Қазақстан Республикасының аймақтарының экономикалық даму стратегиясы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Республиканың экономикалық дамуындағы аймақтардың рөлі мен орнын талдау

Республикамызда соңғы жылдары аймақтық экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Соның нәтижесі ретінде 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі Қазақстанның барлық аймақтарында байқалады. Ең көп өсуге Қызылорда облысында (18, 7%) қол жеткізілсе, ең аз өсу Атырау облысында (0, 3%) орын алды. Өнеркәсіп өндірісінің орташа республикалық деңгейі еліміздің 11 аймағында асып түсті.

Ауыл шаруашылығы саласына келер болсақ, 2008 жылғы бағалау бойынша тұтастай республикада ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 606, 7 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы тиісті кезеңдегіден 1, 4 % артық.

2008 жылы жалпы аймақтық өнім халықтың жан басына шаққанда 266, 9 мың теңгені құрады, оның ең жоғары көлемі Атырау (1099, 4 мың теңге), Маңғыстау (566, 5 мың теңге) облыстарында және Алматы (625, 7 мың теңге) мен Астана (510, 6 мың теңге) қалаларында байқалады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2007 жылмен салыстырғанда 10, 6 %-ға артқан. Инвестицияның өсуі республиканың 13 аймағында байқалып отыр. Осы келтірілген деректер аймақтар экономикасын дамытуға қатысты іске асырылған шаралардың бірқатар оң нәтижеге жеткізгендігіне дәлел бола алады. Дегенмен шешімі табылмаған, жақын мерзімде шешілуі қажет мәселелер әлі де болса жеткілікті. Республикамыздың кең байтақ аумағы мен оның әрбір аймағының өзіндік ерекшеліктері, олардың экономикалық әлеуеті, республикалық еңбек бөлінісіндегі орны, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі нарықтық қатынастарға өткелі бері жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінің әркелкі болуын тудырды. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан аймақтарының әкімшілік-аумақтық құрылымы мен негізгі сипаттамаларын келесі кесте (2-кесте) деректерімен бейнелеуге болады. Осы кесте мәліметтерінен байқалып отырғанындай, республика аймақтары негізгі көрсеткіштері (аумағы, халқы, олардың орналасу тығыздығы, барлық халық санындағы облыс халқының үлесі және т. б. ) бойынша да бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Сондай-ақ әрбір аймақтың өзінің маманданған саласы бар.

Аймақтың мамандануы мен орналасуын анықтау үшiн келесi көрсеткiштер барынша жарамды болып табылмақ: облыстардың республика халқының санындағы үлесi, ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнім) -дегi облыстардың үлесi, өнеркәсiп өндiрiсiнiң жалпы көлемiндегi облыс халқының үлесi, жалпы ауыл шаруашылық өнiмдерiндегi облыстардың үлесi. Соңғы екi көрсеткiш тек белгiлi бiр кезеңдегi жағдай бойынша қолданылуы мүмкiн. Облыстардың жан басына шаққандағы номиналды табысы орташа республикалық деңгеймен арақатынасы көбiнесе өнiмге деген баға деңгейiне байланысты болып келедi.

Аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiшi ретiнде жалпы аймақтық өнiмдегi облыстардың алатын үлесiн санаған жөн. Мiне, осы көрсеткiш аймақтың барлық халық шаруашылығымен экономикалық және нарықтық байланыстарын көрсетедi. Бұл ең басты белгiсi. Қалған барлық көрсеткiштер болса, оны толықтырып отырады.

Кесте 3.

Жалпы ұлттық өнімдегі аймақтардың үлесі *

пайызбен

Аймақтар
жылдар:
2004
2005
2006
2007
2008
Аймақтар: 1
жылдар:: 2
3
4
5
6
Аймақтар: Қазақстан Республикасы
жылдар:: 100, 0
100, 0
100, 0
100, 0
100, 0
Аймақтар: Ақмола облысы
жылдар:: 3, 2
2, 8
2, 8
2, 5
2, 5
Аймақтар: Ақтөбе облысы
жылдар:: 4, 6
4, 9
5, 1
5, 5
5, 1
Аймақтар: Алматы облысы
жылдар:: 4, 8
4, 5
4, 4
4, 2
4, 0
Аймақтар: Атырау облысы
жылдар:: 10, 2
12, 3
11, 2
10, 9
10, 7
Аймақтар: Шығыс Қазақстан облысы
жылдар:: 9, 2
7, 0
6, 6
6, 1
6, 0
Аймақтар: Жамбыл облысы
жылдар:: 2, 1
2, 3
2, 3
2, 2
1, 9
Аймақтар: Батыс Қазақстан облысы
жылдар:: 4, 7
4, 9
6, 2
5, 4
5, 0

3-кестенің жалғасы

Қарағанды облысы
11, 5
9, 2
8, 7
9, 0
9, 0
Қарағанды облысы: Қостанай облысы
11, 5: 6, 1
9, 2: 4, 9
8, 7: 4, 6
9, 0: 4, 2
9, 0: 3, 8
Қарағанды облысы: Қызылорда облысы
11, 5: 2, 2
9, 2: 2, 9
8, 7: 3, 1
9, 0: 3, 2
9, 0: 3, 6
Қарағанды облысы: Маңғыстау облысы
11, 5: 5, 3
9, 2: 5, 0
8, 7: 5, 2
9, 0: 5, 8
9, 0: 5, 8
Қарағанды облысы: Павлодар облысы
11, 5: 6, 5
9, 2: 5, 8
8, 7: 5, 7
9, 0: 5, 1
9, 0: 4, 5
Қарағанды облысы: Солтүстік Қазақстан облысы
11, 5: 2, 7
9, 2: 2, 5
8, 7: 2, 5
9, 0: 2, 4
9, 0: 2, 3
Қарағанды облысы: Оңтүстік Қазақстан облысы
11, 5: 6, 6
9, 2: 6, 0
8, 7: 5, 3
9, 0: 4, 7
9, 0: 4, 1
Қарағанды облысы: Астана қаласы
11, 5: 5, 0
9, 2: 7, 0
8, 7: 7, 9
9, 0: 9, 4
9, 0: 9, 4
Қарағанды облысы: Алматы қаласы
11, 5: 15, 2
9, 2: 18, 1
8, 7: 18, 5
9, 0: 19, 5
9, 0: 22, 3

*Ескертпе - Статистикалық жылнама, Алматы, 2009 ж.

Берілген 3 - кестеге талдау жасайтын болсақ, мұнда әрбір аймақтың жалпы ұлттық өнімдегі үлесі көрсетілген. Кесте деректері көрсетіп отырғанындай, ең жоғары үлес - 22, 3 пайыз Алматы қаласына тиіп отыр, одан кейінгі орында - Атырау облысы (10, 7%), ал ең төменгі үлес 1, 9 % Жамбыл облысының үлесінде. Осы деректер аймақтардың даму әлеуеттерінің әр түрлілігіне орай олардың республикадағы алатын орнының да түрліше болатындығын дәлелдеп отыр.

Кестедегі мәліметтерден белгілі болып отырғандай, стратегиялық сипаты бап минералды ресурстардың өте сирек кездесетін қорына және республика экономикасын әлем шаруашылығына жоғары қарқынмен қосуға мүмкіндігі бар ғылыми-өндірістік әлеуеттің интенсивті даму қарқынына ие және ауыр индустрия салаларына маманданған, жоғары технологиялық ғылыми сыйымды өндіріс құруға экономикалық ахуалы ыңғайлы, әсіресе, қаржы ресурстарымен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын Қарағанды (9%) Ақтөбе (5, 1%), Маңғыстау (5, 8%), Батыс Қазақстан (5%), Шығыс Қазақстан (6%) облыстарының үлесі біршама жоғары.

Ал республиканың азық-түлік қорын қалыптастыруда алдыңғы қатарда болып саналатын агроөнеркәсіп кешенін қамтитын Солтүстік Қазақстан (2, 3%), Ақмола (2, 5%), Қостанай (3, 8%), Оңтүстік Қазақстан (4, 1%), Алматы (4%) облыстары одан кейінгі орындарда, олардың ЖҰӨ-дегі үлестері 2-4 пайызды алады.

Жалпы аймақтық өнімнің салалық құрылымына талдау жасау аймақтар бойынша мамандану деңгейін сипаттауға мүмкіндік береді. Оны төмендегі 4-кестеден көруге болады.

Экономиканың негізгі салалары бойынша аймақтардың үлесін көрсететін бұл кесте мәліметтері аймақтардың мамандану деңгейін сипаттауға мүмкіндік береді.

Кесте 4.

Жалпы аймақтық өнімнің салалық құрылымы (2008 ж. )

Пайызбен

Облыстар
Барлығы
Ауыл шаруа-шылығы
Өнер-кәсіп
Құры-лыс
Сауда

Көлік

және

байла-ныс

басқалары
Облыстар: 1
Барлығы: 2
Ауыл шаруа-шылығы: 3
Өнер-кәсіп: 4
Құры-лыс: 5
Сауда: 6
Көлікжәнебайла-ныс: 7
басқалары: 8
Облыстар: Қазақстан Республикасы
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 8, 2
Өнер-кәсіп: 32, 9
Құры-лыс: 6, 9
Сауда: 13, 6
Көлікжәнебайла-ныс: 13, 5
басқалары: 24, 9
Облыстар: Ақмола
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 31, 3
Өнер-кәсіп: 22, 5
Құры-лыс: 2, 8
Сауда: 8, 0
Көлікжәнебайла-ныс: 15, 5
басқалары: 19, 9
Облыстар: Ақтөбе
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 6, 7
Өнер-кәсіп: 41, 9
Құры-лыс: 8, 2
Сауда: 14, 6
Көлікжәнебайла-ныс: 12, 6
басқалары: 16, 0
Облыстар: Алматы
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 24, 6
Өнер-кәсіп: 30, 8
Құры-лыс: 6, 7
Сауда: 9, 2
Көлікжәнебайла-ныс: 16, 2
басқалары: 12, 5
Облыстар: Атырау
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 1, 7
Өнер-кәсіп: 44, 8
Құры-лыс: 14, 2
Сауда: 2, 4
Көлікжәнебайла-ныс: 11, 4
басқалары: 25, 5
Облыстар: Шығыс Қазақстан
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 10, 6
Өнер-кәсіп: 40, 5
Құры-лыс: 3, 2
Сауда: 15, 7
Көлікжәнебайла-ныс: 11, 8
басқалары: 18, 2
Облыстар: Жамбыл
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 20, 8
Өнер-кәсіп: 24, 4
Құры-лыс: 8, 9
Сауда: 8, 4
Көлікжәнебайла-ныс: 16, 1
басқалары: 21, 4
Облыстар: Батыс Қазақстан
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 6, 5
Өнер-кәсіп: 21, 3
Құры-лыс: 16, 3
Сауда: 10, 5
Көлікжәнебайла-ныс: 12, 7
басқалары: 32, 7
Облыстар: Қарағанды
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 4, 3
Өнер-кәсіп: 53, 3
Құры-лыс: 3, 6
Сауда: 13, 6
Көлікжәнебайла-ныс: 12, 4
басқалары: 12, 8
Облыстар: Қостанай
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 22, 5
Өнер-кәсіп: 29, 9
Құры-лыс: 3, 0
Сауда: 15, 6
Көлікжәнебайла-ныс: 17, 3
басқалары: 11, 7
Облыстар: Қызылорда
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 5, 6
Өнер-кәсіп: 48, 1
Құры-лыс: 12, 7
Сауда: 5, 1
Көлікжәнебайла-ныс: 10, 3
басқалары: 18, 2
Облыстар: Маңғыстау
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 0, 3
Өнер-кәсіп: 64, 5
Құры-лыс: 7, 1
Сауда: 3, 3
Көлікжәнебайла-ныс: 5, 5
басқалары: 19, 3
Облыстар: Павлодар
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 6, 9
Өнер-кәсіп: 47, 4
Құры-лыс: 2, 3
Сауда: 7, 7
Көлікжәнебайла-ныс: 25, 3
басқалары: 11, 1
Облыстар: Солтүстік Қазақстан
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 36, 2
Өнер-кәсіп: 15, 7
Құры-лыс: 1, 9
Сауда: 16, 6
Көлікжәнебайла-ныс: 12, 3
басқалары: 17, 3
Облыстар: Оңтүстік Қазақстан
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 16, 4
Өнер-кәсіп: 33, 7
Құры-лыс: 2, 8
Сауда: 11, 2
Көлікжәнебайла-ныс: 12, 6
басқалары: 22, 6
Облыстар: Астана қаласы
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 0, 2
Өнер-кәсіп: 7, 6
Құры-лыс: 16, 7
Сауда: 19, 3
Көлікжәнебайла-ныс: 11, 9
басқалары: 44, 3
Облыстар: Алматы қаласы
Барлығы: 100
Ауыл шаруа-шылығы: 0, 04
Өнер-кәсіп: 12, 5
Құры-лыс: 2, 8
Сауда: 27, 1
Көлікжәнебайла-ныс: 14, 4
басқалары: 43, 2

Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, агралық сектор Солтүстік Қазақстан (36, 2 %), Ақмола (31, 3%), Алматы (24, 6 %), Қостанай (22, 5%) , Жамбыл (20, 8%), және Оңтүстік Қазақстан (17, 1%) облыстарының экономикасында елеулі рөл атқарады. Өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған аймақтар қатарына Маңғыстау (64, 5%), Қарағанды (53, 3%), Қызылорда (48, 1%), Павлодар (47, 4%), Атырау (44, 8%), Ақтөбе (41, 9%) және Шығыс Қазақстан (40, 5%) облыстарын кіргізуге болады. Құрылыс жұмыстарының көлемі Астана қаласында (16, 7%), Батыс Қазақстан (16, 3%), Атырау (14, 2%), Қызылорда (12, 7%), Жамбыл (8, 9%) және Ақтөбе (8, 2%) облыстарында республикалық деңгейден асып түскенін кесте деректері көрсетіп отыр.

Сауда, көлік, байланыс, білім, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсететін экономиканың басқа салалары кіретін қызметтердің жиынтық үлесі республика бойынша тұтастай 52%-ды құрайды. Қызмет көрсету салалары Астана және Алматы қалаларында басымдыққа ие. .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан республикасындағы аймақтарының экономикалық әлеуеті
Стратегиялық жоспарлау бөлімдері
Аймақтың экономикалық дамуы
Мемлекеттің аймақтардың дамуын реттеуі басқарудың екі
Аймақтық саясат
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Республика экономикалық аймақтарының мәселелері
Қазақстан Республикасының инвестициялары
Қазақстан Республикасының аймақты дамытудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz