Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі заманғы шаруашылық

байланыстары

Халықаралық экономикалық байланыстардың түрлері . Дүниежүзілік экономиканы құрайтын ұлттық шаруашылықтар бір бірімен халықаралық экономикалық байланыстар жүйесімен тығыз байланысқан. Бұл байланыстар халықаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде дамиды.

Алғашқы мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық қарым - қатынастардың ең байырғы түрі - сыртқы сауда қатынастары орнай бастады. Дамыған елдер жаппай өнім өндіре бастаған индустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңызы күрт артты. Қазіргі заманда кез келген ел экономикасының ажырамас бөлігіне айналған сыртқы экономикалық байланыстардың құрылымы күрделеніп, аясы кеңейе түсті. Соған қарамастан, сыртқы сауда халықаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрі болып табылады. Халықаралық экономикалық байланыс жүйесі сыртқы саудадан басқа несие - қаржылық қатынастар, халықаралық туризм, экономикалық және ғылыми - техникалық ынтымақтастықты қамтиды.

Сыртқы тауар саудасы. Елдер арасындағы экономикалық қарым - қатынастардың сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы тауар саудасынан көрінеді. Ұлы географиялық ашылулар кезеңіне дейін халықаралық тауар саудасына санаулы елдер ғана қатысты, тіпті қазіргі кезде дүние жүзіндегі басты сауда орталықтарының біріне айналған Еуропа елдерінің де сауда жасау аумағы шектеулі сипат алды. Бұған елдер мен дүние бөліктері арасындағы көлік қатынасының нашарлығы, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, басқа елдер жөнінде нақты ақпардың жетіспеуі себепші болды. Көбінесе басқа елдерден өте қымбат және сирек кездесетін тауар түрлері әкелініп, саудаға салынатын. Құрлықтағы негізгі халықаралық сауда жолдары қатарына Азия мен Еуропаны жалғастырған Ұлы Жібек жолы мен Еуропаның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырған сауда жолы жатады. Орта ғасырларда арабтар Сахара арқылы өтетін сауда маршрутын жасады; бұл жол Арабияны Солтүстік Африкамен, одан әрі Оңтүстік Еуропамен жалғастырды.

Көлік құралдарының жетілуі Еуропада өнеркәсіптің өркендеуі, жаңа жерлердің ашылуы дүниежүзілік сауда қатынастарының ауқымын кеңейтті. Көп жүк көтеретін ірі кемелер легі Жаңа Дүниеден Еуропаға шикізат пен алтын тасымалдады. Соның нәтижесінде XVIII ғасырда сауда көлемі бес есе артты. ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда айналымындағы Еуропа елдерінің үлесі 50 % - ға жетсе, Солтүстік Америка елдерінің үлесі 20 % - ды құрады. ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда көлемі ғасыр басындағымен салыстырғанда 14 еседей өсті. Қазіргі кезде ұлттық шаруашлықытардың халықаралық сауда жүйесіне неғұрлым жедел тартылуына қарамастан, дүниежүзілік тауар айналымының шоғырлану дәрежесі жоғары. Мұны дүниежүзілік экспорт пен импорттың географиялық құрылымынан айқын көруге болады. ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72 % - ы Батыс Еуропа мен Азия елдеріне, ал Солтүстік Америка үлесіне 17 % - ы тиесілі болды. Өтпелі экономика тән бұрынғы социалистік елдердің үлесі бар болғаны 4 % - ды құрады. Дүниежүзілік тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерінің үлесі артып келеді, оларға әлемдік экспорттың 10% - ға жуығы тиесілі. Корея Республикасының әлемдік экспорттағы үлесі 2000 жылы 2, 9 % болса, импорты - 2, 6 %; Сингапурдың үлесі тиісінше 2, 3 және 2, 2 % - ға тең.

ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы саудада дамыған 25 ел жетекші орын алды. Оларға әлемдік экспорттың 84 % - ы, импорттың 82 % - ы тиесілі болды. Дамыған елдер өзара тауар айналымы жөнінен де жетекші орынға ие; АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзілік көрсеткіштің 3, 2 % - ын құрады.

Сыртқы сауданың тауарлық құрылымы халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, өндірістік және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына тікелей байланысты. Тауар айналымының құрылымы ҒТР әсерінен үлкен өзгеріске түсті. Сыртқы саудадағы тауар құрылымы аймақтар бойынша айырмашылықтар жасайды. Отын Таяу және Орта Шығыс елдері (3/4 бөлігі) мен Африка (45%) экспортында басым болса, Латын Америкасы елдерінде минералды шикізат пен ауыл шаруашылық өнімдері экспорттың 2/3 бөлігін құрайды. Жалпы алғанда, дүние жүзі бойынша тауар айналымында дайын өнімнің үлесі артуда.

Ел экономикасын ықпал ететін маңызды көрсеткіштің бірі - сыртқы сауда сальдосы, оны экспорт пен импорт көлемінің айырмасы құрайды. Жапонияның сыртқы саудасына тұрақты оң сальдо (экспорт көлемі импорттан артық) тән болса, АҚШ - тың сыртқы сауда айналымы теріс мәнге ие (1 кесте) .

Жеке елдердің сыртқы сауда айналымы, 2000 жыл (млн АҚШ доллары)

Елдер
Экспорт көлемі
Импорт көлемі
Сальдо
№: 1
Елдер: Қазақстан (2004)
Экспорт көлемі: 20 096
Импорт көлемі: 12 781
Сальдо: 7 315
№: 2
Елдер: Германия
Экспорт көлемі: 549 686
Импорт көлемі: 497 902
Сальдо: 51 784
№: 3
Елдер: Ұлыбритания
Экспорт көлемі: 281 550
Импорт көлемі: 334 366
Сальдо: - 52 816
№: 4
Елдер: Ресей
Экспорт көлемі: 103 093
Импорт көлемі: 33 879
Сальдо: 69 214
№: 5
Елдер: Жапония
Экспорт көлемі: 479 227
Импорт көлемі: 379 491
Сальдо: 99 736
№: 6
Елдер: Қытай
Экспорт көлемі: 249 297
Импорт көлемі: 206 132
Сальдо: 43 165
№: 7
Елдер: АҚШ
Экспорт көлемі: 781 125
Импорт көлемі: 1257 640
Сальдо: - 476 515
№: 8
Елдер: ОАР
Экспорт көлемі: 29 267
Импорт көлемі: 28 980
Сальдо: 287
№: 9
Елдер: Бразилия
Экспорт көлемі: 55 086
Импорт көлемі: 58 532
Сальдо: - 3 446
№: 10
Елдер: Аустралия
Экспорт көлемі: 64 898
Импорт көлемі: 71 537
Сальдо: - 6 639

Дамушы елдердің сыртқы саудасының сипатын отарлық кезеңде негізі қаланған бір типтес шаруашылықы анықтайды. Көбінесе бұл елдер экспортқа отын мен шикізат, ауыл шаруашылық өнімдерін шығарып дайын өнімдер мен құрал - жабдықтарды сатып алады. Дүние жүзінде сатылатын мұнайдың 4/5 бөлігі, табиғи каучуктың барлығы дерлік және кофенің 9/10 бөлігі, шайдың 80 % - дан астамы дамушы елдер үлесіне тиеді. Әлемдік нарықта шикізат бағасының ұдайы төмендеуі дамушы елдерді экспортқа шығарылатын шикізат түрлерін барынша көп өндіруге мәжбүр етеді. Бұл өз кезегінде бағаның одан әрі төмендеуіне, сондай - ақ елдегі әлеуметтік - экономикалық және экологиялық жағдайдың нашарлауына апарып соғады. Дамушы елдер экономикасының жай - күйі экспорттық

шикізаттың әлемдік нарықтағы бағасының өзгерістеріне тікелей тәуелді болады.

Сыртқы сауданы халықаралық дәрежеде реттеу бағытында 1947 жылы Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім деп аталатын халықаралық ұйым пайда болды. Бұл құрылым негізінде 1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды. Қазіргі кезде құрамында 132 ел бар бұл ұйым халықаралық сауда қатынастарын реттеумен қатар қызмет көрсету, инвестиция және ақыл - ой меншігін қорғау саласында белсенді әрекет ететін үйлестіруші құрылым болып табылады. Бұл ұйым құрамына кіруге Қазақстанда да ұйымдық жұмыстарын жүргізуде БҰҰ жанында сауда мен даму жөніндегі Комиссия (UNCTAD) жұмыс істейді.

Қазақстанның сыртқы саудасы

2004 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 32 877 млн АҚШ долларын құрады. Оның 61% - ы экспортқа тиесілі болды. Еліміздің сыртқы саудасының географиялық құрылымы соңғы онжылдықта едәуір өзгеріске түсті. Кейінгі жылдары Қазақстан импортында ТМД елдерінің үлесі артты, экспортта Еуропа елдері жетекші орын алады

(4 сызбанұсқа)

Қазақстанның сыртқы саудасының географиялық құрылымы

экспорт

%

импорт

%

:

Африка Аустралия

экспорт%: 0, 1
импорт%: 0, 2
: Америка
экспорт%: 6, 6
импорт%: 7, 0
: Азия
экспорт%: 18, 3
импорт%: 15, 8
: Еуропа
экспорт%: 54, 6
импорт%: 29, 0
: ТМД
экспорт%: 20, 4
импорт%: 48, 0

Экспорттың географиялық құрылымында салықтық жеңілдіктерге ие оффшорлық зоналардың үлесі артуда. Өйткені Қазақстанның мұнай мен түсті металдар сатып алатын ірі компаниялардың кейбіреулері осындай аумақтарда тіркелген. Бермуд аралдарының Қазақстан экспортындағы үлесі 1998 жылы 1, 6 % болса, 2003 жылы 17 % - ға жетті. Еліміздің сыртқы сауда айналымындағы жеке елдердің үлесі 2 кестеде көрсетілген.

2 кестеде Қазақстанның сыртқы саудасындағы жеке елдер үлесі,

2004 жыл

(ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша)

Экспорт
Импорт
Экспорт: Елдер
Импорт: Үлесі, %
Елдер
Үлесі, %
Экспорт: Швейцария
Импорт: 18, 7
Ресей
37, 7
Экспорт: Италия
Импорт: 15, 5
Германия
8, 2
Экспорт: Ресей
Импорт: 14, 0
Қытай
5, 9
Экспорт: Қытай
Импорт: 9, 8
Украина
5, 7
Экспорт: Басқа елдер
Импорт: 42, 0
Басқа елдер
42, 5

Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлық құрылымы соңғы жылдары экспорт пен импорттағы жеке тауарлар үлесінің артуына немесе кемуіне байланысты едәуір өзгеріске түсті. Басты экспорттық өнім - мұнай мен газ конденсаты 1995 жылы 793 млн АҚШ доллар көлемінде сыртқа сатылса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 11 417 млн АҚШ долларына жетті. Керісінше, осы уақыт аралығында көмірді сыртқа сату көлемі екі еседей қысқарды. Соңғы бес жылда машиналар мен жабдықтар, көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған қаржы қысқарды.

Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастары

Қазақстан - дүниежүзілік қауымдастықта болып жатқан саяси процестерге белсене араласып, көптеген елдермен тұрақты саяси және экономикалық байланыстар жүргізіп отырған ел. Ол халықаралық ұйымдарға толық мүше.

Егемендік алған Қазақстан мемлекеті Біріккен Ұлттар Ұйымына 1992 жылы 2 наурызда мүше болып кірді. Қазақстанның тәуелсіздігін 120 мемлекет мойындап, 100 - ден аса елмен мәмілегерлік қарм - қатынас орнады. Қазір елімізде 60 - қа жуық мемлекет өз елшіліктерін ашты. Мәмілегерлердің басты қызметі - елдер арасындағы саяси және экономикалық қатынастарды дұрыс жолға қою болып табылады. Қазақстан нарықтық экономикаға сәйкес, өзінің экономикалық күш - қуатын нығайту мақсатында дүние жүзі елдерімен ғылыми - техникалық, сауда - экономикалық қарым - қатынасын жақсартуда барлық шараларды жасауда. Тәуелсіздік алған жылдан бастап халықаралық ұйымдарға мүше болып кіріп, қарым - қатынасы кеңейе түсуде. 1992 жылдың қазан айында Қазақстан экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше болды. Оның құрамына Ауғанстан, Әзірбайжан, Орталы Азия елдері, Иран, Пәкстан, Түркия мемлекеттері кіреді. Қазақстан 1992 жылы Еуропа Одағымен техникалық ынтымақтастық жайлы келісімге қол қойды. Қазір Еуропа Одағының өкілдері Алматы қаласында жұмыс істейді. «Үлкен жетілік» елдерімен, әсіресе Ұлыбритания, Франция, Германия елдерімен екі жақты ынтымақтастық нығаюда. Сонымен қатар Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің Халықаралық валюта қорының, Халықаралық және Еуропа қайта құру және даму банктерінің, Азия даму банкінің т. б. халықаралық ұйымдардың толық мүшесі болып отыр. Халықаралық экономикалық қатынастардың даму кезеңі ХХ ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді. Әлеуметтік құрылымы әр түрлі елдер арасында экономикалық және ғылыми - техникалық байланыстар кең сипат ала бастады.

Халықаралық экономикалық қатынас (ХЭҚ) - халықаралық еңбек бөлінісінің негізінде және жеке елдердің ұлттық экономикасындағы шаруашылық жүйелері арасында құрылатын қатынас. Бұл қатынастың дамуы табиғи және өнеркәсіптік факторларға, сонымен қатар әлеуметтік, ұлттық, этностық, саяси және адамгершілі - құқықтық жағдайларға тәуелді. Ал жұмыс механизмі құқықтық нормалар мен оны жүзеге асыратын құралдар (шарттар, келісімдер, кодекстер т. б. ) арқылы орындалады.

Халықаралық экономикалық қатынастар алуан түрлі. Оның құрамына халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық сауда, қаражат пен несие, шетелдік инвестиция, ғылыми - техникалық байланыстар, халықаралық туризм және ғаламдық мәселелерді шешудегі халықаралық қатынастар т. б. кіреді.

Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі дегеніміз - жеке елдердің өнімінің белгілі түрлерінен шикізат және даяр бұйымдар өндіруге және оларды айырбастауға мамандануы.

Қаражат және несие - халықаралық экономикалық байланыстардың ең жаңа түрі. Негізгі қызметі - заем және несие беру. Оның негізін Ұлттық банк пен коммерциялық банктерден тұратын қос деңгейлі банк жүйесі.

Шетелдік инвестиция - ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға, реформаларды тереңдету мен құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған.

Қазақстанның Таяу және алыс шетелдермен сыртқы экономикалық байланыстары

Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты Қазақстанның көрші елдермен және әлемнің басқа мемлекеттерімен өзара тиімді сауда және қаржы қатынастары үшін қолайлы жағдай туғызады.

Қазақстанның сыртқы саясатында Ресеймен қарым - қатынасына маңызды мән беріліп отыр. 1992 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы арасындағы Достық ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Сондықтан Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі - Ресей Федерациясы. Қазақстан мұнай мен газын Ресей мұнай құбырлары арқылы сыртқа шығарады. Соколов - Сарыбай тау - кен өндірістік бірлестігі Ресейдің Магнитогорск металлургия комбинатымен тікелей экономикалық байланыс орнатқан. 1996 жылы 29 наурызда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мемлекеттерімен экономикалық, гуманитарлық интеграцияны тереңдету туралы және кедендік одақ құру жайлы келісімге қол қойылды. Кеден одағына кірген мемлекеттер арасында кедендік және сауда бөгеті болмайды, яғни кедендік баж салығының төмендеуі бұл елдер арасындағы мерзімде сауда қатынасы 31 % артты.

Қазақстан Беларусь мемлекетінен өзіне қажетті машина, құрал - жабдық, минералдық тыңайтқыш, химия өнеркәсібі бұйымдарын, тоқыма өнімдерін алуға мүмкіндік алды.

Украина мен Қазақстан арасында экономикалық байланыстар жақсы дамыды. Қазақстан Украина еліне мұнай, химия өнімдерін, қара және түсті металл, автомобиль аккумуляторларын, мал терісі мен жүн шикізаттарын берсе, өз кезегінде ол елден ауыл шаруашылығы, көлік техникаларын, жолаушы автобустарын, тамақ және жеңіл өнеркәсіп шикізаттарын алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі
Қазақстан Республикасының мемлекеттің биліктің жүйесі
ҚР транспорттың дамуын талдай келе, оның экономикалық объекті ретіндегі статусын анықтау
Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдары
Экономикалық интеграция туралы
Туризмдегі ЭКСПО көрмесінің маңызы
Жаһандану. Глобалдық мәселелер философиясы
Халықаралық еңбек бөлінісі
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар
Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz