Әскери ұжымдағы қарым-қатынас


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Әскери қызмет пен ұжымдағы қарым-қатынастың теориялық

мәселелері

1. 1 Әскери ұжымдағы қарым-қатынас сипаты және әскери қызметкерлердің тұлғалық ерекшеліктері

2. Әскери қызмет пен ұжымдағы қарым-қатынас

2. 1 Әскери қызметкерлердің бойында кездесетін эмоционалды қиындықтардың ерекшеліктері

2. 2 Жауынгерлердің тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты эмоционалды қиындықтардың көрінуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі замандық халықаралық әскери-саяси жағдайлар және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің реформалануымен байланысты қызметтік-әскери іс-әркеттерге қойылатын жаңаша талаптардың пайда болуы әскери қызметкерлердің іс-әрекеттерінің рухани, адамгершілік-психологиялық құндылықтармен қамтамасыз ету мәселесін ашық алға тартып отыр.

Отан алдында өз міндеттерін атқарушы азаматтардың күнделікті іс-әрекеттері қатаң жұмыс тәртібімен, олардың жеке тұлғасына әсер етуші ауыр эмоционалды-психологиялық қиындықтарымен ерекшеленеді.

Күнделікті өмірде «бірқалыпты» жұмыс атқаратын адамның қалыптасу мүмкіндіктері әскер өмір кезеңінде, әсіресе әскери әрекеттер кезінде шектеліп, көптеген қиындықтарға алып келеді.

«Психикалық бейімделу» түсінігі өз құрамына «қажеттілік» түсінігін ендіреді. Сонымен қатар, қажеттіліктерді қанағаттандыру ұғымы тек қоршаған ортаның ерекшеліктерін негізге алып және адам-орта жүйесінің үйлесімділігінің бұзылуын болдырмаса ғана адаптация ретінде жүзеге асады. Әскери қызметкерлердің өзінің қызметтік ортасына бейімделу кезіндегі қарым- қатынасы өзгеше болады және олардың тұлғалық ерекшеліктеріне сай көрінетін әртүрлі эмоционалды психологиялық қырлары да осы қызмет барысындағы қарым-қатынаста орын алады.

Адамның өмір сүру тәсілінің құрылымы оның қоршаған ортаға деген белсенді, тәжірибелі қарым-қатынасымен, мақсатқа бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруымен сипатталады.

Қабылдау, есте сақтау, ойлау - психикалық таным процестері. Осылардың көмегімен адам баласы өзінің объективті әлемін көрсете алады. Өзге де психикалық процестер, яғни эмоция, ерік, зейін - адамға өзінің сыртқы ортасын өзгертуде және өз іс-әрекеттерін ретке келтіру кезінде белсенділік күшімен қамтамасыз етеді.

Кэррол Э. Изард өзінің «Психология эмоций» деген еңбегінде, эмоция- бұл қабылдауды, ойлау мен іс-әркеттерді мотивациялайтын, ұйымдастыратын және бағыттап отыратын сезім ретінде бастан кешірілетін дүние деп көрсеткен.

Әскери қызметкерлердің күнделікті қызметтік іс-әрекеттері әрқашан әскери дайындық пен ұрыс жағдайына әртүрлі сипаттағы сыннан өтеді. Қызмет барысында әскери қызметкерлердің тұлғалық ерекшеліктерінде физиологиялық, психологиялық-эмоционалды өзгерістер пайда болады.

Қазіргі заманғы дамыған қоғамда неврозбен ауыратын адамдар саны көбеюі байқалады. Адамның бойындағы сана қадағалауынан шығып кеткен эмоциялар тұлғаның ойлаған мақсатын жүзеге асыруға кедергі жасайды, тұлғааралық қарым-қатынасты бұзады, қызметтік және отбасылық іс-әрекеттерді қажетті деңгейде орындауға кедергі жасайды, демалыс уақытын қиындатып және де денсаулықты нашарлатады.

Эмоционалды қиындықтар көптеген тұрақты жағымсыз эмоциялар жиынтығымен байланысты. Олар - үрей, қорқыныш, ыза, агрессия және т. б. Эмоциялар немесе тұлғаның сыртқы ортамен байланыс кезіндегі уайымдары адам белсенділігіндегі қажетті құрылым болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: Әскери қызметкерлердің эмоционалды қиындықтарының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Диплом жұмыстың міндеттері:

Жұмыстың міндеттері :

  1. Әскери ұжымдағы қарым-қатынас сипаты және әскери қызметкерлердің тұлғалық ерекшеліктерін талдау;
  2. Әскери қызметкерлердің бойында кездесетін эмоционалды қиындықтарды саралау;
  3. Әдістеме арқылы жауынгерлерге зерттеу жұмысын жүргізу.
  4. Жауынгерлердің индивидуалды мәліметтерін өндеу.
  5. Зерттеу мәліметтеріне сандық және сапалық психологиялық талдау жасау.

Жұмыстың болжамы : Әскери қызметкерлердің эмоционалды қиындықтары олардың тұлғалық ерекшеліктерімен мен мінез типтеріне байланысты.

  1. Әскери қызмет пен ұжымдағы қарым-қатынас-

тың теориялық мәселелері

  1. Әскери ұжымдағы қарым-қатынас сипаты және әскери

қызметкерлердің тұлғалық ерекшеліктері

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне жалпы мақсаттағы күштері, әуе қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлері бөлімдерден және әр түрлі бөлімшелер мен арнайы әскерлерден тұрады. Әскери қызметкерлер - Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары.

Тарих дәлелдегендей, адами факторлардың дәл ортасы, негізі адамгершілік рух болып табылады. Осы рух арқылы, нәтижесінде әскери қызметкерлердің әскери дайындығына, ұрыстың сәтті өтуіне әсер ететін әскери дағды және кәсіби шеберлік, дененің әртүрлі жағдайларға үйренуі мен шыдамдылық, тәртіптілік пен ұйымдастыушылық сияқты өзге де факторлар да көрініс табады. Қазақ халқының әскери тарихындағы өз салтымызға сәйкес берілген тәрбие нәтижесі Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік, ар-ождан мен борышты ұғыну, патриотизм сияқты адамгершілік-рухани, эмоционалды-еріктік қасиеттерді аша түседі. Дәл осы қасиеттер өте ерте кезден әскери жауынгерлердің бойынан табылған.

Қазіргі таңда егеменді еліміз әскери салада жаңаша өгерістер енгізіп, өз әскери қызметкерлеріне барынша әлеуметтік, моралдық және психологиялық көмектер көрсетудің санын артырып келеді.

Әскери қызмет ауыр психологиялық қиындықтармен ерекшеленеді. Әскери қызметкерлер және жауынгерлердің эмоционалды қиындықтарын психологиялық тұрғыда жан жақты қарастырылатын бөлімге өтпестен бұрын еліміздің әскери саласындағы қызметтің ерекшеліктеріне тоқталып өткен жөн.

Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер :

1) сарбаздар (матростар)

2) сержанттар (старшиналар) ;

3) офицерлер құрамдарына бөлiнедi.

Офицерлер - офицерлер құрамының тиiстi әскери атағы берiлген әскери қызметшiлер.

Сержанттар (старшиналар) - сержанттар (старшиналар) құрамының әскери атақтары берiлген әскери қызметшiлер.

Сарбаздар (матростар) - сарбаздар (матростар) құрамының әскери атақтары берiлген әскери қызметшiлер.

Тыңдаушылар - жоғары әскери оқу орындарында, офицерлер құрамының бiлiмiн жетiлдiру (қайта даярлау) курстарында оқитын офицерлер құрамының әскери қызметшілерi.

Қарулы Күштерде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда берілетін әскери атақтар тізбегі 1-қосымшада көрсетілген.

Әскери қызметті ерікті түрде өткеру туралы келісім-шарт (бұдан әрі - келісім-шарт) - келісім-шарт бойынша әскери қызметтi қамтамасыз ету және өткеру мүддесi үшiн тараптардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлігін белгілейтiн шарт болып табылады [1] .

Әскери қызметкерлердің мүмкіндіктерінің даму жолдары

  • Қандайда бір жұмыс орынына дұрыс тағайындалу;
  • Арнайы мамандықты игеруге қажетті психикалық процестерді игеру мен тұлғалық ерекшеліктерді дамытуға әрқашан көңіл аударып отыру;
  • Ойлау қабілетін дамыту;
  • Қызығушылығы мен талаптарын дамыту;
  • Тұлға өзінің жақсы қасиеттері мен жағымсыз қырларын дұрыс бағалай білуі;
  • Ұжымдық, топтық жұмыстарға атсалысу.

Әскери қызмет етушінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыра білу - келесі сұрақтарға жауап беруден көрінеді: «Не үшін және неге мұны жасау керек?» (мотивті қалыптастыру, өзектендіру), «Не істеу керек?» (мақсатты қалыптастыру), «Қалай жасау керек?» (мақсатқа жету үшін мүмкін болатын тәсілдер мен құралдарды анықтайды) .

Әскери қызметкерлердің күнделікті қызметтік іс-әрекеттері әрқашан әскери дайындық пен ұрыс жағдайына қажетті мүмкіндіктерге бағытталған бөлімшелер мен бөлімдердің келісілген әрекеттерінің жүйесі болып табылады [2] .

Қазіргі әскери техникалар мен қару-жарақтар мейлінше күрделі болғандықтан біріге күш жұмсауды талап етеді.

Адамдар күнделікті іс-әрекет барысында барлық кезде әлеуметтік ортада, яғни топта болады. Топтар үлкен екі бөлімгі бөлінеді.

Үлкен әлеуметтік топтар - бұл класстар, ұйымдар, саяси топтар (партиялар, кәсіби ұйымдар, қарулы күштер), ұлттар және тағы да басқа қоғамдар (жастық, біліми) мен бірлестіктер.

Кіші әлеуметтік топтар - бұл әскери бөлімшелер, цех, мектеп сыныбы, студенттік курстар. Мұндай топтарды біріншілік топтар деп атайды. Олардың үлкен топтардан ерекшелігі бұл топтарда өзара тұлғааралық қарым-қатынас, байланыс, өзара әрекеттестік тығыз жүріп отырады. Осының негізінде әртүрлі әлеуметтік- психологиялық топ ішіндегі құбылыстар пайда болады.

Ұжым - бұл қоғамның бірі бөлігі болып табылады және жалпы мақсаттары ортақ, әлеуметтік пайдалы іс-әрекеттермен бірге айналысатын ұйымдасқан адамдар тобы.

Әскери ұжым - қызметке қатысты оқу кезіндегі, соғыс жағдайындағы және өзге де тапсырмаларды өздігімен орындай алатын жоғары деңгейде ұйымдастырылған тәртіпке сай әскери қызметкерлердің тобы.

Әскери ұжым өзінің даму барысында 3 міндетті кезеңдерден өтеді:

  1. Бастапқы кезеңәскери ұжымның дамуымен сипатталады. Бұл кезеңде әскери қызметкерлердің дамуы, олардың қызметтерін және жауапты тапсырмаларын сәтті орындауға қажетті әртүрлі сипаттағы байланыстар орын алады. Бұл процесс барлық кезде де жеңіл бола бермейді. Негізінде, ұжымның өміріне үйренуде арнайы қиындықтар пайда болады. Кей кезде бір өнегесіз, бұзақы сарбаздардың кішігірім тобы немесе офицерлер тобы ұжымның арасындағы жағымсыз қарым-қатынастың орнауына себепкер болып, болашақта ұжымның даму жолында кедергілер келтіреді.
  2. Әскери достастық кезеңі. Бұл кезеңде бірін-бірі тану процесі аяқталып, әскери қызметкерлердің арасында жақсы қарым-қатынас орнайды. Ұжымның жалпы ой-пікірлері және көңіл- күйлері, өзара қарым- қатынастары, тәртіптері мен ұжымдық әдеттері сияқты тұрақты құрылымы қалыптасады.
  3. Әлеуметтік және әскери көзқарас кезеңі. Бұл кезең әскери ұжымның дамуының үшінші кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде ерік пен іс- әрекеттердің, білім мен пікірлердің, қызығушылықтар мен аса құнды қасиеттердің қалыптасу бірлігіне қол жеткізіледі. Әскери қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас өзара көмек көрсету, қолдау, ақпарат алмасу және ұрыс-керіссіз қарым- қатынаспен жалғасады [3, 4] .

Адамның тұлғасы қайталанбас дүние. Өмірде бірдей адамдар жоқ, тек бет әлпеті, жүріс-тұрысын мен мінезі ұқсас жандар кездеседі. Адам дүниеге келген күннен бастап психологиялық құрылымдарға ие болады. Олардың бірі-темперамент. Ол - адамның психикалық іс - әрекетінің динамикасын және адамның өмір әсерлеріне білдіретін сабырлы реакцияларының деңгейі мен қимыл-әрекеттерінің ерекшеліктерін анықтайтын психиканың жекеше құрылымы. Темпераменттің құрылымы мен ерекшеліктері оның өзге де тұлғалық қасиеттермен, әсіресе мінезбен байланысы бар екендігін көрсетеді.

Мінез деп іс-әрекеттер мен қарым-қатынас барысында адамға тән жүріс-тұрыс тәсілдеріне негізделе отырып жинақталатын және көрініс табатын тұлғаның тұрақты жеке-дара ерекшеліктерінің жиынтығын айтады.

Өзіндік іс-әрекет жасауға деген құлшыныс, жағдайдан тәуелсіз қызмет атқару, ерік пен тұрақтылық, мақсатқа ұмтылыс пен табандылық сияқты қасиеттер тұлғаның бойында көрініс тапса, онда оны «мінезі бар адам» деп атайды. Керісінше, жағдайдың ығына көніп, еріктік қасиеттерін көрсете білмейтін адамды мінезсіз адам деп атайды. Мінездің қалыптасуы көбінесе адам өмірінің сипатымен анықталады. Адамның өмір сипаты қалыптасуына сәйкес оның мінезі де қалыптасады. Бұл әлеуметтік топтардың (жанұя, мектеп, спроттық топ, еңбек ұжымы және т. б. ) дамуының әр түрлі деңгейлерінде болады. Мінез жүріс-тұрыс мәнерінде, іс-әрекеттерде және қимыл- қозғалыстарда көрінеді. Мұндай қимыл қозғалыстар әрқашан ақылға сыйымды, ойластырылған және тұлғаның көзқарасы бойынша барлық кезде ақталады. Әлеуметтік топта адам әрқашан өзге адамдармен өзара әрекеттестікке ұшырайды. Тұлғаның ісі мен әрекеттері белгілі бір жолдарымен оны қоршаған адамдарға әсерін тигізеді және жауапшы реакцияларды тудырады.

Адам өзінің мінезін және айналадағы адамдардың мінез-құлықтарын білмесе адамдардың жүріс-тұрыстары мен іс-әрекеттерін бұрыс түсініп қалуы мүмкін. Нәтижесінде өзгелердің істері жайлы дұрыс емес сындар пайда болып, негізсіз ызалар туындауы мүмкін. Ең алдымен, мінездің темпераментпен байланысын атап өткен жөн. Темперамент деп адамның психикалық іс әрекеттерінің динамикасын анықтаушы психиканың жеке дара құрылымдарын атайды. Адамның мінезі мен темпераментіне сәйкес өмірлік жағдайлардың типтік реакциялары анықтайды.

Мінездің қалыптасуы жеке-дара іс-әркеттерде және сонымен бірге қабілет, мотивация, ерік сияқты тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы топтық іс- әрекет процесінде жүреді. Адамның мінезінде негізінде мінездің толық түрдегі құрылымын түзуші жеке қырлары бөлек көрсетілуі мүмкін [5] .

Әскери қызметкерлердің тұлғалық ерекшеліктерінің сан қырлы аспектілерінің бірі өзіндік бағалау жұмыс барысында өз орынын табады және жан -жақты әсерін тигізеді.

Кәсіби іс-әркеттегі өзіндік бағалаудың рөлі ерекше екендігін бірқатар авторлар еңбектерінде дәлелденген. Іс-әркеттің жалпы сәттілігі адекватты емес өзіндік бағалаумен кері қатынаста болады. Бұл заңдылық жаңадан еңбек іс- әркетімен айналысушылар мен кәсіби іс-әрекеттері төмен адамдар тобында да жүзеге асады және жас мамандардың іс-әрекетінің сәттілігіне өзіндік бағалаудың эмоционалды құндылықтық жағы көбірек әсер етеді, бұл жерде оның когнититвті компоненті әлі жеткіліксіз қалыптасқан.

Кәсіби іс-әрекеттің сенімділігін қамтамасыз етуде де өзіндік бағалау мәнді орын алады. Өзіндік бағалау көп жағдайларда басқа да жағдайлардың қалыптасуын анықтайды. Бұл тұлғалық қасиет ең алдымен қауіппен байланысты іс-әрекет түрлерінде маңызды болады. Сонымен қатар, жауапты шешім шығарумен байланысты іс-әрекеттер де көп жағдайларда осы қасиетпен реттелуі мүмкін. Бұл қасиеттің шектен тыс жоғары болуы жағымсыз салдарларға алып келеді: жағдай талаптарын жеткіліксіз бағалау және өз мүмкіндіктерін шектен тыс жоғары бағалау.

Төмен бағалау шешім шығарудан қорқу, енжарлық, сабырлықпен байланысты. Бұл екі жағдайда да ықтималдылық болжау бұзылған. Нәтижесінде жалпы тиімділік төмендейді. Эмоциогенді әсерінде іс-әркеттердің оптималдылығын сақтап тұратын эмоционалды тұрақтылық та өзіндік бағалау ерекшеліктеріне тәуелді (адекватты емес өзіндік бағалау эмоционалды тұрақтылықтың төмендеуіне алып келеді) . Ол мазасызданумен тығыз байланысты. Көбінесе, тұлғалық қасиеттер ретінде, кейде темперамент белгілері ретінде қарастырылады. Осы екі қасиет көптеген іс-әрекет түрлерінде кәсіби маңызды болып табылады.

Әскери ортада командир беделі тек оның іскерлік және моральдық қасиеттерінің нәтижесі ғана емес, сондай-ақ өзінің бағынушысына деген және әрқайсысына деген адамгершіліктік қатынасы болып табылады.

Генерал М. И. Догомировтың айтуынша, субординация, тәртіп болу үшін қажет.

Бастықтың бағынушыға деген алдын ала қатынасы жағымды және жағымсыз формада көрінуі мүмкін. Алдын ала қалыптасқан қатынас адамгершілік жарғысына қарама-қарсы. Ол жауынгердің тұлғасын және оның мінез-құлқын субъективті бұрмалаған біржақты бағалау болып табылады.

Әскери бөлімшелердегі әскери қызметкерлердің өзіндік бағалауы әрине өзара қарым-қатынас процесінде орын алады. Адекватты емес өзіндік бағалаудың салдары көптеген мәселелерге алып келеді. Осындай конфликтілі жағдайлардың алдын алу үшін әрбір офицер бірқатар маңызды принциптер қатарын білу керек:

  • әрбір жауынгердің жеткілікті болмаса да жетілген тұлға екендігін ескеру керек, олар дөрекілік немесе өздерімен манипуляция жасауға шыдамайтыныны ескеру керек. Адекватты тұлғалық бақылау тек бағынушымен адамдық абыройлы, өнегелі және моральды нормада өзара әрекеттесуі мүмкін.
  • Адамның психикасы энергетикалық ресурс, потенциал, сенімділік бойынша шексіз екендігін ескеру;
  • әсіресе жас адамда, ол индивидуалды, жараланғыш, субъективті, бейімделгіш.

Сондықтан кеңпейілді жағдайда ол жақсы тәрбиеленеді, бірақ экстремалды өмірлік іс-әрекеттерде тез шаршайды.

Сонымен, бөлімше командирлерінің бағынушыларын күнделікті тұрмыстық сипатта тануынан басқа, іс-әрекеттердің түрлі түрлерінде қалыптасатын және көрініс табатын белгілі бір арнайы ерекшеліктерін тани біліп, бағалауы қажет [6] .

Әскери қызмет барысында жауынгерлерді тек әскери өмірдің қиындығына дайындап ғана қоймай, сонымен қатар жауынгерге өз іс-әрекеттерін, қимылдары мен қылықтарын өзіндік бағалауға көмектесетін мінез қырларын тәрбиелеу керек. Мінездің мұндай қырларына, ең алдымен, жауапкершілік, тәртіптілік, борыш сезімі және т. б. жатады.

Жауапкершілік дегеніміз жауынгердің өз іс-әрекетін алдын ала болжай алуы, қоғамға және Отанға қандай қырынан болса да жақсы септігін тигізе алатындай ұйымдастыра білу болып табылады. Әскери маманнан өзінің қызметтік міндеттерін сенімді орындауды және қызметтік қарым-қатынас барысында аса үлкен жауапкершілік танытуды күтеді, өйткені оның қолында тек материалдық құндылықтармен қатар өзге адамдардың өмірі де жауапты болу борышы тұрады.

2. Әскери қызмет пен ұжымдағы қарым-қатынас

2. 1 Әскери қызметкерлердің бойында кездесетін эмоционалды қиындықтардың ерекшеліктері

Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға деген қатынастың жағымды не жағымсыз түрде бейнеленуін айтамыз. Сыртқы дүниенің әсері адамның миында жай ғана бейнеленіп қоймай, адам оған толғанып, тебіреніп, өзінің қатынасын білдіреді. Осының салдарынан адам бойында жағымды немесе жағымсыз сезімдер туып отырады. Эмоциялар адамның сыртқы келбеті, әжімі, қимылдары, дауысы арқылы айқын көрінеді. Батыс криминалистері сезім мен эмоцияларды адамның хайуандық бастауының өнімі ретінде қарастырады, яғни, «оны организмнің биологиялық қажеттіліктері мен құрылымының көрінісі деп есептейді». Адамның әлеуметтік себептерге сәйкес күрделі сезімдері жануарлардың өзін-өзі қорғау инстинктерімен теңестіріледі [9] .

Барлық психикалық үрдістер белгілі дәрежеде ағзаның сыртқы өзгерістерінде және қозғалыстарында байқалады. Сонымен қатар, олар сырттай ерекше айқын көрінетін адамдардың бастан кешірген көңіл-күйлері болып табылады. Эмоциялық көңіл-күйлер ағзаның сыртқы өзгерістерінде анық аңғарылады. Сол себептен де адамның түріне, келбетіне қарап адамның қандай сезімде екендігін, қандай көңіл-күйде екендігін анықтауға болады.

Адамның эмоциялық көңіл-күйлері мимикада (бет пішіні), пантомимикада (дене қозғалысы) және ишарада (қол қимылы) ерекше айқын аңғарылады. Адамның эмоциялық көңіл-күйі айқын физиологиялық үрдістерде және оның қозғалыстарында байқалады (жылау, күлу және т. б. ) .

Арнайы зерттеулер нәтижесінде беттің 20 000 қимылы анықталған екен. Сонда адам бетін қас пен көз, мұрын, ауыз және ерін деп үш салаға бөліп, оларды қимылына байланысты адамның негізгі алты сезімін білдіруге болатыны анықталған.

Мысалы, келіскенде не келіспегенде адам басын, ұрысқанда не мақтанғанда қолын, амандасқанда не қоштасқанда денесін әртүрлі қимылдатады. Қол қимылының жылдамдығы әр ұлт өкілдерінде әр түрлі келеді: бір сағатта финдер -қолдарын 1 рет, француздар- 20, италяндықар- 80, мексикандықтар- 180 рет қимылдатады екен. Соған қарап та адамның қай мәдениетке жататынын және адамның қандай эмоциялық сезімде екендігін білуге болады [10] .

Эмоциялық көңіл-күйлер адамдарда сөйлеген сөздерінен, дауысынан аңғарылады. Әртүрлі эмоциялық жағдайларда сөздің жылдамдығы өзгереді, оның синтаксистік дұрыстығы бұзылады, ритмика мен дауыс ырғағы өзгереді. Осындай сезімдердің сыртқы көріністері көп жағдайда еріксіз іске асады. Жекелеген сезімдерге белгілі көрініс түрлері тән. Мысалы, қорқу сезімінде көздің қарашығының кеңеюі, дененің дірілдеуі, беттің бозаруы тән. Қуаныш сезімдеріне көздің жарқырауы, беттің қызаруы, қозғалыстың өзгеруі және тағы басқа белгілерден байқалады.

Эмоция мен сезімнің физиологиялық негіздері:

Қарапайым эмоциялардың физиологиялық негізі мидың төменгі бөлігінде орналасқан жүйке орталықтарының әрекеттері болып табылады. И. П. Павловтың жазуы бойынша, ми қабығы асты орталығы тағамдық, қорғаныстық және өзге де күрделі шартсыз рефлекстердің орталығы болып табылады, осыған сәйкес қарапайым эмоциялардың физиологиялық негізі де болады [11] .

Эмоциялар таным және ерік процестерінен ерекшеленеді.

Эмоцияналды реакциялар адамның ішкі жан дүниесінде болады, ал ерікті процестер іс-әрекет барысында, объектіге қатысты тәжірибелік қатынаста көрінеді. Эмоциялар көптүрлілігімен бай болып табылады. Адам баласы жақсы көреді, жақтырмайды, қорқады және т. б. Тұлға қандай жағдайда болса, эмоция да соған сәйкес болады.

Барлық эмоцияларды төрт топқа біріктіруге болады:

1) қанағаттану сезімін білдіру (жағымды сезім),

2) жақтырмау (жағымсыз сезім),

3) екеулік (амбивалентті),

4) шындыққа қатысты белгісіз қатынас.

Соңғы жылдардағы ғалымдар зерттеулері көрсеткендей, эмоцияның физиологиялық негізі - ми механизмдерінің іс-әрекетін және таламустағы, гипоталамустағы, лимбикалық жүйедегі және ми асты қабығының қыртыстарындағы орталықтарды белсендіретін ретикулярлық формациясы болып табылады.

«Эмоциялар адамның тұрмысында үлкен орын алады. Олар адамдарға адамдық сипат беріп, оның әркетін жылытып көрік беріп отырады» (Т. Тәжібаев) [12] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әскери әуе авиациясы
Әскери қызметкерлердің жұмысын атқару кезеңіндегі кездесетін эмоционалды ауыртпалықтарының психологиялық мәселелері
Ұжым әлеуметтік жанды тұлға
Әскери психология
Әскери ұжымдағы қарым - қатынас сипаты және әскери қызметкерлердің тұлғалық ерекшеліктері
Топтағы тұлға аралық қатынас
Оқушылардың ұжымын қалыптастыру
Ұжым және тұлға
Топтардың түрлері мен олардың сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz