Екі қабатты пансионатты тұрғын үй ғимараты


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Екі қабатты пансионатты тұрғын үй ғимараты

Мазмұны

Кіріспе
Қаңқасыз жүйелер
Қаңқалы жүйелер
Ғимараттардың орнықтылығы
Өртке қарсы шаралар
Электрмен қамтамасыз ету
Сыртқы қабырғаның жылутехникалық есебі

Кіріспе

Сәулет – бұл адам қуымының социал – тұрмыстық қанағатына қызмет
жасайтын ғимараттарды, құрылымдарды және олардың құрамаларын тұрғызу
өнері.
Сәулет өнері ғимараттарды жобалау және тұрғызу өнерімен анықталады .
Сонымен қатар сәулет өнері қоғамның материалдық мәдениетін құрай
отырып өнер туындысы ретінде де көріне алады . Сол себептісәулет
түсінігнің құрлыс салу түсінігімен толықтай сәйкестендіруге де
болмайды . Бірақ құрылыс тұрғызу жұмыстары сәулетті барынша ашып
көрсетуде маңызды орын алатындықтан сәулет өнері тек өнер
туындысы ретінде жалаң қарауға тағы да болмайды . Бұдан шығатын
қорытынды , сәулет және құрылыс тұрғызу өнері бір – бірінен бөліп
қарауға болмайтын , бір – бірімен өте тығыз өрілген екі сала .
Жалпы архитектура деген сөздің өзі ежелгі грек сөзі , тікелей
аудармасы бас құрылысшы деген мағынаны береді . Бұрын
сәулетші өзі жобалаған ғимараттар мен имараттардың құрылысын тұрғызу
жұмыстарына тікелей араласқан.
Қазіргі заман талаптарына сай , сәулетші ғимараттарды жобалау ісінеде
жетекші міндет атқарады және жобалауға басқа да сала мамандары тікелей
ат салысып , өздеріне тиісті мәселелерді шешіп отырады . Осылай
Сәулетшінің басқаруымен әр сала мамандары қатыса отырып құрылған
ғимарат жоспары өзінің атқару қызметіне барлық жағынан сәйкесті
болады және техникалық , экономикалық талаптарға сай орындалады .
Қазіргі заман талабындағы ғимарат бет – бейнесі жағынан да жанға
жайлы әсер қалтыратындай сұлу , басқа ғимараттарды қайталамайтындай
өзгеше болу тиісті . Сәулет өнерінің даму тарихы қашанда қоғам
дамуымен , өндірістік күштердің деңгейімен , өнеркәсіп сипатымен , сол
уақыттағы қоғамның тұтынушылық дәрежесімен тығыз байланысты болды
және оған қоғамның әлеуметтік – саяси құрылымы , ғылымның дамуы мен
мәдениеті зор ықпалын тигізіп отырды . Сол себепті де сәулеттік
өнер туындыларында белгілі бір тарихиезеңді сипаттаитын , белгілі
бір халыққа тән ұлттық нақыштар басым болды . Осы айтылғандардың
бәрі топтаса келе сәулет мазмұны мен стилін анықтайтын негізгі
факторға айналады .
Туған еліміз Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанына көп
болмаса да өзінің сәулет және құрылыс салу өнерін әлем
мойындайтындай дәрежеге көтеруге талпынып келеді , бұған еліміздің
жаңа ордасы - Астана қаласының ұлттық нақышта басым жобаланған
сәулеті мен құрылысы дәлел бола алады . Сәулет және құрылыс
бөлімінде маманданып жүрген әрбір жастың болашақта осындай үлкен
ғасыр құрылыстарын жобалауға және тұрғызуға өз үлесін
білімдарлықпне қосуы қазіргі студенттік кезден басталады деп
есептеймін .

Қазіргі заманғы сәулеттік – құрылыстық жоба ғылым мен техника
жетістіктері мен отандық және шетелдік озат тәжірибелерді ескере
отырып жүргізілу қажет . Сондай – ақ қаралған жоба – жоғары
өнімділіктегі қондырғыларды , өндірістік процестердің механизациялануы
және автоматтандырылуы , құрылыстың индустриялы әдісін қолдану ,
ғимараттар мен имараттардың көлемдік жобалау және конструктивтік
шешімдерін жетілдіруді ескеру есебіне бағытталған күрделі қаржыны
игеру тиімділігін қамтамасыз ететіндей болуы керек .
1 . Әртүрлі көлемдерді біріктіру ;
2 . Ашық және жабық жазықтардың алмасуы ;
Сәулет композициясының бір әдісі – маштаб .
Маштаб – бұл ғимараттардың өлшемдері емес , ол бізге
ғимараттардың формасының шамасы жайлы және ортада тұрысын айтады .
Ал қабатты ғимараттарда маштаб сызығы былай болады :
1 . Бір және екінші қабаттардың жоспарлары М1 : 100
2 . Көлденең қима М1 : 50
3 . Құрылымдық бөлшектері , түйіндері М1 : 20

Бұл талаптар негізінен бес топқа бөлінеді :
1 . Тағайындалу талаптары , яғни кез – келген ғимарат өзінің
тағайындалу мақсатына толық сәйкес болуға тиісті , яғни адам
тұрмысы мен еңбегіне және өндірістік процестерді жүргізуге қажетті
пайдалану сапасы болуы ;
2 . Техникалық талаптар , яғни ғимарат берік , қатаң және тұрақты ,
ұзақ мерзім болуы керек және адамдар мен құрылғыларды зианды
атмосфералық әсерлерден қорғап , өрт – қауіпсіздік талаптарын
қанағаттандыруы тиіс ; 3 . Сәулет көркемдік талаптарға
сәйкес ғимарат сырт келбеті эстетикалық талапқа сай болуы , яғни
адамдардың психологиялық жағдайына жақсы әсерін тигізетіндей болуы
тиіс . Ол айналадағы құрылыстар мен органикалық байланыстар болуы
керек

4 . Экономикалық талаптар - бұл ғимаратты салу кезіндегі
экономикалық мақсатымен аз шығын жасай отырып барынша пайдалы
аудан алуға ұмтылу .
5 . Табиғатты қорғау талаптары – бұл өндірістік аудандардағы
жобаланатын және кұрылатын ғимараттар адамдардың еңбек ету және
өмір сүруінің санитарлы – гигиеналық талаптарына жауап беруі тиіс .
Ауа және су бассейіндерін ластамау керек және мүмкіндігі бойынша
табиғи ландшафты сақтауы тиіс .
Ғимараттардың төзімділігінің 3 түрі
бар :
1 – дәрежелі : 100 жылдан артық
2 – дәрежелі : 50 жылдан кем емес
3 – дәрежелі : 20 жылдан кем емес
Ағаштан , металдан , металл – болаттан , темір бетон ,
цементтен , плита , блок . Құрылыс материалдары және конструкциялары
тұтану дәрежесі бойынша топқа бөлінеді : а) жанбайтындар – от
немесе жоғары температура әсерінен тұтанбайтындар , бықсымайды және
қараймайды ; б) қиын жанатындар – от немесе жоғары температура
әсерінен қиындықпен тұтанады , бықсыйды және қараяды , от көзін
аластаса бұл процестер тоқтайды ; жанатындар – от немесе жоғары
температура әсерінен тез тұтанады және бықсып жана бастайды, от
көзін аластағаннан кейін де бұл процестер жалғаса береді .
Конструкция сонымен қатар отқа төзімділік шегімен де ( сағат
өлшемінде ) сипатталады . Отқа төзімділік деп конструкцияның
беріктігі немесе орнықтылығын жоғалтқанға және қима бойымен өтпелі
жарықшақ пайда болғанға дейінгі немесе конструкцияның от әсеріне
қарсы жақ бетінің қызуы 200 С – дан асқанға дейінгі от әсеріне
қарсыласуын атайды . Отқа төзімділік дәрежесі бойынша ғимарат беске
бөлінеді :
I дәрежелі отқа төзімділікке ең үлкен отқа төзімділік
сәйкес келеді ; V дәрежелі отқа төзімділікке ең
кіші отқа төзімділік сәйкес келеді ; I , II және
III дәрежелі отқа төзімділікке кірпіш ғимараттар жатады , оның
ішінде I және II дәрежелі отқа төзімді ғимараттардың қабырғасы ,
тіреулері , аралық қабат жабындары мен таса қабырғалар – жанбайтын
, ал III дәрежелі отқа төзімді ғимараттардың қабырғасымен
тіреулері – жанбайтын болса , аралық қабат жабындар мен таса
қабырғалары – қиын жанатын болып келеді ;
IV дәрежелі отқа төзімді ғимараттарға ағаштан салынып , сырты
сыланған , ал V дәрежелі отқа төзімді ғимараттарға ағаштан салынып
, сырты сыланбаған ғимараттар жатады . Сол себепті отқа
төзімділігі IV және V дәрежелі ғимараттардың қабат саны өртке
қарсы талаптарға сай , 2 қатардан аспауға тиіс.
Ғимараттың негізгі өлшемі :
А) ені ( қалыңдығы )
Б) ұзындығы (аралығы , қадамы ) ;
В) биіктігі ;
ҒКА – ғимараттың конструктивтік элементтерінің біріккен жүйесі
болып табылады . Көтергіш конструкциялар беріктік , қатаңдық және
орнықтылық талаптарына сәйкесті болуымен қатар , оларға өртке қарсы
және қызмет көрсету мерзімінің ұзақтылығы да керек . Азаматтық
ғимараттардың конструктивтік жүйесін ҒКА – ның тік және көлденең
элементтерінің орналасу сипаты анықтайды . ҒКА – ның 2 типі болады :
көтергіш қабырғалы ( қаңқасыз жүйелер ) және көтергіш қаңқалы (
қаңқалы жүйелер ) .
Қаңқасыз жүйелер

1 . Жүк көтергіш қабырғалары бойлық орналасқан жүйелер ;
2 . Жүк көтергіш қабырғалары көлденең орналасқан жүйелер
3 . Жүк көтергіш қабырғалары бойлық және көлденең орналасқан
аралас
жүйелер .

Қаңқалы жүйелер
1. Бойлық ригелді толық қаңқалы ;
2. көлденең ригелді толық қаңқалы ;
3. ригелі бір жағынан көтерме қабырғаға , екінші жағынан ұстынға
сүйенген толық емес қаңқалы ;
4. қаңқасы ригелсіз ;
5. ригелсіз толық емес қаңқалы .
Қаңқасыз – ғимараттар тұрғын , бала – бақша т.б. үйлерде қолданылады
Қаңқалы – өдірістік ғимараттарда қолданылады .
Ригелді айқас орналасқан қаңқалар – құрылыс сейсмикалық аудандарда
қолданылады .
Рйгелсіз қаңқа – көп қабатты өндірістік ғимараттарда және азаматтық
ғимараттарда қолданады .
ҒКА мақсаты
1) Әсер ету уақытының мерзімі бойынша барлық жүктемелер
2 топқа
бөлінеді :
а) тұрақты ;
б) уақытша .
2) жүктемелер сипаттамасы бойынша бөлінеді :
а) статикалық ;
б) динамикалық .
3) Берілу түрі бойынша :
а) шоғырланған , біркелкі ;
б) тік бағытталған ;
в) көлденең бағытталған .

Ғимараттардың орнықтылығы
Оның әсер етуші құбылыстарға кедергі жасау қабілеттілігі және
статикалық динамикалық тепе – теңдігінің сақталуы . Ғимараттың
кеңістікті қатаңдылығы . Ғимараттың геометриялық өзгермейтін пішінінің
сақталу қаблеттілігі .
Қоғамдық құрылымның қайта құру ерекшеліктеріне байланысты және
қоғамның кейбір жақтарының өмір сүру жағдайының өсуіне байланысты ,
жеке тұрғын үйдің , баспананың ең көркейген түрі қаланың ішінде
күннен – күнге кең тарауда .
Солардың бірі ғимараттар . Олар өзара байланысты конструктивті
элементтерден тұратын , жер бетіне салынған құрылыс . Ғимараттар
өзінің функционалдық тағайындалуына байланысты .екі негізгі топқа
бөлінеді :
а) азаматтық ғимарат ;
б) өндірістік ғимарат .
Азаматтық ғимараттардың өзі екі топқа бөлінеді :
а) тұрғын үйлер ;
б) қоғамдық ғимараттар .
Тұрғын үйлер құрылысы – адамдардың тұрақты немесе белгілі бір
уақытқа өмір сүруіне арналған құрылыс . Тұрғын үй құрылысы бірнеше
түрге бөлінеді :
а) пәтерлік тұрғын үй ;
б) қонақ үй ;
в) жатақхана және тағы басқалар .
Барлық ғимараттар бір – бірінен көлемдік – жобалау
өзгешеліктеріне қарамастан санаулы элементтерден тұрады .
Ғимараттардың негізгі конструктивтік элементтеріне іргетас , қаңқа ,
қабырға , жабын , таса , жамылғы , баспалдақтар , есіктер терезелер
т . б . тұрады .
Іргетастар – барлық көтергіш конструкциялардан келетін
жүктемелерді өзі арқылы өткізіп негіздікке жіберетін конструктивтік
элемент .
Таса қабырғалар дегеніміз – бөлмелерді бөліп тұратын және
қабат кеңістігін бөлу үшін қолданылатын жұқа ішкі қабырғаларды
айтамыз .
Аралық жабын (перекрытие) дегеніміз – ғимараттардың тік
конструкциясында қабаттарға ішкі кеңістікті бөліп тұратын және
өзінің салмағымен қатар уақытша жүктемелерді ( адамдар салмағын ,
керекті заттардың орналасуы кезінде және тағы басқалар ) .
Жамылғы (кровля) – ең жоғарғы су өткізбейтін қабықша .
Ғимарат элементтерін екі негізгі топқа бөлуге болады :
- көтерме конструкциялар : үй жабдықтарынан , қар , жел , ғимарат
ішіндегі адамдардың салмағынан болатын жүктемелерді қабылдайды ;
- қоршаушы конструкциялар : бөлмелерді сыртқы атмосфералық жағдайдан
қорғау үшін , сонымен қатар бөлмелерді бір – бірінен бөліп тұру
қызметін атқарады . Сонымен қатар көтерме және қоршама
конструкциялардың функциясын бір өзі атқаратын біріктірілген (
совмещенный ) конструкциялар да ( мысалы , төбе жабыны немесе аралық
жабындарсекілді ) кездеседі .
Ғимараттардың беріктігі және орнықтылығы негіздікті дұрыс
жабумен және іргетасты дұрыс шешумен тығыз байланысты . Негіздік
пен іргетастың жобасы үшін – топырақтың геологиялық құрылымын және
тасу қасиеттерін білу керек , сонымен қатар топырақтың қатуының
тереңдігін , топырақ суының сипаты мен тәртібін зерттеп алу керек .
Негіздік – іргетастың астында орналасатын , кернеу мен деформацияға
ұшырайтын , ғимараттың бар жүктемесін өзіне қабылдайтын бөлік .
Ғимараттарды – табиғи және жасанды негіздікке орнатады . Негіздеу
келесі мақсат – талаптарды орындау керек : көтерме қабілеті , топырақ
суларына төзімді болу керек , су қатқан кезде ісінбеу керек , су
көп кезде топырақ өзінің көтерме қабілетін төмендетеді . Төтенше
жағдайлр болмас үшін ҚМжЕ – дегі нормативті қысым 1-6 кг*ссм2 (0,1-
6МПа) 1-2,5м тереңдікте орнатылған . Іргетас құрылыстың негізгі жүк
көтергіш арқауы болып табылады және де берік , тұрақты , ұзақ
мерзімді , аязға төзімді , топырақты жерасты суларының әрекетіне
төзімді , үнемді , индустриялды болу керек . Іргетастың төменгі
жазықтығын – табан дейміз . Табандардың деңгей тереңдігі топырақтың
түріне , жерасты суының деңгейіне , жердің тоңазуы деңгейіне
байланысты . Норма бойынша іргетас табанның деңгейі жердің тоңазу
деңгейінің 20см төмен алынады . Қатты іргетасты табиғи тастан немесе
шойтасты бетоннан , бетоннан жасайды . Иілгіш іргетасты темірбетоннан
жасайды . Конструктивті типтерге байланысты көптеген , бірнеше түрі
бар . Соның бірі , яғни менің жұмысымдағы тізбекті құйылған түрі .
Ғимараттың қабырғасының астына немесе бөлек тұрған тіреудің астына
орналастырады . Топырақ өзінің түрлеріне , олардың жүктеме әсеріне
сәйкес жұмыс атқарады .
Топырақ – түйіршіктерден және қуыстардан құралған жердің жоғарғы
қалыңдығында жатқан геологиялық жынысы . Ол табиғи және жасанды
болып бөлінеді . Ғимараттардың конструкциясында шөгу әсерлері
қалыпсыз жағдай тудырмау үшін , іргетас табанының топырақтағы кернеу
және деформация өлшемдері шектеледі . Жалпы топырақтар тасты ,
балшықты , ұсақ құмд , қиыршық тасты , сазды , сынық тасты , жерасты
кеуекті болады.
Түйіршіктерінің ірілігі 0,5мм – ден асса , яғни 50% болса – ірі
құмды .
Қабырғалар – ғимараттың тік конструкциялары .
Қабырғалар ғимаратта әр түрлі функцияларды атқарады . Көтерме
қабырғалар белгілі бір орнықтылық пен беріктікке ие болу керек .
Қабырғалар сонымен қатар қоршаушы конструкция болғандықтан бөлмеде
температура және ылғалдылықтың тұрақтылығын сақтау үшін жылу
сақтағыш қасиет және дыбыс өткізбейтін қасиеті болу керек .
Ғимараттың қолданылуына байланысты қабырғалар арнайы талаптарды :
ұзақ мерзімді , отқа төзімділік сияқты талаптарды қанағаттандыру
керек . Қабырғаның құны түгел ғимараттың құнынан 14 – 18 % - ын
құрайтын экономды болу керек . Қабырғаларды сыртқы және ішкі
қабырғаларға бөлуге болады . Сыртқы қабырғаның төменгі жердің
үстіндегі бөлігін , яғни қабырғаны ылғалдан және әр түрлі қолайсыз
механикалық бұзылудан сақтайтын бөлігін – цоколь деп атайды . Ол
ғимарат негізін құрай отырып , үлкен конструктивті орнықтылық береді
. Шатырдан ағатын судан және еріген судан қабырғаларды қорғау үшін
бойлық профильді шығыңқы бөлігі – карниз орнатады . Сыртқы
қабырғалар парапетпен бітуі мүмкін , парапет сыртқы қабырғаның
жалғасы бола алады . Бірақ ол еңісті жабындарда судың ағысын
қиындатады , сондықтан олардың қарапайым және жеңіл металл
қорғаушылармен алмастырады . Сыртқы қабырғаның ең жоғарғы бөлігі –
парапет . Ол желдету шахталарын , трубаларды көрсетпеу үшін
қолданылады . Парапет қалыңдығы қабырға қалыңдығынан кіші , кейде
бірдей болады . Қабырғалар кейбір құрылыста жүккөтергіш ролін
атқарса кей жағдайда жүк көтермейді . Жүк көтермейтін қабырғалар
қаңқалы ғимараттарда кездесуі мүмкін . Олар кірпіш ретінде орындалады
. Қаланған кірпіш жабынының ригеліне немесе жабынның кернеулеріне
сүйенеді . Ірі аралықты бір қабатты ғимараттарда қорғауыш қабырғалар
жүк көтергіш , яғни өз салмағын көтергіш , қаңқалы болады .
Олардың өзі жылытылатын және жылытылмайтын болып бөлінеді . Жүк
көтергіш қабырғалар қаңқасыз ғимараттарда қолданылады және бұл
материалдар кірпіш , ірі блокты , табиғи тастардан болады . Көтергіш
қабырғалар өз салмағын іргетас аралығына береді және байланыстырғыш
арқылы ұстындарға бекітіледі .
Жаппалы қабырғалар көлденең және тік элементтерде болады .
Көлденең қабырғалар ұстындарға бекітіледі , ал тік қабырғалар
алдымен ригельдерге , ригельдер ұстындарға бекітіледі .
Аралық қабырға – ғимараттың есік немесе терезе ойықтарының
арасында орналасатын бөлігі .
Маңдайша ( перемычка ) – аралық немесе арқа түрінде келетін
конструктивті элемент . Ол өзінен жоғары жатқан қабырға салмағын
қабылдап , оны аралық қабырғаға жіберіп отырады .

Пилястр – қабырғаның тік жағынанжуандау келетін көлденең
элементтер молынан сүйену үшін ішкі қабырғада қолданады .
Уақ элементтерден тұратын қабырғалар . Мұндай қабырғаларға
керамикалық және селикаттық кірпіштен немесе тастар қолданылады .
Қаланған кірпіштің өзара байланыстыруы – тізбекті немесе көпқатарлы
және құдық тәрәздес болады .
Уақ блоктардан салынған қабырғалар . Бұндай қабырғалар орташа
қабатты үйлер салуға қолданады . Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көп қабатты құрылыс
Қазақстандағы ежелгі сәулет өнерінің дамуы
Жезқазған қаласы
Бас жоспардың негізгі архитектуралық - қала құрылысы идеясы
Достық даңғылы
Қазақстанның екі мегаполисі
Қонақ үй шаруашылығы қызметінің өрлеу әдістері
Қажетті бөлмелердің құрамын, санын және ауданың анықтау
Қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес-жоспардың құрылым
Үйдің экстерьері және интерьері
Пәндер