Монетарлық саясат


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу - сатудың нақты обьектісі - ақшаның рөлін арттыруды шұғыл қажет етеді. Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы экономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта, ақша нарығының құрылуын талап етті.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге ақша нарығының құрылуын талап етті.
Қай нарық болмасын, барлық нарықтарда мәселелер толып жатыр. Бұл мәселер бір бірімен тығыз байланыста болады. Сонымен ақша нарығының қалыптасу мәселері инфлияция, қысқа мерзімдегі несие құралдары, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды алу және сату, ақшаның сұранысы мен ұсынысы, ақша базасының жағдайы, ақша саясатының құралдары және тағы басқа мәселелерден туындайды.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан - кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ - тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды [1] .
Қазақстан үшін монеталандырудың оңтайлы деңгейі қандай болуы тиіс екенін айқындау осы көрсеткіш әрбір ел үшін көптеген макроэкономикалық факторларға, оның ішінде, экономиканың даму деңгейіне қатысты өзгеріп отыратындықтан өте күрделі. Алайда, осы көрсеткіштің 2000 жылдың басынан бергі 12, 2%-дан 2005 жылғы 27, 2%-ға дейін біртіндеп өсуі экономикалық даму деңгейінің көтерілуі туралы айтса, 2007 жылдың ортасында 39, 4% -ға дейін күрт өсу жинақталып жатқан тәуекелдер туралы белгі берді. Сондай-ақ, ақша-кредит саясатының қатаңдатылғанына және айықтыру операциялары көлемінің ұлғаюына қарамастан, бағалар деңгейінің көтерілуін тоқтату мүмкін болмады. Сонымен қатар, инфляцияның жоғары деңгейінің негізгі факторлары 2007 жылы монетарлық емес және сыртқы күйзелістерге байланысты болды.
2012-2014 жылдардағы артық өтімділікті алу жөнінде Ұлттық Банк қабылдайтын шаралардың ақша ұсынысының өсуін барынша тиімді бәсеңдеткеніне қарамастан, ең төменгі резервтік талаптардың (ЕТРТ) нормативтері дифференциациясының және олардың біртіндеп көтерілуінің, сондай-ақ қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің және депозиттер бойынша мөлшерлемелердің көтерілуінің 2005 жылдан бастап неғұрлым тұрақты әсер беруі мүмкін деген болжам жасауға болады. 2014 жылдың басынан бастап, әлемдік экономика өсу қарқынының бәсеңдегенін көрсеткен кезде, Қазақстанда ақша массасының қысқаруы тек Ұлттық Банктің белсенді қатысуы нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар, кредиттеу қарқынының ескі кредиттерді өтеумен және үмітсіз борыштарды есептен шығарумен қоса жүрген қысқаруы да ақша массасының сығымдалуына алып келді.
Бірақ Ұлттық Банктің монетарлық саясаты елдегі экономикалық ахуалды үнемі айтарлықтай түзете бере алмайды - Үкіметпен бірлесе отырып іс-қимыл жасау қажет. Бюджеттік-қаржылық реттеу мемлекеттің экономикалық саясатының бөлігі ретінде мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері өлшемінің және құрылымының өзгеруі арқылы жүзеге асырылады және сондай-ақ ақша айналысына ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік даму институттары арқылы өндірістік инвестицияларды қаржыландыру ақша массасын ұлғайтудың неғұрлым шағын инфляциялық арнасы болады.
Дағдарыс қарсаңында Қазақстанның Ұлттық Банкі ҚҚА-мен бірге банк жүйесінде туындайтын тәуекелдерді азайту бойынша: несие портфелінің сапасын реттеу; ең төменгі резервтік талаптар механизмін жетілдіру; қайта қаржыландыру мөлшерлемесін және депозиттер бойынша мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен арттыру шараларын қабылдады. Осылайша, Ұлттық Банк АКС құралдарының көмегімен банк өтімділігінің бөлігін шоғырландыруға қол жеткізді. Мәселен, 2007 жылғы 1 қаңтарда ноттармен, депозиттермен, РЕПО, СВОП және ЕТРТ операцияларымен айықтырылған қаражат көлемі шамамен 1, 3 трлн. теңгені құрады.
Алайда, Ұлттық Банктің алдында инфляциялық қысымды төмендету және банк өтімділігін қолдау бойынша екі кереғар мақсат тұрған күрделі экономикалық жағдайларда ҚР ҰБ соңғысын таңдап, қысқа мерзімді ноттардың шығарылымын және депозиттерді тартуды қысқартты. Сонымен қоса, банк өтімділігін қолдау үшін Ұлттық Банк кері РЕПО операцияларының көлемін ұлғайтты; шетел валютасын және ҚР ҰБ-дағы банктердің корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарды кепілге алып, валюталық СВОП операцияларын жүргізе бастады; меншікті қысқа мерзімді ноттарын мерзімінен бұрын өтеді.
Курстық жұмыстың мақсаты монетарлық саясаттың экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ролін зерттеу болып табылады.
Аталмыш мақсаттың жүзеге асуы келесі міндеттерді шешумен байланысты:
- монетарлық саясаттың түсінігі және мәнін анықтау;
- монетарлық саясаттың құралдарын қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы монетарлық саясаттың экономикалық өсуге әсерін талдау;
- Қазақстан Республикасы монетарлық саясатты өзекті мәселелері мен оны шешу жолдарын ұсыну.
Зерттеудің объектісі болып мемлекеттің монетарлық саясатты табылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Монетарлық саясаттың теориялық негіздері
1. 1 Монетарлық саясаттың түсінігі және мәні
Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді. Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу. Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған. Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.
Орталық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді шешеді: мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, төлем жүйесінің жұмысын жасауын қамтамасыз ету, тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етуге жағдай жасау.
Орталық Банктің негізгі мақсатарының ішінде ақша-несие саясатын халықаралық стандартарға жақындату қарастырылған, бұл үшін Орталық Банк нарықтық пайыз мөлшерлемесін қадағалап отырады. Ақша-несие саясатының операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсілдері мен құралдарын оптималдау, трансмиссиондық механизм моделін құрастыру және инфляциялық таргеттау принципіне өтуге дайындақты жалғастырады.
Келер жылдары экономика қызып кету қаупі, мемлекеттік бюджет шығындарының өсуі ақша-несие саясатының қатандауына әкелуі мүмкін [2] .
Ақша-несие саясатының бсқа негізгі мақсаты капитал қозғалысымен бацланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2012 ж. 1 қаңтарынан бастап валюталық режимнің толық либерализациясына жету болып келеді.
Валюталық режимін либерализациясын реттеудің негізгі мақсаты 2012 ж. бастап валюталық операцияларды жүргізуге шек қою мен ұлттық валютаның толық конвертациялану принципіне көшу үшін жағдай жасау. Бұл үшін келесі жұмыстарды жасау қажет. Біріншіден, валюталық операцияларды жүргізу барысында тәуекелді хеджирлау құралдарын қолдану үшін жағдай жасау. Екіншіден, ақша-несие саясатының мақсаттары мен сыртқы шоктарды реттеу үшін шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын жақсарту. Үшіншіден, реттеудің халықаралық принцптері мен қаржылық мекемелердің валюталық операцияларын қадағалауды қамтамасыз ету.
Орталық Банк “қалқып жүретін айырбас бағамы’’ саясатын жалғастырады. Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.
Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық Банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып - сатумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мелекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпал тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультиликаторға әсер ету арқылы қалағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатынан басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздеді.
Ақша-несие-бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі-Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектілерінің экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
- рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
- экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кенейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы дылдардағы ақша-несие саясатының басты көзлеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Ақырғы мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгересі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә, б, в) құралдарының арасанда айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерестер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсатар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясатарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.
Аралық мақсаттар жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсатарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
-қайта қаржыландыру мөлшерлемесі:ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;
-ҚҰБ-те жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
-мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
-банктерге және үкіметке несие беру;
-валюталық нарықтағы басқыншылық;
-кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекеленген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей саңдық шектеулер еңгізу;
-ресми есепке алу(дисконттық ) мөлшерлемесі.
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа мүдделендіру мөлшерлемесін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асыратын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланылады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты - айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс [3] .
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды фаеторы - шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.
1. 2 Монетарлық саясаттың құрылу кезеңі
Американдық монстаризм. Батыс Германдық неолиберализм идеалдары басқа елдерде де көріне бастады. АҚШ-та Чикаго немесе монетарлық мектеп кеңінен таралды.
Монетаризмнің ең басты өкілі Мильтон Фридмен «Капитализм және еркіндік» /1960/ деген еңбегінде ашықтан ашық кәсіпкер еркіндігін жақтайды. Ол жалақының табиғи шегін ұсынып, оны мемлекеттік саясат деңгейіне көтеруді қалайды.
50-шы жылдары М. Фридмен Кейнстің мультипликатор тиімділігіне қарсы шығады. Кейнстің цикл мен ұлттық тәсілді инвестиция және тұтыну динамикасы арқылы түсіндірілуін жоққа шығарып, олардың орнына ақша, монетар тәсілін ұсынады.
1963 ж. «АҚШ-тың монетарлық тарихы» деген еңбегінде ұлттық табысты қалыптастыруда ақша факторының монопольдік үстемдігін дәлелдейді.
М. Фридмен ақшаға сұраныстың беделіне сенеді, әсіресе ол негізгі экономикалық көрсеткіш - жан басына шаққандағы нақты табысқа назар аударады. Егер несие мекемелері ақшаны сұраныстан көп шығарса, онда инфляцияға немесе дағдарысқа әкеледі. Оны Филлипстің қисық сызығымен дәлелдеді.
1929-1933 жылдардағы ұлы депрессия М. Фридменнің ойынша АҚШ-та Федеральдык резерв жүйесінің кінәсінен болды.
М. Фридмен монетарлық теориясын ұдайы өндіріс цикліне таратпақ болды. Монетаристер мемлекеттің араласуын шектеуді ұсынып, «ақшаның маңызы зор» деген тезисіне сенеді. 1969 - 1970 ж. Никсон үкіметінің Фридменнің монетарлық рецептін қолдануы көп нәтиже бермейді Фридмен Бұл сәтсіздікті уақыттың аздығынан деп есептеді. 1974-75 ж. Кейнстік концепциядан түңілген өкіметтер монетарлық теорияға көбірек назар аударады. Тэтчер, Рейган әкімшілігі монетаристерге кең жол ашты. Алайда нәтиже ойдағыдай болмады. Англияда процент ставкасы 17-18% өсіп, 1980 ж. өнеркәсіп өндірісі 7% төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 12%-ке жетті.
Қоғамдық экономикалық қайшылықтардың күшеюі, дағдарыстар және өндіріс көлемінің үлғаюы мен төмендеуі, үкіметті түрлі бағдарламалар мен тәсілдерді қоддануға мәжбүр етті. Ол үшін эконо-метриканы білу және экономикалық ғылымда пайдалану қажет болды. соңғы кездерде экономикалық өмірде циклдардың, несие-ақша және салық саясатының түрлі үлгілерін, макро-микро экономия дәрежесіне кетеру көбейді. Мысалы, Америкада экономиканы мемлекеттің реттеуі, Жапонияда және Европалық елдерде ұлттық деңгейде экономикалық бағдарламаларды жасау басымырақ жүрді. АҚШ-та бірнеше экономикалық үлгілер болды. Мысалы: қысқа мерзімдегі конъюктуралық өзгерістерді алдын-ала білу мемлекеттік бюджет үшін және т. б. (эскери мақсат) қажет болды.
1929-1952 жылдарға арналған АҚШ-тың экономикалық моделі (авторлары Л. Клейн, А. Гольдбергер) - кварталға арналған экономикалық үлгі; жылдық мичигандық үлгі.
Англияда 1961 ж. - ұдайы өндірістің экономикалық үлгісі. 1960-1970 жылдарға арналған Р. Стоунның кембридждік моделі. Үлттық есептің жүйелері экономикалық қарқының 4% көбейтуді жоспарлады. Экономикалық модельдерді жасау Жапонияда, Францияда, Голландия, Норвегияда кең қанат жайды.
Батыстағы салааралық баланстың моделін жасау "шығын-енім" үлгісінде жүрді. Ал мұны 30-шы жылдарда американ экономисі В. Леонтьев алғаш рет ұсынды.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген “ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы ” нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төменлеп, 10, 5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалар біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер санатына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілеті әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады [4] .
1. 3 Ақша нарығындағы тепе-тендігі
Ақша - тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікті, инфляция процестерін, циклдік ауытқуларды талдауға мүмкіндік беретін макроэкономикалық категория.
Ақша - сауда-саттықта, келісімде қолданылатын қаржылық активтердің түрі. Ақшаға тән негізгі қасиет-олардың жоғарғы дәрежедегі өтімділігі, яғни төменгі деңгейдегі шығындармен және тез басқа активтерге ауыстырылу бейімділігі.
Ал, егер ақшаның қажеттілігі мен экономикалық маңызына келетін болсақ, нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
Сонымен қатар қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіруде, мемлеттік бюджеттің кірісін қалыпьастыруда, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыруда, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сатуда, инфляцияға қарсы күресте және т. б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және жалпы ұлттық өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.
Айналымдағы ақша мөлшері мемлекет тарапынан бақыланып отырады (монетарлы немесе ақша-несие саясаты), ал іс жүзінде бұл жұмысты Ұлттық банк атқарады.
Ақша нарығында талдау жасау үшін біз ақша сұранысы, ақша ұсынысы, ақшаның бағасы, ақша мультипликаторы, ақша массасы сияқты сұрақтарды қарастыруымыз қажет.
Сонымен, ақша нарығы дегеніміз - пайыз мөлшерлемесінің деңгейін, ақша сұранысы мен ақша ұсынысын анықтайтын нарық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz