Қырғызстанның мемлекеттік және тәуелсіз басылымдарының ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Журналистика факультеті
Халықаралық журналистика кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
«Қырғызстанның мемлекеттік және тәуелсіз басылымдарының ерекшеліктері»
Орындаған:
4 курс студенті:
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы
Кафедра меңгерушісі:
ф. ғ. к., доцент
Норма бақылаушы:
аға оқытушы
Халықаралық журналистика
Кафедрасы меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 2
I тарау
Қырғызстандағы баспасөз журналистикасына жалпы шолу
1. 1 Қырғызстанның тәуелсіз және мемлекеттік басылымдары . . . 7
1. 2 Қырғызстанның тәуелсіз басылымдарымен мемлекеттік басылымдарының арасындағы ерекшеліктері . . . 16
II тарау
Қырғызстан және Қазақстан басылымдарының айырмашылығы
2. 1 Қазақстан Республикасының «Жас Алаш» газеті мен Қырғызстандағы «Республика» газетінің ерекшеліктері . . . 28
2. 2. «Егемен Қазақстан» газеті мен «Слово Киргизстана» газетінің ерекшеліктері . . . 40
Қорытынды . . . 47
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 50
Кіріспе
Қырғызстан Республикасындағы БАҚ саны халқының аздығына қарамастан, өте көп. Алайда санаулы-ақ ақпарат құралдарының ғана күнделікті оқырмандары бар. Бәсекелестік тек қана бірнеше ақпарат құралдарының арасында ғана жүреді. Қырғызстандағы БАҚ-ты мынадай категорияларға бөлсе болады:
- Тіліне қарай;
- Жарыққа шығару технологиясына қарай;
- Таралымына қарай;
- Ұстанымына қарай (мемлекеттік және тәуелсіз) ;
Республикадағы баспа журналистикасының саны көп болғанымен, олардың ішінен оқуға татырлығы аз. Олардың арасында сары басылымдары да бар. Мемлекеттік басылымдар көбінен үлкен өзгеріске ұшырап отыратындардың бірі болып есептелінеді. Асқар Ақаев орнынан түскеннен кейін, мемлекеттік басылымдар түп-тамырымен өзгерді десе де болады. Билік басына келген Құрманбек Бакиев мемлекеттік басылымдарға өзінің ойын салады. Сөйтіп, мемлекеттік басылымдар 180 градусқа өзгерді. Өздерінің саяси ойларымен тарататын ақпараттарыда өзгеріске ұшырады.
Қырғызстан Республикасында журналистика саласы жақсы дамыған. Оның ішінде басылымдарға деген сұраныс көп. Әсіресе оқырман қауымның ішінде. Сонымен Қырғызстан Республикасының баслымдары екіге бөлінеді. Тәуелсіз және мемлекеттік болып. Тәуелсіз басылымдар мемлекет тарапынан ешқандай көмекті талап етпейді. Олар өз бетінше қызмет етеді, олардың ең басты қаражат көзі демеушілер, ол дегеніміз елдің тәуелсіз басылымдарына жаны ашитын ағалар мен көкелер. Және екінші қаражат көзі ол - жарнама. Жарнама бұндай газет, журналдардың қырық пайызын алады. [4]
Ал мемлекеттік басылымдар аты айтып тұрғандай, мемлекеттен қаражаттанады. Және биліктің айтуы бойынша жүреді. Бұл басылымдарда көбінен билік басшыларының іс қағаздары, олардың қаулылары және қабылданған заңдар, ресми жаңалықтары басылып шығарылады.
Ақпарат құралдары туралы заңмен қоса «жарнама туралы заң», «авторлық құқық», «Іскерлік беделіне нұқсан келтірмеу» жайында заң және «адвокаттық қызмет» жайында заңдар арқылы жұмысы жүреді.
Жалпы Республикадағы журналистиканы бірнешеге бөлуге болады. [1]
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті - Қырғызстандағы мемлекеттік және тәуелсіз баспасөзіне анықтама бере отырып, олардың бірінен-бірінің арасындағы ерекшеліктеріне тоқталып өту. Және Қырғызстсандағы журналистикаға жалпы шолу жасау. Дегенмен Қырғыз республикасында журналистиканың ішіндегі ең жақсы дамығаны да баспа журналистикасы, себебі газеттерде қоғам қайраткерлері мен халықтың жанашырлары қызмет етеді. Және елге ақпарат беріп, керек кезде оппозицияға тоқтам айтып, көкейкесті мәселелерді шешетінде осы баспасөз өкілдері. Сонымен, дипломдық жұмысымның мақсаты - қырғыз баспасөзін өз білгенімше зерттеп, оқырманға қырғыз елінің тәуелсіз баспасөздерімен мемлекеттік баспасөзінің ерекшеліктерін көрсету. Сонымен қатар, қазақ-қырғыз бауыр демекші, көрші елдің баспасөзін қазақ баспасөзімен салыстыру арқылы ерекшеліктерін көрсету.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Қырғызстанда 400- ге жуық газет, журналдар болса оның ішінде жартысынан көбі мемлекеттік болып келеді. Себебі Қырғызстан Республикасында жергілікті район, облыс әкімдіктерінің газеттері бар. Ал, тәуелсіз баспасөздері оппозцияны жақтап, елдің қамын ойлап жүрген газеттер десе де болады.
Қырғызстан Республикасының газеттері мен Қазақстан Республикасының газеттерінің арасындағы ерекшеліктерді тауып, солармен бөлісу, Қырғызстанмен Қазақстанның мемлекеттік және тәуелсіздік газеттерінің айдарларын, жарық көрген материалдар мен шешілген мәселелерді, қозғалған тақырыптарды көрсете отырып, олардың арасындағы ерекшеліктерін көрсету. Олардың шығу тираждарына дейін салыстыру.
Өзектілігі - Қырғызстанда баспасөз ел арасында үлкен роль атқарады. Әр газет журналдардың өзіне тән тарихымен халыққа беретін көмегі бар. Тәуелсіз басылымдар елдің қамын ойлап әлек болып жатса, мемлекеттік басылымдар үкіметпен халықтың арасындағы көпір десе де болады. Осы екі алып арқылы шет ел азаматтары қырғыз халықының күнделікті тұрмыс тіршілігін бақылай алады. Газет, журналдар арқылы елдің жаманы мен жақсысын көріп, оған баға бере алады. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай баспасөзді «халықтың көзі, тілі һәм құлағы» десек те артық етпес. Соған байланысты «Қырғызстанның мемлекетік және тәуелсіз басылымдарының ерекшеліктері» деген дипломдық жұмысымынң тақырыбы өзекті екені күмәнсіз.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Қоғамдық өмірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны туралы талай мәртебелі мінберлерден толғау сөз айтылып, түрлі пікірлер ортаға түсіп келе жатқаны мәлім. Себеп? Себебі бұл - ақпараттық қоғамның бүгінгі болмысын, оның мән-маңызын бейнелейтін құбылыс. Қазір нарықты экономиканың қат-қабат проблемаларының бірқыдырыуы ақпарат құралдарының «температурасымен» бағамдалады. Сондықтан болу керек, ірілі-ұсақты деңгейде медиафорумдар өткізу, журналистиканың жай-жапсарын талқылау әріптестер арасындағы ашық әңгімеге жол ашу дәстүрге айналды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс «Қырғызстандағы баспасөз журналистикасына жалпы шолу жасау» және «Қырғызстанның басылымдарымен Қазақстан басылымдарының айырмашылығы» деген екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда Қырғызстанның ақпарат құралдарына шолу жасап, мемлекеттік және тәуелсіз басылымдары туралы жазылған. Екінші тарауда, Қырғызтанмен Қазақстанның баспасөзін салыстыру арқылы олардың ерекшнліктерін айқындап берген.
Өткен жылдың 9-10 желтоқсанында Мәскеу қаласында өткен Еуропа және Азия журналистерінің форумы, міне, біздің осы ойымыздың айқын дәлелі. Бірден басын ашып айту керек, ТМД елдері журналистерінің басын қосып, келелі әңгіме өткізсек деген ниеттің өзі қуана қолдауға тұрарлық бастама болғаны сөзсіз. Бұрыннан қалыптасқан шығармашылық, әріптестік байланыстың соңғы 18 жыл көлемінде себепті, себепсіз кедергіге тап келіп, үзіліп қалуы ТМД аймағындағы ақпараттық кеңістіктің толғаулы мәселелерінің пісіп-жетілуіне, белгілі бір деңгейде қордаланып қалуына түрткі болғаны сөзсіз. [6]
Мәскеудегі Музыка үйі ғимаратында өз жұмысын бастаған келелі мәслихат «Еуропалық және азиялық медиафорум» деп аталды. Медифорумның негізгі ұйытқысы «РИА Новости» ақпарат агенттігі болғанымен, оның бағдарламасына зер салған кісі бұл жиынға Ресей елінде мемлекеттік дәрежеде мән берілгеніне айқын көз жеткізу қиын емес еді. Екі күнге созылған форумның алғашқы күнінде Ресей Президенті Д. Медведевтің, Сыртқы Істер министрі С. Лавровтың, Байланыс және бұқаралық коммуникация министрі И. Щеголевтің, ТМД Атқарушы хатшылығының төрағасы С. Лебедьевтің, «РИА Новости» агенттігінің Бас редакторы С. Миронюктің, Ресей Журналистер одағының төрағасы В. Богдановтың сөз алып, ой бөлісуі мәслихаттың мән-маңызын арттыра түскен. [7]
Форум ақиқатын айтқанда журналистер мен қоғам қайраткерлерінің еркін пікір алмасу алаңына айналды. Бұған Президент Д. Медведевтің жиылған қауым алдында ақпарат құралдары өкілдерін ашық-жарқын пікір алмасуға шақыруы түрткі болғаны рас. Айталық, Грузия мен Украинадан келген әріптестеріміз Латвияда русофобия орын алып отыр ма деген сауал төңірегінде сөз қағыстырып жатса, тәжікстандық қаламдастар Ресей қоғамындағы аракідік болса да кездесіп қалатын «антитәжіктік» пиғылдар төңірегіндегі пікірлерін жасырып қала алмады. Ал, Әзірбайжан Республикасы президенті әкімшілігінің өкілі Фуат Ахундов армян- әзірбайжан текетіресін әріптестеріміздің қоқсыта беруін қоюы керектігіне назар аударды. Оның пікірінше, осы мәселелерді ушықтыра беру жекелеген жіктер мен топтардың мүддесіне қызмет етудің нақты көрінісі болмақ. [6]
Украина Жоғарғы Радасының депутаты Инна Богословская өз еліндегі Президент сайлауы алдындағы ахуалға жан-жақты тоқтала келіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін мәселенің мән-жайына қанығып барып, қолға қалам алу керектігін айтты. Оның пікірінше, соңғы жылдар көлемінде ел руханиятын жайлаған импортталған идеологияның салдары ежелден тағдыры да тарихы да біте қайнасып жатқан іргелес елдермен арадағы қатынасқа сына түсірген. Қазір ғаламдық даму тенденциясына байыппен қарайтын кез келді. Дүниежүзілік қаржы дағдарысымен бірге американдық жаһандану үрдісіне де нүкте қойылатын кез келген секілді. Депутаттың толғана айтқан тағы бір пікірі журналист ағайындардың мәселеге нақты көз жеткізбей, фактілерді айқындап жатпай өсек-аяңның жетегінде кететіндігі. Жұрт қазір 90-шы жылдардағы егемендік шерулерінің кезіндегідей қаңқу сөзге, дейді екенге көп сене бермейді. Оқырманға қазір тұжырымы тағанды, ойы орнықты ақпарат көздері керек. Ол үшін біз де өзімізді қамшылауымыз қажет. Ақпараттық технологияның соңғы әдіс-тәсілдерін жіті меңгеріп, бір-бірімізбен жиі пікір алмасуымыз керек. Мәскеуде өткізіліп жатқан бүгінгі басқосу соның бастамасы деп білемін. [5]
Скачконың сөзіне қарағанда ол бас редактор болып істейтін газеттің негізі 1878 жылы қаланған екен. Қазір 40 000 тиражы бар апталық Украинадағы қоғамдық пікірге әсер ететін басылымдардың бірі көрінеді.
- 90-шы жылдардағы нарықты экономиканың қылбұрауы кезеңіндегі өткелектен өту үрдісі біздің газетке де тән болды, - дейді ол. - Қайткен күнде де оқырманды өзімізге қарату үшін қолға түскен нәрсенің бәрімен газет бетін толтыруға тырыстық. Өсек-аяң да, оқыс оқиғалар легі де, тіпті, кейбір адамдардың бейәдеп қылығына дейін жазған жағдайларымыз да болды. Ал қазір бұл үрдіс түбегейлі өзгерген. Себебі, оқырман басқа. Қазіргі оқырман сауатты, салиқалы, әр мәселені бағамдап, байыптап отыратын оқырман. Ашығын айтқанда, «саржағал» басылымдардың күні өтіп бара жатқаны өзінен-өзі түсінікті. Демек, газетті қайтсек қызықты, оқылатындай етіп шығару басты мәселеге айналып отыр. Ол үшін журналистің өзі интеллектуал болу керек. [6]
«Свободная Грузия» газетінің бас редакторы Тато Ласхишвилидің пікірі де жиналған қауымды елең еткізбей қойған жоқ. Оның пікірінен түйгеніміз, қазір ТМД елдерінің бәрін де дерлік орыс тілінде газеттер мен журналдар шығады. Бұл басылымдарға айырықша жауапкершілік жүктелетінін, онда жұмыс істейтін журналистер айқын сезінуі керек. Ұлт намысына тиетін, рухани даму үрдісіне кері әсер ететін кездейсоқ мақалалар мен арзан пікірлер ынтымақтастықтың іргетасына сызат түсіруі әбден мүмкін.
Молдовияда шығатын «Коммунист» газетінің бас редакторы Александр Исаев мерзімді басылымдардың жойылуының аз-ақ алдында тұрмыз, мұның орнына Интернет газеттер келеді деген пікірлерге түбегейлі қарсылығын білдірді.
Екіншіден, қазір ғаламның түкпір-түкпірінде әр қилы деңгейде осы тақылеттес, осы аттас жиындардың өтіп тұратыны белгілі. Шынын айту керек, олардың дені жалпы саяси мәселелерді талқылау, халықаралық кикілжіңдердің себеп салдарын іздеу бағытындағы әңгімеге құрылатын. Қазіргі қоғамдық қатынас түбірімен өзгерді делік. Олай болса, мұндай медиафорумдарда ТМД аумағындағы ұлттық баспасөздің мұң-мұқтажы да билік тарпынан оңтайлы шешім табуы тиіс. Айталық, мұның жарқын үлгісін Қазақстан көрсетіп келеді. Республикамызда шығатын ұлттық азшылық басылымдарының («Коре Ильбо», «Уйгур авази», «Украине новині» «Дойче альгемайне») бәрі мемлекет бюджетінен қаржыландырылады. Оның сыртында «Известия», «Комсомольская правда», «Аргументы и факты» газеттерінің қазақстандық нұсқалығы да бұдан шет қалып жатқан жоқ. Олай болса, Ресей Федерациясы аумандағы Омбыдан шығатын «Атамекен», «Жұлдыз», Таулы Алтай автономиялық облысында шығатын «Жаңа жол» газеттеріне қаржылай көмек көрсетілсе деп ойлаймыз. Жалпы Ресей жерінде 2002 жылғы санақ бойынша 665100 қазақ тұратын болса, күні бүгінге дейін оның мөлшері көбеймесе, кеміген жоқ қой деп білеміз. [7]
Біз осыдан 19 жыл бұрын моноидеологияның құрсауынан шықтық. Моноидеология сценариіндегі «тар жол тайғақ кешудің» финалы қалай аяқталғаны тарихтан тәлім. Олай болса, ынтымақ пен әріптестікке ұмтылдырған жаңа өрістен ескі сүрлеуді іздемеуіміз керек.
Тең дәрежедегі әріптестік байланыс баянды болуы үшін жұмыс істейік. Сонда ғана Тату көршілік, Достық, Тәуелсіздік дейтін киелі ұғымдардың мән-мағынасы тереңге тартып, әспеттеле бермек.
I тарау. Қырғызстандағы баспасөзге жалпы шолу
1. 1Қырғызстанның тәуелсіз және мемлекеттік басылымдары
Қырғызстандағы баспа журналистикасы дамуы мен өсуі Орталық Азиядағы басқа да елдерден ерекше болуда. Республикадағы журналистер одағының мәліметтері бойынша 380 газет және журналдар бар. Ол жерде үш мыңға жуық журналистер қызмет етеді. Бұндай аз көрсеткішке қарамастан бұл елде іскерлік баспалардан бастап, эротикалық «Пайшанба», «Қызжыгыт» тағы да басқа сол сияқты журналдар жұмыс істеуде.
Мемлекетте жалпы ұлттық «Қырғыз туусу» және «Слово Кыргызстана» газеттерінің күнделікті 5-6 мың, ал сенбі күндері шығатындары 20 мың тиражға дейні жетеді. 30 Республикалық және 10 облыстық, 11 қалалық, 48 райондық баслымыдарды есептемегенде бұл елде жастарға арналған, әйелдер қауымына арналған, ведомстволық, мамандандырылған, партиялық және кәсіби журналдар бар. Және көптеген тәуелсіз жекеменшіктегі газеттер тағы бар. Ең соңғыларының өсімдері өте жақсы. Олардың елдің арасында рейтингтері де мықты. Мысалы ауқымы жағынан Бішкектен кейінгі екінші орында тұрған Оша қаласында шығатын жекеменшік «Ош парк» газеті он бес мыңнан жиырма бес мың тиражбен шығады. Сонысымен ол басқада жергілікті газеттерден артық тұрады. Ол шын мәнінде билік тарапынан қолдау көрсетілген газеттерді де басып озады. [8]
Баспа ақпарат құралдарының ішіндегі жаңа үлігісі ол іскерлік газеттер. Экономикамен, нарықтың өсуіне байланысты осындай газеттерге сұраныс көптеп тууда. «Деловая неделя», «Бизнесмен Кыргызстана» «Мастер маркетинг», «РИФ», «ТИФ» бұл газеттер жұмысқа орналасу, жарнама, ақпарат жайында жазады. Сонымен қатар ештеңені ойландырмайтын, көңіл көтеретін «Кулку», «Мафия», «Час Пик», «Чолпонум» газеттері де үлкен сұранысқа ие. [3]
Жергілікті газеттердің басына жұлдызды сәттер туды. Себебі, оқырман өзіне жақын ақпарат құралдарын оқығанды ұнатады. Ол жерде өзінің тұрғылықты жеріндегі ақпараттармен, өзіне керекті мағлұматтар жазылған.
Ең қызығы қырғыз баспасының шығу тілі әр түрлі болып келеді. Негізінде бұл елдегі газеттер екі тілде орыс және қырғыз тілінде шығады. Бірақта кейбір оңтүстікте орналасқан басылымыар өзбек, және орталықтағылар басқа да тілде шығады. Оның ішінде ағылшын, неміс тілдері бар. Бұндай көптеген басылымдардың жарық көруі, елдегі демократияның жақсы дамуы деп түсіндіріледі. Бұны жергілікті тұрғындар сөз бостандығымен, жеке тұлғалардың еркіндігі деп біледі.
Мемлекетте журналдар газеттерге қарағанда азырақ, он алты ғана. Ол полиграфиялық базаның жоқтығы және қаржы мәселенің кесірінен болып отыр. Әдеби, политикалық, банкпен салық, әзіл - қалжың, кәсіби және түрлі мамандықтарды қарастырады, республикдағы журналдар осы және басқада түрлі тақырыптарды қамтиды. Оның ішінде «Ала - Тоо» әдеби журналы өзін бұрыннан елдің сүйікті журналына айналды. Сонымен қатар, сатиралық «Аки пресс», «Кырчын», «Адыл сот» баспа нарығында жаңадан пайда болған бұл газеттер үлкен сұраныста. Жергілікті әкімнің қадағалауымен шығатын «Ош» жыр жинағы білім алу, мәдениет, денсаулық, спорт тақырыптарын қозғайды. Және бұл газет тек қана Қырғызстанда ғана емес, сонымен қатар ол көршілес елдер Қазақстанда, Тәжікістанда, Өзбекстанда да танымалдылыққа ие. [1]
Қырғызстандағы баспа ақпарат құралдарының тұрмыс- тіршілігін қадағалап, оның танымалдылығын анықтап отыратын ол - бәсекелестік. Көптеген газеттер жаңадан дүние есігін аша салып жабылып жатады. Кейбіреулері аяғын ойланып басып, жұмыс істеуде. Мысалы, Ош қаласында соңғы үш жылдың ішінде қаржы мәселесіне байланысты сегіз газет өз ісін тоқтатты. Оның орнына басқа газеттер ашылып үлгерді. Оларды жарыққа шығаруға, алғашқы демін алуға түрлі ұйымдар көмек етуде. Оның ішінде Фонд Сорос Қырғызстан, «Евразия», ЮНЕСКО, АҚШ-тың ақпарат қызметі де бар. Олар қаржы жағынан көмек береді, онымен қоса материалды, техникалық жағынан, кеңес беруден көмектеседі. Мемлекеттік басылымдар бұндай көмектен айырылған. Соған бйаланысты болар, мемлекеттік басылымдар тәуелсіз басылымдарға қарағанда жойылып бара жатыр. Сондықтанда олардың көпшілігі форматын өзгертуді көздеп жаңадан өмір сүруді қалайды, немесе жабылуға тура келеді.
Осыншама бұқаралық ақпарат құралдарының арасынан таңдау көп болғанымен жергілікті тұрғындар асып кетсе екі ғана басылымға жазыла алады. Қырғызстанда ең төмен жалақы құны 100 сом болса, газеттің құны 3-4 сомға дейін жетеді. [1]
Қырғызстанда ақпарат құралдары өзінің төртінші билік екенін мойындатқан болатын. Ол халықтың пікіріне тікелей әсер ететін, қалыспаудағы жалғыз ғана мықты құрал болып есептелінеді. Бұны билік өкілдеріде, басқа партияларда жақсы түсінеді. Жалпы республикада 22 партия тіркелген. Қырғыстанның ақпарат құралдарын әлем тәжірибесінде халықты бар зерін салып қорғайтын есік алдында байланып тұрған төбетке теңеп жатады. Бұл теңеулері де бекерден бекер болмаса керек.
Тәуелсіз газеттердің өзі республикада бірнеше түрге бөлінеді. Опозициялық, сары басылымдар және тағы басқалары болып. Экономикалық мықты газеттің бірі «Вечерний Бишкек», Оппозициялық газетерге «Асаба», «Республика», бұл газеттер оқырман қауым арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Сабырлылыққа шақыратын газеттердің ішінде «Кыргыз руху» газеті жатады. Танымалдылыққа ие болғанына байланысты бұл газеттер экономикасы жағынан жақсы дамығандар. Ал, мемлекеттік газеттер қазіргі таңда қиын қыстау кезеңді басынан кешіруде. Областық газеттердің тиражы соңғы он жылдың ішінде 10-15 есе төмендеп кетті. Және қазіргі таңда олардың басылымдары 1, 5 мың және 4 мың тираждан аспайды. Айта кетерлігі тәуелсіз газеттердің дәрежесі төмен болған сайын, оның мемлекеттің, биліктің алдында жауапкершілігі мол. Ол ақпаратты толығымен еркін жеткізе алмайды. Бұның бәрі психологияға байланысты болуы мүмкін. [7]
Баспа Ақпарат құралдарының жағдайымен жұмысы «Бұқаралық Ақпарат Құралдарының заңы» бойынша қадағаланып отырады. Алайда көптеген журналистер бұл заңдарға құлақ аспайды, оған қазіргі таңдағы көптеген қалам шеберлерінің хал жағдайы дәлел бола алады. [26]
Ең алдымен журналистпен ұйымдатырушының арасындағы заң қадағаланбаған. Ешқандай жерде журналистердің монополизациялауы болғаны және оларды әлеуметтік қорғау ешбір жерде жазылмаған. Тек қана жарнамаға шектеу қою жайында ғана бар. Полиграфиялық өнеркәсібі, материалды және өндіріс қуаты биліктің қолында. Енді ғана полиграфиялық қуатты жекелендіру басталып жатыр. Бұл билік тарапынан басылымдарға қысым көрсетуге оңай болу үшін істеліп отыр. Онымен қоса биліктің «салық» деген газеттерді қорқытатын тағы бір қаруы бар.
Салық жағынан олар коммерциялық орындарға тікелей байланысты. Олардың экономикалық жағдайы осы деседе болады. [1]
Жарнама республикада басылымыдарға қарағанда жақсы дамыған. Және жергілікті басылымдардың беттерінде олар ақырындап пайда болып келе жатыр. Профессионалды жағынанда және этикалық жағынанда түрлі шешілмей жатқан мәселелер көптеп кездесіп жатады. Нақты құқықпен, этиканың болмаған себебінен қырғызстан журналистиксының арасында түсініспеушілік көптеп пайда болуда. Сөз бостандығы бар екен деп біраз журналистер түрлі дерексіз, тексерілмеген ақпараттар беруде, Ал шындығына келгенде ешкім өз сөзіне жауап бере алмайды. Ал, бұл түрлі қолайсыз жағдайларға алып келіп соқтырады. Әсіресе ол байқамай айтылған сөздің кесірінен әлеуметтік, этникалық, және басқа да қақтығысты тудырып алуы мүмкін. Құбылмалы елде бұндай жағдай көптеп орын алып жатады. Республика әлі де болса әлсіз және толығымен азаматтық ынтымақтастыққа жеткен жоқ. [3]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz