Банкті ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Банкті ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу (меншік түрі, лицензиясының болуы, ұйымдастыру құрылымы мен көрсетілетін қызмет түрлері бойынша есеп саясаты) . . . 5
- Банк ресурстары мен кредиттік потенциалын зерттеу . . . 9
- Коммерциялық банктерде кредиттік процесті ұйымдастырумен танысу . . . 11
- Банктің әртүрлі бөлімдерінің қызметтерін зерттеу: . . . 13клиентпен жұмыс жасау бөлімі (депозиттік операциялар бөлімі) . . . 15Қазақстан «Халық Банкі» АҚ ақша аударымдары мен карточкалық қызметі . . . 19
- Шағын және орта бизнеске берілетін несиелу түрлері және жүргізілуі саясаттары . . . 21
- Банк тәжірибесіндегі тәуекелдерді зерттеу . . . 33
- Өтімділік пен төлемқабылеттілікті анықтау . . . 38
- Банктік менеджмент. Банктік маркетинг . . . 44
Қорытынды . . . 50
Пайдаланған әдебиеттер . . . 52
Қосымшалар
Кіріспе
Коммерциялық банктердің басқа шаруашылық жүргізуші субъектілері сияқты өзінің коммерциялық қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру үшін, белгілі бір қаражат суммасы, яғни ресурстық базасы болуы шарт.
Қазіргі таңда екінші деңгейлі банктердің негізгі мынадай талаптарды орындау қажет:
А) тәуекелді төмендете отырып капиталды көбейту;
В) мемлекеттік бекіткен нормативтерді ұстану;
С) неғұрлым көп клиент тару;
D) өз міндеттемелерін орындау;
E) несиеге сұранысты қанағаттандыру
міндетті және бірінші талаптарының бірі болып отыр.
Қазіргі таңда ресурсты қалыптастыру және оны орналастырудың өзі маңызыды проблемалардың бірі болып келеді. Сондықтан екінші деңгейлі банктердің жүйесі құрылуына байлансты банктік ресурстары көп жағдайда өзгерістерге ұшырап отыр. Негізінен ең бірінші болып банктік ресурстарға жалпы мемлекеттің қоры тартылды, яғни мемлекеттік қор тартылғандықтан оның қызмет ету сферасы бірінші деңгейлі банкке бағытталады; ал екіншіден айта кететін болса түрлі нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдардың құрылуы уақытша бос ақша қаражаттары бар жаңа меншік нысандарын қалыптасқанын көрсетеді. Яғни бұл ақша қатынастары жүйесіне кіретін несие ресурстары нарғының құрылуына бірден бір себепші болатыны белгілі. Сонымен қатар, активті операцияларының объектілерімен анықталатын банк қызметінің масштабы, ресурстар көлемі жиынтығынан және ресурстарды таратуда банктер арасында бәсекелестікті тудыратын және тартылған ресурстардан тәуелді қылатыны белгілі болды.
Корпоративті басқарудың кемшіліктерін, менеджементтің сапасын ескерсек, коммерциялық банктердің қазіргі таңдағы жағдайын ескеретін болсақ, ол нарықтың ішкі және сыртқы қауіптерінің көрінен болып отыр. Сондықтан банк нарығы ішкі және сыртқы қауіптерден тыс дами алмай отқаны белгілі болды. Сондықтан Ішкі нарықты кеңейту үшін мынадай шарттарды орындауы қаже: ондағы тәуекелдерді төмендету; халықтың төлем қабілеттігін арттыру; нарықты сыртқы қауіптерден, яғни мұнай, және де тағыда басқадай шикізат бағаларының өзгеру салдарынан қорғау бойынша шаралардан қорғануы қажет. Мұндай шаралардың бірі экономиканы әртараптандыру және жаңғырту болып табылады. Сондықтан мәселелердің барлығы банкті басқаруда қаржыларды зерттеудің маңыздылығын арттыра түсті. Сол себепті де, болашақ маман ретінде осы мәселелерді терең зерттеу мақсатында мамандық бойынша диплом жұмысын қорғау алдындағы тәжірбиесін -«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да өттім.
Мамандық бойынша диплом жұмысына қорғау алдындағы тәжірбиесі - оқу процесінің ажырағысыз бөлігі болып табылады.
Өндірістік тәжірбиенің негізгі мақсаты:
диплом жұмысының тақырыбы бойынша қажетті бірқатар кәсіптік жұмыстарды орындау мен мәліметтерді жинақтау;
алынған теориялық білімді тәжірбие жүзінде қолдану, тереңдету;
тәжірбиелік жұмыс әдістері мен дағдыларына үйрену;
мамандық бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу және бейімделу;
кәсіпорын қызметімен танысу болып негізгі өндірістік тәжірибенің мақсаттарының бірі болып отыр және де бұ мақсаттар ешқандай кедергісіз жүзеге асырылды.
Ал өндірістік тәжірбиенің міндетті болып мыналар болып табылады:
алған теориялық білімге сүйене отырып, өндірістік тәжірбиені өту барысында болатын жайттарды, яғни болашақ маман ретінде банк саласында болып жатқан және болуы мүмкін қызмет түрлерін қарастыруға және зерттеуге тырысу болды.
- Банкті ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу (меншік түрі, лицензиясының болуы, ұйымдастыру құрылымы мен көрсетілген қызмет түрлері бойынша есеп саясаты)
Банктер - жаңа ақшалай өндірістің құрамдас бөлігі, олардың саласы өндіріс қажеттіліктерімен тікелей байланысты. Банктер нарықтық механизмнің негізін құрайды, олардың көмегімен мемлекеттің экономикасы қызмет етеді. Коммерциялық банктер барлық ақшалай ағымдардың қозғалуын ретейді, біріншіден несиелік, қоғамда қаржылық ресурстардың мемлекеттік өндірістік саласындағы капитал ағымының рационалды түрде қамтамасыз етілуін қажет етеді. Қазіргі уақытта, ақша - несиелік жүйе Жаңа кезең банктік істе, ұйымдастыруда көптеген жаңалықтар және басқару әдістерінде ірі өзгерістермен сипатталады. Сонымен қатар, банктік саламен байланысты тәуекелдер өссе түсті. Банктің сенімді жұмысының негізгі - сапалы басқару болып табылады.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.
Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да кәсіп оырндар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрстеудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинаұ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етіледі.
Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі - натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді.
Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322, 7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдары аралығында 1, 8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті. Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44, 1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар обылыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы, 1986ж. )
60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Соынмен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылары мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады.
Жинақ жүйеснің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақстақа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл осы жылдары халық шаруашылығына несие беруге күрделі капитал қаражаты жіберіді, ал оның негізгі көзін тұрығындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.
1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, хилыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендік қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды - дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашықы қадамы болған еді. Мемлекттік тәуелсіздігімен ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оынң заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды.
Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк башылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.
1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан №644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізіледі.
2001 жыдың қараша айында өткен сауда-саттық аукциондық Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33, 33%-ды құрайтын акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.
Халық Банкінің бүгінгі тарихы - бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектірін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін - зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.
2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.
Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар рыногының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің жалпы шығарылған карточкаларының саны 2, 7 млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 40 пайыздан асады.
(1 қосымшадан қараңыз) Банк операцияларын жүргізуге берілген №10, 2008 жылғы 6 тамыздағы Бас лицензиясы.
- Банк ресурстары мен кредиттік потенциалын зерттеу
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялары негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе коммисиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Сызба-1 банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады
Қайнар көзі: «Коммерциялық Банктердің операциялары» Мақыш С. Б. «Издат Маркетинг» баспасы, Алматы, 2004 ж
Шикізат қорларының жəне жалпы сұранысқа ие тауарлардың экспорт-импортымен айналысатын кəсіпорындарға коммерциялық несие беру - Банк бизнесінің негізі болып табылады. Өзгермелі экономикалық жағдай мен нарық жағдаяты Банк алдына отандық өндірісті кең ауқымда дамытып, Қазақстанда қаржы нарығының инфрақұрылымдарын одан əрі қалыптастыру қажеттігін қойып отыр. Табысты қаржылық қызмет пен ірі корпоративтік клиенттер қатарын (мұнай, металлургия, құрылыс жəне т. б. ) тартуға қатысты жүргізіліп жатқан белсенді жұмыстары нəтижесінде Банк еліміздің капиталдандыру саласындағы ірі банктердің ондығына еніп отыр, жəне активтерінің көлемі бойынша №1 банк болып табылады. Қазақстандағы жəне бүкіл əлемдегі экономикалық жағдайдың күтіліп отырған өзгерісіне байланысты Банк менеджменті Банктің тұрақты қаржылық жағдайын қамтамасыз ету жəне одан əрі даму жолдарын іздестіруге бағытталған Қайта капиталдандыру жəне қызметті жақсарту жоспарын əзірледі.
Банк ресурсы банктің пассивтік операцияларды жүргізуінің нәтижесінде пайда болады әрі банктегі баланстың пассивінде көрініс табады. Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады, яғни табыс алу мақсатында жұмылдырылған ресрустарды орналастырады.
Пассивтік және активтік операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.
Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің салм ақшалары жатады. Алайда, бөтен капиталды тарту үшін банктердің өзіндік капиталы болуы керек. Бұл қиын сәттерде несие берушінің сенімді болуы үшін қажет.
- Коммерциалық банктерде кредиттік процесті ұйымдастырумен танысу
Коммерциялық банктердің дәстүрлі-базалық қызметі экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл банк қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар- бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Бантің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассивтер банк қарыз алушы ролінде ал клиенттер несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: арыздық және депозиттер.
Коммерциялық банктің несие операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімі бойынша- қысқа мерзімді(1 жыл), орта мерзімді (1-5 жыл), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) ; қамтамасыз ету түрлері бойынша - қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген; банктің роліне байланысты - активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына қарай- негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздар.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттердің өзара қатынастары өарыз берудің негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады.
Корпоративтік клиенттерге кредит беру шеңберінде айналым капиталын қаржыландыру, сатып алуды қаржыландыру немесе негізгі қаражатты модернизациялау, инвестициялық салымдарды қолданыстағы бизнестің дамуын қаржыландыру, жобалық қаржыландыру, қайта қаржыландыру жүзеге асырылады. Заемшыларға банктік заемдар, овердрафттар, аккредитивтер, кепілдікер секілді кең көлемді қаржылық құралдар түрін пайдалану мүмкіндігі беріледі. Қаржыландыру лимиті 5 АҚШ долларына дейін.
Корпоративтік клиенттерге кредит беру артықшылықтары:
- Кередиттік өтінімді жедел қарастыру;
- Берілетін қаржыландырудың құны мен мерзіміне қатысты жеке көзқарас;
- Астаналық және өңірлік компанияларды қаржыландыру;
- Сыйақы мөлшерлемесінің жылдығы 17-24%
- Қаржыландыру мерзімі- айдан 10 жылға дейін.
«Қазақстан Халық Банк» АҚ бөлшек бизнестің қаржы рыногында, Қазақстан Республикасының барлық аумақтарына қаржы өнімдері мен қызметтерінің кең спектрін ұсынатын ірі әмбебап банк ретінде танылып отыр. Олардың құрамында - дәстүрлі депозиттер, тұтынушылық, ипотекалық және автокредиттер беру, төлем карточкалары бойынша қызмет көрсетуі және т. б. Бұл банктің бөлшек бизнесінің стратегиялық қызметін көрсетеді, оның ең негізгі элементтерінің бірі өз клиенттеріне жоғары сапалы қаржы қызметтерін ұсынатын, қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттары енгізілген, елдің барлық аймақтарында бөлімше орталықтардың желісін құру болып табылады. Қазіргі таңда банктің барлық филиалдарында банктік өнімдердің қатары бір ізге салынған және бірегей, бәсекеге қабілетті тарифтер енгізілген. 2014 жылғы құрылтайшылар құрамындағы өзгерістер нәтижесі бойынша «Қазақстан Халық Банк» АҚ өз клиенттеріне ең жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсету сапасын ұсыну мүмкіндігіне ие болып, қолданыстағы өнімдер мен қызметтердің еуропалық сапа деңгейіне сәйкес болуын жетілдіру бойынша үнемі жұмыс жүргізіп отырады. 2014 жылы банк жеке тұлғаларға кредит беру бағдарламасын жетілдіруді одан әрі жалғастырды.
Қазіргі таңда Банк жеке тұлғаларға кредит беруді келесі мақсаттарда жүзеге асырады:
• жылжымайтын мүлік сатып алуға;
• тұтынушылық мақсатта;
Сонымен қатар: автокөлік сатып алу, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар, оқу, емделу, салтанаттар өткізу, демалу, жөндеу жұмыстары және басқа мақсаттарға. Халықтың заем алуға оңай қол жеткізуі үшін, Банк сыйақы мөлшерлемесін төмендетуге және халық заемдары бойынша кредит беру мерзімін ұзартуға мақсатты түрде бағытталған саясат жүргізуде, бұл жалпы тұтынушылық заемдар рыногында жүзеге асырылуда.
Шағын және орта бизнес. Банктің 2014 жылы, өткен жылдардағыдай негізгі міндеттерінің бірі - Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнеске (ШОБ) кредит беруді одан әрі дамыту, атап айтқанда, кредит беру тәртібін қарастыру, бекіту және беру тәртібін жеңілдету, шешім қабылдаудың көп деңгейлі жүйесін құру, жедел шешім қабылдауды жетілдіру және несие қоржынын басқарудың сапасын арттыру. Банк Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі желісі бойынша, Қазақстандағы шағын бизнес бағдарламасы аясында кредит беруді жалғастыруда. Банктік қызметтер көрсету рыногындағы талаптардың қарқынды өсуіне байланысты, Банктің клиенттеріне ұсынатын қаржы өнімдерінің тізімі де өсті, олар: коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алуға кредит беру, автокөлік сатып алуға кредит беру, табысты растаусыз жедел кредиттер беру, ақша қаражаты кепілімен кредит беру, франшиза сатып алуға кредит беру, факторинг операцияларына кредит беру, банктік кепілдіктері мен аккредитивтерді шығару бойынша қызметтер.
- Банктің әртүрлі бөлімдерінің қызметтерін зерттеу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz