Мемлекет қаржысы туралы



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы
2.2 Мемлекеттің экономикалық қызметі
2.3 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету
2.4 Мемлекет қаржысының ұғымы және құрымы
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жүмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығі Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекетгік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
басқарудағы демократизм;
қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме (көзқарас);
басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі (ұштасуы);
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
басқарудағы жауапкершілік;
шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
Қаржыны басқарудыц екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі көзқарасты айқындайды. Заңи заңдарда, қаржылық болжамдар мен жоспарларда, қаулыларда және басқаларда ресімделетін қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи зандардың талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-математикалық әдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қар-ылық жоспарлау талап етіледі.
1. Оқулық «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» Алматы – 2003
2. Сапарғалиев Ғ.Н. оқулық «Құқық негіздері» 9-сынып Алматы – 2000

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы
2.2 Мемлекеттің экономикалық қызметі
2.3 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету
2.4 Мемлекет қаржысының ұғымы және құрымы
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік
жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және
қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жүмыс істеуіне жетуді және
мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі
мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығі Сөйтіп, қаржыны
басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі— бұл
мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті
процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету
үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады.
Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен
әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың
көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет
профицитінде, мемлекетгік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде,
ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық
мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен
қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
басқарудағы демократизм;
қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме (көзқарас);
басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі
(ұштасуы);
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
басқарудағы жауапкершілік;
шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
Қаржыны басқарудыц екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден, мемлекет
қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың
тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл
процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып
табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты,
яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір сферасында,
олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі
көзқарасты айқындайды. Заңи заңдарда, қаржылық болжамдар мен жоспарларда,
қаулыларда және басқаларда ресімделетін қаржылық сипаттағы басқару
шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи зандардың талаптарын,
өткен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен бірге
келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-математикалық
әдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін, басқарудың
экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген жөн.
Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу
немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп
отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат,
ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы
қар-ылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару
субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысаңдарын
пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты
нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау),
үйымдастыру, реттеу, бақылау.
Қаржылық ақпараттық ғьлыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-
ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар.
Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау
негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық өріс ақиқат
болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген
шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік,
статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бүл
— жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін
және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкмшілік-аумақтық
бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын)
белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын,
айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару
қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс үйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны
оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің — қаржы органдарының,
салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық
салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай
үйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының
ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық
қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржылық реттеу — бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы
ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың
барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік
(сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар
есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті
қамтамасыз етуді білдіреді.

Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы

Мемлекеттің экономикалық қызметі

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының
тандап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы
факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің
қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:
1) экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
2) монополиялық қызметтегі шектеу және бәсекелестікті қорғау;
3)табыстар мен байлықты қайта бөлу;
4) экономиканы тұрақтандыру;
5) ресурстарды қайта бөлу.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде "қаржы"
категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл
байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.
Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай
теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет
азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық
салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін
пайдаланады.
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық
жағдаяттың ауытқуларын туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция деңгейін
бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды
қамтиды.
Экономикалық, ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта нарықтық жүйенің
жетілмегендігінен барып туады:
1) бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы
колемінен ауытқуы;
2) ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды,
игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды
жеткілікті бөлмеу.
Бірінші жағдаятта тауарлар мен қызметтер көрсетудің бірқатарын өндіру
немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып
табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл
құбылыс "жанама нәтижелер" немесе "құйылымдар" деп аталады және бұл
шаруашылық процестердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтардың
пайдалары немесе шығындары болып табылады.
Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластануымен, шудың,
тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар
жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін халыққа
аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде
өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды
өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.
Құйылым шығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды шалатын мынадай
реттеуші шараларды жүргізеді:
1) қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер болмайтын
жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормалары мен стандарттарын
сақтау шығындарды арттыруға және тепе-тең және оңтайлы көлемінің
сәйкестігіне жеткізеді.
2) құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салықтарды енгізу, бұл
шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе-
тендіктің жай күйін қамтамасыз етеді.
Екі жағдайда да өнімге немесе қызмет көрсетуге ресурстарды тым көп
бөлу жойылатын болады.
Құйылым пайдаларын: білім беру, санитарлық-профилактикалық шаралар,
медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар
қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты
пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер
көрсетуді нақты пайдаланушылар тек нарықтық сұранымды қалыптастырады, ал
құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және
қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді. Бұл жағдаят мұндай қызметтер
көрсетуге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін сипаттайды.
Құйылымдар пайдалары кезіндегі мемлекетгін реттеуші іс-қимылдары
сұраным мен ұсынымды көбейтуге бағьтталған. Сұраным тұтынушыларды құйылым
пайдаларын тудыратын тауарлар немесе қызметтер көрсетуді сатып алу үшін
қосымша сатып алуға жарамдылықпен қамтамасыз ету жолымен арттырылады.
Ұсыным өңдірушілерді қаражаттаңдыру жолымен арттырылады, бұл олардың
шығындарын азайтады және өндірістерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Құйылым шығындарының іс-әрекет процесі сызбаларда көрсетілген. Бұл
шығындардың болуының нәтижесінде (10.1 сызба) ұсыным сызығы S ! жағдайында
болады, яғни қоғамға аударып салынған шығындардың бөлігінен кәсіпорын
босатылады. Барлық шығындарды қосқан жағдайда ұсыным сызығы 8,жағдайында
болады; бұл орайда тепе-тең көлем 0,-ден Q2-гe төмендейді, ал тепе-тең баға
Р,-ден Р,-ге көбейеді. Ұсыным сызығының сапырылысуына жоғарыда айтылған
мемлекеттің іс-қимылымен қол жетеді.
1 сызба. Құйылым шығындары

Құйылым пайдаларының іс-әрекеті (10.2 сызба) D, сұраным сызығы тек
оның нарықтық жағынан қамтып көрсететінін және Q2 сызығына сәйкес келетін
сұранымның жалпы мөлшерін төмендететінін білдіреді, яғни нарықтық сұраным
қоғамдық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етумен және
оларды тұтынумен байланысты қоғамның барлық пайдасын қамтып керсетпейді
Сұранымның нарықтық мөлшері оңтайлы мөлшерінен аз болып шығады, ал бұл
мақсаттарға жұмсалатын ресурстар жеткіліксіз колемде түседі.
2 сызба. Құйылым пайдалары.

Сұранымға құйылым пайдаларының әсері

Құйылым пайдаларын түзету 10.3 сызбада кескінделген: "а" жайғасымында
бұған қоғамдық тауарларды тұтынушыларды мемлекеттің қаражаттандыруы
жолымен, ал "Q" жайғасымында өндірушілерді қаражаттандыру жолымен Dl -ден
D2-гe көбейтумен қол жетеді. Екі жағдайда бұл тауарларды өндірудің тепе-тең
көлемі көбейеді, бірақ екінші жағдайда бұдан басқа оларға бағаны
темендетуге қол жетеді.
3 сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
а) сұранымды реттеу

ә) ұсынымды реттеу

Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету.

Өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және
қызметтер көрсетуді өндіретін, қамтамасыз ететін саларды қаржыландыруға
мемлекет сондай-ақ тікелей қатыса алады. Олар қоғамдық және әлеуметтік деп
аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдулгі рыноктық тауарлардан қағидалы
айырмашылығы сол, олар бөлінбейді жөне шығарып тастау қағидатының іс-
әрекетіне ұшырамайды.
Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап
өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның
өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.
Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардың нарықтық бағасын
төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан
алыстатуды білдіреді.
Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға
бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды
пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидаты іс-
әрекет етпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу
кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде ажыратылады.
Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі
абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын,
көгалдандыруды, тротуарларды жөне басқа қолайлылықтарды ұстау; кеңірек
аспектіде - құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті
сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері жатады.
Бірқатар қызметтер көрсету шығарып тастау қағидатының ықпалына түсіп
кетеді, яғни оларға баға белгілеуге және оларды кәсіпкерлік құрылымдар
арқылы өткізуге болады. Мысалы, біқатар медициналық қызмсттер, білім
деңгейін көтеру, қағида бойынша, бұл қызметтер көрсету мемлекет белгілген
кепілдікті минимумнан жоғары қамтамасыз етіледі. Бұл қатарда мұражайлардың,
кітапханалардың, қоғамдық теледидар мен радиохабарын тарату қызметтері, жол
желісі және басқалары. Оларды құйылымдардың елеулі пайдасын жаңғырту
ерекшелігі біріктіреді, мұның нәтижесінде жекеменшік сектор оларды
жеткілікті көлемде өндіруге бармайды. Сондықтан ресурстарды бөлудегі
үйлесімсіздікті болдырмау үшін мемлекет едәуір дәрежеде оларды өндіру мен
қаржыландыруды қамтамасыз етеді; бұл — аралық, қоғамдық, қызметтер
көрсету немесе қоғамдық, сыңайлы (мемлекеттік сыңайлы) тауалар (10.4
сызбаны қараңыз).
Кез келген жағдайда нарықтық жүйе не қоғамдық тауарларға ("таза"
қоғамдық тауарлар мен қызметтер көрсету үшін) ресурстарды бөлмейді, немесе
оларды жеткіліксіз көлемде ("аралық" қоғамдық қызметтер көрсету үшін)
бөледі. Сондықтан мемлекеттің қаржы механизмі арқылы мұндай тауарларды,
игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіру және қоғамды олардың белгілі
бір көлемімен қамтамасыз ету туралы мемлекет шешім қабылдауы тиіс.
Экономикалық ресурстарды қайта бөлуге салық-бюджет жүйесі арқылы жетеді:
салық және басқа міндетті төлемдер арқылы, жекеше сектор дара, нарықтық
тауарларды өндіруде, ал халық оларды тұтынуда шектелінеді. Сөйтіп,
ресурстардың бір бөлігі мемлекеттік бюджетке беріліп, керекті
қажеттіліктерді, қоғамдық мүдделерді қанағаттандыруды қамтамасыз етуші
салалар, өндіріс қаржыландырылады.

4 сызба.Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер көрсету, игіліктер.

Теориялық айкындамалар түрғысынан қоғамдық тауарлардың оңтайлы саны
тұтынушы таңдауының теориясына, тұтынушылардың соңғы қосымша өлшемді
төлеуге жалпы әзір екендігі, яғни оның бағасы қоғамдық тауардың бұл
өлшемінің шекті шығындарымен теңестірілгенде шекті пайданың шекті
шығындарға (шекті пайдалылық, теориясы) сәйкестігі қағидаты бойынша баға
мен өндіріс көлемінің есептелуіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы
Қаржылар және олардың нарықтық экономикадағы ролі
«Қаржы жүйесі,құрылымы және оның бағыттарының өзара байланысы»
Қаржы жүйесінің мәні
Экономикалық ақша қатынасы
Қаржы жүйесі туралы жалпы түсінік
Қазақстанның қаржы жүйесі
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Қаржы жүйесі: мәні, түсінігі және құрылымы
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
Пәндер