ЭВМ құрылғыларымен жабдықталған кабинетте оқытылатын информатика сабағына қойылатын талаптар



ЖОСПАР:

КІРІСПЕ 3.4

1 . бөлім. Сабақ ұғымы.
2 . бөлім. ЭВМ құрылғыларымен жабдықталған кабинетте оқытылатын информатика сабағына қойылатын талаптар.

2.1 Информатика кабинетінің негізгі тағайындалуы.
2.2 Информатика кабинетінің құрал.жабдықтары.
2.3. ЭЕМ бар информатика кабинеттеріндегі жұмысты ұйымдастыру.

3.бөлім. Информатика кабинетінде жұмыс істеу кезіндегі гигиеналық талаптар
3.1 ЭВМ құрылғыларына қойылатын гигиеналық талаптар
3.2 Информатика кабинетінде жұмыс істеу кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар

4. бөлім. Оқушылардың ЕЭМ сабағы кезінде гигиеналық тұрғыдан дұрыс орналасулары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиттер тізімі
КІРІСПЕ

«Информация» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, түсінік деген ұғымдарды білдіреді.
Қазіргі кезде информация Адам өміріне, ғылымның әр түрлі салаларына кеңінен енді. Әсіресе информация философия, экономика, физика, математика, информатика және т.б.ғылым салаларында кеңінен қолданылуда.
Қазіргі кездегі біздің қоғамымыздағы өзгерістер мен дамулар информатизация деңгейі деп аталады. Қоғам информатизациясы - әлеуметтік – экономикалық процесс. Қоғам информатизациясы кез келген информацияны жинақтап сақтауды, оны реттеуді, қалпына келтіруді реттейтін жан-жақты ұғым негізінде қарастыруымызға болады. Ол қазіргі кездерде көптеген есептеуіш құрылғылар мен сондай-ақ информациялық техника арқылы (телекоммуникация және т.б.) таралады.
Қоғам информатизациясы процесінің қазіргі кездегі негізгі бағыты – білім беру саласына қолданып отыр. Ол психологиялық-педагогикалық тәжірибелерде, оқыту барысындағы өте үлкен әсерін тигізеді. Бұл информатизациялаудың түрін ЭВМ дамуына сай өзгеріп отырады.
Информатизациялау кезінде оқушылар қазіргі кезге сай мағлұмат жинағымен, мультмедия технологиясының негізгі қолданылатын құралдарымен танысып, өздерінің білім деңгейлерін жоғарлатады.
Ғалымдардың пікірінше, қазіргі мектепте информатика курсының оқытылуы дүниежүзілік педагогикалық практикада бұрын сонды болмаған құбылысдеуге болады. Әдетте ғылыми пәннің мектепке енуінен бастап, оның жалпы білім берудегі маңызын толық түсінуіне дейін кем дегенде бірнеше онжылдықтар өтеді – бұл уақыт ішінде ғылыми аппараты тұрақтанып, пәннің методологиясы мен жалпы әдістемелік тәсілдері қалыптасады. Ал информатиканың пән есебінде мектепке енуі өте жылдам іске асып жатқаны белгілі.
Қазіргі өскелен өмір бұл пәннің мектепке жылдам енуімен қатар ол пәннен берілетін білім сапасын жетілдіруді де талап етеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Нақисбеков Б. «Адам және компьютер», Алматы, 1986 ж.
2. Қараев Ж. «Компьютерді оқыту тәрбие процесінде пайдалану». Алматы, 1987 ж.
3. Ғылыми - әдістемелік журнал: Информатика негіздері. №5, 2003 жыл.
4. «Информатика и образование» журналы. №1, 2002 ж.

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ 3-4
1 - бөлім. Сабақ ұғымы.
2 – бөлім. ЭВМ құрылғыларымен жабдықталған кабинетте оқытылатын
информатика сабағына қойылатын талаптар.
2.1 Информатика кабинетінің негізгі тағайындалуы.
2.2 Информатика кабинетінің құрал-жабдықтары.
2.3. ЭЕМ бар информатика кабинеттеріндегі жұмысты ұйымдастыру.
3-бөлім. Информатика кабинетінде жұмыс істеу кезіндегі
гигиеналық талаптар
3.1 ЭВМ құрылғыларына қойылатын гигиеналық талаптар
3.2 Информатика кабинетінде жұмыс істеу кезіндегі қойылатын
гигиеналық талаптар
4- бөлім. Оқушылардың ЕЭМ сабағы кезінде гигиеналық тұрғыдан
дұрыс орналасулары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиттер тізімі

КІРІСПЕ

Информация сөзі латынның түсіндіру, баяндау, түсінік деген ұғымдарды
білдіреді.
Қазіргі кезде информация Адам өміріне, ғылымның әр түрлі салаларына
кеңінен енді. Әсіресе информация философия, экономика, физика, математика,
информатика және т.б.ғылым салаларында кеңінен қолданылуда.
Қазіргі кездегі біздің қоғамымыздағы өзгерістер мен дамулар
информатизация деңгейі деп аталады. Қоғам информатизациясы - әлеуметтік –
экономикалық процесс. Қоғам информатизациясы кез келген информацияны
жинақтап сақтауды, оны реттеуді, қалпына келтіруді реттейтін жан-жақты ұғым
негізінде қарастыруымызға болады. Ол қазіргі кездерде көптеген есептеуіш
құрылғылар мен сондай-ақ информациялық техника арқылы (телекоммуникация
және т.б.) таралады.
Қоғам информатизациясы процесінің қазіргі кездегі негізгі бағыты –
білім беру саласына қолданып отыр. Ол психологиялық-педагогикалық
тәжірибелерде, оқыту барысындағы өте үлкен әсерін тигізеді. Бұл
информатизациялаудың түрін ЭВМ дамуына сай өзгеріп отырады.
Информатизациялау кезінде оқушылар қазіргі кезге сай мағлұмат
жинағымен, мультмедия технологиясының негізгі қолданылатын құралдарымен
танысып, өздерінің білім деңгейлерін жоғарлатады.
Ғалымдардың пікірінше, қазіргі мектепте информатика курсының оқытылуы
дүниежүзілік педагогикалық практикада бұрын сонды болмаған құбылысдеуге
болады. Әдетте ғылыми пәннің мектепке енуінен бастап, оның жалпы білім
берудегі маңызын толық түсінуіне дейін кем дегенде бірнеше онжылдықтар
өтеді – бұл уақыт ішінде ғылыми аппараты тұрақтанып, пәннің методологиясы
мен жалпы әдістемелік тәсілдері қалыптасады. Ал информатиканың пән есебінде
мектепке енуі өте жылдам іске асып жатқаны белгілі.
Қазіргі өскелен өмір бұл пәннің мектепке жылдам енуімен қатар ол
пәннен берілетін білім сапасын жетілдіруді де талап етеді.
1 – бөлім.
САБАҚ ҰҒЫМЫ.

Сабақ сөздің мағынасын түсіндіру өте қиын.
Сабақ дегеніміз – белгілі бір уақыт мөлшерін алатын, кез келген пәнді
айтамыз.
Сабақ процесінде оқушылар мұғаліммен қарым-қатынасқа түседі,
мұғалімдер оларға белгілі бір пәннен сабақ өткізіп, әр түрлі тақырптар
түсіндіреді.
Сабақ ұғымы бірнеше ғылымның басын қосады, әр түрлі саладағы
белгілі бір тәртіпте кез келген такырыпты қарастырады.
Оқу процесі (сабақ) кезінде мұғалімдер әр бір оқушының психологиясын,
ішкі жан дүниесін, міңез-құлқын зерртейді.
Методикалық, дидактикалық, педагогикалық әдістемелерге сүйене отрыпы,
сабақ жоспары құрылады, одан кейиң мұғалім сабақты өткізуге даярланады.
Сабақта кез келген көрнекіліктерді пайдалануға болады. Оларға :
кестелер, схемалар, фотосуреттер, және т.б. жатады.
Сабақ кезінде оқушылар белгілі бір ақпарат алып, оны мұғаліммен
бірлесе отырып талқылайды, жадында сақтайды. Оқыта процесінде оқушыларды
кез келген тақырыпты талдауға шақыру, олардың әр түрлі сұрақтарға жауап
беруін қадағалау, өз пікірлерін, ұсыныстарын ашық білдіртуге үйрету -
мұғалімнің міндеті.
Сабақтарда пәнге сәйкес әр түрлі есептер мен талаптар қойылады.
Мұғалім белгілі бір материалды оқушыларға ашып түсіндіру, содан кейін оны
талқылау, қорытындылау жұмыстарын жүргізу керек.
Мысалы ретінде информатика пәнінің бір сабағын қарастырайық. Сабақ
тақырыбы: ЕЭМ-мен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникаға қойылатын
талаптар. Бұл сабақта мұғалім ең алдымен оқушыларға құрал-жабдықпен дұрыс
жұмыс істеуді үйретеді. Одан кейін оқушыларға негізгі базалық мағлұматтар
беріледі. Компьютерді дұрыс іске қосып - өшіруді де мұғалім осы сабақта
айтып кетуі тиіс. Мұғалім оқушыларға гигиеналық талаптарды айтып кетеді,
оған оқушының жұмыс кезіндегі дұрыс отыруы т.б. жатады. Сабақ соңында
мұғалім оқушыларға түсініксіз терминологияны қайтадан қайталайды да, сабақ
қорытындысын шығарып, үйге тапсырма береді.
Әрбір сабақ соңында мұғалім келесідей қортынды жүргізу керек: оқушы
не білді?, қандай жаңа ақпарат не мәліметті өз бойына сінірді?, сабақ
барысында қойылған мәселелер мен есептердің ұғымын оқушы меңгере алды ма?
және т.б.
Мұғалім әр бір оқушыны жеке тұлға деп тануы керек, оларға әр қайсысына
шығармашылық немесе психологиялық тұрғыдан қарап, сабақ түсіндіруі керек.
Кейбір пәндер ұғымдары байланысты болып келеді. Мысал ретінде мектепте
өткізілетін программаның информатика, математика, геометрия және т.б.
сабақтардың пәнаралық байланысын байқауға болады.
Математика және информатика сабақтары тығаз байланысқан. Бұл 2 пән
арасындағы байланыстар барынша жан-жақты. Бұл байланыстар, ең алдымен ғылым
мен техниканың барлық салаларын компьютерлендіруге байланысты міндеттер
аясында мектептегі математика курсының да жаңартылуын талап етеді.

2 - бөлім.
ЭВМ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН КАБИНЕТТЕ ОҚЫТЫЛАТЫН ИНФОРМАТИКА
САБАҒЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.

2.1 Информатика кабинетінің негізгі тағайындалуы.

Электрондық-есептеуіш құрылғылармен, оқытуға қажетті жиһазбен,
практикалық және теоретикалық сабақтарды өткізуге дайындалған, есептеуіш
техника туралы керекті мағлұматтармен қамтамасыз етілген жалпы білім беру
мекемелеріндегі информатика кабинеті оқыту-тәрбиелеу, білім берудің сапасын
жоғарлатуға, сондай-ақ информатика курсын басқа сабақтармен сабақтастырып
оқытуға арналған кабинет.
Сонымен қатар информатика кабинеті оқушылардың қоғамдық және
өндірістік еңбекке қатысуда қолданады. Оқыту мекемесінің информациондық
әдістемелік процесстерде де жиі қолданып отырады.
Информатика кабинеті гигиеналық, психологиялық және эргономикалық
ортаға сәйкес даярлануы керек. Информатика сабақтарында осы орта
оқушылардың ой-қабілеттерінің дамуларына, олардың информационыдқ мәдени
тұрғыдан жетілулеріне тікелей әсер етуі тиіс.
Оқушылар мен оқытушы мұғалімдер бұл кабинетте өткізілетін сабақ
кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен және осы ортаның әр бір ағзаның ден
саулығына қандай әсерін тигізетіні туралы жалпы бір мағлұмат алып,
қауіпсіздік техникасымен танысуы керек.

Информатика кабинетінде өткізілетін сабақтар кезінде оқушылар танысуы
тиіс:
• оқушылар қазіргі кездегі есептеуіш техниканың жаңадан
жетістіктері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметтерімен,
сондай-ақ кез келген мәселені не есепті ЭВМ арқылы шешу
жолдарымен, информациондық ресурстармен қамтамасыз етулері
туралы мағлұматтар алулары тиіс;
• Информациондық немесе коммуникациондық технологияларды
өндірісте, оқытуда немесе басқару процесстерінде қолдануды;
• Оқыту мекемесінде оқыту-тәрбиелеу процесстерінің ұйымдастырылуы
туралы жалпы білім алулары қажет.

Информатика кабинетінде келесідей жұмыстар өткізілуі мүмкін:
• есептеуіш құрылғыларын, сондай-ақ оқыту процесі кезінде
керекті мағлұматтар жинақтарымен, арнайы кітаптармен,
информациондық және коммуникациялық технологияларды қолданып
информатика сабақтарын өткізуге.
• Мұғалімдердін берген тапсырмаларымен оқушылардың арнайы бір
программаларды құру жұмыстары да өткізіледі.
• Есептеуіш техниканың көмегімен арнайы сабақтан тыс қосымша
сабақтар өткізу (информациондық және коммуникациондық
технологияларды пайдалана отырып, окыту құрылғыларын тікелей
пайдалана отырып). т.б.
Информатика сабағында оқушылардың саны 9, 12, 15 те болуы мүмкін. Ол
сыныптың немесе кабинеттін даярлануына байланысты. Практикалық сабақтарды
ұйымдастыруда жеке немесе топтық жұмыс істеу ұсынылады.

2.2 Информатика кабинетінің құрал-жабдықтары.

Информатика кабинетінің негізгі құрал-жабдықтары:
• информатика курсын оқыту кезінде қолданылатын оқыту әдістемелері
(бағдарламалары);
• оқыту кезіндегі әр бір оқушыға құрастырылған ЕЭМ арнайы жекеше өздік
жұмыстары және жаттығұлары
• қолданылатын әдебиеттер, оқыту - әдістемелік, ғылыми-таралған әр
түрлі әдеби көрнекіліктер;
• оқушылардың техника қауіпсіздігін меңгергендіктері туралы әр бір
сабақ сайын мұғаліммен толтырылатын арнайы журнал;
• есептеуіш машинаның бұзылуы мен оның жөнделуі туралы журналдар;
• оқушылармен кұрастырылған стендттер (көрнекілік ретінде қолданылатын
әр түрлі кестелер мен құрамалар және т.б.);
• өрт сөндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар;
• мектеп мүдірімен бекітілген информатика кабинетіндегі құрал-
жабдықтардың жалпы саны мен енгізілген арнайы кітапша және де тағы
басқалары жатады.

Мұғалімнің жұмыс орны класстың төр жағында орналасып тұрады. Онда
арнайы жабдықталған стол болуы керек. Мектеп мен оқу мекемелерінде (жоғарғы
оқу орындары және т.б.) ЕЭМ орнатылған информатика кабинеттерінде
графопроектор мен арнайы принтерге арналған 2 тумба болу керек. Жалпы
информатика сабақтарына арналған базалық және қосымша программалық
қамтамасыздандырулардың болуы.
Әр бір сабақ сайын мұғалім оқушылардың компьютермен жұмыс істеу
барысында оны дұрыс тәртіпте қосып-өшірулерін қадағалау және соған
байланысты осы оқушылармен жасалынатын істерді арнайы журналға енгізіп
отыруы керек.
Мұғалімнің жұмыс орнына принтер, графопроектор және ЕЭМ қосылатын
арнайы электр өткізгіш болу керек.
Оқушылардың жұмыс орындары арнайы ЕЭМ – мен санитарлық – гигиеналық
талаптарға сәйкес жабдықталған болуы тиіс.
Информатика кабинетінде барлық керекті перифериналық жабдықтары
орналасқан бір орынды стол мен қамтамасыздырылған болуы тиіс.
Көрсетілген ЕЭМ-ның столдарына электрлік жергілікті желілер (торап)
өткізіледі.
Столдар қауіпсіздік техникасына сәйкес қойылып, полдарға бекітіледі.
Барлық ЕЭМ-ларды электр өткізгіштерді жерге орналастыру арқылы іске қосу
керек.

Столдардың конструкциялары келесідей шарттарға сай болуы керек:
• столдың екі бөлек беті болу керек;
• біреуі ЕЭМ орналасқан көлденең беті (столдың баяу реттеуінің
биіктігі 520-760 мм), екіншісі клавиатура (перне тақта) (баяу
реттелуінің бұрышы 0-150 – қа дейін) орналасқан бөлек беті
(осының бәрі оқушылардың дұрыс отыруын, олардың алға қарай
бастарын жылтылтпауын өте үлкен әсерін тигізеді);
• ЕЭМ тұратын стол бетінің көлемі 750 мм болса, принтер болған
жағдайда 1200 мм болады. Әр бір стол бетінің тереңдігі 550 мм-
ден аспауы тиіс;
• Столда арнайы жергілікті желі (торап) өткізілуі тиіс;
• Столдың негізгі бөлігі мен аяқ қоюға арналған арнайы жабдық
қосылуы керек;
• Столда жәшіктер болмау керек.

Столдың шеткі биіктігі кестеде көрсетілгендей оқушылардың бойлары мен
аяқ кімдеріне сәйкес болуы керек:

1 кесте
Оқушының бойы, смЕденнен столға дейінгі ара қашықтық, мм
стол Аяқ қоюға арналған Орындық
кеңістіктің мөлшері
116-130 520 460 300
131-145 580 520 340
146-160 640 580 380
161-175 700 640 420
175-тен жоғары 760 700 460

Аяқ киім орналасатың бөліктің тереңдігі мен биіктігі столдың
конструкциясымен анықталады.
Столдың түсі табиға ағаш түсіне сәйкес болуы керек, кейбір кезде
көгілдір, ашық жасыл, сұрғылт түстерінің болуы мүмкін. Столдың беті
біркелкі болады. Егер столдың биіктігі оқушының бойына сәйкес келмеген
жағдайда аяқ қойғышты пайдалануға болады. Аяқ қойғыш құрылысының ені 300
мм, биіктігі 400 мм, бұрышы 200 болуы тиіс. Аяқ қойғыш 150 мм-де реттелу
керек. Аяқ қойғыштың беті тегістеу болып келеді. ЕЭМ-лар тұрған столдар
көтеріліп-айналатын, және реттелетін орындықтармен қамтамасыздандырылады.
Осыған байланысты әрбір реттегіш өз параметріне сәйкес болуы керек.
Орындықтың арқасы 1800-қа айналуы қажет. Орындықтың арқасы мен
отырғышы жұмсақ, ауа өткізетін, электрленбейтін, сырғымайтың және оңай
тазарылатын материалдан тұруы тиіс.
Орындықтың арнайы мөлшері 2 кестеде көрсетілген:

2 кесте
Орындықтың параметрлері Оқушылардың аяқ киім киген кездегі бойлары
см
116-130 131-145 146-160 161-175 175-тен
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Кәсіпорынды автоматтандыру
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік
Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі
Информатика сабақтарын әзірлеу
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Мектеп журналының электрондык түрі
География курсы бойынша оқу–құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Пәндер