Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктері



Мазмұны:

Кіріспе

I Бөлім. Инфляцияның мәні, себептері және түрлері
1.1 Инфляцияның мәні және пайда болу себептері
1.2 Инфляцияның түрлері

II Бөлім. Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктері.
2.1. Инфляцияның әлеуметтік. экономикалық
салдары
2.2. Ақша айналымын тұрақтандыруда қолданылатын
шаралар
2.3. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері

III Бөлім. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер
КІРІСПЕ.

Қазіргі заманның алдында өз алдына байлық көзі ретінде қаржы, валюта көздері басты орын алады. Бұл жұмыстың басты тақырыбына келетін болсақ, яғни сол байлық көзі ретіндегі табыс мөлшері ақшаның ісінің нәтижесінен құралады. Бұл- ақшадағы инфляция мәселесі. Өзімнің кіріспе нұсқауымды бастар алдында, елбасымыздың «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму стратегиясы»-ндағы жолдауын айта кеткен жөн. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың біздің Қазақстанымыздың жақсылап дамуына септігін тигізетін үлкен мәселелерді қозғайды. Әрине бұл мәселенің инфляцияға жол бермеу керек деген ой- пікірі қалыптасқан. Инфляция дегенді ел экономикасына қарсы індет деп атайды.
Еліміздің сан жылдар бойы, яғни тәуелсіздіктен кейінгі кездерде бұқаралық ақпарат құралдарынан шындықтары ашылуда. Сол кезеңде Ресейдің ақшасы құнсызданып, қымбатшылдық орнайды да, біздің елімізге үлкен әсерін тигізеді. Жалпы қарапайым тілде айтатын болсақ, инфляция ол тарихи тұрғыда сонау АҚШ еліндегі үлкен бір дағдарыс есебінен туды дейді. Осы инфляцияның болуына мына себептерді айтады, ол шектен тыс қаржы жұмсау, әрине, өндіріс секторын дамыту мақсатында, соғыс жағдайларында т.с.с.
Бұл курстық жұмыстың маңызы зор, ол- әрине тәуелсіздік алғанымыздан кейін Ресейдің Қазақстанға тигізген мемлекет экономикасы алдында және де біздің алдымызда. Бұлай айтар себебім, қазіргі нарық заманындағы үлкен бір мәселе болып табылады. Сол жылдардағы Н. Назарбаевтың жүргізген саясаты арқасында жеңе білдік, және де алдымызға мақсат қоя білдік.
Курстық жұмысты таңдаған мақсатым Қазақстан Республикасына және де өзге мемлекеттеріне қаржы мәселесінің қандай сипаты тиетінін жақсы танығым келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты- инфляцияның мәнін және әлеуметтік- экономикалық салдарын көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орныдалуы керек:
• Инфляцияның мәнін ашып, пайда болу себептерін атап, түрлерін көрсету.
• Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктерін атау және де Қазақсатандағы ерекшеліктерін көрсету.
• Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат жолдарын анықтау.
Қолданған әдебиеттерім.

1. Әкімбеков С, Баймухамедов А.С., Жанайдаров У.А.. Экономикалық теория.Оқу құралы.- Астана 2002.
2. Абрамова М.А., Александрова Л.С. Финансы, денежное обращение и кредит: Учебное пособие.- М.: Инст. межд. Права и экономики, 1996
3. Шеденов Ө.К., Жүнісов Б.А., Байжомартов У.С. Жалпы экономикалық теория.-Алматы.2002.
4. Саниев М.С. Ақша,несие,банктер-Алматы.2001.
5. Общая теория денег и кредита: Учебник для вузов/ Под ред. Е.Ф. Жуков- М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999-622с
6. Курс экономической теории. Учебное пособие\Под общ. Ред. М.Н.Чепурина, Е.А.Киселевой.-Киров, АСА.
7. Ақша, несие, банктер: Оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2000-328б
8. Усов В.В. Деньги. Денежное обращение. Инфляция: Учебное пособие для вузов. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999- 544с
9. Финансы. Денежное обращение. Кредит: Учебник / Под ред. Л.А. Дробозиной.- М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997- 479с
10. Журнал: “Экономика и жизнь” - №5. 1993. 28-31б
11. Журнал : “Іскер жеті күн” газет 1998ж, №9-11.
12. “Іскер жеті күн” журнал-газеті 1996ж, №3-5
13. Журнал : “Қаржы- қаражат”- №9-11, 2000ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

1 Кіріспе

I Бөлім. Инфляцияның мәні, себептері және түрлері
1. Инфляцияның мәні және пайда болу себептері
2. Инфляцияның түрлері
II Бөлім. Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету
ерекшеліктері.
2.1. Инфляцияның әлеуметтік- экономикалық
салдары
2.2. Ақша айналымын тұрақтандыруда қолданылатын
шаралар
2.3. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері
III Бөлім. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер

КІРІСПЕ.

Қазіргі заманның алдында өз алдына байлық көзі ретінде қаржы, валюта
көздері басты орын алады. Бұл жұмыстың басты тақырыбына келетін болсақ,
яғни сол байлық көзі ретіндегі табыс мөлшері ақшаның ісінің нәтижесінен
құралады. Бұл- ақшадағы инфляция мәселесі. Өзімнің кіріспе нұсқауымды
бастар алдында, елбасымыздың Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму
стратегиясы-ндағы жолдауын айта кеткен жөн. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
біздің Қазақстанымыздың жақсылап дамуына септігін тигізетін үлкен
мәселелерді қозғайды. Әрине бұл мәселенің инфляцияға жол бермеу керек деген
ой- пікірі қалыптасқан. Инфляция дегенді ел экономикасына қарсы індет деп
атайды.
Еліміздің сан жылдар бойы, яғни тәуелсіздіктен кейінгі кездерде
бұқаралық ақпарат құралдарынан шындықтары ашылуда. Сол кезеңде Ресейдің
ақшасы құнсызданып, қымбатшылдық орнайды да, біздің елімізге үлкен әсерін
тигізеді. Жалпы қарапайым тілде айтатын болсақ, инфляция ол тарихи тұрғыда
сонау АҚШ еліндегі үлкен бір дағдарыс есебінен туды дейді. Осы инфляцияның
болуына мына себептерді айтады, ол шектен тыс қаржы жұмсау, әрине, өндіріс
секторын дамыту мақсатында, соғыс жағдайларында т.с.с.
Бұл курстық жұмыстың маңызы зор, ол- әрине тәуелсіздік алғанымыздан
кейін Ресейдің Қазақстанға тигізген мемлекет экономикасы алдында және де
біздің алдымызда. Бұлай айтар себебім, қазіргі нарық заманындағы үлкен бір
мәселе болып табылады. Сол жылдардағы Н. Назарбаевтың жүргізген саясаты
арқасында жеңе білдік, және де алдымызға мақсат қоя білдік.
Курстық жұмысты таңдаған мақсатым Қазақстан Республикасына және де өзге
мемлекеттеріне қаржы мәселесінің қандай сипаты тиетінін жақсы танығым
келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты- инфляцияның мәнін және әлеуметтік-
экономикалық салдарын көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орныдалуы керек:
• Инфляцияның мәнін ашып, пайда болу себептерін атап, түрлерін
көрсету.
• Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктерін атау және
де Қазақсатандағы ерекшеліктерін көрсету.
• Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат жолдарын анықтау.

I бөлім. Инфляцияның мәні, себептері және түрлері.

1.1.Инфляцияның мәні және пайда болу себептері

Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтің
бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының
төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу
мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция- қоғамдық ұдайы өндірістегі
диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынның үйлеспеуі
салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән
құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салдары арасында,
коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және
шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның
бай тарихы бар. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік
үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды.
Франция 1789-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз
ассигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.
Алғашқы рет “инфляция” деген ұғым ақша айналымына қатысты
АҚШ- та Азамат соғысы кезінде (1851-1865ж.ж.) орасан зор гривналар
ақша орнына қолданылған күміс кесек 450млн доллар шығарылуына
байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабіліеті 2 жылдың
ішінде 60 процентке дейін төмендеді.
Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциясын стихиялық реттеу,
соның ішінде ақшаның қазына жинау құралы қызметі механизмін
атқару кезеңінде қалыптасқан айналым саласында, алтын монометаллизм
жағдайында инфляцияның созылмалы ауру ретінде дамуына кедергі
жасалды. Еркін бәсеке кезеңіндегі капитализм жағдайында
инфляцияны соғыс, дағдарыстар, стихиялық апаттар кезінде болатын
несие ақшаларының алтынға айырбасталуының тоқтатуы кезде пайда
болды. Капитализмнің жалпы дағадарысы кезінде инфляция жалпы
созылмалы сатып алып, маңызды әлеуметтік- экономикалық проблемалардың
біріне айналады.
Енді инфляция дегеніміз не, осы сөздің басын ашып
алайық. Инфляция латын сөзінен алғанда inflatio- көтерілу, ісу- қағаз
ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік- экономикалық
құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша
өнімдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып
кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген
ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді.
Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардаптың
ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал
мемлекет жалақыны бұрыңғы дәрежесінен арттырмауға тырысады.
Ақшаның құнсыздануы халықтың әл- ауқатының дәрежесіне әкеп
соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның
деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да
бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып
тауар мен азық- түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр
етеді.
Инфляция кешенді себептердің негізінде пайда болады
және оның маңыздылары болып мыналар саналады: мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы, оны азайту мақсатында мемлекеттік бағалы
қағаздар немесе жай қағаз ақшалар шығарылады. Тұтыну
игіліктерінің көбеюіне айналмайтын, адамзат еңбегінің мақсатынсыз
шығындарына жол беретін мемлекеттің өндірістік емес шығындары,
әсіресе әскери шығындар.
Сұранымды ұсынымнан алшақтататын тауар тапшылығы және
соның негізінде бағаның өсуі, бірқатар өндірушілердің аз
өнімдеріне, олардың тұтыну сапасын арттырмай- ақ жоғары баға
қою және негізінен қымбат тұратын өнім шығаруға мүмкіндік
беретін монополиялық үстемдік жағдайы, жалақының өсуінің еңбек
өнімділігінің өсуінен алшақтауы және басқа себептер. Бұл
себептер мемлекетттік бюджеттің тапшылығының тұрақты ұдайы
өндірілуіне және жиі- жиі артық ақша эмиссиясына , эмиссия-
айналысқа ақша және бағалы қағаздар шығару жағдай жасайды.

1.2. Инфляцияның түрлері.

Шет ел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты үш
түрге бөледі:
а)баяу немесе сұлама инфляция;
б)қарқынды инфляция;
в)ұшқыр инфляция.
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі, жылына 10 %- тен аз,
ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта
да, мемлекетте төтенше жағдай да тап болмайды. Қарқынды инфляция
кезінде баға жылына 10-20-дан 200%-ке дейін өседі. Соның
салдарынан жалақы өсіп, ол бағаның одан әрі өсуіне әкеп
соқтырады. Біздің елде болып жатқан ақшаның құнсыздануы
инфляцияның осы түріне жатады. Ал ұшқыр инфляция кезінде
ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен 1000%- тен жоғары.
Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс
тіршілігі қиындай бастайды.
Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе- теңдік
формаларына байланысты ашық және басылыңқы деп бөледі. Еркін
баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар
мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция
кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын- оқтын төмендеуімен немесе
оның өсуінің байлауымен сыйыса береді, ал ол ашық инфляцияның
нарық механизмін едәуір бұрмалағанымен әйтсе де оны толық бүлдіре
алмайтынын көрсетеді.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция
реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар
тапшылығына, өнімнің сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша
жинақтауда, астыртын экономикада бартерлік айырбастың дамуында
көрінеді. Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар
құрал және тауарлар мен қызметттерді бөлу өлшемі қызметін
атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның
тепе- теңдік бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау
нәтижесінде пайда болады. Бұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің
экономикамызға тән болып отыр.
Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен,
ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртын экономиканың , бартерлік
келісімнің дамуымен көрінеді. Басылыңқы инфляция мемлекет тауар
бағасын сұраным мен ұсыным тепе- теңдігі бағасынан төмендеуін
қолдау әсерінен туады, онда ақшалар жалпы төлем құралы және
тауарларды бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан қалады. Егер
біздің осы уақытқа дейінгі экономиканы алсақ, онда ол ұзаққ
жылдар бойы басылыңқы инфляция жағдайында болды. Және болашақ
экономика үшін бұл қауіпті емес, одан әлі де болса құтылуға
болады.
Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты
екі типке бөледі:
а)сұраным инфляциясы;
б)өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық ұсынымның азаюының
нәтижесінде болатын инфляция (ұсыным инфляциясы).
Сұраным инфляциясының мәнін бір сөзбен былай деп сипаттауға
болады: “Тым көп ақшалар тым аз тауарларды аулайды”. Сұраным
инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілдік-
әміршілдік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да
орын алады. Мысал ретінде біздің экономиканы алсақ, онда ұзақ
жылдар бойы жасанды түрде төмен жұмыссыздық деңгейі сақталады.
Оған табыссыз жұмыс орнын, ең көп еңбек шығынын қажет ететін
өндірісті сақтау арқылы қол жетті. Ал жалақының еңбексіз табылған
табысқа айналуы, оны сұраным инфляциясына айналдырады, бағаны
өсіреді.
Ұсыным инфляциясы ұсыным мен шығындарды өзгерту
нәтижесінде болуы мүмкін. Ұсыным инфляциясының екі түрі бар:
а)жалақының өсуі әсерінен болатын инфляция
б)ұсыным экономикасы механизмінің бұзылуы нәтижесінде пайда
болатын инфляция.
Инфляцияның сипаты қоғамдық ұдайы өндірісті дамыту
барысында елеулі түрде өзгереді. Осыған байланысты инфляцияны
кейбір елдерде орын алатын жергілікті инфляция, барлық елдерді
қамтитын бүкіл әлемдік инфляция, елде бір ішкі экономикалық
факторлардың әсерінен болатын индуцироланған инфляция, мөлшерден
тыс несие инфляция, сыртқы себептерден туындайтын сырттан
әкелінген және сыртқа шығарылатын инфляция, инфляциялық процестің
бірқалыптылығы еместігінен байланысты болатын сатылы инфляция деп
ерекшелейді.
Инфляция балансталған, тепе- теңдікті болуы мүмкін, яғни
бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге
бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес
ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі
экономикалық ахуалды білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядан
ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады,
үкімет оны “жоспарлайды”, мысал ретінде Ресей Федерациясының,
Қазақстанның 1991жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны
жоғарлату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен
сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер
етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз
табысының құнсыздануынан қауіптеніп, артық тауарлар сатып алуға
ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп
экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік
бүркемделенеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның
тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның
өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі “инфляцияны күту”
басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне
көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс,
ол төмендейді деген үмітпен , тұтынушылар рынокқа сатып алу
қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жасайды, көбірек сақтап,
жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне
оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің
тепе- теңдік жағдайына келеді. Біз рыноктық шаруашылық
қызметтерінің әсерін, оның нәтижесін көрсеттім.

1 II бөлім. Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету

ерекшеліктері.

2.1. Инфляцияның әлеуметтік- экономикалық салдары.

Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық
өсудің пропорциясы бұзылады, ақша- несие, қаржы және валюта
механизмі бүлінеді, елде әлеуметтік- экономикалық тұрақсыздық
күшейді. Инфляция халықаралық экономикалық қарым- қатынастарды,
жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың
ең пайдалы салдарына салуды ынталандырады, экономикалық
қылмыстар мен астыртын экономиканың дамуын жеделдетеді.
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып
келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда
нормасын жоғарлатып, уақытша конъюктураны жандырады. Процестің
ұшығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп,
қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді.
Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей
шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп,
экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі
өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып,
тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді
қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын
күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып,
тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-
несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы
құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді.
Өндірістердің интернационалдануы инфляцияны бір елден
екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары
күрделенеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тән,
яғни жылдан жылға ауысатын бірқалыпты ақшаның
құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша инфляцияның бұл
түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы
мүмкін. Ал дамушы мемлекттерде қарқынды және ұшқыр инфляция
басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның
түрлері және инфляцияның әлеуметтік- экономикалық зардаптарын
жою шаралары да әр елдің экономикалық өсуін ерекшеліктеріне
байланысты болады.
Дамушы елдерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған
әсер ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге
болады.
Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы
мемлекеттері жатады. Оларда 80- жылдардың аяғы - 90- жылдардың
бас кезінде экономикалық тепе- теңдіктің жоқтығы, мемлекет
бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша шығару
станогі мен үнемі индекстеу механизмінің қолданылуы байқалып,
ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық валютаның
курсы төмендеді.
Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Бирма, Венесуэла, Иран,
Египет, Сирия, Чили елдері кіреді, оларда да экономикалық тепе-
теңдіктің жоқтығы байқалып, ал қаржы саясатында өз
қаржыландыруға және несиелік экспансияға ерекше көңіл
бөлінді. Бұл елдерде қарқынды инфляция сақталып, бірен- саран
индекстеу жүргізілуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.
Үшінші топқа жататын елдер- Сингапур, Малайзия, Оңтүстік
Корея, Бахрейн, Біріккен Арабтар Әміршіліктері, Сауд Аравиясы-
жеткілікті деңгейде экономикалық тепе- теңдігі бар мемлекеттер.
Оларда жылжымалы инфляция сақталуда, бағаға қатал бақылау
енгізілген. Экономикасы дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде
инфляцияға қарсы шаралар ретінде тауарды сыртқа шығару және
шетел валютасының құйылуы зор роль атқаруда жұмыссыздық
бірқалыпты деңгейде жүруде.
Төртінші топқа дамушы мемлекеттер әлеміне теңгерілген
бұрыңғы социалистік мемелекеттер кіреді. Бұл мемлекеттердегі
инфляция жоспарлы жүйесінен нарыққа өту барысында туындайтын
объективті процестерге байланысты болады. Себебі инфляция
факторлары, біріншіден, мемлекеттік бюджеттің бұрыннан келе жатқан
тапшылығы негізінде қаржыландыру мәселелерінде анықталады;
екіншіден, құрылым факторлары, мысалы, тез қайтарылымы болмайтын
ауыр өнеркәсіпке салынатын инвестицияның қауырт өсуі; үшіншіден,
“баға қойшысы” деп аталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің
бағасымен салыстырғандығы өнеркәсіп өнімдері бағасының қарқынды
өсуінің арасындағы үйлесімсіздік. Құрылым факторлары тек
бағаны қауырт көтеріп шығын инфляциясына жағдай жасап қана
қоймай, сонымен қатар сұраныс инфляциясының өсуіне әсерін
тигізеді.
Бұл мемлекеттер өндірістің өсуі мен ішкі нарықтың
аз сұранысы арасындағы қайшылықтарды, бір жағынан, зиянды
қаржыландыру жолымен, яғни ақша массасын басып шығарумен,
екінші жағынан, шетел займдарын көптеген мөлшерде тартумен
шешуге ұмтылуда. Нәтижесінде бұл топтағы мемлекеттерде көп
мөлшерде ішкі және ұшқыр инфляциялардың нышаны- ақша
айналымы жылдамдығының өсуі, ақша массасының жиынтық сатып
алу мүмкіншілігінің кенет төмендеуі және ақша айналысынан
ұсақ монеталар түгілі бірте-бірте ұсақ қағаз купюралардың
да жойылуы. Сонымен қатар сыртқы қарыздың өсуі мемлекет
ішінде доллардың немесе басқа шетел валютасының қолданылуына
жол ашады. Бұл процесс инфляцияның одан әрі қарқындауына және
елден капиталдық “әкетілуіне” соқтырады.
Инфляцияның әлеуметтік- экономикалық зардаптары төмендегі
жағдайлардан: тауарлар бағасының өсуінен; халықтың ақшалы
жинағының; шаруашылық субъектілерінің және мемлекеттік бюджет
қаржысының құнсыздануынан; халықтың экономикалық белсенділігінің
төмендеуі мен жұмыссыздықтың көбеюінен; ұлттық валютасының
сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі мен басқа валюталарға
қарағанда оның нақты курсының бұрмалануынан, көлеңкелі
экономиканың белсенді өсуі мен оның салық төлеуден жалтаруынан
және көптеген көлеңкелі процестерден байқалады.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық
табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып,
номиналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен
тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция
зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері,
зейнеткерлер және т.б. басынан өткізеді.
Инфляцияның зардаптарын жойып, ақша айналысын
тұрақтандырудың негізгі әдістері- ақша реформасын жүргізу
және инфляцияға қарсы басқа да саясаттар жүргізу болып
табылады.

2.2. Ақша айналымын тұрақтандыруда қолданылатын
шаралар.

Соңғы жылдары инфляция бұрыңғы КСРО елдеріндегі ең қиын
халық шаруашылығы проблемасына айналды. Әміршілдік- әкімшілдік
жағдайында инфляция “қисыңқы”, “басыңқы” , “жабыңқы” күйде болып,
көптеген тапшылықтар болуы мен өнім сапасының үнемі төмендеу
түрінде көрініп келді. Нарықтың құрыла бастауы инфляциялық
процестерді едәуір дәрежеде өршітті. Инфляцияны бәсеңдету үшін
баға мен табысқа түгелдей әкімшілік бақылауды күшейту нарық
қатынастарының дамуына теріс әсер етті. 1992жылға дейін бұрыңғы
КСРО елдерінде инфляцияға қарсы жан- жақты ойластырылған
шаралар жүргізілген жоқ. Мысалы, Ресей Федерациясындағы ,
Қазақстандағы жағдайлардың күрделілігі инфляцияға қарсы саясатты
тек жанама экономикалық әдістер арқылы жүргізілуге
болмайтынын көрсетті. Халық шаруашылығы пропорциясын бірте- бірте
мемлекеттің тиімді құрылымдық саясаты арқылы қалпына
келтіруге болады. Ол үшін әскери өндіріс пен әскери шығындарды
қысқарту, өндірісті бюджетті қаржыландырудан гөрі кәсіпорындардың
акционерлік капиталын пайдалануға көшу экономикадағы монопольді
құрылымдарды жою керек. Бұлардың өзі ақша массасын азайту,
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жою, елдің валюта курсын
тұрақтандыру және экономикада бәсекені күшейту сияқты қосымша
шаралармен толықтырылуы тиіс.
Инфляция қалпына тәуелді болатын ақша айналымын
тұрақтандырудың негізгі формасы болып- ақша реформасы және
инфляцияға қарсы саясат жатады.
Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар:
Бірінші, жаңа ақша жүйесін құру- ол алғашқыда металл ақша
жүйесін құрғанда, сонымен қатар мемлекеттік құрылым өзгергенде,
яғни отаршылық жүйе құлап, оның орнына отаршылдықтан арылған саяси
тәуелсіз мемлекеттер пайда болғанда және 90- жылдардың басында
КСРО- ның орнына ТМД елдері құрылғанда, бұл елдердің даму
ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән жаңа ақша жүйесі пайда
болы.
Екінші, ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту, яғни
жаңа ақша өлшемін енгізу, баға масштабын, ақша түрлерін өзгерту.
Соғыс және революциядан кейінгі жылдары көптеген
мемлекеттер ақша айналымын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына
келтірудің ең бір қажетті жолы ретінде мына әдістерді қолданады:
нуллификация, реставрация, девальвация және деноминация.
Нуллификация- ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына
жаңа валюта енгізу әдісі. Мысалы, 20-жылдары Германияда соғыстан
кейінгі ұшқыр инфляцияның нәтижесінде рейхсмарка құнсызданып,
1924жылы енгізілген жаңа марка 1:1 триллион ескі рейхсмаркаға
арақатынасымен айырбасталды.
Сөйтіп, құнсызданған ескі марка жойылды.
Реставрация- ол ақша өлшемінің бұрыңғы алтын
құрамын қалпына келтіру әдісі. Мысалы, Англияда Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1925-1928 жылдардағы ақша реформасы
кезінде фунт стерлингтің алтын құралы соғысқа дейінгі қалпына
келтірілді.
Ал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін реставрация-
револьвация петінде доллармен салыстырғанда ұлттық валютаның
ресми курсын көтеру арқылы жүргізілді. Содан кейін Халықаралық
валюта қоры ақша өлшемінің алтын құрамын тіркеуден өткізді.
Мысалы, ГФР үш револьвация (1961, 1969, 1971ж.ж.) өткізді, яғни
марканың курсы осы он жылдың ішінде үш рет жоғарылады.
Девальвация- ақша өлшемінің алтын құрамын төмендету. Ол
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ долларына шаққанда
ұлттық валютаның ресми курсын да, оның алтын құрамын да
төмендету. Долларды екі рет девальвациялау нәтижесінде оның алтын
құрамы 1971ж. желтоқсанда 7,89%-ке , ал 1973ж. ақпанында 10%-ке
төмендетілді. 1973ж. “өзгермелі” валюта курсын енгізген соң,
девальвация Еуропа валюта жүйесінде - “реттелетін валюта курсы”
топтастығында жүргізілді.
Деноминация- ол “нольдерді сызу” әдісі, яғни баға
масштабын ірілендіру. Мысалы, КСРО- да 1961жылдың 1 қаңтарынан бастап
баға масштабына 10 есе ірілендірілді. 1988ж. Бразилияда енгізілген
жаңа ақша өлшемі- нокрузадо бұрыңғы құнсызданған 1000 крузадоға
эквивалентті болды. 1998ж. Ресейде де рубльге деноминация 1:1000 ескі
рубльге арақатынасымен жүргізілді.
Қорыта айтқанда, қазіргі инфляция сан қилы, көп факторлы
күрделі процесс, ол белгілі бір дәрежеде барлық елдерді қамтиды.
Инфляцияның жоғары қарқыны елдің, халықтың экономикалық дамуына
көптеген зиян келтіреді. Инфляциямен күресу әдістері- мемлекеттің
экономиканы реттеудегі жүргізетін іс- әрекеттерінің жиынтығы.
“Шоковая терапия” жағдайындағы ақша реформаларының
ереекшеліктері. Бұл әдіс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
көптеген елдерде қолданылды. Олар конфискациялы ақша реформасы
түріндегі антиинфляциялық құралмен жүргізілді. 1944жылдың соңынан
1952 жылдың ортасына дейін Еуропада осындай реформаның 24 түрі
жүргізілген.
Барлық ақша реформасы 3 түрге бөлінеді:
1) қағаз ақшаны дефляциялық курс бойынша қағаз ақша массасын
күрт төмендету мақсаттарында жаңа ақшаға айырбастау (мыс, 1944
жылы қараша айында Грецияда 1 жаңа драхма ескі 1 млрд. драхмаға
айырбасталды).
2) кәсіакерлер мен тұрғындардың банктік салымдарын уақытша
жоғалту.; бұл реформа Францияда (1945ж. маусым; 1948ж. қаңтар),
Бельгияда (1944ж. октябрь), Австрия (1945ж) және т.б. елдерде
жүргізілген.
3) ақша реформасының бірінші және екінші әдісін қолдану; Бұл әдіс
1948 жылдың маусымында Батыс Германияда қолданған. Бұл әдістің
тиімділігі белгілі бір деңгейде мынаған байланысты: белгілі бір ел
экономикасының оның нарықтық құрылымнан мемлекеттендіру кезеңіне,
әсіресе тәуелсіз өндірушілер жүйесіне байланысты.
Дайындалған нарықтық құрылымның өмір сүру жағдайында ғана
баға қалыптастыпу механизмі болып рольді атқарады. Алғашқы
бағаның өсуі тапшылықты ликвидациялайтын тауарлар мен қызметтер
өндірісінің жоғарлауын көрсетеді. Бұзылған нарықтық құрылымда
бағаның өсуі өндірістің дамуына әкелмейді. Бұл жағдайда қосымша
қатаң әдістер қолданады: еңбекақыны төлемеу, өндірістің қысқаруы,
жұмыссыздықтың көбеюі, ақша реформасын жүргізу және т.б. Осының
бәрі әлеуметтік- экономикалық шығындарды көбейтеді.
Осыған бірнеше мысалдар келтірейік. Батыс Германияда ақша
реформасы қатаң конфискациялы сипатта болады. Қолма- қол ақша
мен халықтың банктік салымдары 6,5 жаңа неміс маркасына 100
ескі рейхсмарканы айырбастау қатынасымен жүргізілді. Реформа
нәтижесінде мемлекеттік қарыз, мемлекеттік сектордың барлық
активтері, банк аралық талаптар ликвидацияланған. Осылай, ақша
реформасы елдегі дисбаланстың негізгі себептерін жойды.
“Шоковая терапия” Жапонияда 1949-1950ж.ж. Жапониядағы
американдық елшісінің инициативасы бойынша тиімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
Инфляцияға қарсы саясаттардың жетілдіру мәселері
Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Қаржы және инфляция туралы
Қазақстандағы инфляция
Инфляцияның мәні, себептері және түрлері
Қазақстандағы инфляциялық процестерді басқару және болжау
Инфляцияның Қазақстандағы жағдайы
Инфляция және оның экономикалық мәні
Пәндер