Оқыту функциялары және оларды жүзеге асыру жолдарының педагогикалық негізі


Мазмұны
- Оқыту функциялары және оларды жүзеге асыру жолдарының педагогикалық негізі . . .
- Оқыту функцияларының педагогика ғылымында қарастыру жайы . . .
- Бастауыш сыныптарын оқыту функцияларын жүзеге асыру жолдары . . .
- Математика сабақтарында оқытудың дамытушылық функциясын жүзеге асыру Әдістемесі
- 3- сынып математика мазмұнын және оқыту нәтижесіне қойылатын талаптарды талдау . . .
- Математика сабақтарында оқытудың дамытушылық функциясын жүзеге асыру тәжірибесі . . .
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында "математика курсының мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетпен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделу арқылы баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру көзделген"[1, 22] . Осы мақсатқа жетудің пәрменді құралдарының бірі оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мақсат білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастауыш буынға, зор жауапкершілік жүктейді.
Адамның жеке басының дамуында, қабілеттілігін жетілдіруде білім, білік, дағды маңызды роль атқарады. Бұл психологиялық үш категорияның өзара байланысы мен олардың мән мағынасын көрсететін педагогика мен психологияда ұзақ жылдар бойғы зертеулерінің нәтижесі айқын дәлел бола алады. Іс-әрекет жасауда, білім алып, біліктілікті меңгеру үшін алдымен дағдыға үйретудің маңызы зор.
«Адамда білім туа пайда болмайды, онда белгілі бір қабілеттіліктің нышаны болуы мүмкін, сонан соң өсе келе ғана білім алуға деген құштарлық пайда болады» - деп К. Д. Ушинский орынды айтқан. [4, 52]
А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша «бала білімді тәжірибе арқылы білімді өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі - оның білімінің шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімді кешіктірмей, дер кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағымдап берумен бетін белгілеген мақсатқа қарай тузеп отыру керек». [5, 12]
Қазіргі кезде математиканы оқыту әдістемесі оқытудың көптеген жаңа технологияларын пайдалануға қолжеткізіп отыр.
Қазіргі заман педагогтарының жұмысы бала тәрбиесінің мәңгілік проблемаларын шешуге, яғни олардың оқуға ынтасыздығын өз бетімен жұмыс істей білмейтіндігін, мақсатсыздығын, логикалық ойлай алмайтындығын жоюға бағытталуы тиіс.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының базалық математикалық құзыреттілігн қалыптстырудың ерекше әдістерін ТМД елдерінің ғалымдары зерттеді. Олар оқушылардың жалпы білімдік деңгейін арттыру, математикалық дайындығын жетілдіру және оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мәселелерін шешуді әр түрлі концепциялар негізінде жүзеге асырылған. Мысалы, дамыта отырып оқыту мәселелері Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, И. С. Якиманская т. б. еңбектерінде математикалық білім берудің жеке тұлғаға бағытталған жаңа әдістемелері В. С. Аванесов, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов, т. б. ізденулерінде зерттелген.
Біздің ғылыми және кәсіби әдебиеттерге жасалған талдауымыз, қазіргі кезде математиканы оқыту әдістемесінің бағыты даму үстінде екенін көрсетті. Демек, еліміздің оқыту жүйесінің дүниежүзілік мәні бар оқытуға гуманизациялық тұрғыдан келу мәселесіне бағыт ұстанған, және оқытудың дамытушылық функциясын жүзеге асыру кезеңінде оқушыларды математика пәніне қызықтыру проблемасы өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Осыған орай дипломдық жұмысымның тақырыбы үшінші сыныпта математика сабағын оқытуда дамутушылық функциясын жүзеге асыру» деп алдым.
Оқушылардың бастауыш математикалық білім мазмұны бойынша меңгерген білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтауда соңғы кезде олардың ақыл-ой іс-әрекетін орындауға машықтандырудың әр түрлі тәсілдері математика пәні сабақтарында қолданылып жүр.
Зерттеу обьектісі: 3-сыныпта математиканы оқыту процесі.
Зерттеу пәні: 3-сынып математика оқытудың дамытушылық функциясын іске асыру әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты: 3-сынып математика сабағында оқытуда дамытушылық функцияны жүзеге асырудын жолдарын іздестіру. .
Зерттеу жұмыстың міндетті :
- оқыту функциясының педагогика ғылымында зерттелу жайымен танысу және бастауыш сыныптағы жүзеге асыру жолдарын анықтау.
- 3-сынып математикасы мазмұнын және оқыту нәтижесіне қойылатын талаптарын талдау, оқытудың дамытушылық функциясын жүзеге асыратын сабақтар жүргізу.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: математика сабақтарында дамыту функцияларын жүзеге асырудың дидактикалық және әдістемелік ерекшеліктерін зерттеу, тәрбиелік функцияны жүзеге асырудың әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің болжамы: Егер оқытудың дамыту функциясы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үдерісінде дұрыс әрі орынды жоспарланып, тиімді түрде іске асырылатын болса, онда оқушыларын теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізуіне, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулуға, оларды экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыруға, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеуге мүмкіндік туады. .
Зерттеу жұмысын жүргізуде қолданылынған әдіс-тәсілдер:
Педагогикалық әдебиеттерді талдау, жинақтау, қорыту.
Дипломдық жұмысының құрылымы: кіріспеден, қорытындыдан және 2 тармақтан тұрады.
1. Оқыту функциялары және оларды жүзеге асыру жолдарының педагогикалық негізі
- Оқыту функциясының педагогика қарастыру жолдары
Оқыту процесінде окушылардың ақыл-ойы дамыиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктері мен сипатталады; Олар:
Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны) .
Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру) .
Окушылар, сынын ұжымы (оку ісәрекеті) .
Оқыту әдістері.
Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық құралдары.
Оқыту нәтижелері.
Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғаім заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, ойы ойлау операциясы-талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау аркылы терең ұғыну қажет. Окушы ойлау операциясына сүйеніп, ез білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни окушылардың таным іс әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Іскерлік - алған білім негізінде окушылардың практикалык әрекеті іске асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек. Өлшеу сызғышын, секундометрді пайдалану үшін физика біліміне сүйену қажет.
Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекеткін машықтандыру. Мысалы, тез оку дағдысы - жүйелі турде жаттығу нәтижесі.
Сонымен, оку процесінде білімнің, іскерліктін байланысы, бірлігі окушылардың таным қабілетінің дамуына мүмкіндік тугызады.
Оқыту екі жакты процесс, онда мұғалім мен окушылардың, ынтымақтастық іс-әрекеттері жүзеге асырылады. Мұғалім окушыдарды білім алу әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Окушылар сабақта түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл оку процесі. Оку - бұл окушылар іс-әрекеттерінің яғни ерекше формасы.
Оқыту процесінің қозғаушы күштері оқытудың барысында койылатыи таным және практикалық міндеттер меи окушылардың пакты білімі мен іскерлік дәрежесі және ақыл-ой дамуының арасындағы қайшылық. Егер қойылған міндеттерді шешуге окушылардың шамасы келмесе, онда каншылық оқытудың және дамудың қозғаушы күштері бола алмайды. Қайшылык козғаушы күштері ретінде пайда болу үшін қажетті шарт, ол окушылардың ыктимал мүмкіндіктеріне сәйкес келуі кажет.
Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.
Оқытудың білім беру функциясы - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезенде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды еске алған жөн. Олар:
білімнің толыктығы - негізгі идеяларға түсіну үшін оқыту процесінің негізгі звеноларын, яғни танымдық іс-әрекетінің кезеңдерін іске асыруды қамтамасыз ету;
білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, кисынды бірізділігі;
біліммің ұғымдылығы - окушылардың өз бетімеи ізденіп, білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту;
білімнің әрекеттілігі-жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Сонымен, оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игергеп жоғары білімді адамды дайындауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет. [2, 33]
Оқытудың тәрбиелік функциясы - оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Я. А. Коменскийдің, И. Ф. Гербарттың, Ф. А. Дистервектің, Н. И. Ппроговтың және К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде мазмүндалған.
И. Ф. Гербарт оқыту адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал деп тұжырымдады.
Н. И. Ппрогов пен К. Д. Ушинский алғаш рет педагогика тарихында оқытудың тәрбиелік сипатын, оның ғылыми мазмұнына тәүелді деді.
К. Д. Ушинскийдің педагогикалық теориясында оқыту және оку тәрбиенің күдіретті құралы деп айтылғам. Тәрбиелей отырып оқыту, Ушинскийдің айтуы бойынша, дамытып оқыту, яғни адамның байкағыштығын, ойып, есін, қиялын дамыту, оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне дайындау.
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми-теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдык нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Окыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін калыптастырады.
Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие проце-сінде тығыз байланысты өткізіледі. Мысалы, әдебиет сабағын-ды «Жас гвардия» романындағы кейіпкерлердің бейнесін мұғалім мазмүндай келіп, балаларға фашизмге деген өшпенділікті адамгершілік принципі тұрғысынан түсіндіреді.
Сопымеп, оқыту окушыларды терең біліммен қаруландырады, ғылыми көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді.
Оқытудың дамыту функциясы. Белгілі психологтар Л. С. Выготский мен С. Л. Рубинштейн ұсынған түжырымдамасы бо-йышна жеке адамның дамуы тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Тәрбие мен оқыту дамуды артына салып отырады.
Оқыту дамыта және тэрбиелей отырып жеке адамның таным-қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі - шәкірттердің таным-қабілетін дамыту.
Дамытып оқыту - бұл окушылардың таным ісәрекетте барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз безмен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету Дамытып оқытудың міндеті - «Ең таяу даму зонасын» жасау.
Таным қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының (II. Дайри, Т. И. Махмутов, Л. В. Занков, М. Н. Скаткин, И. А. Лерпср, А. II. Пискунов т. б. ) тұжырымды үсыныстары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мына төмендегіге саяды:
Таным қабілетінің дамуы - бұл барлык мұғалімдердің барлык білімдер бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылык іс-әрекеті.
Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану оқулыктың ролі.
3. Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.
Теориялык дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы окушылардың таным іс-әрекетін дамытудың иісшуіпі құралдарының бірі.
3. Оқыту - танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Оку - оқыту процесіндегі окушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логпкасы оның қүрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің звенолары - танымдық іс-әрекетінің, кезецдері кіреді:
таным міндеттеріне жете түсіну;
жаңа материалды кабылдау;
ұғыну - жаңа оқу материалдарын түсініп жинактау процесі;
білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
окушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау.
Енді оқыту процесінің звеноларына тоқталайық.
Таным міндеті түсінікті болса, оны окушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір звеносына жеке-жеке дайындалады.
Қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттардың я құ-былыстардың адам санасында бейпслеу процесі. ( Сабак, үстінде окушылардың жаңа материалмеи тапысуы түйсіктсн және қа-былдаудаи басталады. Ал түйсік сапаның сырткы олеммеп бай-лаиысы. Сезім мүшелерімізғе әсер етіп, оның миымызда бейпе-леуін түйсік деп атайды.
Окушыларды жаңа материалдармен тапыстыру, бацылау, эксперимент, практикалық жұмыстар процесіпде тікслей кабылдау арқылы немесе жанама түрде мұғалімпіц сөзі, эвристикалық әцгіме, окулык арқылы іске асырылады.
Ұғыну-бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды үғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытыпды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлел-деніледі және бекітіледі. [3, 22]
Бекіту - бұл окушылардың білімді берік ұғуының тиімді тәсілі. Сабақта жада материалды алғашкы бекіту қолданылады. Өткен оқу материалын еске түсіру үшін мұғалім күнделікті кайталауды жүргізіп отырады.
Оқу бағдарламасы бойынша накты тарауларды, оқу кур-сын толық бітіргеннен кейін жинақтап қайталау басталады. Мұндай қайталау окушылардың білімін бекіту және жүйеге келтіру үшін жүргізіледі.
Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдану окушылардың өзіндік қасиетін дамытады. Окушылардың өз безмен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық және семинар сабақтары, үйрету машнналары, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.
Окушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау - бұл оқытудың кері байланыс.
Бастауыш бiлiм жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш сыныптарында немесе мектептiң өз бетiнше оқу-тәрбие берудi ұйымдастыратын бiлiм мекемесiнiң бастауыш деңгейінде оқыту мен тәрбиелеудiң өзара байланысы арқылы қамтамасыз етiледi.
Мектептiң бастауыш деңгейінде оқытудың мақсаты:
● оқытудың келесi деңгейіндегі оқу бағдарламаларын игерту мақсатында оқушылардың танымдық қабiлеттіліктерін және бiлiктіліктерін дамытуды қамтамасыз ететiн қарапайым бiлiм негiздерiн меңгерту;
● негiзгi оқу iс-әрекетi дағдыларын қалыптастыру;
● ұлттық дiлдi, елiміздiң мәдени-тарихи ерекшелiктерi мен дәстүрлерiн ескере отырып, отандық және әлемдiк мәдениеттi таныту.
Жалпы бастауыш бiлiм оқуды, жазуды, санауды, оқу әрекетiнiң негiзгi бiлiктерi мен дағдыларын, теориялық ойлаудың элементтерiн, оқу әрекеттерiне өзiндiк бақылаудың қарапайым дағдыларын, өзiн-өзi ұстау және сөйлеу мәдениетiн, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмiр салтының негiздерiн меңгертудi қамтамасыз етедi.
Мектепке дейiнгi жастағы балаларды бірінші сыныпқа қабылдауда олардың функционалдық сауаттылық негiздерiн меңгеру дәрежесiн емес, оның мектепке жалпы дайындығын тексере отырып, жоғарыда көрсетiлген мақсаттар бағдарға алынады.
Тестiлеудiң, баламен әңгiмелесудiң барлық түрлерiнiң мақсаты - алдағы оқыту үдерісіне баланың жеке даму ерекшелiктерiн ескере отырып түзетулер енгiзу.
Мұғалiм үшінші сынып оқушыларымен жұмыс барысында мектепке дейiнгi жастағы баланың жетiстiктерiнiң деңгейiн ескеруi, интенсивтi даму жағдайында жеке жұмыс жүргiзуi, мектепке дейiнгi жаста қалыптаспаған сапаларын түзету бойынша арнайы көмек жасауы тиiс.
Оқу жетiстiктерi мен даму деңгейлерi бойынша жасанды iрiктеу арқылы балаларды топтастыруға болмайды.
Үшінші сынып оқушыларында оқуға деген ынта қалыптастыру, оларға белгiлi бiр табысқа қол жеткiзетiндей жағдай жасау және оларды өзiн-өзi бақылауға дайындау мақсатында оқу жылының Үшінші жартыжылдығында ынталандырудың баға қоюды талап етпейтiн әдiстерi мен тәсiлдерi пайдаланылуы қажет. Оқушылардың мектеп талаптарына бейiмделуiн жеңiлдету мақсатында оқу жүктемесiн бiрте-бiрте өсiру арқылы сабақтардың «сатылық» режимi сақталады. Сабақтар арасындағы үзiлiстердiң ұзақтығы оқушылардың белсендi демалыс және ыстық тамақтандыру уақытын ескере отырып белгiленедi, алайда ол 10 минуттан кем болмауы тиiс.
Бiрнеше ауысымда жұмыс iстейтiн бастауыш деңгейі бар бiлiм беру ұйымдарында Үшінші сынып оқушылары Үшінші ауысымда сағат 9. 00-ден бастап оқытылуы тиiс.
1-тоқсанда ұзақтығы 35 минуттан болатын күнiне 3 сабақ, 2-тоқсаннан бастап ұзақтығы 35 минуттан күнiне 4 сабақ өткiзiлуi тиiс.
Сабақ кестесi оқушылардың тамақтануы мен дем алуына жеткiлiктi ұзақтықтағы үзiлiс жасалатындай етiп құрылуы қажет (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 11 наурыздағы 224 қаулысы) .
Бастауыш мектептегi оқыту төмендегiлердi қамтамасыз ететiндей екi деңгейде жүргiзiледi
) оқушылардың жалпы бiлiмдiк дайындығы - ғылым негiздерiн оқыту оқу жоспарларының инвариантты бөлiгiнде белгiленген пәндер тiзiмi мен оларға арнайы бөлінген сағат көлемi негізінде жүзеге асырылады;
) оқушыларды жалпы дамыту дайындығы - қызығушылықтарына, бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай олардың шығармашылық дамуына қажеттi жағдайлар жасау.
Бастауыш бiлiм беру 2002жылы бекiтiлген Жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асады. [4, 22]
Математика пәнiн оқытудың мақсаты: математикалық бiлiм, бiлiк және дағдыларды игерту; математика курсының мазмұны арқылы баланы тұлға ретiнде қалыптастыру; танымдық iс-әрекетке, сондай-ақ өздiгiнен бiлiм алуға дайындығын қалыптастыру.
Математика пәнi бойынша оқу жүктемесiнiң көлемi 1-2 сыныптарда аптасына 4 сағатты (оқу жылында 136 сағат), 3-4 сыныптарда аптасына 5 сағатты (оқу жылында 170 сағат) құрайды.
Мектептiң бастауыш сатысында «Математика» пәнi бойынша базалық бiлiм мазмұны: 1) терiс емес бүтiн сандардың арифметикасы; 2) алгебра элементтерi; 3) геометрия элементтерi блоктарынан тұрады.
Әрбiр жаңа ұғымды енгiзгенде оның маңызы мен мазмұнын ашып-көрсетуге мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр iс-әрекет (практикалық жұмыс, есеп шығару) жүзеге асырылып отырады. Осы мақсатта бастауыш математикалық бiлiм мазмұнында мәтiндi есептер жүйесi қамтылды. Есеп шығарудың әртүрлi тәсiлдерiмен таныстыру - олардың ең тиiмдiлерiн оқушылардың өздерi өз беттерiмен iздестiрулерiне жағдай жасайды.
Математиканы оқытуда жинақталған бiлiмдi, бiлiктердi өзгертiлген жағдайда қолдана алу маңызды рөл атқарады. Ол үшiн тапсырмалар жүйесi алдымен жеңiлдеулерiн, одан кейiн бiртiндеп құрделiлерiн орындауда оқушылар сәйкес бiлiм мен бiлiктердi меңгеретiндей, оларды есеп шығаруға жаттықтыратындай етiп құрылуы қажет. Сонымен бiрге оқушылардың өз ұсыныстарын негiздеуiне, өз ойларын дәл, түсiнiктi және тиянақты етiп жеткiзе алуына үлкен мән берiлуi тиіс.
Мәтiндi есептердi шығаруда белгiлілер мен белгiсiздердi салыстыра отырып, оқушылар олардың арасындағы негiзгi байланысты түсiнулерi және оны математикалық қатынастар тiлiне ауыстыра алулары, есептердiң шығарылуын математика тiлiнде рәсiмдей алулары қажет.
Периметр, аудан және көлем жөнiндегi геометриялық материалдарды оқып-үйренуде сандық және құрамында бiр ғана әрпi бар әрiптi өрнектердi құруға, оқуға, түрлендiруге, есептеуге қатысты бiлiктер мен дағдылар белсендi пайдаланылады. Бұл алгебра мен геометрия элементтерiнiң арифметикалық материалдармен табиғи бiрлiгiн тиiмдi жүзеге асыру жолдарының бiрi болып табылады.
Негiзгi бақылау объектiлерi:
- 1 000 000 көлемiндегi сандарды оқу, жазу, және салыстыру;
- жазбаша амалдарды орындау (көп таңбалы сандарды бiр және екi таңбалы сандарға қосу және азайту, көбейту мен бөлу) ;
- жүз көлемiндегi сандарды қалдықпен бөлу;
- 2-3 амалдан тұратын санды өрнектiң мәнiн табу (жақшалы және жақшасыз) ;
- арифметикалық тәсiлмен мазмұнды есептердi шешу;
- тiктөртбұрыштың (шаршының ) периметрi мен ауданын есептеу.
Оқыту - қоғамдық құбылыс. Оның міндеттері мен мақсаттары және мазмұны қоғам қажеттеріне байланысты өзгеріп отырады. Жастарға берілетін білім мазмұны мен тәсілдерін белгілеуде шешуші роль атқаратын нәрсе - жеке баланың мүддесі емес, қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктер.
Оқыту тәрбиенің басты құралы болып табылады. Оқыту арқылы жастарға біліммен қатар, белгілі бағытта тәрбие де беріледі. Оқытудан тыс балалар мен жас өспірімдердің жан-жақты дамуы мүмкін емес. Оқыту процесінде балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, олардың рухани дамуын жетілдіру - мұғалімдердің басты міндеттерінің бірі.
Оқытудың тәрбиелік сипатын күшейту, ең алдымен, оны өмірмен, еңбекпен ойдағыдай байланыстыруды керек етеді. Оқу - бала үшін еңбек, оның тәрбиелік мәні зор. Ол баланы жүйелі түрде ой еңбегімен шұғылдануға дағдыландырып, оның жігері мен мінезін тәрбиелейді. Оқыту барысында ғылым негіздерін оқып үйрену, ғылымның тарихымен және оның әдістерімен, ұлы ғалымдардың өмірімен және қызметімен танысу, мұғалімнің білімі, мәдени дәрежесінің жоғары болуы оқушыларға тәрбиелік жағынан үлкен ықпал етеді. [9, 7]
Оқыту - таным процесі. Өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай жүгіріп отырады. Оқытудағы міндет - оқушыны табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы және негізгі заңдарымен қаруландыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz