Қазақстан Республикасы прокуратурасының Конституциялық – құқықтық мәртебесі


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3-6

1. Қазақстан Республикасы прокуратурасының

Конституциялық - құқықтық мәртебесі 7-16

1. 1 Құқықтық мемлекеттегі прокуратура органының

мәртебесі 7

1. 2 Қазақстан Республикасының Конституциясы прокуратура жөнінде 14

2. Прокуратура органдарының қызметі 17-68

2. 1 Прокуратура органдары қызметінің негізгі қағидалары 17

2. 2 Прокуратура органдарының құқықтық актілері - заңды 23

бұзушылыққа қарсы құрал ретінде

2. 3 Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары 30

ҚОРЫТЫНДЫ 67-70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71-73

КІРІСПЕ

Зерттелу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституциясына сәйкес, біздің мемлекетіміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдардың негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

Прокуратураның құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі ҚР Конституциясының VII бөлімінің 83-бабында айқындалған. Прокуратураға арналған конституциялық нормалар Конституцияның VII бөлімі «Соттар және сот төрелігінде» болғаны, прокуратура мен сот қызметінің бір екендігін немесе прокуратураның сот билігінің құрамына кіретіндігін білдірмейді. Сот төрелігі біздің мемлекетімізде тек сотпен жүзеге асырылады. Сот билігі азаматтық, қылмыстық және өзге де заңмен белгіленген сот өндірісі арқылы жүзеге асырылады, алайда соттың прокуратураға қарағанда қылмыстық қудалау функциясы жоқ. Біздің ойымызша, прокуратураның Конституцияның аталған бөліміне кіруі сот төрелігі сот процесінде прокурордың қатысуымен жүргізілетіндігінде, заң үстемдігін қамтамассыз етуде сот пен прокуратураның бірін бірі толықтырып тұратындығында.

Конституция белгілеп берген өкілеттікке сай, прокуратура ешбір билік тармақтарына кірмейді, керісінше сол билік тармақтарына кіретін органдар мен лауазымды адамдардың қызметінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады. Яғни, прокуратура жоғарыда аталып кеткендей, дәстүрлі билік тармақтарына кірмейтін де, өз алдына дербес билік тармаған құрмайтын да, ондай мәртебеге таласпайтын да ерекше мемлекеттік орган.

Джон Локк пен Шарль Луи Монтескьенің ұсынған билікті бөлудің классикалық қағидасы бүгінгі күнде мемлекеттік аппараттық құрылымын толық айқындай алмайды. Биліктің бірде бір тармағына кірмейтін мемлекеттік органдардың қатарына прокуратура жатады. Конституциямен, заңдармен өзіне жүктелген функцияларын атқару барысында ол мемлекеттік билікті иеленеді де, қолдана да алады. Осы тұста мемлекеттік қызметтің айрықша түріне жататын прокурорлық қадағалау қызметінің мәні мен ерекшеліктерін ашуымыз керек. Ол үшін біз мемлекеттік органдардың бақылау қызметі мен прокурорлық қадағалаудың аражігін айыра білуіміз қажет. Заңдылықты бақылау әр түрлі мемлекеттік органдарға жүктелген. Мысалы, әкімшілік бақылау (ведомостволық), ведомствоаралық бақылау ведомство ішіндегі әр түрлі (санитарлық, экологиялық, өртке қарсы және т. б. ) инспекцияларына жүктелген. Қадағалау заңдылықты қамтамасыз ету бойынша әртүрлі мемлекеттік органдардың қызметінің бір саласы. Ол конституциялық, соттық, прокурорлық және т. б. болып бөлінеді. Көпшілік қадағалау сөзін бақылау немесе тексеру сөзімен байланыстырады. Бірақ прокурорлық қадағалау тек тексеруден ғана тұрмайды. Ал заңдардың дәлме-дәл, әрі біркелкі қолданылуын бақылау ол ешқандай әрекет жасай алмау, яғни әрекетсіздікті білдіреді. Сондықтан прокурорлық қадағалау ол - прокуратура органдары қызметінің белсенді формасы, өзіне берілген императивті сипаттағы өкілеттігімен заң бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту, бұзылған құқықты қалпына келтіруді жүзеге асырады.

Біріншіден, прокурорлық қадағалау жоғары дәрежедегі қадағалау болып табылады, себебі ол мемлекеттің атынан жүзеге асырылады және жалпы мемлекеттік сипатта болады. Ол қайсібір аймақтармен шектеліп қалмайды және барлық субъектілерге қатысты жүреді.

Екіншіден, прокурорлық қадағалау бұл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес түрі. Бұл осы қызметтің ерекшелігі болып табылады.

Үшіншіден, прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР-сы Конституциясының дәл сақталуын қадағалау, тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құқықтық құралдардың көмегімен анықталған заң бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтерінің ерекше мазмұнымен анықталады.

Төртіншіден, прокуратура ҚР Президентіне есеп беретін орган болуына қарамастан, Конституцияға сәйкес ол барлық актілерге, соның ішінде мемлекет басшысының актілеріне де жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Прокуратураның мемлекеттік билік органдар арасындағы орны мен рөлін бөліп қарастыру бүгінгі күнде актуалды болып отыр, мемлекетте қылмыс пен құқық бұзушылықтар күнделікті өсіп отыр, оның криминогендік сипаты нашарлауда, сыбайлас жемқорлықпен ұштасып отырған қылмыстар көбеюде, құқықтық нигилизм өсуде, қоғамдық қатынастардың барлығында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақтала бермейді, азаматтардың құқыққорғау органдарына сенімсіздігі арта түсуде. Осының бәрі прокуратура органдарының орны мен оның қызметін қарастыруға септігін тигізді.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Бітіру жұмысында отандық ғалымдар мен Ресей ғалымдарының еңбектері, сонымен қатар практик заңгерлердің көптеген еңбектері зерттелген.

Прокурорлық қадағалаудың мәселелері мен оның қызметінің тиімділігін көтеру мәселелері Қазақстандық ғалымдар мен практик заңгерлердің еңбектерінде көтерілген. Олардың ішінде Ғ. С. Сапарғалиевтың, С. К. Журсимбаевтың, Г. К. Утибаевтың, И. Ж. Бақтыбаевтың, Е. С. Мерзадиновтың, Р. Н. Ақпарованың, М. С. Нәрікбаевтың, С. Г. Темірболатовтың еңбектерін атап өтуіміз керек.

Сонымен қатар, Ресей авторлары В. И. Басковтың, Р. А. Беленковтың еңбектері прокурорлық қадағалаудың теориясы мен практикасының дамуына елеулі әсер қосты.

Бітіру жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті. Жұмыстың негізгі мақсаты мемлекеттік билік тармақтары мен органдары жүйесіндегі прокуратураның мәртебесі мен атқаратын рөлін айқындау, қызметінің негізгі мақсаты мемлекеттегі заңдылық режимін қамтамасыз ету болып табылатын прокуратура органдарының Конституциямен бекітіліп берілген функцияларын тиімді пайдалану жолдарын іздеу, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ұйымдастырылуы мен қызметіндегі заңнамалық тұрғыда бекітілмеген тұстары бойынша пікір білдіру.

Осы аталған мақсаттарға жету үшін келесідей міндеттер туындап отыр:

  • прокуратураның Конституциялық-құқықтық мәртебесін айқындау;
  • билік тармақтарындағы тепе-теңдік тежемелік тетіктегі прокуратураның орнын анықтау;
  • прокурорлық қадағалаудың маңызын зерттеу;
  • прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын көрсету;
  • қадағалау салалары мен негізгі функциялардың мәнін ашу, олар бойынша статистикалық көрсеткіштерді келтіру;
  • прокурорлық қадағалау актілерінің әрқайсысына түсінік беру, олардың атқаратының қызметі мен тиімділігін айқындау;
  • прокуратура органдарының функциялары мен қызмет бағыттарын анықтайтын қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында ұсыныстар енгізу.

Зерттеу жұмысының ғылыми-әдістемелік базасы. Бітіру жұмысының ғылыми - әдістемелік негізі диалектикалық, әлеуметтік, тарихи, императивтік, салыстырмалы, құрылымдық, статистикалық, логикалық әдістерден тұрады. Бітіру жұмысында қолданыстағы заңнамаға талдау жасалынды. Аталмыш жұмыстың әдіснамалық негізін құқық теориясының, конституциялық құқықтың, қылмыстық құқық пен азаматтық құқық, қылмыстық және азаматтық іс-жүргізу құқығының қағидалары мен негізгі теориялық тұжырымдары құрайды.

Зерттеудің обьектісі мен пәні. Жұмыстың зерттеу обьектісі прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің Конституциялық негіздерін, Бас Прокурор мен оған бағынышты прокурорлар мемлекеттегі заңдылықтың үстемдігін қамтамасыз ету үшін жүзеге асыратын жоғары қадағалауды жүргізу барысында қалыптасатын құқықтық қатынастар болса, сол қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы зерттеу пәні болып табылады.

Жұмыстың практикалық маңызы. Елдегі заңдылық режимін қамтамассыз етуі, билік тармақтары мен мемлекеттік органдар жүйесіндегі тепе-теңдік тежемелік тетігін қалыптастыруы, Президенттің Конституцияның мызғымастығының кепілі және мемлекеттік билік тармақтарының барлығының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету функциясын атқаруына әрекеттесуі үшін, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, сақталу заңдылығын қадағалау жолында прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен оның қызметіндегі жеткілікті түрде нормативтік деңгейде бекітілмеген тұстары, статистикалық көрсеткіштердің нәтижелері бойынша ұсыныстардың жасалуы.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Бітіру жұмысының құрылымы ғылыми зерттеудің мақсаты және міндеттеріне сай келеді. Көлемі «74» беттен, құрылымы 3 тараудан, яғни кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан, 5 бөлімшелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

1. 1 Құқықтық мемлекеттегі прокуратура органының

мәртебесі

Қазақстан Республикасы өзін құқықтық, демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыра отырып, 1995 жылы 30-тамызда өзінің негізгі заңын, яғни Конституциясын қабылдады. Нарықтық қатынастарға көшу, азаматтық қоғам құру, қоғамдық қатынастардың әр түрлі салаларын дамыту, ең негізгісі ескі кеңестік құрылымнан арылу мақсатында елімізде бірнеше реформалар жүргізіле бастады. 1995 жылы қабылданған Конституция заңи және шынтуйатты мағынада негізгі заң болды, ағымдағы заңнаманың қайнар көзіне айналды. Конституция мемлекеттің, қоғамның, адам өмірінің барлық салаларында туындайтын қоғамдық қатынастарды бекітеді және реттейді. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың мәртебесі мен өкілеттігін бекітті.

Мемлекетіміздегі құқықтық жүйе континентальдық (романогермандық) құқық жүйесі болып табылады. Мемлекеттік билік біреу, ол тек тармақталады: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі.

Мемлекеттік құрылыста оның дәстүрлі билік тармақтарына кірмейтін, бірақ өзіне жүктелген өкілеттерге сәйкес, сол билікті иемдене және қолдана алатын бірқатар мемлекеттік органдар бар. Олар Конституциялық Кеңес, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Есептеу палатасы, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі, сондай-ақ прокуратура. Бұл органдар іс жүзінде мемлекеттік құрылыста белгілі бір айрықша топ құрастырады.

Прокуратураның құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі ҚР Конституциясының VII бөлімінің 83-бабында айқындалған. Прокуратураға арналған конституциялық нормалар Конституцияның VII бөлімі «Соттар және сот төрелігінде» болғаны, прокуратура мен сот қызметінің бір екендігін немесе прокуратураның сот билігінің құрамына кіретіндігін білдірмейді. Сот төрелігі біздің мемлекетімізде тек сотпен жүзеге асырылады. Сот билігі азаматтық, қылмыстық және өзге де заңмен белгіленген сот өндірісі арқылы жүзеге асырылады, алайда соттың прокуратураға қарағанда қылмыстық қудалау функциясы жоқ. Біздің ойымызша, прокуратураның Конституцияның аталған бөліміне кіруі сот төрелігі сот процесінде прокурордың қатысуымен жүргізілетіндігінде, заң үстемдігін қамтамассыз етуде сот пен прокуратураның бірін бірі толықтырып тұратындығында.

Конституция белгілеп берген өкілеттікке сай, прокуратура ешбір билік тармақтарына кірмейді, керісінше сол билік тармақтарына кіретін органдар мен лауазымды адамдардың қызметінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады. Яғни, прокуратура жоғарыда аталып кеткендей, дәстүрлі билік тармақтарына кірмейтін де, өз алдына дербес билік тармаған құрмайтын да, ондай мәртебеге таласпайтын да ерекше мемлекеттік орган. [1. 88-б]

1994 жылы 12 ақпанда Президенттің қаулысымен бекітілген «Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы» қабылданғаннан бастап еліміздегі құқықтық жүйені қалыптастыруға жаңа көзқарастар жасалды. 1996 жылдан бастап прокуратура тергеу функциясынан айырылды. Сол жылы Елбасының тапсырысымен прокуратураға құқықтық статистиканы қалыптастыру функциясы берілді. Прокуратураға тән қылмыстық қудалаудың шектері айқындалып, тәртібі белгіленді, сот билігімен ара-қатынасы ажыратылды.

Конституцияға және онымен белгіленген мемлекеттік құрылымға сәйкес прокуратура тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді. Ол Президенттің Конституцияның мызғымастығының кепілі және мемлекеттік билік тармақтарының барлығының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету функциясын атқаруына әрекеттеседі. Сондай-ақ, өзіне жүктелген міндеттерді атқара отырып, заңдылыққа жоғары қадағалауды жүзеге асыру барысында прокуратура мемлекеттік органдардың қызметіне келіп тіреледі. Мұнда билік тармақтарының әрқайсысымен қатынасы айқындалады.

Заң шығарушы билікке келгенде, мемлекетіміздің заң шығару функциясын атқарушы жоғары өкілді орган Қазақстан Республикасының Парламенті. 1995 жылғы Конституцияға дейін прокуратура сол кездегі заң шығарушы орган (Жоғарғы Кеңеске) есеп беретін және республиканың Бас Прокурорын Жоғарғы Кеңес 5 жыл мерзімге тағайындайтын.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын Парламент Сенатының келісімімен Президент тағайындайды және оның орынбасарларын, сондай-ақ облыстық прокурорларды қызметке тағайындау үшін келісім береді.

Прокуратураның заң шығарудағы бастама құқығы болмағанымен, заң шығармашылығы және оларды насихаттау бағытындағы белсенділігін атап өткен жөн. Ол заңдардағы жетіспеушіліктер мен ақауларды жетілдіру жөнінде Үкімет пен Парламентке ұсыныстар енгізіп отырады. Осы орайда прокуратураның Конституцияға қайшы келетін заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге наразылық келтіру құқығын айтып кеткен жөн. Әрине, прокуратураға осы мақсатпен Конституциялық Кеңестің алдында ұсыныс енгізу құқығы берілсе, заңсыз нормативтік құқықтық актілердің күшін жоюдың немесе Конституция мен заңдарға сәйкестендірудің жедел жүйесі ұйымдастырылған болар еді. Сонымен, прокуратура конституциялық орган ретінде ең әуелі Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да, прокурорлық қадағалауды - жоғары қадағалау деп атайды. Ал билік кеңістігіндегі алатын орнымен, ол өз кезегінде тежемелік және тепе-теңдік тетіктерін қалыптастырады. Прокуратураның заң шығару билігімен байланысы заңды да, қажетті құбылыс болып отыр. Бұл мемлекеттік құрылыстағы қажеттілік.

Атқарушы билікпен прокуратураның байланысы әр түрлі нысандарда көрініс табады, ол үкіметтік бағдарламалардың келісімін бекітуге қатысу, азаматтардың конституциялық құқықтарына қатысты Үкіметтің қаулыларын шығаруға ұсыныс жасау және басқа. Прокуратура тәуелсіз мемлекеттік институт ретінде атқарушы билік тармағының қызметіндегі заңдылыққа, Үкіметтің, министрліктер мен ведомстволар, жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық бақылау органдарының құқықтық актілерінің заңдылығына қадағалау жүргізеді, прокуратура қызметінің негізгі аясы да осында, заң бұзушылықтың көптеген фактілері дәл осы атқарушы органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметінде орын алады.

Ал сот билігіне келетін болсақ, сот билігі өзге билік тармақтарынан тәуелсіз қызмет атқара отырып, сонымен қатар заң шығарушы және атқарушы билікпен біртұтас билікті құрайды. Прокуратура мен соттың қарым-қатынасы әділ соттылықтың, соттың тәуелсіздігінің және олардың тек заңға бағыныстылығының конституциялық принципіне сүйене отырып құралады. Прокуратура соттың үстінен қадағалау жүргізбейді және оның қызметін өзіне алмайды, қызметіне араласпайды, прокуратураның заңсыз шығарылған сот актілеріне келтірген наразылығы алдын ала белгіленген заңи күшке ие емес, олар тек жоғары тұрған соттың төменгі тұрған соттың заңсыз актілерін жою немесе өзгерту туралы сұрақта ұсыныстық сипатқа ие болады, сол арқылы сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз етуге үлес қосады. Осы тұрғыдағы сот пен прокуратураның қарым-қатынасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау бағытындағы қарым-қатынастың ерекше формасын білдіреді. Сотта мемлекет мүддесін білдіру, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот процестеріндегі прокурордың белсенді де кәсіби қатысуы сот әділдігін қамтамасыз етудің бірден бір кепілі болып табылады.

Мемлекеттік органдар жүйесінде Президент жоғарғы орынға ие. Конституция оны мемлекеттік билік пен халықтың бірлігінің, тұтастығының кепілі және нышаны, Конституцияның және адам құқығы мен бостандығының мызғымастығының кепілі ретінде анықтап береді. Президенттің мәртебесі ең алдымен халықпен сайлануымен анықталады. Сонымен бірге ол мемлекет басшысы және ең жоғарғы лауазымды тұлға болып табылады. Бұл халық пен мемлекеттік биліктің біртұтастығын білдіреді. Халықпен сайланатын жоғарғы өкілді орган Парламент. Мемлекеттік билік жүйесінде ол заң шығару қызметін жүзеге асырады. Дәл осы себептерге байланысты мемлекет пен халықтың мүддесін өздерінің конституциялық өкілеттігіне сай тек Президент пен Парламент білдіре алады. Ал Үкімет пен өзге органдар өз өкілеттігі шегінде тек мемлекеттің мүддесін білдіре алады. Бұл оларда халық мандатының жоқ болуына байланысты түсіндіріледі.

Прокуратура Президенттің қатысуымен құрылады және оған есеп береді. Бас Прокурордың наразылығымен Конституцияға қайшы келетін Үкіметттің немесе өзге орталық атқарушы органның қаулылары мен актілерін Президент күшін жоюы мүмкін. Осы тұрғыда заң әдебиеттерінде прокуратураны Президенттің өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін арналған құрал ретінде қарастырады. Бірақ, біздің ойымызша прокуратураны тек Президенттің кепілдендірілген функцияларын жүзеге асырушы орган ретінде ғана қарастыруға болмайды, себебі ондай жағдайда прокуратура тек Президенттің нұсқауларымен жұмыс істеген болар еді, прокуратура қызметінің тәуелсіздік принципі туралы сөз болмас еді. [44. 38-б]

Республика Президентi прокуратура органдарына қатысты:

1) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республиканың Бас Прокурорын бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады.
2) Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Республика Бас Прокурорының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) әр тоқсанда кемiнде бiр рет Бас Прокурордың елдегi заңдылықтың жай-күйi туралы есебiн тыңдайды.

Прокуратураның Президентке есеп беруі оған бағыныстылығын білдірмейді. Прокуратура өз функцияларын жүзеге асыру үшін Президентпен белсенді жұмыс атқарады, бірақ ол өз қызметін атқару барысында өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс атқарады.

Сондықтан да, прокуратураны Президентке есеп беретін, қызметі барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың заңдылықты сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған, тәуелсіз және орталықтандырылған орган ретінде қарастырған жөн.

Прокуратураның мемлекеттік билік органдар арасындағы орны мен рөлін бөліп қарастыру бүгінгі күнде актуалды болып отыр, мемлекетте қылмыс пен құқық бұзушылықтар күнделікті өсіп отыр, оның криминогендік сипаты нашарлауда, сыбайлас жемқорлықпен ұштасып отырған қылмыстар көбеюде, құқықтық нигилизм өсуде, қоғамдық қатынастардың барлығында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақтала бермейді, азаматтардың құқыққорғау органдарына сенімсіздігі арта түсуде. Осының бәрі прокуратура органдарының орны мен оның қызметін қарастыруға септігін тигізді. Осы тұста прокуратураның қызметін Әділет министрлігіне беру немесе оның соңғысына бағыныстылығы туралы даулар туып жүр. Прокуратура Үкіметтің құрамына кіретін Әділет министрлігіне бағыстылықта бола алмайды, себебі бұл министрлікте әртүрлі бағыттағы қызмет аялары пайда болушы еді, жаңа ведомствода прокуратура өзінің заңдылықты қамтамассыз ету функциясынан айырылады, сондай-ақ сот процесінде үкіметтің емес, мемлекеттің мүддесін білдіретін орган атқарушы биліктің құрамына кіре алмайды. Прокуратурада тек қылмыстық қудалау функциясын қалдырып, оны Әділет министрлігіне бағынысты етуге нақты негіздер жоқ және бұл ой тек практиктер ғана емес, ғалымдар тұрғысынан да сынға алынып отыр.

Прокуратура - қызметі заң бұзушылықты анықтап, оны жоюға бағытталған, Конституция мен заңдардың, өзге де нормативтік актілердің құқық субъектілерінің барлығымен, олардың мемлекеттік билік органдарындағы орны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан дәлме дәл, әрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүргізетін жалғыз мемлекеттік орган. Прокуратура заңдылықты және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, барлық мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста болады. Мұнда қадағалау актілерінің адресаттары, яғни заңсыз акті шығарған орган немесе одан жоғары тұрған органдарды атап кеткеніміз жөн. Прокуратура өзінің қадағалау актілерін Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы және өкілді органдар, соттарға жібере алады.

Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамассыз ету - қызметіндегі негізгі бағыт болатын органдар тек сот немесе прокуратура ғана емес, сондай-ақ ішкі істер қызметінің органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары және тағы басқалары. Бұл органдардың көбі өз функциясын құқықбұзушылық анықталған, яғни фактінің орны болған кезде ғана жүзеге асырады, олардың қызметі бұзылған құқықты қалпына келтіру емес, құқық бұзушыны ұстау мен оны сотқа беру болып отыр.

Атақты орыс ғалымы В. Е. Чиркин мемлекеттік биліктегі ерекше тармақ ретінде қадағалаушы билік, яғни прокуратураны, сондай-ақ Конституциялық Кеңесті қарастырады. Өз ұстанымын ол келесідей негіздейді: біріншіден, аталған органдар басқа билік тармақтарынан дербес, өз қызметін тәуелсіз жүзеге асырады; екіншіден, бұл органдар өз қызметінде тек тексеру мен тергеу, істі зерттеумен шұғылданады және басқа органдардың шаруашылық қызметіне араласпайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының прокуратурасының құрылуы мен даму тарихы
Прокуратура органдары қызметі жайында
Прокуратура органдарының кадрлары
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлі
Прокурорлық қадағалаудың ұйымдық-құқықтық негізі
Прокурорлық қадағалау пәні бойынша дәріс тезистері
ПРОКУРОРДЫҢ АЙЫПТАУДЫ ҚОЛДАУЫ
Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының қылмыстық-процесуалдық қызметінің теориялық проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz