Кәсіпорынның өндіріске, жұмысқа, өнімді өткізуге, сатуға кеткен шығындары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1 КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ . . . 5

  1. Кәсіпорын шығындары: мазмұны және түрлері . . . 5
  2. Кәсіпорын шығындарын басқару . . . 9

2 КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ . . . 13

2. 1 Корпорацияның өндіріске, жұмысқа, өнімді өткізуге, сатуға кеткен шығындары . . . 13

2. 2 «ГЕРМЕС» ЖШС өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар жоспарын талдау . . . 17

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.

Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.

Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:

Олар: әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді және өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.

Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.

Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.

Осылайша курстық жұмыс тақырыбын «Кәсіпорынның өндіріске, жұмысқа, өнімді өткізуге, сатуға кеткен шығындары» деп алдым.

Тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық кәсіпорындардың рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы кәсіпорындардың дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық шығындарды толық зерттеп, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынын калкуляциялық есебін жүргізу арқылы кәсіпорындардың тиімді экономикалық қызмет етуін қалыптастыру негізінде кәсіпорындардағы бизнес шешімін бағалаудағы шығындардың маңыздылығын атап өту және кәсіпорын шығындарын басқарудағы қаржылық менеджменттің рөлін анықтау осы тақырыпты орындаудағы мақсатым болып табылады.

Кәсіпорынның өндіріске, өнім өндіруге, сатуға кеткен шығындарын талдау барысында ЖШС «Гермес» кәсіпорнының шығындарын талдау негізінде мысал келтіріп өттім. Бұл кәсіпорын негізінен тағам өнімдерін шығарады. Сондықтан бұл кәсіпорын үшн аталған өндіріске, өндіруге, сатуға кеткен шығындарды тиімді басқарудың маңыздылығы зор болып табылады.

1 КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

1. 1 Кәсіпорын шығындары: мазмұны және түрлері

Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:

Біріншіден, әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Екішіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.

Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.

Осы аталған өндіріс шығындарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық белгілері мен түрлері болады. Оны келесі 1-ші кестеден көре аламыз:

Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу және т. б.

Айқын емес шығындар - дегеніміз өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. /1, 97 б/

Экономикада жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар. VC және ТС қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы және еңбектің жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.

Еңбек өнімділігінің артуымен айнымалы шығындардың VC А нүктесіне дейін төменгі жылдамдықпен өсуі өндірістің бірінші сатысында еңбек өнімділігінің жоғарылауының нәтижесінде өнім шығару көлемінің тез артуымен түсіндіріледі.

Кесте 1

Өндіріс немесе экономикалық шығындардың жіктелуі

Классификациялау белгілері
Шығындардың бөлімшелері
Классификациялау белгілері:

Экономикалық элементтер

Өзіндік құнның баптары

Технологиялық процесс

Құрамы бойынша

Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша

Өндіріс процесіндегі ролі

Шығын жасаудың мақсатқа сай келетіндігі

Жоспарға енгізу мүмкіншілігі

Өндіріс көлеміне қатысты

Пайда болуының кезектілігі

Дайын өнімге қатынасы

Шығындардың бөлімшелері:

Шығындардың экономикалық элементтері

Калкуляцияның өзіндік құнның баптары

Негізгі және үстеме шығындар

Бір элементтік, кешендік, жанама

Тікелей және жанама

Өндірістік, өндірістен тыс

Өнімділік және өнімділік емес

Жоспарланған, жоспарланбаған

Тұрақты және өзгермелі

Ағымды және біржолғылық

Аяқталмаған өндіріс шығындары, дайын өнім шығындары

Көзі: Мейiрбеков А. Қ., Әлiмбетова Қ. Ә. Кәсiпорын экономикасы

Жоғарыда көрсетілген анықтамаларға негізделіп, олардың графиктерін тұрғыза аламыз. Келесі 1-ші суретте айнымалы және тұрақты шығындардың жалпы кескіндемесі көрсетілген.

C

TC

FC

A VC

Q көлем

Сурет-1 - Кәсіпорынның өдірістік шығындарының графикалық сызбасы

Фирма бiртектi өнiм шығарады деп есептейiк. Аталған технология үшiн өндiрiс мүмкiндiктерi өндiрiстiк функция көмегiмен берiледi. Өндiрiстiк функцияны кесте түрiнде беруге болады ( Кесте-2)

Кесте 2

Кәсіпорынның еңбек және капитал шығынының өндiрiстiк функция кестесi

Капитал шығыны, K: Капитал шығыны, K
Еңбек шығыны, L: Еңбек шығыны, L
Капитал шығыны, K: 10
Еңбек шығыны, L: 20
30
40
50
Капитал шығыны, K: 5
Еңбек шығыны, L: 8
16
22
26
30
Капитал шығыны, K: 10
Еңбек шығыны, L: 16
24
30
34
36
Капитал шығыны, K: 15
Еңбек шығыны, L: 22
30
36
40
42
Капитал шығыны, K: 20
Еңбек шығыны, L: 26
34
40
44
46
Капитал шығыны, K: 25
Еңбек шығыны, L: 30
36
42
46
48

Көзі: Мамыров Н. Қ., Есенғалиева Қ. С., Тлеужанова М. А. Микроэкономика / Оқу құралы.

Кестеден көретiнiмiз еңбек шығыны 10 ( L=10), капитал шығыны (K=15) болған жағдайда өнiм шығару көлемi Q=22 бiрлiк болып табылады.

Фирма белгiлi ресурстарды қолданып өнiм өндiрген кезде белгiлi шығындармен iске асырады. Яғни фирманың өндiрiсi мен шығындары арасында тiкелей байланыс орын алады. Мысалы: нан заводын алатын болсақ, яғни нан өнiмдерiнiң өзгерiсi тек қана жұмыс күшiнiң өзгерiсiне байланысты. Мұнда 1 жұмысшы 50 бөлке пiсiрсе, ал 2 жұмысшы қосылып 90 бөлке пiсiре алады. Егер 5 жұмысшы қызмет етсе деп алсақ олардың өндiрiс көлемi келесi кесте және графиктен көруге болады. /3, 59 б/

Кестеден көрiп отырғанымыздай жұмысшы саны өсуiне байланысты нақты шығарылған бөлкенiң саны өскенiмен еңбектiң шектi өнiмдiлiгi азаяды. Мысалы кете бойынша 1-шi жұмысшынiң шектi өнiмдiлiгi 50 болса, ал соңғы 5-шi жұмысшыныкi 10 ғана бөлкенi құрайды. Мұнда құрал-жабдықтардың шығыны тұрақты, өзгеретiн жұмыс күшiн жалдау шығындары өсiп отыр, сондықтан жалпы жиынтық шығындарда өседi.

Кесте 3 - Нан өндіретін кәсіпорынның өндiрiс функциясы және жиынтық шығындары.

Жұмысшыларсаны:

Жұмысшылар

саны

Шығарылғанбөлке саны:

Шығарылған

бөлке саны

Еңбектiң шектi өнiмдiлiгi: Еңбектiң шектi өнiмдiлiгi
Құрал - жабдықтарға кеткен шығындар: Құрал - жабдықтарға кеткен шығындар
Жұмыс күшiн жалдау шығындары: Жұмыс күшiн жалдау шығындары
Ресурстардың жиынтық шығыны: Ресурстардың жиынтық шығыны
Жұмысшыларсаны:

0

1

2

3

4

5

Шығарылғанбөлке саны:

0

50

90

120

140

150

Еңбектiң шектi өнiмдiлiгi:

0

50

40

30

20

10

Құрал - жабдықтарға кеткен шығындар:

30

30

30

30

30

30

Жұмыс күшiн жалдау шығындары:

0

10

20

30

40

50

Ресурстардың жиынтық шығыны:

30

40

50

60

70

80

Шығару көлемi

150 Өндiрiстiк

функция

100

50

0 1 2 3 4 5 Жұмысшы саны

Сурет-1 - Нан өндіретін кәсіпорынның шығындарға байланысты өндiрiстiк функциясы.

1. 2 Кәсіпорын шығындарын басқару

Басқару есебі өз кезегінде басқаруды ақпаратпен қолдауды қамтамасыз етіп отырады.

Басқару есебі арқылы кәсіпорын менеджерлерінің қаржылық және қаржылық емес ақпараттарды дер кезінде анықтап отыруына өз үлесін қосады. Яғни, келесі қызметтер іске асырылады:

  • Жоспарлау немесе болжау;
  • Бақылау;
  • Шешім қабылдау.

Бухгалтерлік есеп жөніндегі экономикалық ақпараттарға сұраныс тудыратын экономикалық тұлғаларға: менеджерлер, акция ұстаушылар, инвесторлар, жалдамалы жұмысшылар, несие берушілер және мемлекеттік ұйымдар жатады.

Бухгалтерлік ақпаратты қолданатындар екі топқа бөлінеді:

  • Ішкі қолданушылар, кәсіпорынның ішіндегі қолданыстар мен есептерді жүргізу;
  • Сыртқы қолданушылар, кәсіпорын құрамына кірмейтін тұлғалардың қолданылуы.

Калькуляция немесе басқару есебінің негізгі мақсаты кәсіпорын құрамында қызмет ететін тұлғаларды ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қаржылық есеп жүйесінде ақпарат сыртқы қолданушыларға арналып дайындалады.

Қаржылық менеджмент немесе қаржылық ресурстарды және қатынастарды басқару шаруашылық субъектінің бәсекелестік қабілетінің көтерілуі мақсатында қаржы саласында нарықтық механизмді реттеудің нысандары мен тәсілдерін, қағидаларын, әдістерін қамтиды.

Өндірістік есеп жүйесінде өндірістік қорлардың құнын бағалау үшін өндірістік шығындарды анықтайды. Осы өндірістік шығындар негізінде кәсіпорынды тиімді басқару, шешім қабылдау және бақылау, жоспарлау, көрсеткіштерді бағалау іске асырылады. Ал бұл дегеніміз басқару есебінің негізі болып табылады. /4, 134 б/

Басқару үрдісі және бухгалтердің басқару үрдісіндегі ролі

Басқару үрдісі келесі элементтерден тұрады:

  • Жоспарлау

Жоспарлау үрдісінде бухгалтерлер жоспар құруға, шешім қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз етуге, баға құруда, инвестиция көлемін анықтауда оның жоспарланған мөлшерлемесін ұсына алады;

  • Бақылау

Бақылау үрдісінде бухгалтерлер нақты нәтижелер арқылы оларды жоспарланған көрсеткіштермен салыстыра отырып, әрбір орталықтың қызметін бақылауды іске асырады.

  • Коммуникация

Бухгалтерлер тиімді есеп беру жүйесі арқылы коммуникацияның дамуына үлес қосады. Мысалы, смета негізінде менеджерлерге жоспардың құрамы жеткізіледі, сондай-ақ сметадағы ақпараттар менеджерлер қызметіндегі координацияға пайдалы.

  • Мотивация

Сметалар және есеп-қисаптар сметаның орындалуы туралы ақпараттары ұйымның персоналдарының мотивациясына басты әсер етеді. Смета менеджерді белгіленген мақсатқа жетуге ынталандырады. Өз кезегінде сметаның орындалуы туралы есеп-қисап белгіленген мақсаттың жоспары мен нақты орындалған істің нәтижесін салыстыруға мүмкіндік береді.

Кесте 2

Басқару есебі мен қаржылық есепті салыстыру

Салыстыру ауданы
Басқару есебі
Қаржылық есеп
Салыстыру ауданы: 1. Есеп жүргізу міндеттілігі
Басқару есебі: Басқарма шешімі бойынша
Қаржылық есеп: Заң жүзінде талап етіледі
Салыстыру ауданы: 2. Есепеу мақсаты
Басқару есебі: Жоспарлау, басқару және бақылауда администрация көмек көрсету
Қаржылық есеп: Ұйымнан тыс пайдаланушыларға арнап есеп дайындау
Салыстыру ауданы: 3. Ақпаратты пайдаланушылар
Басқару есебі: Фирма ішілік әр түрлі басқармалар
Қаржылық есеп: Шаруашылықтан тыс тұлғалар мен ұйымдар
Салыстыру ауданы: 4. Базистік құрылым
Басқару есебі: Ақпараттарды пайдалану мақсаттарына тәуелді емес
Қаржылық есеп: Негізгі тендік: Активы = Міндеттеме + Капитал
Салыстыру ауданы: 5. Негізгі жағдай
Басқару есебі: Басқаруға жарамдының барлығы
Қаржылық есеп: Бухгалтерлік есеп стандарттары
Салыстыру ауданы: 6. Уақытпен қатыстылығы
Басқару есебі: Ақпараттарды «тарихи» сипатында болашаққа жоспар және бағалау жасау
Қаржылық есеп: «Тарихи» сипаттама негізінде
Салыстыру ауданы: 7. Ақпараттын көрсетілу немесе берілу түрі
Басқару есебі: Ақшалай немесе ақшалай емес ақпараттар
Қаржылық есеп: Ақшалай берілуі негізінде
Салыстыру ауданы: 8. Ақпараттың нақтылық деңгейі
Басқару есебі: Көптеген мөлшерлеме бағалаулардың болуы
Қаржылық есеп: Нақтылықтын болуы
Салыстыру ауданы: 9. Есеп беру жиілігі
Басқару есебі: Қашан сұраныс болады
Қаржылық есеп: Кезеңдік, реттеушілік негізде орын алады
Салыстыру ауданы: 10. Есеп объектісі
Басқару есебі: Әр түрлі құрылымдық бөлімшелер
Қаржылық есеп: Ұйым толығымен алынады

Көзі: Шуляк П. Н. Финансы предприятия.

Қаржылық менеджердің аясында әдістер мен тәсілдер көп түрлі. Оларды үш топқа бөлуге болады: жалпы экономикалық, болжамды - сараптамалық және арнайы.

Бірінші топқа несиелеу, саудалық - қарыздық операциялар, кассалық және есептесу операцияларының жүйесі, сақтандыру жүйесі, есептесу жүйесі қаржылық санкцияларының жүйесі, трансферттік опреациялар, амортизациялық аударымдар өндірісінің жүйесі, салық салу жүйесі жатады. Мұндай тәсілдердің жалпы логикасы олрадың негізгі параметрлері, орындаудың мүмкіндігі немесе міндеттілігі экономиканы мемлекеттік басқарудың жүйесінің шеңберінде орталықтандырылған. Бірақ оларды қолданудың вариабельдігі жеткілікті дәрежеде шектеулі болғанымен, жекелеген тәсілдерді пайдаланудың варианттары нақты кәсіпорынның деңгейінде жиі анықталады.

Екінші топқа қаржылық жоспарлау, салықтық жоспарлау, болжау әдістері, үлгілеу әдістері жатады. Бұлардың көбісі табиғаты бойынша жасалған.

Осы екі топ арасындағы аралық жағдай орталықтандырылған реттеудің дәрежесі бойынша жеке қолданудың міндеттілігі бойынша қаржыларды басқарудың арнайы тәсілдері алады. Олардың көбісі өзінің таралуын енді бастап жатыр, бұл дивиденттік саясат, қаржылық аренда, факторингтік операциялар, франчайзинг, фьючерстер. Осы тәсілдердің негізінде туынды қаржылық құралдар жатыр. /5, 109 б/

Қаржыларды басқарудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінің негізі болып қаржылық сипатты кез келген мәліметтер, соның ішінде бухгалтерлік есепті, қаржылық органдардың хабарландырудың, банктік жүйенің мекемелерінің ақпаратын, тауарлық, қорлық және волюталық биржалардың мәліметтерін, өзге де ақпараттарды айтуға болады.

Қаржыларды басқарудың техникалық қамтамасыз ету жүйесі дербес болып табылады және оның негізгі элементі болып табылады. Көптеген, қазіргі таңдағы қағассыз технологияға негізделген (банкаралық есептесулер өзара есептесулер несие карточкалар арқылы есептесулер, клирингтік есептесулер) жүйелер ЭВМ желісін, персоналды компьютерлерді, қолданбалы бағдарламалардың қызмет ету пакеттерін қолданусыз мүмкін емес. Ағымдағы сарапатамалық есептерді орындау үшін қаржылық менеджер стандартты бағдарламалық қамтамасыз етумен, соның ішінде Excel, Lotus типіндегі пакетпен қолдануы мүмкін.

Қаржыларды басқарудың кез келген жүйесін қызмет етуі құқықтық және нормативтік қамтамасыз етудің шеңберінде жүзеге асырылады. Оған президенттің заңдары, бұйрықтары, үкіметтің қаулылары министрлер мен ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқаулары, лицензиялар, жарғылық құжаттар, нормалар, инструкциялар, әдістемелік көрсеткіштер жатады.

Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент тиімділігі көп жағдайда пайдаланылатын ақпараттық болады және анықталады. Өз кезегінде кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің ақпараттық базасының қалыптасуы стратегиялық шешімдерді қабылдауға және қаржы қызметін ағымдық тиімді басқаруға бағытталған сәйкесті ақпараттық көрсеткіштерді мақсатты бағытты таңдау процесін білдіреді.

Нақты кәсіпорын үшін, қаржылық менеджменттің ақпараттық көрсеткіштерінің қалыптасу жүйесі оның салалық ерекшеліктерімен, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанымен, шаруашылық қызметінің көлемімен және диверсификациялану деңгейімен, басқада жағдайлармен байланысты. Сондықтанда қаржылық менеджменттің ақпараттық базасын құрайтын барылқ көрсеткіштердің жиынтығы ақпарат көздерінің түрлері бойынша топтастырылуы мүмкін және нақты кәсіпорынның тәжірибелік қызметінде әрбір топ бойынша қолданылуын процедуралық дәйектеуді талап етеді.

Қазақстан Республикасындағы «Бухгалтерлік есеп туралы» заңға сәйкес қаржылық есеп берушілік үш есеп беруді қамтиды:

  1. бухгалтерлік баланс;
  2. қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру;
  3. ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру.

Баланстың екі бөлігі болады: жоғарғы бөлікте активтер тізіледі, ал төменде - міндеттемелер және жеке өзіндік капитал. Активтер категориясына объект жатқызылуы мүмкін, егер де ол үш шартқа жауап берсе: объекттің құндылығы бар, объект өлшенетін құн бойынша сатып алынған, объект кәсіпорынмен бақыланады немесе оның меншігінде болады. Активтер статьялары екі топқа жинақталған: ағымдық активтер , олар қолма-қол қаражатқа айнала алады немесе толығымен бір жылдан аз уақытта пайдаланылуы мүмкін және ұзақ мерзімді активтер. Активтердің статьялары әдетте кемімелі өтімділік тәртібінде орналасады. ¤тімділік - активтердің қолма-қол ақша қаражаттарына қаншалықты айнала алатындығының мөлшері, статьялардың өтімділігі жоғары болған сайын, сәйкесті активтерді қолма-қол ақшаға айналдыру соншама жеңіл болады.

Компанияның қаржылық құрылымы кәсіпорынның қаражаттарының қалыптасу көздері тізілетін кестенің төменгі бөлігінде суреттеледі. Бұл қаржы көздері негізгі екі типке бөлінеді: міндеттемелер және өзіндік капитал. Міндеттемелер кәсіпорынның ресурстарының ішкі көздерін білдіреді. Міндеттемелер статьялары ұқсас түрде екі статьяға жинақталады: ағымдық міндеттемелр, олар бір жылдан кем емес уақытта жабылуы тиіс болады және ұзақ мерзімді міндеттемелер . Кәсіпорын қаражтарының қалыптасуының басқадай көзі өзіндік капитал деп аталады. Компанияға ресурстарды капитал формасында берген инвесторлар, акцияларды алады. Инвесторларымен берілген капиталдың жалпы сомасы акционерлік капитал деп аталады. Капиталдың қалыптасуының екінші көзі пайда болып табылады. Инвесторларға қатысты міндеттемелерді жабуға жіберілмейтін пайданың бөлігі кәсіпорын иелігінде қалады және бөлінбеген пайда деп аталады. /6, 161 б/

Пайдалар және шығындар туралы есеп беру компанияның қандай пайда алғандығына және ол бір жыл ішінде қандай шығындарға батқандығына куә болады. Пайда және шығындар туралы есеп беру, компаниямен болашақта не болатындығын алдын ала айтатын барометр ретінде болып табылады. Бір жыл ішіндегі цифрлар сізге компанияның қызметі туралы толық түсінікті қалыптастыруға сәл ғана көмек береді. Бірнеше жыл қатарынан көрсеткіштерді салыстыру - одан да барынша маңызды. Әдетте пайда және шығындар есеп беруіенде екі жылға мәлметтер кертіріледі, ал он жылда бір рет жинақты қаржы есеп беруі дайындалады.

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

2. 1 Корпорацияның өндіріске, жұмысқа, өнімді өткізуге, сатуға кеткен шығындары

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар мен құрал-жабдықтардың шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен еңбек білім, информация түрінде жинақталады.

Фирма өндіретін өнім белгілі бір түрде - зат немесе құн түрінде - өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды. Өндірістің нәтижелерін, оларды жасауға жұмсалған шығындармен салыстырғанда, өндіріс тиімділігі айқындалады.

Өнімділік - осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған немесе өндірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталаған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, ақпарат, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділікьің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі / Тірі еңбек шығындары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын шығындарының экономикалық мәні мен мазмұны
Өнімді өндіріп өткізу шығындары мен корпорацияның басқа да шығыстары
Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
Калькуляциялау
Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындар балама шығындар
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құны
Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құның калькуляциясының нормативтік әдістері
Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын анықтау
Шығын есебі, мен оның калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz