Әлихан Бөкейханов – публицист


Әлихан Бөкейханов - публицистӘлихан Бөкейханов публицист ретінде тану, оның жеке тұлға ғана емес, үлкен ірі қоғамдық тұлға екендігін көрсетеді. Оның өмір баяны, жүріп өткен жолдары, өзіндік дүние танымы барлығы сол уақыттың сол қоғамның тыныс тіршілігін аңғартқандай. Әлиханның өз заманының жаршысы тегеуірінді публицис екендігін баяндамас бұрын, нені публицистика және кімді публицис деп айта аламыз. Осыған қысқаша мағлұмат бере кетейік.«Публицистика» - ол уақыт пен қоғам арасындағы шындықты көрсететін бірде белгілі қаламгерлер қауымының айналысатын кәсібі, жұмысы, енді бірде өзіндік сипаты бар шығармалар тобы, яғни творчество саласы, журналистика жанры, тағы бірде өмірді зеріктеудің, қоғамдағы болмыс құбылыстарды бағалап, білудің әдіс тәсілі деген ұғымдарды білдіреді.Ал, публицист болса осы творчестволық кәсіпте арқау болып отырнған салаға әбден машықтанып жан-жақты зеріттеп білуін және соны уақыттан қалмай не озбай дәл сол күн талабына сай жауап беруші тұлға.Міне, біз публицист пен публицистиканың өзіндік бір тұлға екендігін аңғардық. Екеуі де бір талапқа сай заңды ғылым немесе ғалым.«Біз публицистердің ұдайы істейтін істерімен шұғылдануға - өз заманымыздың тарихын жазуға тиіспіз және біздің күнделікті өмірді жазуымыз қозғалысқа тікелей қатысушылар мен қаһарман тұлғаларға нақ сол қозғалыс үстінде мүмкіндігінше көмек беретіндей етіп жазуымыз керек, - жазғанда қозғалысты ұлғайтуға, күрес жүргізудің күш неғұрлым аз жұмсалып, неғұрлым көп және барынша баянды нәтижелер бере алатын құралдарын тәсілдері мен әдістерін саналы түрде таңдап алуға жәрдемдесетіндей етіп жазуымыз керек» - деген талап қоямыз.Енді, Әлихан Бөкейхановтың осы талаптарға қаншалықты деңгейде жауап бере алды соған тоқтала кетейік.Біз Әлиханды еске алғанда көз алдымызға сонау ХХ ғасырдың басы, сол кездегі тыныс-тіршілік жалпы, қоғам көз алдымызға елестетеміз. Әрине бір перзентіміздің бойынан бүкіл біз уақытпен қоғамды көз алдымызға елестету ұлы істің жемісі міне, Әлихан турасында бір ауыз сөзбен айтар болсақ әйтсе де сөзіміз дәлелді болуы үшін оған жан-жақты кеңінен тоқтала кетсек.Әлихан Бөкейханов замандастары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, т. б. сынды биігінде ел таныған азаматтарымызбен терезесі тең әрі өзіндік ерекшеліктері де, бар біртуар дара тұлға. Олай дейік себебіміз Әлиханның публицистика әлеміндегі өзіндік қолтаңбаларының аса сауаттылығы мен қоса оның өміршеңдігі. Яғни оның еңбектерінің уақыт талабының ауасындай құндылығында.Әлихан Бөкейхановтың өзіндік ерекшелігі оның орыс тілін өте жақсы меңгергендігі тіпті оның туындыларында оның орысша ойлап пайымдап қазақ тілінде жеткізді. Олай дейтін себебіміз оның шығармаларының жоғарғы деңгейдегі ғылымға толығы осыдан кейін Әлиханның тағы бір ерекшелігін аңғарамызол оның білімділігі. Әлихан публицистикасы ғылымды сөйлете білген яғни ол өзінің тақырыбын жан-жақты терең зерттеп ашық пікір білдірген сонымен қатар сол өзі көтеріп отырған салаға немесе проблемаға сай нақты шығар жолды да көрсете білген.Біз Әлиханды публицист ретінде тануда 1913-1918 жылдар аралығында жарық көрген «Қазақ» газетіндегі мақалаларынан айқын танимыз. Тек осы бір ғана «Қазақ» газетіндегі публицистикалық шығармаларына тоқталатытн болсақ оның еңсесі биік әрі дара публицист екендігіне аздық етпейді.ХХ - ғасырдың басындағы, демек, ең бір күрделі кезеңдегі, қазақ халқының өмірінің сан алуан қырынан мағлұмат беретін деректер ретінде Әлихан Бөкейхановтың өз еңбектері. Ол еңбектерінің ұлт тарихының құнды деректер тобын құрайтындығына қазір ешкімнің де күмәні жоқ «Әлихан Бөкейхановтың шығармашылық мұрасы» - деген мақалада «Ғалымның негізгі, басты еңбектері қазақ халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне, шаруашылық жүргізу тәсілдеріне, ру тайпалары шежіресіне, тұрмыс-салтынта, қазақ жеріндегі отарлау тағдырына арналған. Бұл еңбектерде мың сане деректер, цифрлар, таблицалар, қысқасы үшан теңіз материал бар»Бұған қосарымыз бүгінгі күні Ә. Бөкейхан еңбектерін тарихи дерек ретінде пайдаланбай, ғасыр басындағы қазақтар тарихы туралы бірде бір ғылыми жұмысының жазылмайтындығы.Мұндай жағдайда Әлихан Бөкейхан еңбектерінің деректілік маңыздылығы, көптеген мәселелердің ауқымдылығы, еңбектерінде сақталған деректердің шынайылық дәрежесінің жоғарғы болуынан туындайтыны даусыз. Автордың терең энциклопедиялықбілімі, екі тілде бірдей жазу шеберлігі, өз ұлтының жағдайын және дүниежүзілік тарихты жетік білуі оған мәселелерді кең қойып, терең талдау жасауға, жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Сөйтіп, Әлихан Бөкейханов публицистикасы ұлттық өшпес мұрасына, сарқылмас қазынасына айналды.Әлиханның тарихи құжаттарды іздеп табу, құжаттардың нақтылығын жариялауы тағы да басқа еңбектерін ескерсек оның бұл салада атқарған ғылыми ізденістерінің қазақ тарихы үшін маңызы зор екендігі анық.Әлихан Бөкейханның публицистикада тағы бір қосқан үлесі ол оның шығармаларында айтқан тарихи деректанушылық айтары, нақты төл деректерімізді сынауға байланысты көзқарастары.Мысалы 1911 жылы жарық көрген Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ хәм хандар шежіресі » деп аталатын кітабына арналған рецензиясында «мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шәкәрімнің бұл кітабы - қазақ шежіресінің тұңғышы, қазақ білмек болған аға-іні іздегенді осы кітаптан табасың енді мұнана былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі Шәкәрім кітабын әбден білмей қадам баспа. Кітап жиған жер жоқ көшпелі далада жүріп Шәкәрім шежіресіндей кітап жазбақ оңай жұмыс емес» - деп бұл еңбектің қазақтың төл дерегінің бірі шежірені жариялаудағы ерекше орны, автордың обективті шындықтарға қарамай тындырған еңбегін жоғары бағалайды. Бірақ осы сияқты көптеген еңбектерінде оның заман ағымына деген өзіндік дүниетанымы кеңдігін аңғарамыз және оның өзіне ғана емес өзі сынды әріптестеріне үлкен талап қойып олардың кейбір туындыларына сын көзбен қарай білген. Бұлай еткен себебі оның нағыз публицист екендігінің дәлелі. Ол әр туындының берері шындық болуы керек екендігін жақсы ұққан. Осыған орай Әлихан Бөкейханов еңбектерінде көркем шығармалардың деректік маңызы, ондағы халықтың тұрмыс салтының бейнеленуі, жалпы халықтың рухани, мәдени ескерткіштерінің тарих ғылымында алатын орны туралы өз пікірін білдірген. Ол: «жақсы көркем ждырда сол уақытта қазақтың болмыс салты көрініп тұруға лайық. Тарихтың сырын жолы екіге бөлінеді. Бір бөлек тарихтың пайдаланған соғыс істер біздің қазақ білетін тарих осы . . . Тарихтың екінші түрлісінің пайдаланғаны жұрттың болмыс салты, рухани мәдениетінің дәрежесі. Бұлардың бәрі сол жұттың, сол замандағы тіккен үйінен, киген киімінен ұстаған аспаптарынан, сөздерінен білінеді. Анық тарих осы екіншісі. Бұған жем нәрселер жақсы, шын ақындар шығарған бұзылмаған жерлерда болады» - дейді. Міне, осындай талапты қоя білуі оның шынымен де публицист болуына жетелеген болар. Әлиханның зерттеушілік қызметі оның «қара қыпшақ Қобыланды» кітабына арналған әдеби сынында деректерге аса сын көзбен қарап оған баға беруі онда жырдың бұрмаланғандағы онда түпнұсқада көп ауытқушылық жібергендігін, оның бәрі жырдың көркемдік сапасына демек оның деректік құндылығына нұсқан келтіргендігін айта келе жырда кездесетін «Солдат, сухар, түйме медаль, бал шай, алты атар» Қобыланды заманынан көп бері пайда болған нәрселерден түзету ескерту береді. Міне, осындай мысалдардың өзінен-ақ оның жеке шығармаларына тоқталмай тұрып-ақ оның өз заманының тарихын жазған публицист екендігін ұға аламыз.Жоғарыда біз Әлихан Бөкейханның публицистикаға жақын екенін әңгімеледік, енді оның өзінің публицистикалық туындыларына тоқталайық.Алысқа бармай-ақ оның «Қазақ газетінде мақалаларына қысқаша тоқтала кетейік.Әлихан Бөкейхан бастаған сол кездегі қазақ зиялыларның бәрін бір мақсатқа жұмылдырып, солардың үнін қалың жұртшылыққа жеткізіп тұрған «Қазақ» газетінің (1913-1918) бес жыл бойы 265 номері жарық көріпті. Қазіргі өлшеммен қарасақ тым аз, бірақ сол заманның қалыптасқан ахуал тұрғысынан бағаласақ, отарлық езгідегі елде отаршылдардың көз алдында жария түрде тәуелсіздік идеясын насихаттайтын газетті бес жыл бойы шығарып тұру үлкен ерлік болатын. Оның ішінде Әлихан Бөкейханның жетекшілік рөлін де басым айтып кетуіміз парыз, өйткені бұл газет бүгінде өз бағасының құндылығымен күннен-күнге жарқырап келеді, олай дейтін себебіміз бұл газеттің публицистикаға қосқан үлесімен, өлшемсіз құнды яғни өткен тарих шындығы. Әлихан Бөкейханның «Қазақ» газетінде 200 ге жуық мақалаларымен аудармалары жарық көрген. Оларды қазақ елінің ең түйінді деген мәселелеріне тоқталған. Қазақ елінің жері отаршыл болуы, патша үкіметінің қазақ еліне жүргізіп отырған саясаты, сот, әкімшілік, шаруашылық ісін жүргізу туралы көптеген мағлұматтар берілген. Ғылыми мақалаларында Шоқан Уалихановтың, Абайдың Шәкәрімнің еңбектеріне сілтеме жасап, құнды пікірлер түйінділер жасайды.Оның бір ғана «шаруашылық өзгерісі» атты мақаласын алатын болсақ, оның сол уақыт талабының нағыз толғағы жеткен проблемаларын жауып береді. Бұл мақала сериялы түрде берілген, сонымен қатар нақты прблемаларды жазу мен қатар одан шығудың жолдары да қарастырылған. Олай дейтін себебіміз мақаланың көлемділігінің мәні бар, мұнда, біріншіден нақты проблема отырықшылыққа көшуге байланысты прблемаға орай туындап отыр. Екінші, осыған орай отырықшылыққа жаппай көшу қазақ шаруашылығына тиімсіз екендігі көрсетілген. Сол сияқты сол кездегі қазақ халқы сана-сезімінің деңгейіне орай сөйлей білген шеберлігін аңғарамыз. Ең бір аса бағалайтын нәрсеміз ол Әлиханның сол проблемаларды егжей-тегжей баяндап қоймай, өзі де сол проблемалардан шығу жолдарын көрсеткен. Осы екі арада айқын шыңдалған бейнесі көрсетілген.Әлихан Бөкеханның «Шаруашылық өзгерісінің жайынан сөйлеуден бұрын шаруашылық деп нені айтамыз, баяндап өтейік. Шаруашылық деп - дүниелік жиюды айтамыз. Дүниелік деп - адам баласының тірішілігіне керек нәрселерді айтамыз . . . » деп бастауының өзінен-ақ оның сол кездегі қазақтарымызды шаруашылық жөніне байқал еткендігін аңғартады.Ары қарай көз жүгіртсеңіз Әлихан Бөкейханың асқан шеберлігінің желісімен баяндалатын публицистикасының сырын барлық сол кездегі прблемаларды көз алдымызға елестетеді, әрі өз уақатының көкейтесті мәселелерін айқын бейнелейді.Міне, қысқаша тоқталар болсақ әйтседе, бұл Әлиханның бір ғана м ақаласының төңірегінен ал, мұнан басқа да публицистикалық туындыларына тоқталар болсақ бұл өз алдына үлкен төбе.Пайдаланылған әдебиеттер:«Қазақ» газетіҚ. Атабаев «Қазақ баспасөзі»:
Әлихан
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz