Ортағасырлық ислам философиясы әл-Ғазали мен Ибн Рушд мысалында



I Ортағасырлық ислам философиясының бірегейлігі.
1.1 Ислам діні . араб философиясының негізі
1.2 Дін мен фалсафа сабақтастығы
II Ислам философиясы әл.Ғазали, Ибн Рушд пікірталасы
2.1 Әл.Ғазалидің сопылық дүниетанымы
2.2 Ибн Рушдтің «Қос ақиқат» принципі
2.3 Әл.Ғазали мен Ибн Рушд арасындағы «тахаафут»
Орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында көрнекті орын алған, еңбектерін араб тілінде жазған, негізінен мусылман елдерінен шыққан ойшылдар тобының ілімін ғылымда фалсафа ден атау дәстүрі бар. Оларды орыс тіліндегі әдебиеттерде «араб тіліндегі философия» немесе «араб философтары» дейді. Анығында бұлар ерекше ойлау менталитетіне ие болған фалсафа өкілдері. Көпшілікке ұсынылып отырған осы хрестоматияның мақсаты — фалсафаның аса көрнекті өкілдерімен жүртшылықты таныстыру.
Фалсафа туралы 1991 жылы Москваның «Наука» баспасынан жарық көрген «Исламның энциклопедиялық сөздігінде» мынандай түсінік берілген: «ал-фалсафиа — термин, которым в средневековой мусулъманской литературе обозначали философию мыслителей, ориентировавшихся на античные модели философствования и называвшихся фаласифа (ед. ч. файласуф), а также саму античную философию».
Бұл түсініктен мынандай жайлардың басы ашылып тұр. Біріншіден, фалсафа философия дегеннің арабшаланған түрі. Демек, араб тілі орта ғасырда философиялық мәдениеттің тіліне айналған. Философияның бір тілдік негізде өрбігені тарихта белгілі, айталық, антиктік философия грек тілі негізінде болса, Шығыс Азия мен Қытайда тибет тілінде, Орта Азия мен Еуразиялық кеңістікте түркі тілінде, Батыс Еуропада ортағасырлардан жаңа дәуірге дейін латын тілінде, қазіргі заманда мұндай міндетті ағылшын тілі игеріп кетуі ықтимал.
Фалсафаның араб тілінде өрбуіне мәдени-тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайлар болган. Бұл жерде еріксіз мойындайтын мәдени-әлеуметтік жағдай: ислам діні, оны таратушы басты саяси күш — Араб халифаты. Халифат мемлекеттік құрылым ретінде Аравияда VII ғасырдың жиырмасыншы жылдары пайғамбарымыз Мұхаммедтің діни реформасы нәтижесінде өмірге келген. Пайғамбарымыз дүние салғаннан кейін Халифат мүлдем ұлан-асыр империяға айналды. Әдетте, мұндай империялардың ғүмыры ұзақ болмаушы еді, халифат болса жеті ғасырдай уақыт өмір сүрді. Бұл имнериялар тарихында болімаған мерзім. Әлемді дүр сілкіндірген социалиизмнің өмірі небәрі жетпіс жылға әзер жетсе, Халифат дүниеге жеті жүз жылга жуық өз өктемдігін жүргізді. Араб тілі осы империяның мемлекеттік тілі болатын. Мұхаммед пайғамбар діни ұстаз, саяси басшы әрі ең жоғаргы үкім шығарушы болғандықтан, оның тілі (араб тілі) дінде, саясатта, шариғатта (заңда) мемлекеттік қызмет атқарған.
Араб тілі — Құран тілі. Бес уақыт намаз мі
1. Цит. Сагадеев А.В. Ибн Рушд. - М.: Мысль, 1973. — С. 38—39
2. Әрекеттіц нотижесіне айпалмай, өздігінен бола берсді. — Ауд. З.Қуранныц сөзбе-сөз магынасын ұстанған мұсылман діни
уагызшылары. — Ауд.
4.Ибн Рушд "ен жуық матсрия" дегендс, "түцгыш материядан"
оқшаулап, нактылы заттар матсриясын айтады. — Ауд.
5.Дәлелді. — Ауд.
6."Философтарды жоқка шығару" — Ғазалидің кітабының дәстүрлі
атауы. Тура мағынасында озі қойган атауындагы "таһаафут" термині
жүйесіз, қойыртпақ деген сияқты мазмұн береді. — Ауд.

Список по запросу: Ибн Рушд
1 Айдаров Ш. Әл-Ғазали еңбектеріндегі этика философиясы// Ақиқат.- 2006. - N 5. 60-63б
2 87.3 (0) Әл - Ғазали (1058-1111): Ортағасырлық мұсылман
0-72 ойшылы, философ және оның "Тура таразы",
"Адасудан арылдырушы" еңбектерінің қазақша
аудармасы берілген//
Ортағасырлық діни философия: 20 томдық/ Құраст.: Ғ.Есім, Н.Байтенова.- Алматы : Жазушы, 2005.- Т.5.- 288-292 б.
3 Дайыр Д. Әл-Ғазалидің Шығыс пен Батыс
философиясына қосқан үлесі// Ақиқат.-
2005. - N 6. - 54-58 б.
4 87.3я7 Есім Ғ. Орта Азияның араб тілді ойшылдары:
Ғұлама ойшылдар Әл-Фараби, Ибн
Е-86 Сина. Әл Ғазали, аттар жайлы// Есім Ғ.. Фалсафа
тарихы.- Алматы : Раритет, 2004.- 47-145 б.

5 Есім Ғ. Әл-Ғазали (1058-1111): Философияның
көрнекті ойшылы туралы// Абай.-
2002.-N4.-11-12 6.

6 Есім Ғ. Ибн Рушд: 1126-1198 жж. аралығында
Кордова халифатында өмір сүрген
философ еңбектері жайлы// Есім Ғ.. Фалсафа тарихы.- Алматы : Раритет, 2004.- 222-231 б.
7 Жүзей М. Әл-Ғазали дүниетанымындағы
философиялық бастаулар// Қаз¥У
хабаршысы. Саясаттану сериясы. Философия сериясы. Мәдениеттану сериясы. = Вестн. КазНУ. Сер. политология. Сер. филос. Сер. культурология.- 2006. - N 1(25).-34-38 б.- Библиогр.: 5 атау.

8 87.3(0) Ибн Рушд (1126-1198): Араб философиясының
көрнекті өкілінің өмірінен деректер
0-72 және оның "Жоққа шығаруды жоққа шығару"
еңбегінің қазақша аудармасы берілген//
Ортағасырлық ДІни философия: 20 томдык/ Қүраст.: Ғ.Есім, Н.Байтенова.- Алматы : Жазушы, 2005.- Т.5.- 439-496 б.

9 Ибн Рушд. Жоққа шығаруды жоққа шығару: Әл-
Ғазали дәйектемелеріне қарсы
пікірі / Ауд. Ғ.Есім// Есім Ғ.. Фалсафа тарихы.- Алматы : Раритет, 2004.- 232-273 б.

10) ( Аль- Газали Абу Хамид) Воскрешение наук о вере. М.
1998. Шах. И. Суфизм М. С. 175- 212)





















Список по запросу: Философия тарихы

1 Иманбекова Б.И. Имам Газали тәрбие туралы:
Сопылык ілімін дамытушы ортағасырлық философ-
ғалым туралы// Білім берудегі менеджмент =
Менеджмент образовании.- 2004.- N 2.-186-191 б.

2 63.3(5)4 Қартабаёва Ерке Тамабекқызы. Орта ғасырлардағы
араб-түрік мэдени
Қ 42 ықпалдастығы: Оку құралы / Пікір жазған.: Алтаев
А.Ш., Көкеева Ф.Т.,
Қожакеева Л.Т.; ҚазМУ.- Алматы: Қазак ун-ті, 2004.-
114 бет; 20,5x14,5 см.
3 Құдайбергенова Г.К. Иранда орта ғасырларда
жазылғын сопылық әдебиет//
ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы = Вестн.
КазНУ. Сер. востоковедения.-
2005.- N 4.- 68-70 б.- Библиогр.: 7 атау.

4 Сарбасова Қ.А. Орта ғасыр ғұламаларының
еңбектеріндегі дидактика
мәселелері// ҚарМУ хабаршысы. Педагогика сериясы
= Вестн. КарГУ. Сер.
педагогика.- 2007. - N 4. 87-92 б.- Библиогр.: 9 атау.
5. Мұқанғалиев Е. Араб дүниесі Ислам әлемі
(Ислам дінінің дүниетанымы) 1996 № 2 7-8 б.


6. Т. Есім Араб философтары жене араб тіліндегі
философия Ақиқат 1998. № бет.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   
Ортағасырлық ислам философиясы әл-Ғазали мен Ибн Рушд

мысалында

I Ортағасырлық ислам философиясының бірегейлігі.

Ислам діні - араб философиясының негізі

Дін мен фалсафа сабақтастығы

II Ислам философиясы әл-Ғазали, Ибн Рушд пікірталасы

Әл-Ғазалидің сопылық дүниетанымы

Ибн Рушдтің Қос ақиқат принципі

Әл-Ғазали мен Ибн Рушд арасындағы тахаафут

1.Ортағасырлық ислам философиясының бірегейлігі.

1.1 Ислам діні - араб философиясының негізі

Орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында көрнекті орын алған, еңбектерін араб тілінде жазған, негізінен мусылман елдерінен шыққан ойшылдар тобының ілімін ғылымда фалсафа ден атау дәстүрі бар. Оларды орыс тіліндегі әдебиеттерде араб тіліндегі философия немесе араб философтары дейді. Анығында бұлар ерекше ойлау менталитетіне ие болған фалсафа өкілдері. Көпшілікке ұсынылып отырған осы хрестоматияның мақсаты — фалсафаның аса көрнекті өкілдерімен жүртшылықты таныстыру.

Фалсафа туралы 1991 жылы Москваның Наука баспасынан жарық көрген Исламның энциклопедиялық сөздігінде мынандай түсінік берілген: ал-фалсафиа — термин, которым в средневековой мусулъманской литературе обозначали философию мыслителей, ориентировавшихся на античные модели философствования и называвшихся фаласифа (ед. ч. файласуф), а также саму античную философию.

Бұл түсініктен мынандай жайлардың басы ашылып тұр. Біріншіден, фалсафа философия дегеннің арабшаланған түрі. Демек, араб тілі орта ғасырда философиялық мәдениеттің тіліне айналған. Философияның бір тілдік негізде өрбігені тарихта белгілі, айталық, антиктік философия грек тілі негізінде болса, Шығыс Азия мен Қытайда тибет тілінде, Орта Азия мен Еуразиялық кеңістікте түркі тілінде, Батыс Еуропада ортағасырлардан жаңа дәуірге дейін латын тілінде, қазіргі заманда мұндай міндетті ағылшын тілі игеріп кетуі ықтимал.

Фалсафаның араб тілінде өрбуіне мәдени-тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайлар болган. Бұл жерде еріксіз мойындайтын мәдени-әлеуметтік жағдай: ислам діні, оны таратушы басты саяси күш — Араб халифаты. Халифат мемлекеттік құрылым ретінде Аравияда VII ғасырдың жиырмасыншы жылдары пайғамбарымыз Мұхаммедтің діни реформасы нәтижесінде өмірге келген. Пайғамбарымыз дүние салғаннан кейін Халифат мүлдем ұлан-асыр империяға айналды. Әдетте, мұндай империялардың ғүмыры ұзақ болмаушы еді, халифат болса жеті ғасырдай уақыт өмір сүрді. Бұл имнериялар тарихында болімаған мерзім. Әлемді дүр сілкіндірген социалиизмнің өмірі небәрі жетпіс жылға әзер жетсе, Халифат дүниеге жеті жүз жылга жуық өз өктемдігін жүргізді. Араб тілі осы империяның мемлекеттік тілі болатын. Мұхаммед пайғамбар діни ұстаз, саяси басшы әрі ең жоғаргы үкім шығарушы болғандықтан, оның тілі (араб тілі) дінде, саясатта, шариғатта (заңда) мемлекеттік қызмет атқарған.

Араб тілі — Құран тілі. Бес уақыт намаз міндетті түрде арабша оқылады. Демек, мұсылмандық жеткен жерлерде хат тану араб тілін оқудан басталды. Сөйтіп, сауатты адам араб тілін меңгерген адам деп мойындалды. Араб тілін меңгеру — білімділіктің әрі мұсылмандықтың белгісі. Осы жагдайға сай оқу, білім беру жүйесі арабша қалыптасып, ендігі жерде араб тілі мұсылман өркениетінің тіліне айналды.

Екіншіден, фалсафа мұсылман мәдениетінің туындысы. Бұл, негізінен, мұсылман елдерінің ойшылдарына тән дүниетаным. Фалсафа ілімінің қандай өкілі болсын, мұсылмандыққа қарсы шықпаған, қайта, керісінше, әлемдік мәдениет үлгілерін, әсіресе философтарды мұсылмандық дүниетаным тұрғысынан қарап, соған орай бейімдеген. Фалсафаның осы ерекшелігі кезінде христиан ойшылдарының ашу-ызасын туғызған. Фалсафаның мұндай күйде болуының табиғи-тарихи қажеттілігі болды.

Араб халифтері және елдің зиялы қауымы мұсылман мәдениетінің, өнерінің деңгейін жоғары көтеру қажеттілігін түсінді. Оның ең басты себебі, ислам діні өзінен алты ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен тарихи бәсекеге түсті. Бұл бәсекенің негізінде дүниені бәлу мәселесі тұрды. Сөйтіп, мұсылмандар және кәпірлер деген ұгымдар қалыптасты. Ертеректе ислам дінін қылыштың жүзімен, білектің күшімен жер-жерге зорлап енгізсе, келе-келе бұы тәсілдің өміршең еместігін халифтер, олардың кеңесшілері түсіне бастады. Ендігі жерде әлемді меңгерудің жолы ғылым, өнер, білім, философия екенін түсінген халифтер осы салалардың өрбіп-өсуіне бар мүмкіндіктерді жасай бастады. Осындай саясаттың негізінде араб тіліндегі философия пайда болады, ол тарихта Фалсафа деген атпен қалды.

Үшіншіден, фалсафа антиктік философияны араб тілінде, мұсылмандық дүниетаным негізінде қайта жандандырған. Бұл жөнінде белгілі ғалым Б.Э.Быховский мынандай пікір білдірген: Извлечеиие из мрака исторического забвения и воскрешение в памяти человечества многогранного учения Аристотеля, обнаружение и распространение затерянного философского клада перипатетизма стали выдающейся заслугой арабской философии раннего средневековья (Сигер Брабантский. М, — Мысль, 1979. — С. 29).

Фалсафа тарихышы арналган алгашқы оқулық-хрестоматия бол-ғандықтан, оның құрылымы туралы бірер сөз айтайын.

Арнайы әдебиеттерде фалсафа тарихы әл-Киндиден басталып, Ибн Рушдпен аяқталып жүр. Біз де осы тәртіпті сақтауга тырыстық. Одан әріде фалсафаның типологиясын белгілеу қажеттілігі болды. Фалсафа тарихының типолоғиясын анықтауда қандай әлшемдерді алу керек деген мәселеге айналды. Әдетте, типолоғияның әлшемдері: тарихи, географиялық, аймақтық немесе ұлттық болып келеді. Біз фалсафаның типологиясын анықтауда саяси географиялық әлшем қолдандық. Себебі, фалсафа араб тілі негізінде ғана емес, осы саяси негіздерде жүзеге асқан феномен. Осы тұрғыдан оның үш тарихи кезеңін белгіледік.

Біріші кезең. Бағдат халифатына қатысты, әл-Кинди, Таза ағайындар еңбектеріне байланысты қарастырылатын тарихи-мәдени кеңістік.

Екіиші кезең. Халифаттан өзге мұсылман мемлекеттерінің пайда болуына байланысты ислам мәдениеті Аравиядан тыс аймақтарда гүлдене бастады, соның бір көрінісі — Орта Азия мен Казақстан аумағында ерекше түрде дамыған фалсафа, оның өкідері: әл-Фараби, Ибн Сина, ОмарХаям, Аттар, әл-Газали, т.б. Бұлар парсы-түрік жұртының ойшылдары.

Үшінші кезең. Мұсылман Испаниясыидағы Еуропалық фалсафаның тарихи-мәдени кеңістігі, оның өкілдері: Ибн Бадж, Ибн Туфейл, Ибн Араби, Ибн Рушд.

Сонымен, фалсафа үш географиялық аймақта өніп-өсіті. Сонымен бірге фалсафаны таза күйінде қабылдау да қиын. Себебі. онымен бірге мұсылман дүниетанымында мынандай ағымдар, мектептер болған: мутазилиттер, қалам, суфизм, т.б. Бұларды бір бірінен ажырату қиын, себебі, мутазилизмді VIII-—IX ғасырлардагы исламның бір бағыты деп қарастырушылық бар. Мутазилиттер рационализм және білім жагында болып, халиф билігін зиялылық мәнде (светский) түсіндірген, олар әділеттілік Алладан болғанымен, Кұран сөзін догмаға айналдыруға қарсы болган. Сондықтан мутазилизм қаламның бір бағыты деу де талас тудыратын пікір.

Себебі, қалам ислам қағидаларын логикалық тәсілдермен түсіндіруге машықталған әрі діни беделге құрылған ілім. Қаламның қалыптасуында, Е.Бертельстің айтуынша, грек гностиктерінің әсері мол болған. Мутакалимдер негізінен мутазилиттерге қарсы болганымен, Ибн Халдунның пікірінше, мутакалимдердің кейінгі еңбектерінде қаламның мәселелері мен фалсафаның мәселері бір-бірімен араласып кеткені сондай, бұл ғылымдар мүлдем бірігіп кеткен (И.Э.С. С. 129). Фалсафа тарихын Ибн Халдуннан артық білу мүмкін іс емес, сондықтан беделге де ғылыми негіз ретінде сүйенген дұрыс болар. Осы себепті исламның негізін салушылар: әл-Ашари мен әл-Матурудилерді фалсафаның пайда болуының теориялық алғышарттары ден қабылдау орынды.

Араб тілінің әлемдегі ең кең қолданылатын тілгс айналуына ықпал еткен факторлардыц негізгісі — ислам діні. Басқа әлемдік діндерден ислам бір ғана тілмен барынша тығыз және тұрақты байланысымен ерекшеленеді. Исламның неігізін салушы Мұхаммед пайғамбар "құдай сөзін араб тілінде — таза, анық тілде жарияладым" деп сенімді түрде айтқан болатып. Ана тіліндегі сөз әдстте сол тілде сөйлейтін адамға анық та түсінікті болатыны белгілі. Алайда пайғамбардың "анық" араб тілі туралы қағидасы басқа бір мағынада айтылғап тәрізді. Бұл қағиданы пайғамбар өз қызметінің белгілі кезеңінде алға тартқан еді, бұл кезенде ол іс жүзінде бұрынғы діндерден мүлдем өзгеше жаңа дін таратып жүргенін дәлелдеуге тиіс болды. Ол үшін өзі уағыздап жүрғен діннің басқа тілдердегі діннен бәлек екенін және оларға қарсы дін екенін баса көрсету маңызды болған тәрізді. Осылайша араб тілі барынша қатаң монотеисік діннің тілі ретінде сакралды қасиетке ие болды. Құранның бірқатар жерлерінде әр түрлі контекстерде көрсетілген бұл қағида ислам мен араб тілінің байланысын анықтап берді.

Құранда мұсылмандар қауымының тілдік бірлігі, ортақтығы жөнінде ештеңе айтылмаған, алайда ислам арабтардың ғана діні болып тұрған кезде (пайғамбардың уақытында) ол өзінен-өзі түсінікті жағдай болды. Мұхаммед өз халқы арасында ғана уағыз жүргізді, бірақ пайғамбар аузымен айтылып отырған Алла сөзіне ден қою, оған бағынуға шақыру жалпы барлық адамзатқа арналған үндеу екендігі басынан-ақ түсінікті болды. Мұсылман қауымына ру-тайпалық, этникалық және тілдік ерекшелігіне, конфессиялық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан әрбір адам кіре алатын еді. Мұсылман қауымы бірте-бірте ұлғайып, аяғынан тұрып, кейін әлеуметтік-саяси бірлестікке, одан бүкіл Аравияға билігі тараған теократиялық мемлекетке айналған кезде, ортақ тілі бар жаңа діни-саяси негізде біртұтас әлеуметтік-коммуникативті жүйенің қалыптасуы үшін алғы шарттар пайда болды.

Араб жаулап алушылықтары дәуірінде (VII ғ. 30-жылдары — VIII ғ. ортасы) араб-ислам теократиялық мемлекеті - Халифат территориясы үздіксіз өсумен болды. Өздері жаулап алған елдерғе арабтар ислам дінін және өз тілдерін (ауызша және жазбаша) алып келді. Алайда бұл ислам мен араб тілінің таралуы араб әскерлерінің жаулап алу қарқынымен бірдей жүрді дегенді білдірмейді. Халифаттың халқы бірден біртұтас бұқараға, бірегей діни және тілдік бірлестікке айнала салған жоқ. Арабтарға қараған халықтар арасында араб тілінің орнығуы ұзақ уақытқа созылды және әр елде әр түрлі қарқынмен жүріп, өр түрлі нәтижелерге өкелді.

Жаулаушылардың әскерлері, олардың гарнизондары, жылжымалы немесе тұрақты қосындары (лагерлері) араб тілінің алғашқы аралдары болды, тек келесі кезенде ғана пайда болған кішігірім араб мекендері араб тілінің осындай аралдарына айналды. Әдетте, жергілікті халықтармен салыстырғанда келімсек арабтар аз ғана пайызды құрады. Бірақ оларға өз күшіне деген сенімділік, жақсы ұйымдасқандық тән болды; мұның бәрі араб тілінің артықшылық жағдайда болуына ықпал етті. Арабтар жаулап алған елдеріндегі әлеуметтік-саяси және тілдік жағдайға икемделуге, олардың тілін үйренуге, жергілікті халықпен қатынас орнатуға тырыспады. Олардың қосындары, гарнизондары мен мекендері тілдік жағынан да автономиялы, тәуелсіз болды: күнделікті және ресми әңгімелер, әкімшілік, сот, діни рәсімдер, астанамен хат алмасу - бәрі де араб тілінде жүрді.

Керісінше, жергілікті халық, әсіресе оның арабтармен тығыз және дүркін-дүркін байланысқа түсіп отырған белігі оларға тілдік жағынан икемделуге мәжбүр болды. Бұл, ең алдымен түтқындарға қатысты болды: тұтқындар алдымен араб қосындарына әкелініп, кейіннен халифаттың орталығына және лтілетін. Бұл топқа, сондай-ақ арабтармен бейбіт келісімге келудің немесе олардың алдында тізе бүгудің шарттары туралы келіссөз жүргізушілер; алым-салық телеушілер; мұсылман әскерінің қатарына кіріп, олармен бірге ары қарай жорыққа аттанушылар; араб әскерлеріне азық-түлік тасушылар және арабтармен сауда жасаушылар жатты.

Араб тілі күшпен, жазалау шараларының көмегімен немесе жоғарыдан жүргізілген белгілі бір саналы және жоспарлы саясаттың арқасында енгізілді деуге болмайды. Алайда қалыптасқан әлеуметтік-саяси жағдай араб тілінің өріс алуына барынша қолайлы жағдай туғызды. Араб жаулап алушылықтары бұрынғы тілдік ұжымдардың ұйымдық тұтқаларын бұзды, дәстүрлерді қорғап отырған аз ғана әлеуметтік топты - бюрократия мен дінге қызмет етушілерді артықшылыктарынан айырды. Керісінше, араб тілін білетіндерге артықшылықтар берді. Араб тілі жеңімпаздар тілі ретінде анағұрлым артық беделге ие болды, сондықтан да жергілікті халық олардың діні мен қауымына кіруге асықты.

Ислам тек араб тілінде ғана уағыздалды, ислам ілімін басқа тілдерге аударуға ешқандай талпыныс жасалмады. Құранның қандай да болмасын басқа тілге аударылмайтыны туралы догма жасалды, осы догма басты ислам тілі ретіндегі араб тілінің жағдайын одан сайын нығайтты.

Араб тілінің мемлекетгік басқару ісінде барынша кең кәлемде қолданылуы халиф Әбд әл-Малік (685-705) тұсындағы реформалардан көрініс тапты. Атап айтқанда, іс-қағаздар жұргізу мен теңге шығару араб тіліне көшірілді. Жазба араб тілінің анағұрлым кең қолданылуы араб орфографиясының реттеліп, жетілдірілуін қажет етті, бұл іс VІІ-VIII ғғ. межесінде іске асты.

Араб тілінің қолданылу аясының одан өрі кеңеюі аббасилер билігі дәуірінде іске асырылды. Аббасилер қозғалысы, тек арабтарға ғана беріліп келген артықшылықтарға қарсы бағытталды. Шынында да VIII ғ. ортасында араб үстемдігі айтарлықтай әлсіреп, бұған дейін Халифаттың тірегі болған арабтардың тайпалық жасағы өзінің бұрынғы маңызын жоғалтты, арабтар мемлекеттік табысты иемденудегі ерекше құқықтарынан айрылып қалды, бұрынғы клиенттер (маула) өмірдің барлық салаларында арабтармен тендікке қол жеткізді. "Арабтар" деген үғымның өзі өзгеріске ұшырап, тек тууы бойынша арабтар ғана емес, сондай-ақ араб тілін менгерген барлық мұсылмандар осылай аталатып болды. Билеуші топтар, шенеуніктер мен армия құрамында үлкен өзгерістер жасаған аббасилік төңкеріс жергілікті халықтың, әсіресе Иран мен Орта Азия халықтарыпың жаппай ислам дініне өтуімен бірге жүрді. Ислам дінін жаппай қабылдау өз кезегінде араб тілін жаппай меңгеруге ұмтылушылықты туғызды.

Атақты хадисші, исламды түсіндірудегі ерекше бір бағыттың (шафиизм) негізін салушы аш-Шафи (820 ж. қайтыс болған) араб тілінің ролі және оны үйренудің қажеттігі жөніндегі өз ойын былайша жеткізеді: "Араб тілі — басқа тілдер арасында ойды жеткізу тәсіддері мен сөздік құрамы жағынан да ең бай тіл және пайғамбардан басқа бұл тілдің барлық құрамын толық білетін адамды біз білмейміз. Алайда бұл тілде барлық арабтар түсінбейтіндей ешқандай сөз жоқ. Пайғамбар тілін білетіндер ғана қандай да болмасын артыкшылықтарға лайықты. Және оның тілінде сейлейтіндер басқа тілдерге ешбір еліктемеуі керек. Керісінше барлық басқа тілдер пайғамбардың тіліне еліктеуі тиіс.

Әрбір мұсылман өз зердесіне орай араб тілін үйренуге міндетті, өйткені ол осы тілде "Алла жалғыз, оның ешбір серігі жоқ, ал Мұхаммед оның елшісі" деген сөзді айта алуы және Құранды осы тілде оқи алуы тиіс". Ислам дінінің осындай атақты қайраткерлерінің араб тілі жөніндегі ойлары мен пікірлері бұл тілдің өрісінің кеңеюінде айтарлыктай роль атқарғаны түсінікті.

Араб әдеби тілінің, поэзиясыиың нығаюына және оның баска тілдерге әсер ету мүмкіндігіне ықпал еткеп факторлардың қатарында бұл тілде аса бай көркем, діни-полемикалық және ғылыми әдебиеітің болуын, УШ-ХІ ғғ. араб грамматикасының, лексикографиясының елшемі мен шешендік өнерге қатысты ғылымпың жасалуын атауға болады, мұның өзі тілдік норма мен стильдік канондардың тұрақтануына, сондай-ақ тілдің ғылыми терминологиямен байытылуына ықпал еткен еді.

Алайда ислам дінін қабылдау өзінен өзі араб тілінің үстемдік алуына алып келді деп айтуға болмайды. Ислам дінін қабылдаған кепшілік иран және түркі халықтары өз ана тілін сақтап қалғаны белгілі.

Ресми және ауызекі сөйлеу тілі болып жергілікті тілдер қала берген мұсылман мемлекеттері мен кауымдарында араб тілі көбіне жазбаша түрде қолданылды. Оның қызметі негізінен исламмен байланысты, яғни әдет-ғұрып, намаз, құранмен байланысты болды. Мұның өзі халықтың белгілі бір бәлігінің араб тілінің неғіздерін білуін, сауат ашуын талап етті, ал дінбасылары мен заңгерлерге келетін болсақ (қади), олар араб философиясы, мәдениеті мен дәстүрлі исламдық ғылым салалары бойынша кең білім алып отырды. Олардың іс жүзінде араб тіліндегі еңбектердің барлығымен танысуға мүмкіндігі болды, және олардың ішінен араб тілді елдердегіден бірде-бір кем түспейтін білімпаз кісілер де, сондай-ак атақты ғалымдар да шығып отырды. Ауызекі араб тіліп үйренуге сондай-ақ әр түрлі саяхаттар, атап айтқанда, білім жолындағы саяхатгар, исламның қасиетті жерлеріне тәуеп ету және саудагерлікпен араб елдеріне бару т.б. ықпал етіп отырды.

Арабтардың келуімен және ислам дінінің таралуымен халифаттың басқа да аймақтары сияқты, Орталық Азияның да қоғамдық өмірінде араб тілі белең алды. Бұл тіл - сол кездегі ғылым тілі еді, сондай-ақ ол алуан түрлі халықтардың мәдени жетістіктерімен алмасуына ықпал етуші прогрессивті тіл болды. "Түріктерді араб-парсы мәдениетіне толық бағындыру ешқашан болған емес, және түріктер өз тілдерін ешқашан жоғалтқан емес, бірақ араб мәдениетінің әсері күшті болғаны соншалықты, түрік тілі ешуақытта мәдени және мемлекеттік тіл болған емес", - деп жазады академик В.В.Бартольд 15]. Орта ғасырлық түркілер тіліне араб тілі әлементтерінің енуіне ең алдымен ислам дінінің тарауы әсер етті. Ислам дінінің мемлекеггік дінге айналуымен бұл аймақта да араб тілі мен жазуы таралды. Ежелгі түрік жазуы ығыстырылды, ал түрік лексикасына араб сөздері енді [6]. Ислам діні идеясының халық арасына тарауымен бірге осы дінге байланысты лексикалық әлементгср де тарай бастады. Құдайға құлшылық ету (құран, намаз, дұға) араб тілінде іске асты. Ал дін қызметкерлері мен заңгерлер тек арабша сауат ашып қана қойған жоқ, дәстүрлі ислам ғылымдары бойынша кең білім алуы қажет болды.

Араб тілінің Орталық Азия халықтары арасында тарауына ықпал еткен маңызды факторлардың бірі - Орта Азиямен, яғни Мәуереннаһрмен ежелден келе жатқан тығыз тарихи байланыстары еді. VIII ғ. басында бүкіл Орта Азияны арабтар жаулап алып, әкімшілік-басқару аппаратын өз қолдарына алды. Олар бұл жерде ислам дінімен бірге араб жазуын да енгізді. Осы территорияда бұрын үстем болған парсы (тәжік) тілі енді араб тіліне орын берді. Барлық қалалардағы діни білім беретін бастауыш және басқа да дәрежедегі оқу орындарында сабақ араб тілінде жүрді. Жергілікті ақсүйек өкілдері араб мәдениетін тез қабылдап, араб тілін үйреніп алды және арабтармен бірге елді басқаруға қатысты. Дін мен жазудың ортақтығы, араб тілін пайғамбар тілі деп және оны игеру — Құдайға жағымды іс деп білу Орта Азиядағы араб тілінің позициясын барынша нығайтты.

Арабтар Орта Азияны жаулап алғанға дейін-ақ бұл аймақты отарлай бастаған еді. Мысалы, VII ғ. екінші жартысында 50 мың араб өз отбасыларымен Орта Азияға қоныстанады. Ал елді жаулап алғаннаи кейін тұрғын үйлердің жартысын арабтарға беру жергілікті халыққа міндеттелді. Арабтар билігінің алғашқы дәуірінде ислам дінін қабылдаған жергілікті халық барлық салықтар мен міндеткерліктерден босатылды. Осы факторлардың бәрі аз ғана уақыт ішінде араб тілін бірінші орынға шығарып, үстем тілге айналдырды, және жергілікті түркі тілді және иран тілді халықтың белгілі бір бәлігі үшін ол әдеби және ауызекі сөйлеу тіліне айналды. Араб тілі ресми тіл болды - арыздар мен өтініштер осы тілде жазылды және бұйрық-жарлықтар мен заңдар да осы тілде шығып тұрды.

Орталық Азияның оңтүстік бәлігі (Оңтүстік Қазақстан, Жетісу) Орта Азия мен (Мәуереннаһр) ежелден-ақ тығыз тарихи байланыста болғанын жоғарыда айтып кеткен едік. Мұсылман дәуірінде бұл аймақтар, алдымен Самани мемлекетінің (ІХ-ХІ ғғ), кейінірек Қарахандар мемлекетінің қол астында бірікті. Кеңес дәуіріндегі әдебиетте түрік-мұсылман мәдениетінің қалыптасуына саманилік дәстүрлердің ықпалы жеткілікті бағаланбай келген еді. Соңғы жылдардағы зерттеулерде осы олқылықтың орнын толтыруда айтарлықтай алға жылжулар байқалады. Мұндай зерттеулерде иран-түрік (самани-түрік) мәдени синтезі мәселесіне ерекше назар аударылып, парсылардың (тәжік) түркі дүниесіне ықпалы, әсіресе мұсылман дәуірінде күрт өскендігі жөнінде айтылады. Дәл осы саяси байланыстар мен өзара мәдени ықпалдастық Орта Азияда кеңінен қанат жайған араб тілінің Орталық Азия түріктерінің ортасына да бірте-бірте енуіне ықпал етті.

Схоластика деген атаумен танылган ортағасырлық философия мұсылмандық, иудейлік және христиандық болып белінеді. Алайда, оның дәл осы мұсылмандық саласы қалған екеуінің бастау кезі болды. Әсіресе, иудейлік схоластика Еуропада ол түста араб тілі арнасында гүлденді. Мәселен, иудей философияеының кейінгі Спинозага дейінгі біраз ғасырларга дем берген Мұса ибн-Маймунның аса маңызды шығармалары осыган кез жеткізеді. Спинозаның өзінен де ибн-Маймунның кейбір идеялары шаң беріп қалып отыруы тегін емес.

Мұсылман схоластикасы, дәлірск айтсақ, фалсафа араб тілінде болған. Ислам қабылдаган елдердің галымдары ғана емес, тіптен еврей философтары да араб тілінде жазган. Оган дәлел ибн-Маймун (еврей) философиясы.

Еуропаның грек философияеын бірден тікелей қабылдауына еш мүмкіндігі жоқ еді. Еуропаға грек философиясын әкелген — арабтар немесе араб тіліндегі философия өкілдері. Евроцен-трист Гегель бұл шындыкты мүлдем мойындамаған. Оның айтуынша философияның екі түі бар — олар грек философиясы және неміс философияеы. Ал грек филососфы Сократ, Платон, әсіресе, Аристотельді грек тілінен араб тіліне, одан латынга аударуда, түсіндіруде ал-Кинди, ибн-Рушд, тағы басқалардың еңбектерінің тарихи маңызы бүгінгі күннің өзінде өз құндылығын жойған жоқ.

Мұсылман схоластарынан (фалсафадан) эстафетаны алған христиан (латын тілдегі) схоластары болды. Олардың тарихи қызметтері, екінішке қарай, оқулықтарда дұрыс айтылмай жүр. Алғашқы схоластар — араб тіліндегі философия мен латын тіліндегі христиандық философияның арасындағы жалғастырушылар. Егер олар болмағанда жоғарыда айтылған Ф. Бэ-коннан бастап Б. Спинозаға дейінгі аралыктағы жаңа дәуір филосюфияеы болмас еді. Кейінрек Д. Локк, Д. Юм, Д. Беркли, Фихте, Кант, Гегель, Фейербах, Шеллииг сияқты маман философтар дүниеге келгеи. Бірақ осы философтардың талқыға салған көптеген проблемаларын араб тіліндегі философтар еңбектерінен кездестіреміз. Алайда, бұл жерде біз діни партикуляризмнің басын ашып айтуымыз керек. Араб тіліндегі философия мұсылмандық шеңберде болса, жаңа заман философиясы кейінгі (ағылшын, Француз, неміс филососфиясы) христиандык дүниетанымға негізделген. Әрине, Батыс Еуропа философиясын діни философия дегеннен аулақпыз. Олар филосфия жәие теология мәселесін нақтылы қарастырған. Бірақ, дүниетанымдық шеңберде олар христиан ілімін жоққа шығармаған. Тіптен, дін мәселесінде айқын пікірде болған Дидро, Вольтерлердің өзі Жаратушы деген идеяға қарсы шықпаған. Араб тіліндегі философияға қарсы шығудың немесе оны ескермеушіліктің сынын да діни партикуляризмде жатқаны анык. Сенымен бірге араб тініндегі филосфия, негізінен, Еуропада есіп-өнгенін баса айту керек. Бұл мәнде араб тіліндегі философияда еуропалық сана, оның тарихи жағдайы бар. Көпшілікке белгілі, қазіргі христиандык Испания кезінде мұсылман елі болған. Арабтар бұл елде 710 жылдан 1492 жылга дейін үстемдік құрған. Жеті ғасыр деген кандай әлшемімен алсаңыз да ете ұзақ мерзім. Ондаған ұрпақтар өмір сүрген жылдар ішінде мұсылман Испанияда араб тілі, мәдениеті, өнері мейлінше гүлденді. Осы тарихи дерек, өзінің тиісті бағасын алмай келеді. Демек, сол кезде Еуропаныи ең мәдениетті елі осы Исиания болатып. Сол кезде Еуропада араб тілін білмеу білімсіздік, надандық саналатын. Осы мәселе туралы И. Г. Гердер кезінде былай деп жазған: Арабтар болмаса Гербсфтта, Альберт Велыний де, Вилла Новалык Арнольд та, Роджер Бекон да, Луллия Раймунд та болмас еді. Олардың бәрі Испанияда арабтардан оқыды немесе солардың шығармаларын оқыды. Тіптен Фридрих II-нің езі араб кітаптарына аударуда қамқор болып, ғылымдардың жандануына жағдай жасады. Жүздеген жылдар бойы Испанияға, Африка, Шығысқа деген құмарлық өте күшті болды. Реформация дәуіріне дейін философиялық және математикалық ғылымдар арабтардан бастау алды.

Екіншіден, арап тіліндгі философия немесе мұсылман философиясында кептеген халықтың өкілдері болған. Біздің айтпағымыз, күні бүгінге дейін түркі ойшылдарын араб философтары деп қателесушілік бар. Мұсылман философиясының аса маңызды бір құрамын түркі жұртынан шыққан ойшылар құраған. Жалпы, араб тіліндегі философияың негізгі үш құрамы болғанын айту керек, олар: арабтар, парсылар және түркілер. Сондықтан мұсылмандық дүниетаным мен түркілік дүниетаным ерте заманнан бері синтезге түскен.

Үшінші проблема — араб тіліндегі философия мен ұлттық философиянын ұғымдар табиғаты жағынан байланысы. Біздің айтпағымыз, араб тіліндегі философияның көптеген үғым, түсініктерінде қазақтың дүниетанымын білдіретін ұғым, түсініктер болуында яғни арабтар мен қазақтар философиясына ортақ дүниетанымдық ұғымдар бар. Оларды ертеректе (ұлттық философияны мансұқ еткен кездерде) қазақ тіліне енген араб сөздері деп қабылдағанбыз. Енді байқасақ, олар мұсылман философиясындағы, суфизмдегі ұғымдар мен түсініктер екен. Демек, араб тіліндегі философияны қайтадан карап, зерттеу, тану дегеніміз — ұлттық философиямыздың ұғымдары мен түсініктерін анықтаудың бір жолы.

Осы тұста айта кететін жай Аристотельге қатысты болып түр. Біз күні бүгінге дейін грек ойшылын Батыс Еуропа философияеы арқылы танып келдік. Сөйтсек, Аристотельге баяғыда ал-Кинди (XIX г), әл-Фараби, тағы басқалар, салған тура жол бар екен және де бұлардың айқтқандары түркі жұртына, оның ішінде қазаққа әбден түсінікті. Себебі, жоғарыда айтқанымыздай, араб және қазақ философиясына ортақ ұғым, түсініктер бар, ал Батыс Еуропа философиясымен ешқандай тілдік немесе ұғымдық ортақтық жоқ.

Араб тіліндегі философия дегенде бірден айтатынымыз — ал-Кинди. Бұл ғұлама туралы мынандай өмірбаяндық деректер.бар. Соларды кысқаша атап өтейік.

Толык есімі Абу-Юсуф Якуб бну-Исхак ал-Кинди — Иеменде Кинди аймағының басшыларының ұрлағы. Әкесі Куфының өмірі қызметін атқарған. Оның туған жылы 800, ал қайтыс
болған жылы туралы екі түрлі. пікір бар — бірі 800 жылы десе, екінші деректерде 879 жыл.
Демек, ал-Кинди не 60, не 79 жыл ғұмыр сүрген. ,Туған жері — Басра, білімді Бағдатта алып,есейгенгедейін осы қалада болған.

Арабтың алғаш философы атанған ал-Кинди, сол кезде халиф ал-Мамунның (813-833) және оның інісі халиф ал-Мутасимнің ұнатқан адамы болған. Халифтермен мұндай жақындастықтың басты себебі, ал-Кинди мутазилиттер ілімімен тығыз байланыста болған еді. Тарихтан белгілі, ал-Мамун халиф заманының алдынғы қатарлы зиялы адамы ретінде мутазилиттерді барынша қолдап, қорғаған еді, Діни фанатиктер мутазилиттермен өш болатын.

Ал-Кинди жан-жақты білімді, терең ойлы ғұлама. Оның қалам тартпаған білім саласы жоқ десе де болғандай. Зерттеушілердің айтуына қараганда, оның еңбектерінің ұзын-ырғасы 238-ге жеткен. Ал-Кинди еңбектері: метафизика, логика, этика, математика, астрономия, медицина, метеорология, музыка теориясы және оптика сияқты білім-ғылымға арналған. Мұның бәрі бір төбе іс болса, ал-Киндидің ерен ерлігі Арнстотель еңбектерін грек тілінен арабқа аударып, оларға түсінік, яғни меневтикалық талдау беруінде, Ол Ариетотельдің Метафизикасын, Поэ-тикасын, Категориясын және, Екінші Аналикасын аударып, оларға түсініктер берген. Одан өзге ал-Кинди Птолемей, Эвкидтің шығармаларына түсінік жазған.

Ал-Кинди еңбектері Еуролада Х-ХІ ғасырда латын тілінде аударылып, оны ғалымдар (италян ғалымы Корден) әлемдегі аса үздік жиырма ойшылдың бірі деп мойындаған. Алайда, оның шығармалары бізге дейін жетпеген, жоғалған деп есептелген. Отызыншы жылдары неміс шығыстанушы X. Риттер Стамбулдан ал-Киндидіц 29 трактатын тапқан. Солардың ішіндегілерден орысшаға аударылғандары:

1. Аристотель кітаптарының саны және философияны меңгерудегі қажеттілік туралы ;

2. Алгғшқы философия туралы трактат;

3. Пайда болу және жанылудың ішкі орекеттік себептерін түсіндіру туралы трактат;

4. Дүнненің бес мәні туралы кітап.

Демек, біздің қолымызда X ғасырдың философия ал-Киндидің өзірге орыс тілінде төрт трактаты бар. Ендігі мәселе осыларды ана тілімізде сөйлету. Әрине, ал-Кинди еңбектерін тек орысшадан аудармай, түпнұсқаға зер салып барып қазақ тіліне аударса, орыс тіліне аударғанда кеткен кемшілікте азаяр еді. Араб философиясының шығармалары Египетте жарық көрді Мәселе, осы екі бәлімнен тұратын кітапты алғызып, толығымен қазақ тіліне аудару аса кажетті іс.

Қолымыздағы яғни ал-Киңдидің орыс тіліндегі төрт трактатына қысқаша жеке-жеке тоқталайык.

Аристотель кітаптарының саны және философияны меңгерудегі қажеттілік туралы трактат.

Ал-Кинди философ ретінде Аристотельді аса құрмет тұткан, оның айтуынша, филосфиямен шұғылданбақ болған адам Аристотель енбектерін танудан бастауы керек. Әрине, әрбір істің басшысы Алла,— дейді ал-Кинди, — ал бірақ білім бұлағы — Аристотель еңбектерінде ... Ол Аристотель шығармаларын. төрт түрге бәліп, топтаған. Бұл философ еңбектерін оқу үшін жасалған тәсіл.

Бірінші топтамаға логика туралы кітаптар, екінші топтамаға физика туралы кітаптар енген. Үшінші топтама — өздігінен өмір сүріп, нактылы нәрселерді қажет етпейтін, бірақ солармен бірге өмір сүріп, бірге байланыс тәсілінде болатын білімдер туралы кітаптар. Төртінші топтама — нәрселерді кажет ететін және олармен ешкандай байланыста емес білімдер туралы кітап..

Логика туралы кітаптар — сегіз. Алғашқысы Категориялар" деп аталады. Мұнда ұғымдар (категориялар), субстраттар және сипаттар (атрибуттар) туралы. Субстрат дегеніміз, субстанция (зат). Сипат (атрибут) дегеніміз, акциденция. Сипат деген заттың ішінде болып не өзінің аталуы, не өзіндік белгісі болмайды. Бұл кітапта ал-Кинди айтуынша тоғыз акциденталдық ұғым бар, олар: сан, сапа, қатынас, орын (кеңістік), уақыт, әрекет, өзгеріске түсу, қабылдану (обладание) және орын алу немесе орналасу.

Логиканың екінші кітабы Түсініктеме деп аталады. Бұл еңбекті кейбір кейінгі зерттеушілер "Герменевтика- деп те атап жүр. Мүнда ал-Кинди бастауыш және баяндауыш, яғни субъект және предикат туралы айтылған дейді.

Үшінші кітап —Аналитика деп аталған яғни ал-Кинди түсінігінде, ол—мәселені басынан бастау.

Төртнші кітап —Екінші Аналитика немесе Аподейктика яғни дәлелдер туралы деген сөз.

Логиканың бесінші кітабы —Топика, ол деген сөз— Орын туралы, яғни пікір айтудағы ортақ мәселелері.

Алтьшшы кітап —Софистика, демек, ақыл айтушылар туралы;

Ал-Киндидің жетінші кітабы —Риторика, яғни шешендік сөз туралы;

Соңғы, сегізінші кітап Поэтика, яғни поэзия туралы;

Міне, осылайша, ал-Кинди грек философы Аристотельдің логика туралы сегіз кітабын атап өткен.

Физика туралы кітаптар ал-Кинди айтуынша жетеу: біріншісі — физика, екіншісі — Аспан туралы кітап, үшіншісі — Пайда болу және жойылу туралы, төртіншісі — Ауадагы және жердегі құбылыстар, бесіншісі — Минералдар туралы, алтыншы — Өсімдіктер туралы, жетінші — Жануарлар туралы.

Үшінші топтағы кітаптарга ал-Кинди мыналардьі атайды (олардың саны төртеу).

Алгашқысы Жоқ туралы, екіншісі — Қабылдау және қабылдану, үшінші — Түс көру және ояу болу, төртінші — Ғұмырдың ұзақтығы және қысқалығы.

Төртінші топтағы кітапқа Метафизиканы жатқызған.

Одан әрі ал-Кинди этика мәселелеріне тоқталып, Аристотель өзінің ұлы Никомахқа арнаган кітабы туралы әңгімелейді де, қайтадан аты аталған кітаптарға талдау жасаган.

Ал-Кинди айтып отырған Аристотель шығармаларының бәрі грек тілінен орысшаға аударылган. Мәскеуде Философиялық мұралар сериясымен Аристотельдің төрт томдық шығармалар жинағы басылып шыққан. Осы жинаққа енген Саясат деген еңбекті ал-Кинди сөз етпеген. Оның екі себебі болуы мүмкін, бірі — ал-Кинди трактаты бізге толық жетпеуі, екіншіден Саясаттың араб философына беймәлім болуы.

Ал-Киндидің бұл трактатының құндылығы сонда, ол Аристотельдің барлық шығармаларына араб тілінде түсініктеме берген. Яғни Аристотельдің барлық шығармалары араб тіліне сол кезде аударылған. Шіркін, осы дәстүрді біздер қазақтар атқарсақ, яғни Аристотельдің бар шығармаларын ана тілімізге аударып, ал-Киңди сияқты оған түсініктеме жазсақ, міне, сонда тіл мүмкіншігі толығымен анықталар еді. Себебі, Аристотель философияның барлық мәселелерін көтерген. Сондықтан да XVII гасырга дейін философтар Аристотель философиясын түсіндірумен келді.

Сөзімізді жинақтай айтсақ, IX гасырда Аристотельдің негізгі шығармалары түпнүскадан (грек тілінен) араб тіліне аударылган. Ендігі жерде еуропалық арабтар және еуропалықтар Аристотель еңбектерін араб тілінен латынға тәржімалай бастаған. Сөйтіп, Аристотель Еуропаға арабтар арқылы жеткен. Аристотельтануды тұңғыш бастаған араб философы — ал-Кинди, оныц дәлелі — жоғарыда айтылған трактат.



1.2 Дін мен фалсафа сабақтастығы



Бұл бәлімді дін мен фалсафа сабақтастығы деп қарастырудағы себебіміз, жалпы Ислам философиясын тарихи тұрғыда зерттегенде көптеген ғалым зерттеушілер, ортағасырлық ислам философиясында дін мен фалсафаны байланыстырып қарастырады. Сондықтан бұл бәлімде ортағасырлық мұсылман философтарын і және Ислам философиясының мектептерін және олардың негізін салушыларды қысқаша көрсетуді дұрыс болады деп ойлаймын.

Иә, даналыққа махаббат, ғылымға ғашықтық деген мағынаға келетін философия сөзінің түбі Гректен шығатыны белгілі. Сол үшін философ деп ғылымға ғашық адамға айтамыз. Ислам философиясы дегенімізде мұсылман кәләмшылардың, салафиттертердің, сопылардың дүние танымы есімізге түсіуі тиіс. Құранмен хадиске сүйенетін Ислами көзқарастың негізі осылар құрайды. Алайда Ислам философиясы дегенімізде Құран мен хадиске негізделген ойшылдық емес, Ежелгі грек философиясына сүйенген философиялық жүйе есімізге оралады.

Бұл жерде Ислам философиясы деген ұғымның Ислам қоғамындағы алатын орны болғандықтан, тақырыптың Исламмен болған қатысын, былайша айтар болсақ, Салафи, Кәлами, Тасаууфи көзқарасты назарға ала отырып, солармен болған байланыс тұрғысынан қарастырамыз. Мұсылман философтардың Ислам дініне, сондай-ақ Исламнан шыққан салафи, кәлами, тасаууфи ой-пікірге көзқарастарының қалай болғанын, оларды қалай бағалағанын қысқаша қарастырамын. Сондықтан Ислам елдерінде дамыған, негізін салушылары көпшілігі мұсылман философтары болған философиялық ағымдарға жеке-жеке тоқталамыз.

Мешшай(Аристотизм) философиясы.

Яхиа б Маскауайх (өн 243857), Хунейн б Исхақ (өн263876), Матта б Юнус (өн 328939), Яхиа б Ади (өн 364974), Сабит б Курра (өн 289902), Кутса б Лукка (өн 220837), Георг Бухтиши, Ескендір Афрадоси, Яхия б Батрик және Урфалық Яғқиб сияқты мұсылмандардан басқа кісілердің грек философиясына қатысты еңбектерді арап тіліне аударуы мұсылман жастарын және сол кездің зиялыларының назарына ілікті. Қысқа уақыт ішінде Александрияда, Антакияда, Харранда, Урфада, Нусайбинде, Жундишапурда басқа діндегі философ ұстаздардан сабақ алған ірі мұсылман кісілер шыға бастайды. Мұсылман емес философтардан философия үйренген мұсылман философтар аз уақытта ұстаздарынан озып, ауқымды философиялық жетістіктерге қол жеткізді. \4.161-261\

Мешшай(Аристотизм) философиясының өкілдері:

Кинди.Мешшай философиясының ең атақты өкілдерінің бірі Әбул Хукема және Фейлософул араб атымен танымал Яғқуб б. Исхақ Кинди (800-873).Оның қалам тарпаған білім саласы жоқ десе болғандай. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, оның еңбектерінің ұзын-ырғасы 238-ге жеткен.Әл-Кинди еңбектері, метафизика, логика, этика, математика, астрономия, медицина, метеорология музика теориясы және оптика сияқты білім-ғылымға арналған.Мұның бәрі бір төбе іс болса,әл-Киндидің ең үлкен еңбегі Аристотел еңбектерін грек тілінен арабшаға аударып, оларға түсінік, яғни герменевтикалық талдау беруінде. Ол Аристотелдің Метафизикасын, Поэтикасын, Категориясын, және Екінші аналитикасын, аударып оларға түсінік берген. Ол дін философиясын діни(ислам) білімдердің шындығы ақыл таразысымен әлшенуінде деп көрсетті. \5.11-12\

Әл-Фараби.(870-950) Киндиден кейінгі келген шығыс-мұсылман философтарының бірі. Кинди толығымен Аристотелшіл болса, Фараби Платонның идеялистік философиясымен Аристотелдің рационалистік философиясын ұштастыра жазуға тырысып, өзінің философиясына мистикалық сипат берген. Оның Аттағлиму-с-Сани(екінші сабақ) философиялық энциклопедия мәндегі еңбегі, оған Муаллиму-с-Сани (екінші ұстаз) атануына негіз болды.

Музыка туралы еңбек жазған Фарабидің көзқарасында сопылықты теориялық ғылым дегенненгөрі хал ғылымы деген орынды деген. Оның психологиядағы бағыты сопылыққа бейім болған. Ол өзінің Фусус атты еңбегінде жиі-жиі философияның шеңберінен асып сопылыққа түсіп отырады.

Фараби пайғамбарлықты философиялық тұрғыда түсіндіріп, пайғамбарлықтың шарттарын былайша тізбектейді.

) Рухани айнасын тат баспағаны үшін ешкімнен ештеңе үйренбестен, рухани жолмен ғайып әлемінен хабар алу;

) Белгілі бір періштелерді( нұрды) көріп, олардан Аллаһтың сөзін есту;

) Табиғат заңдарынан тыс таңғажайып (муғжизалар) нәрселер көрсету.

Адамның денесін рух басқарып тұрғанындай, мына әлемді де пайғамбарлардың рухы басқарып тұр. Осылайша пайғамбарлық, рухтық қасиет болып есептеледі. Бұны ақыл, ой, қалау қуатының кемелденуі деп түсіндіреді. Осындай дәрежеге жеткен кісіге қасиетті рух иелері делінеді. Нәтижеде Ол пайғамбарлықты көп еңбек арқасында қол жеткізген нәрсе деп пайым қылады. Бұл болатын болса кейбір сопылардың пайғамбар болуға немесе пайғамбарлықтың жалғасатынына әкеп соғады. Фарабидегі Инсанул фазыла сопылардағы кәміл адам ұғымымен сәйкескен еді. Адам ақылының жетпеген мәселелерін пайғамбарлар рухани шабыт, бойындағы қасиетті қуаттар арқылы біле алады. Осындай көзқарастары арқылы Фараби мұсылман кәләмшыларға, сопыларға үлкен ықпал еткен. Фарабидің ойынша пайғамбар ғамал және ахлақи білімді біледі, философтар болса ғамали және теориялық білімді біледі. Сондықтанда екіншілер біріншілерге қарағанда жоғары болмақтығын айтқан.\6.29\

Фарабидің пікірінше Құранда кездесетін бұйрықпен тиымдардың және жәннатпен тозақтың символдық мағыналары бар. Ол дін философиясы жайында, дін мен философияны, уахи мен ақылды бір-бірінен айырып қарастырады. Араларында ұқсастықтың бар екендігін айтады.

Ибн Сина (980-1037). Ол, шығыс-мұсылман әлемінің ең үлкен ақиқатшы философы ретінде танылады. Оның райсул-фалсафа(фалсафаның басшысы), шайхул-фаласифа(фалсафаның атасы) деген лақабы да бар. Ибн Сина мұсылман философтары арсындағы дінге ең жақын философтардың бірі.саложия кітабына түсіндірме жазуы және Әл-Хикматул Мешрикия(ширак философиясы) атты еңбегі оны мешшай(аристотизм) философиясынан ишракилік(жаңаплатоншылдық) философияға қарай ойысқанын көрсетеді.

Ибн Синаның дін философиясымен қатысы бар еңбектері мыналар: Рисала фи маһиятил ашқ(Ғашықтықтың мәні), Мақаматул арифин(Әулиелердің дәрежелері ), Әлфайзул иләһи(Құдайы сый ), Исбатун нубуввет(Пайғамбарлықтың дәлелі ), Қасида фи нәфс(Жан туралы жыр) сияқты еңбектерін жатқызамыз.

Ибн Сина өзінің Хай бин Якзан атты философиялық еңбегінде діни көзқарастарды символикамен түсіндіреді. Илаһи ақиқаттарды ширак күшіменен түсінуге болатынын айтқан Ибн Сина адам бойындағы қасиетті қуаттардан да сөз етеді. Ол пайғамбарлардың муғжизаларына, әулиелердің кереметтеріне сене отырып оларға психологиялық, философиялық тұрғыда түсініктемелер жазды. Ибн Синаның пікірінше иләһи(құдайы) ақиқаттарды, рационалдық тұрғыда рәміз немесе мысал арқылы түсіндірген дұрыс. Сондықтан қасиетті кітаптар философияға сүйене отырып тәпсір, тәуил жасалынуы керек.\7.25-27\

Шығыс Ислам әлемінен шыққан үш үлкен философ Кинди, Фараби, Ибн Сина екендігін көрдік. Енді Батыс Ислам әлемінен шыққан үш үлкен философқа тоқталамыз. Олар: Ибн Рушд, Ибн Туфейл,Ибн Бажже.

Ибн Бажже(1070-1138) мықты дәрігер, қабілетті әдебиетші және ұста болған. Ол Мешшай философтарының қатарына жатады. Негізінде, оның сопылықта да орны үлкен. Ибн Бажже артына Тедбирул-мутауаххид атты діни-философиялық мәндегі еңбек қалдырған.

Ибн Туфейл(1106-1185).Ол өзінің атақты еңбегі Хай бин Яқзанда үш мәселені шешуді алға қояды:

) Адам рухын және белсенді ақылдың байланысымен және қауышуын ойлау жолы және оны шешу.

) Таза ақиқатты түсіну, аз болған күшті және рухтың кәмілдігіне қатысты көзқарасын дәлелдеу.

) Философиямен шариғатты біріктіре жазу. Олардың араларындағы қайшылықтарды емес, үйлесімділіктерді көрсету.\8.171\

Бұл романда, ешкім жоқ жалғыс бір аралда туып өскен адамның, сырттан ешқандай әсер, ескерту болмастан Аллаһтың барлығын қалай тапқандығы туралы айтылады.

Ибн Рушд(1126-1198) Батыстағы Ислам әлемінің ең үлкен философтарынан болып саналады. Мұсылман философтарының арасында Аристотелге ол сияқты берілген философ болмаған. Жаратылыстану ғылымдарынан кең мағлұматқа ие болғандығы айтылады. Ол мешшай философиясымен Ислам сенімдері арасында негіз тұрғысынан сәйкестік бар екенін дәлелдеуге тырысқан.\9.171\

Ең негізгі Аристотелші философтар және олардың дінмен байланысты көзқарастары осылар. Мешшай философтары уақыт өте келе Ишрақилікке өтсе де, әрқашан өздерінің сипаттарын сақтап қалған. Әрине олардың дін жайындағы пайымдауларында өзгешеліктер бар. Алайда Мешшай философтарының өз аралырында, жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Қос ақиқат мәселесі
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Философиялық көзқарастары
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Әл-Фараби мұраларының алғаш зерттелуі
Сопылық ілім
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Орта ғасыр философиясы туралы
Араб-мұсылман философиясы
Пәндер