Коммерциялық ұйымдар


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
Коммерциялық ұйымдар түсінігі 4
Коммерциялық ұйымдардың түрлері 6
Қорытынды . . . 14
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 15
Кіріспе
Тәуелсіздік алғанымыздан кейін еліміздің экономикасы жоспарлы жүйеден бас тартып, өтпелі кезеңді басып өтіп, нарықтық қатынастарға бет бұрды. Осы мерзімде елімізде түрлі шаруашылық меншік түрлері қалыптасты. Көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу және т. б. секілді құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Нарықтық қатынастардың өрлеп, өркендеуі кәсіпкерлердің қызметтеріне айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады. Бұл кезеңде кәсіпкерлік біз үшін жаңа, бүгінгі таңда экономикалық және теориялық тұрғыдан әлі де болса айтарлықтай, толығымен қамтамасыз етіле қоймаған өте тың құбылыс болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі тарапынан жасалынып жатқан кәсіпкерлікті қолдау оны жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай-ақ осы шараларды материалдық және құқықтық жағынан қамтамасыз ету жөнінде қабылданған экономикалық маңызы бар нормативтік актілерді атап өтуге болады. Сондықтан біз кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күштері деп білуіміз артық болмайды. Мемлекетімізде кәсіпкерлік қызметтің дамуы мен оның жан жақты қолдау табуын тек кәсіпкерлікті дамыту үшін ғана емес, ол еліміздің нарықтық экономикасын дамытып, алдыңғы қатарлы елдердің санына қосылуымызға үлкен үлесін тигізеді.
Кәсіпкерліктің дамуы оның субъектілерінің өркендеуінен тәуелді болады, яғни олар, жеке және заңды тұлғалар. Мен өз жұмысымда коммерциялық ұйымдар түсінігіне және оның түрлеріне тоқталып өткім келеді.
Коммерциялық ұйымдар түсінігі
Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілерінің бірі болып заңды тұлғалар танылады. Заңды тұлға дегеніміз - бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: «заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар» 1 .
Қызмет ету мақсаттарына қарай заңды тұлғаларды жіктеу АК-ның 34-бабының негізінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бойынша жүргізіледі.
Өз қызметінің негізгі мақсаты табыс келтіруді көздейтін заңды тұлға коммерциялық ұйымға жатады. Коммерциялық ұйымдар акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік нысанда құрылуы мүмкін.
Бұл түрлердің әрқайсысына тоқталатын болсақ, біз коммерциялық ұйымдар туралы толық ақпарат ала аламыз.
АК-ның 58-бабының 1-тармағына сәйкес «Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады.
Қазақстан Республикасының заңдары 1998 ж. 10 шілдедеге дейін шаруашылық серіктестіктердің мынадай 5 түрін көрсетті: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам. Олардың ішінен біздің республикамызда және әлемде барынша кең таралғандары - жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен акционерлік қоғамдар. Дүние жүзінің көптеген елдерінің (мысалы, Ресей Федерациясында, АҚШ-та, Англияда) заңдарында акционерлік қоғамдар шаруашылық серіктестіктің түрлері болып есептелмейді. Сонымен қатар, Ресей Федерациясында жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерді серіктестіктерге емес, қоғамдарға жатқызады. Коммерциялық ұйымдарды тұлғалардың (серіктестіктердің) бірлестіктеріне және капиталдардың (қоғамдардың) бірлестіктеріне бөлу бастапқы бөлу болып табылады. Мұның бірінші санатында тұлғалық жағдай айтарлықтай маңызды болады. Сондықтан жаңа серіктерді қабыддау жалпы жиналыстың келісім беруін талап етеді. Екінші санатта тұлғалық жағдайдың айтарлықтай маңызы болмайды. Сондықтан қатысушылар құрамының өзгеруін ешнәрсе шектемейді және капитал айтарлықтай еркін ауысатын болады.
1 ҚР Азаматтық кодексінің жалпы бөлімі (27. 12. 1994)
«Акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 ж. 10 шілдедегі заңы акционерлік қоғамдарды серіктестіктердің қатарынан шығарып, оларға коммерциялық ұйымның дербес түрі рөлін берді 2 .
Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары - құрылтай шарты және жарғы. Егер серіктестікті бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды да, мұндай серіктестік жарғының және заңды тұлғаны құру жөніндегі жазбаша түрде рәсімделген шешімнің негізінде әрекет етеді (АК-ның 41-бабының 1-тармағының 1-бөлігі) .
Шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) серіктестіктің жоғары органы болып табылады. Бір тұлға құрған шаруашылық серіктестіктерде жалпы жиналыстың өкілеттігі оның бірден-бір қатысушысына тиесілі болады (АК-ның 60-бабының 1-тармағы) .
Шаруашылық серіктестікте оның қызметіне күнделікті басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына (өкілдер жиналысына) есеп беріп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе) жеке-дара) құрылады. Басқару органдарының мүшелері оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкін. Серіктестіктің, алқалы органдары ретінде басқарма (дирекция) және бақылау кеңесі құрылуы мүмкін. Заң актілерінде немесе шаруашылық серіктестігі қатысушыларының жалпы жиналысының (өкілдер жиналысының) шешімінде көзделген жағдайларда басқа да алқалық атқарушы органдар құрылуы мүмкін (АК-ның 60-бабының 2-тармағы) .
Толық серіктестік. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады (АК-ның 63-бабының 1-тармағы) . Қатысушылары жауапкершілігінің ерекшелігіне байланысты ҚР-дың кәсіпкерлік практикасында толық серіктестіктер кең қолданыс таппаған. Сонымен бірге, көптеген батыс елдерінде сауда серіктесін немесе клиентті тандауда толық серіктестікке басымдық беріледі. Несие берушілерге жоғары кепілдікті сақтау мақсатында азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады (АК-ның 63-бабының 2-тармағы) .
Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол қатысушьшардың жарғылық капиталға салымдарын салатын кезде Қазақстан Республикасында заң жүзінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 мөлшерінен кем болмауы тиіс (Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың 13-бабының 1-тармағы) .
2 Гражданский кодекс (общая часть) Комментарий. Алматы, «Жеті Жарғы», 1998г.
Толық серіктестіктің ең жоғары органы - қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады.
Сенім (коммандиттік) серіктестігі. Сенім серіктестігі ұйымының көмегімен бизнес жүргізу қазақстандық, сондай-ақ дүниежүзілік тәжірибеде айтарлықтай сирек кездесетін құбылыс. Алайда мұндай әдістің белгілі бір жағдайларда өзіндік артықшылықтары болатындықтан, заң шығарушылар оны кәсіпкерлік тандаудың мүмкіндіктерін ұлғайту үшін ұсынады. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп танылады (АК-ның 72-бабының 1-тармағы) .
Сенім серіктестігінің жарғылық капиталы толық серіктер мен салымшылардың салымдарынан құралады және қатысушылардың жарғылық капиталға салым салуы кезіңде Қазақстан Республикасында заң жүзінде белгіленген 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болмауы тиіс. Салымшылардың жарғылық капиталдағы үлесінің жиынтық мөлшері 50 пайыздан аспауы керек. Мұнда сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарында салымшылардың толық серіктердің салымдарын (салымдарының бір бөлігін) төлеу жөніндегі міндеттері көзделуі мүмкін. (Шаруашылық серіктестіктер туралы жарлықтың 28-бабының 1, 2-тармақтары) .
Толық серіктестен өзгеше, салымшының жауапкершілігі шектелген: ол өзі салған салымның мөлшерінде ғана жауап береді (АК-ның 72-бабының 1-тармағы) . Сенім серіктестігінің салымшысы бастапқы және қосымша жарналарын салады. Жарналардың мөлшерін, салу әдістері мен тәртібін құрылтай құжаттары белгілейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік шаруашылық серіктестіктердің ең көп таралған нысаны болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірлескен кәсіпорындардың бірі болып саналады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік ж ауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Осы ережеден өзгеше жағдайлар АК-да және заң актілерінде көзделуі мүмкін (АК-ның 77-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы) .
Жарғылық капиталдың мөлшерін құрылтайшьшар (қатысушылар) анықтайды және ол серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар тапсыру кезіндегі 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомадан кем болмауы тиіс (ЖШС туралы заңның 23-бабының 2-тармағы) . ЖШС-ның мәлімдеген жарғылық капиталы іс жүзіндегі нақты жарғылық капиталдан артық болатын жағдайда серіктестік несие берушілер алдында серіктестіктің борыштары бойынша жарғылық капиталдың өз капиталынан артық сомасында ортақ жауапты болады (ЖШС туралы Заңның 25-бабының 3-тармағы) . Егер ЖШС жарғысында өзгеше көзделмесе, қатысушылардың жалпы жиналысы серіктестік мүлкіне қатысушьшардың қосымша жарналар енгізуі туралы шешім қабылдай алады. Шешім серіктестіктің барлық қатысушыларының төрттен үш көпшілік дауысымен қабылданады (АК-ның 81-бабы) .
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік ҚР-дағы коммерциялық ұйымдардың өте сирек кездесетін ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылады. Көптеген елдердің заңдары серіктестіктің мұндай нысанын мүлде пайдаланбайды. Шын мәнінде, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік дегеніміз болмашы ерекшеліктеріне қарамастан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзі болып табьшады. Олардың бәрін белгілі бір заң реттейді. Егер қарым-қатынастардың мәнінен өзге мәселе туындамайтын болса, қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке АК-ның, ЖШС туралы заңның және ЖШС-ның қызметін реттейін шаруашылық серіктестіктер туралы жарлықтың ережелері қолданылады 3 .
Қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады (АК-ның 84-бабының 1-тармағы) . Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің фирмалық атауы, сондай-ақ «қосымша жауапкершлігі бар серіктестік» немесе "ҚЖС" аббревиатурасы болуы тиіс (ЖШС туралы заңның 4-бабының 1-тармағы) . Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді (АК-ның 84-бабының 2-тармағы) .
АК-ның 85-бабының 1, 2-тармақшаларына сәйкес, «өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады». Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міңдеттемелері бойынша жауап бермейді.
3 «Азаматтық құқық» І том, жауапты редакторлар: М. К. Сүлейменов, Ю. Г. Басин, Алматы, 2003ж.
Акционерлік қоғам - коммерциялық ұйымдардың уақыт және нарықтық қатынастар сынынан өткен барынша дамыған нысаны. Алайда, заңдарда қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында табыстары тек қоғамның дамуы үшін пайдаланылатын коммерциялық емес ұйымдардың да құрылуы көзделуі мүмкін (АК-ның 85-бабының 5-тармағы) . Мысалы, дүниежүзілік тәжірибеде кейде коммерциялық емес акционерлік қоғам түріндегі биржалар, білім және мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары жөніндегі кеңестер құру дәстүрлері бар.
Құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады (АК-ның 87-бабының 1-тармағының 1-бөлігі) . Құрылтай құжаттары нотариатта куәландырылуы тиіс. Құрылтай шартында баяндалған мәліметтер, шарттың өзінде өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға заң актілерінде көрсетілген жағдайларда немесе қоғамның шешімімен ғана көрсетілуі тиіс.
Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері - айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еселенген мөлшерінде болады (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 10-бабының 1-тармағы) .
Акционердің құқығы акциялармен дәлелденеді. Акция - бұл бағалы қағаз. Өз ұстаушысының (акционердің) акционерлік қоғам таза табысының бір бөлігін дивидендтер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз акцния деп танылады (АК-ның 139-бабының 1-тармағы) .
Акционерлік қоғамның қызметі оның органдары арқылы жүзеге асырылады. Мыналар қоғамның органдары болып табылады:
- жоғары орган - акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда - сол акционер) ;
- басқару органы - директорлар кеңесі;
- атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратынтұлға.
АК-ның 93-бабына сәйкес акционерлік қоғам акционерлер жиналысының шешімі бойынша қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Акционерлік қоғам шаруашылық серіктестігі немесе өндірістік кооператив болып қайта құрылуға құқылы.
Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады.
Еншілес ұйым өзінің негізгі ұйымының борыштары бойынша жауап бермейді. Еншілес ұйымдар басқа субъектінің шаруашылық қызметіне толық бақылау жүргізу үшін құрылады. Сондықтан бақылаушы ұйымдар тарапынан асыра сілтеушіліктер мен алаяқтыққа жол бермеу мақсатында мынадай ережелер енгізілген: еншілес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған міндетті нұсқаулар беруге құқылы негізгі ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшін жасалған мәмілелер бойынша еншілес ұйыммен қосалқы (субсидиарлық) жауапты болады. Негізгі ұйымның кінәсінен еншілес ұйым банкрот болған жағдайда негізгі ұйым оның борыштары бойынша қосалқы жауапты болады. Егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, еншілес ұйымның қатысушылары негізгі ұйымнан оның кінісынан еншілес ұйымға келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы (АК-ның 94-бабының 1-3-тармақтары) .
Тәуелді акционерлік қоғам өзінің мазмұны жөнінен еншілес ұйымға жақын келеді. Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының 20 пайызынан астамы басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады. Басымырақ (қатысушы) занды тұлға тәуелді акционерлік қоғам акцияларының тиісті бөлігін сатып алғаны туралы мәліметті заң құжаттарында көзделген тәртіп бойынша дереу жариялауға міндетті.
Тәуелді акционерлік қоғам сондай-ақ өзінің басым қоғамының акцияларын сатып ала алады. Бұл жағдайда қоғамдардың бір-бірінің капиталына өзара қатысуы көзделеді. Заңның бұзылуына жол бермеу және алаяқтықтан қорғау мақсатында бұл жағдайды реттейтін нормалар бар. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың бір-бірінің шығарылған жарғылық капиталдарына өзара қатысуы әрбір шығарылған жарғылық капиталдың 25 пайызынан аспауға тиіс. Бір-бірінің шығарылған жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлік қоғамдар басқа қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында 25 пайыздан артық дауысты пайдалана алмайды.
Өндірістік кооператив дегеніміз - бұл бұрынғы кезде де, қазіргі уақытта да кеңінен қолданылатын, адамдардың ұжымдық еңбегін ұйымдастырудың ескі түрлерінің бірі.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады (АК-ның 96-бабының 1-тармағы) . Өндірістік кооператив занды тұлға болып табылады және коммерциялық ұйымдардың қатарына жатады.
Өзінің еңбекке қатысуы (жай айтқанда, кооператив мүшесі онда жұмыс істеуге тиіс) факторы өндірістік кооперативтің акционерлік қоғамнан және шаруашылық серіктестіктен айырмашылығы болады, ал кейінгілердің қатысуы ақша енгізумен аяқталатын, қатысушының оларда жұмыс істеуі міндетті емес болатын. Басқаша айтқанда, өндірістік кооператив дегеніміз - бұл ең алдымен, еңбек бірлестігі, ал шаруашылық серіктестік - бұл ең алдымен капиталдар бірлестігі. Өндірістік кооперативтердің демократиялық және халықтық сипаты, міне, осы жағымен айқындалады, оларды қомақты ақша қаражаттары болмағанымен, жұмыс істей алатын жұмыс істегісі келетін азаматтар құра алады.
Кооператив - бұл қашан да бірнеше адамның еңбегін біріктіретіндіктен, оны бір адам құра алмайды. АК-ның 96-бабының 2-тармағы кооператив мүшелерінің саны екеуден кем болмауға тиіс деп белгілейді, бұл оның санының ең төменгі мөлшері болып табылады (Ресейде мысалы, кооператив мүшелері кемінде бесеу болуға тиіс) . Мұндай шаманы белгілеудің себебі - заң шығарушылардың кооператив құру мүмкіндігін барынша жеңілдету - ол үшін екі адамның қалауы жеткілікті болады.
Өндірістік кооператив өзінің қызметін жарғының не құрылтай шарты мен жарғының негізінде жүзеге асырады.
Өндірістік кооперативтің жарғысында мыналар туралы мәліметтер болуға тиіс:
- кооперативтің фирмалық атауы;
- кооператавтің тұрғылықты орны;
3) өндірістік кооперативке мүшелер қабылдау, оларды шығару
тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері;
- кооперативтің басқару және бақылау органдарының құрамы жәнеқұзіреті туралы, оның ішінде шешімдер бірауыздан немесе біліктікөшлілік дауыспен қабылданатын мәселелер бойынша ережелерді жасаутәртібі;
- өндірістік кооперативтің әрбір мүшесінің жарнасының мөлшері, өндірістік кооператив мүшелерінің құрамы және мүліктік жарнаныенгізу тәртібі және олардың жарна салу жөніндегі үшін жауаптылығы;
- кооператив мүшелерінің оның қызметіне жеке өз еңбегіменқатысуының сипаты және тәртібі және жеке өз еңбегімен қатысужөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылығы;
- кооператив пен оның мүшелері, кооперативтің атқарушы органымен қызметкерлердің еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар;
- кооперативтің таза табысы мен шығындарын бөлу тәртібі;
9) кооперативті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі.
Заңдарда "кәсіпорын" термині екі мағынада қодданылады. Алғашқысында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешенді (зауыт, фабрика, шахта және т. с. с. ) кәсіпорын деп түсінеді. Бұл мағынада алғанда, мысалы, кооперативтік, жеке, отбасылық кәсіпорын және т. с. с. туралы айтуға болады. Демек, мүліктік кешен ретінде қарастырылатын кәсіпорын жеке меншікке де, мемлекеттік меншікке де жатуы мүмкін. Екінші мағынада "кәсіпорын" термині занды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысандарының бірін білдіреді және бұл мағынада тек мемлекеттік кәсіпорны болуы мүмкін (АК-ның 34-бабы) .Заңды тұлға ретінде мемлекеттік кәсіпорын өзіне тиесілі мүліктің меншік иесі болып есептелмейді - оның меншік иесі мемлекеттің өзі - және осы кәсіпорындар иеленіп отырған мүлікке заттық құқыққа қарай өз қызметін жүзеге асырады, олар АК-ның 102-бабының 1-тармағына сәйкес: 1) шаруашьшық жүргізу құқығына негізделген; 2) оралымды басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарға бөлінеді. Мұның кейінгісі "қазыналық кәсіпорын" (яғни қазынаға, фискіге (мемлекетке) тиесілі кәсілорындар) деген арнайы терминмен аталады.
Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz