Қазақ романдарындағы өнер адамдарының образдық жүйесі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Абай бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2 Д.Әбіловтың «Ақын арманы» романындағы Сұлтанмахмұт бейнесі ... ... ... 23
3 Сәкен Жүнісов "Ақан сері" дилогиясындағы Ақан образы ... ... ... ... ... ... ... ..32
4 Зейін Ақышев "Жаяу Мұса" романындағы Жаяу Мұса образы ... ... ... ... ... 55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64

Қазақ халқының қоғамдық саяси өмірі мен руханиятының, ұлттық өнері мен әдебиетінің ілгері жылжып, дамуына ағартушылық еңбегі, ғылыми ізденістері, саналы білімі, ақындық дарыны, жазушылық еңбегі, сазгерлік, күйшілік өнері нәтижесінде үлес қосқан тарихи қайраткерлер қатарын негізінен шығармашылық тұлғалар толықтыратыны анық. Олар – ғұлама ғалымдар әл-Фараби мен Ш. Уәлиханов; ұлы ойшыл, ақын Абай, ағартушы әрі ақын жазушылар Ы.Алтынсарин мен С.Торайғыров, С.Сейфуллин, ақын-жырау, сал-серілер: Бұқар, Ақтамберді, Махамбет, Базар, Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мәди; әнші-күйші, сазгерлер: Қорқыт, Ықылас, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір т.б.
Осы біртуар тұлғалардың өмір сүрген ортасын, әрқилы тағдырын, елге еткен еңбегін, өнерінің сырын көркемдік шеберлікпен жинақтап, олардың көркем бейнесін сомдаған шығармалар қазақ прозасында жетерлік. Мәселен, М.Әуезовтің “Абай жолынан” бастау алған С.Мұқановтың “Балуан Шолағы” (1941) мен “Аққан жұлдызы” (1967), Д.Әбілевтің “Ақын арманы” (1971), Ә.Әлімжановтың “Махамбеттің жебесі” (1969, 1972, 1987), “Ұстаздың оралуы” (1978, 1981), А.Тоқмағамбетовтың “Жыр күмбезі” (1975), Т.Әлімқұловтың “Ел мен жер” (1978), “Сейтек сарыны” (1966), С.Бақбергеновтің “Қайран шешем” (1963), З.Ақышевтің “Жаяу Мұса” (1978), І.Жақановтың “Ықылас” (1990), Қ.Жұмаділовтің “Дарабоз” (1994, 1996), Ә.Сарайдың “Исатай мен Махамбеті” (1997), Ж.Молдағалиевтің “Алғашқы қоңырау” (1978), “Таза бұлағы” (1984) сияқты романдардан басқа да повесть, деректі әңгімелерді тізіп айта беруге болады.
60-80 жылдардағы қазақ прозасындағы тарихи тұлғалардың, олардың ішінде өнер адамдарының жиынтық бейнесін сомдаудағы жекелеген қаламгерлердің суреткерлік шеберлігін, көркемдік ізденістерін терең зерттеген әдебиетші ғалым, профессор Қансейіт Әбдезұлы “Тарих және тағдыр” (2004) атты еңбегінде: “Жалпы, қазақ қаламгерлері өнер адамдары жайындағы қай шығармасында да бас кейіпкердің рухани дүниесін жан-жақты, әлеуметтік ортамен тұтастыра терең ашып көрсетуге бейім. Адамның жан-дүниесіндегі құбылыстар жалаң, жалпылама емес, қайта сол кезеңнің әлеуметтік тарихи, қоғамдық-саяси шындығымен сабақтас, тамырлас танылады. Сондықтан да қаламгерлер толғаған заман бедері, дәуір лебі кейіпкер болмысынан алшақтамай, ара жігі ажырамай, қайта көркемдік шындық пен тарихи шындық тұтас көрінеді”¹, - деп өнер адамдарының толыққанды тұтас тұлғасын танытуда тарихи оқиғалардың басты фактор, себепші болғанын баса айтады. Мұны басқа әдебиетші-ғалымдар да құптайды. Ғұмырнамалық, деректік сипатта жазылатын тарихи шығармаларда кейіпкерлердің тарихи тұлға болуы, оның іс-әрекет, мінез-құлқы суреттеліп отырған белгілі бір тарихи дәуір шындығына сай келуі ең қажетті белгілер екенін профессор Ж.Дәдебаев “Жазушы еңбегі” (2001) кітабында атап көрсете келе: “…тарихи шығарма өзегінде, оның басты желісінде жекелеген адамдардың басында болған тұрмыстық оқиғалар емес, белгілі кезең, дәуірдегі халық тағдырын таныта алғандай тарихи-әлеуметтік құбылыстар жатуы шарт”², - дегендей талаптар қояды.

1 Рахыжанов Т. Қазіргі қазақ романының поэтикасы. II бөлім. //Педагогика институтының филология факультетінің студенттеріне арналған оқу- методикалық құрал // Алматы., - 1992.
2 Дадебаев Ж. Өмір шындығы мен көркемдік шешім. Алматы: "Ғылым", - 1991.
3 Дадебаев Ж. Жазушы еңбегі және тарихи шындығы. Алматы: "Қазақ университеті", - 2001.
4 Жүнісов С. Ақан сері. Алматы: "Жазушы", - 1994, I том.
5 Жүнісов С. Ақан сері. Алматы: "Жазушы", - 1981, II том.
6 Жұбанов З. Замана бұлбұлдары. Алматы: "Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет" баспасы, - 1963.
7 Әбішев Ә. Найзағай. Алматы: "Жазушы", - 1969.
8 Мұқанов С. Балуан Шолақ. Алматы: "Өнер", - 1980.
9 Ақышев З. Жаяу Мұса. Алматы: "Жазушы", - 1990.
10 Әбдезұлы Қ. Т. Әлімқұлов шығармашылығы және 60-80 жылдардағы қазақ прозасы. // Дәстүр және жалғастық //, Алматы: "Санат", - 2001.
11 Әбдезұлы Қ. Тарихи тұлғалар және қазақ әдебиеті. Оқу құралы, - Алматы: Қазақ әдебиеті, 2004.
12 Әлімқұлов Т. Көк қаршыға. Алматы, - 1994.
13 Негимов С. Қазақтың сал-серілері. Ғылыми эсселер. Алматы: Ана тілі, - 2005.
14 Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. Алматы: Қазақ ССр-нің "Ғылым"баспасы, - 1975.
15 Қирабаев С. Шығармалары. Екінші том. // Сын мақалалар және зертеулер// Алматы: Жазушы, 1992.
16 Имашев М. Жаяу Мұса. // Нұрғали Р. 7, шығармалар жинағы.// Алматы: Жазушы, - 1992.
17 Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. // Сын мақалалар мен зерттеулер.// Екінші кітап, Алматы: ҚазАқпарат, 2008.
18 Қирабаев С. Тәуелсіздік өрісі. // Сын мақалалар мен зерттеулер.// Алматы: Жазушы, - 1976.
19 Бердібаев Р. Роман және заман. Алматы: Жазушы, - 1967.
20 Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. Алматы: Қазақ ССР-нің "Ғылым" баспасы, - 1979.
21 Бердібаев Р. қазақ романы. Алматы: Қазақ ССР-нің "Білім" баспасы, - 1975.
22 Ақан сері. // Қазақ әдебиет тарихы// 10 том, Алматы, - 2006, Т.5.
23 Марғұлан Ә. Шығармалары. 2 том. // Д.Ә.Марғұлан, Д.А.Марғұлан.//, Алматы: Алатау, - 2000.
24 Хұсайынов Ш. Үкілі Ыбырай. Алматы: Жазушы, - 1972,
25 Сүлейменов Т. Сегіз сері. Тарихи ғұмырнамалық хикая. Алматы: өнер, - 1991.
26 Қорғанбек А. Біржан бұрмалары: әдебиет пен өнер хақындағы ой-толғамдар. Алматы: Информ-Арна, 2006.
27 Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Қазақ университеті, - 1992, - 349.
28 Қазақ әдебиеті энциклопедия. Алматы: "Білім" баспа үйі, - 1991.
29 Әбуталиев Н. Сегіз сері. Алматы: Жалын, - 1991.
30 Рахымжанов. Романның баяндау жүйесі. (С.Жүнісовтің "Ақан сері" романына сын.). Жұлдыз, 1994, №2, 192-196 б.
31 Керімов Ш. Сал-серлік дәстүрдің этнографиялық қырлары // қазақ фольлорының тарихилығы, Алматы, 1993.
32 Ысмайылов Е. Ақындар. Алматы, 1956.
33 Сейфуллин С. Ақан сері. Алматы, 1955.
34 Жұмабаев М. Шығармалары. Алматы: "Жазушы", 1989, - 318 б.
35 Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. Алматы: "Ғылым", 1976, 148 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді
____ ____________ 2012 ж.
Қазақ әдебиетінің тарихы
және теориясы кафедрасының
меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор _______________ Ө.
Әбдиманұлы
Диплом жұмысы
Тақырыбы: Қазақ романдарындағы өнер адамдарының образдық жүйесі
050205 – Филология: қазақ тілі мамандығы бойынша
Орындаған 4 курс студенті _____________________ А.Ақмырзаев
(
қолы)
Ғылыми жетекші _____________________ С.Қалқабаева
ф.ғ.к., доцент ( қолы)
Норма бақылаушы _____________________ С. Дәрібайұлы
ф.ғ.к., доцент (қолы)
Алматы, 2012
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Қазақ романдарындағы өнер адамдарының образдық жүйесі.
Жұмыстың көлемі: 50
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 28
Тірек сөздер: Роман, образ, өнер, проза көркемдік шешім, сюжет, композиция.
Жұмыстың құрылымы: : кіріспеден, негізгі мәселелерді қамтитын 4 тараудан (
Абай жолындағы Абайдың ақындық айналасы бірінші тарау болып есептелсе,
кейінгілері Дихан Әбілевтің Ақын арманы романындағы Сұлтанмахмұт образы;
сондай-ақ С.Жүнісовтың Ақан сері диалогиясындағы Ақан образы мен
З.Ақышевтің Жаяу Мұса романындағы Жаяу Мұса образы), әдебиеттер
тізімінен құралған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Қазақ романдарындағы көпке таныс ақындардың,
сал-серілердің өлеңдерін талдау арқылы олардың психологиялық қалыптарын
оқырманға түсіндіру. Сондай-ақ ақындардың, сал-серілердің өлеңдері мен
әндерінің тарихын ашу.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақ романдарының басты кейіпкерлеріне
арналған сол заманның дүлдүлдерінің ақындық ортаға келуі, олардың бастан
кешкендері, өктем тап өкілдеріне қарсы бой көрсетулері.
Жұмыста қолданылған әдістер: Дәстүрлі сипаттама, салыстырмалы-тарихи,
жинақтау, талдау, даралау, жүйелеу әдәстерін басты назарға ұстау, сондай-ақ
баяндау әдісі басшылыққа алынды.
Пайдаланылған дерек көздері: Ж.Дәдебаев, Рахымжанов,Қ.Әбдезұлы,
С.Қалқабаева секілді авторлардың зерттеу еңбектері мен мақалалары.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 М.Әуезовтың Абай жолы романындағы Абай
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2 Д.Әбіловтың Ақын арманы романындағы Сұлтанмахмұт бейнесі ... ... ... 23
3 Сәкен Жүнісов "Ақан сері" дилогиясындағы Ақан
образы ... ... ... ... ... ... ... . .32
4 Зейін Ақышев "Жаяу Мұса" романындағы Жаяу Мұса
образы ... ... ... ... ... 55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .64
Кіріспе
Қазақ халқының қоғамдық саяси өмірі мен руханиятының, ұлттық өнері мен
әдебиетінің ілгері жылжып, дамуына ағартушылық еңбегі, ғылыми ізденістері,
саналы білімі, ақындық дарыны, жазушылық еңбегі, сазгерлік, күйшілік өнері
нәтижесінде үлес қосқан тарихи қайраткерлер қатарын негізінен шығармашылық
тұлғалар толықтыратыны анық. Олар – ғұлама ғалымдар әл-Фараби мен Ш.
Уәлиханов; ұлы ойшыл, ақын Абай, ағартушы әрі ақын жазушылар Ы.Алтынсарин
мен С.Торайғыров, С.Сейфуллин, ақын-жырау, сал-серілер: Бұқар, Ақтамберді,
Махамбет, Базар, Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мәди; әнші-
күйші, сазгерлер: Қорқыт, Ықылас, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина,
Сүгір т.б.
Осы біртуар тұлғалардың өмір сүрген ортасын, әрқилы тағдырын, елге еткен
еңбегін, өнерінің сырын көркемдік шеберлікпен жинақтап, олардың көркем
бейнесін сомдаған шығармалар қазақ прозасында жетерлік. Мәселен,
М.Әуезовтің “Абай жолынан” бастау алған С.Мұқановтың “Балуан Шолағы” (1941)
мен “Аққан жұлдызы” (1967), Д.Әбілевтің “Ақын арманы” (1971),
Ә.Әлімжановтың “Махамбеттің жебесі” (1969, 1972, 1987), “Ұстаздың оралуы”
(1978, 1981), А.Тоқмағамбетовтың “Жыр күмбезі” (1975), Т.Әлімқұловтың “Ел
мен жер” (1978), “Сейтек сарыны” (1966), С.Бақбергеновтің “Қайран шешем”
(1963), З.Ақышевтің “Жаяу Мұса” (1978), І.Жақановтың “Ықылас” (1990),
Қ.Жұмаділовтің “Дарабоз” (1994, 1996), Ә.Сарайдың “Исатай мен Махамбеті”
(1997), Ж.Молдағалиевтің “Алғашқы қоңырау” (1978), “Таза бұлағы” (1984)
сияқты романдардан басқа да повесть, деректі әңгімелерді тізіп айта беруге
болады.
60-80 жылдардағы қазақ прозасындағы тарихи тұлғалардың, олардың ішінде
өнер адамдарының жиынтық бейнесін сомдаудағы жекелеген қаламгерлердің
суреткерлік шеберлігін, көркемдік ізденістерін терең зерттеген әдебиетші
ғалым, профессор Қансейіт Әбдезұлы “Тарих және тағдыр” (2004) атты
еңбегінде: “Жалпы, қазақ қаламгерлері өнер адамдары жайындағы қай
шығармасында да бас кейіпкердің рухани дүниесін жан-жақты, әлеуметтік
ортамен тұтастыра терең ашып көрсетуге бейім. Адамның жан-дүниесіндегі
құбылыстар жалаң, жалпылама емес, қайта сол кезеңнің әлеуметтік тарихи,
қоғамдық-саяси шындығымен сабақтас, тамырлас танылады. Сондықтан да
қаламгерлер толғаған заман бедері, дәуір лебі кейіпкер болмысынан
алшақтамай, ара жігі ажырамай, қайта көркемдік шындық пен тарихи шындық
тұтас көрінеді”¹, - деп өнер адамдарының толыққанды тұтас тұлғасын
танытуда тарихи оқиғалардың басты фактор, себепші болғанын баса айтады.
Мұны басқа әдебиетші-ғалымдар да құптайды. Ғұмырнамалық, деректік сипатта
жазылатын тарихи шығармаларда кейіпкерлердің тарихи тұлға болуы, оның іс-
әрекет, мінез-құлқы суреттеліп отырған белгілі бір тарихи дәуір шындығына
сай келуі ең қажетті белгілер екенін профессор Ж.Дәдебаев “Жазушы еңбегі”
(2001) кітабында атап көрсете келе: “...тарихи шығарма өзегінде, оның басты
желісінде жекелеген адамдардың басында болған тұрмыстық оқиғалар емес,
белгілі кезең, дәуірдегі халық тағдырын таныта алғандай тарихи-әлеуметтік
құбылыстар жатуы шарт”², - дегендей талаптар қояды.
Тарихи шығармаларға қойылатын осындай талап деңгейіне сай жазылып,
халқымыздың өткен ғасырлардағы тарихи кешуін шығармашылық тұлғалардың өмірі
мен өнерін қамтитын, олардың өшпес бейнесін өзге халықтарға танытуға орасан
үлес қосқан орыс тілінде жазылған шығармалар баршылық. Ол шығармалардың
авторлары қазақстандық орыс жазушылары. Атап айтсақ, Николай Анов, Павел
Кузнецов, Юрий Домбровский, Дмитрий Снегин, Морис Симашко, Иван Щеголихин,
Иван Шухов т.б. Қазақ-орыс әдеби байланысының дәнекері бола білген осы
қаламгерлер шығармаларының негізгі тақырыбы – Қазақстан, ондағы қоғамдық-
тарихи жағдай, ал кейіпкерлері - қазақ халқының Ы.Алтынсарин, Ж.Жабаев
сияқты өнер иелері мен О.Жандосов, Ә.Жангелдин, Б.Момышұлы сияқты ірі қоғам
қайраткерлері. Орыс жазушыларының шығармаларында қазақтың ұлттық
бейнесінің психологиялық тұрғыдан ашылуы, орыс халқымен қарым-қатынасы,
рухани-ағартушылық байланысының көрініс алуы үлкен жетістік болды.
Тарихи тақырыпқа жазылған дүниелерді шолып қарасақ, орыс қаламгерлерінің
көбірек назарын аударған тұлғаның бірі – Ыбырай Алтынсарин екен. Қазақ
даласына ағартушылық нұрын жайып, жастарды оқу-білімге шақырған Ыбырай
Алтынсарин жайында орыс және қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тел өкілі
Александр Ефимович Алекторов ыстық ықылас, шынайы сүйіспеншілікпен жазады.
Сондай-ақ Ы.Алтынсариннің интеллектуалды бейнесі М.Симашконың “Қоңырау”
(1982) романында ерекше көрініс береді. Қазақ ағартушысының педагогикалық
қызметін, дүниетанымы мен көзқарасының қалыптасуын сатылай көрсете отырып,
орыстың озық ойлы азаматтарымен рухани-интеллектуалдық туыстығын да
көрсетуге ұмтылған. Жазушының қазақ тақырыбына арналған мұнан да өзге
туындылары көптеп кездеседі. М.Симашко шығармашылығын Ж.Н.Ерғалиева “Морис
Симашко шығармашылығындағы қазақ тақырыбы”, А.Х.Ибрашева “Морис Симашконың
ориентальдық прозасы” атты кандидаттық диссертацияларында зерттеу объектісі
етіп, жазушы шығармашылығына кеңірек талдау жасайды, ғылыми тұрғыдан баға
береді.
Қазақстанның Ресейге қосылуы нәтижесінде жүрген екі ұлт арасындағы табиғи
сіңісу, туыстасу, рухани жақындасу мәселесі Н.Ановтың “Ақ мешіт” (“Ак-
Мечеть”, 1948), “Ән қанаты” (1956), А.Сергеевтің “Петербург елшісі”
(“Петербургский посол”, 1980), Е.Щеголихиннің “Өте қайырымды жүрек”
(“Слишком доброе сердце”, 1983) атты тарихи шығармаларының да өзекті
тақырыбы болды.
Ж.Жабаев шығармаларын орыс тіліне алғаш аударған Павел Кузнецов Жамбыл
ақынның өмірі жайлы “Бақытын тапқан адам” (“Человек находит свое счастье”,
1950) тарихи романын жазды. Романға 1953 жылы Жамбыл атындағы республикалық
І сыйлық берілді, ал 1959 жылы қазақ тілінде жарық көрді. Мұнда жас
Жамбылдың ақын Жамбылға дейінгі өсу жолы сипатталады.
Қазақстанның орыс жазушылары тек қазақ халқының шығармашылық тұлғаларын
ғана сомдап қоймай, орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин (Н.А.Раевский “Когда
заговорят портреты” и “Портреты заговорили”), ХІХ ғасырда Қазақстанға жер
аударылған орыс ақыны Плещеев (И.Анов “Ак-Мечеть”), демократ-жазушы
Ф.М.Достоевский (П.Костенко “Иртыш и Нева”), ақын әрі қайраткер Михаил
Михайлов (И.Щеголихин “Слишком доброе сердце”), ғұлама классик ақындар Омар
Хайям мен Мақтымқұлы (М.Симашко “Искушение Фраги”) т.б. образдарын да
өзіндік қолтаңбамен даралаған. Ал Ю.Домбровскийдің қаһармандары Державин,
Байрон, Шекспир, Генрих Гейне, Грибоедовтар болды.
Қазақстандық орыс жазушыларының аударма арқылы орыс-қазақ әдеби
байланысының дамуына үлкен үлес қосқанын айта кету абзал. Жоғарыда аты
аталған жазушыларымыздың аудармада өз қолтаңбасын қалдырмағаны жоқ десе де
болады. Орыс тіліне тәржімаланған дүниелердің ішінде шығармашылық тұлғалар
жайындағы романдардан З.Акышевтің “Жаяу Мұсасын”, С.Мұқановтың “Балуан
Шолағын” айтуға болады. Оларды И.Щеголихин аударды. Шығармаларының басты
қаһарманы - қазақ интеллигенциясы болған Ю.Домбровский де Б.Майлиннің,
С.Мұқановтың, І.Есенберлиннің, Ә.Нұрпейісовтың, Т.Ахтановтың,
Е.Ысмайыловтың, Б.Соқпақпаевтың шығармаларын қазақшадан орыс тіліне көркем
аудара білді. Қазақтың әдебиет қайраткерлерімен үнемі шығармашылық, достық
қатынаста жұмыс істеу барысында Ю.Домбровский қазақ халқын терең танып,
евразиялық ой-өрісін байыта түсті.
Сонымен қатар Дм.Снегин, Г.Бельгер, И.Шуховтар да қазақтың көрнекті
жазушылары М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Ә.Нүрпейісов,
Х.Есенжанов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, Ә.Әбішевтердің ірі шығармаларын орыс
тіліне аударып әдебиетіміздің інжу-маржандарын өзге халықтарға таныстырды.
Қазақ әдебиеттану ғылымы да бұл жазушылардың еңбегін назардан тыс
қалдырмай өз бағасын беруде. Бұған Қазақстандағы орыс әдебиетінің даму
мәселесін зерттеуге бағытталған М.Сыдықназарованың “Қазақстанның қазіргі
прозасындағы эссе жанрның дәстүрі. (Г.Бельгер, И.Щеголихин, Дм.Снегин
эсселері бойынша), Б.Жолдасбекованың И.П.Шуховтың эпикалық прозасының
көркемдік ерекшеліктері”, Р.Мұсабекованың “Юрий Домбровский шығармаларында
тарихи шындықтың көркем бейнеленуі” атты кандидаттық диссертациялардың
жазылып, қорғалуы дәлел. Соңғы он жыл ішіндегі мұндай ізденістер орыс-қазақ
әдеби байланысы, көркем аударма ісі қай кезде де көп ізденіс пен қыруар
еңбекті қажет ететін әдебиетіміздің маңызды бір саласы екенін көрсетеді.
1 М.Әуезовтың Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды...
Мінекей М.Әуезовтың ұлы Абай туралы ұлы шығармасы осылай басталады.
Байқағандай бұл суреттеліп отырған сәт – Абайдың балалық шағы. Болар бала
бесіктен деп қазақ айтпақшы, романда бала шәкірттен болашақта жақсы
азамат, адамгершілігі мол тұлға шығатындығы әу бастан ақ самал желдей
оқырман ойына соғады да тұрады. Осы әңгімеге дәлел ретінде арқау болатын
бірнеше оқиғалар бар. Соларға тоқтала кетсек. Қаладан келген бала шәкірт
апасына еркелей тіл қатқан, жай ғана емес өлеңдете сөйлеп,сол кездегі
балгер молдаларды ащщы мысқылмен түйреп өткені, шәкірттің бойындағы
азаматтық иісті танытады.. ...Бала көңіліне қатты жиренішті көрінетін
балгер, құшынаш сияқты, бақсымен тең молда,қожалар аз емес.Абай соны еске
алып,өз жайын мысқылдағандай болып, аз күлімсіреп отырды да, бір кезде
оқыстан, әжесінің басын құшақтай ап, сыбырлай күбірлеп, бір нәрсені шұбырта
жөнеледі... ... Кәдімгі молдадай шарт жүгініп алып, түсін томсартып
жіберіп, шешесіне төніп отырып:
Юзі раушан, көзі гауһар,
Лағылдек бет ұшы ахмар,
Тамағы қардан әм биһтар,
Қашың, құдірәт, қоли шигә,-
Деп, көпшілік ұға қоймайтын өлеңді шұбырта беріп, даусын тәбарак оқыған
молдаларшаұзайта созды.
Мүбада болса ол бір кәз,
Тамаша қылса юзма-юз...
Кетіп қуат,юмылып көз!
Бойың сал-сал бола нига?!-
Деп кеп, көзін жұмып, ернін жыбырлатып, әжесінің құлағын ашып су-ф! деп
қойды. Абай балалық еркелік пен азаматтық пайымды біріктіре отырып өзінің
қимылы арқылы, тәбарагы арқылы сол кездегі молдаларды өзінше түйреп
өткенін көреміз. Осы жерде ақ оның жас болса да бас екендігін
байқағандаймыз.Әйтпесе оқудан кеше келген, үйренгенінен үйренбегені көп жас
баланың аузынан әлгіндей сөздер қайдан шыға қойсын.
Абайдың ақындық әлемінің көрнісі Қодар мен Қамқаның қазасында да
көрінеді. Оның таза, пәк, әлі жамандықты сезінбеген бала көңілі Қодар
қазасын быт-шыт болады. Жазушы соның барлығын детальді түрде суреттеп
берген. Көргені әлгі. Енді қайта беттеп, тоғайлы өзенді құлдилап желе
шауып келеді.Абайдың іші мұздап, жүрек қаны, жан тамыры дір-дір қағып,
қалтырап үріккендей. Кімнен, неден үркеді? Әсіресе, әке...әке істеген
мінез, әке қолындағы қаннан үркеді. Өз әкесі, кәрлі әкесі!. Ақындық
сезімнің, яғни Абайдың осының барлығынан жиренуі, өзінше әшкерелеуі оның
парасаттығынан туып отырған нәрсе. Барлығынан шошынған,ұшынған бала Абай
осы оқиғадан кейін бірнеше күн ауырып жатады. Тек Абай ауылына Барлас пен
Байкөкшенің келуі бала шәкіртті төсектен тұрғызады. Сондай шеше
әңгімелеріне бар бейілін беріп жүрген күндердің бірінде бұл үйге бөгде
қонақ келіп қонды. Бірі – қартаң, бірі жас.... Бұл айтылып отырған әңгіме
Барлас пен Байкөкше туралы болатын. Көңіліне өткен күннің азабынан кірбің
түскен бала Абайдың үйіне бұл кісілердің келуі оның жүрегін біраз сейілуіне
сеп еді. Қодар мен Қамқаның өлімін көзімен көріп, көріп тұрып қол ұшын бере
алмағандықтан, өзін бір жағы кінәлы, бір жағы жаралыдай сезінген бала
шәкірт емге дауа іздеді. Ол дауасы – Барлас. Шоқшалау ғана ақ сақалы бар
келбетті келген, зор дауысты ақ сары кісі Барлас Абайға салғаннан
ұнады.Білгенін ішіне бүгіп, үндемей отырған өзге үлкендердей емес. (1,53-
б.) Романда Барлас ақынның сырт келбеті егде кісінің, қолына таяқ ұста,
насыбайын шырт түкірініп шетте отыратын емес,жас та емес нағыз ақынға
лайықты бейнеде суреттеледі. Келгеннен ақ Абайдың рухани әлеміне Барлас
ақын еніп үлгереді. Екеуі жандарымен үндесе, кіріге кетеді. Оларды бір әлем
бір ортаға шырмап тастайды. Ол әлем – жыр әлемі болатын. Қаншама күннен бер
ауырған жаны жыр іздеп, шөлдеген екен. Барластың күні түні айтқан нешеме
жыр, нешеме дастандарын Бала шәкірт міз бақпай тыңдай береді. ал ел айығып
оңаша қалғанда, Барлас өз жырларына Асанқайғы,Бұқар жырау, Марабай, Жанақ,
Шортанбай, Шөже, Сыбанбай, Балта, Алпыс ақын – бәрін қоса, өзі құрбы өзге
ақындар айтқан жырларды термелеп кетеді. (1, 54-б.) Тыңдай келе бала
шәкірт ақын ағасын тағы бір қырынан тани бастайды. Күні түні жырлар мен
дастандарды асау толқындай төгіп айтқан Барластан енді бір соны сарын есіле
бастады. Домбырасын құшақтаған ақын тек жырмен шектелмей сырларын да ақтара
бастады. Романда Тыңдай келе Абай Барластан тағы бір соны сөздер есітті.
Ол осы заманның ұлығы мен бегін айтқан, сынап-мінеп айтқан сөздер. Бір
терменің ішінде Барлас:
Аға сұлтан ұлық бар,
Елге мәлім қылықтар,
Өл дегенде өлмесең,
Жүр дегенде жүрмесең,
Малы құрым құрықтар,
Кісен салып құлыптар!-
Деп бір кетті дегендей суреттер соның дәлелі. Барластың заман туралы, адам
туралы айтқан әжуа, кекесін сөздері бала шәкірттің алдында ақын ағасының
абыройын уақыт өткен сайын өсіре береді.Ауруынан, шерінен айыға бастаған ол
енді бойына күш дари, өлең, жырға деген сүйіспеншілігінің арта бастағанын
байқайды. Ағасын мен інісінің арасындағы рухани байланыс күшейе түседі.
Барлас та шәкірт інісін қатты жақсы көріп кетеді. Тыңдаушысы жай бала емес,
өлеңге құштар, әнге,жырға құштар бала екендігін көрген ақын барған сайын
отала бастайды. Сол күндерде Абайға батасын да төгіп береді, домбырасын да
ұсынады. Осының барлығы інісіне деген ілтипатынан туған нәрселер.
Абай жолы роман эпопеясында Абайдың образдық тұлғасы жан – жағынан
суреттеледі. Әсіресе оның балалық шағы романтикалық әуезге толы. Өзге
балалардай асық ойнап-азып жүрген емес. Қайта көп уақытын кітаптар оқып
сауатын ашуға, оқу арқылы алыстан қабар алғызуға жұмсайды. Бұлардың дәлелі
романда былай суреттеледі. Абай Қарқаралыдан қайтқан соң атқа мініп, ел
аралаған жоқ. Көбінесе Жидебайдағы ауылда шешелерінің қасында болады.
көктемге шейін күндіз-түні кітап оқуға салынады. Медреседен қайтқалы
кітапқа анықтап оқталғаны осы еді. Араб, парсы тілін, бірталай сөздерін
ұмытыңқырап, қарайып қалған екен. Алғашқы бір жұмадай Ғабитханның тәпсіріне
қарап, бұрынғы білген тілдерін қайта құрастырып алды. Содан әрі мұның
қолына түскен әрбір қалың кітап соншалық бір қатты сағынып жолыққан ыстық,
қымбат досы тәрізді болды. Ғабитхан да кітап оқығыш болатын. Соның
кітаптарының ішінен өзін қызықтырған көп-көп асыл бұйымдар тапты. Мұнда
Әбулқасым Туси-Фирдоуси, Низами, Физули, Науаи, Бабырлар бар. Жәмшид,
Сайдбаттал Ғазі, Мың бір кеш, Табары жазған тарих, Жүсіп-Зылиқалар,
Ләйлі-Мәжнүндер, Көрұғлы сияқты хикая дастандар да бар. Абайдың бас
алмай оқығандары осылар. Аздан соң,кешкі шайдан асқат шейін мезгілде Абай
кейбір оқып шыққан кітаптарын үй ішіне әдемі қып, айтып беріп отыратын әдет
тапты. Бұған әжесі себеп болды.
Абай балалық шағында сырлы сөздерге әбден қанық болып өседі. Жоғарыда
айтылып өткен Барлас пен Байкөкшенің жырлары, әжесі мен анасының
әңгімелерінің қатарына Шөже ақынның айтқандары да қосылмақшы. Абай әкесімен
Қарқаралы жәрмеңкесіне барғанда аты жер жарған атақты Шөже ақынды көру
құрметіне ие болады. Мұның барлығы әрине кездейсоқ болған оқиға. Десек те
осы оқиғадан Абай үлкен әсер алады. Романда Абайдың Шөжені кездестіруі
былай суреттеледі: Абай өз пәтерлерінен екі –үш көше ұзап кетіп еді... Бір
уақытта пұшпақ айналып, даурыға сөйлеп келе жатқан бір топ адамды көрді...
, Бар топтың ентелеп қамағаны – үлкен ақ сақалды, келісті қарт екен. Өзі
де күліп , өзгені де күлдіріп келе жатқан сол. Бір тосын, ғажап нәрсе -
шалдың екі жағынан қолтықтасып келеді. Шал өзі басын тік ұстап, ілгері
басып келе жатқаны болмаса , ешқандай бет бұрмайды. Сөйлегенде де ешкімге
қарамай, тура бет алдында қарай сөйлеп келеді...
...Кейінірек келе жатқан бір бурыл сақалдыдан Абай:
- Бұл кісі кім, аға?.. – деп еді. Анау таңдана:
- Е, білмеуші ме ең Шөжекеңді?.. О не дегенің ?.. Бұл – шөже ақын емес
пе? – деді.
Сол арада ел дауы, жер дауы туралы әңгіме болып, байлардың қатігездігін,
болыстардың әділсіздігін айтып, қалған жұр Шөже аузынан сөз күтеді. ...
енді міне Тобықтының жемпаздары қасаптың да семізін, лапкенің де қызарғанын
құртып барады. Осы маңдағы қос атаулының қысыр тайы мен ту биелерін түгел
жемей кететін емес... – деседі.
Шөже осы жайларды күле тыңдап тұрып, бір кезде оп-оңай өлеңдете қоя береді.
Ашық даусы саңқылдап:
Болыпты бір ақсақ таз және соқыр,
Құранды мысық сопы молдаң оқыр,
Болғанда ақсақ дария, соқыр қарға,
Ортасын дарияның қарға шоқыр, -
Деді. Жұрт тегіс ду етіп күліп жіберді...
Осы бір сәттерде Абай өлең құдіретін түсінгендей болып жігерленсе,
екінші жағынан өз әкесінің әшкере болғанына қатты қысылады. Себебі романда
айтылғандай Алшеке,Алшеке дегендері - ақсақ таз аталды. Алшынбай
сылти басады, ақсақ екені рас. Ал аға сұлтан , мырза атанған өз әкесі –
қарға! қандай қарға? Қарқаралының ен байлық, ел дариясының жалғыз еркесі.
Жақсы жайлысын жапа жалғыз қызықтап, шоқып жеп отырған қарға!..
Балаң кезден ел тапқырлығына қанықтап өсе бастаған Абай өзі де тапқыр
сөздер айтқаны анық. Романда айтылғаны болса айтыдмағаны тағы нешеме.
Эпопеяда айтылғанына тоқтала кетсек. Жалпы шешендік деген шешіліп
сөйлегенде кездейсоқ туатын нәрсе болса керек. Оны адам айтады. Айтқанда да
біліп айтпай ішіндегісін бүкпей ашыла айтады. Біраз ел алдында ол сөзі аса
бір үлкен күшке айналып кетеді. ұқтаң ба? Бәлем,осы жолы бармай құтылшы
қайныңа! – деп, Абайды тағы да қолға ала бастады. Бірақ Абай дәл осы жолы
бұрынғыдай жасыған жоқ..., ...Майбасар жауап ала алмай аз отырып,
қайтадан қадалып:
- Ал айтсаңшы!.. Қасыңа жолдас қылып мына отырған барлық атпал,
жігіттерді ертем. Тек емеурінің ді білдірші. – деді.
- Майеке, қойыңыз дейім!..
- Уа, тіпті де қоймаймын!.. Білдің бе?..
- Япыр-ау, осы сізге түсер олжа бар ма? Тым құрыса жеңге болсаңыз бір
сәрі!.., - ал қоймадым!.. – деп Майбасар, қайтер екен дегендей
ежірейе қарады.
Абай өзі көрген Шөженің қалпына салып, клімсіреген көзін сығырайтып,
басын жоғары көтере беріп соқтырта жөнелді:
Уа, қой десе, бір қоймайсың
Аз болды ма, Майеке,
Осында көрген қызығың?
Кертіп жеп-ақ жүрсің ғой,
Қарқаралы халқының
Жал –жаясын, шұжығын.
Алған , жеген аздай-ақ
Тағы бірді тауыпсың.
Уа, Алшынбайдың қызы кім?
Адақтамақ сертің бе,
Осы өңірдің елінің
Жүйрігі мен жортығын?
Айтпай-ақ қойсаң не етуші еді,
Сонда да бар ма еді ортығың?
Гүж-гүждеп бір қоймайсың,
Бұқасы ма ең қашырар
Сол ауылдың торпағын?
Біле білсең осы сый
Жетер еді, қайнаға,
Орайы болмас қолқаның... –
деп сақылдап күліп, Абай Майбасарға қарай жантая кетті. Мінеке тапқырлықтың
жарқын көрінісі. Тапқыр сөз болғанда да жай шұбыртпалы сөздерден құрылған
өлең емес, мағынасы , байлығы бар өлең.
Кейіпкердің ақындық – азаматтық табиғаты алғаш Тоғжанды ұштастырудан алған
әсермен байланысты суреттеледі. Жазушы Тоғжан сымбаты,жүзіндегі,қимыл-
қозғалысындағы жан сүйсіндіргендей нәзік,таза сұлулық пен осы сұлулықтың
жас Абайға әсерін ,ол әсер мен Абайдың жан дүниесін осынша тереңнен қозғап,
табындырып алған сұлулық сырын егіз алып суреттейді.Тоғжанның періштедей
таза көркінен Абайдың ішкі толғанысына , ол толғаныстан қайтадан Тоғжанға
ауысып отырады. Тіпті бұл екі жайды қатар, егіз, бір сәттің аясына сидырып
бейнелеуге күш салады.Оның үстіне осы бір кереметтей сұлулық пен сол
сұлулыққа табынған көңіл толқынысына табиғат тамашасы үн қосқанда ,
кейіпкердің жан дүниесі ерекше көркейе түскендей болады.мәселен, Тоғжанның
алғаш жүздескен кештегі табиғат былай суреттеледі: ...Абай мынадай көктем
түнінен соншалық бір тазалық сезіп, таң лебін танығандай.
Бұның жүрегі әдейі арналған таң лебін ерекше ұғынып сезінгендей.
...Таң ...Жүрек таңы...Сол таңым сенсің бе? Жарығымбысың, кімсің?
Көз алдында Тоғжанның аппақ жұмыр білегі, жас баланың етіндей, ақ торғын
мойыны!..Таң осы да... өзі ғой (2-т.,166-бет)
Осындай көрініс,осындай асыл жан сұлулығының жарастығы толқып,тебіреніп,
жанының бар жалынымен, жүрегінің ыстық нұрымен қабылдаған Абай тіліне: Ақ
етің аппақ екен атқан таңдай... - деген өзінің ғашығына арнаған жан
сырының тұңғыш жолы оралған еді. Бұл жердежазушы творчество азабын,
ақындық тебірену, толғануды адамдық толқыныстардан бөлек, ерекше бір
құбылыс ретінде көрсетпейді. Тек Абайдың ой – толғанысында, тебіренуінде
оның ақындық жаратылысын анықтай алатындай кейбір ерекшеліктердің көрінуін
мақұл деп тапқандай.
Жазушы ақын кейіпкерінің шығармасына өзек болған , ақын шығармаларының
тууына кезңнде негіз болған өмір шындығын, ол шындықтың ақын кейіпкер
санасында қабылдану процесін түрлі тәсілмен толық көрсетіп береді.Өлеңнің
дүниеге келуі ақынның көңілінің ерекше алып ұшып, буырқанып-бұрқануы арқылы
емес, мейлінше кең тынысты қалыпта беріледі.Бұл ,әрине, ақындық тебіреніс-
толғаныстың күрделілігі мен тереңдігін әрі шынайылығын танытады. Сондай-ақ
ақындық ойлау мен толғанудың мұндай мәнері Абайдың өз өлеңдерінде көрініс
тапқан ақындық мінезге де барынша сәйкес.
Жазушы Абайдың оңаша ойларын, алдағы күндерінен күткен үмітін,әдемі
тілегі мен тәтті арманын, өткен күндерінің кей өкініштері мен бүгінгі
күннің күйзелісін, көптеген толғаныстарының сырын ашады.Соның бәрі Абайдың
төл шығармаларымен тікелей не жанама түрде байланысып келеді.
Жазушы романда суреттелетін өмір шындықтарының тамыр тартқан тереңін,
өмірлік негізін ашуда ғана емес, сондай-ақ кейіпкерлерінің портретін
жасауда да Абайдың өлеңдеріне ерекше ден қояды. Бұл ,әсіресе, Тоғжан
портретінен анық байқалады: Абай келгеннен бері Тоғжан үлкен ағасы
Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. Сылдыраған шолпысы
әлдеқалай былдыраған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш
етеді.Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше
түрлібілезіктері – баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні
сияқты.Толықша келген, аппақ жүзді,қырлы мұрын қара көз қыздың жіп-жіңішке
қасы да айдай боп қиылып тұр... (3-т., 158-159-б.)
Орташа келген қыр мұрны енді анық көрінді.Қырынан қарағанда біртүрлі
сүйкімді екен. Жұмсақ жұмыр иегінің астында жұқа ғана бір толқындай боп,
нәзік бұғағы білінеді. Жылтырап таралған шашы қап-қара қалың өріммен,
ерекше аппақ, нәзік мойнына қарай құлап түсіпті.Үлкен де, кіші де емес,
әшекей сырғасы діріл қағып, дамыл алмай сілкіне түсіп тұр.(3-т., 164-165-
б.)
Осындағы Тоғжанның келбетін елестететін тілдік құралдардың көпшілігі
Абайдың ғашық жар,сұлу қыз туралы өлеңдерінен алынған.
Білектей арқасына өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Аласы аз қара көзі айнадайын.
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын.
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?
(1,138)
Немес ақынның Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы өлеңіндегі қыздың бейнесі
– қай-қайсысы да Тоғжан портретін жасауға негіз болған.
Жазушы Абайдың Қақтаған ақ күмістей... өлеңінің көркемдік ерекшелігін
жоғары бағалай отырып, былай деп жазады: Біздің байқауымызша, Абай бұндай
жанды, тірі адамды бейнелеудің орнына жансыз сурет беріп отырған сияқты.
Суретшінің қағазға түсіріп отырған портреті айқынырақ сезіледі.әсем сұлудың
сырт келбетімен қатар сезімін, ақыл мінезін,адамдық ішкі дүниесін беруді
айқын ескермейді(20-т. 108-б.)
Тоғжан портретін жасау барысында автор Абай өлеңәндегі осы кемшіліктің
орнын мейлінше жанды,сырлы көріністермен толтырады. Тоғжан үйдегі сөзге
құлақ салып, не күліп, не қымсына, сұлу қастары бір түйіле түсі, бір
жазылып толқып қояды. Елбіреп барып бір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар
жанның жеңіләсем қанатындай. Биікке, алысқа меңзейді...(3-т., 158-159-б.).
Әлденеден, белгісіз себептен Тоғжан пішіні қызара түсіп, қайта сұрланады.
Толқып қайтып тұрған ұяңдықпа, басқа ма?! Әйтеуір өзінше өзгеше тыныс алып,
лүпіл қағыр тұрған бір сезім бар (3-т., 164-165-б.)
Осындағы қыз жүзіндегі елес беретін ббар өзгеріс, бар құбылыс оның жан
щындығын, сұлу сыырн жария етеді. Тіпті қыз құлағында діріл қағып, дамыл
алмай сілкіне түсіп тұрған үлкен де емес, кіші де емес, әшекей сырға да
үлкен көркемдік-эстетикалық жүк көтеріп тұр. Ел мақтаған келісті жігіт
алдындағыбойжеткен сұлу қыздың психологиялық күйінің ерекше бір қырын бұдан
артық дәл, тиімді я шебер жеткізу қиын. Бұл жерден де автордың
документтен творчествалық қиялға ауысуы және оның нәтижесі жазушылық қас
шеберлікке айғақ болғандай.әсіресе, кейіпкер образын даралаудағы, оның
портретін жасаудағы статикалық және динамикалық немесе аналитикалық және
синтетикалық тәсілдердің көркемдік қызметін жете пайдаланудың рөлі өте
жоғары.
Сүйіндік Абай сөзін үлкен ықыласпен тыңдады. Алдындағы шайы ішілмей,
кесесі суып қап еді. Тоғжан әкесінің соншалық тыңдағанын енді байқады. Ол
Абай ға таңдана қарап, бірталайға дейін көз алмады... (3-т., 160-б.)
Бұл Тоғжанның Абайға бірінші рет көз тоқтатып, барлай қарауы. Бойжеткен
сұлу қыздың қарасы. Тоғжан жігіт жүзіне тектен тек, өзінше ғана кесіп-
пішкен ұғыммен қарап қалған жағдайда, оның мұнысы үй ішіндегілердің де,
оқырман жұрттың тарапынан нәзік ілтифат шақыра алмаған болар еді. Эпопеяда
Тоғжанның бұл көзқарасы тосын тілектің жеке-дара, тек қызға ғана тән оқшау
нышаны емес, туған ікенің құрметі мен сыи пейіңліне ілесеоянған таңырқау
сезімінің көрінісі. Осы таңырқау сезімінің біртіндеп өсу, жетілу процесін
ашу үстінде автор қыздың көзқарасын да өзгертіп отырады.
Сүйіндік Абайдың шынысын өзі әперіп:
- Жеп іш, Абай! – деп, енді оған алдына жент пен майды да, бауырсақты да
молырақ ысырып қойды. әкесәнәі жас қонаққа жасаған осындай бейілін де
Тоғжан сезіп отыр.
Бірер мезгіл Абай өзіне қараған Тоғжанның әдемі қара көзін байқады.
Солғын қарау емес. Абайды түстеп, барлай қараған секілді.
Абайдың да әйелге қызыға қараған жолы осы сияқты.Тоғжан ұзағырақ
қадалып, көз алмай отырып ақырын қызғылт тартқандай болды да, көзін
тайдырды.(3-т., 160-б.)
Әкесінің жас қонаққа деген құрметке толы ықылас бейілі Тоғжанның да жас
жігітке деген ілтифатының анық, сенімді ашылуына септігін тигізді. әкесі
тартқандқұрметтеп, шын бейілмен сыйлап отырған жігітке қыздың да анықтап
түстеп, барлай қарауында еш әбестік жоқ еді.
Жазушы кейіпкердің сөзі толық жеткізе алмайтын сырды оның жүзі арқылы
ашады. Тоғжан Абайға ұзағырақ қадалып, көз алмай отырып, ақырын қызғылт
тартқандай болды да, көзін тайдырды жегендегі қыз қарекетін танытатын әр
сөз мазмұнға да, мағынаға да мейлінше бай. Қыз жүзінің ақырын қызғылт
тартқандай болуы - жігітке деген шын ықыласының сипатын оның өзі алғаш рет
танып, ұққанда туған жан ұятының сырқа кеткен бір нәзік толқыны.
- Ей, менің балаларым, мына бала қонағың тартымдыжатыр – ау өзі
ойламайсыңдар? – деп жақсы жадырап,шын бейілденді. Тоғжан шай ішіліп болса
да, дастарханды жиғызбай, күлімсірей түседі.Жиі қарап Абай көзімен
кездескенде көптен бергі силас танысы жасайтын ілтипат білдіреді (3-т.,
162-б.).
Абай – Тоғжанға, Тоғжан – Абайға тіл қатып әлі де бір сөз айтысқан
жоқ. Сонда да мына үзіндіде көрсетілгендей қыз жігітті жете танып, тіпті
сырын да біліп болғандай оған анық, айқын қарайды.
Бірақ Тоғжанды қанша сүйгенімен де қосылуға шара жоқ. Заман талабы
сондай. Қалың малы төленіп қойған, атастырылып қойған Тоғжан сұлу енді
мәңгіге біреудің жары болып кете бармақ. Абай қатты іш құса болады. Қолы
жетпеген шәрбатынан тек елестер ғана қалады. Оны түсінде көреді. Түсінде де
қосыла алмай, жанында тұраған Тоғжанын ұстай алмай нешеме түндерді
өткізеді. Бірақ сол түн оның бүткіл қайғысын желге ұшырғандай қылған еді.
Бұл түн - Әйгерімді кездестірген түн болатын. Түсінде көргені өңінде келіп,
Абай Тоғжанын кездестірді. Абай Әйгерімнен Тоғжанды көрді. Осы сәтте
Абай ойында қайтпас берік байлау туды. Бір кезде жастық, амалсыздық,
әлсіздікпен айрылып еді. Кешірместей кінәлі еді өзі сол үшін. Енді мынау
жұлдызынан көз жазбақ емес, айырылмақ емес... (2,37-б.) өлгені қайтадан
тірілгендей болады Абайдың. Романда айтылғандай қатал тағдыр себебінен
Тоғажнынан айрылып еді. Бір мынау Тоғжанынан айрылмақ емес. Осындай
ойлардан жүрегіне өлең тығыла бастайды. Бұрыннан келе жатқан шері босап
қасында отырған Тоғжанына елеңдей береді. Айнала бар дүниені ал қара көк
бетеге мен шашақтанған алкүрең көде басыпты. Анда-санда жол жағасында түп-
түп ши кездеседі.Теңселіп, ырғалып, тобыменен бір ғана нәзік,ызың үн
естіледі. өз хорымен өзі боп, бар тобы бір ынтымақ күйін тартып шайқала ма?
Балапан көгін бауырына алып, о да жастық, жаңа көктемді мәдіктей ме?
Қуаныш, бақыт сездік тұрған ымдап...
Сырымды сөйдлеп келсем сөзбен сындап,
Ессе бір суыл қағып, жел сырласып,
Изейді шилер басын шын-шын-шындап-
Деп Абай бір құлақ күйін іздегендей болады Кейіпкер бойында махаббаттан
шабыт туып, қоршаған оны табиғат сұлу да көрікті бейнесімен жетелей түседі.
Бір кезде ол :
Сенсің жан ләззаты,
Сенсің тән шарбаты,-
Деп шығыс ақындарынша, сүлдері таусыла термелейді. (2,38-б.) Жазушы
суреттегендей ақын осы күндері ерекше толқыныс үстінде болады. Өмір бойы
іздеген арманы, алыста емес жақында қол созып тұрғанда, Абай оны жібермек
емес. Әйгерімге қарап оның мінсіз бейнесін өлеңіне арқау ете суреттейді
ақын. Тағы бір толқыған сітте Тоғжан ,Әйгерім екеуінің де қастарын көз
алдына келтіріп, мінсіз ыстық, сұлу көрікті тамашалап кетіп:
...Жіңішке қара қасы сызып қойған
Бір жаңа ұқсатамын туған айды...-
Дейді
Алаш қайраткерлері ішінде коммунистік террордан тірі қалған жалғыз
қазақ Мұхтар Әуезов еді. Ол ұлы толқынның рухани аманатын көркем әдебиетте
толық қалдырған бірден-бір қаламгер. Бұл идея ең алдымен оның басты
шығармасы “Абай жолы” романында жүзеге асты.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес тереңдікпен
толғаған “Абай жолы” роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің көпке дейін,
дәлірек айтқанда, қырықтың үстіне шыққанша, ұлы ақынның өмірі, туған-өскен
ортасы туралы шығарма жазу жоспары болмағанын ескерткені бар. Абай
өлеңдерін бастыру, ғұмырбаянын жасау, зерттеу еңбектер жариялауды романға
барар жол деп санамаған екен. Сондықтан үлкен шығарма идеясы әбден піскен
кезде, қажетті уақытты өткізіп алғанына бармақты шайнаған. Дегенмен, ескі
жұртта әлі де көп естелік бар-ды. Абай заманының сан-салалы сырларын,
дәуірдің қат-қабат тартыстарын, дәлді оқиғалар, аңыз-әңгімелерді даланың
жезтаңдай, ескі көз, құйма құлақ адамдары кейде саф таза күйінде, кейде мың
құбылтып жеткізген. Абайдың мінезіне қанықтырған қасындағы жары – Әйгерім,
ұлы – Тұрағұл, інісі – Шәкәрім, шәкірттері – Көкбай, Қатпа, Баймағамбеттер.
Көп нәрсенің түбіне, түкпірлі табанына үңілу керек болған. Ел аузы Қамқа
мен Қодар нәпсі үшін қылмысқа барған деседі. Абай үш әйел алған кісі:
Ділда, Әйгерім, Еркежан. Дәрмен деген ақын болмаған. Жазушылық мақсатқа
орай автор өмірлік дәлді деректерді қажет жерінде өзгерткен, керекті орайда
жаңа кейіпкерлер, оқиғалар ойлап тапқан.
Романда қаламгердің бұрынғы шығармаларындағы әуен-сарындар жалғасып,
тереңдеп, байып, жаңа сападағы көркем ойлар, кемел бейнелер туған, қазақ
тілінің адам психологиясын, әлеуметтік қайшылықтарды ашып берудегі орасан
зор байлығы көрініп, жанрдың ең жоғары талаптарына жауап беретін мол
мүмкіндіктері ашылған. М.Әуезов тұрмысы, моральдық институттарының өмірлік
материалдары негізінде қатал реализм, сұлулық, әсемдік талаптарына дөп
келетін тарихи роман тудыру арқылы қазақ әдебиетінің деңгейін биік әлемдік
дәрежеге көтеріп, жаңа эстетикалық игіліктер дарытып, қаламгерлік ерлік
жасады.
Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының жарты ғасырлық
әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық, ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал
бейнелейді. Оқиғалар жыл маусымдарының төрт мезгіліне бірдей, тәуліктің
әртүрлі сәттерінде, күн демей, түн демей, толассыз өтіп жатады. Аталар
буыны Құнанбайлар өмірінің соңғы кезеңі, орта буын Абайлар өмірі түгелдей
дерлік, жаңа буын Әзімбайлар өмірінің тал түсі, жас төл Рахымдар өмірінің
басы – бірімен-бірі жалғас, үзілмейтін тіршілік көшінің керуені іспеттес,
бірін-бірі қуалай жосыған дария толқындары секілді сабақтас, жалғас
қалпында көрініс табады. Бұл бір мәңгілік толас таппас жақсылық пен
жамандық, махаббат пен ғадауат, әділет пен зұлымдық шайқасы ретінде
бейнеленеді.
Романдағы негізгі соқталы оқиға, бас майдан өтетін орта – тобықты
рулары мекендеген Шыңғыстау аймағы. Көршілес елдер қаракесек, уақ, керей,
матай авторлық баяндау барысында, кейбір тартыс, дау-дамай кезінде ғана
айтылып отырады. Шыңғыстаудың айналасы, іші-сырты, Хан, Орда, Машан,
Доғалаң, Семейтау секілді әйгілі биіктер, Шаған, Ащысу, Қарауыл, Бақанас,
Ертіс өзендері, белгілі күзеу, көктеу, жайлау, қыстаулар, толып жатқан
адыр, шоқы, бел, асу, төбе, құдық, бастау-бұлақ, көл, ши, қорық, зират,
қорым, шатқал, сай, аңғар, тоғай, үңгір, сүрлеу-соқпақ, жолдар алақанға
салғандай ап-айқын көркем суретке айналған.
Жазушы бір рулы ел жайлаған ортаны бейнелеу арқылы қазақ тұрмысын,
тұтас алғанда көшпелілер мәдениетін түгел көрсетіп беретін биік деңгейге
көтеріледі. Көші-қонның бүге-шігесіне дейін анықтап, шаруашылық орайына
байланысты, мал жаю талабына сәйкес жер отын тиімді пайдалану үшін шаруа
қазақтар қолданған кәсіби әрекеттердің әлеуметтік тамырлары ашылады,
теңсіздік, зорлық-зомбылық, тіршілік үшін күрес сарындары сабақтас жүреді,
осы арнадағы адамдар тағдыры бар.
Бір рулы ел жайлағанмен, жалпы көлемі отырықшы шағын мемлекет сыйып
кететін аймақтың негізгі қатынас-құралы – ат. Шығарма кейіпкерлерін көп
ретте ат үстінен көреміз. Ат пен адам бір тұлға іспеттес. Жалғыз жолаушы
сирек. Қатал далада топтасып жүрмесе болмайды. Көшпелі елдің перзенті
көбіне ат үстінде. Аттың жасы, түсі, жүрісі, ер-тұрманы, мінез-машығы,
аяңдау, желу, жорту, жорғалау, шабу – осының бәрін автор әр ситуацияға орай
дөп басып, баяндап отырады.
Көшпелі өмірдің көбесі сөгіліп, қазақ елі патша өкіметінің отарлық
табанына түскеннен кейін, бекіністер, қалалар салынып, ендігі биліктің түп
қазығы сол шаһарларда қағылған. Сондықтан қырда басталған дау-шар, бітімсіз
күрес, лап еткен өрт түптің түбінде ұлық кеңсесіне тұмсық тірейді. Соңғы
шешім сол жерде. Сол себептен романдағы бірқыдыру оқиға Қарқаралы, Семей,
Алматы қалаларында өтеді. Әсіресе, Абайдың бала кезінде оқыған, кейін білім
қуған, әділет іздеген, достар тапқан күндерінің куәсі – Семей.
Жазушы негізінен өмірдің табиғи ағымын, уақыттың ілгері жылжу
құбылысын көрсетеді. Абайдың он үш жасынан бастап дүние салғанына дейінгі
қырық алты жылда оны қоршаған ортада өткен басты оқиғалар тізбекті
сабақтастықта, бірінен-бірі туып, өрістеп, тарамданып, асқынып, шорт сынып,
тағы бастау алып, шығандап, қатарласа дамып, лаулап барып өшіп, қайта
жанып, құбылып, өзгеріп, осы арнада ондаған, жүздеген, мыңдаған адамдар
тағдыры шешіліп жатады: жас шынар гүл шашады, кәрі бәйтерек құлайды.
Кейіпкерлердің қазіргі өміріне тікелей қатысы жоқ, бұрын өткен бірен-
саран оқиғалар ғана еске түсіру арқылы белгілі болады. Жарты ғасыр уақытты
қамтитын кең тынысты, сан арналы ұлы шығарманың барлық тарау, бөлімдерінде
көшпелі қазақ тұрмысына етене көрініс, сурет, тартыстармен астарлас жалпы
адам баласына тән қайшылық күрес, қасиеттер мол қамтылып, кең көлемде терең
де сенімді бейнеленген.
Роман бірінші бетінен бастап соңғы жолына дейін сұсты өмірдің қатал
шындығына суарылған. Әдемі, таза шаһарда үлкен ұстаздардан білім алып
жатқан он үш жасар шәкірттің оқуын еріксіз үзіп, қырдағы күрес майданына
салмақшы әке әрекеті зорлық емей немене? Ауылға деген сағыныш тағы бар.
Қодар-Қамқа трагедиясының үстінен шыққан соң, екіұдай көңілдегі Абайдың
мұрттай ұшуы тән жарасы ғана емес, жан жарасы болып бейнеленеді.
Жас жүректі отқа қарығандай болған осы қанды өлімнен кейін бала көңіл
айнала қоршаған ортаға, үлкендер әрекетіне шошынған көзбен қарап, бірте-
бірте суық та қатал шындықтарды сезіп қана қоймай, олардың әлеуметтік,
философиялық астарлы мәндерін ұға бастайды.
Содан барып, әуелгі үнсіз қарсылық, ішкі наразылық ұлғая келіп, саналы
күрес жолына қарай беттетеді. Абайдың азамат, қайраткер ретіндегі өсіп-
толығуы ақындық дарынының түйін тастап, бүршік атып, гүл шашып, жапырақ
жаюымен қатар егіз отырады. Көне жыр, ескі әңгіме, аталы сөзді жадында
тұтып, көңілге тоқып; Шығыс, Батыс әдебиеттері теңіздеріне құлаш ұрып
барып, поэзияның ұлы айдынына шыққан Абай талантының небір тылсым сырларын,
шығармашылық психологиясын терең бейнелеген Әуезов өнегесі – әлемдік
прозадағы жаңа бір дәстүрлерге мұрындық болғанын, оны өз тәжірибелерінде
пайдаланғанын көптеген қаламгерлер айтқан.
Кейіпкерлерін бір жақсылық, бір жаманшылықта сынау – Әуезов
поэтикасындағы ерекше шебер қолданылатын өнімді көркемдік тәсілдердің бірі
екенін, әсіресе, Абай характерін сомдау принципінен көреміз. Қараңыз: жылы
сөз айтып, маңдайдан бір иіскемейтін қатал әке, мейір-шафқат төгіп,
елжіреп, еміреніп отырған әже мен ана, жаттан бетер жауығып кеткен туған
аға, қоң етін кесіп берсе, қыңқ етпейтін туған іні, ата дәстүрімен қосылып,
балаларына ана болып отырған құшағы суық әйелі. Бұл бір шаңырақ астындағы
кереғар жәйттер. Ал енді бұдан сыртқа шығып көріңіз.
Кеше ғана тізе қосып, ел тізгінін қатар ұстаған Құнанбай мен Бөжей
бүгін Ырғызбай мен Жігітекті соғыстырып, кісі өліміне дейін барып отыр. Бұл
екі қошқардың басы бір қазанға сыймағаннан туған бақастық, күншілдік
кикілжің емес, алыс түкпірлі ниетті тіршіліктің қамы, өз нәсілі үшін қоныс
кеңейту, жер алу мақсатынан шыққан арпалыс. Шындап келгенде, бұл ауыз
бірліктің жоқтығынан өршитін таза қазақы рулық қақтығыс емес, жалпы адам
баласының мәні бар, әулет пен әулетті, ұрпақ пен ұрпақты, халық пен
халықты, ел мен елді, мемлекет пен мемлекетті соғыстыратын мәңгілік майдан.
Сол үшін шекара күзетіледі, қару-жарақ жасалады, елшілік жүреді, ұйымдар
құрылады.
Мұхтар Әуезовтің қаламынан туған ру басылары, билер, мансап ұстаған
адамдар кескін-келбеттерімен, мінез қалыптарымен, сөйлеген сөздерімен арғы-
бергі замандардағы небір іргелі елдердің басшыларынан патшалардан,
корольдерден, хандардан, дипломаттардан асып түспесе, кем соқпайды. Аспан,
зәулім, биіктік, шыңырау, тереңдік. Іштерінде алтын ертоқымды арғымақ жатса
да титтей сыр бермейтін беріктікке, бір ауыз әділ сөзге тоқтайтын
мәрттікті, қажет жерінде руымен у ішетін ынтымақты қосыңыз. Қас-қабақ, ым-
жым, емеурін, жүріс-тұрыс, киім киіс, сөз саптау, билік айту, ел басқару –
мұның бәрінде мыңжылдық көшпелі мәдениет қалыптастырған тапжылмайтын, әбден
орныққан берік салт-дәстүр бар. Дүниежүзінде болып жатқан ұлы әлеуметтік
өзгерістер, отаршылық атты алапат қозғалыстар, Батыс пен Шығыстың мәңгілік
шарпысуы, темір құрсанған болат тұяқ капитализмнің қанды шеңгелі сияқты
ғаламат дүмпулер көшпелілер әлемін де іріте бастаған. Бұрынғы игілік, кәсіп
амалдары, тіршілік қалпы, адамгершілік мұраттары енді басқа арнаға түсіп,
өзгере бастаған. Жаңа өріс, соны нысана, өзгеше байлық тумақ. Мұны
көшпелілердің ескі қауымы түсінбейді, келешекпен туыса табысатын жаңа төл
енді келе жатыр.
Мұхтар Әуезов осындай планеталық мән-мағынаға ие, қауымдар,
мәдениеттер ауысуы тұсындағы сан-алуан отбасылық, әулеттік, ру-тайпалық,
халықтық қақтығыс, шайқас, тартыстар үстінде адамдық мінез қалыптарымен
ашылатын исі түркілік, шынайы қазақылық исі аңқыған әрі тың, әрі ғажап
көркем қаһармандары бар тұтас сұлулық әлемін алып келді. Бұл жұлдызды
аспанның қақ төрінде Темірқазықтай болып, бойына халқының ғасырларда
сұрыпталып, екшелген барлық асыл қасиеттерін жиған, әрі ақын, әрі дана, әрі
қайраткер, әрі ойшыл Абай тұлғасы тұр.
Абай бейнесін жасауда ақын өмірінің белгілі оқиғалары кеңінен
суреттеледі, оның шығармаларындағы әуез-сарындар, мотивтер, идеялар
пайдаланады. Бірақ жеке өлеңдерге иллюстрация, жалаңаш еліктеу, қайта
баяндап беру дегеніңіз атымен жоқ, Абай сөздері, диалогтағы, монологтағы
лебіздер түп-түгел ақын лексикасын, синтаксисті ескере отырып, тыңнан
жасалған, Мұхтар тудырған.
Ұлы ақын, ұлы күрескер шытырман, қат-қабат ғұмыры диалектикалық
қайшылықта реалистік шыншылдықпен ашылады. Бір жағынан, бұл қазақтың жаңа
жазба әдебиетінің классигі, өмірдегі іздері халық санасында сайрап жатқан
нақты, тарихи тұлға болса, екінші жағынан, бұл ұлы жазушы қиялында балқып
туған зор талант, мәні бар, мың сан қыры жарқыраған, образдық, символдық
қуаты күшті, дүниежүзі өнеріндегі биік, көркем, ұмытылмас әдеби бейнелердің
бірі. Адамдар рухының мың сан өзара шарпысуын кең көлемді, терең
психологиялық талдау арқылы ашып берген күрделі романдағы ең үлкен сезім
ағыстарының бірі – сан-салалы махаббаты алуан түрлі құлпырған көрік
бояуымен, сәт кезеңдегі әуез-сарынымен, бұлқына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz