Нарық жағдайындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және тұтынушылардың нарығын қанағаттандыру («Жетісу» АӨК кәсіпорыны мысалында)


Кіріспе
Республикада жүргізіліп жатқан Қазақстан - 2030 стратегиясы және сонымен байланысты экономикалық реформалар Республикадағы шағын бизнестің құрылуы мен оның сапасының прогрессивті өсу сипатына қарқынды әсер етіп отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей шағын бизнес - дамыған нарық шаруашылығының ажыратылмайтын элементі болып табылады. Оның арқасында экономика монополияға қарсы күшті потенциалдың көмегімен қажетті икемділікке ие болады. Шағын бизнес көбінесе экономикалық өсудің қарқынын, ұлттық кірістің деңгейін анықтайды және ішкі кірістің жалпы көлемінің 50% құрайды. Бұрындары ірі кәсіпорындар мен ұжымдырдың дамуына көп көңіл аударылса, қазіргі кезде көріп отырғандай тек, егерде нарықтағы тауарлар мен қызмет көрсетулер монополиялық құрылымды бәсекеге қабілетті механизммен қамтамасыз ететін шағын және орта бизнестің кәсіпорындарының қажетті санымен теңдестірілсе ғана аудандардағы тиімді нарықтық шаруашылықтың болуына көз жеткізіліп отыр. Сондықтан, нарықты сақтау қажет.
Шағын бизнестің ғылыми-техникалық прогресс бағытындағы көптеген жетіспеушіліктерді қамтамасыз етуде ролі өте зор. Ірі ұйымдар мен ұжымдар - нарықтың осындай ауыспалы жағдайында жаңа технологияларды және оның өндірістегі адекватты құралдарын тез қабылдауына қолайлы емес форма.
Сонымен қатар, шағын бизнестің ең қажетті мынандай қызметтері бар: қосымша жаңа жұмыс орындарын құру, ірі көлемдегі жұмыс күшін жұмысқа тарту қабілеті соның ішінде ұзақ мерзімдік жұмыссыздықтың нәтижесінде пайда болған әлеуметтік күшті төмендету және өндірістің құлдырауын болдырмау.
Осының барлығы соңғы уақытта Республикадағы кәсіпкерлік белсенділігінің кейбір құлдырауларының көтерілуіне байланысты өзекті мәселелерді талқылайды.
Қазақстандағы жалпы экономикалық дағдарыстың салдары шағын кәсіпкерлік қызметіне әсер етпей қоймады. Шағын бизнестің субьектілері өздерінің имманенттік жетіспеушіліктерінің басым бөлігіне өндірісті кеңейту мен үздіксіз қолдап отыру үшін үлкен көлемдегі қаражат бөлмейді. Көбінесе, құлдыраған шаруашылық жүйелер, дамымаған құрылым, кәсіпкерлерді сауда ортасына қарай тартып, өндірістік шағын кәсіпкерліктің даму құрылымын тежейді. Өздерінің заңды құқықтарын білмегендіктен ұсақ бизнесмендер: заңға қайшы келеді, мемлекеттік құрылымды ойрандатады, басқаруға теріс мінездегі қатынаста болады, осының барлығы мемелекеттің өндірістік индустриясының әзірге белсенді емес сау класының қалыптасуына кедергі келтіреді.
Қазақстанның экономикасының потенциалды өсуі отандық өндірістің дамуына байланысты. Бірақта ірі бизнес қазіргі бәсекеге қабілетті өндіріс үшін қажетті жағдайға қарсы келе алмайды және өте терең дағдарыста болады. Бұл жаңа технологияның, капиталдың, мамандандырылған жұмыс күшінің жетіспеушілігінен.
Отандық өндірісті дағдарыстан шығуға негізделген дамытудың ең тиімді бірден бір жолы, экономиканы перспективалы динамикада қолдауға қабілетті шағын кәсіпкерлік болып табылады, сонымен қатар біздің ұғымымыздан қалып кеткен «техникалық прогресс» түсінігін қолдану, өнімнің бұрынғы керек емес наменклатурасыннан құтылу және экономиканың барлық саласында мамандандырылған бәсекеге қабілетті өндіріс құру қажет.
Өтпелі экономика және отандық өнеркәсіптің дағдарысы жағдайында еркін кәсіпкерлікке көп үміт артылады. Жеке бизнесті дамыту бәсекенің кең түрде дамуына; экспорттық потенциалдың көтеріліне және оның құрылымының өзгеруіне; отандық өндірісте халықтың тұтынуына керекті тауарларды ішкі нарыққа қарқынды түрде енгізуге;
Елді мекендерді және кішігірім қалаларды әлеуметтік - экономикалық дамытуға; жаңа жұмыс орындарының санын көбейтуге әкеледі деп күтілуде.
Бөлім 1. Нарық жағдайындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және тұтынушылардың нарығын қанағаттандыру
1. 1. Бизнес және тұтынушы нарығының мәні мен мазмұны
Сатып алушыларды зерттеу, оларды сатып алуға баратын негізгі себептерін анықтау және тұтынушылардың құлықтарын талдау ісі қазіргі нарықтық жағдайда табысты жұмыс істеудің қуатты құралы болады.
Жоғарыда тұтынушылара әсер ететін факторларды және сатып алу үрдісінің талдаған кезімізде тұтыну тауарлары нарығындағы тұтынушыны қарастырған едік. Енді тұтынушы ретінде кәсіпорын нарығының маңызы ерекшеліктеріне тоқталайық.
Кәсіпорын нарықтарын зерттеу кезінде нарықтың үш түрін белгілеуге болады:
- өнеркәсіп нарығы
- арадағы сатушылар нарығы
- мемлекеттік мекемелер нарығы.
Өнеркәсіп нарығы дегеніміз өндіру үрдісінде қолджанатын тауарлардың сатып алатын адамдар және ұйымдар жиынтығы болады.
Өнеркәсіп тауарлары нарығына мына салалар тұрады.
- ауылшаруашылығы
- орман шаруашылығы
- балық щаруашылығы
Нарықтың сипаттамасы мынадай көрсеткіштері мен анықталады:
- сатып алушылардың саны шамалы
- алайда олар аса ірі сатып алушылар
- олар географиялық тұрғысынан айтарлықтай шоғырланған
- ол тауарларына сұраныс екінші қайтара сұранысы болып келеді
- бұл сұраныс тұтыну тауарларының сұранысына негізделеді
- өндірісте тұтынатын тауарлардың сұранысы әдетте икемсіз
- оларды сатып алушылар негізінде мамандар, тауардың қасиеттерін терең игергендер болады.
Кәсіпорынның тұтынушыларға әсер ететін факторларға мыналар жатады:
- Қоршаған орта және оның жағдайы (сұраныстың деңгейі, экономиканың даму бағыты, болашағы, өндірсті жабдықтау шарттары, ғылыми-техникалық прогрестің қарқыны, бәсекелестердің әрекет бағыттары, саяси жағдайы, несие алу жағдайы) ;
- Тұтынушы кәсіпорын ерекшеліктері (мақсаты, жұмыс әдістері, ішкі жүйесі) ;
- Ұжым адамдары арасындағы қатынастар жағдайы (өкілдігі, мәртебесі, өз пікіріне сендіре алуы, ісіне икемділігі) ;
- Ұжымдағы жеке тұлғалар ерекшеліктері ( жасы, білімі, қызмет бабы, тәукелге бару даярлығы) .
Сонымен, кәсіпорын тұтынушылар нарығына тұтыну нарығы қарағанда сыйымдылығы жоғары деңгейде, көбіне тауар сатып алу көлемі молырақ болады және сатып алушылар саны шамалы болып келеді. Сонымен қатар, есептей алынатын маңызды ерекшелігі сатып алу шешімдеріне әртүрлі факторлар әсер етіп, ол шешімдерді кәсіпорын атынан өкілдік алған тұлға орндайтын болады.
Қазіргі уақытта шығын кәсіпкерлік секторы республика экономикасында ақырындап өз орнын алуда және келе - келе өз кезегінде мықты экономикалық және саяси күшке ие болуда. Біраз жылдар ішіндегі шағын фирмалардың өсу динамикасы көрсеткендей, бұл сектордың негізгі мақсаты, мұндай кәсіпорындар тұрақтылыққа және тиімділікке, олардың өндірістік қызметі белсенділікке, құрылымдық жылжулардың прогрессивті жүзеге асуына ие болғанда басталудан даму кезеңіне өтеді.
Мемлекеттерімен серіктестікте негізгі бағыттарын белгіледі, соның ішіндегі ең негізгілері:
- бизнесті қолдаудағы ұлттық және мемлекетаралық құрылымдарды құруға көмек көрсету;
- кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінің сыртқы экономикалық белсенділік жағдайында талдау;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінің инновациялық жәрдем көрсету.
Ең басты айта кетерлігі, Қазақстан халықаралық серіктестікті дамыту ортасында шағын және орта компаниялардың халықаралық стратегиялық альянсын құруға мүмкіндік алды. Халықаралық серіктестікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясы халықаралық бағдарламада, жеке бизнесті Қазақстандық жоба үшін халықаралық серіктестікті дамыту бөлігінің кілті ретінде көрінеді, Европалық Одақпен, оның ішінде ТАСИС бағдарламасы шегімен, сонымен қатар, АҚШ-пен, Германиямен, Жапониямен, Қытаймен, Таиландпен және басқа да елдермен бірлестік қызметі Республикадағы экономикалық реформаларды қолдаудың қажеттігіне үлесін тигізеді.
Отандық тәжірибе көрсеткендей кәсіпкерлік, мемлекеттік билік жағынан қолдау мен тұрақты назарға мұқтаж.
Жеке бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік инфрақұрылымы алдын алған әрекет бойынша оның құрылуына жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта шығын кәсіпкерлік секторы республика экономикасында ақырындап өз орнын алуда және келе - келе өз кезегінде мықты экономикалық және саяси күшке ие болуда. Біраз жылдар ішіндегі шағын фирмалардың өсу динамикасы көрсеткендей, бұл сектордың негізгі мақсаты, мұндай кәсіпорындар тұрақтылыққа және тиімділікке, олардың өндірістік қызметі белсенділікке, құрылымдық жылжулардың прогрессивті жүзеге асуына ие болғанда басталудан даму кезеңіне өтеді.
Қазақстанның кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аумағында ТМД елдерімен серіктестігі өте қолайлы жай. Достастық Мемлекеттеріндегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің арасындағы іскер байланысты дамыту мен құрудың алғашқы қадамы жасалынды. 1997 жылдың қаңтарында ТМД-нің 11 мемлекеті ТМД-ға қатысушылар - мемлекеттердегі жеке бизнесті дамыту мен қолдау туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аумағында ТМД мемлекеттерімен серіктестікте негізгі бағыттарын белгіледі, соның ішіндегі ең негізгілері:
- бизнесті қолдаудағы ұлттық және мемлекетаралық құрылымдарды құруға көмек көрсету;
- кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінің сыртқы экономикалық белсенділік жағдайында талдау;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінің инновациялық жәрдем көрсету.
Ең басты айта кетерлігі, Қазақстан халықаралық серіктестікті дамыту ортасында шағын және орта компаниялардың халықаралық стратегиялық альянсын құруға мүмкіндік алды. Халықаралық серіктестікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясы халықаралық бағдарламада, жеке бизнесті Қазақстандық жоба үшін халықаралық серіктестікті дамыту бөлігінің кілті ретінде көрінеді, Европалық Одақпен, оның ішінде ТАСИС бағдарламасы шегімен, сонымен қатар, АҚШ-пен, Германиямен, Жапониямен, Қытаймен, Таиландпен және басқа да елдермен бірлестік қызметі Республикадағы экономикалық реформаларды қолдаудың қажеттігіне үлесін тигізеді.
Отандық тәжірибе көрсеткендей кәсіпкерлік, мемлекеттік билік жағынан қолдау мен тұрақты назарға мұқтаж.
Жеке бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік инфрақұрылымы алдын алған әрекет бойынша оның құрылуына жағдай жасайды.
Бір жағынан шағын бизнес Қазақстанның экономикасының дамуында үлкен роль атқарады, мұнда шағын кәсіпорындардың өнеркәсіпті дамытудағы өсу тенденциясының, экспорттың, әсіресе жұмысбастылықтың дамыған елдердегі сияқты дамуының ерекшелігін көрсетеді.
Қосымша, бұл мемлекетте шағын және орта бизнесті қолдау Қоры қызмет етеді, оған жататындар:
- Қазақстанның экономикасын шағын және орта кәсіпкерлікті инвестициялауды қаржылық қолдау арқылы дамыту, сонымен қатар Қазақстандық тауарлардың экспортын экспорттық несиелеу арқылы жеткізу;
- Дамып келе жатқан бизнесті қолдау;
- Кеңес беру және басқа да қызмет көрсетулерді ұсыну.
Қор шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуді мемлекеттік бюджеттің қаражаты арқылы жүзеге асырады.
Кейбір сарапшылардың пікірі бойынша, шағын кәсіпкерлік субъектілерін коммерциялық банктер арқылы несиелеу тиімдірек болар еді дейді. Басқа пікірлерді алсақ, қор шағын және орта кәсіпкерлерге несиелік жеңілдіктерді тікелелей емес, коомерциялық банктер арқылы ұсынса деп те айтады. Мұндай кесте қордың несиелік жеңілдіктерді икемді түрде және нарықтық экономиканың қағидаларымен байланыста бола отырып жүзеге асыруына жол береді, және бір бірімен бәсекеге түсетін коммерциялық банктердің қатынасында болатын бейтарап ұстанымдарды сақтайды. Барлық аймақтарда және қалаларда бөлімшелерге ие банктердің бұл процеске қатысуы, өзінің қызметін аймақтарда белсендірек етуге мүмкіндік береді. Банктер несиенің қайтарылмауымен байланысты ең аз дегенде тәуекелділіктің 50% алады. Банк тәуекелділікті өзіне көбірек алатын болса, онда ол делдал ретінде маржаны да көбірек алады.
Бірақта, мамандардың жүргізген талдаулары бойынша, салалық құрылымда сауда саттық-делдалдық қызметі барлық өнім көлемінің 48, 8% құрайды және Қазақстанның барлық аймақтарында жоғарғы деңгейде қалуды жалғастырып отыр, ол тек Шығыс Қазақстанда ғана төмен деңгейде, өйткені мұнда сауданың үлесі 15% құрайды. Мұндай жағдай сауда саттық-делдалдық қызметі өндіріске үлкен көлемдегі капитал салымы қажет болғанда бастапқы үлкен шығынды талап етпейді. Сол үшін, жекеменшік және заемдық қаражаттың жетіспеушілігі, ереже бойынша Қазақстанда қызмет етіп жатқан шағын кәсіпорындарды дамыту мен басқа да жаңа түрлерін құрудың негізгі кедергілері болып табылады.
Шағын және орта кәсіпорындардың қаражатын толтырудың қатарындағы негізгі көзіне банктік жүйе кіреді, өйткені мұндай кәсіпорындардың бастапқы капиталы шамалы ғана және нарыққа кіргендегі шығындарды жабуға мүкіндік бермейді, ал жұмыс жасап жатқан кәсіпорын аз ғана кірістің себебінен дамып кетуге шамасы жетпйді.
Екінші дәрежелі банктердің (ЕДБ, БВУ) жүргізген несиелік саясатының белсенділігінің арқасында соңғы жылдары, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдалануға берілген несие көлемінің едәуір түрде өсуіне қол жеткізілді: шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Республиканың барлық екінші дәрежелі банктерінің пайдалануға берілген несиесінің жалпы көлемі 2005 жылдың басынан салыстырғанда 110, 3 млрд. теңгеге жетті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің берген мәліметтері бойынша екінші дәрежелі банктердің экономиканың салаларына салған несиелік салымдары 2006 жылдың 1 қаңтарынан 672, 5 млрд. теңгені құрады. Несиелік салымдардың жалпы көлемінің ішінде орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлесі - 57%, шетел валютасындағы несие үлесі - 68, 5% құрады. Осы жылдың наурыз айында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген банктердің несиелері 0, 8%, басқа жылдармен салыстырғанда 149, 8 млрд. теңгеге өсті.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуді Ұлттық Банк жағынан кеңейту коммерциялық банктердің қызметінің жанама түрде әсер етуі жолымен жүзеге асырылады. Ұлттық банк жағынан қаржыландырудың ставкасы соңғы жылдары 8% дейін және ұлттық валютаның курсына қатысты тұрақтылығы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген банктік несиелердің ставкасының төмендеуіне себеп болды. Шағын және орта бизнеске берілген банктердің несиесі бойынша көтермелеудің орташа есептелінген ставкасы 23, 7% 2005 жылдан осы жылдын наурызында15, 7% төмендеп кетті.
Қазақстандық банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу саласындағы белсенділігінің өскендігін белгілеп қоя отырсақ, бәрібір бұл процесс оған берілген мүмкіншілікке ие бола алмайды, бұл объективті және субъективті себептердің бүтіндей тобмен ескертілінген. Мысалы, жоғарғы пайыздық ставка, несиелеу мерзімінің қысқалығы, өтімшілік кепілін қамтамасыз ету және т. б. Несиелік қорларға ие болудағы ерекше қиыншылықтарды бастаушы кәсіпкерлер мен ауылшаруашылық өндірушілер бастан кешіреді. Банктер тұрақты кіріс әкелмейтін кәсіпорындарға және қызметінің бірінші кезеңі банкроттық тәуекелділігімен байланысты компанияларға қаражат салғылары келмейді. Ауылшаруашылығын несиелеу жоғарғы тәуекелділікпен қазіргі уақытта жоғарғы өтімділігі бар кепіл түріндегі несиені қамтамасыздандырудың жоқтығынан, экономикалық бизнес-жоспарларды қайта қарай алмағандықтан, өндірістің төмен тиімділігі және т. б. байланысты болып отыр.
Әрине, мемлекеттің белсенді араласпауынан шағын және орта кәсіпкерлікті тұрақты дамыту мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының 2005-2006 жж әлеуметтік - экономикалық дамытудың индикативті жоспарының жобасында шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытудың шаралары келесідей қарастырылған:
- ұзақ және орта мерзімді несиелеудің үлесін экономиканың приоритеттік ортасында көтермелеудің жеңілдік ставкасын қолдану, кепілдік қорлар мен несиелік серіктестіктің аймақтық деңгейін көтермелеу арқылы құрылған кәсіпкерлікті қаржылық қолдау;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жабдықтар шығара алатын, шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау мүмкіншілігін кеңейту арқылы компанияның дамуына бағытталған инвестициялық саясат
Бұдан да басқа, көбіне әлемдік тәжірибеде қолданылатын шағын және орта бизнесті мемлекеттік әдіспен қолдау жеңілдік несиелеу, несие бойынша кепілдік беру, шағын және орта кәсіпорындардың капиталдарға үлестік қатысуы, сонымен бірге, кеңес беру қызметін ұсыну болып табылады. Дәл осылай, Германияда жеңілдік несиелер несиенің 3 тен 10% ға дейінгі сомасын құрастыратын дотация түрінде пайдалануға берілуі мүмкін. Немесе несиелеудің барлық мерзімінде пайыздық ставкасы төмендетілген несие түрінде де болуы мүмкін. Сонымен қатар, несиелеудің ұзартылған мерзімінде тәжірибе алмасады (бұл жағдайда кейде бірінші жылы кәсіпорындар несиені төлеуден босатылады) және несиені кез келген уақытта қосымша төлемсіз қайтару мүмкіндігіне ие болады.
Қазіргі уақытта банктік жүйе экономиканың нақты секторын несиелеуге дайын, бірақ нарықта тұрақты сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті өнім шығару жоспары қажет. Бұған әрине банктердің объективті себептері бар: есеп шоттарында көбінесе «талап етілгенге дейінгі» депозиттеріге немесе қысқа мерзімді депозиттерге ие болса, олар салымшылардың қаражаттарын тәуекел ете алмайды, ұзақ мерзімді жобаларды тарту тәуекелділігіне барады.
1. 2. Шағын бизнес арқылы тұтынушы нарығын қанағаттандыру әдістері
Шағын кәсіпорын көлеміндегі кәсіпкерлік сапалық артықшылықтармен де ерекшеленеді.
Бірінші кезекте кәсіпорынды тікелей басқару және бірлестіктің құқықтық бірлігін айту керек.
Екінші сипаттама - кәсіпорынға келесідей шолу жүргізуге болады: оның көлемінің шектеулілігі қожайын мен жұмысшының арасында тұлғаның жұмысының мотивациясының шындығына және оның еңбегін қанағаттандыруды жоғарғы дәрежеде кол жеткізуге мүмкіндік береді.
Үшіншіден - фирмадағы бағаға және тауарды реализациялаудағы жалпы салалық көлемге қандайда болмасын жағдайда әсер етуге рұқсат бермейтін кішігірім нарықтық қорлар мен өтімдер.
Төртіншіден - кәсіпкер мен клиент арасындағы тұлғаланған сипаттамадағы қатынас бұрындары айтылып кеткендей шағын кәсіпорын тұтынушыларға қызмет көрсетудің тығыз ортасымен салыстырып есептелінген.
Бесіншіден - кәсіпорын өміріндегі жетекшінің басты ролі: ол тек мүліктік нарықтағы шаруашылықтың нәтижесіне ғына толықтай жауапкер емес, сонымен бірге өзінің өндірістік процестегі және оның ұйымдарымен қатынастарды тікелей қарауға міндетті.
Алтыншы ерекше сипаты - отбасылық іс: ол кәсіпорынның барлық қызметіне соңғыларын тура кірістіргеннен гөрі, қожайынның туған - туыстарына мұраға қалып отырады.
Соңғы жетінші ерекшелігі қаржылық сипатымен байланысты. Егер «алыптар» биржаның қоры арқылы ерекше түрде керекті қорларды жинаса, онда шағын кәсіпорындар банктердегі салыстырмалы кішігірім несиелерге, өз қаражаттарына және «қалыпты емес» нарық капиталына (достарының, туған-туыстарының т. б. ақшалары) сүйенеді.
Сонымен қатар, тағы бір ерекшелігі ретінде негізгі қормен салыстырғанда айналым капиталының жоғарғы бөлігін ерекше айтуға болады. Егер ірі кәсіпорындардың бұл ара қатынасы 80:20 болса онда шағын кәсіпорындарда 20:80 құрайды.
Шағын кәсіпорынның қызметінің қатарынан ең алдымен экономикалық қызметін атап өту керек, оның ролі біріншіден - жұмыс беруші, екіншіден - өнім мен қызмет көрсетуді өндіруші, үшіншіден - ғылыми-техникалық прогрестің катализаторы, төртіншіден - салық төлеуші, бесіншіден - нарық қатынасының агенті ретінде көрінеді.
Әлеуметтік қызметінің де көптеген маңызы бар. Бірінші, кәсіпкерлік қызметтің шағын түрі арқылы көптеген адамдар өздерінің шығармашылық потенциалын ашады. Екінші, бұл жерде көбінесе ірі кәсіпорындардан қолдау таппаған халықтың әлеуметтік сезімтал тобы еңбекке тартылады (әйелдер, оқушылар, мүгедектер, зейнеткерлер, оралмандар және т. б. ) . Үшінші, шағын кәсіпорындар жас кадрлардың білімін ірі өндірістік орындар үшін көтеретін негізгі орындардың бірі болып табылады. Төртінші, кішігірім кәсіпорындар ең алдымен қызмет көрсету саласында қатынастағы адамдардың қажеттілігін қанағаттандырады (бірақ кейбір жерлерде ондай мүкіндіктен айырылған, мысалы, супермаркеттерде) .
Енді бүгінгі таңда нарықтық экономикасы дамыған елдерде орын алған экологиялық қызметі - өзекті де көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.
Шағын және орта кәсіпорындардың алғы шарттарымен байланысты мәселелеріне шет елдік және отандық әдебиеттерде көп мән беріліп отыр, бірақ та әзірге ғалымдар біржақты пікірге келе қойған жоқ.
Ағылшын тілді әдебиеттерде «small bisnes» термині қолданылады (шағын + орта), ал кей кездері жай ғана шағын бизнес.
Европалық елдерде Жапонияда «шағын және орта кәсіпорын» термині қолданылады.
Отандық әдебиеттерге келетін болсақ, мұнда ұзақ уақыт бойы «монополистік емес сектор» термині қолданылып келді.
Орта кәсіпкерліктің алғы шарттарын екіге бөлуге болады - сандық және сапалық. Сандық көрсеткіштерге - кәсіпорындағы жұмысшылардың саны, айналым, активтер, капиталдар, кірістер және т. б. статистикалық көрсеткіштер жатады. Бірақ арнайы шетелдік статистика тұрақты түрде шағын және орта кәсіпорындардағы бір ғана көрсеткіш - жұмысшылар санын қолданады. Нақ осы көрсеткіш балық елдер үшін салыстырмалы болып табылады.
Ең қиын іс сапалық көрсеткіште жатыр. Ғалымдар арасында бұл мәселе үшін біржақты пікір жоқ, бірақ шағын және орта кәсіпорындарды белгілеудің арнайы мәртебесі де бар. Мысалға, Ескі және Жаңа әлемнің әдеттегі өкілдері ретінде екі елді - АҚШ және Францияны қарастырайық.
АҚШ-та шағын бизнес жөніндегі Әкімшілік бизнесті егер, ол бөлімшелерімен қоса 500-ден төмен адам жалдаса, қызметін тек өз аймағында ғана жүргізсе онда оны шағын деп есептейді. Бірақ шағын бизнес жөніндегі Әкімшілік компания шағын бизнеске қатысы бар ма соны анықтау үшін салаларды көлемі бойынша толықтай сұрыптауды қолданады. Мысалы, қайта өндіретін өнеркәсіптерде жұмысшылар саны 250 адамнан төмен болса - шағын фирмаға, ал 1000 адамнан жоғары болса - ірі фирмаға жатады. Машина құрастыруда шағын бизнес жөніндегі Әкімшілік кестесі бойынша 41 кіші сала, оның ішінде он сегізі 250 жұмысшы адам санымен есептелінетін, он екісі шағын жоғарысы 500 жұмысшы және он бірі шағын ең жоғарғысы 1000 адам жалдайтын шағын кәсіпорын болып есетелінеді.
Кейде шағын бизнес жөніндегі Әкімшілік жұмысшылардың немесе өнімнен түскен кірістің санынан осы кәсіпорындарға мемелекеттік тапсырыстарды сатуға қатысу мүмкіндігін алу үшін жоғарғы талаптар қойылуынан қашады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz