Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдары



КІРІСПЕ

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ
Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық
ағымдарының түсінігі мен экономикалық қатынастардағы
алатын орны
Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық
ағымдарын басқарудың ұйымдық құқықтық негіздері

2 “Қазақавтожол” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІ
“Қазақавтожол” Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның
қаржылық қызметінің негізгі
көрсеткіштерін талдау
“Қазақавтожол” РМК қаржылық айналымдары мен
қаржылық ағымдарын басқару ерекшеліктері және оны
ұйымдастыру

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кәсіпорынның қаржылық айналымдарының басқару механизмін жетілдірудің негізгі факторы болып, экономиканы жақсартуға бағытталған қазіргі кездегі өндірістің тиімділігін арттыру болып табылады. Әлеуметтік–экономикалық тұрақсыздық пен нарықтағы инфрақұрылымның үнемі өзгерістер жағдайында қаржылық менеджердің ағымдағы қызметінің негізігі орны қаржылық айналымдар мен қаржылық ағымдарды басқару болып табылады. Ұдайы жетіспеушілік негізінде қаржылық айналымдар мен қаржылық ағымдарын басқару қазіргі кездің кәсіпорын харекетінің бағытын бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Президенті 2007 ж. халыққа арнаоған “Біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 бағыты” атты Жолдауында мемлекетіміздің экономикалық жағдайын жоғарлату, халықтың экономикалық тұрғыдан әл-ауқатын жақсарту мақсаттарына қол жеткізу болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазу мақсаты-бұл кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару тиімділігін жоғарлату шаралары негізінде экономикалық талдау жасау.
Осы басты мақсатқа жету үшін келесідей өзекті мәселелерді жүргізу:
1. Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының экономикалық сипаттамасын беру;
2. “Қазақавтожол” РМК қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының экономикалық және ұйымдастыру қызметін көрсету;
3. Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару жұмыстарын жетілдіру жолдарын анықтау;
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні-бұл қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі-бұл “Қазақавтожол” Республикалық мемлекеттік кәсіпорын қарастырылады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында ақпараттық құқықтық актілер, оқулықтар, мерзімді басылымдар, коммерциялық емес харекет етуші субьектінің негізінде статистикалық жинақтар қолданылған.
Кез келген кәсіпорын өзінің харекеті барысында қаржылық ресурстардың қажеттілігін сезіп, заңды және жеке тұлға қарым – қатынастарына қажетті жағдай туғызады. Өндірістік процесі барысында қаржылық және ақшалай ағымдардың үздіксіз қозғалуы бюджет, серіктес алдында міндеттемелерді орындау, кәсіпорындар алдында қарыздардың болмауы, төлем қабілеттілік, қаржылық тұрақтылық, несие төлей алушылық пен рентабельділікті көрсетеді. Қаржылық ағымдар мен қаржылық айналымдарын басқарудың басты себебі – кәсіпорынның қаражаттар айналысын қамтамасыз ету, яғни бұл жұмыс тақырыбын толығымен ашып қарастыру болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы: “Біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 бағыты”, 2007 ж.
2. Ефимова О.В. “Финансовый анализ”- М.: Бух. учет, 1996 –208 с.
3. Моляков Д.С. “Финансы предприятий отраслей народного хозяйства”: Учеб. пособ.- М.: Финансы и статистика, 1996 – 176 с.
4. “Финансы предприятий”: Учеб. пособ. /Под ред. Бородиной - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995 – 208 с.
5. Бланк И.А. “Финансовый менеджмент”: Учебный курс. – Киев: Ника-Центр, 2004 – 653 с.
6. Бригхем Ю., Гапенски Л. “Финансовый менеджмент”: полный курс: в 2-х т./ пер. с англ. Под рел. Ковалева В.В. СПб.: “Экономическая школа”, 2001г., т.1 – 497 с., т.2 – 669 с.
7. Крейнина М.Н. “Финансовый менеджмент”: учебное пособие. – М.: Издательство «Дело и Сервис», 2003 – 400 с.
8. Рубинштейн Т.Б. “Планирование и расчеты денежных средств фирм и компаний”. – М.: Ось-89, 2001 – 608 с.
9. “Экономика предприятия”: учебник для вузов./ пер. с нем. под ред. Ф.К.Беа, Э.Дихтла, М.Швайтцера – М.: ИНФРА-М, 2003 – 928 с.
10. “Қазақстан Республикасының Конституциясы”, 1998 ж. 30 тамыз.
11. “Қазақстан Республикасының Азматтық Кодексі”, 2007 ж. 12 қаңтар.
12. “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заң, 2001 ж. 23 қаңтар.
13. “Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі туралы” заң, 1995 ж. 31 тамыз.
14. Егемен Қазақстан, 2006 ж. 8 ақпан.
15. Павлова А.Н. “Управление денежных оборотов”, М-1998 ж.
16. Халық, 2005 ж. 23 маусым, 9 бет.
17. Мир финансов, 2006 ж., № 2, 11-13 бет.
18. “Қазақстан Республикасының Акционерлік Қоғамы туралы” заң, 1998 ж.
19. Крейнина М.Н. “Бухгалтерский баланс как база для принятия решений по управлению активами и пассивами предприятия”. // Финансовый менеджмент. – 2000. №2. С. 110-113.
20. Купчина Л.А. “Анализ финансовой деятельности с помощью коэффициентов”. // Бухгалтерский учет. 1997. № 2. С. 51-56.
21. Макарьева В.И. “Отличие бухгалтерской отчетности 2000 года от бухгалтерской отчетности 1999 года”. // Налоговый вестник. – 2000. №.11. С. 94-103.
22. Матвеева В.М., Шутенко В.В. “Финансовый анализ позволяет предупредить несостоятельность”. // Финансовый менеджмент. - 2000. №2. С.114-120.
23. Михеев В. “Методические вопросы управления ликвидностью фирмы”. // Проблемы теории и практики управления. 1996. № 2. С. 92-94.
24. Палий В. “Международные стандарты отчетности – условие прозрачного управления предприятием”. // Проблемы теории и практики управления. 2000. № 3. С. 86-91.
25. Савушкин М. “Анализ финансового состояния фирмы”. // Маркетинг. 2000. №1. С. 54-56.
26. Фащевский В.Н. “Об анализе платежеспособности и ликвидности предприятия”. // Бухгалтерский учет. 1997. № 11. С. 27-29.
27. Ховрат П. “Сбалансированная система показателей как средство управления предприятием”. // Проблемы теории и практики управления. 2000 № 4. С.108-114.
28. Стоянова “Финансовый менеджмент” – М.1995 г.
29. Шеремет, Сайфуллин Р.С. “Финансы предприятий” – М. 1997г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ
АҒЫМДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ

1. Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық
ағымдарының түсінігі мен экономикалық қатынастардағы
алатын орны
2. Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық
ағымдарын басқарудың ұйымдық құқықтық негіздері

2 “Қазақавтожол” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІ
“Қазақавтожол” Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның
қаржылық қызметінің негізгі
көрсеткіштерін талдау
“Қазақавтожол” РМК қаржылық айналымдары мен
қаржылық ағымдарын басқару ерекшеліктері және оны
ұйымдастыру

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Кәсіпорынның қаржылық айналымдарының басқару механизмін жетілдірудің
негізгі факторы болып, экономиканы жақсартуға бағытталған қазіргі кездегі
өндірістің тиімділігін арттыру болып табылады. Әлеуметтік–экономикалық
тұрақсыздық пен нарықтағы инфрақұрылымның үнемі өзгерістер жағдайында
қаржылық менеджердің ағымдағы қызметінің негізігі орны қаржылық айналымдар
мен қаржылық ағымдарды басқару болып табылады. Ұдайы жетіспеушілік
негізінде қаржылық айналымдар мен қаржылық ағымдарын басқару қазіргі
кездің кәсіпорын харекетінің бағытын бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Президенті 2007 ж. халыққа арнаоған “Біздің
ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 бағыты” атты Жолдауында мемлекетіміздің
экономикалық жағдайын жоғарлату, халықтың экономикалық тұрғыдан әл-ауқатын
жақсарту мақсаттарына қол жеткізу болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазу мақсаты-бұл кәсіпорынның қаржылық айналымдары
мен қаржылық ағымдарын басқару тиімділігін жоғарлату шаралары негізінде
экономикалық талдау жасау.
Осы басты мақсатқа жету үшін келесідей өзекті мәселелерді жүргізу:
1. Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының
экономикалық сипаттамасын беру;
2. “Қазақавтожол” РМК қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының
экономикалық және ұйымдастыру қызметін көрсету;
3. Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару
жұмыстарын жетілдіру жолдарын анықтау;
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні-бұл қаржылық айналымдары мен қаржылық
ағымдарын басқару болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі-бұл “Қазақавтожол” Республикалық
мемлекеттік кәсіпорын қарастырылады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында ақпараттық құқықтық актілер,
оқулықтар, мерзімді басылымдар, коммерциялық емес харекет етуші субьектінің
негізінде статистикалық жинақтар қолданылған.
Кез келген кәсіпорын өзінің харекеті барысында қаржылық ресурстардың
қажеттілігін сезіп, заңды және жеке тұлға қарым – қатынастарына қажетті
жағдай туғызады. Өндірістік процесі барысында қаржылық және ақшалай
ағымдардың үздіксіз қозғалуы бюджет, серіктес алдында міндеттемелерді
орындау, кәсіпорындар алдында қарыздардың болмауы, төлем қабілеттілік,
қаржылық тұрақтылық, несие төлей алушылық пен рентабельділікті көрсетеді.
Қаржылық ағымдар мен қаржылық айналымдарын басқарудың басты себебі –
кәсіпорынның қаражаттар айналысын қамтамасыз ету, яғни бұл жұмыс тақырыбын
толығымен ашып қарастыру болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқарудың
талдауы қаржылық менеджер харекетінің негізгі бағыты болып, ақшалай
қаражаттардың қозғалыс уақытындағы қаржылық ағымдардың талдауы, оны
болжамдау, ақшалай қаражаттардың оптималды деңгейін анықтау мен ақшалай
қаражаттар бюджетін құрастыруды анық көрсету болып табылады.

Бірінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық
ағымдарын басқарудың теоретикалық негіздері аталып, олардың нарықтық
экономикадағы рөлі, кәсіпорында қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын
ұйымдастыру және қазіргі кездегі жағдайларында олардың қызмет ету
ерекшеліктері сипатталған.
Екінші бөлімде қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару
аспектілеріне методологиялық талдау жасау арқылы: кәсіпорынның қаржылық
айналымдары мен қаржылық ағымдарына деген сұранысы, кәсіпорында қаржылық
айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару мен қаржыландыру көздерін
анықтау және кәсіпорынның таза айналым капиталын басқару әдістері анық
көрсетілген.
Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық
ағымдарын басқаруды жетілдіру жолдарын әзірлеп, қойылған мақсаттар шегінде
қаражаттарды басқару механизмін жетілдіру ұсыныстары берілген.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ

1. Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының түсінігі мен
экономикалық қатынастардағы алатын орны

Қаржылық айналымдар кәсіпорын мүлігінің құрамды бөлігінің бірі болып
табылады. Олардың пайдалану тиімділігі мен жағдайы кәсіпорын харекеті
жетістігінің бірден бір шарты болады. Нарық қатынастарының дамуы оларды
ұйымдастырудың жаңа шарттарын анықтайды.

Инфляция, төлемсіздік пен басқа шекті жағдаяттар кәсіпорынды айналым
қаражаттарына деген саясатын амалсыздан өзгертуге, жаңа толықтыру көздерін
іздеуге, оларды тиімді пайдалану проблемасын зерттеуге итереді.
Кәсіпорынның материалды негізі болып, еңбек қаражаты түріндегі өндірістік
қорлар табылады. Еңбек қаражаты түрлі деңгейде мен басқа еңбек құралдары
қызмет ету барысында өзінің құнын өнім өндірісі құнына әр түрлі жағдайда
көшіреді. Сондықтан да өндірістік қорлар негізгі және айналымды болып
бөлінеді. Өндірістік айналым қорлары өндіріс ортасына қызмет етіп, бір
өндірістік цикл барысындағы бастапқы өндірістік нысанын өзгертіп қана
өзінің құнын дайын өнім құнына көшіреді. Айналым қорлар өз айналымында
ақшалай, өндірістік және тауарлай нысандарын игереді, яғни кейін олар
өндірістік қорлары мен айналыс қорлары болып бөлінеді. 1, 97 б.
Өндірістік айналым қорлары өзімен бірге өндіріс үшін қажетті шикізат
запастары, негізгі және қосымша материалдар, сатып алынатын жартылай
фабрикаттар мен қосымша бұйымдар, жанар май, жөндеуге қажетті қосымша
бөлшектер, бағалылығы төмен мен тез тозатын бөлшектер, аяқталмаған
өндірісті бейнелейді. 2, 37 б.
Айналыс қорлары өзімен бірге дайын өнім, ақшалай қаражаттар мен төлем
қаражаттарын енгізеді.
Өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорлары қаражаттардың үздіксіз
қозғалуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қорлар айналысы шикізат,
материалдар, жанар май мен басқа да өндіріс қажеттіліктерін қаржыландырудан
басталады және бұл айналыстың бастапқы деңгейі болады. Қорытындысында
ақшалай қаражаттар өндірістік запастар формасын иеленеді және айналыс
ортасынан өндіріс ортасына көшірілуін көрсетеді. Осы кезде құн шығындалмай,
тек қана авансталады, өйткені айналыс біткен кезде ол қайта оралады.
Айналыстың екінші деңгейі - өндіріс процесі барысында жүреді, жаңа құнды
иеленген жаңа өнімді дайындаған еңбек күші өзінің өндіріс қаражаттарын
пайдалануды жүзеге асырады. Авансталған құн өз нысанын қайтадан
өндірістіктен тауарлыққа ауыстырады. Айналыстың үшінші деңгейінде
өндірістік дайын өнімді (қызмет көрсету, жұмыс) мен ақшалай қаражаттарды
алу болып табылады. Осы деңгейде айналым қаражаттары қайтадан өндірістік
ортадан айналыс ортасына өтеді. Үзілген тауарлық айналыс жаңартылып,
тауарлық нысанындағы құн ақшалай нысанға өтеді. Өнімді дайындау мен сатуға
(қызмет көрсету, жұмыстар) кеткен қаражаттар сомасы мен өндірілген (қызмет
көрсету, жұмыстар) өнімнен түскен сомасы арасындағы өзгешелігі кәсіпорынның
ақшалай жинағын құрайды.
Бір айналымды бітіріп, айналым қаражаттары жаңа деңгейге түседі.
Айналым қаржыларының біркелкі қозғалысы өндіріс пен айналыс процесінің
үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Бұл айналым қаржыларының негізігі
өндірістік функциясы болып табылады.
Айналым қаржыларының талдауын жасаған кезде айналым қаржыларының
айналыс жылдамдығына әсер ететін негізгі факторларына көңіл аудару керек.
Олар төмендегі 1 суретте көрсетілген.
Айналым қаржылары қаржылық категориялардың ішінде негізгі біреуі
болып, өндірістік ортасына, айналыс ортасына, халық шаруашылығының есеп
жағдайы мен мемлекеттің қаржылық айналысына әсер етіп, өзінің үшінші
функциясын, яғни төлем есептік функциясын іске асырады. 2, 44 б.
Айналым қаржыларының түсінігі өндірістік пен айналыс қорларының
айналысын қаражатпен аванстау сияқты, осы категорияның оның толық
экономикалық мазмұнын ашпайды. Ол белгілі бір ақшалай қаражаттарын аванстау
өндіріс процесі кезінде пайда болатын қосымша өнімнің запас құнына аванстау
процесі сияқты жүретінін есепке алмайды. Сондықтан рентабельді
кәсіпорындарда қорлар айналымының қорытындысында, айналым қаржыларын
авансталған сомасы түскен пайда сомасынан неғұрлым үлкен мөлшерді құрайды.
Ал рентабельді емес кәсіпорындарда қорлар айналымының қорытындысында,
айналым қаржыларын авансталған сомасы түскен пайда сомасынан шығындар
арқасында неғұрлым азаяды.
Сонымен айналым қаржылары өзімен бірге қажетті мөлшердегі өндірістік пен
айналыс қорларының айналымын пайдалану мен жоспарлы құрылуын және
кәсіпорынның өндірістік бағдарламаларын даярлау мен уақытылы есеп жүргізуді
қамтамасыз ететін авансталатын қаражат нысанын құрайды. Айналым қаржылары
өзімен бірге материалды мен ақшалай ресурстарды қосатындықтан, олардың
ұйымдастырылуы мен тиімді пайдалануы материалды өндіріс процесі ғана емес,
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да тәуелді болады. 2, 43 б.
Айналым қаржыларының ұйымдастырылуы олардың тиімділігін жоғарлату жалпы
комлексті проблемаларының негізгісі болады. Айналым қаржыларының
ұйымдастырылуы келесілерді қарастырады:
- айналым қаржыларының құрамы мен құрылымын анықтау;
- кәсіпорында айналым қаржыларының сұранысын анықтау;
- айналым қаржыларының құрылу көздерін анықтау;
- айналым қаржыларын бақылау мен қозғалысын анықтау;
- айналым қаржыларының тиімділігі мен пайдалану қауіпсіздігінің
жауапкершілігі. 3, 56 б.
Айналым қаржыларының құрамына өндірістік қорлар мен айналыс қорларының
айналысын құрайтын элементтерінің жиынтығы кіреді.
Айналым қаржыларының элементтері болып: шикізат, негізгі материалдар мен
сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, жанар май мен
отын, ыдыс пен ыдыс материалдары, жөндеуге арналған бұйымдар, құрал -
жабдықтар, шаруашылық керек жарақ пен басқалар, аяқталмаған өндіріс пен
өзіндік дайындалған жартылай фабрикаттар, келешек мерзімнің шығындары,
дайын өнім, тиілген тауарлар, ақшалай қаражаттар, дебиторлар және тағы
басқалар.
Жоспарлау, есеп пен талдау тәжірибесінде айналым қаржылары келесідей
белгілер бойынша топталады:
1) өндіріс процесі барысында функционалды рөлі бойынша - айналым өндіріс
қорлары мен айналым қорлары;
2) бақылау, жоспарлау мен басқару тәжірибесі бойынша – нормаланатын және
нормаланбайтын айналым қаржылары;
3) айналым капиталының құрылу көздері бойынша – меншік айналым капиталы
мен қарыз айналым капиталы;
4) өтімділігі бойынша (ақшалай қаражатқа өту жылдамдығы бойынша) –
абсолютті өтімді қаржылар, тез өтімді айналым қаржылары, баяу өтімді
айналым қаржылары;
5) капиталды салымдарының тәуекелділік дәрежесі бойынша – минималды
дәрежелі тәуекелділігі бар айналым капиталы, төмен дәрежелі
тәуекелдігі бар айналым капиталы, орташа дәрежелі тәуекелдігі бар
айналым капиталы, үлкен дәрежелі тәуекелдігі бар айналым капиталы;
6) есеп стандарттары мен кәсіпорынның балансында көрсетілуі бойынша –
запастағы айналым қаржылары, дебиторлық қарыз, қысқа мерзімді қаржылық
салымдар, ақшалай қаражаттар, тағы басқа айналым активтері;
7) материалды мүліктік пайдалануы бойынша – еңбек заттары, дайын өнім мен
тауарлар, ақшалай қаражаттар мен есептегі қаражаттар. 1, 81 б.
Айналым қаражаттар құрылымының негізінде айналым қаражаттар жалпы сома
элементтерінің ара қатынасын белгілейді. 2, 49 б.
Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы экономиканың түрлі салалары
мен қосалқы сала бірдей емес. Олар өндірістік, экономикалық және
ұйымдастырушылық ретінің көптеген факторларымен анықталады.
Өндірістік кәсіпорындар үшін сипатты белгісі болып, айналым
қаражаттарының негізгі бөлігін дебиторлық қарыз тауарлық материалды
құндылықтардың запастары алып жатқандығы табылады. 4, 53 б.
Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың негізгі қағидаты нормаландыру
болады. Осы қағидатты жүзеге асыру экономикалық тұрғыдан меншік айналым
қаражаттарының қажетті шамасын орнату мен солардың көмегімен төлем есептік
пен өндірістік функцияларын жүзеге асыруда тиімді жағдай жасауға
көмектеседі. Қазіргі кездің қате тәжірибесі нормаланатын айналым
капиталдан бас тарту болып және ол төлем есептік тәртіптің құлдырау
себебінің бірі табылады.
Айналым қаржыларын дұрыс ұйымдастырудың негізгі қағидаты оларды тек
қажетті мақсатта пайдалану. Бұл қағидаттың бұзылу нәтижесінде айналым
қаражаттарының өндірістік айналым аванстаудан шығындарды жабу,
шаруашылықсыздан түсетін шығындар, қарыздар бойынша банк пайыздарының
жоғары төлемдері, салық төлемдерінің бюджетке төлеу нәтижесінде төлем
есептік тәртіптің дағдарысына, дайын өнім мен шикізат үшін жеткізушілерге
деген қарыздардың өсіміне, қызметкер мен жұмысшыларға төленетін еңбек
ақыға, салық төлемдері бойынша бюджеттік төлемдеріне әкеледі.
Айналым қаражаттарының ұйымдастырудың маңызды қағидаты болып, олардың
сақталуы, оңтайлы қолдануы мен айналымды тездету табылады. Кәсіпорынның
айналым қаражаттарын ұйымдастырылуы өзімен бірге сақталуға үздіксіз бақылау
мен тексерісті пайдалану тиімділігі мен статистикалық көрсеткіштерінің,
жедел және бухгалтерлік есеп негізінде іс жүргізеді. 5, 249 б.
Ал қаржылық ағым дегеніміз – депозиттік (ағымды) шоттар және қолма–қол
ақшалар, кәсіпорынмен барлық харекеті нәтижесінен түсетін және келешек
харекет шығындарына жұмсалатын ақшалай қаражаттар болып табылады. Сонымен
қатар ақшалай қаражаттар есебіне қысқа мерзімді жоғары өтімді бағалы
қағаздар, солардың ішінде мемлекеттік қазыналық вексельдер, банктік
депозиттік сертификаттар, ашық түрдегі инвестициялық қорлар түсімдері мен
артықшылығы бар акциялар алынады. Қаржылық қаражаттар мен өтімді бағалы
қағаздар запастары сала мен компанияның басқа салалары бойынша қозғалуға
мүмкіндігі бар. 4, 301 б.
Қаржылық ағымның құрылуының басты факторы болып, кәсіпорынның сатып
алушыға сатқан өнімнен түсетін төлем табылады. Қаржылық түсімдерінің есепті
ағымды көрсеткіштері – түсім мен сатудан түскен пайда болады. Түсім мен
сатудан түскен пайда кәсіпорынның қаржылық жағдайының бағасы ретінде өте
маңызды. Бірақ сонда да ол сатудан түсетін қаржылық ағымдары туралы ақпарат
жоқ болса, ол толық емес болушы еді.
Қорытындысында ақшаның бар болуы мен болмауы кәсіпорынның даму бағыты
мен мүмкіндіктерін, ал ақшалай түсімдердің төлемдерден жоғарлауы қосымша
пайда түсіру мақсатында ақшаны аудару болып табылады. Бірақ осында кейбір
жағдайларды ескерген жөн, кәсіпорын үшін оның төлем қабілеттілігін қолдап
тұратын өтімді активтер түрінде үнемі белгілі бір сома болуы қажет. 7, 17
б.
Сатудан түскен табыс – сатылған өнімге деген қосылған шығындар мен
есепті табыс арасындағы әртүрлілігі болады.
Ақшалай қаражаттардың ағымы бұл көрсеткіштерге тәуелді болады. Ол
өзімен бірге кәсіпорынның белгілі бір мерзімге ақшалай қаражаттарды төлеу
мен түсім арасындағы әртүрлілікті көрсетеді. Ақшалай қаражаттарды төлеу мен
табу өнімді дайындауға кеткен шығындар мен өнімді сатудан түскен пайдамен
байланысты емес.
“Кәсіпорынның ақшалай ағымы” түсінігі өте ауқымды, өзінің ішінде
шаруашылық харекетке қызмет ететін осындай көптеген ағымдардан тұрады.
Ақшалай ағымдарын тиімді бақылау мақсатында белгілі бір жіктелу қажет
болады. Осындай ақшалай ағымдарынның жіктелу келесідей топтастыру бойынша
жүзеге асырылады:
1. шаруашылық процеске қызмет ету масштабы бойынша;
2. шаруашылық харекет түрлері бойынша;
3. ақшалай қаражаттардың қозғалу бағыты бойынша;
4. көлемді есептеу әдісі бойынша;
5. игілік деңгейі бойынша;
6. уақытты бағалау әдісі бойынша;
7. қарастырылатын мерзімнің құрылу үздіксіздігі бойынша;
8. уақыт аралығының біртекті құрылымы бойынша 2, 382 б..
Қарастырылған сыныптама кәсіпорында ақшалай қаражаттар түрлерінің есеп,
талдау мен жоспарлауды жүзеге асыруға көмектеседі.
Ақшалай қаражаттардың қолма – қолды мен қолма – қолсыз кәсіпорынмен
алатын және жұмсайтын нысандағы ағымын менеджментте ақшалай ағымдар деп
атайды. Бұндай ағымдардың екі түрі кездеседі: оң және теріс.
Оң ағымдар өзімен бірге кәсіпорынның ақша қаражаттарының түсуін
көрсетсе, ал теріс ағымдар – кәсіпорынмен ақшаның кетуі мен жұмсалуын
анықтайды. Ақшаның кассадан немесе есеп шотқа ішкі тасымалы ақшалай
ағымдарға жатпайды. Ақшалай ағымның пайда болуы біріншіден кәсіпорынаралық
“шекараны” кесіп өту міндетін орындау болып табылады. Белгілі бір уақыт
мерзіміндегі ұлттық ағыс пен ағымның арасындағы ақшалай ағымдарының
айырмашылығын таза ақшалай ағым деп атайды. Ол да (ағыс немесе ағым) оң
және теріс болуы мүмкін 5, 362 б..
Жоғарыда айтылып өткендей, кәсіпорынның барлық ақшалай ағымдары негізгі
үш топқа бөлінеді: операциялық, инвестициялық және қаржылық харекетінен
түсетін ағымдар, өзінің ішінде ағыс пен ағымдар түрінде бөлінетін ағымдар
болып табылады.
Операциялық харекетінен түсетін ағымдар өнімді сатудан (қызмет
көрсету, жұмыс) түскен табыс, дебиторлық қарызды жабу, сатып алушылардан
түсетін аванстардан құралады. Операциялық ағыстар – бұл жеткізуші мен
мердігерлердің шоттарын төлеу, еңбек ақыны төлеу, бюджеттік және бюджеттік
емес қорларға төлемдер, несие пайыздарын төлеу жатады. Бұл тізім сонымен
бірге өзіне кәсіпорынмен жасалатын барлық айналым қаражаттарымен
операцияларды жатқызады.
Инвестициялық харекетінен түсетін ақшалай ағыстар өзімен бірге
негізгі қорлардан түсетін төлемдер, жаңа объекттердің құрылысына төлемдер,
пайда табу не оларды бақылау мақсатында кәсіпорындар немесе акция пакетін
сатып алу, басқа кәсіпорындарға ұзақ мерзімді қарыз беру жатқызады.
Сәйкесінше инвестициялық ағымдар негізгі қорларды сату мен аяқталмаған
құрылыстан, басқа кәсіпорындардың акция пакетін сатудан, ұзақ мерзімді
қарыздың қайтару сомасы, кәсіпорынмен белгілі уақыт мерзіміндегі акция
пакетін ұстау үшін алатын дивиденттер сомасы және ұзақ мерзімді қарыздармен
пайдаланғаны үшін қарыз алушылардың пайыздары.
Қаржылық ағыстар – бұл жаңа акциялар мен облигацияларды орналастырудан
түскен сома, басқа кәсіпорындарда не банктерден алынған қысқа мерзімді мен
ұзақ мерзімді қарыздар, басқа көздерден түскен бүтін қаржыландару болып
табылады. Ағыстар өзімен бірге қарыз бен несиелердің қайтарылуын,
облигацияларды қайтару, меншік акцияларды сатып алу, дивиденттерді төлеу
жатқызады. Бұл бөлім ішкі қаржыландыру көздерінен, яғни кәсіпорынның
негізгі харекетінен тәуелсіз құрылады. Қаржылық операцияларға негізінен
кәсіпорынмен алынатын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыздар мен банк
несиелері (соның ішінде вексель қарыздары) жатады. Бірақ несие үшін
төленетін пайыздар (мерзімге байланысты емес) кәсіпорынның операциялық
харекетіне жатады.
Кәсіпорының ақшалай ағымдарының барлық түрлерімен топталасуы есеп
беру ақпаратының аналитикалық тұрғыдан жоғарлатады. Қаржылық менеджер
(немесе несие беруші) кәсіпорынға қандай көздер пайданы үлкен көлемде
әкелетінін және қайсылары оларды үлкен көлемде пайдаланатынын көріп білуі
тиіс. Қанағатты жұмыс істейтін кәсіпоырнда таза ақшалай ағым нөлге
бағытталуы тиіс, яғни есеп мерзімі ішінде түскен ақщалай қаражаттар тиімді
түрде инвестицияланып қалуы қажет. Бірақ осы нәтижеге түрлі жолдар әкеледі:
негізгі қорларды көбейту мақсатында кәсіпорынмен пайдаланатын қолма – қолды
таза ағымды операциялық харекеті әкелуі мүмкін. Бірақ керісінше жағдай да
болуы мүмкін – кәсіпорын негізгі капиталының бір бөлігін сатқан кезде,
өзінің таза ақшалай ағымын операциялық харекетінен жабады. Бұл нұсқа
кәсіпорын үшін әсіресе жағымды емес, оның ақшалай қаражаттар негізгі көзі
ретінде оның мүлікті сату емес операциялық харекеті болуы тиіс.
Ақшалай қаражаттардың баланстық қалдықта белгілі бір мерзім ішінде
ұлғаю не азаю себебі активтер және пассивтер баланс құнының өзгеруінен
тәуелді болады. Қайсы бір актив бабының ұлғаю құны (ақшалай қаражаттардан
басқа) – ақшалай қаражаттардың азаюын көрсетеді. Және керісінше қарыз және
меншік көздерінің қаржыландырылуы ұлғайса, ақшалай қаражаттардың қалдық
факторының ұлғаюы болып табылады.
Сәйкесінше, ақшалай қаражаттар қалдығының өзгеруін кәсіпорынның
активтер мен пассивтерді қадағалау қаржылық саясаты түрінде қарастыруға
болады. Солардың қатарына:
а) айналымнан тыс активтердің әр бір элементі бойынша ұлғаю не азайту
қажеттілігі туралы шешім қабылдау;
ә) запастарды бақылау, соның ішінде қажетті запастардың негізгі құнын
анықтау, неғұрлым қымбат шикізат пен басқа да материалдық құндылықтарды
сатып алу;
б) дебиторлық қарызды бақылау, яғни сатып алушылар мен басқа
дебиторлармен есеп шарттарын жүргізу, сенімсіз дебиторлық қарызды көшіру,
мерзімі шыққан қарызды қайтаруды ынталандыру;
в) меншік капиталының қажетті мөлшері мен оның қарыз қаржыландыру
көздерімен байланысы туралы шешім қабылдау;
г) кәсіпорын үшін тиімді жеткізушілермен есеп міндеттерін қамтамасыз
ету;
д) ұзақ мерзімді мен қысқа мерзімді қарыздар мен несиелерді пайдалану
қажеттілігі мен ықтималдығын анықтау.
Осы мәселелердің барлығы төлеу қабілеттілігін, кәсіпорынның несие төлеу
қабілеттілігін мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін ақшалай
қаражаттардың қажетті қалдығына және активтер мен пассивтердің құрылысына
әкелуі керек. 7, 251 б.
Ақшалай ағымның құрылымын басқа факторлар тобының негізінде бағалау
мүмкіндігі бар – ақшалай қаражаттардың түсу көзі мен олардың пайдалану
бағыттары бойынша (1 кесте).

1 кесте.

Ақшалай ағымның құрылуы

№ Ақшалай қаражаттардың Ақшалай қаражаттардың жұмсалуы
түсімі
1 Тауар, өнім , қызмет көрсетуденСатып алынған тауарлар, жұмыс пен
түскен пайда. қызмет көрсетуге төлеу.
2 Мүлікті сатудан түскен пайда. Еңбекті төлеу.
3 Қабылданған аванстар. Бірегей қоғамдық қорға аударымдар.
4 Бюджеттік және басқа бағытты Есеп сомалар мен аванстарды төлеу.
қаржыландыру.
5 Өтеусіз қабылдау. Құрылыста бөлшекпен қатысу.
6 Несиелер мен қарыздар. Машиналар, құрылыстар мен
құрылғыларға төлеу.
7 Қаржылық түсімдердің Қаржылық аударымдар.
дивиденттері мен пайыздары.
8 Басқа түсімдер. Бағалы қағаздар бойынша пайыздар мен
дивиденттерді төлеу.
9 Бюджетпен есептесу.
10 Қарыздар мен несиелер бойынша
негізгі қарыз сомасын төлеу.
11 Басқа да қажетті төлемдер мен
аударымдар.

Ақшалай қаражаттардың түскен мен төленген сомалары арасындағы
айырмашылық ақшалай қаражаттар баланстық қалдығын соңғы мерзімге
белгілейді.
Кәсіпорынның қаржылық қорытындылар талдау қорытындысы кәсіпорынның
қаржылық жағдайының жалпы бағасымен сәйкес келіп, түсімдердің мөлшерінен
емес, кәсіпорынның қарыздарын өтеу қабілеттілігі не активтердің
өтімділігімен сәйкестелуі.
Бухгалтерлік баланс пен ақшалай қаражаттардың қозғалу есебі бойынша
ақшалай қаражаттардың қалу себебін және олардан сандық негізгілерін
анықтап алуға болады. Осы сұрақ бойынша қосымша ақпаратты пайда мен шығыс
туралы есеп береді.
Пайда мен шығыс туралы есеп – бұл түсім мен шығыстардың алынуымен
байланысты құрылымды ақпаратты көрсететін есеп. Шығыстардың құрылымы
функционалды немесе ресурстық белгі бойынша құрылу мүмкін.
Баланстық есеп – бұл кәсіпорынның есеп беру мерзімінің соңына қараа
активтер мен пассивтер туралы құрылымды ақпаратты көрсететін есеп.
Активтердің өтімділігі азаю деңгейімен және пассивтерді міндеттемелер мен
меншік капиталға бөліп көрсетеді.
Ақшалай қаражаттардың қозғалу есебі – бұл кәсіпорын харекетімен
байланысты ақшалай ағымдары туралы құрылымды ақпараты бар есеп болып
табылады. Олар өзімен бірге негізгі, қаржылық және инвестициялық ағымдарға
бөлінеді.
Ақшалай қаражаттардың қозғалуы есебінің негізгі міндеті болып,
кәсіпорынның есеп мерзіміндегі ақшалай қаражаттардың төленуі мен түсуі
туралы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ақпарат келесі
сұрақтарға жауап береді:
• фирма келешекте өсу мақсатында негізгі және айналым активтерді сатып
алу үшін қажетті қаражаттарды ала ма;
• кәсіпорынның қажетті өсуіне қамтамасыз ететін ішкі қаржыландыру
көздерінен қосымша қаржыландыру керек пе;
• жаңа өнім өндіру немесе қарызды өтеу мақсатында қажетті бос ақшалай
қаражаттармен фирма иелене ме;
• кәсіпорын бағалы қағаздар эмисиясын жасаған ба, иә болса, онда бұл
қаражаттар қандай мақсатпен пайдаланған 5, 56 б..
Ақшаның қозғалу есебінің негізгі мақсаты ақшалай ағымның көлемін
анықтау емес, ақшалай есеп пен бап арасындағы ақшалай сомасын бастапқы және
соңғы мерзімге есептеу сиқты болады. Бұны баланс көмегімен жасауға болады.
Ақшаның қозғалыс есебін құру мақсаты негізгі ақшалай ағымның бағыты мен
кәсіпорыннан шығу бағыттарын талдау болып табылады.
Компанияның ішкі міндеттер қаржыландыруды бақылау, кәсіпорынның
қаржылық ресурстарының инвестициялық харекетінен және оның келешек
қажеттіліктері мен келешек қаржылық жағдайын болжамдаудан құралады.
Ақшалай қаражаттардың қозғалыс есебін құрастыру үшін келесідей ақпарат
қажет:
• кәсіпорынның бастапқы және соңғы мерзімге баланс;
• мерзім ішінде түсім туралы есеп;
• активтерді сату, жеткізушілермен есеп пен пайдаланушылардан түскен
түсім туралы қосымша ақпарат және тағы басқалар.
Ақшалай қаражаттардың қозғалу есебі – бұл ақшалай қаражаттардың ағымы
негізінде қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпарат жиыны. Ол келешек
ақшалай қаражаттардың түсімін болжамдауға көмектеседі, фирманың қысқа
мерзімді қарызын төлей алу қабілеттілігн бағалауға және дивиденттерді
төлеу, қосымша қаржылық ресурстарды қабылдау қажеттілігін бағалауға
көмектеседі. Осы есеп қаржылық жағдайының өзгеруі туралы есебі ретінде
немесе арнайы нысан ретінде ақшалай қаражаттардың 3 топқа бөлінуімен
байланысты: шаруашылық, инвестициялық және қаржылық орта ретінде болуы
мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық көрсеткіші ретінде запастар мен
шығындарды құрайтын көздер қаражатының жетіспеушілік пен артықшылық болады.
Бұндай артықшылық пен жетіспеушілік запастар мен шығындардың шығу көзі
көлемінің айырмашылығы негізінде құрылып, сонымен қатар осы запастар мен
шығындардың белгілі бір көздер түрлерімен қанағаттанады.
Кәсіпорынның тиімді жұмысы мен өндірістің барлық факторларын
пайдалануы оның қандай көлемде табысты алу харекетімен мінезделеді.
Қолданған ресурстар бірлігіне келетін табыс неғұрлым көп болса, соғұрлым
кәсіпорын капиталының инвестициялануы тиімді болады. Осындай жағдайда
кәсіпорынның тиімді харекетін негіздейтін көрсеткіш ретінде рентабельділік
қарастырылады, бұл авансталған қаражаттардың табыстылығын немесе сатылған
өнімнің айналым көлемін көрсетеді. Кәсіпорынның бәсекелес қабілетін
қанағаттандыру үшін бар көңіл қолданған ресурстардың рентабельдігіне
аударылады, себебі қызмет ететін капиталдың әр бір теңгесінің табыстылығын
көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау кезінде табыстылықпен
байланысты келесідей басқа да көрсеткіштер: жалпы табыс сомасына қосылатын
ұлттық пен таза табысқа қатынасы бар ұлттық өнім нормасы мен таза өнім
нормасы қолданылады. Барлық белгілелер табыстар мен шығыстар есебінен
алынып отырады. Түскен көрсеткіштер кәсіпорынның рентабельділігін
салықтарды төлеуге дейін мен төленгеннен кейін көрсетеді. Рентабельділік
бағасын кәсіпорындар харекетін салыстырғанды қолданған тиімді болады.

2. Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқарудың
ұйымдық - құқықтық негіздері

Кәсіпорынның қаржылық ағымдары мен қаржылық айналымдарын басқарудағы
көптеген ұйымдық – құқықтық негіздер, яғни заңдар қолданылады және солардың
харекеті негізінде қызмет етеді.
“Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы” 1998 жылғы қазанның 7-сіндегі Қазақстан Республикасының
заңына сәйкес кәсіпорынның харекеті негізделеді. Қазақстан Республикасының
Конституциясының 8 бөлімнің 85,87,89 баптарына сәйкес қызмет етеді. Яғни 85
бапқа байланысты жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің
жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдікті және атқарушы органдар жүзеге
асырады. 87 бап бойынша:
1. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы
органдарының біріңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтық мүддесі мен даму
қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын
жүргізу қамтамасыз етеді.
2. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
1) аумақта дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын
қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншікті басқару;
3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және
қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын
ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселерді шешу;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен
жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілдіктерді жүзеге
асыру;
3. Жергілікті атқарушы органды Республика Президенті мен үкіметтің
өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік – аумақтақ бөлінісінің әкімі
басқарады...
... 6. Жергілікті атқарушы органдардың құзыры, ұйымдастырылуы және олардың
қызмет тәртібі заңмен белгіленеді 9, 4 б..
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 6 бөлімдегі 102,103,104
баптары бойынша мемлекеттік кәсіпорын туралы негізгі ережелер мен оның
сыныптамасы бейнеленген.
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі бойынша мемлекеттік
кәсіпорындарға:
1) шаруашылықты жүргізу құқығына негізделген;
2) оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын)
кәсіпорындар жатады.
2. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар (үлестер,
жарналар) бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлердің арасында
бөлуге болмайды.
3. Мемлекеттік кәсіпорындардың фирмалық атауында мүлкін меншіктеуші
көрсетілуге тиіс.
4. Мемлекеттік кәсіпорын үәкілеттік мемлекеттік органның шешімі бойынша
құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.
5. Мемлекеттік кәсіпорынның органы уәкілдік берілген орган тағайындайтын
және оған есеп беретін басшы болып табылады.
7. Мемлекеттік кәсіпорынның құқылық ережесі Кодексте және өзге де заң
құжаттарында белгіленеді.
103 бап бойынша, шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын:
1. Құрылтайшы бекітетін шаруашылық жүргізу құқығына негізделген
кәсіпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.
2. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын өз міндеттемелері
бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді.
Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын мемлекеттің
міндеттемелері бойынша жауапты болмайды.
Осы Кодексте өзге де заң актілерінде көзделген реттерді қоспағанда,
мемлекет шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорынның
міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
104 бап негізінде Қазыналық кәсіпорындар:
1. Жедел басқару құқығымен мүлкіне ие болған кәсіпорын қазыналық
кәсіпорын деп танылады.
2. Қазыналық кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе
жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылады.
3. Құрылтайшы бекіткен қазыналық кәсіпорынның жарғысы оның құрылтай
құжаты болып табылады.
4. Жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорынның фирмалық атауында
кәсіпорынның қазыналық болып табылатындығын көрсетілуге тиіс.
5. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі жарғыда көрсетілген оның
мақсаттарымен және міндеттерімен белгіленеді.
6. Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік – аумақтық бөлініс қазыналық
кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауаптылығын өз
мойнына алады. Шарттық міндеттемелер бойынша жауапершілік мемлекеттік
кәсіпорын туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен туындайды.
Бірақ “Қазақавтожол” РМК 2000 жылға дейін ғана Қазыналық мемлекеттік
кәсіпорын болғандықтан, кейін республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып
қаланды. Сондықтан осы жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексінің 104 бабы оның қызмету ету херекетіне жауап бермейді 10, 90 б..
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген нақты Заң күші
бар облыстық жергілікті мемлекеттік басқаруды, басқа да жергілікті атқарушы
органдарының қызмет ету харекетінің негіздеуді бейнелейді. 2001 жылдың 23
қантардың №148 жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңы кәсіпорын
харекеті 1 бөлімнің 2,3 және 4 баптары бойынша бақыланады. Бұл Қзақстан
Республикасының Конституциясына сай жергілікті мемлекеттік басқару жүзеге
асырылады және Қазақстан Республикасының Заңына қарсы шықпайтын Алматы мен
Астана қалалары шекарасына шек қоймай іске асырылады.
3 бабы бойынша, жергілікті мемлекеттік басқаруды экономикалық және
қаржылық харекеті негізін:
1. мемлкеттік бюджет;
2. заңды коммуналды тұлғаға бекітілген мүлік;
3. Қазақстан Республикасының заңымен сәйкес басқа да меншік мүлік қоры
бейнелейді.
4 бабында маслихаттар (яғни республикалық мемлекеттік кәсіпорындар)
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына сәйкес қызмет етіп,
яғни мемлекеттің барлық стандарттарына сай харекетін жүргізіп, ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жалпымемлекеттік ішкі және сыртқы, қаржылық
және инвестициялық саясатына қарсы шешімдерді қабылдамау, Қазақстан
Республикасының стратегиялық жоспарларға сәйкес шешім қабылдау, Қазақстан
Республикасының шекара бойында тауарлар, қызмет көрсету, капитал, қаржылық
айналымдарына кедергі болмайтындай етіп қызмет ету 11, 5 б..

2 “Қазақавтожол” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІ

1. “Қазақавтожол” Республикалық Мемелкеттік Кәсіпорынның қаржылық
қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау

Қазақстан соңғы онжылдықта халықаралық интеграциялық процестердің
белсенді қатысушысы болды. Экономикалық интеграцияның негізгі элементі
болып, сервистік қызмет көрсетуі жоғары транзиттік және жолаушы тасуды
қамтамасыз ететін, көлік инфрақұрылымның сапалылығы.
Автомобиль жолдары мен жол сервисі саласының сапалылығы алдында,
қазіргі кезде автожол саласына жаңа міндеттер қоюда. Бұл проблеманың
қөпжақты болғандықтан, автомобиль жолдарын дамыту туралы мемлкеттік
саясатын өткізуді қажет етеді.
Осы мақсаттарға жету үшін 2006 – 2012 ж. арналған жол саласын дамыту
Бағдарламасы жасалынды. 2010 ж. дейінгі Қазақстан Республикасының
Үкіметімен 5.09.2003 ж. № 903 “2003 – 2006 ж.ж. Қазақстан Республикасының
Үкіметімен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер жоспары Бағдарламасы туралы”
қаулысына негізделген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспары
қабылданды.
Бұл Бағдарлама келешекте автомобиль саласының экономикалық және
техникалық реформалау жағынан автокөліктік тасымалдауды дамыту, жалпы
қолданыстағы автомобиль жүйесін халық пен мемлекет сұраныстарын
қанағаттандыру мақсатында бағытталған.
Жүзеге асыру көлемінде автомобиль жолдарының жүк көтергіш
учаскелерінің техникалық жақсарту жұмыстарын мен жарамсыз көпірлерді қайта
жөндеуі жоспарланып отыр.
2001 – 2005 ж.ж. автомобиль жолдары саласын дамыту мемлекеттік
Бағдарламасына сай республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының
көзделген 16 487 км ішінен 11346 км мен көзделген 65 көпірдің ішінен 45
көпірді толық және орта жөндеу жұмыстарын жүргізу, жолдар құрылысын
қорытындылау болып табылады.
Автомобиль жолдарын дамыту Бағдарламасына сай оларды пайдалану,
ағымдағы жөндеу мен көгаландыру жұмыстары бір көзден шығатын сатып алулар
мен автомобиль жолдарын жөндеуді әзірлеу сайыста қатысумен анықталады.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы 3 226 207 423 (үш миллиард екі жүз
жиырма алты миллион екі жүз жеті мың төрт жүз жиырма үш) теңгені құрайды.
Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу мерзіміне қарай жарғылық қор түгелдей
құрастырылған.
Кәсіпорын 322 620 742 (үш жүз жиырма екі миллион алты жүз жиырма мың
жеті жүз қырық екі) теңге көлемінде резервті капиталын құрайды, бұл тек
қана шығындарды, бюджет алдында міндеттемелерді, мемлекеттік несиелерді
жабу үшін және Кәсіпорын үшін қажетті қаражаттар керек болған кезде
пайдаланылады.
Кәсіпорынның негізгі міндеті:
“Қазақавтожол” РМК мемлекеттің тұрақты да, жоғары тиімді құрылысшы ретінде
республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күту, жөндеу мен көгаландыру
жұмыстарын іске асыру болып табылады.
Сондықтан 09.12.1998 ж. № 1266 Қазақстан Республикасының Үкіметімен
“Қазақавтожол” Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын қаланған.
Кәсіпорынның негізгі функцияларының ішінде жол саласында бірігей техникалық
және нормативтік саясатты жүзеге асыру автомобиль жолдарда жүйені басқару
мен оларды жалпы пайдалану, тапсырыс берушінің жөндеу мен құрылыс бойынша
барлық функцияларын орындау.
1999 ж. республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қадағалау
мақсатында 39 өндірістік жол учаскелері, 1 орман учаскесі мен 91 жол
пайдаланушы пункті пайда болған.
12.02.2000 ж. № 227 Қазақстан Республикасының “Жол құрылысының қайта
құрылу сұрақтары” қалауымен “Қазақавтожол” Республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпоырны шаруашылықты жүргізу құқығы негізінде “Қазақавтожол”
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын атағына ие болды. Тапсырыс берушінің
мен мемлекеттік басқару мүшенің функциясы автомобиль жолдарының
ұйымдастырушы Комитетіне берілді, яғни “Қазақавтожол” РМК бақылаушы мүшесі
болды.
14.10.2000 ж. № 1527 Қазақстан Республикасының Үкіметімен “Жол
саласы жайындағы кейбір сұрақтар” қалауымен “Қазақавтожол” РМК жалпы
пайдаланудағы жолдарын жөндеу, көгаландыру, күту мен өндірістік жұмыстар
бойынша бірегей мердігер болды.
2000 ж. өндірістік жол учаскелері жол пайдалану учаскесі атуына
ауыстырылды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қадағалау 2000 ж.
қараша айына 18885 км ұзақтығына 59 жол пайдаланушы учаскелері, 1 орман
салу учаскесі мен 179 жол пайдаланушы пункті салынған.
23.06.2004 ж. № 692 Қазақстан Республикасының Үкіметімен
“Қазақавтожол” РМК шаруашылық жүргізу құқығын қайта Қазақстан
Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары
және инфрақұрылымдық кешен құрылысы Комитетінің “Қазақавтожол” шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын базасында жол салу
филиалы салынды.
01.07.2005 ж. № 683 Қазақстан Республикасының Үкіметі “Қазақстан
Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланушылық автомобиль
жолдарының классификация ережелерін қабылдау” қалауымен республикалық
маңызы бар жолдар жүйесі 23911 км-ге дейін ұлғайды. 06.01.2006 ж. № 3
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық маңызы бар автомобиль
жолдарының қатарына “Казталовка-Жанибек-РФ шекарасы мен Ленинский-Ақсу-
Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов қаласы автомобиль жолдарын қосу туралы” қалауы
мен жоғарыдағы 389 км ұзақтығы бар республикалық маңызы бар автомобиль
жолдарының маңызы бар автомобиль жолдарының қызмет ету жүйесіне 23508 км
құрайды.
01.01.2006 ж. жағдайына “Қазақавтожол” РМК құрамында 14
облыстық филиалдары мен мобильдік жұмыстары бойынша Ұсынушы бар. Облыстық
филиалдар құрамында – 86 жол пайдаланушы учаскелері, 5 орман учаскелері, 2
өндірістік жол учаскелері мен 200 жол пайдаланушы пункті енгізуде. Жол
пайдаланушы учаскелері мен жол пайдаланушы пункті өндірістік базала, сапалы
жұмысшылар арқасында пайда болған. Орташа шамамен 1 жол пайдаланушы
учаскесі 270-320 км қызмет етеді, ал жол пайдаланушы пункті автомобиль
жолдарының 30-120 км дейін. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облысы,
Қарағанды мен Павлодар облыстарында автомобиль жолдарын көгаландыру
жұмыстарының көлемі үлкен болғандықтан орман отырғызу учаскесі бар.
Жол пайдаланушы учаскесі мен пунктімен жүзеге асырылатын
облыстық филиалдар өндірістік поцесстің дұрыс жүргізуін қадағалайды:
-қосымша тапсырыс портфелін қалау,
-жол пайдаланушы учаскесіне жұмыс шектеуліктерін жеткізу,
-жасалған жұмыс көлемі мен сапасын бақылау,
-жұмыстың алу-берулерін ұйымдастыру,
-жол пайдаланушы учаскесін материалды ресурстармен қамтамасыз ету.
Түрлі өндірістік пен жедел бақылаушы шешімдерді қабылдау толығымен
филиалдарға берілген.
Жол пайдаланушы учаскесі мен пункті тек өндірістік процесте қатысады.
Филиалдарды басқару аппараты мен Ұсынушысымен жұмысшылардың штаттық
кестесі 01.01.2006 ж. Бас директорымен қаланып және керек кезінде
өзгерістер енгізілуде.
Орталық аппарат жалпы ұйымдастырудың, методикалық, филиалдарға
байланысты бақылау функцияларын атқарады. Солардың ішінде:
-нарық талдауы, кәсіпорынның негізгі даму жайттары, стратегиялық жоспарлау;
-филиалдар ресурстарымен байланысты жоболары мен бағдарламаларын қаржылық
пен материалдық даму жайттарын негіздеу;
-кәсіпорынның, филиалдар жүйесінің функциялау методикалары мен жалпы
қағидаттарының дамуы мен қабылдануы;
-кәсіпорынның бірегей инвестициялық, есеп, техникалық, кадрлық саясаттар
қағидаттарының құрылуы, болжамдау жүйесі, тендрлерде қатысу методикалары;
-ішкі аудит, талдау, филиалдар харекетін бақылау;
-шикізат, материал, техниканың орталықтандырылған сатып алынуы;
-жоболарды бақылау мен ұйымдастыру.
Кәсіпорын харекетінің негізгі бағыттарымен мен кәсіпорынның орталық
аппаратының құрамында негізгі 3 бақылаушы берілген: жоспарлы-экономикалық,
мемлекет сатып алулар, құқықтық, кадрлық пен әкімшілік шаруашылық
жұмыстары, өндірістік-техникалық.. 16.11.2006 ж. Бас директорымен қаланған
2006 жылға штаттық кестесі өзімен бірге 42 адамды қарастырады. 01.12.2006
ж. жағдайында нақты жұмысшылар саны 40 адам, ал екеуі вакантты орындар
болды.
Кәсіпорынның мақсаттары:
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланатын автомобиль жолдарының ағымдық
жөндеу мен көгаландыру, мемлекет тапсырыс пен күту жұмыстарын жүзеге асыру;
жасанды құрылғылары, автомобиль жолдарын пайдалану мен орталық жөндеу
жұмыстарын жасау;
жалпы пайдалануларын автомобиль жолдарында көлік құралдарының үздіксіз
қозғалуын қамтамасыз ету.
Негізгі мақсаты: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жүйесін
көгаландыру, аралық жөндеу мен пайдаланушы ретінде “Қазақавтожол” РМК
уәкілетті, тұрақты, жоғары сапалы мемлекеттік мердігер болу.
Өндірістің технологиялық жұмыстары: орталық жөндеудің қызметі –
тозудың бөлшекпен алмастырылуы, жабылымдардың тегіс болуы, жер бөлімдерінің
бүлдірулерін түзелуін, жасанды және қорғаныс жерлердің сумен қамтамасыз
етілуі. Орталық жөндеудің жұмыс көлемі тізімдер негізінде қаржылық сметалық
есептеумен белгілейді. Автомобиль жолдарының орталық жөндеу жұмыстары
келесідей:
А) жер мен су бөлімдері бойынша:
су кетуші ойыстарының тазартылуы, жаңа ойыстарды қазу, қазылған мен
жабылған ойыстарды түзеу, қорғаныс пен жасанды құрылымдарының бүлдірулерін
түзеу, жер ойыстарын шөппен жабу;
қар бар жерде немесе кеппеген жерге қосымша жер себу, ойысшыл жерлерді
тегістеу;
сепкіш, кескіш жұмыстарын даярлау мен жолаушы жерлерін жоспарлау;
Б) жол кешектері бойынша:
асфальт-бетон салынған жерлеріндегі тозуын қалпына келтіру мен кейбір
учаскелерде қайта салу;
белгілі бір бетонды жерлерді тегістеу немесе алмастыру;
жол бетін жақсарту мақсатында материалды қоспаларын пайдалану;
көпір жолдарындағы белгілі бір жерлерінің бетін алмастыру;
жол жүру жерлерін цемент, шлакпен, гравиймен салу арқылы жақсарту;
қауіпті жерлерде вираждарды орналастыру.
В) жасанды құрылымдарда:
42 м дейін жететін жол серіктері мен көпірлерді толық немесе бөлшек қайта
жөндеу жұмыстары, су тасушы құбырғыларға қосу;
көпір үстінде қиын емес жөндеу жұмыстарын жасау;
көпір элементтерін сырлау жұмыстары.
Г) жол жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру:
жолаушы, жаяу жол жерлерін орналастыру мен жөндеу;
қорғаныс жерлерін, жол белгілеулерін орналастыру;
автомобиль тұрақтарын, демалыс жерлерін қамтамасыз ету.
Аралық жөндеу жұмыстары: аралық жөндеу қызметі – жол жүру жерлерінің
пайдалану кезінде пайда болуын орташа бүлдірулерін жөндеу.
Автомобиль жолдарын аралық жөндеу жұмыстары келесідей:
А) жер бөлімдері бойынша:
жер, су, резервтерінің бөлшек жөндеу жұмыстары;
бөлшек , ойыстарды себу, қазу жұмыстары;
белгілі бір учаскелерде ойыстарды жоспарлау.
Б) жол кешектері бойынша:
цементтелген, бетон беттеріндегі ойыстарды себу, жөндеу;
барлық тегістеу түрлерде ойыстарды себу;
жолдарды кальциймен, дегетпен, битуммен және басқа да материалдармен
қамтамасыз ету;
жол жағаларын, құрылыстарды сырлау.
В) жасанды құрылымдар бойынша:
құрылымдар элементтерінің кейбір бүлдірулерін жөндеу;
тас тегістерін жөндеу;
бүлдірілген жерлерді, қосымша қабырғаларды жөндеу.
Г) жол жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру:
керекті белгілеулерді орналастыру, кейбір белгілеулерді сырлау, жөндеу,
қалпына келтіру;
көру ортасын ашу үшін кейбір ағаштарды, бұтақтарды кесу.
Жолдарды пайдалану: жол құрылғылары мен жолдарды лезде қалпына
келтіру. Қысқы мерзімде жолдарды пайдалану – қардан қорғау және қарды
тазалау, жол құрылғыларын мен жолдарды сақтау жағдайларын туғызу, қысқы
уақытта автокөліктерінің үздіксіз жүруін қамтамасыз ету.
Қысқы мерзімдік жұмыстарға:
қардан қорғау құрылғыларын дайындау;
қардан қорғау құрылғыларын жөндеу, орналастыру;
тайғанақпен күресу;
автобус аялдамаларын, демалыс орындарын қардан және мұздан тазарту.
Жолдарды көгаландырудың мақсаты: қар басылымдардан мен тас
басылымдарынан қорғауды қамтамасыз ету, архитекторлы-шаруашылық негізде
ұйымдастырылуы.
“Қазақавтожол” РМК-да өз күшімен істеген жұмыстан кіріс көлемі ұлғаюда.
(2001 ж. – 3 млрд тг., 2002 ж. – 3,1 млрд тг., 2003 ж. – 4,2 млрд тг., 2004
ж. – 4,5 млрд тг., 2005 ж. – 4,6 млрд тг.) және әр бір жұмысшыға шаққандағы
жұмыс көлемі ұлғаюда (2001 ж. – 872 мың тг., 2002 ж. – 365 мың тг., 2003
ж. – 1108 мың тг., 2004 ж. – 1226 мың тг., 2005 ж. – 1299 мың тг., 2006 ж.
жоспармен – 1300 мың тг.). Осы резервтерінің өндірістік еңбек жағынан
ұлғаюы жұмыс көлемі өсу қарқыны жұмысшылар санынан көп болуын көрсетеді,
өндірістік процесті оңтайландырудың факторы.
Нақты бәсеке ортасы негізделіп, 2001 ж. бастап жол саласын
қаржыландыру ұлғайды. Бірақ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын
аралық жөндеу, көгаландыру, күтуде, құрылғылары мен механизмдері,өндірістік
учаскелерін кадрлармен қамтамасыз ету саласында да бәсекелестері жоқ..
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстары
“Қазақавтожол” РМК-ң бүгінгі күніне нарықтың 14,4 % құрайды. Нарықтық
кейбір саласында әр түрлі қаржыландырудың ұлғаюынан бәсекенің үлкеюі
қарастырылады.
Соңғы жылдары техникалық қамтумен үлкен тәжірибесі бар көптеген
құрылыс обьектілерінде ұлттық компаниялар қызмет атқаруда. Ал орта құрылыс
обьектілерде ұлттық компаниялардың шамасы өте зор, бірақ машина мен
механизмдермен қамтамасыз ету төмен деңгейде. Автожолдарын пайдалану
саласында Кәсіпорын алғы қатарда.
Жол қызметі нарығында ең негізгі фактор болып, қызмет көрсетудің
бағасы табылады. “Қазақавтожол” РМК авомобиль жолдарын үлкен масштабта
жөндеу жұмыстарын жасау мен дер кезінде техникамен қамтамасыз етуді
делелдей алатын кәсіпорын.
Сонымен қатар “Қазақавтожол” РМК компаниясының орындайтын
факторларының ішіне қызмет көрсетудің сапасы мен олардың жедел түрде
атқарылуы кіреді.
Көптеген жылдар бойы кәсіпорын көптеген халықаралық сайыстар мен
жәрмеңкелерде қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары мен теледарға жарнама
беру, жарнама буклеттерін даярлаумен айналысады.
Кәсіпорынның харекет күші заңды түрде негізделген және лицензиясы бар.
14.12.2000 ж. Астана қаласының архитектура мен құрылыс Департаментімен №
002287 архитектура, құрылыс пен салу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының экономикалық сипаттамасы
Компанияның ақша ағымдарын басқарудың теориялық негіздері
Компанияның ақша ағымдары
МАҚТА ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ - АҚША АҒЫМДАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
«БИАР» ЖШС-нің АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
Кәсіпорын құнын бағалау
ЖШС ЖЕДЕЛ БАСУ БАСПАХАНАСЫ қаржылық есептілігін талдау
«Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің өндірістік – қаржылық қызметі
Бухгалтерлік есеп тәсілі
Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықтың қалыптасуы мен дамуының алғы шарттары
Пәндер