Қазақстандағы инновациялық қызмет



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1. Инновациялық қызметке мемлекеттің қолдау көрсетуінің негізгі қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2. ҒЗТКЖ мен инновациялық қызметті жандандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
3. Инновациялық сала үшін кадрларды даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
4. ТМД елдеріндегі инновациялық қызметтің жай.күйі ... ... ... ... ... ... ... 12
5. Қазақстандағы инновациялық саясаттың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Бұл жұмыста инновациялық дамуға мемлекеттің қолдау көрсетуінің шет елдерде қолданылатын негізгі қағидаттары, ҒЗТКЖ мен инновациялық қызметті қаржымен қамтамасыз ету, ғылым мен инновация саласындағы салық саясаты, инновация саласы үшін кадрлар даярлау, ТМД елдеріндегі (Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасының мысалында) инновациялық қызметтің жай-күйі қаралды, сондай-ақ Қазақстан үшін жинақталған қорытындылар жасалды.
Экономикасы дамыған елдердің практикасы ғаламдық экономикалық бәсекелестік жағдайында экономиканың бірқалыпты өсуіне жаңа технологиялар мен талдамаларды өндіріске енгізудің жоғары деңгейі негіз болып отырғанын көрсетеді. Әртүрлі бағалар бойынша осы елдерде өндіріс өсімінің 70 проценттен 100 процентіне дейін бүгін таңда инновацияларды пайдалану есебінен қамтамасыз етілуде.
Экономикасы дамыған елдерде мемлекет қажетті экономикалық, қаржылық, ұйымдық және нормативтік-құқықтық жағдайлар жасау арқылы инновациялық қызметтің дамуын көтермелеп отыр.
Экономикалық жағдайларға:
инновациялар нарқында ұсыныстардың өсуіне жәрдемдесетін салық саясатын және баға белгілеу саясатын жүргізу;
инновация саласында тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
инновацияларды игеріп және таратып жатқан отандық кәсіпорындарға қаржымен қолдау көрсетудің, салық және кеден жеңілдіктерінің әр түрлерін беру;
техниканы жаңғыртуға жәрдемдесу;
ғылымды қажет ететін өнім лизингін дамыту;
кәсіпкерлікті жандандыру;
теріс пиғылды бәсекелестіктің алдын алу;
инновация саласында сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту;
мемлекеттік инновациялық бағдарламаларға енгізілген инновациялық жобалар үшін кеден жеңілдіктерін беруді қоса алғанда сыртқы экономикалық қолдау жатады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Шет елдерде инновациялық қолдау көрсетуі

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1. Инновациялық қызметке мемлекеттің қолдау көрсетуінің негізгі
қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2. ҒЗТКЖ мен инновациялық қызметті
жандандыру ... ... ... ... ... ... . ... ... .4
3. Инновациялық сала үшін кадрларды
даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
4. ТМД елдеріндегі инновациялық қызметтің жай-
күйі ... ... ... ... ... ... ... 12
5. Қазақстандағы инновациялық саясаттың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .17
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Кіріспе

Бұл жұмыста инновациялық дамуға мемлекеттің қолдау көрсетуінің шет
елдерде қолданылатын негізгі қағидаттары, ҒЗТКЖ мен инновациялық қызметті
қаржымен қамтамасыз ету, ғылым мен инновация саласындағы салық саясаты,
инновация саласы үшін кадрлар даярлау, ТМД елдеріндегі (Ресей Федерациясы
мен Қырғызстан Республикасының мысалында) инновациялық қызметтің жай-күйі
қаралды, сондай-ақ Қазақстан үшін жинақталған қорытындылар жасалды.

1. Инновациялық қызметке мемлекеттің қолдау көрсетуінің негізгі
қағидаттары.
Экономикасы дамыған елдердің практикасы ғаламдық экономикалық
бәсекелестік жағдайында экономиканың бірқалыпты өсуіне жаңа
технологиялар мен талдамаларды өндіріске енгізудің жоғары деңгейі негіз
болып отырғанын көрсетеді. Әртүрлі бағалар бойынша осы елдерде өндіріс
өсімінің 70 проценттен 100 процентіне дейін бүгін таңда инновацияларды
пайдалану есебінен қамтамасыз етілуде.
Экономикасы дамыған елдерде мемлекет қажетті экономикалық,
қаржылық, ұйымдық және нормативтік-құқықтық жағдайлар жасау арқылы
инновациялық қызметтің дамуын көтермелеп отыр.
Экономикалық жағдайларға:
инновациялар нарқында ұсыныстардың өсуіне жәрдемдесетін салық
саясатын және баға белгілеу саясатын жүргізу;
инновация саласында тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
инновацияларды игеріп және таратып жатқан отандық кәсіпорындарға
қаржымен қолдау көрсетудің, салық және кеден жеңілдіктерінің әр түрлерін
беру;
техниканы жаңғыртуға жәрдемдесу;
ғылымды қажет ететін өнім лизингін дамыту;
кәсіпкерлікті жандандыру;
теріс пиғылды бәсекелестіктің алдын алу;
инновация саласында сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту;
мемлекеттік инновациялық бағдарламаларға енгізілген инновациялық
жобалар үшін кеден жеңілдіктерін беруді қоса алғанда сыртқы экономикалық
қолдау жатады.
Қаржылық жағдайларға:
инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз ететін бюджет
саясатын жүргізу;
мемлекет үшін ықтимал маңызы зор, бірақ жеке инвесторлар үшін
тартымсыз инновациялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін
тікелей мемлекеттік инвестициялар бөлу;
инновация саласында жайлы инвестициялық ахуал жасау;
инновациялық қызметке қатысатын отандық және шетелдік
инвесторларға дотациялар, жеңілдік несиелер, кепілдіктер беру жатады.
Ұйымдық жағдайларға:
мемлекеттік, салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды
қалыптастыру және іске асыру;
инновациялық инфрақұрылымды дамыту;
инновациялық қызметті жүзеге асыратын кадрлар даярлауға, қайта
даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдесу;
инновациялық қызметке ақпараттық қолдау көрсету (мемлекеттік
инновациялық саясаттың басымдықтары туралы ақпаратқа, орындалып жатқан және
аяқталған инновациялық жобалар мен бағдарламалар, инновациялық қызмет үшін
негіз болуы мүмкін аяқталған ғылыми-техникалық зерттеулер туралы және т.б.
материалдарға емін-еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету);
инновациялық салада интеграциялық процестерге, аймақтардың өзара іс-
қимыл кеңейтуге, осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамытуға
жәрдемдесу;
отандық инновациялық өнімнің дүниежүзілік нарықтарға ілгері басуын;
халықаралық ұйымдарда инновациялық қызметтің отандық
субъектілерінің мүдделерін қорғау жатады.
Нормативтік құқықтық жағдайларға:
инновациялық қызмет субъектілерінің өзара қарым-қатынастарының
құқықтық негіздерін орнату;
инновациялық қызмет субъектілерінің құқықтары мен мүдделеріне, оның
ішінде санаткерлік меншік құқықтарына кепілдік беру жатады.
Инновациялық процестерді реттеу мақсатында мемлекет инновациялық
қызметке тікелей түрде де, жанама түрде де қолдау көрсетеді.
Инновациялық қызметті тікелей мемлекеттік реттеу ғылым мен
техниканы дамытудың басыңқы бағыттарын таңдау және осал
технологиялардыңң тізбесін анықтау, жобаларды мемлекеттік бюджеттен
нысаналы түрде қаржыландыру және мемлекеттік емес құрылымдар іске асыратын
жобалар мен бағдарламаларды қосымша қаржыландыру, инновациялық қызметтің
инфрақұрылымын қалыптастыру және басқалар негізінде жүзеге асырылады.
Инновациялық қызметті көтермелеудің жанама шаралары фискальдық
әдістерді пайдалануды (жеңілдікпен салық салу, жедел амортизация, жекелеген
нарықтарды, салаларды реттеу), зияткерлік меншікті жасау, беру және
қорғау саласындағы нормативтік құқықтық реттеуді, сондай-ақ ғылыми
білімдерді коммерциялауға қатысатын құрылымдардың қызметі үшін жайлы
жағдайлар қалыптастыруды қамтиды.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, инновациялық қызметті
дамыту үшін жайлы жағдайлар жасау – ең алдымен мемлекеттік басқару
органдарының міндеті. Нысаналы мемлекеттік инновациялық саясатсыз
отандық экономиканы бірқалыпты дамытуды қамтамасыз ету мүмкін емес.
Мемлекеттің рөлі ең алдымен ел экономикасының барлық саласында
инновациялық процестерді жандандыру болып табылады.

2. ҒЗТКЖ мен инновациялық қызметті жандандыру
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, инновациялық қызметті
дамыту іргелі және қолданбалы ғылымның жай-күйіне және ғылыми-техникалық
талдамалардың коммерциялық мақсатта қажет етілуіне тікелей байланысты.
Мемлекеттің ғылыми-техникалық прогреске көзқарасын сипаттайтын
көрсеткіштердің бірі ғылымды қаржыландыру көлемі болып табылады.
Мәселен, 2000 жылы ғылыми зерттеулер мен талдамаларға жұмсалған
мемлекеттің шығындары: АҚШ-та 246,2 млрд. доллар (ЖІӨ-нің 2,9%), Жапонияда
94,2 млрд. доллар (ЖІӨ-нің 3,0%), Германияда 45,8 млрд. доллар (ЖІӨ-нің
2,35%), Францияда 28,0 млрд. доллар (ЖІӨ-нің 2,25%), Швецияда 7,6 млрд.
доллар (ЖІӨ-нің 4,0%) болды. Еуроодақ өзінің барлық мүшелеріне ғылымға
бөлінетін қаржы деңгейін ЖІӨ-нің 2,5%-іне жеткізуді ұсынады.
Салыстыру үшін - Ресейде бұл көрсеткіш 2000 жылы 2,2 млрд. доллар
(ЖІӨ-нің 1,09%), Қазақстанда - 13,7 млн. доллар (ЖІӨ-нің 0,08%) болды.
Халықтың жан басына шаққанда бұл шығындар АҚШ пен Швецияда - 858,
Жапонияда - 747, Германияда - 536, Францияда - 480, Ресейде - 64,
Қазақстанда - 0,9 АҚШ долларын құрады.
Инновациялық дамудың басымдықтарын таңдау әдістемесі мен ҒЗТКЖ мен
инновациялық қызметті қаржыландыру әдістері әртүрлі елдерде әрқилы іске
асырылады, өйткені олар экономикалық дамудың сыртқы да, ішкі де
жағдайлардың өзгеруіне қатысты ұдайы өзгертіліп отыратын мемлекеттік
саясаттың стратегиялық бағыттарына сәйкес келуге тиіс.
Инновациялық бағыттағы ғылыми-техникалық қызметке қолдау көрсетуді ЕО
мемлекеттері барлық нарықтық экономикалы елдер үшін ортақ қағидаттарға
сәйкес жүзеге асырады. Қаржы көмегін көрсетудің қосымшалық қағидаты
елдің технологиялық дамуындағы олқылықтарды толтыруға бағытталған
жұмыстар басымдыққа ие болатынымен тұжырымдалады. Бәсекеге түсуі мүмкін
зерттеулер мен талдамаларға қолдау көрсету қағидаты мемлекеттің нарықта өз
фирмалары арасында қалыптасқан ара-қатынасты бұзбай, жалпыға бірдей қол
жетімді ғылыми-техникалық өнім жасауға ғана субсидия бөлетінін білдіреді.
Әртүрлі мемлекеттік органдар әрқилы агенттіктерді, несиелік және
инвестициялық мекемелерді тарта отырып, қолдау көрсету жөнінде тиісті
шараларды жүзеге асыруда.
Францияда инновациялық қызметті қолдау шағын және орта кәсіпорындар
саласына жұмылдырылған. Өнеркәсіпке енгізуге есептелген инновациялық
жобаларға қаржылық, ұйымдық және ақпараттық қолдау көрсетуді ANVAR
мемлекеттік агенттігі жүзеге асырады, оның құрылтайшылары үш министрлік
(өнеркәсіп, ұлттық білім, ғылым және технологиялар, шағын және орта
кәсіпорындар) болып табылады.
Ұлыбританияда ҒЗТКЖ-ны бюджеттен қаржыландыру әртүрлі арналар бойынша
- әрқайсысының өз бюджетінде ғылымға қаражаты бар департаменттер, әртүрлі
мамандандырылған агенттіктер (мысалы, ғарыш) және басқа да ұйымдар
жүзеге асырады. Сондай-ақ ғылым мен технологияның аса маңызды бағыттары
бойынша жеті зерттеу кеңесі қаржыландырушы ұйымдар болып табылады.
Кеңестердің өз бюджеттері бар және қаражатты ғылыми мекемелер арасында
негізінен гранттар нысанында конкурстық негізде бөледі.
Осы елде мемлекеттік саясат нақты жобаларды бағдарламалық-нысаналы
қаржыландыру арқылы іске асырылады. LІNK бағдарламалар жүйесі өнеркәсіп
пен ғылыми-зерттеу саласы арасындағы инновациялық ынтымақтастыққа
мемлекеттік қолдау көрсетудің негізгі тетігі болып табылады.
LІNK мақсаты бәсекеге түсетін ғылыми-техникалық талдамалардың
басқарылатын бағдарламалары шеңберінде қолдау көрсету және коммерциялық
табысқа ие өнім алуға, тиімді процестерге, қызмет көрсетудің жоғары
деңгейіне бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыруға өнеркәсіп
орындарының қаражат бөлуін көтермелеу арқылы ағылшын өнеркәсібінің
бәсекеге түсу қабілетін және халықтың тұрмыс сапасын арттыру болып
табылады.
Әрбір бағдарлама шеңберінде кейіннен нарықтық өнімге айналдыруға
есептелген бәсекеге түсетін ғылыми-техникалық өнім жасауға бағытталған
бірлескен ҒЗТКЖ-лар қолдау табады. LІNK шеңберінде субсидия бөлінетін
жұмыстардың нәтижелеріне коммерциялық сипат беруге өз қаражатын салуға
дайын өнеркәсіп орындары тиісті бағдарламалар шеңберінде қосымша
қолдауға ие бола алады. LІNK бағдарламалары бойынша жобаларды қаржыландыру
үлестік негізде жүзеге асырылады. Қаражаттың 50 процентке дейінгі мөлшерін
үкімет департаменттері мен ғылыми кеңестер бөледі. Жобалардың
көпшілігінің салааралық сипатына байланысты әдетте бірнеше департамент
пен ғылыми кеңес белгілі бір бағдарламаны қаржыландыру үшін бірігеді.
Қаражаттың қалған бөлігін өнеркәсіп тарапындағы әріптестер қамтамасыз
етеді. Ғылыми мекемелерге барлық шығындар төленеді.
Германияда федеральдық бюджеттен жобаларды тікелей қаржылық қолдау
федеральдық Білім, ғылым, зерттеулер және технология министрлігі (ВМВF)
мақсатты бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылады.
Тұтастай алғанда, таңдаулы салалардағы отандық ғылым мин техниканы
әлемдік деңгейге дейін көтеру мақсаты бар ел үшін ерекше мәні бар
зерттеулер мен әзірлеуді алады. Артықшылық қаржыландыруда жеке капиталды да
талап ететін байсалды шығыстарды талап ететін біраз тәуекелмен орайласқан
ұзақ мерзімді сипаты бар НИОКР-ға артықшылық беріледі. Бұған мәселен,
критикалық технологиялар саласындағы салааралық әзірлеулер жатады.
НИОКР-ды бағдарламалық-мақсатты қаржыландырудың базалық принциптері:
- бағдарлама мазмұны дәл айқындалу тиіс;
- қаржылық қолдау бір рет көрсетіледі;
- нәтижелер ашық сипатта болуы тиіс.
Нидерландыда инновациялық жобаларды жүзеге асыруда кәсіпорынды
мемлекеттік қолдау шараларын оның SENTER агенттігі арқылы Экономика
министрлігі өткізеді. Жыл ішінде SENTER арқылы 400 млн. долларға тең сома
өтеді. Бұл қаражат энергия үнемдеу және қоршаған ортан қорғау саласындағы
мемлекеттік бағдарламалар, экспортты дамытуға бағытталған жобалар, сондай-
ақ шағын және орта кәсіпорындар орындайтын жекелеген жобалар шеңберінде
зенттеулер мен әзірлемелерді қаржыландыратын болады.
Қазақстан үшін инновациялық процесстерді қолдау жөніндегі нақты іс-
шараларды жүргізу кезінде ЕО мемлекеттік органдары басшылыққа алатын және
олардың тетіктерін іске асыру үшін пайдаланылатын қағидаттар біраз
қызығушылық білдіреді.
Ең алдымен бұл, инновациялар саласындағы мемлекеттің негізгі міндеті
ғылыми-техникалық (білімді жеткізуші) және өнеркәсіп (пайдаланушы)
салаларының арасындағы алшақтықты жоюмен байланысты.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде бұл алшақтық инновациялық
процеске қатысушылар - әлеуетті әріптестер экономиканың әртүрлі салаларына
жататынына байланысты. Ғылыми мекемелер мемлекеттік салаға жатады және
олардың жұмыстары (келісім-шарттыларды қоспағанда) бюджеттен
қаржыландырылады. Өнеркәсіптік кәсіпорындар жеке және корпорациялық
капиталға жатады. Мемлекет нарықтағы қалыптасқан қатынастарды бұзбастан
оларға тікелей қолдау көрсету мүмкіндігінен айрылған.
Бұл жағдайларда, мемлекет екі саланың ұйымдары, мәселен, мемлекеттік
саладан әріптеске мемлекеттік тапсырыс (ғылыми мекемеге) ЕО елдерінде
табылған орындалатын басымды бірлескен жобаларды қаржыландыру өте пайдалы,
яғни әдейі жалпыға қол жеткізілімді ғылыми-техникалық өнімді алуды төлейді.
Қазақстан үшін АҚШ пен Жапонияда қалыптасқан ғылымды қаржыландырудың
жүйесі де қызығушылық туғызады. Бұл елдерде, еуроп елдеріне қарағанда
көптеген салаларды дамыту үшін тірек болып табылатын сол жұмыстар ғана
басымдықпен қаржыландырылады. Мұндай тәсіл қаржының шашылуынан жалтаруға,
негізгі бағыттарда жоғырлануға және салыстырмалы қысқа мерзімде біраз
нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, ғылыми-техникалық процеске инвестициялар
экономиканың тиімділігін арттыратындығы Латын Америкасы мен Оңтүсік Шығыс
Азия елдерінің даму қарқынын салыстыру көз жеткізеді. Латын Америкасы
елдерінде ғылымға шығыстар, әдетте, ІЖӨ-нің 1 % азырағын құрайды. Сонымен
бірге, НИОКР-ды ынталандырудың мемлекеттік саясаты нәтижесінде Оңтүстік
Шығыс Азияның жекелеген елдері қандай-да бір сәтте тіптен осы көрсеткіш
бойынша АҚШ мен Германияны да қуып жетіп ІЖӨ-нің 2%-не дейін ғылымға жіберу
мүмкіндігін алды. Осының нәтижесінде Малайзия микропроцессорлар нарқында,
Сингапур - бағдарламалық қамтамасыз ету мен биотехнологиялар нарқында,
Тайвань - персональдық компьтерлердің өндірісінде, Оңтүстік Корея
-тұрмыстық электроникада өз орнын алды.

Салық саясаты.
Ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жанам реттеудің негізгі
құрылымдарының бірі ынталандыратын салық жүйесін қалыптастыру болып
табылады.
Экономикалық дамыған елдерде мынадай салық жеңілдітері көп
қолданылады:
жаңа жабдыққа және құрылысқа капитал салулардың мөлшерінде пайдаға
шегерімдер;
НИОКР-ға шығыстар мөлшерінде пайдаға салықтан шегерімдер;
әдетте ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын жабдықтың жекелеген
түрлеріне шығыстарды ағымдағы шығындарға жатқызу;
пайда қоры есебінен салық салынбаған арнайы мақсаттағы қорларды құру;
төмендетілген ставкалар бойынша пайдаға салық салу (шағын кәсіпорындар
үшін).
Капиталдық салымдарға салық жеңілдіктері көбінесе “инвестициялық салық
кредиті” түрінде беріледі. Әдетте, бұл жеңілдік жаңа техниканы, жабдықты,
технологияларды және т.б енгізуге инвестицияларды бағыттайтын компанияларға
беріледі. Бұл шегерім компанияның пайдасына есептелген салық сомасынан
(салықтар сомасынан шегерілетін кәдімгі шегерімдердан ерекшелігі)
шегеріледі (несиеленеді).
Инвестициялық салық шегерімі пайдалануға жаңа техниканы енгізгеннен
кейін ғана беріледі. Салық шегерімін алуға құқық компанияға автоматты түрде
басталады, оны дәлелдеудің және негіздеудің қажеті жоқ, өйткені заңдармен
бекітілген.
Шегерім мөлшері енгізілетін техниканың құнынан процентте белгіленеді
және мынаны құрайды: Жапонияда 53% (электрондық техника мен жабдық үшін),
Ұлыбританияда 50% (жаңа техниканы, технологияны және т.б пайдаланудың
бірінші жылы үшін), Канадада 10-15% (компанияның орналасқан аумағына
байланысты - елдің игерілген және игерілмеген аудандары) және Ирландияда
100%. АҚШ-та инвестицияларға салық шегерімі энергетикалық жабдық үшін ғана
қолданылады.
Шетелде НИОКР-ға шегерімдер көбінесе осы мақсатқа компаниялардың
шығыстарынан шегерімдер түрінде беріледі. Салық шегерімдерінің екі -
көлемді және өсімді түрі бар. Көлемді шегерім шығыстардың пропорциялық
мөлшеріне жеңілдік береді. Мәселен, мысалы, АҚШ-та, Ұлыбританияда,
Канадада, Бельгияда, Швецияда, Италияда НИОКР-ға шығыстардың 100%
компаниялардың салық салынатын кірістерінен шегеріледі, Австралияда (жеке
компаниялар) - 150%. Нидерланды, Норвегия, Австрия, Малайзия сияқты
бірқатар елдерде энергетика саласының кәсіпорындары салық салуға дейін
пайдадан НИОКР-ға шығыстарды болдырмайды.
Өсімді салық жеңілдігі базалық жылдың немесе қандай-да кезең үшін
орташа деңгейімен салыстыру бойынша НИОКР-ға шығындың ұлғаюына компания қол
жеткізгеннен ескеріп айқындалады. Бұл шегерім аталған шығыстар
жүргзілігеннен кейін ғана қолданылады. Ең шекті шегерім - 50% Францияда
орын алады, бірақ ол жылына 5 млн. франктен асуы мүмкін емес. Канадада, АҚШ-
та, Жапонияда және Тайваньда ол 20% құрайды. Алайда мұнда бірқатар
шектеулер бар. Мысалы, АҚШ-та НИОКР-ға шығыстардың өсуіне салық шегерімі
жаңа өнім жасауға немесе жаңа технологиялық процестерді әзірлеуге
бағытталған НИОКР-дың сол шығыстарына ғана қолданылады және сонымен бір
уақытта түрлендірудің косметикалық, маусымдық және өзге де өнімнің тұрпаты
мен түрінің өзгеруімен байланысты шығыстарға таралады.
Бұдан өзге, осы жеңілдіктерге лимит белгіленген - НИОКР-ға қосымша
шығыстар (жеңілдік таралатын) белгілі кезеңге базистік шығыстардың
сомасынан 50% аспауы тиіс. Канадада жеңілдік мөлшері жетуге жолы қиын және
экономикалық жағынан дамымаған аудандардың жағдайлары үшін 30%-ке дейін
ұлғаяды. Жапония мен Таваньда 20% шегерім НИОКР-ға шығыстардың неғұрлым қол
жеткізілген деңгейімен салыстырғанда НИОКР-ға шығыстардың өсу сомасынан
есептеледі, шектеу бар - осы жеңілдік компанияның жалпы салық
міндеттемелерінің 10% аспауы тиіс.
Кейбір шетелдік елдер шығыстардың әртүрлі түрлеріне қатысты салық
шегерімдерінің екі - көлемді және өсімді түрін де бірдей пайдаланады.
Мәселен, АҚШ-та жалпы өсімдік шегерім іргелі зерттеулерді қаржыландыруға
жеке сектордың шығыстары үшін 20% мөлшерінде көлемдімен толықтырылған.
НИОКР-ға шегерімдер бойынша салықтарды есептен шығару мөлшерінің шекті
мөлшерін белгілеу практикасы да бар. Жапония мен Оңтүстік Кореяда ол
корпорациялық салық сомасынан 10% аспауы тиіс. Ал Канадада, Испанияда және
Тайваньда шекті мөлшері біраз жоғары - тиісінше 75. 35 және 50%. Ал
Австралияда, Францияда, Италияда және Нидерландыда салық шегерімінің құндық
шегі белгіленген.
Пайдаға салық төлеуден уақытша босату немесе оны ішінара кеміту
(“салық каникулдары”) Францияда қолданылады және олар төлейтін табыс
салығының 50%-не олардың қызметіне алғашқы бес жылға кемумен қайта құрылған
шағын және орта фирмаларға (оның ішінде ғылыми-зерттеу) таралады.
Ұлыбританияда бастау алатын инновациялық компаниялар үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Батыс Қазақстан өңірлернің инновациялық қызметін талдау
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері
Қазақстандағы венчурлық бизнес
Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық талдау
Кәсіпкерлік қызметтегі инновацияны басқару
Инновациялық гранттардың қаражаттары
Инновациялық инфрақұрылым элементтерін құру
Қазақстан экономикасын дамытуға қажетті экономикалық ортаны қалыптастыру
Пәндер