Депозиттік операциялар туралы түсінік



1. Депозиттер түрлері
2. Депозиттерді сақтандыру қорлары
3. Депозиттерді сақтандыру жүйесі
4. Дипозиттерді тарту және қайтару есебі.
5. Пайыздарды есептеу есебі
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған каржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:
- депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозит¬тік операциялар субъектісінін әр түрлілігіне және депозиттердің әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады;
- депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында оны және депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының өтімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше назар аударған жөн;

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ДЕПОЗИТТЕР ТҮРЛЕРІ
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті
операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды
қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге
асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің
пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған
каржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша
банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері
дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі
ережелерге негізделеді:
- депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда
табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік
операциялар субъектісінін әр түрлілігіне және депозиттердің әр түрлі
нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады;
- депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында оны және
депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие
ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара
келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының
өтімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше
назар аударған жөн;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік
шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияға тартылмаған)
ең аз болуына талпынуы керек;
- депозиттерді тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және
қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған жөн.
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларынын
басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде
басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың тұрғындардың уақытша бос ақша
қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді
пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға
табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар,
акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар,
үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті органдар өз
қаржыларын коммерциялық банктерге салады.
Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді:
- мерзімді депозиттер;
- талап етілмелі депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Бірінші топ - талап етілмелі депозиттер, олар сондай-ақ чектік
депозиттер деп те аталады. Талап ету депозиті түрінде қаржы тарту кезінде
банк пен салымшы арасында келісімшарт жасалады (1-қосымша). Чектік депозит
- бұл міндетті түрде өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға құқы беретін шот.
Чектік депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауіпсіздігімен және чек жазу
арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар олар
бірінші талап бойынша нақты ақша алуға мүмкіндік береді. Чектік
депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің
айтарлықтай көлемі керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін
төлем белгілейді. Бұл кезде төлем мөлшері бір ай көлемінде жазылатын чектер
саны мен депозиттер мелшерінің өзгеруімен өзгертіледі. Егер салымшы бір ай
көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын
жеткілікті баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбір кездерде бұл
төлемдерді алудан бас тартады.
Талап ету депозиттік шотының ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға
болады:
ақшаны салуға немесе алуға шектеудін болмауы;
- ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегімен алынуы
мүмкін;
- шот иесі банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбір жазылған чек үшін
коммисия төлеуі;
- Ұлттық банкке ең аз резервтік мерзімдік депозиттермен салыстырғанда
үлкен үлесінің сақталуы.
Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары
есептелетін контокоррент - бірыңғай шот болып табылады. Контокоррентте банк
қарыздары сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де
шотқа салы аударым және т.б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі. Конто-
коррентті шот ерекше сенімділік белгісі ретінде тек сенімді клиенттерге
және бірінші сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесі шығындардын түсімдерден
артуы кезінде әрбір жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ банкпен жасалған
келісімге сәйкес анықталған сома шегінде несие алуға мүмкіндігі бар.
Талап ету депозитіне сондай-ақ ағымды овердрафт шотын жатқызуға болады,
овердрафт - банк пен клиент арасындағы келісімге сәйкес банк анықтаған
мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық соманы алуға мүмкіндік беретін
шот, бұл да несие алмасуды білдіреді. Овердрафттың контокорренттен
айырмашылығы кездейсоқ сипатты болуында. Атап өтетін жайт, овердрафт шоты
қосымша депозиттік шоттар ашу мүмкіндігін шектемейді. Овердрафт ағымды шоты
жеке және заңды тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады.
Талап ету депозитінің басқа бір түрі - нау-шоттар - пайыздық мөлшерінің
жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Суперняу-шотғар -
бұл қолма-қол ақшаны қолдану шоттары, оларды ашу қызметтер кешенін ұсынады.
Депозиттік шоттардың келесі түрі – автоматтық аудару шотғары (ATS-
шоттар). Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға
мүмкіндік беретін, чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз әкелетін
депозиттің түрі. Банктер салымшының келісімін жетекшілікке ала отырып,
пайыз әкелетін шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектік
шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туындаған кезде автоматты түрде
қосады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы салым да талап етуге дейін
сақтауға және бір мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған
пайыздар алуға мүмкіндік береді.
Бұл депозиттерден тыс көптеген банктердің баланстық есеп берулеріне
банк қызметкері жазған чектер және куәландыратын чектер деп аталатын
шағын баптар енгізіліп жүр. Куәландырылған чектер - банк қызметкерлері
беретін төлемі кепілденген чектер. Банктер чекті куәландыру кезінде,
куәландырылған чекте көрсетілген соманы салымшы шотынан алады және оны жеке
шотта ұстайды. Сонымен қатар, чекті банк қызметкерлерінің бірі немесе
банктін меншікті шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол
бойынша төлемдердің жүргізілуін күте отырып, қызметкерлер жазған чек
сомасына тенестіріп депозит құрайды. Талап ету депозиттері бойынша
эксплициттік (анық түрде белгіленген) пайыздық кірістер төленбеуіне
байланысты банктін көтеген клиенттері осы типтес депозиттердегі
қаржыларының мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтуды тұрғыдағы
әдістерінін бірі автоматты тазалау шоттары қолданылатын мүмкіндіктерді
пайдалану. Мұндай шоттары ағымды операцияларды жүргізе отырып, банк
клиентпен келісілген аз шектен асатын кез келген ақша сомасынан шотты
тазартады (немесе оларды аударады), оларды пайыздық кіріс сатып қаржылық
құралдарға орналастырады, мысалы, қайта сатып алу туралы мәмілеге, яғни
операцияны банк күнде іскерлік сонында орындайды. Мұндай жағдайларда,
банкке бұл oпepaцияны өткізуге қажетті чектер төлемге түскенде, қаржылар
қайтадан талап ету депозитіне аударылады.
Көптеген банктер өзінін клиенттерінен компенсациялық балансты ұстануды
талап етеді, бұл талап ету салымдары бойынша пайыздық кіріс келмейтін
нысанды, яғни банктерге банктік қызметтерді төлеу үшін қажет.
Компенсациялық баланс яғни қорларын тартуға орташа шығындарды азайту
жолымен қорларын орташа құнын төмендету айтарлықтай тиімділік береді.
жағдайларда компенсациялық баланс несие ұсыну, сондай-ақ банктік қарыз
бойынша пайыздық төлемдер туралы келісімді ұстану қызметтері үшін төлемді
ұсынады.
Депозитің келесі тобы - жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келісім
(2, 3-қосымша) негізінде ашылады. Қазіргі жинақ депозиттерінің басты типі
жинақ кітапшаларындағы шоттар жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар
шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.
Жинақ кітапшаларындағы шоттар - бұл жедел болатын, пайыз әкелетін
чектік емес детюзиттер. Олардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- кітапшалы жинақ салымында тұрақты мерзімінің болауы;
- банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала
хабарлауды талап етуге құқлы болса да, бұл шоттардан ақша қаржыларын
алуда банктер ол талапты аз қояды;
- шоттың жоғары шегін белгілеу мүмкіндігі;
- салым иесінін шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргізілген
операйиялардың барысы жазылатын кітапшасын ұсыну міндеттемесі;
- шоттағы міндетті ең аз баланстық қалдық мазмұны туралы талаптардың
болмауы.
Жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар жинақ
кітапшаларындағы шоттарға ұқсас, алайда олар үшін шот жағдайы туралы
кезеңдік жазбалар жазбаның жүргізілу тұрғысынан жинақ кітапшаны ауыстырады.
Олар бойынша осындай пайыз төленеді және олар осындай функцияны орындайды.
Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгізілген жинақ
салымдарының бір түрін ұсынады. Қазіргі кезде оларда жинақ кітапшасындағы
шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшері нарықтык пайыздық
мөлшерлерінің өзгеруімен реттелетіндігін және бұл шоттарды қолдану кезінде
операцияларды тіркеу үшін жинақ кітапшасының қосылмайтындығын
есептемегенде, көптеген ұқсас сипаттары бар.
Жинақ салымдарының ерекшелігі мынадай:
- бұл шоттардын анықталған мерзімдері жоқ;
- салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бірдей ала
алады;
- бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап
етілген, қазір банктер оны сақтауды талап етпеуге құқылы;
- осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы шектелген
санын жазуға құқылы;
- бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында
қолданылады;
- банк шығындарын етеу мақсатында шот иесінен белгіленген төлем
алынады;
- егер салымшылар - корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша
белгіленген резервті сақтауға міндетті.
Кең тараған топтардын бірі - мерзімдік салымдар, оған мерзімдік
салымдар және салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар салымдар кіреді.
Бұл салымдар неғұрлым ұзақ мерзімге, яғни бір айдан кем емес мерзімге
салынады. Салымшылар басқа депозиттерге қарағанда неғұрлым үлкен пайыз
алады және салым салымшыға алдын ала келісімде көрсетілген мерзімде
қайтарылады. Банктер салымды өз қарауы бойынша келіскен мерзім ағымында
толық пайдалана алады. Депозиттің бұл типін ашу үшін мерзімдік депозит
туралы келісім жасалынады ( 4.5- қосымша). Бұл салымдар қабылданатын мерзім
4 топқа бөлінеді: 30 күннен 89 күнге дейін;
- 90 күннен 179 күнге дейін;
- 180 күннен 359 күнге дейін;
- 360 күннен жоғары.
Мерзімді салымнан қаржы алу үшін банкке күні
хабарланған салымшының арнайы өтінішінін түсуі талап оның мерзімі
келісімде көрсетіледі. Бұл мерзімге сәйкес пайыздық мөлшер белгіленеді.
Егер клиент банкті қаржы алу туралы хабардар етсе, банк болатын
өзгерістерді ескере отырып өзінің активті операцияларын басқа көз
есебінен қайта қаржыландырады, қаржыларды алу кейбір шығындармен
байланысты, сол банк клиент кірісін азайтуға құқылы.
Депозиттердің төртінші тобы - бағалы қағаздар, депозиттер түрі
ретінде былайша бөлінеді:
- аталған банкке тиесілі кәсіпорындар мен ұйымдардың
кооперативтің, акционерлік қоғамдар мен компаниялардың акциялары
және облигациялары;
- сақтаудағы және қарызды қамтуға қабылданған акциялық мен
облигациялар:
- шетел операциялары бойынша құндылықтар мен құжаттар (шетел
валютасындағы аккредитивтер);
- депозиттік сертификаттар.
Депозиттік сертификаттар - қаржылық құралдардың ең бір кең тараған
түрі.
Депозиттік сертификат - эмитент банктің ақша қаржыларының
салымы туралы, салымшы немесе оның құқық қабылдаушының мерзімі
аяқталғанда салым бойынша салым сомасын және ол бойынша пайыз алу құқын
куәландыратын жазбаша куәлік.
Депозиттік сертификат - кірісті бағалы қағаздың бір түрі, сол
себепті ол сатылған тауар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп
айырысу немесе төлем құжаты болып саналмайды. Сондай-ақ
оларды бір заңды тұлғадан екіншісіне жолдауда шектеулер болады.
Талап ету құқын ұсыну - цессия, ол депозиттік сертификаттың
сыртқы бетінде екі жақта мәмілемен рәсімделеді: өз құқын
ұсынушы тұлға - цедент пен құқық алушы цессионарий. Сертификатты
қайтару мерзімі жеткенде, банк сертификатты және қаржы түсетін
шот көрсетілген салымшы өтінішіне қарсы төлем жасайды. Банк талап
ету құқын ұсыну туралы келісімнің үздіксіз орындалуын, сондай-ақ
өкілетті тұлғалар аты-жөнін, мөрінің және қолдарынын сәйкестігін
тексереді.
Депозиттік сертификаттардың екі түрі болады:
- жолданбайтын - салымшыда сақталады және төлем мерзімі жеткенде банкке
ұсынылады;
- жолданатын - екінші нарықта сатылуы немесе тұлғаға өтуі
мүмкін.
Жолданатын депозиттік сертификаттар капиталды кез келген мерзімге
тиімді инвестициялауға көмектеседі, ал қажет болған жағдайда
сертификаттарды тез қолма-қол ақшаға ауыстыруға болады.
Сертификаттар келесі белгілері бойынша бөлінеді:
• Шығарылуы бойынша:
- бір рет:
- сериямен шығарылатын.
• Рәсімдеу тәсілі бойынша:
- арнайы;
- ұсынушыға.
• Төлеу шарттары бойынша:
- Анықталған есеп айыру кезеңі аяқталғанға дейін пайыздық мөлшері
үнемі төленіп тұратын сертификаттар:
- сертификатты өтеу күні пайызы төленетін сертификаттар.
Депозиттік сертификаттар жаңа шығарымдармен, салымнын басқа түрлеріне
немесе талап етілмелі депозиттеріне қолма-қолемес аударымдармен және нақты
ақшалармен (жеке тұлғалар үшін) өтеле алады.
Банкте шығарылатын сертификаттар баспалық тәсілмен шығарылуы және осы
сияқты бағалы қағаздарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Сертификаттарда міндетті түрде келесі деректемелер болуы тиіс:
- аты:
- сертификатты ұсыну себебі;
- ұсыну күні;
- салым сомасы;
- депозитке енгізілген соманы қайтаруға банктін сөзсіз міндеттемесі;
- сертификат сомасын талап ету күні;
- пайыз мөлшері және есептелетін пайыз сомасы;
- эмитент банктің аты және мекен-жайы (иеленушінік арнайы сертификаты
үшін);
- банк мөрімен бекітілген осындай міндеттемелерге қол қоюға өкілетті
екі тұлғаның қолы.
Банк сертификаттар шығарады және меншікті сертификаттарды шығару мен
орналастыру шарттарын еркін дайындайды. Өз сертификаттарын тиімді
орналастыру үшін банктер келесі міндеттемелерді назарға алады:
- инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөшерлеме деңгені;
- салымшыға ыңғайлы сертификаттың ең аз шегін;
- пайыздық мөлшер қайта қараудың икемді механизмін;
- шығарымды стандартты шарттарын (еселік., номинал және т.б.)
- номинал құны қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі;
- кең жарнаманы.
Жай депозиттік сертификаттармен рәсімделген мерзімдік салымдармен
салыстырғанда сертификаттар бірнеше артықшылықтарға ие;
- сертификаттарды тарату айналымындағы мүмкіндік қаржылық
делдалдардың үлкен санына сәйкес әлеуетті торлар ауқымы кеңейді;
- екінші нарық арқылы сертификат иесі үшінші тұлғаға, сақтаған мерзімі
үшін кіріс ала отырып, банк ресурстарының көлемін өзгертпей-ақ жедел
сатуы мүмкін.
Сертификаттар бойынша табыстарға, азаматтардың талап етілмелі шоттары
мен мерзімдік салымдардағы кірістерге сияқты салығы салынбайды.
Мерзімдік салымдармен салыстырғанда сертификаттардың жетіспеушілігі
оның эмиссиясымен байланысты банктің жоғары шығындарының болуы.

Депозиттерді сақтандыру қорлары
Депозиттерді сақтандыру жүйесі
Депозиттерді қорғау жүйесі Ұлттық банк тарапынан коммерциялық
банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол
мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтыруы мүмкін. Жалпы әлемдік
тәжірибедегі сақтандыру институттарына 60 жыл. Салымдарды кепілдеу қоры
әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция,
Ұлыбритания елдерінде табысты жұмыс істейді.
Салымдарды сақтандыру негізінде банктердін депозиттерді жалпылама
қайтарып алуға байланысты қорғау қағидасы жатыр. Яғни, егер депозиттер
сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып
алуларына себеп болмайды. Тіпте банк күйзеліске ұшырған жағдайда да, үкімет
клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың
салымдарын басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы Осындай
жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан құтылуға болады, бір немесе
бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде, банктік жүйеге
түгелдей қауіпті шудан құтылуға болады. Бұл кезде банктердің міндетіне
сақтандыру қорларында белгіленгек көлемдегі депозиттерді сақтау бойынша
төлемдерді жасау кіреді. Шығындарды жабу үшін сақтандыру жарналары
жетіспеген жағдайда мемлекеттік бюджет қаржылары қолданылады. Салымшыларға
банктерде орналастырылған депозиттерін қайтару кепілдігін беру банктік жүйе
тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты әдістерінің бірі болып табылады. Банк
жүйесіне деген сенімді арттыру мақсатында Қазақстанда депозиттерді міндетті
сақтандыру жүйесін енгізу жұмысы жүргізілді. 1999 жылы қарашада екінші
деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік
беру немесе сақтандыру ережесі, ал 1999 жылы ЖАҚ Қазақстан Республикасының
екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті
ұжымдық кепілдік берудің (сақтандыру) қазақстандық қоры құрылды. Жарғылық
капиталы 1 миллиард тенге құрайтын бұл қор коммерциялық емес ұйым болып
табылады. Қор құрылтайшысы -Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, ал оның
мақсаты -депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын екінші деңгейлі
банктерге салынған жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарының қайтаруын
қамтамасыз ету. Қор жұмысының ең басында қатысушылар болып Қазақстанның ең
ірі және тұрақты банктері тұрды. Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк,
қаржылық жағдайы қауіп тудырмайтын, активтері күн сайын Ұлттық банктің
банктік қадағалауымен бақыланатын жүйелі банктер.
Қор Ұлттық банк атынан, мемлекет атынан салымдарды орналастыруға
негізгі кепілші болып табылады және егер банктердің кызметі соңғы есеппен
табыс іздеуге әкелсе, онда қор қызметі өзінің жақсы гуманитарлық
қағидаларын ұстанғаны. Осы қағидалар басында Қазақстан Республикасының
екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдык
кепілдік беру ережесі не негіз болған.
Қор қаржылары ұжымдық сақтандыру жүйесінің салымдарынан жинақталады.
Салым үш валютаның бірінде жүзеге асырылуы мүмкін: теңгеде, АҚШ долларында
және еурода. Кепілдеу объектісі болып, сыйақы мөлшері (сыйақы пайызы)
бекітілген, мөлшерден артық емес салымдар бойынша келесі сыйақы мөлшері
белгіленіп, қайтару міндеттемесін қор кепілдеген:
2001 жылдың 1 шілдесінен:
- теңгеде жылдық есеппен 16 пайыз;
- доллар және еурода жылдық есеппен 9 пайыз.
- 2001 жылдың 1 қазанынан:
- теңгеде жылдық есеппен 14 пайыз;
- доллар және еурода жылдық есеппен 8 пайыз.
Салымдар (депозиттер) және олар бойынша есептелген сыйақы сомалары
міндетті түрде салым қай валютада болса сол валютада толық қайтарылады.
Қор әрбір салымшыға қайтарылуы міндетті салым мөлшерін төлеп отырады,
олар келесідей көлемде:
Мерзімді салымдар (депозиттер) бойынша:
Теңгеде - салынған салым (депозит) сомасы, бірақ 400 мың тенгеден артық
емес, сондай-ақ қатысушы банктің Ұлттык банктің ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесінің 50% шегінде банктік операцияны жүргізуге лицензияны
қайтарып алғанға дейін есептелген сыйақы мөлшері.
АҚШ доллары және еурода - салынған салымның (депозиттің) 90% сыйақысыз,
бірақ 360 мың теңге шетел валютасына балама сомасынан артық болса.
Талап ету салымы бойынша теңгеде - салынған салым (депозит) сомасы
қайтарылады.
Бір салымшы әр түрлі валютада салынған мерзімді салымдар (депозиттер)
бір салым түрі ретінде қарастырылып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың дамуы
Республикада қалыптасқан коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын талдау
Депозиттік операциялар есебі туралы ақпарат
Банктердің дамуы
Банк мекемесіндегі кассалық операциялардың есебі мен ұйымдастырылуы
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы
Банктің депозиттік операциялары
Қазақстан Республикасының банктерінің операциялары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Банк жүйесі туралы
Пәндер