорындарының санындағы үлесі 2007 жылы
2001 жылмен салыстырғанда 3,9 есе, ал 2004 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге
өсіп – 4,3%-ды, ал фирмалық бөлшек сауда үлесі сәйкесінше 8,6 және 3
есеге ұлғайып - 8,2%-ды, азық-түлік өнімдерінің ерекше түрлерін сату – 2,4%-
ды және денсаулық сақтау және фитнес 2,4 есеге артып - 3,3 %-ды құрады.
Бұл мәліметтер жоғарыда қарастырылған еліміздегі франчайзингтің
ерекшеліктерінің негізгі сипаттамаларын растайды.
Осы көрсеткіштерге сәйкес еліміздегі франчайзингтік бизнестің келешекте
қарқынды даму бағыттарын айқындауға болады, олар: туристтік кластерді
дамыту бағдарламасына сәйкес қоғамдық тамақтандыру, қонақүй шаруашылығы,
тұрмыстық қызметтер және бөлшек сауда, сонымен қатар бизнесті ұйымдастыру
мен жүргізуге қатысты кеңес беру, автокөлік және оны жөндеу, құрылыс-жөндеу
қызметтері.
Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасуы мен даму жағдайын зерттей келе,
нарықтағы бірқатар отандық кәсіпорындар өзін әлеуетті франчайзер ретінде
жариялағаны айқындалды (3-кесте).
3-кестеде көрсетілген қазақстандық әлеуетті франчайзерлер қызметтерінің
көрсеткіштерін талдай келе, саудалық франчайзинг саласындағы
франчайзерлердің роялти мөлшері жалпы табыстың 3 %-ын, ал қызмет көрсету
саласында 3-4%-ды құрайды. Отандық нарықтағы франчайзингтік негізде қызмет
атқарушы кәсіпорындардың қызметін жан-жақты сараптау барысында олардың
бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші тұрақты пайда алу екені
анықталды.

3- кесте - Отандық нарықта қызмет атқарушы франчайзерлердің сипаттамасы

Компания атауы Қызметінің сипаты Франчайзинг Роялти мөлшері
түрі
Сеймар Құс шаруашылығы өндірістік 5
(жалпы табыстан, өнімдерін өндіру, сату
%)
Транссистема Автокөлік кәсіпорыны мастер-франч3
(жалпы табыстан, айзи
%)
Ромат Дәріханалар желісі саудалық 3
(жалпы табыстан,
%)
Алма – TV Кабельді телеарна мастер-франч3
(жалпы табыстан, айзи
%)
Көтерме сауда Азық-түлік дүкендері саудалық 3
клубы (жалпы желісі
табыстан, %)
Медведь Мейрамхана сервистік 4
(жалпы табыстан,
%)
Мебельер Жиһаз өндірісі саудалық 4
(жалпы табыстан,
%)
Umex Realty Жылжымайтын мүлік мастер-франч4
(таза пайдадан, %) компаниясы айзи
Nails Club Сұлулық салондар мастер-франч3
(таза пайдадан, %) желісі айзи
Folding Space Жиһаз саудасы саудалық айына 5000 теңге
Ескертпе – ҚФҚ-ң мәліметтері негізінде автор құрастырған.

Бизнестің франчайзингтік үлгілерін жүйелеу мен жіктеу коғамдық
тамақтандыру саласында франчайзинг тұжырымдамаларының таралу келешегі үшін
қажетті шарт болып табылады. Зерттеу тақырыбын жан-жақты ашу мақсатында
қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтің ерекшеліктеріне тоқталып
өтейік. Мейрамхана бизнесі кез келген елдің экономикасының маңызды құрамдас
бөлігі және релаксация мен рекреация функцияларының шешімдерін қамтамасыз
етеді. Кафе, мейрамханалардың және дәмханалар франчайзерлерінің орналасқан
жерін қарастырсақ, олардың көбі қала орталықтарында және жанданған сауда
орталықтарында орналасқан. Орналасу орнына байланысты мейрамханалардың
көлемі мен интерьері де өзгереді.
3-суреттегі мәліметтер бойынша, қоғамдық тамақтандыру саласындағы
франчайзингтік компаниялардың – 2,8 %-ы мейрамханалардың үлесінде. Бұл
осы салада мейрамханалардың кеңінен таралуымен айқындалады. Ал 2,3%-ы
кафелер мен барлардың және асханалардың - 2%-ы франчайзингтік екені
анықталды.

3-сурет – 2007 жылғы Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тамақтандыру
кәсіпорындарындағы франчайзингтік компаниялардың үлесі
Ескертпе - ҚР-ның Статистика агентігінің және ҚФҚ-ң мәліметтері.

Қазақстан нарығындағы франчайзинг негізінде қызмет ететін жылдам
тамақтандыру саласындағы көшбасшы РосИнтер Алматы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франчайзинг
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Франшизаның туризмдегі экономикалық негіздері
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуын талдау
Қазақстандағы франчайзинг
Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
Тауарлық франчайзинг
Қазақстандағы франчайзинг. Франчайзингтің даму және құрылу ерекшеліктері
Франчайзингтің ерекшеліктері
Франчайзинг – кәсіпкерлік түрі ретінде
Пәндер