Маркетингтегі ақпараттық жүйені тұрғызу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университет
«Инженерлі экономикалық» факультеті
«Қолданбалы информатика» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : Маркетингтегі ақпараттық жүйені тұрғызу
Студент 4 курс
Күндізгі бөлім
Мамандығы: Экономикадағы ақпараттық жүйелер
Майлыбаев Женис Болатханович
Ғылыми: жетекшісі :
аға оқытушы Қайнарбаева Г. Б.
Рецензент: Қазақ Бас Архитектура және Құрылыс Академия профессоры, т. ғ. д. Айдосов. А
Дипломдық жұмыс қорғауға жіберілді:
“ҚИ” кафедра меңгерушісі:
ф-м. ғ. к., доцент Заурбеков. Н. С
Алматы 2006 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
1 "Helios" ЖШС компаниясына жалпы сипаттама
1. 1 "Helios" ЖШС-ның жалпы қызметі. 5
1. 2 "Helios" ЖШС-ның жалпы құрлымы мен филиалдары және олардың қызметтері. 61. 3 "Helios" ЖШС-на қатысты жалпы ережелер . . . 17
1. 4 Кәсіпорынның жауапкершілігі. …. . 18
1. 5 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар . . . 19
1. 6 Концептуалды схема . . . 27
2 "Helios" ЖШС компаниясына тауарлық қорын есептеу және талдаудағы ақпараттық жүйесін құру
2. 1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері. …. . 30
2. 2 Қаржылық есеп беру. . ……. . 31
2. 3 Ақша ағымы туралы есеп беру . . . 34
2. 4 Компания жағдайын талдау . . . 37
2. 5 Кіріс және шығыс құжаттарының сипаттамасы. 43
2. 6 Ақпараттық база. ………. 47
2. 7 Программа қолданушыларына нұсқау. . 52
3 Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны пайдалану саласының мүмкіндіктері
3. 1 АЖ-ны құруға кететін шығындарды бағалау. . 55
3. 2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі………61
ҚОРЫТЫНДЫ . . . …62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР64
ҚСЫМША
Кіріспе
Қазіргі замандағы ақпараттық технологияның даму тенденциясы экономиканың әртүрлі аймақтарында құрылған ақпараттық жүйелердің күрделілігінің тұрақты өсуіне алып келеді. Ақпараттық технологияларды Қазақстан үшін экономиканың маңызды салаланың бірі болып табылатын пайдалы қазбаларды өндіру саласына енгізу заман талабы болып отыр. Ал осы пайдалы қазбалар өндіру кәсіпорындарын жобалау, оның техника - экономикалық көрсеткіштерін есептеу мен қаржы - экономикалық моделін құру үшін ақпараттық технологияларды пайдалану жобалау уақытын қысқартып, сапасын арттырады. Сондықтан ақпараттық жүйелерді экономиканың түрлі саларына енгізу өте тиімді.
Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Біздің Президентіміздің халқына жолдауында Қазақстанға өзінің ғылыми әлеуетіне қоса жоғары технологиялардың халықаралық бизнесіне қатысатын уақыт жетті деп білді.
Бұл жерде Инновациялық қордың атқаратын рөлі өте маңызды деп белгіледі.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.
Қазақстанда ақпараттық өнім керек ететін фирмалар мен ұйымдар саны жылдан жылға артуда. Осындай ірі ұйымның бірі - ЖШС «Helios» компаниясы болып табылады. Осы курстық жұмыс жазу кезінде мен ЖШС «Helios» компаниясы ның ұйымдастырушылық құрылымына біраз тоқталып және оған сипаттама көрсетілген. Сонымен қатар бірінші бөлімге Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар мен концептуалды схема кірген.
1 "Helios" ЖШС компаниясына жалпы сипаттама
1. 1 "Helios" ЖШС-ның жалпы қызметі.
ЖШС "Helios" компаниясының 1999 жылы құрылды. Бұл компания мұнай өнімдерін сатумен айналысады. ЖШС "Helios" компаниясы Павлодар мұнайхимиялық заутының (ПМХЗ) ресми операторы болып саналады. Бүгінгі күде ПМХЗ Қазақстанның ең қуатты зауыды болып саналады, зауттың жылдық өндіргіш күші жеті милион тоннағат тең. Сол себептен компания өнімдерінің жоғары сапалығын түсіндіруге болады. Компания зауытпен тікелей жұмыс істейді, сондықтан өнім сапасына күмән келтіруге болмайды. Отандық компанияларішінде ЖШС «Helios» компаниясы жалғыз өз жұмысында батыстық көлденең, интегралданған құрылым стандарттарын ұстанады және барлық ГСМ өндіру процесін - скважинадан соңғы тұтынушыға дейін қадағалайды. Компания өнімді лабараториялық талдаудан өткізіп отырады.
ЖШС «Helios» компаниясы мұнай өнімдері нарығын зерттеп, сұраныс пен ұсынысты анықтап, өз АЗС жүйесін дамытуды жоспарлайды. Компания құрылу күнінен бастап өз АЗС жүйесін кеңейтуге кірісті, әсіресе Helios логотипі бар АЗС терді салу. Сол себепті құрылыс департаменті құрылды. Департамент құрылыс және АЗС жөндеу мен айналысады. Жерді таңдап стып алу, жобалаушы мекемені таңдау, мемлекеттік қызметтерден рұқсат алу, құрылысшылар арасында АЗС ті салуға тендір жүргізу және т. б жұмыстар құрылыс департаменті жүргізеді.
- "Helios" ЖШС-ның жалпы құрлымы және филиалдары
Филиалдары
Қаржылық департамент міндеттері
- бюджетті құрастыру және анализдеу;
- Администрацияға басқарушылық шешімдер қабылдауға қажетті ақпаратты дайындау;
- мекеменің шаруашылық қызметінің қаржылық анализі;
- мекеменің экономикалық қызығушылықтарын қорғау;
- мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің кешенді анализін өткізу және ақша-қаражаттарының қозғалысының бюджеттік жоспарлауын жүзеге асырады;
Қаржылық департаментінің функциялары
Қаржылық ресурстармен, негізгі қордың және айналым қаражаттардың тиімді қолдануын және сақталуын, мемлекеттік бюджетке міндеттемелер бойынша және жабдықтаушылар мен банктік мекемелерге төлемдердің уақтылы төленуін қамтамассыз етуге бағытталған мекеменің қаржылық қызметін ұйымдастырады. Перспективалық және жылдық қаржылық және кассалық жоспарлардың, несиелік заявкалардың жобаларын жасайды, бекітілген көрсеткіштерді мекеменің бөлімшелеріне жеткізуге дейін, өнімді өткізу жоспарының жобаларын, айналымнан түсетін пайда және салық бойынша және өндірістің рентабелділігін жоғарлатудың жоспарлы тапсырмаларын дайындауға қатысады. Мекеменің несиенің әр бір түрінде қажеттілігін, техникалық қайтажарақтандыру, мекеменің рекострукциясы және жаңа өндірістердің құрылысының жоспарларын қаржыландыратын көздерді анықтайды. Айналым қаражаттарының нормативтерін жасауды және олардың айналмалдылығын жылдамдаттыратын шараларды ұйымдастырады. Кірістердің уақтылы түсіп тұруын, жабдықтаушылардың есеп шоттарының төленуін, қаржылық есеп айырысу және банктік операциялардың бекітілген мерзімде рәсімделуін, қызметкерлер және жұмысшылардың жалақысының төленуін қамтаммассыз етеді. Жаңа техниканы ендіруге кеткен шығындарға жасалған сметалық-қаржылық есеп айырысулардың, өндірісті дамыту қорын шығындаудың, материалдық қолдау қорының, әлеуметтік-мәдени шаралар қорының қаражаттарын шығындаудың сметасының сонымен қатар мекеменің қаржылық қызметімен байланысты басқа да құжаттардың дұрыс құралуын, рәсімделуін және бекітілуін бақылайды. Қаржылық және несиелік жоспардың, өнімді сату жоспарының, кіріс және басқа да қаржылық көрсеткіштердің жоспарының орындалуына, өткізілмейтін өнімді өндірудің тоқтатылуына, ақша-қаражаттарының дұрыс жұмсалуы мен жеке және заемдық қаражаттардың мақсатты қоладанылуына бақылауды жүзеге асырады. Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін анализдейді, қолданылмайтын тауарлық-материалдық құндылықтарды жабдықтаудың және жоюдың алдын-алуына, өндірістің рентабелділігін жоғарлатуға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға, қаржылық қызметті нығайтуға бағытталған нұсқауларды жасауға қатысады. Бекітілген қаржылық есеп берудің уақтылы құралуын және берілуін қамтаммассыз етеді, сонымен келесі функцияларды орындайды:
- апталарға бөлінген әр айлық қаржылық жоспарды құрастыру және бекіту;
- шығарылатын өнімнің ассортиментінің және бағасының өзгеруіне байланысты қаржылық жоспарды айқындау;
- айлық қаржылық жоспарды алдыңғы апта жоспарын орындаудан ауытқуды ескере отырып апталар бойынша айқындау;
- компанияның қаржылық-шаруашылық қызметін жақсартуға қажетті уақтылы шараларды қабылдауға қажетті қаржылық жоспардың орындалуына шапшаң бақылауды жүзеге асыру;
- қаржылық жоспарлардың, бюджеттердің орындалуын анализдеу және және оның нәтижелері бойынша қорытынды дайындау;
- бюджет құрастыру және қаржылық анализ процедураларын жетілдіру, мекеменің құрылымдық бөлімшелеріне бюджетті жоспарлау сұрақтары бойынша методологиялық көмек көрсету;
- анализ жүргізуге және басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған есеп берудің ішкі формаларын жасау;
- ішкі есеп беруді құрастыру үшін қажетті ақпаратты беру форматын жасау;
- ақша қаражаттарының және материалдық заттардың қозғалысын жоспарлау және есепке алу;
- дебиторлық және кредиторлық қарыздар анализі;
- кезең шығындарының анализі;
- ай сайын мекеменің қаржылық жағдайының бір қатар маңызды сипаттамалары туралы ақпаратты ұсыну;
- ай сайын нормативті қаржылық коэфиценттер туралы ақпаратты ұсыну (ағымдағы өтімділік к-і, жеке қаражаттармен жабдықталудың к-і, қаржылық тұрақтылық к-і, сату рентабелділігінің к-і)
Заң бөлімі
Заң департаменті департамент директорымен тікелей басқарылатын, Мекеменің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Заң департаменті:
- Серіктестікте дайындалатын ішкі нормативтік актілердің, бұйрықтар жобасының заңдылық экспертизасын жүргізеді, департамент директоры оларға қол қояды, сонымен қатар қажет жағдайда осы құжаттарды дайындауға қатысады;
- Серіктестіктің қызмет бабында пайда болатын заң сұрақтары бойынша қорытындыларды, ішкі құжаттарды дайындайды;
- Серіктестікте шығарылған күші бар бұйрықтрды өзгерту немесе күшін жоғалқандарды алып тастау шараларын қолданады;
- Серіктестіктің дебиторлық және кредиторлық қарыздары бойынша сұрақтарды қарастыруға және келісім шарттық, қаржылық, еңбек тәртібін нығайту шараларын жүзеге асыруға қатысады;
- Серіктестіктің қызмет бабында пайда болатын құқық, заң жағынан пайда болатын басқа да сұрақтарды қарастырады;
Экономикалық-шаруашылық анализ және болжау бөлімінің негізгі міндетері
- перспективалық жоспарлар жобаларын және өндірістік шаруашылық қызметтің және мекеменің әлеуметтік дамуының жылдық жоспарларын құрастыру үшін қажетті алғашқы мәліметтерді дайындайды;
- тоқсандарға бөлінген мекеменің бюджетінің жекеленген бөлімдерін, есеп айырысуларды және оларға негіздемелерді жасайды;
- өнімнің жаңа түрлерін, техника мен автоматтандыруды меңгеруді техникалық-экономикалық негіздеуге қатысады;
- өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажетті материалдық және еңбек шығындарының техникалық-экономикалық нормативтерін, өндірісте тұтынылатын шикізаттар мен материалдардың негізгі түрлеріне, жанармайға, эненергияға жоспарлы-есеп айырысылатын бағаларды жасайды;
- тауарлық өнімнің сметалық калькуляциясын және шығарылатын өнімге баға жобаларын құрастырады;
- Серіктестіктің және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне экономикалық анализ жүргізеді, өндірістің резервін анықтайды, үнемдеу режимін қамтаммассыз ететін және Серіктестіктің ресурстарын тиімдірек пайдаланудың, еңбек өнімінділігінің қарқынын жоғарлатудың шараларын белгілейді;
- Серіктестіктің және оның бөлімшелері бойынша жоспарлық тапсырмалардың орындалу барысына есеп және бақылау жүргізеді;
Бухгалтерлік бөлімнің міндеттері
- бухгалтерлік участогі (дебиторлық қарыздар есебі, дайын өнімді сатудан түскен табыс және шығындар есебі, сатып алушылармен есеп айырысулар, сонымен қатар басқа да дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі) бойынша жұмыс атқарады;
- есеп участогі бойынша алғашқы құжаттарды қабылдайды және бақылайды, оларды санақтық өңдеуге дайындайды. Бухгалтерлік есепте сатып алушылармен есеп айырысулар, тауарлық-материалдық құндылықтардың және дайын өнімнің қозғалысымен байланысты операцияларды бейнелейді;
- пайда болған шығындардың және өндірістік емес шығындардың көздерін анықтайды, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар дайндайды;
- есеп беруді құрастыру үшін сәйкес есеп участогі бойынша мәліметтерді дайындайды, бұғалтерлік құжаттардың сақтығын бақылайды, оларды архивке өткізу үшін бекітілген тәртіп бойынша рәсімдейді;
- ішкі шаруашылық резервтерді анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру бойынша шараларды іске асыру, сонымен қатар тауарлық-материалдық құндылықтардың және негізгі қордың инвентаризациясын жүргізу мақстында бұғалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері бойынша мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысады.
Құрылыс департаментінің басты қызметтері
- АЗС-тер салу, олардың халық аралық стандартқа сайкелуін қадағалау.
- Басқа АЗС-терді сатыпалып оларға «Helios» логотипін орнатып оларды қайта іске қосу.
- АЗС-тердің үнемі ремонттан өтіп тұруы.
- АЗС-тердің қоршаған ортаға зиян келтірмеуін қадағалау.
Ақпараттық технологиялар департаментінің қызметі
- Басқа департаменттер мен бөлімдердің жұмыс істеуіне қажетті техникалық жабдықтардың үнемі жұмыс істеп тұруын қадағалау.
- Локальді және глобальді желінің үнемі жұмыс істеп тұруын қадағалау.
- Локальді желідегі ЭЕМ-дердің хакерлік және вирустық шабуылдардан қорғау.
- ЭЕМ қолданушыларына керекті программалармен қамтамасыз ету.
- Керекті перифериялық жабдықтардың үнемі степ тұруын қадағалау.
- Ескерген ЭЕМ-дерді жаңартып отыру.
Маркетинг департаментің негізгі міндеттері мен функциялары
Маркетинг департаментің негізгі міндеттері:
- Серіктестіктің сататын дайын өнімді сату жұмысын ұйымдастыру мен реттеудің біркелкі саясатын жүргізу;
- нарық маркетингін зерттеу және нарық конъюнктурасына сай тауарды уақтылы бейімдеу;
Маркетинг департаменті өзіне жүктелген міндеттеріне сай келесі функцияларды орындайды
- жоспарлық тапсырмалар мен жасалған келісім шарттарға сәйкес Серіктестіктің дайын өнімінің сатылуын ұйымдастырады, бекітілген сату жоспарына сай тұтынушыларға өнімнің уақытында және қажетті көлемінде жөнелтілуін бақылайды;
- заңға сәйкес өзінің функионалдық міндеттер шегінде маркетинг және сату бөлімшелерін, оған қоса филиалдарды басқаруды іске асырады;
- ішкі документтер жобасын, маркетинг және сату сұрақтары бойынша қорытынды дайындайды;
- дайын өнімді сатудың ағымдағы және перспективалық жобаларын дайындайды;
- дайын өнімді сатудан түсуге тиісті ақша-қаражаттары туралы есеп беруді дайындайды;
- екілік ресурстар мен қосалқы өнімдерді пайдалану және сату жұмыстарының өткізілуін жоспарлайды;
- дайын өнімді өткізу жоспарының орындалуы туралы есеп берулер құрастырады;
- өнімді жеткізу бойынша міндеттердің Серіктестік жағынан орындалуын бақылайды;
- вагондарға, бензовоздарға (цистерналарға) заявкалардың дайындалуын бақылайды, жөнелтілетін өнімді тасымалдау жоспарын құрастырады;
- ақша-қаражатының бюджетін жасауға көмектеседі, Серіктестіктің өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларының жобаларын құрастыруға қажетті бастапқы мәліметтердің дайындалуын қамтаммасыз етеді;
- Серіктестіктің өнімін сату жоспарын ұстануын бақылауды жүзеге асырады;
- экспорттық келісім шарттарды орындаған кезде, оған қоса ақша-қаражаттарын немесе дайын өнімді қайтарғанда кедендік, валюталық және лицензиялық заң ережелерін ұстануын бақылауды жүзеге асырыды;
- басқарушылық статистикалық есеп берулерге қажетті мәліметтерді жинайды, жүйелендіреді және береді;
- бәсекелестік ортаны зерттеуді, өнімді сатудың жаңа мүмкіншіліктерін іздеуді және іске асуын жүзеге асырады;
- экономикалық ақпаратты жинайды, жүйелендіреді және анализ өткізеді және өткізу нарықтары бойынша ақпараттық мәліметтер қоймасын құрастырады;
- өткізу нарығын кеңейту және шығарылатын өнімнің жаңа пайдалану формаларын табу мақсатында нарықтың жаңа қажеттіліктерін зерттеуді жүзеге асырады;
- принципиальді жаңа өнім жасауға ұсыныстар жасайды;
Маркетинг департаментінің Басқарушысы Маркетинг департаментіне жүктелген функция есептерінің орындалмауына және дұрыс орындалмауына персоналды жауапты болады.
Маркетинг департаментінің құқықтары
Маркетинг департаменті:
- Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінде өткізу жұмысының жағдайын бекітілген тәртіпте тексеруді жүргізуге құқылы;
- Серіктестіктің, оған қоса филиалдардың қызметкерлерінен жүктелген міндеттерді және бөлек тапсырмаларды орындауға қажетті құжаттарды, анықтамаларды, есеп айырысуларды және басқа да мәліметтерді сұрауға құқылы;
- корпоративтік актілерді және басқа құжаттарды дайындау үшін, сонымен қатар Маркетинг, сату және логистика департаментіне жүктелген міндеттеріне сай жүргізілетін іс-шараларды ұйымдастыру мен іске асыру үшін басшылықтың келісімімен Серіктестіктің басқа бөлімшелерінен мамандарды қатыстыруға құқылы;
- өнімді өткізу сұрақтары және басқа да маркетинг департаментіне қатысты сұрақтар талқыланатын, Серіктестік басшылығымен, филиалдар басшылығымен шақырылатын жиналыстарға қатысуға құқылы;
- маркетинг және сату сұрақтарына қатысты бұйрықтар мен Серіктестіктің басқа да ішкі құжаттарына, басқару органдарының күші бар шешімдеріне өзгерстер енгізу туралы ұсыныстар ұсынуға немесе күшін жоғалтқандарды алып тастауына құқылы;
1. 3 "Helios" ЖШС-на қатысты жалпы ережелер
- Корпаративтік есептеу желілер басқармаларының қызметтері мен мүмкіндіктері.
Осы ереже ЖШС "Helios" компаниясының есептеу желілер администраторларының ақпараттық қауіпсіздігіне байланысты олардың құқығы, міндеттері және жауапкершіліктерін белгілейді.
- Ақпараттық көшірмелердің қоры туралы
Берілген нұсқау ЖШС "Helios" компаниясының корпаративті есептеуіш желілерінің программалық және ақпараттық қорларын резервке көшірілуін міндеттейді. Сонымен қатар дербес компьтерлерді қолданушылардың жауапкершілігін орнатады.
Жоғарыда айтылған міндеттер ақпараттық технология Департаментімен бақыланады.
- Дағдарыс жағдайларда атқарылатын іс-әрекеттер туралы
Берілген нұсқауда ЖШС "Helios" компаниясының корпаративті есептеуіш желілерінің дағдарыс кезінде қайта қалпына келтіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері қарастырылған.
Жоғарыда айтылған міндеттер ақпараттық технология Департаментімен бақыланады.
- Порольдік қауіпсіздік туралы
Берілген нұсқауда порольдарды пайдалану, ауыстыру, доғару және есеп жазбасын өшіру жайында айтылған.
Порольдік қауіпсіздікке қойылатын талаптар мен бақылаулар ақпараттық технологиялар Департаментімен жүзеге асырылады.
- ЖШС "Helios" компаниясының корпаративтік есептеу желісідегі ақпараттық қорға қосылған дербес компьютерлер пайдаланушыларының жұмыс істеу ережелері.
Бұл нұсқауда ЖШС «Helios» компаниясының ақпараттық жүйесінің қауіпсіздігіне байланысты дербес компьютер пайдаланушыларына істеуге болатын және болмайтын іс-әрекеттер қарастырылған.
1. 4 Кәсіпорынның жауапкершілігі
Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша иелігіндегі барлық мүлікке жауап береді.
Кәсіпорынның мүлкінің меншік иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Мемлекет Уәкілетті органның немесе Мемлекеттік басқару органының іс-әрекеттерінен болған банкроттық жағдайын қоспағанда, Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Еңбек ұжымымен өзара қатынас
Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек үжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкез анықталады.
Жүмыс режимін Бас директор Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген кепілдерді есепке ала отырып белгілейді.
Филиалдары, өкілдіктері және еншілес кәсіпорындары
Жарғылық міндеттерін орындау үшін Кәсіпорынның Уәкілетті органның жазбаша келісімімен филиалдары мен өкілдіктер құруға құқығы бар.
Филиалдар мен өкілдіктер өзінің қызметінде Кәсіпорынға есеп береді.
Филиалдар мен өкілдіктер өз қызметін Кәсіпорын Бас Директоры бекітетін Филиал туралы ережеге сәйкес жүзеге асады.
Филиалдар мен өкілдіктер басшылырын Кәсіпорын Бас директорының ұсынысы бойынша Мемлекеттік басқару органы тағайындайды және оның сенімхатының негізінде жүзеге асырады.
Еншілес кәсіпорын Уәкілетті органмен және бағалық және монополияға қарсы саясат жөніндегі орталық атқарушы органмен келісе отырып, Кәсіпорынның Мемлекеттік басқару органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі рұқсаты бойынша құрылады.
Еншілес кәсіпорынның басшысы Мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорын Бас директоры тағайындалады.
Еншілес кәсіпорынның Жарғысын мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорынның бас директоры тағайындалады.
Есепке алу және есептілік
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдарына және мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Бас директор бекітетін есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік есепте берілген мерзімдеріне сай Мемлекеттік органына, қаржы, салық және статистикалық органдарға бухгалтерлік есеп пен статистикалық есептілікті береді және оның растығына жауап береді.
Кәсіпорынды тарату және қайта ұйымдастыру
Кәсіпорынды тарату және қайта үйымдастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын азаматтық заңда көзделген басқа негіздер бойынша д. а таратылуы мүмкін. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көрсетілмесе, кәсіпорынды қайта үйымдастыруды жәнө таратуды Уәкілетті органмен келісім бойынша Мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.
Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған тартылған Кәсіпорынның мүлкін уәкілетті орган қайта бөледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz