Каспий өңірінің экологиялық проблемалары.Жаңа Өзен кен орының топырақтарының мұнаймен ластануы



Кіріспе
1. Әдебиетке шолу
1.1 Қаспий өңірінің экологиялық проблемалары.
1.2 Маңғыстау облыстың топырақ жамылғысы.
2. Жаңа Өзен мұнай кен орнының сипаттамасы
2.1 Климаты
2.2 Жер бедері
2.3 Топырақ түзуші тау жыныстары
2.4 Топырақтары
3. Жаңа Өзен кен орының топырақтарының мұнаймен ластанушы.
3.1 Мұнаймен ластанған топырақтардың қасиеттерінің өзгерістері.
3.2 Ластанған топырақтарың трансформациясы.

Қорытынды
Қолданған әдебиет тізімі.
Мәселенің өзектілігі Халық шаруашылығының қарқындылығы және ғылыми техникалық прогресс Маңғыстау мұнай-газ аймағының экологиялық жағдайын қиындатты және антропогендік тозудың белсенді үдерістерінің дамуына, сондай-ақ аумақтың шөлейттенуіне себеп болды. Көмірсутек шикізатының ірі табиғи қорының ашылуы және осы негізде мұнай-газ индустриясының дамуы, энергетикалық шикізаттың және құрылыс материалдарының бай қорларын пайдалану қысқа мерзім ішінде сусыз шөл даланың келбетін өзгертті және бір мезгілде биогеоценоздың тіршілік әрекеті үшін экологиялық дағдарыс ошақтарын тудырып, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды шиеленістіре түсті. Осындай экологиялық дағдарыс орындарына Жаңа-Өзен, Жетібай мұнай-газ кешенінің аумағы жатады. Техника мен технологиялық жабдықтар жетілдірілмеген кезде мұнай (жылына 3 миллион тоннадан астам) және газ (1,2 млг м3) өндіру көлемінің өсуі, буферлігі аз топырақтардың тозуының озық түрлерінің дамуына себеп болды, ал олардың қарқындылығы орны толмас экологиялық салдарға әкелуі мүмкін. Антропогендік тозу және аумақтың шөлейттенуі мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының өндірістік алаңдарында, мұнай-газ құбырлары мен коммуникациялары желілерінің бойында, геофизикалық бұрғылау телімдерінде кең таралған және техногендік әсер етуімен, ұңғылардың апаттық бұрқақтануымен, мұнай-газ құбырларының бүлінуімен, жер бетіне минералданған кәсіптік сулар мен химреагенттердің тасталуымен байланысты. Қазіргі кезде Жаңа өзен – Жетібай мұнай-газ кешенінің аумағы Маңғыстау облысындағы ең күшті экологиялық тұрақсыздандырылған аймақ болып қалды. Олар көптеген себептерге байланысты:
* мұнайдың қалыптан тыс қабаттық қысымымен (800-100 атмосфералық және одан көп) және көмірсутек шикізатының басымдылық қасиеттеріне (парафиннің, күкірттісутектің күкірттің және басқалардың мөлшерінің жоғарылығы);
* кәсіпшілікте жүк көтерімдігі және топыраққа жүктемесі жоғары техниканы қолданумен,
* ескірген технологиялық жабдықтардың сапасының төменділігімен және олардың апаттылық дәрежесінің жоғарылығымен;
* антропогендік жүктемелерге табиғи ландшафтардың буферлігінің төмендігі;
Мұнда топырақтың тозуы және шөлейттенуі үшін алғы шарт жасайтын негізгі табиғи себептер: жер бедерінің жазықтығы климаттың құрғақшылық дәрежесінің жоғарылылығы, шөлді топырақтардың ұнтақ топырақты қабаттарының тұздануы, карбонаттылығы, құрылымсыздығы және қалыңдығының аздығы, сармат әктастары тақташаларының беткі қабатқа жақын жатуы болып табылады. Экологиялық жағдайларды сауықтыру және табиғат ресурстарын шаруашылыққа тиімді пайдалану қазіргі кездегі аймақтағы маңызды мемлекеттік міндет болып табылады.

Жоспар

Кіріспе
1. Әдебиетке шолу
1. Қаспий өңірінің экологиялық проблемалары.
2. Маңғыстау облыстың топырақ жамылғысы.
2. Жаңа Өзен мұнай кен орнының сипаттамасы
1. Климаты
2. Жер бедері
3. Топырақ түзуші тау жыныстары
4. Топырақтары
3. Жаңа Өзен кен орының топырақтарының мұнаймен ластанушы.
1. Мұнаймен ластанған топырақтардың қасиеттерінің өзгерістері.
2. Ластанған топырақтарың трансформациясы.

Қорытынды
Қолданған әдебиет тізімі.

КІРІСПЕ

Мәселенің өзектілігі Халық шаруашылығының қарқындылығы және ғылыми
техникалық прогресс Маңғыстау мұнай-газ аймағының экологиялық жағдайын
қиындатты және антропогендік тозудың белсенді үдерістерінің дамуына, сондай-
ақ аумақтың шөлейттенуіне себеп болды. Көмірсутек шикізатының ірі табиғи
қорының ашылуы және осы негізде мұнай-газ индустриясының дамуы,
энергетикалық шикізаттың және құрылыс материалдарының бай қорларын
пайдалану қысқа мерзім ішінде сусыз шөл даланың келбетін өзгертті және бір
мезгілде биогеоценоздың тіршілік әрекеті үшін экологиялық дағдарыс
ошақтарын тудырып, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды
шиеленістіре түсті. Осындай экологиялық дағдарыс орындарына Жаңа-Өзен,
Жетібай мұнай-газ кешенінің аумағы жатады. Техника мен технологиялық
жабдықтар жетілдірілмеген кезде мұнай (жылына 3 миллион тоннадан астам)
және газ (1,2 млг м3) өндіру көлемінің өсуі, буферлігі аз топырақтардың
тозуының озық түрлерінің дамуына себеп болды, ал олардың қарқындылығы орны
толмас экологиялық салдарға әкелуі мүмкін. Антропогендік тозу және
аумақтың шөлейттенуі мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының өндірістік
алаңдарында, мұнай-газ құбырлары мен коммуникациялары желілерінің бойында,
геофизикалық бұрғылау телімдерінде кең таралған және техногендік әсер
етуімен, ұңғылардың апаттық бұрқақтануымен, мұнай-газ құбырларының
бүлінуімен, жер бетіне минералданған кәсіптік сулар мен химреагенттердің
тасталуымен байланысты. Қазіргі кезде Жаңа өзен – Жетібай мұнай-газ
кешенінің аумағы Маңғыстау облысындағы ең күшті экологиялық
тұрақсыздандырылған аймақ болып қалды. Олар көптеген себептерге байланысты:

* мұнайдың қалыптан тыс қабаттық қысымымен (800-100 атмосфералық және
одан көп) және көмірсутек шикізатының басымдылық қасиеттеріне (парафиннің,
күкірттісутектің күкірттің және басқалардың мөлшерінің жоғарылығы);

* кәсіпшілікте жүк көтерімдігі және топыраққа жүктемесі жоғары
техниканы қолданумен,

* ескірген технологиялық жабдықтардың сапасының төменділігімен және
олардың апаттылық дәрежесінің жоғарылығымен;

* антропогендік жүктемелерге табиғи ландшафтардың буферлігінің
төмендігі;

Мұнда топырақтың тозуы және шөлейттенуі үшін алғы шарт жасайтын негізгі
табиғи себептер: жер бедерінің жазықтығы климаттың құрғақшылық дәрежесінің
жоғарылылығы, шөлді топырақтардың ұнтақ топырақты қабаттарының тұздануы,
карбонаттылығы, құрылымсыздығы және қалыңдығының аздығы, сармат әктастары
тақташаларының беткі қабатқа жақын жатуы болып табылады. Экологиялық
жағдайларды сауықтыру және табиғат ресурстарын шаруашылыққа тиімді
пайдалану қазіргі кездегі аймақтағы маңызды мемлекеттік міндет болып
табылады. Осыған байланысты топырақ жамылғысының экологиялық жағдайын дер
кезінде бағалау, парафині жоғары мұнайға қаныққан қалдықтарды химиялық
және биологиялық зерттеу, мұнайға қаныққан қалдықтардың құрамын физика-
химиялық зерттеу, топырақтың антропогендік өзгеру үдерістерін, олардың
құрамындағы ауыр металдар мен көмірсутектерді зерттеу, сондай-ақ мұнай-газ
кешені кәсіпорындарында өнеркәсіптік қалдықтарды пайдаға жарату әдістерін,
аумақтың антропогендік ластануын төмендету бойынша практикалық нұсқауларды
әзірлеу маңызды болып табылады. Курстық жұмыс осы міндеттерді
шешуге арналған, оның ғылыми негізіне автордың далалық, эксперименталдық
және зертханалық зерттеулері жатады.

Кезекті топырақ жер өңдеудің негізі болып табылады. Топырақтың өзінде
сұйықтық жиналу қасиетібар және ішкі күштер әсерінен ол үнемі қозғалыста
болады. Топырақтағы ылғалдың қозғалысы дәл осындай қызмет атқарады. Ақыры,
топырақтағы сүзіліп немесе тесіп өтетін су өсімдіктерге қоректік заттарды
жеткізіп, бүкіл тірі денелердің қорек негізі болып табылады. Топырақ
ылғалының қозғалысы, суландыру жүйесі мен ирригацияны дұрыс ұйымдастыру –
фильтрация теориясының негізгі міндеттің бірі.
Соңғы жылдары бұл міндетке жаңа, әрі кей жағдайда күрделі болып келетін
мәселе-топырақты мұнай және мұнай өнімдерімен ластанудан қорғау мәселесі
қосылып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты және міндеттері мұнай-газ кен орындарының
топырақ жабынының қазіргі кездегі экологиялық жағдайларын, топырақтың
физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін және парафинділігі жоғары
мұнайға қаныққан қалдықтарды зерттеу және алынған деректер негізінде
қоршаған ортаға мұнаймен ластанудың антропогендік әрекетін төмендету
бойынша практикалық нұсқаулар әзірлеу, осыған байланысты мынадай міндеттер
шешілді:

* Өзен-Жетібай мұнай-газ кен орнының аумағының топырақ жамылғысының
экологиялық жағдайын және олардың антропогендік өзгерістерін бағалау;
* Парафинділігі жоғары мұнаймен қаныққан топырақтардың физикалық,
химиялық және биологиялық қасиеттерін зерттеу; әр түрлі экологиялық
жағдайларда топырақ және өсімдікке мұнайдың әсерін тәжірибелік-
эксперименталды-ізденістік зерттеулер;
* Топыраққа және қоршаған ортаға мұнайға қаныққан қалдықтардың уытты
әсерін азайтудың ғылыми негіздерін әзірлеу.

1. Әдебиетке шолу
1. Қаспий өңірінің экологиялық проблемалары.

2. Маңғыстау облыстың топырақ жамылғысы.
Маңғыстау және Каспий өңірінің табиғи ресурстарын және топырақ жамылғысын
алғаш рет жүйеленген ғылыми зерттеулер С.Г. Гмеллиннің 1, Л.С.Левшиннің
2, Г.С. Карелиннің 3, Н.А.Северцевтің 4, И.Г.Борщовтың 5, С.Н.
Никитинның 6, Н.И. Андрусовтың 7,8, М.В.Баярунастың 9 Бэр, 1856;
Дорошин,1871; Ломакин,1873; Барбот-Марни,1889; Андрус-ов,1910,1911;
Баярунас,1917; П.А.Костычев, В.С.Богданом, Н.А.Димо, Б.А.Келлер және
басқалардың арнайы іздеулері және экспедициялары мен орындалды.
Шөл және шөл-дала аймақтарының топырақтарының жіктелуі мен
терминологиясы туралы сауалдар С.С.Неуструевтің 52 зерттеген кездерінен
бастап әлі күнге дейін дискуссиялық тақырып болып келеді. Мұның себебі,
бұл топырақтардың салыстырмалы түрде аз зерттелгендігінен туындайтын
сияқты. И.Л.Праслованың басқарумен жасалынған, И.П. Герасимов (1974) 53
СССР-дің топырақтарының мемлекеттік картасының систематикалық тізімін де,
сұр және сұр-құба топырақтарды қайтадан қосып қарады.
1926-1930 жылдары КСРО ғылым академиясы профессор С.С. Неструевтың
жетекшілігімен Маңғыстау және Үстірт шоқысына Адай және Табын руларынан
көшпенді қазақтардың аумағының топырақ-өсімдік жамылғысын және экологиялық
жағдайын зерттеу үшін кешенді экспедиция ұйымдастырды. Зерттеу нәтижелері
КСРО Ғылым академиясының қазақстандық экспедициясының топырақ-ботаникалық
отрядының жұмыстары туралы есебі шығарылымдарында жарияланған 76, мұнда
ең алғаш осы кең байтақ аумақтың топырақ-өсімдік жамылғысы және ландшафтық-
географиялық жағдайы толық сипатталды (И.П. Герасимов, Е.Н. Иванова, М.Д.
Спиридонов, Ф.Н.Русанов және басқалар). Экспедицияның материалдары әлі
күнге дейін өзінің ғылыми және практикалық мәнін жоғалтқан жоқ және
бірқатар жағдайларда аймақтың қазіргі кездегі экологиялық проблемаларын
шешу үшін эталон бола алады.
Жан-жақты геологиялық іздестіру зерттеулерімен Маңғыстау мұнай-газ
аймағында 1400-1700 м тереңдіктегі антиклинальды құрылымда астасатын юрий
және төменгі бор құм-саз балшықты шөгінділердің мұнай-газдылығы анықталды.
1961 жылғы маусымда Жетібай кен орнында алғашқы мұнай бұрқағы алынды, ал
сол жылдың шілдесінде Өзен мұнайының бұрқағы алыгды. Алынған мұнай алканды,
жеңіл, шайырлы, күкірсіз, жоғары парафинді болды.
1930 – 1980 жылдар бойы Маңғыстауда мұнай, газ және басқа табиғи
ресурстарға кең түрдегі сейсмикалық және геологиялық іздестіру жұмыстары
жүргізілді, мұнай-газ орындары ашылып, іске қосылды (1961 жылы Өзен және
Жетібай, 1964 – Қарамандыбас, Теңге, 1967 – Асар және басқалар), толық
геоморфологиялық және топырақ картасы жасалды (К.Ш.Фаизов, Е.У.Жамалбеков,
А.Х.Файзуллина).
1964–1985 жылдары ҚР ҰҒА Топырақтану институтымен Маңғыстау
түбегінде суару және оны реттеу әдістері кезінде топырақ үдерістерін толық
топырақ-мелиоративтік және стационарлық-режимдік зерттеулер орындалды.
Сармат әктастары жақын астарлап жатқан (0,5-2,0 м) қалыңдығы аз
топырақтарда көгалдандыру мақсатында аумақты игерген кезде шұңқырларды
траншеялық әдіспен қазып, оған әкелінген топырақ-грунттарын төге отырып,
әрі қарай топырақ қабатын өсіру арқылы қайта құнарландыру жұмыстарын
жүргізу қажет. Бұл жағдайда шөлде құнарлылықты, топырақ өнімділігін, оттегі
балансын арттыруға көгалдандыру жұмыстарының көмегімен, жоңышқа егумен,
тыңайтқыш енгізу және керіз жағдайында жүйелі түрде суару арқылы түбегейлі
жақсарту жолымен қол жеткізуге болады 77.
Осы зерттеулердің нәтижелері Ақтау және Жаңа Өзен қалаларын
көгалдандырған және суаруға телімдерді таңдаған кезде қолданылды.
Мұнай-газ аймақтарының экологиялық проблемаларын шешуде 1985 жылы
жасалған КСРО қуаңшылық аумақтарының антропогендік шөлейттену картасының
(авторлары Н.Г.Харин, Л.Я.Курочкина, К.Ш.Фаизов және басқалар) және оған
берілген түсініктеме хатының маңызы зор 78. Онда табиғи ортаның қазіргі
кездегі жағдайын, шөлейттену қарқынын, шөлейттенудің ішкі қауіптілігін,
қоршаған ортаға жануарлар мен тұрғындар тығыздығының әсерін сипаттайтын
шөлейттенуді бағалау критерийі мазмұндалады. Бұл жағдайда шөлейттену деп
адамның іс әрекетінің әсерімен аумақтың биологиялық өнімділігін
төмендететін экожүйенің тозуы түсініледі. Өзен – Жетібай мұнай-газ
кешенінің ауданы картада ішкі қауіптілігі, шөлейттену қарқындылығы және
антропогендік әсер ету дәрежесі күшті техногендік қатты шөлейттенген
ретінде айқындалады.
Қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды және топырақ жамылғысының
жағдайын түсіну үшін 2003 жылы жарияланған Маңғыстау-Каспий маңы мұнай-газ
аймағының экологисы атты К.Ш.Фаизов және басқалардың монографиясының
маңызды ғылыми-қолданбалы мәні бар.
Сондай-ақ 1990 – 2003 жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарында ҚР
БҒМ Топырақтану институтымен (И.К.Асанбаев, К.Ш. Фаизов және басқалар)
орындалған экологиялық зерттеулерді де атап өтуге болады, олардың
нәтижесінде топырақтың бүлінуі және топырақты экологиялық аудандастыру
карталары жасалды, техногенездің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық
салдары және табиғи-шикізат ресурстарын тиімсіз пайдалану салдары
айқындалды.
Өзен-Жетібай мұнай-газ аймағының аумағында топырақтың мұнай-
химиялық техногендік бүлінуі, радиоактивтік ластануы және топырақтың
минералданған кәсіби ақаба сулармен тұздану ареалдары анықталды.

2.Жаңа Өзен мұнай кен орнының сипаттамасы
1. Климаты
Климат жағдайлары бойынша қарастырылып отырған аумақ шөлді аймақта
орналасқан және радиациялық балансының жоғарылығымен (34 -36 ккал.см2)
және соңғы онжылдықта ғаламшардың климатының жаппай жылуымен қиындай
түсетін температуралық фонымен (орташа жылдық температура 9,20 – 11,80С,)
сипатталады (2-кесте) 13,14,15.

Кесте 2 – Ауа – райының негізгі көрсеткіштері 15

Ауа-райының Метеостанциялар
көрсеткіштері
Өзен Кендірлі Жетібай
Жылдық орташа
температура,0С 11,4 11,6 11,3
қаңтар -2,8 -3,1 -2,7
шілде 25,9 26,6 25,4
Оң температуралардың
қосындысы , 0С
0-ден жоғары 4480 4448 4473
5-тен төмен 4395 4330 4390
10-нан жоғары 4130 4026 4029
Жоғарғы температурамен
алынғандағы күндердің
ұзақтығы: аяссыз 207 208 206
0 284 282 282
5 233 236 230
10 193 196 194
Жауын-шашынның жылдық
пайыз санынан алынған
мөлшері; (мм) жылдық: 113 92 106
қыста 28 26 29
көктемде 28 36 30
жазда 23 16 20
күзде 27 22 26
Суық кездердегі жауын
-шашынның мөлшері,мм 56 39 54
Жылы кездердегі жауын
-шашынның мөлшері,мм 55 53 53
0 0С –тан жоғарғы температурамен
алынған гидротерминдік
коэффициент (Селяниновтың) 0,2 0,2 0,2
Желдің жылдамдығы,
мсек (жылына) 6,0-6,5 - 3,3-5,0
Қыстағы тұрақсыз қар
жабыны , % (жылына) 84 53 96
Ауаның жылдық орташа
алыстырмалы ылғалдылығы , % 66 64 66

Қарама-қарсы гидротермиялық режим, айқын байқалатын атмосфералық
құбылыстардың маусымдық ырғақтылығы, өсіп-өну (жылына 180-200 мм) кезеңінің
ұзақтығы тән. Жазы құрғақ, өте ыстық (шілде 26-270С, максимум 470С ), қысы
ұзақ емес, тұрақсыз қар жамылғысымен, қоңыр–салқын (қаңтар -3-50С, максимум-
410С), желі күшті және көктайғақты болады. Жылдың жылы кезеңінде мұнда
құрғақ тұран және иран, қыста суббореальдық белдеудің материк ішіндегі
шөлге тән күрт континентальды құрғақ климатты қалыптастыратын арктикалық
ауа массасы басым болады. Ылғалды атлантикалық ауа массасы күшті өзгерген
күйде түседі және жер бедерінің жазықтығы арқасында аумақтың ылғалдануына
әсері онша болмайды. Сондықтан жауын-шашынның жылдық мөлшері салыстырмалы
орташа ылғалдылық 54-66% болған кезде бар болғаны қыстық-көктемдік
максимумен қоса алғанда 100 – 120 құрайды (жылдықтың 30-36%).
Гидротермиялық коэффициент 0,2 аспайды, оның өзі аумақтың ылғалдану
жағдайының қолайсыздығын көрсетеді.
Қолайлы температурасы 50С асатын көктемгі кезеңде жауын-шашынның
жылдық мөлшерінің 29-36% жауады, оның өзі ылғалдың қысқы қорымен бірге
топырақты ылғалдандырудың әлсіз байқалатын шайылу режимін қамтамасыз етеді.
Бұл биохимиялық және топырақтүзуші процесстердің қалыптасуына және топырақ
жабынының құрылымына қажетті алғышарттары болып есептеледі..
Ауа температурасы 150С-тан жоғары, жауын-шашынның жылдық мөлшері 16-
24 % сонымен қатар, топырақ ылғалдылығы өсімдіктің тұрақты солу
ылғалдылығынан төмен, ал жазғы биологиялық тыныштық кезеңі 140- күннен 160
күнге дейін созылады. Бұл жағдайда ауаның (300С дейін және одан жоғары)
және топырақтың (60-700С дейін) жоғарғы температурасы топырақ түзілу
үдерісін күрт төмендетеді немесе уақытша тоқталуына әкеледі. Ауа
температурасы 15-тан 50С дейінгі күзгі кезең ұзақ емес, жылдық жауын-
шашынның 20-22% жауады, оның өзі құрғақ жаздан кейін өсімдіктің өсіп-өнуі
және топырақтүзілу процессі үшін жағдай жасамайды. Қыс кезеңі ұзақ емес
және әлсін-әлсін жылынумен сипатталады.
100С тан асатын 4000 – 44000С тиімді температурадағы қосындысы
тіршіліктің биологиялық белсенді кезеңі 120-130 күнді құрайды. Бұл
жағдайларда топырақтың 0-50 см қабатындағы көп жылдық өнімді ылғалдың
орташа қоры наурызда 42 - 62 мм , сәуірде -38 -49, мамырда -17-38,
маусымда -9-14, шілдеде 11-18, тамызда -5-10 және қыркүйекте -0 құрайды
16. 0-20 см қабаттағы белсенді (өнімді) ауқымы бар болғаны 39,7 мм
құрайды, 0-50 см қабатта – 104,3 және 0-100 см қабатта -165,2; мұның өзі
бүкіл жыл бойына, әсіресе жаздық-күздік кезеңде топырақ режимінің өте аз
болатынын көрсетеді.
Сондықтан, Өзен-Жетібай аймағындағы ең белсенді биологиялық кезең
негізінен қысқа көктемге келеді. Биохимиялық және топырақ түзілу процессі
ұзақ уақыт бойы консервация жағдайында болады немесе онша байқалмайды, оның
өзі шөл өсімдігінің өсіп-өнуінің қысқа мерзімін және олардың жалпы
өнімділігінің төмендігін айқындайды. Бұл жағдайларда мұнай кәсіпшілігінің
техногендік бүлінген жерлері және тұздалған мұнаймен ластанған жерлерді
биологиялық мелиорациялау және құнарлылығын қайта қалпына келтіру тұщы
сумен суару, агротехниканы тиімді пайдалану және жергілікті жерлерде өсуге
бейімделген өсімдік түрлерін пайдалану есебінен топырақты қосымша
ылғалдандыру жағдайында ғана сәтті болуы мүмкін.

2. Жер бедері
Жер беті суының екі ИК- спекторы түсірілді: бірі судың көп көлемдігі,
екіншісі құрамындағы органиканың басымдылығымен сипатталады; екінші сынау
СН3СН2 мен (2960см-1, 2928 және 2856 см-1) тексеруде карбонал қатысады,
(1728см-1) С=О және жәй эфирлік –С-О-С- байланысты (1268 және 1124см-1).
Бұл, судың ластанғанын, негізінен мұнайдың көмірсутегімен, тотықталған
түрімен, ол тотыққан формасы, өз құрамында оттегінің атомы бар, соның
арқасында және олардың жаңадан пайда болатын эмульциясымен қосылу әсері
және оның жартылай суда еритіндігіне байланысты жүреді. Осындай
көмірсутегі бола алатындар: эфир, спирт, кетон және қышқылдар, негізінен
көмірсутегінің функциональды группалары:
О = С-О-С; Н2С-ОН; - С-СН3 О = -С-ОН
Үстіңгі беттің суынан бөлініп шыққан мұнай өнімдерінен ИК-спектрлары
сіңірген жолақтардан құралды, негізінен СН2 және ОН- группасы,
алифатикалық көмірсутегінің СН3-тің әртүрлі ұзындықта-ОН тізбегінен
созылып – тізбектің соңын топталған.
ИК-да ароматты көмірсутегінің сіңірген жолақтары аздығын немесе тіпті жоқ
екендігін көрсетеді.
Сүйтіп, ИК-спектрдың топырақ анализі көрсеткендей мұнайдың су эмульциясы
жиынтығында алифатикалық көмірсутегімен әр ұзындықтағы СН2 – группалары
берілген.
Алынған қалдықтардың бөлігінде тұтық формалары бар, қойманың
қабырғасындағы химиялық агрессивтік тұздардың, хлорид және сульфат
натрийді кеміуімен байланысты. мұнайланған грунттың құрамында алифатикалық
көмірсутегін құрайды, сонан ол қоршаған ортаны ластайды.
3. Топырақ түзуші тау жыныстары
Өзен-Жетібай мұнай-газ аймағының ауданы ландшафтық-географиялық тұрғыдан
алғанда, арнайы әдебиеттерде жақсы зерттелген және жарияланған Маңғыстау
жазығыгың шегінде оргаласқан. Жазықтық палеозой іргетасында жатқан палеоген-
неоген теңіз шөгінділерінен құралған. Мұндағы ең ежелгі жыныстар
палеогеннің жасылдау және қызғылттау келген саз балшықтары болып табылады.
Олардан жоғары құрамы бойынша өзгеріп отыратын құмтастардың, мергелдердің
және гипспен бірге саз балшықтардың миоцендік кен қабаттары ашылады.
Аумақтың көп бөлігі құрылымдардың қанаттарының дизъюнктивті бұзылуларын
және Қаратау жотасына қатарлас жондарының созылмалылығын сипаттайтын
екінші қатардағы брахиантик-линальдық құрылыммен қатар күрделенген Беке-
Басқұдық антиклиндердің оңтүстік қанатын білдіреді. Көтерілімдерді
құрайтын жыныстар оңтүстікке қарай аздаған еңкіспен моноклинді жатады.
Жердің беткі қабатына жаппай көлбеу жататын, бүкіл ауданда тұрақты сарамат
дәуіріндегі шамалы жылжыған теңіз шөгінділері шығады. Олар тұзды мергелдер
мен саз балшықтармен алмасатын кеуекті, суды жақсы өткізетін оолитті қуыс
әктастардан құралған.
Карбонатты-гипсті құм балшықты элювийдің қалыңдығы 1,0-1,5 м аспайды
және солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай азаяды. Элювий қабаты 30-50 см-ден
1,0 м дейінгі тереңдікте жататын ұсақ кристалды гипс қабаттарының аз
өзгерген бұрынғы жыныстан (әктас тақташасы) бөлінеді. Жыныс пен элювиальдық
плащпен жанасуда гипстік қабаттың қалыптасуын көптеген ғалымдар сармат
теңізінің түбіне гипістің түсуімен түсіндіреді 74 және басқалар. Аумақта
долювиальды – пролювиальды құм балшықты және эолды құмдақ шөгінділер
түріндегі континенталдық төрттік кезеңнің шөгінділері кең таралған.
Соңғылары қалыптасуы альб-сеноман құмды шөгінділердің ұшырылуымен
байланысты Сауысқан, Сеңгірқұм, Бостанқұм, Түйесу және басқа құм
массивтерін түзген. Аумақтың мұнай-газ кен орны палеозой, девон-перм және
юра-бор тұс үсті және тұз асты терриген шөгінділерімен ұштасқан және тұзды-
күмбезді тектоникамен байланысты. Олар іркілмелі су режимімен, әлсіз газ
алмасумен және органикалық қалдықтардың күкірттісутектік улануымен бірге
ыстық климат жағдайында автономды су айдындарында түзілді 48,49.
Экологиялық қолайлы режимде жинақтала отырып, олар ірі мұнай шоғырларының
түзілуі үшін жағдай жасады.
Кен орындарындағы өнімді қабат жоғарғы бордың сеноман қабатынан
бастап төменгі пермь шөгінділеріне дейінгі стратиграфиялық қабаттарды
қамтиды. Бұл жағдайда бор шөгінділерімен газ шоғырлары, ал юрамен
негізінен мұнай шоғырлары байланысты.
Жер бедерінің сипаты бойынша Маңғыстау жазығы сармат әктастарымен
қапталған қуаңшылықты-жемірілген шоқыны білдіреді. Жазықтықтың абсолютті
биіктігі біртіндеп солтүстіктен оңтүстікке қарай таулы Маңғыстауға жақын
жерде 300 м бастап Кендірлі-Қаясан шоқысына 160 м дейін төмендейді. Осы
аумақтың жер бедерінің ерекшелігі шеткі жағы биіктігі 100-150 м дейінгі тік
жарлы баурайлар-шыңқылармен жиектелген, әлсіз иректелген жазықтықтың беткі
жағында әр түрлі мөлшердегі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай - газды аймақтардың техногендік ландшафтары
Маңғыстау өңірі табиғат компоненттеріне физикалық-географиялық сипаттамасы
ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Казақстандағы негізгі экологиялық проблемалар
Ақтөбе облысының хроммен ластануы
Мұнай және газ өнеркәсібі
Каспий өңірінің экологиялық мәселелері
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы
Маңғыстау өлкесінің экологиялық проблемалары
Өзеннің ластану деңгейі
Пәндер