Әдеби тіл туралы ұғым, қазақ әдеби тілі жайындары пікілрлер


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

ТАРАУ 1. ӘДЕБИ ТІЛ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ ЖАЙЫНДАРЫ ПІКІЛРЛЕР

Әдеби тілдің тарихын баяндамас бұрын, «әдеби тіл» деген категорияның өзі туралы түсінікті анықтап алу қажет. Өйткені «әдеби тіл» дегеннің мазмұны, сипаты жөнінде тек қазақ тіл білімінде емес, жалпы отандық лингвистикада анық, айқын, үзілді-кесілді айтылған тұрақты пікір жоқ.

Бірқатар ғалымдар әдеби тіл дегеніміз жалпы халықтық тілдің өңделіп, қырланған түрі деп таныса, енді бірсыпырасы жалпы хатқа түскен дүниелердің тілі әдемі деп табады. Сондықтан орыс әдеби тілінің тарихын сөз еткен бірқатар мамандар жазусыз әдеби тілдің болуы мүмкін емес деп санайды. «Әдеби тіл дегеніміз - жалпы халықтық тілдің хатқа түскен, белгілі бір дәрежеде өңделген ерекше түрі». «Әдеби тілдің тарихы - жазба ескерткіштердің тарихы». «Әдетте, жазусыз әдеби тіл болуы мүмкін емес».

«Жазу - әдеби тілдің ең маңызды және қайткенде де болуға тиісті белгісі». «Тіл білімі тарапынан алғанда «әдеби тіл» деп тек көркем әдебиет емес, ғылыми зерттеулердің, саяси трактаттардың, газет-журналдардың тілін де, қысқасы, жазба тілді атаймыз».

Міне, осы пікірлес ғалымдар белгілі бір тілді әдеби деп тану үшін жазудың болуы шарт дегенді, яғни хатқа түскен нұсқалары жоқ немесе олар өте аз жерде әдеби тіл де жоқ дегенді кесіп айтады. Бұд таным (концепция) көбінесе жазуы ертеден келе жатқан кейбір Европа халықтары тілдерін, славян тілдерін, оның ішінде орыс тілін, көне жазулы үнді, қытай, жапон тілдерін зерттеушілер тарапынан қолдау табады. Ол қисынды да. Көне, ескі жазулары болған халықтардың тілдері, олардың тарихын зерттеуге қажет объектілердің (жазба ескерткіш-тердің) сипаты, сөз жоқ, жоғарғы пікірлерді айтқызуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде «әдеби тіл» деген термин «жазба тіл» дегеннің баламасы ретінде ұсынылады.

Ал осы таным дүние жүзіндегі тілдердің барлығына келгенде бірден- бір дұрыс анықтама бола ала ма? Әлде әр халықтың мәдени-рухани дүниесі тарихының ерекшеліктеріне орай және тілінің әр дәуірдегі даму барысына сәйкес сол тілдің әдеби турін танытатын өзге де белгілердің болуы мүмкін бе?

Зерттеушілердің көпшілігі «әдеби тіл» ұғымы тарихи жағынан құбылмалы деп таниды. Демек, ол жөніндегі бір ғана таным-анықтама барлық тілдердің әдеби түрінің даму барысындағы күллі дәуіріне бірдей сай келуі шарт емес. Сондықтан кейбір халықтардың жазу дәстүрі тумаған немесе өрбімеген, я болмаса бір кездерде жазуы болып, кейін әр түрлі себептерден дамымай қалған дәуірлерінде де әдеби тілі болуы мүмкін деген пікірлер де орын алып жүр.

Қазақ тіл білімінде де «әдеби тіл» деген ұғымға тиянақты бір анықтама берілмей келеді. Жалпы күні бүгінге дейін «қазақ әдеби тілі», «қазақ жазба әдеби тілі», «қазақ ауыз әдебиеті тілі», «қазақтың жалпы халықтық тілі» деген категориялар бір-бірінен ажыратылып, әрқайсысы нақты анықтамға ие болған жоқ. Өйткені қазақ тілінің бізге мәлім тарихының өн бойындағы сыры, ерекшеліктері, жұмсалу өрісі толық зерттеліп біткен жоқ. Соңғы жылдарда қазақтың жалпыхалықтық іші мен әдеби тілі тарихына қатысты жеке мәселелерді қарастыру едәуір қолға алынғанымен, әрине, бұл ізденістер проблеманы түбегейлі шешіп тастауға әлі де жеткіліксіз екендігі аян.

Бізде де әдеби тіл статусын жазумен ғана байланыстыру идеясы жоқ емес М. Г. Балақаев: «Әдеби тіл - жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп, екшеледі. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды», - деп жазады. Дәл осындай тұжырымды Ғ. Мұсабаев та айтады: «Әдеби тіл ең әуелі-ақ жазуға сүйенеді. Жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес» - дейді. Еңді бірқатар зерттеушілер қазақтың әдеби тілін XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады деп, мұны ұлы ағартушы-демократтар Абай мен Ыбырайдың есімдерімен байланыстырады". Әсіресе бұл қағида Абай мен Ыбырай сияқты қаламгерлердің шығармашылығы мен қызметін сөз еткен тұстарда баса айтылып келді. Тіпті қазақ әдеби тілі Қазан революциясынан кейін ғана пайда болын, дамып отыр деген пікірлер де жоқ емес.

Бұл көзқарастар қазақ әдеби тшін тануда үзілді-кесілді орныққан бірден-бір айқын пікірге келтірмей отырғаны белгілі. Халықтың әдеби тілінің қалыптасып, дамуы сол халықтың әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты.

Қауымның рутайпалық дәуірін былай қойғанда, бірнеше саяси-территориялық бөліктерге бөлініп, бытырап келген феодалдық дәуіріндегі әдеби тілі мен ұлт болып құралған кезегіндегі әдеби тілі бірдей болмақ емес.

Әсіресе айырмашылық тілдің әлеуметтік қызметі мен стильдік тармақталуы жағынан көзге түседі. Сондықтан осы күнгі ұлт болып қалыптасқан халықтардың тілдерін ұлттық дәуірге дейінгі және ұлттық әдеби тілі деп бөліп зерттеу дұрыс деп танылып жүр. Қазақ тілі де дамудың осы ортақ белгісінен қалыс қалмайды.

Қазақ әдеби тілін де біз қазақ халқының ұлт болып қалыптаса бастағанға дейінгі түрі және ұлттық түрі деп бөліп қараймыз. Бұл екі кезеңнің аралық тұсы- өткен ғасырдың екінші жартысы, яғни қазақтың ұлттық әдеби тілі ХІХ ғасырдың 11 жартысынан бастап қалыптасты деген тұжырымға келемізғ

Әдеби тіл дегеннің ең басты белгісі - оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы, бұл - бір қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық қасиеті болуға тиіс, бірақ әдеби тілдердің бір кезеңдердегі жазба түрлерінде әрдайым соңғы белгінің болуы шарт емес.

Әр нәрсенің, әр құбылыстың заты (мән-мәнісі, табиғаты) салыстыру арқылы, өзге құбылыстардың қарама-қарсысына қою арқылы таныла түседі. Әдеби тілді тану үшін оның қарама-қарсысына қойылатын басты құбылыс - ауызекі сөйлеу тілі. Бұл - үшінші шарт. Әдеби тіл қолданылу тәжірибесінде қоғам сыннан өткен, нормаларын қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған және ол нормалар барша үлгілерге ортақ болуы шарт. Бұл - әдеби тілдің төртінші сипаты. Осы сипат-белгілерді нысанаға алып қарасақ, қазақтың тіл қолдану тәжірибесінде «әдеби» деген атрибут - сапаны ұлттық дәуірге дейін де беруге болатын мотивтер бар.

Бірқатар мамандар, жоғарыда айттық, әдеби тіл категориясын жазу- сызумен тікелей байланыстырғандықтан, қазақтың ауыз әдебиеті тілін былай қойғанда, Абай, Ыбырайларға дейінгі неше сан ақын-жыраулар тілін де әдеби емес деп табады.

Әдеби тіл жайын арнайы сөз еткен М. Әуезов «Қазақтың әдеби тілін Абайдан басталады дейтін тілшілерге дау айтамыз.

Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы, шебер, көркем өлең үлгілеріңдегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар, Махамбеттерде қазақ әдеби тілінің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?»- дейді. Осыған үндес пікірді I. Кеңесбаев та айтты: «Абайға дейін де қазақ әдеби тілінің ұрығы себілген болатын олар жаңа бастаған жазба әдебиеттің кейбір уәкілдерінің (Махамбет Өтемісов, Ы. Алтынсарин сияқты) шығар-маларынан табылады» - деп жазды. Абайдың алдында өткен Шортанбай, Базар, Бұхар жыраулар жазба әдебиет екілдері, Абайдың ірі ақын болуына себепкер - осы бай әдебиет дегеңді С. Мұқанов та айтты.

Қазақ тілі тарихына назар аударған ғалым Н. Сауранбаев қазақтың толық мағынасындағы әдеби тілі Совет заманында ғана қалыптасты дегенді айта отырып (сірә, ғалым бұл жерде әбден кемелденген, әлеуметтік қызмет өрісі кеңейген, стильдік тармақтарға бөлінген, ауызша да, жазбаша да түрлері дамыған ұлттық әдеби тілді көздей айтқан болар), оның революциядан бұрын жасалған бірнеше заттық, ұлттық негізі болды дейді. Олар: «1) XVIII ғасырдың II жартысынан бастап, ХІХ ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында іргесі қалана бастаған жазба әдебиет дәстүрі, 2) көп ғасырлар бұрын шығып қалыптасып, қазақ халқымен бірге келе жатқан ауыз әдебиетінің дәстүрі, 3) қазақ руларының сөйлеу тілі». Демек, бұл зерттеуші қазақтың жазба әдеби тілінің басын, ХVІІ ғасырдың

II жартысынан алады. «XVIII-XIX ғасырларда және XX ғасырдың басындағы қазақтың жазба әдебиеті деп отырғанымыз: 1) ауыз әдебиетінің арнасынан шығып, жазба әдебиеттің дәстүріне түсе бастаған, сол замандағы қоғамдық өмір туралы сюжетті бірнеше әдеби шығармалар қалдырған Бұхар, Дулат, Нысанбай сияқты ақындардың шығармалары, 2) шығыс әдебиетінің дәстүрін қазақ жеріне таратып, оны дәріптеген жазба ақындардың: Шайхысламның, Шәдінің, Ақмолданың т. б. шығармалары, 3) Абай, Алтынсарин бастаған ағартушылық, демократияшыл бағыттағы жаңашыл ақындардың шығармалары».

Сөйтіп, әдеби тіл деген категорияны қазақ тіліне қалайша қатыстыруға болады? Қазақтың жазба әдеби тілінің жаңа кезеңі (осы күнгі түрі) басталғанға дейін, яғни өткен ғасырдың екінші жартысына дейін қазақта әдеби тіл болды ма? Болса, жеке дара біреу ғана ма, жоқ бір қоғамға екі әдеби тіл қатар қызмет етті ме деген сияқты сұрақтарға жауап беру керек.

«Әдеби тіл» деген ұғым қазақ тілі үшін де тарихи, құбылмалы түсінік. Қазіргі қазақ тілі ушін оның жазба түрінің болуы, сан салалы стильдерге тарамдалуы, қоғам өмірінің барша саласына түгел қызмет етуі - заңды шарттар. Ал бұл шарттарға қазақ топырағында қызмет еткен әдеби тілдер әрдайым барлық дәуірлерде бірдей жауап бере алмаған. Және әдеби болуы үшін бұл белгілердің түгел болуы міндетті де емес, мүмкін де емес.

Әдеби тілді зерттеу үшін сол халықтың рухани-мәдени дүниесінің тарихымен жақсы танысу қажет. Көптеген халықтардың тарихында оның әдеби тілінің қалыптасып, дамуы көркем әдебиетінің, оның ішінде поэзиясының бары мен барысына тікелей қатысты болып келетінін бүгінгі тілтану теориясы мақұлдайды. Демек, белгілі бір кезеңдердегі көркем әдебиетті қалай танимыз, соған орай оның тілін де анықтауға тиіспіз. Осы жағынан келгенде, кейбір әдебиет зерттеушілерімен келіспейтін жерлеріміз бар. Қазақ әдебиеті тарихының томын жазушылар Абайға дейінгі қазақ поэзиясын әдебиетке («литература» дегенге) қоспайды, оларды «халық өлеңдері» («народные песни») деп табады да, ақын-жырауларды «өлеңдер («песенники») деп атайды. Бұл жерде «әдебйет» дегенге тек жазба әдебиетті жатқызу принципі тұрғанын байқау қиын емес. Ол, әрине, әдебиетшілердің өз ісі, қай терминді қалайша саралап қолданады, ол - өз ықтиярлары. Бірақ мұның ғылымның өзге салаларын шатастыратын бір жағы бар: егер ХІХ ғасырдың II жартысына дейін бірнеше ғасыр бойы жасап келген қазақтың көлемі жағынан мол, сипаты жағынан ерекше (өзге түркі халықтарымен салыстырғанда), көркемдігі жағынан күшті әдеби дүниесі - ақын-жыраулар шығармашылығы шын мәнінде әдебиет санатына қосылмаса, оның тілі де әдеби тілге жатпауға тиіс. Егер олар «халық өлеңдер» ғана болса, тілі де халық мұрасы - ауыз әдебиеті тілімен бір болуға керек.

Логикалық байдам осыған саяды, бірақ бұл байламға келіспеуге тура келеді.

Ең алдымен, қазақ дүниесіне келгенде, оның бірнеше ғасырлық ақын- жыраулар поэзиясын әдебиет деп тану керек, яғни «әдебиет» терминін Европа мен орыс филологиясы қалай таныса, біздің де солай тануымыз шарт емес. Ал бұларша бұлжытпай тануымыз «ұлттық әдеби тілдің қалыптасуындағы көркем әдебиеттің ролі және оған қатысты тіл дәстүрі жайындағы мәселелер өте күрделі, оның үстіне барлық тілдерге ортақ жалпы бағыт-бағдардың болуына қарамастан, жеке әдеби тілдердің тарихында олардың өздеріне ғана тән даму ерекшеліктері орын алады» деген дұрыс пікірлерді ескермеушілік болар еді.

«Әдебиет» («литература») деген сөздің түп-төрйсінінде «литера» («әріп»), демек, «жазу» мағынасы болғанымен, бұл сөзлдің терминдік мәні Европа мен орыс мәдениетінің өзінде сан рет құбылып қолданылып келгенін білеміз. Сондықтан қазір «литература» сөзі о бастағы мағынасын қайткенде де сақтап қолданылуы шарт болмаса керек. Егер біз «әдебиет» сөзіне тек жазба түрде емес, өзгеше жолмен де өмір сүріп келген, біздің дәуірімізге дейін түбегейлі өзгермей, жоғалмай жеткен көркем сөз деген ұғым беретін болсақ, және оны ауыз әдебиеті мұрасынан бөліп қарайтын болсақ, оның тілін де фольклор тілінен бөлек сапада деп тануға тиіспіз. Бұлайша бөліп тануға негіз болатын мынадай белгілер бар.

1. Халық ауыз әдебиеті авторсыз дүние екені мәлім, ал ақын-жыраулар творчествосы иелері бар мұралар және, ең маңыздысы, әр автордың шығармалары өзінің құрылым бітімі (композициясы), мазмұны (тақырыбы), идеясы, көркемдеу тәсілдері жағынан бір-бірінен ажыратылып тұрады, демек, ақын-жырауларда даралық шығармашылық сипаты (индивидуальное творческое начало) бар, ал бұл сипат - әдебиетке тән басты белгінің бірі.

2. Халық ауыз әдебиеті тіліне, әсіресе оның эпос сияқты кесек шығармаларына көптеген дәстүрлі образдар, бір шығармадан екіншілеріне көшіп отыратын дайын қалыптар (клише дегендер), жеке сөздер мен фразеоло-гйзмдер ортақ болып келеді, олар біріне бірі ауысып та жүреді. Ал ақын-жыраулар тілінде мұндай ортақ элементтер фольклорға қарағанда кемдеу кездеседі, бірақ олар мұнда да бар. Бар болу себебі мынада: біріншіден, ақын-жыраулар тілінің негізгі көзі - ауыз әдебиеті тілі, соның лексикалық-образдық қазынасы. Екіншіден, авторлы әдебиеттің ауызша таралып, ауызша сақталуының нәтижесінде әр алуан қосгіалардың болуы әбден ықтимал. Бірақ айырмашылығы да бар: фольклор тілінде стереотип формулалар: әр түрлі образдар, ортақ тұстар, негізгі поэтикалық үлгілер, композициялық тәсілдер тұрақты болып келеді, ал қазақтың ақын-жыраулары тілінде бұлардың болуы міндетті емес.

Қайткен күнде де ақын-жыраулардың әрқайсысына тән өзіндік сөз қолданыстары бар екендігі хақ. Мысалы, Махамбет пен Дулатты, Марғасқа мен Бұхарды, Шернияз бен Шортанбайды тақырыптары, суреткерлік үндері, стильдері жағынан бір-бірімен шатастырмаймыз.

Ал ертеректегі Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуғандардың тілі мен қолтаңбалары (көркемдік стильдері) бір-біріне ұқсас келіп жатса, мұны олардың өлең-толғауларының идеялық-мазмұндық жақындықтарынан және ең бастысы, ертеректен ауызша таралып, араласып кеткендіктен көру керек болар.

3. Ақын мен жырау поэзиясында уақыт пен мекенге қарай нақтылық, адамның ішкі дүниесін суреттеушілік, лиризм сарыны фольклорға қарағанда, күшейе түседі. Бұлар ауыз әдебиетіндегі тілдік дәстүрден бірте-бірте қол үздіре бастайтын, суреттеудің жаңа амалдарын тудыратын сәттер. Демек, бұл - авторлы поэзия тілінің лексика мен грамматика саласында да жалпы поэтикалық мүмкінші-ліктері байи түсті деген сөз. Ақын-жыраулар тілінің осы белгісі халық ауыз әдебиеті тіліндегі біршама консервативтікті, дәстүрлік-тілдік шектеушілікті бұзып, оның құрсауынан босаттырады.

4. Әрбір ақын немесе жыраудың қабілетіне орай өлең-жыр шығарушылық ерекшелігі өлең техникасына шым-шымдап жаңалықтар, даралықтар қосады, яғни авторлы поэзия ұйқас таңдау, синтаксистік және ырғақтық топтарды пайдалану сияқты салаларда ауыз әдебиеті тілі шеңберінен шығып кетеді. Осы көрсетілгеңдер бұл екі саланың бір-бірінен ажыратылуға тиіс айырым белгілері болса, сонымен қатар олардың бір-біріне ұқсас ортақ тұстары да айтарлықтай. Олар мыналар:

1. Ең басты ортақ белгі - екеуінің де ауызша таралып, ауызша сақталуыңда. Осының салдарынан заман озған сайын олардың текстері біртіндеп «редакцияланып», там-тұмдап жаңғыртылып отыру фактісі бар.

Сондықтан бұларда көне тұлға-тәсілдермен қатар, жаңа сөздердің, тіркестердің, бергі замандарға тән тәсілдердің орын алуы занды. Бірақ бұлардағы жаңармашылық (модернизация), біздің байқауымызша, түп-түбегейлі емес. «Ауызша баспаның» қолайсыздығынан жеке шумақ-тармақтардың, кейде тіпті тұтас текстердің иесінен айрылып, «көшіп» жүруі де мүмкін құбылыс. Осындай көшпелі тармақтар мен текстер кейбір өлең-толғаулардың авторлығына күмән келтіртіп, оларды ауыз әдебиеті нұсқаларына ұқсастырып, кейде тіпті көшіртіп жібереді.

2. Қазақ ақын-жыраулары тілінің қайнар көзі мен сөз мүсінін жасайтын қалыбы - ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті тілі болғандықтан, кейбір суреттеу құралдары жағынан бұлар ұқсас түседі. Оның үстіне ауыз әдебиетінің эпос сияқты қомақты дүниелерін тудырушылар немесе оларды сақтап таратушылар, бір жағынан, жыраулар болғандықтан, қазақ сөз өнерінің барша көр-кемдік қоймасы әрдайым олардың жадында сақталып, ауыздарына оралып тұратындығы да ақын-жыраулар туындылары мен фольклор тілдерін жақындастыратын себептердің бірінен табылады.

3. Айтыстарда, кейбір тұрмыс-салт жырларында, жырау толғауларында орын алатын қолма-қол суырып салмалық (импровизация) тәсілі ақын-жыраулар тілін халық поэзиясы дәстүрімен берік байланыстырады, өйткені импрови-зация табиғаты табан аузында тауып айтуға дайын штамптарды қол көреді. Бұл да, сөз жоқ, кейбір авторлы айтыстарды, толғауларды, бата-тілектерді фольклор дүниесіне немесе өзге авторларға ұқсаттырып, жақындық туғызады.

Осындай өзгешеліктері мен ұқсастықтарын есептей отырып, қазақтың авторлы әдебиетін «халық ауыз әдебиеті» деп емес, профессионал әдебиет деп, ақын-жырауларды «өлеңшілер» деп емес, профессионал қаламгерлер деп тану қажет. Егер олар тек ауыз әдебиетін жасаушылар және таратушылар ғана болса, онда орыстың сказительдерінің қатарыңда тұрулары керек, ал мұның шындыққа жанаспайтындығын жоғарыда көрсетілген «Қязақ әдебиеті тарихының» I томы авторларының өздері-ақ мойындауға мәжбүр болып отыр: «Қазақ ақындарының өнерінде (шеберлігінде) профессионализм элементтері, орыс сказительдеріне қарағанда, әлдеқайда анық сезіледі, қазақ ақыны өткен ғасырда (тек қана өткен ғасырда ма екен?- әдебиетке жуық тұрды» дегенді айтады олар. Сөз жоқ, қазақтың ақын-жырауларын мұраттары мен міндеттері жағынан сказительдермен шендестіруге тіпті де болмайды. Сказительдерге ақын-жыраулар емес, жыршылар жуық келсе керек.

Қысқасы, қазақта халық ауыз әдебиетінен өзге, бірақ оған едәуір белгілерімен ұқсас келетін профессионал әдебиет те өмір сүріп келді (тіпті бұлар біздің кездері-мізге дейін жетіп отыр), оның тілі әдеби тіл санатына кіреді деп табу керек. Бұл тілді, бір жағынан, халық ауыз әдебиеті (фольклор) тілінен, екінші жағынан, жазба әдеби тілден айырып тану үшін, біз бұрынырақ оған «қазақтың (төл) жазба тілі алдындағы әдеби тіл» деген термин ұсынған едік. Әрине, дұрысы «ауызша әдеби тіл» деген атау болар еді, бірақ бұлайша атаудың бір ыңғайсыздығы - оның «ауыз әдебиеті тілі» деген ұғыммен шатастыру қаупі барлығында, дегенмен осы кітапта қазақ әдеби тілінің бұл типін «ауызша әдеби тіл» деп атап отырмыз. Әдебиетшілер тарапынан да, тіл мамандары жағынан да құбылыстың өзін мойыңдағанмен, яғни өткен ғасырлардағы қазақ ақын-жыраулар шығармашылығын әдебиет қатарында қарастырғанмен, бұл әдебиетті әркім әр түрлі атап жүрген жайлары бар. Мысалы, Қ. Жұмалиев Абайға дейінгі әдебиетті «қазақтың тарихи әдебиеті» деп, Қ. Өмірәлиев «қазақтың азаматтық поэзиясы» деп, А. Ысқақов пен Е. Жұбанов «жалпы-халықтық әдебиет» деп атап кетеді. Ал осы әдебиеттің тіліне бұл ғалымдардың ешқайсысы арнайы термин ұсынбайды.

Сөйтіп, ХІХ ғасырдың II жартысынан басталатын қазақтың төл жазба әдеби тіліне дейін оның ауызша тарағаи әдеби тілі өмір сүрді. Әдеби тілдің бұл екі типінің бір-біріне жақын келетін және бір-бірінен ажыра-тылатын тұстары едәуір болды. Олар мынадай:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
Әдеби тіл туралы ұғым
Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы
Қазақ әдеби тілі туралы
Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
Қазақ әдеби тілін зерттеудің теориялық негіздері
XYIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің сөзжасамы, аналитикалық тәсіл
Радиодискурсының тілдік ерекшелігі мен стильдік құралдары
М.Ж. Көпеев шығармаларындағы шағатай тілінің элементтері
Тіл мәдениеті және лексикалық норма
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz