Қонақ үй бизнесі туралы


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Қонақжайлылық индустриясының кәсіпорындарын басқару . . . 4

  1. Қонақүй функциялары
  2. Қонақүйдің қызмет бөлімдері және олардың сипаттамасы
  3. Қонақүйдің басқару құрылымы

Қорытынды . . . 9

Қолданылған әдебиет . . . 10

Кіріспе

Бүгінгі таңда қонақжайлылық индустриясы экономикамыздың дамуының әлуетті және болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Ал туризм болса, әлеуметтік -тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1\10 бөлігін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде әрбір он бесінші қызметкер қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді . Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен жеті проценті, салық түсімдерінің бес проценті, тұтынушы шығындарының он бір проценті келеді. бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының, оның ішінде, қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп, халықтың танымдық деңгейін көтереді.

Қазақстанның туризм саласында келесідей қайта құрулар орын алды: туристік қызметтердің жалпы көлемінде ішкі туризм көрсеткіштері өсуде, келу туризмінің көрсеткіштер динамикасы жыл сайын артуда, кету туризмінің көрсеткіштерінің үлесі тұрақталуда.

Қазақстандық туризмнің стратегиялық міндеті-туристік қызметтердің жалпы көлемінде келу туризмінің үлесін арттыру.

Қонақ үй бизнесі Қазақстанда нарықтық қатаынастарды қалыптастыруда жетекші салалардың біріне айналып отыр. Экономикалық қызметтің сферасы ретінде қонақ үй бизнесі қаржылық ауытқуларға шалдығуда. Қонақ үй каәсіпорындары қазіргі кезде қонақ үй қызметтеріне қалыптасқан өзгерістерді жете түсіну үшін бұл ауытқуларды ескеруі қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты-қазіргі кезде қонақ үй бизнесінде кездесетін проблемаларды анықтап, оларды ұтымды шешу жолдарын табу арқылы қонакқ үй кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.

Атаулы қойылған мақсаттан мақсаттан келесі міндеттер анықталады:

  • экомика саласы ретінде қонақ үй бизнесінің мәнін және ерекшеліктерін анықтау;
  • қонақ үй кәсіпорындарының бәсекелестікке қабілеттілігін және оны анықтайтын факторларды анықтау;
  • қонақ үй кәсіпорнының ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау;
  • қонақ үй кәсіпорны ұсынатын қызмет жиынтығының ерекшеліктерін зерттеу;
  • ұтымды технологиялар мен маркетингтің тиімді құралдарын пайдалану арқылы кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолдары.

Берілген жұмыста орналастыру құралдары мен нөмірлердің негізгі жіктелімі, Қазақстандағы қонақ үй шаруашылығының даму эволюциясы, қонақ үй бизнесіні қазіргі жағдайы туралы мәліметтер көрсетілген. “Қазақстан” қонақ үйі мысалында басқару құрылымы немесе қонақ үйдің негізгі қызметтеріне сипаттамалар келтірілген. Сонымен бірге қонақ үйдің экономикалық, соның ішінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін көрсететін нөмірлер жүктемесі, табыс, пайда, шығындар, рентабельділік сияқты көрсеткіштер көрсетілген.

“Қазақстан” қонақ үйінің тұтынушылары зерттеліп, олардың негізгі сұранымдары анықталды.

Қазіргі нарықта бәсекелестіктің өршелене түсуі жағдайында бәсекелестердің қызметіне талдау жасау маңызды орынға ие болады, яғни өзінің қызметін негізгі бәсекелестер қызметтерімен салыстырып отырып, артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтауға болады.

Артықшылықтар мен кемшіліктерді ескере отырып қонақ үйдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында, кіршіксіз беделді қалыптастыруда, басқаруды ұйымдастыруды жетілдіруде маңызды аспект ретінде менеджмент және маркетинг құралдарын пайдалану ұсыныстары жасалынған.

1. Қонақжайлылық индустриясының кәсіпорындарын басқару

1. 1 Қонақүй функциялары

Қонақүйдің басты функциясы - уақытша баспана ұсыну. 300-ден артық бөлмесі бар қонақүйде бұл функцияны басқарушы және қонақүйдің басты қызмет бөлімдерін басқаратын маңызды атқарушы директорлар тобы іске асырады.

Қонақүй - бұл үйлерінен тыс жүрген адамдарға қызметтер кешенін ұсынатын кәсіпорын. Бұл қызметтер кешенінің ішінде ең маңыздысы тең дәрежеде орналастыру және тамақтандыру қызметтері болып табылады.

Орналастыру қызметінің мәні, біріншіден, қолданысқа арнайы бөлімдер (қонақүй номерлері) ұсынудан, екіншіден, тікелей қонақүйдің персоналымен орындалатын қызметтер (қонақтарды қабылдау және тіркеу бойынша портье, қонақүй номерлерінің тазалығын сақтау бойынша қызметкерлер және т. с. с. ) ұсынудан көрінеді.

Орналастыру қызметінің басты элементі қонақүй номерлері болып табылады. Бұл - орналасқан қонақтардың демалуына, ұйықтауына, жұмыс істеуіне арналған көпфункционалды бөлмелер. Номерлер көбінесе кешкі немесе түнгі уақытта қолданылатындықтан, ең маңызды функция болып тыныш ұйқы мүмкіндігін қамтамасыз ету табылады.

Номерлердің басқа функцияларының маңыздылығы ең алдымен қонақүйдің ұстанған бағытына және қонақтардың қажеттілігіне байланысты. Мысалы, іскер адамдарға арналған қонақүйлерде номерлердің басты функциясы болып қонаққа жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету табылады, яғни номердің жұмыс үстелімен, телефон, факс, компьютермен және т. б. жабдықталуы қажет.

Бірақ түрлі категорияларға қарамастан, әрбір қонақүй номері келесі жиһазбен және жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс:

  • кереует;
  • бір адам есебімен орындық немесе кресло;
  • бір кереует есебімен түнгі кішігірім үстел немесе тумбочка;
  • киімге арналған шкаф;
  • ортақ жарықтандыру;
  • қоқысқа арналған себет.

Бұдан басқа әрбір номерде қонақүй жайлы ақпарат және өрт жағдайына эвакуация жоспары болуы қажет.

Қонақтарды тамақтандыру қызметі әртүрлі процестер комбинациясынан тұрады:

өндірістік - ас бөлмеде тағамдарды әзірлеу;

саудалық - пайдалануға дайын азық-түліктерді, алкогольды және алкогольсыз сусындарды сату;

сервистік - қонақтарға мейрамханаларда, кафе, барларда, қонақүй номерлерінде даяшылардың қызмет көрсетуі.

Қосымша және басқа да қызметтерге бассейн, спорт залдары, конференц-залдары, келіссөз жүргізу залдары, автомобиль прокаты, кір жуу қызметі, киім тазалау қызметі, шаштараз, массаж кабинеті және т. б. жатады.

Қазіргі уақытта қосымша қызметтер қонақүй кәсіпорнына қонақтарды тартуда маңызды орын алады. Орналастыру қызметі қонақүйдің негізгі қызметі бола отырып, қонақтармен міндетті деп пайымдалады. Басқа қонақүйлер қатарынан қандай да бір қонақүйді бөліп көрсететін қызметтер қонақтардың аса жоғары қызығушылығын тудырады. Көп жағдайда мұндай қызметтерге қосымша қызметтер жатады. Бұған көптеген әйгілі қонақүй кәсіпорындарының қызметі дәлел бола алады.

Қонақүй кәсіпорындарында орналастыру, тамақтандыру және өзге де қызметтер бір-бірін толықтырып, көп жағдайда өзара тәуелді болып табылады және қонақтар оларды біртұтас ретінде қабылдайды.

1. 2 Қонақүйдің қызмет бөлімдері және олардың сипаттамасы

Қонақүйдің қызмет бөлімдері қонақүйдің қызметімен, оның тұрған орнымен, қонақтардың ерекшеліктерімен және басқа да факторлармен белгіленеді. Ол оның әрбір қызметкеріне жүктелген, өкілеттіктер мен міндеттердің көрінісі болып табылады. Бірақ бұл кез-келген қонақүйде болатын негізгі қызмет бөлімдерін анықтауға кедергі жасамайды. Сонымен, кез-келген қонақүйде болатын қызметтер бөлімі:

  • номерлік қорды басқару қызметі;
  • әкімшілік (административтік) қызмет;
  • қоғамдық тамақтандыру қызметі;
  • коммерциялық қызмет;
  • инженерлік (техникалық) қызмет;
  • көмекші және қосымша қызметтер.

Номерлік қорды басқару қызметі - номерлерді броньдаумен, қонақүйге келіп түскен туристерді қабылдаумен, оларды тіркеумен және номерлер бойынша орналастырумен байланысты мәселелерді шешумен, сондай-ақ тур аяқталғаннан кейін үйлеріне қайтару немесе саяхат маршрутының келесі пунктіне жіберумен айналысады. Туристерге номерлерде қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, номерлердің қажетті санитарлық-гигиеналық жай-күйін және тұрғын үй жайларды қолайлық деңгейде сақтап тұрады. Қонақтарға тұрмыстық қызметтерді ұсынумен айналысады.

Қызмет құрамы:

  • номерлердің эксплуатациясы жөніндегі директор немесе менеджер;
  • қабылдау және орналастыру қызметі;
  • номерлерді жинау қызметі;
  • біріккен сервистік қызмет (швейцарлар, коридорныйлар, гардеробшылар, көлік-жай шаруашылығының қызметкерлері) ;
  • портье қызметі;
  • консьерж қызметі;
  • хат тасушылар қызметі;
  • номерлерді жинау бойынша инспектор;
  • қауіпсіздік қызметі.

Әкімшілік қызмет қонақүй кешенінің барлық қызметтерін басқаруды ұйымдастыру шараларына жауап береді; қаржылық мәселелерді, кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді; қонақүй персоналына еңбек етуге қажетті жағдайларды жасаумен және сақтаумен айналысады; белгіленген еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы және экологиялық қауіпсіздік бойынша қабылданған нормалар мен ережелердің сақталуын бақылайды.

Қызмет құрамы:

  • хатшылық (секретариат) ;
  • қаржылық қызмет;
  • кадрлық қызмет;
  • эколог;
  • өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы бойынша инспекторлар.

Қоғамдық тамақтандыру қызметі қонақтарға қонақүйдің мейрамханасында, кафе және барларында қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді; банкеттерде, презентацияларда қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

Қызмет құрамы:

  • ас бөлмелері;
  • мейрамхана;
  • дәмханалар;
  • барлар;
  • банкетинг қызметі.

Коммерциялық қызмет оперативтік және стратегиялық жоспарлау мәселелерімен айналысады. Шаруашылық және қаржылық қызметтің нәтижелерін талдайды.

Қызмет құрамы:

  • коммерциялық директор;
  • маркетинг қызметі.

Инженерлік (техникалық) қызмет кондициялау, жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің, санитарлық-техникалық жабдықтар, электротехникалық құрылғылар жүйелерінің, жөндеу және құрылыс қызметінің, теледидар және байланыс жүйелерінің функционалдауы үшін қажетті жағдайларды қалыптастырады.

Қызмет құрамы:

  • бас инженер;
  • ағымдық жөндеу қызметі;
  • территорияны көріктендіру қызметі;
  • байланыс қызметі.

Көмекші қызмет тігіншілік, кір жуу, ішкі киімдерді жуу, бөлмелерді жинау, көбейту қызметтерін, қойма қызметін және басқаларын ұсыну арқылы қонақүй кешенінің жұмыс процесін қамтамасыз етеді.

Қосымша қызмет ақылы қызметтерді ұсынады. Оның құрамына шаштараз, бассейн, сауна, солярий, аэрарий, спорттық құрылыстар және басқа да бөлімшелер кіреді.

1. 3 Қонақүйдің басқару құрылымы

Қонақүйдің басқару құрылымында келесі элементтер ерекшеленеді: басқарудың бөлімдері мен деңгейлері және байланыстар - горизонталды, вертикалды. Басқарудың бөлімдеріне құрылымдық бөлімшелер және басқарудың сәйкес функцияларын немесе олардың бөлігін орындайтын жеке мамандар (мысалы, бірнеше құрылымдық бөлімшелер қызметінің бақылауын және координациясын жүзеге асыратын менеджерлер) жатады. Басқару бөлімінің қалыптасу негізінде бөлімнің белгілі бір басқару функциясын орындауында жатыр. Бөлімдердің арасындағы қалыптасатын байланыстар горизонталды сипатта болады. Басқарудың деңгейі бұл - қонақүйді басқару жүйесіндегі белгілі бір сатыны иемденетін басқару бөлімдерінің жиынтығы. Басқару сатылары вертикалды тәуелділікте болады және бір-біріне бағынады: басқарудың жоғары сатыларының менеджерлері шешім қабылдайды, ол шешім нақтыланып төмен тұрған бөлімдерге жеткізіледі.

Әрбір қонақүйдің ұйымдық құрылымында өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, броньдау бөлімі коммерциялық бөлімнің құрамына кіруі, қорлану бөлімі қаржылық директорға, банкет қызметі коммерциялық директорға бағынуы мүмкін. Кейде шеф-повар тікелей бас директорға бағынады, ал тамақтандыру бөлімінің менеджері тек даяшыларды ғана басқара алады және т. б.

Отельдің категориясына байланысты оның құрылымында сәйкесінше бөлімшелер пайда болуы мүмкін. Мысалы, бизнес орталығы, фитнесс орталығы, дәрігер (кей жағдайда шағын поликлиника да болуы мүмкін) . Курорттық отельде “демалу бойынша директор” қызметі болады. Ағылшын отельдерінде қабылданған басқару үлгісінің ерекшелігі: қабылдау бөлімі (front office) шаруашылық бөлімнің директорына бағынады, ал қабылдау бөлімінің жеке бөлімшелері аға қызметкерлермен басқарылады, мысалы аға телефоншымен, аға жүк тасушымен, аға кассирмен, ақпарат қызметінің аға қызметкерімен, броньдау қызметінің аға қызметкерімен және т. с. с.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚОНАҚ ҮЙДІҢ ЖАЛПЫ ОРТАСЫ
Басқару функциялары - берілген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мақсатты қызметтің нақты түрлері
Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қорғау
Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылықтың дамуына шет елдік тәжірибенің әсері
Франчайзингтік қатынастарды қолданудың шетелдік тәжірибесі
Туризм саласы - кез келген саламен байланысы бар кешенді түсінік
Қонақ үй бизнесі, жүйесі
Қонақ үй индустриясының дамуы
Туристік қызметтер өндірісі мен демалыс орнының жайлылығы, қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің үйлесімділігі
Қонақ үй сервисіндегі ақпараттық ресурстар және оның қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz