Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы



Кіріспе.

I . тарау. Кәсіпкерлік теориясы және кәсіпкерліктің жалпы сипаттамасы.

1.1 Кәсіпкерлік теориясының эволюциясы және кәсіпкерлік қызметтің сипаттамасы.

1.2 Кәсіпкерліктің ұйымдық . құқықтық нысаны.

1.3 Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі.

II . тарау. Кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасындағы даму жағдайы.

2.1 Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуын талдау.

2.2 ҚР.да кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесі.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымша.
Нарықтық экономикаға көшу бәсекелестікті дамыту мен монополизмді жоюға бағытталған өндіріс құрылымын түбегейлі қайта құруды талап етеді. Бұл мәселені әлемдік тәжірибе көрсеткендей, меншіктің әртүрлі нысанына негізделген кәсіпкерліктің дамуынсыз шешу мүмкін емес. Бүгінгі күні адамдар өндірістің, нарықтың, жалпы қоғамның дамуы кәсіпкерлікпен байланысты екенін түсіне бастады. Шетел мемлекеттері кәсіпкерлердің арқасында гүлденуде, ал кәсіпкерлердің өзі өз мемлекетінің қолдауымен дамып отыр.
Кәсіпкерлік – іскер адамдардың коммерциялық нәтижелерге жету энергиясы. Ал кәсіпкерлер – коммерциялық мүмкіндіктерді көре білетін, қажетті капиталды жинау қабілеті бар, сәйкес операцияларды жүргізу жолын білетін, өз мойнына жауапкершілікті ала отырып, тәуеклдікке бел бууға дайын адамдар.
Бүгінгі таңда әлемде кәсіпкерліктің жалпыға бірдей анықтамасы жоқ. Американдық ғалым, профессор Роберт Хизрич: “Кәсіпкерлік – құнды иелене отырып, жаңа бір нәрсе құру процесі, ал кәсіпкер – бұған өзінің барлық уақыты мен күшін жұмсайтын, өз мойнына қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелдікті алатын, осының нәтижесінде өз еңбегі үшін марапатталатын жеке субъект”, – деп анықтаған.
Мысалы, ағылшын профессоры Алан Хоскинг: “Жеке кәсіпкер – істі өзі жүргізетін, бизнестің басқарылуымен өзі айналысатын, қажетті құралдармен қамтамасыз етуде жауапкер, өз бетінше шешім қабылдайтын жеке тұлға”, – деп қарастырады.
1. Предпринимательство. / Бусыгин А.В. – Москва, 1997.
2. Предпринимательство: Учебник. /Муравьев А.И., Игнатьев А.М., Крупник А.Б. – Санк-Петербург: “Лань”, 2001.
3. ҚР Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім).
4. Предпринимательство в РК. / Окаев К.О, Смагулова Н.Т, Яновская О.А, Даирова Р. – Алматы: Экономика, 1999.
5. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казакстан. /Под ред. профессора Жатканбаева Е.Б. – Алматы: Қазақ университеті, 2001.
6. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. /Бердалиев К.Б. – Алматы: Экономика, 2001.
7. Формирование частного предпринимательства в условиях перехода к рынку. /Кошанов А.К. – Алматы,1995.
8. Статистический ежегодник 1992-2001г.г
8. Статистический ежегодник 2003г.
9. Шағын кәсіпкерлік. /Н.Райханұлы – Ақиқат журналы.
10. Егемен Қазақстан газеті, 2002ж 31-қазан.
11. Вестник предпринимателя 2004.01.01.
12. ҚР “Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау туралы” 1992ж. 4 маусымдағы Заңы.
13. ҚР “Акционерлік қоғамдар туралы” 2003ж. 13 мамырдағы Заңы.
14.Правовое обеспечение индивидуального предпринимательства: проблемы теории и практики. /Амирханова И.В, Романкова В.А. – Алматы: Қазақ университеті, 2003

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе.

I – тарау. Кәсіпкерлік теориясы және кәсіпкерліктің жалпы сипаттамасы.

1. Кәсіпкерлік теориясының эволюциясы және кәсіпкерлік қызметтің
сипаттамасы.

2. Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық нысаны.

3. Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі.

II – тарау. Кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасындағы даму жағдайы.

1. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуын талдау.

2. ҚР-да кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесі.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымша.

КІРІСПЕ.

Нарықтық экономикаға көшу бәсекелестікті дамыту мен монополизмді жоюға
бағытталған өндіріс құрылымын түбегейлі қайта құруды талап етеді. Бұл
мәселені әлемдік тәжірибе көрсеткендей, меншіктің әртүрлі нысанына
негізделген кәсіпкерліктің дамуынсыз шешу мүмкін емес. Бүгінгі күні адамдар
өндірістің, нарықтың, жалпы қоғамның дамуы кәсіпкерлікпен байланысты екенін
түсіне бастады. Шетел мемлекеттері кәсіпкерлердің арқасында гүлденуде, ал
кәсіпкерлердің өзі өз мемлекетінің қолдауымен дамып отыр.
Кәсіпкерлік – іскер адамдардың коммерциялық нәтижелерге жету энергиясы.
Ал кәсіпкерлер – коммерциялық мүмкіндіктерді көре білетін, қажетті
капиталды жинау қабілеті бар, сәйкес операцияларды жүргізу жолын білетін,
өз мойнына жауапкершілікті ала отырып, тәуеклдікке бел бууға дайын адамдар.
Бүгінгі таңда әлемде кәсіпкерліктің жалпыға бірдей анықтамасы жоқ.
Американдық ғалым, профессор Роберт Хизрич: “Кәсіпкерлік – құнды иелене
отырып, жаңа бір нәрсе құру процесі, ал кәсіпкер – бұған өзінің барлық
уақыты мен күшін жұмсайтын, өз мойнына қаржылық, психологиялық және
әлеуметтік тәуекелдікті алатын, осының нәтижесінде өз еңбегі үшін
марапатталатын жеке субъект”, – деп анықтаған.
Мысалы, ағылшын профессоры Алан Хоскинг: “Жеке кәсіпкер – істі өзі
жүргізетін, бизнестің басқарылуымен өзі айналысатын, қажетті құралдармен
қамтамасыз етуде жауапкер, өз бетінше шешім қабылдайтын жеке тұлға”, – деп
қарастырады.

I – тарау. КӘСІПКЕРЛІК ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

1. КӘСІПКЕРЛІКТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ
СИПАТТАМАСЫ.

Кәсіпкерлік теориясының дамуы “Үш ағым” арқылы сипатталады.
“Бірінші ағым”. Бұл ағым XVIII ғасырда қалыптасқан. XVII-XVIII ғғ
басында өмір сүрген ағылшын экономисі Р. Контильон есімімен тығыз
байланысты. Ол “кәсіпкерлік” және “кәсіпкер” терминдерін ең алғаш
пайдаланып, ғылымға енгізген. Контильон бойынша, кәсіпкерлік – тұрақты
тәуекелділік жағдайында тауарға ұсыныс пен сұраныс арасындағы тепе-теңдік
жағдайы реттеліп отыратын экономикалық іс-әрекет. Ал кәсіпкер – рынокта
өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алып, оны капиталға айналдыратын адам. Осы
ағымды әрі қарай жалғастырушылар: Й. Тюнен, Ф.Найт, Г.Мангольдт.
“Екінші ағым”. Бұл ағымда негізгі ерекше қасиет ретінде инновациялық
қызмет бөліп көрсетіледі. Француз экономисі Жан-Батист Сэй (1767-1832жж)
кәсіпкерлікті Контильонға қарағанда тереңірек зерттеген болатын. Ол
кәсіпкерліктің тәуекелдік жағдайындағы шығармашылық құрамымен өндіріс
факторларының екі түрінің, яғни еңбек пен капиталдың үйлесімділігін
қарастырды. Ж.Б. Сэй кәсіпкер (бизнесмен) мен менеджердің (басқарушының)
қызметтері арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді. Сэй бойынша кәсіпкер
еңбегі шығармашылық болып табылса, менеджер еңбегі бір сарынды,
кертартпалық.
Жалпы “Екінші ағымның” негізін қалаған - әлемдік экономикалық ойдың ірі
өкілдерінің бірі американ экономисті Йозеф Шумпетер. Ол “кәсіпкерлік –
нәтижесінде жаңа тауарлар жасалынатын жаңашылдық іс-әрекеті”, - деп
бекітеді. Й. Шумпетер кәсіпкер іс-әрекетінің үш мақсатын бөліп көрсетті:
1) үстемдікті, билікті, ықпалдылықты қажетсіну;
2) қарсыластарымен және өз-өзімен күресте қол жеткізген жеңіске еркіндік,
жетістікке тырысушылық;
3) өз ісінің жемісін көру. 1
Кәсіпкерлік қызмет теориясының дамуының “Бірінші және екінші ағымдары”
монофункционалдыққа негізделіп кәсіпкерлік проблемасын тек біржақты
талқыласа, “Үшінші ағымы” кәсіпкерлердің ерекше қасиеттеріне, әлеуметтік-
экономикалық жағдайларына өзгерістер енгізе отырып дамитын полифункционалды
үлгісі болып табылады. Негізгі өкілдері – неоавстриялық мектептің
жалғастырушылары Л. Мизес пен Ф. Хайек. Олардың теориясына жүгінсек,
кәсіпкер жаңа технологиялық әдістер мен тәжірибе жасап қана қоймай,
көптеген әдістердің ішінен ең қажеттісін, тиімдісін таңдап алуға міндетті.
Кәсіпкерлік қызметтің даму теориясының қазіргі бағыты “Төртінші
ағыммен” байланысты. Мұнда кәсіпкерлікке тек іс жүргізу әдісі ретінде ғана
емес, сол сияқты фирма ішілік кәсіпкерлікке немесе интропренерлікке көңіл
аударылады. “Интропренер” терминін ғылымға енгізіп, алғаш рет қолданған
американ зерттеушісі Г.Пиншо. Ең алғаш “интракапитал” терминін зерттеген де
Г.Пиншо. 1 Интрапренерліктің дамуы ірі өндірістік құрылымдардың өндіріс
ұйымдарының кәсіпкерлік формасына өтуімен байланысты. Интрапренер негізінде
интракапитал туындайды. Интракапитал – фирма ішілік кәсіпкерлік негізінде
жатқан идеяларды іске асыруға қажетті капитал.
Қазіргі экономикада осы айтылған ойлар бір жүйеге келтіріліп,
кәсіпкерлікке жаңа анықтама берілді.

Кәсіпкерлік – жеке ынтаға, жауапкершілікке және инновациялық идеяларға
негізделген экономикалық іс-әрекеттің ерекше түрі. 2
Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз – азаматтардың немесе заңды тұлғалардың
меншік нысанына қарамастан өз мүлкімен және жауапкершілігімен пайда табуға
бағытталған тауарға және жұмысқа, қызметке деген сұранысты
қанағаттандыратын ынталы қызметі. 3
Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқы нүктесі – олардың субъектісі
мен объектісі болып табылады. Кәсіперліктің субъектісіне – экономикалық
қызметке қатысушы түрлі мүшелер, яғни ҚР-ның азаматтары, шетел азаматтары
мен олардың бірігуі жатса, ал объектісіне - кәсіпорынның негізгі қызметі
мен экономикалық ресурстарын қалыптастыру кіреді.
Кейбір жағдайларда кәсіпкерліктің субъектісіне мемлекетті, оның тиімді
органдарын жатқызады. Бірақ нарықтық экономиканың жалпы ережесі бойынша
мемлекет бизнесті ұйымдастыру жолын белгілеп, және оны бақылап отырып
кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды. Кәсіпкерліктің субьектілерін
(тұлғаларын) келесі суреттен көруге болады. (1-сурет).
Сондай-ақ кәсіпкерлік әр уақытта белгілі бағыттарда ұйымдастырылады
және нақты формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде
бірнеше белгілірі бар. Оның ішіндегі ең негізгісі – шаруашылық
субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған
экономикалық ресурстарды алуға, сол ресурстардан өз қалауынша қызмет пен
тауар өндіру процесін ұйымдастыру және өнімін нарықта кәсіпкердің
ойлағанындай сату нарқын береді.
Кәсіпкерліктің екінші белгісі – барынша көп пайда табу. Кәсіпкер өз
кәсібін бастағаннан кейін, оны әрі қарай жүргізу барысында оған өзгерістер
мен жаңалықтар енгізе отырып, жаңалық процесінің мұраты – пайда табуға
жетеді.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат – шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел
бууы. Жаңа идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп,
ал оларды өне бойы экономикалық жағынан есептеуге мүмкін емес.
Сонымен, нақты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне шаруашылық
белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу, пайдалылықты анықтау, өндірісті
ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз ету, жұмысшыларды
жалдау, өкіметпен, жабдықтаушымен, тұтынушыларымен қарым-қатынастары
кіреді.
Яғни, кәсіпкерлік қызметтің мәні – өндіріс құрал-жабдықтарын шаруашылық
объектісі ретінде қарастыруында және табыс алу мақсатында өндіріс
факторларын тиімді пайдалану.
Кәсіпкерлікті өркендетудің шарттары:
– меншік қатынастарын персонификациялау (адамдық келбеті);
– мүліктерді қолдану жөніндегі өз еркі, жауапкершілігі мен шешім
қабылдау мүмкіндігінің болуы;
– өнімдер мен табыстар жөнінде де осындай мүмкіндіктердің берілуі;
– қабілеттері мен жинақтарды пайдалану жолдарын таңдап алудағы
өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық қызметтері мен
тауарлардың, капиталдың, информация мен жұмыс күшінің қозғалысында
кедергінің болмауы;
– тауарды бірдей бағамен сатып алу мүмкіндігінің болуы;
– азаматтардың өз құқығын қоғамның, оның ішінде заң шығарушы және
орындаушы өкілетті органдардың меншік иесі мен кәсіпкерлер құқығын
қорғаудағы басымдылықтары.
Сонымен бірге кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті 3 жағдайы бар:
1. Экономикалық жағдайлар;
а) Сұраныс, ұсыныс, қаржы.
б) Еңбек ресурстары, инфрақұрылым.
2. Әлеуметтік жағдайлар;
3. Құқықтық жағдайлар.
Кәсіпкерлікті әртүрлі классификациясы, түрі мен тағайындалуына
байланысты жіктеуге болады:
Өндірістік кәсіпкерлік – кәсіпкерліктің жетекші түрі ретінде тауарлар,
жұмыстар, өнімдер өндірілу жүзеге асырылады, қызмет көрсетіледі және
белгілі бір рухани құндылықтар жасалады. Нарыққа өту кезеңінде осы сала көп
зиян шекті. Мәселен, шаруашылық байланыстар үзіліп, материалды-техникалық
қамтамасыздандыру бұзылды, тауар өткізудің кенет төмендеуінен өнеркәсіптің
қаржы жағдайы нашарлады.

Коммерциялық кәсіпкерлік – нарыққа өту кезеңімен, тауарлар мен
қызметтерді сату және сатып алу операцияларымен сипатталады. Кәсіпкерліктің
бұл ерекше түрінде тауар-ақша, сауда-айырбас қатынастары белсенді жүреді.
Коммерциялық мәміле бағдарламасына мыналар кіреді:
– сатып алу операцияларын орындау, тауарларды тасу, сату, жарнамалық
жұмыстарды жүргізу мақсатында жұмысшыларды жалдау;
– келесі сатуға дейін тауарларды сату, сатып алу;
– тауарлардың сақталуы мен өткізілуі үшін қоймаларды, сауда орындарын
жалдау;
– мәмілеге тікелей қатыспайтын, бірақ өзінің ақылы қызметтерін ұсынатын
ұйымдар мен жеке тұлғалардың қызметтік төлем алуы;
– мәмілені қаржыландыру үшін несиеге ақша құралдарын тарту және
несиенің пайыздық қайтарылуы;
– келісім шарттың орындалуы үшін қажетті ақпараттар алу;
– сатылған тауарлары бойынша түсімдері;
– келісім-шарттың бекітілуі және салық төлеу.
Қаржылық кәсіпкерліктің сату және сатып алу объектісі – айрықша
тауарлар, яғни ақша, валюта және бағалы қағаздар. Қаржылық кәсіпкерліктегі
айрықша құбылыс: кәсіпкердің бағалы қағаз шығарушы ретінде болуы. Кәсіпкер
бағалы қағаз шығарушы және қаржы-несие келісім шарттарында, коммерциялық
кәсіперлік сияқты бағалы қағаздар нарығын талдау мен потенциялды сатып
алушыларды табу және тартумен байланысты маркетингтік іс-әрекеттерді
жүргізуші болып табылады.
Консультативтік кәсіпкерлік – қаржылық кәсіпкерліктің ақпарат алуды
талап етуінен туындайды. Бұл ақша, валюта, бағалы қағаздардың потенциалды
сатып алушылары жайлы, қаржы-несие операцияларының орындалу шарттары мен
оларды құру тәртібі жайлы, кәсіпкерге қажетті ресурстардың қайнар көзі
турасындағы ақпараттар.
Кәсіпкерлікті негізі 4 сатыдан тұратын процесс деп қарастыруға болады:
. жаңа идеяны іздеу және талдау;
. бизнес план жасау;
. қажетті ресурстарды іздеу;
. құрылған кәсіпорынды басқару. 4.
Бірінші кезеңде жаңа идеяға талдау жасау осы идеялардың пайда болуын
қажет еткен факторларды анықтауды, идеяның өзектілігі мен потенциалды
бағалылығын анықтауды, тәуекелдікке баға беру мен болашақ кәсіпорынның
мүмкін болатын табысы мен пайдасын болжауды, жаңа идеяның кәсіпкердің
мүддесі мен жеке қасиеттеріне сай келуіне баға беруді білдіреді.
Кәсіпкерлік процестің екінші сатысы күрделірек. Бұнда бизнес-жоспарды
құру әдістемесі қарастырылады. Бизнес-жоспарға: нарық сараланымы, оның
мөлшері мен сипаттамасы, маркетинг жоспары, өндіріс жоспары, қаржылық
жоспар және қаржылық қамтамасыз ету жатады.Жақсы құрастырылған бизнес-
жоспар идеяны нәтижелі жүзеге асыру құралы ғана емес, сол сияқты қажетті
ресурстарға баға беру және басқару стратегиясын дұрыс таңдау құжаты болып
табылады.
Үшінші сатыда қажетті ресурстарды іздеу мақсатында не қажет екенін
нақты бағалау, қолданылған ресурсты қолданылмаған ресурстан ажырату алдыңғы
орынға қойылған. Сонымен бірге, ресурстардың белгілі бір көлемінің
жетіспеушілігімен байланысты жағымсыз салдырларды анықтай білу керек.

Құрылған кәсіпорынды басқару– кәсіпкерлік процестің төртінші сатысы.
Оған кіретіндер:
. басқарудың белгілі бір түріндегі өндірілім;
. ұжымдық құрылымды құру;
. мақсатқа жетудің шешуші факторларын анықтау;
. әлсіз жақтарын тауып, оны жоюдың жолдары.
Жалпы кәсіпкерлікті Қазақстан Республикасында меншік формасына
байланысты жеке және мемлекеттік деп қарастырады. Бірақ мемлекеттік
кәсіпкерлік болғанымен мемлекет шектеулер қоя алмайды, құндылықтыр қай
меншіктің иелігінде болса да, мемлекеттік тәртіппен шектелмейді.
Меншік иелерінің санына байланысты кәсіпкерлік жеке және ұжымдық болып
бөлінеді. Жеке кәсіпкерлікте тек бір тұлға билік етеді. Ұжымдық кәсіпкерлік
– бір мезгілде бірнеше субъектілерге тиісті меншік. Бұл субъектілер
арасында жалпы үлес тең бөліктерге бөлінуі немесе үлес ортақ болуы мүмкін.
Ұжымдық меншікте иелігіндегі құндылықтарды қолдану барлық иегерлердің
келісімімен жүзеге асырылады. Жалпы кәсіпкерлік қызметтің ҚР-ғы түрлері мен
нысаны келесі суретпен сипатталынады. (2- сурет).

2. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ.

Кәсіпкерлік шаруашылықты жүргізу тәсілі ретінде жаңа іске адамның жеке
ынтасы мен капиталын жұмсаудан көрінеді.Сондықтан да оның мақсаты мен
нәтижелілігі жағынан жеке құралы – шығындырды азайту, тиімділігі мен
тәртібін барынша ойластыруды талап етеді. Мұндағы кәсіпкерлік әрекеттің ең
бастысы – таңдаудың дұрыстылығы немесе таңдаған істің кәсіпкердің жеке
потенциалына сай келуі.

Осыған байланысты кәсіпкерліктің келесідей ұйымдық-құқықтық нысандары
бар:

1. Жеке-дара кәсіпкерлік.

2. Серіктестік.

3.Акционерлік қоғам.

4.Өндірістік кооператив.

1. Жеке-дара кәсіпкерлік деп – азаматтардың табыс алуы үшін бағытталған
өз меншігіне негізделген, өз атынан өзінің тәуекелділігі және мүлік
жауапкершілігі арқылы жүзеге асыратын ынталы қызметі. Жеке меншіктегі
кәсіпорын иесі оны басқарып, пайданы түгелдей өзі иемденеді, бірақ
барлық міндеттемелерге өзі жауапкер болады. Мұндай жағдайда істі
тиімді жүргізуге құштарлық пайда болады, себебі, алатын табыстың
көлемі кәсіпорын жұмысының жемістілігіне тікелей байланысты. Бұл
бизнес кәсіпкердің барлық тілектерін: авторлық, шығармашылық және т.б
толық қанағаттандырады.
Алайда істі бұл бағытта жүргізуде келесі кемшіліктер кездеседі:

- өз мүлкімен жауапкершілік тәуекелдігін көтереді;
- несие алу мүмкіндігі шектелген;
- қызмет дамуының мүмкіндігі шектелген.
2. Серіктестік деп – істе ортақ иемденуші ретінде екі не одан да көп
адамдардың бірігуін айтады. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың мұндай
түрінің пайда болуы негізінен жеке кәсіпкерліктің кемшіліктерін жою
мақсатында жасалған.
Серіктестіктің бірнеше түрлері бар:

1) Толық серіктестік – серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда
қатысушылары оның міндетері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен
ортақтасып жауап беретін шаруашылық серіктестік түрі.
а) серіктестер жауапкершілігі шектеусіз

ә) әр серіктес (қатысушысы) жетекші және өкіл болып табылады

Сенім серіктестікте тұлғалардың 2 түрі болады:

а) толық серіктестер – толық жауапкершілікті жетекші және өкіл болып
табылады. Егер толық серіктес сенім серіктестіктің құрамына кіретін немесе
одан шығатын болса, онда сенім серіктестік қайта құру немесе қайта тіркеу
рәсімінен өтеді.

ә) командиттер – жарғылық қорға салған салымы бойынша жауапты.
Командиттер сенім серіктестікке кіретін немесе одан шығатын болса
серіктестік қайта тіркеу не қайта құру рәсімінен өтпейді

2) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – қатысушылары серіктестіктің
міндеттері бойынша жауап бермейтін және серіктестіктің қызметіне
байланысты өздері енгізген салымдары құнының шегінде шығын шегуге
тәуекел еткен шаруашылық серіктестік.
3) Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – қатысушылары серіктестік
міндеттері бойынша өздерінің жарғылық қорға енгізген салымдары шегінде
жауап беретін, ал бұл сома жеткіліксіз болған жағдайда серіктестіктің
жарғылық қорына енгізген салымының еселенген мөлшерінде өздеріне
тиесілі мүлкімен жауап беретін серіктестік түрі.
Серіктестіктермен атқарылатын іс-әрекеттер 1995 жылғы 2-мамырдағы
“Шаруашылық серіктестіктер туралы” ҚР Президентінің заңды күші бар
Жарлығымен реттеледі.

Акционерлік қоғам – құрал-жабдықтарды тартып, қызмет жасау үшін акция
шығаратын заңды тұлға.

Акционерлік қоғам өзіне тиісті мүлкімен жауапты болады және акционерлер
қоғамның міндеттеріне жауапты болмайды. Олар тек өздеріне тиісті акция
құнымен жауапкершілік тәуекелін көтереді. АҚ 2 және 3 буынды басқару
құрылымынан тұрады:

1. 2 буынды – акционерлердің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі.
2. 3 буынды – акционерлердің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі,
қадағалау кеңесі – бақылау, байқау функцияларын атқарады.
Акционерлік қоғамдардың артықшылықтары:

- акция шығару арқылы қосымша инвесторларды тартуға мүмкіндігі бар;
- кәсіпкерлік тәуекелді төмендету мүмкіндігі;
- бұрыннан қалыптасқан механизмінің бар болуы.
АҚ-дың ең төмен жарғылық қоры 50000 АЕК-нен кем болмауы тиіс.Сондай-ақ
акционерлік қоғамның ашық және жабық түрлері болды.

Ашық акционерлік қоғам – акциялары еркін сатылатын және сатып алынатын
қоғам түрі.

Жабық акционерлік қоғам – акциялары құрылтайшылары арасында тарайтын
қоғам.

Бірақ қазіргі кезде ҚР-ның 2003жылғы 13-мамырдағы қабылданған
“Акционерлік қоғамдар туралы” Заңына сәйкес акционерлік қоғамдардың ашық
және жабық түрлері қарастырылмайды.

4.Өндірістік кооператив дегеніміз – азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік
қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбектерін қатыстыруына және
мүшелік мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі.
Өдірістік кооперативтер коммерциялық ұйым және заңды тұлға болып табылады
және де олардың қызметтері 1995 жылғы 5-қазандағы “Өндірістік кооператив
туралы” ҚР-сы Президентінің заң күші бар Жарлығымен реттеледі.

Сонымен қатар кәсіпкерліктің ұйымдық-экономикалық нысандарын
қарастырайық. Бұған жататындар:

1. Концерн немесе холдинг – көп салалық акционерлік қоғам.

2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың, ұйымдардың ерікті
бірлестігінің жеңіл формасы.

3. Консорциум – ірі қаржылық операцияны іске асыру үшін біріккен
кәсіпкерлердің бірлестігі.
4. Синдикат – бір сала кәсіпкерлерінің арасындағы бәсекелестікті жою үшін
құрылған өнім өткізу бірлестігі.
5. Картель – бір салаға жататын кәсіпкерлердің арасындағы өнімнің бағасы
туралы және өткізу нарығын бөлу туралы келісім. Мысалы, ОПЕК.
6. Трест – экономикалық және құқықтық тәуелсіздігін жоғалтқан
кәсіпорындардың бірлестігі.
7. Қаржылық өнеркәсіп тобы ФПП – ол өнеркәсіп, сауда, банк сақтандыру
капиталының бірлестігі.
8. Корпорация – ортақ мақсатқа жету және бір мезгілде жеңілдікті қорғау
үшін бірнеше фирмалардың басын біріктіретін АҚ. Заңды тұлға ретінде
корпорация өзінің барлық мүлкімен өзінің құрамына кіретін барлық
кәсіпкерлер үшін жауап береді. Корпорация басым жағдайда ірі бизнесті
ұйымдастыру тәсілі болып табылады.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қызметінің көлемі бойынша ірі, орта және
шағын болып бөлінеді. Кәсіпорындардың мөлшері салалардың және олардың
өзіндік ерекшеліктеріне, экономикаға әсер ету дәрежесіне байланысты.
Қазақстан үшін осылардың ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің маңызы зор.

Қазіргі батыс экономикасында шағын кәсіпкерлік шаруашылықтың ірі
секторын құрайды. Оның әдеттегі формалары франчайзинг (franchise –
жеңілдік) және венчурлық (venture – тәуекел ету) кәсіпкерлік жүйелері бар.

Франчайзинг – ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқық алу
үшін және белгілі бір сферада, территорияда өз қызметін жүргізуге рұқсат
алуға келісім-шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны
төмендету, тауарды жеткізуге, құрал-жабдықтарды сатып алуға, несие алуға
кқмек түрлерінде жеңілдіктері бар. Шағын фирмалар ірі компаниялар
өнімдерінің бөлшек сатушылары болып қалыптасады. Бұндай келісімдер екі
жаққа да пайдалы: шағын кәсіпорындар ірі корпорациялардан сауда қорын,
несие алады және олардың қамқорлығына енеді, ал корпорациялар өз өнімдерін
өткізуге шығын жұмсамайды, сондай-ақ қамқорлығындағылардан ұдайы төлем алып
отырады.

Венчурлық фирма – ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын
коммерциялық ұйымдар. Олар ұдайы жаңалықтар ашумен бизнесін ұйымдастырады.
Жаңа өнімнің рынок талаптарына сай келмей қалуының мүмкін болуына
байланысты “зиян шегуге” тәуекел етеді. Сондықтан да венчурлық фирмалар бір
өнімді өткізумен айналысқаннан кейін екіншісіне тез ауысып отырады. Мұндай
фирмалардың отаны – АҚШ болып табылады және ол екінші дүние жүзілік
соғыстан кейін дамыды.

Орта кәсіпкерлік экономикада елеулі роль атқармайды. Себебі, оған
нарықта ірі және шағын кәсіпкерлікпен бәсекелесуге тура келеді де, ол ірі
кәсіпкерлікке айналады немесе мүлдем жұмысын тоқтатады.

Ірі кәсіпкерлік нарықта тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
есептелген жаппай және арзан өнім шығаруға мүмкіндік береді.

3. КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ.

Кейінгі онжылдықтарда экономикасы Батыс елдерінде бәсекенің дамуы
әсерінен шағын және орта бизнес ролі арта түсті. Мұның басты себебі –
экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар.

Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар мынадай салаларда басым роль
атқарады:

- сауда
- автосервис
- құрылыс
- қызмет көрсету.
Қазір шағын кәсіпорындар жоғарғы технологиялық сфераларға: машина
құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық
қызмет, информатика, микроэлектроника, телекоммуникация салаларына
әртараптандырылып жатыр. (1-кесте).

Шағын және орта кәсіпкерліктің ірі кәсіпорындармен қатар қызмет
көрсетуі – дамыған елдер экономикасына тән белгі. Бұл тұрғыда нарықтық
экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ-дағы шағын бизнесті дамыту
тәжірибесінің үлкен маңызы бар. Себебі, АҚШ-ғы тіркелген кәсіпорындардың 97
%-на жуығы шағын кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар Жалпы Ұлттық Өнімнің
53%-не, көтерме сауданың 64%-не, бөлшек сауданың 72%-не, қызмет саласының
57%-не ие болып отыр.5

АҚШ-да кәсіпкерлік тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. Ондағы шағын
бизнесті қолдаудың мемлекеттік жүйесі:

. бюджеттен тікелей дотациялау;

. мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын кәсіпорындарда
орналастыру;

. шағын бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдану;

. шағын бизнеске салықтық жеңілдіктер беріледі.

Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде Жапония мемлекеті де үлкен
тәжірибеге ие болып отыр. Жапонияда шағын бизнеске ерекше назар аударады.
Себебі, шағын бизнесті дамыту арқылы Жапония соғыстан қираған елден жоғары
технологиялы дамыған елге айналды. Дәстүр бойынша әрбір ірі корпорация өз
жанында бірнеше шағын кәсіпорындар құрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға
тәуелсіз және өздерінің ұйымдық құрылымын жасап, жаңа өнімдерін шығара
бастайды. Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне өндірістік өнімнің 55%,
көтерме сауданың 60%, бөлшек сауданың 80% тиеді. Жапонияның шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауының басты ерекшелігі – басымды бағыттарды
дамытудағы уақыт мерзімі. Сондай-ақ бұл елде кәсіпкерлікті мақсатты түрде
бюджеттен қаржыландырады.

Экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті дамыту – маңызды
мәселе. Ресей Федерациясында экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында
бірқатар экономикалық шаралар жасалып, жүзеге асырылды.

1-кесте. Шағын бизнеске қатысушылардың жалпы жұмысқа қамтылғандар санындағы
әр елдегі үлесі.

Ел атаулары Үлесі %
Италия 80
Ұлыбритания 76
Жапония 73
Бельгия 72
Франция 69
Германия 64
АҚШ 53
Румыния 27
Венгрия 24
Словакия 23
Польша 23
Ресей 10
Белорусия 6
Хорватия 22

1995 жылы Ресей Федерациясында “Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау
туралы” Заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар екі
жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылады.

1994-1995 жылдары “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мелекеттік
программасы” жүзеге асырылды. Бұдан кейін Ресейде шағын кәсіпкерлікті
қолдаудың біркелкі жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл жүйеге РФ-ның шағын
кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік комитеті, аймақтық қорлары
мен орталықтары кіреді. Шағын бизнесті қолдаудың аймақтық қорлары мен
орталықтары барлық аймақтарда құрылған. Шағын кәсіпкерлік федералдық және
жергілікті бюджеттерден қаржылық көмек алады, жергілікті салықтар бойынша
әр түрлі жеңілдіктерге ие.

1999 жылдың басына есептегенде Ресейде 900000-нан аса шағын
кәсіпорындар жұмыс істеп тұрды. Бұл кәсіпорындардың орташа жұмысшылар саны
7 адамнан тұрды.6

Ұлыбританияда да шағын бизнеске көп көңіл бөлінеді. Онда шағын бизнес
субъектілеріне: жылдық тауар айналымы 2 млн. фунт стерлингтен аспайтын,
активтер сомасы 1 млн. фунт стерлингтен және жыл бойы 50 адамды жұмыспен
қамтитын кәсіпорындар жатады. Бұл елде мемлекеттік консультациялық қызмет
енді бастаушы кәсіпкерлерге қажетті кеңестер береді.

Франциядағы тұрақты түрде дамып жатқан іскерлік қызметтің негізінде
мемлекеттің мақсатты түрде жүргізіп жатқан саясаты жатыр. Басты маңызды
қызметтер орта және шағын кәсіпкерлік салаларында. Францияда шағын
кәсіпорындарға – жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кәсіпорындар кіреді.Ресми
деректер бойынша бұл елде шағын және орта кәсіпорындарда – 16500000 адам
жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істейді.
Францияда шағын бизнесті несиелеу негізінде пайыздық өсімді мемлекет
бонификациялайды. Бонификация – бұл жеңілдету. Мұнда орталық бюджет арқылы
шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуды да қаржыландырады. Яғни, еңбек
пен әлеуметтік шығындар бойынша жеңілдіктер беріледі. Елде жұмыссыздар өз
кәсіпорнын ашу үшін мемлекет көмегіне сүйене алады.

Шетелдік тәжірибеге қарап, елімізде атқарылатын іс-шаралардың әлі де
көп екенін байқауға болады. “Кәсіпкерлікті қолдау туралы” Заң атқарылатын
жұмыстардың бастамасы ғана, экономиканың бұл секторын көтеру үшін жүйелі
түрде жұмыс атқарылуы керек. Республикамызда шағын және орта кәсіпкерлікке
қағаз жүзінде ғана емес, шет елдердегі сияқты нақты көмек қажет.

II-тарау. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ.

1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ.

Экономикасы нарықтық бағытта дамуға бет алған Қазақстан Республикасы
үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі - өзекті мәселелердің бірі.
Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да
кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтерілуі де оның
экономикадағы маңыздылығын дәлелдейді.

ҚР-ның Конституциясында былай делінген: “Әркімнің кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін
пайдалануға құқығы бар”.

Отандық кәсіпкерліктің пайда болу тарихын 4 кезеңге бөлуге болады.7

Бірінші кезең комсомол ұйымдары жастарының ғылыми-техникалық
шығармашылығының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР шетел азаматтарының меншік құқығы
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Ұсақ бизнес
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктегі қиыншылықтар мен одан шығу жолдары
Кәсіпкерлік кызметтің түрлері,классификациясы, мемлекеттік реттелуі Қазақстан Республикасында құрылуы
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ-ның кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу механизмдерін жетілдірудің негізгі бағыттары
Шағын кәсіпорын жұмысының экономикалық сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Пәндер