ҚР-ның инвестициялық саясаты



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚР.НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 ҚР.ның өтпелі кезеңдегі инвестициясын тарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ҚР.ның экономикалық даму деңгейдегі инвестиция ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Инвестицияны дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Тарихта қандай мемлекет болмасын бүгінгі таңда халықаралық инвестициялық істесуге барады және шетелдік инвестицияларды тартуға ынталы болып келеді. Өйткені экономикалық заңдылық бойынша өздігімен тұйықталған экономика ешқашан тиімді экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайды.
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Осындай бәсекеге қабiлеттi ұлттық тұрақты экономиканы қалыптастырудың негiзi экономиканың тиiмдi саясаттар мен стратегияларды жүргiзiп, оны iске асыруына байланысты. Осы экономикалық саясаттардың iшiнде инвестициялық саясаттың орны айтарлықтай болып табылады. Өйткенi негiзгi капиталды инвестициялауда қаржылық және өнеркәсiптiк корпорациялар, инвестициялық және осының негiзiнде өндiрiске тiкелей инвестиция тартуды жүзеге асырады. Ал өз кезегiнде инвестиция экономиканың тиiмдi дамуының қайнар көзi болып табылады. Сонымен қатар, экономикадағы инвестицияларды ұтымды пайдалану, оларды өнеркәсiптiң өңдеушi саласына тартуда, отандық инвестициялардың көлемiн арттыруда, шетелге инвестиция шығаруда отандық корпорациялардың инвестициялық саясатының маңыздылығы жоғары екендiгi белгiлi.
Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын бүгiнгi таңда елiмiз үшiн маңызды болып отырған “Инвестициялық саяат: мәні, жүзеге асыру формалары” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi еліміз өз инвестициялық саясатын тиiмдi жүргiзiп оны экономикада iске асыра бiлсе, онда елiмiз алдағы уақытта экономиканың шикiзат бағытынан қол үзiп, дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсер едi.
Қазақстан Республикасының инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғасырдың әлеуметтiк – экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi. Ал осы инновациялы өндiрiстi дамыту үшiн ең бiрiншi инвестициялық қолдау көрсету қажеттiгi туындайды.
1. Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 8-қаңтарындағы «Инвестициялар туралы» Заңы.
2. Әубәкiров Я. Ә. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
3. Шарп У. Александр Г. Бейли Дж. Инвестиции – М: Инфра, 1998 г.
4. Оспанов М.Т. Иностранный капитал и инвестиции. – Алматы: 1997 г.
5. Хусанов Б.Д. Прямые иностранные инвестиции: глобальные и региональные тенденции 90-х годов. // Известия. Серия обественных наук, 2003, №3.
6. С.И. Шушкина «Инвестиционный проектирование» практические руководства по обоснованию инвест. проект – Москва, - 1995 г.
7. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – СПб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
8. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
9. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
10. Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург – 2001г.
11. Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
12. Кенжеғали Сағадиев “Бәсекеге қабiлеттiлiктi өзiмiз жасауымыз керек” // Егемен Қазақстан, 2004 ж.
13. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
14. Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында”. Қазақстан халқына Жолдауы, Алматы: атамұра, 2005. – 48бет.
15. «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане» // Бердибек Сапарбаев, РЦБК, №4, 2007 г.
16. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2007ж. 23 ақпан.
17. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.
18. Статистический ежегодник. Алматы. – 2007г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚР-ның инвестициялық саясаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 ҚР-ның өтпелі кезеңдегі инвестициясын тарту
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ҚР-ның экономикалық даму деңгейдегі инвестиция
... ... ... ... ... ... ... ..
3 Инвестицияны дамыту жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КIРIСПЕ

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай
отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға
тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған
жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық,
әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына
Жолдауында ерекше атап өттi.
Тарихта қандай мемлекет болмасын бүгінгі таңда халықаралық
инвестициялық істесуге барады және шетелдік инвестицияларды тартуға ынталы
болып келеді. Өйткені экономикалық заңдылық бойынша өздігімен тұйықталған
экономика ешқашан тиімді экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайды.
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай
отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға
тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған
жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық,
әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына
Жолдауында ерекше атап өттi.
Осындай бәсекеге қабiлеттi ұлттық тұрақты экономиканы қалыптастырудың
негiзi экономиканың тиiмдi саясаттар мен стратегияларды жүргiзiп, оны iске
асыруына байланысты. Осы экономикалық саясаттардың iшiнде инвестициялық
саясаттың орны айтарлықтай болып табылады. Өйткенi негiзгi капиталды
инвестициялауда қаржылық және өнеркәсiптiк корпорациялар, инвестициялық
және осының негiзiнде өндiрiске тiкелей инвестиция тартуды жүзеге асырады.
Ал өз кезегiнде инвестиция экономиканың тиiмдi дамуының қайнар көзi болып
табылады. Сонымен қатар, экономикадағы инвестицияларды ұтымды пайдалану,
оларды өнеркәсiптiң өңдеушi саласына тартуда, отандық инвестициялардың
көлемiн арттыруда, шетелге инвестиция шығаруда отандық корпорациялардың
инвестициялық саясатының маңыздылығы жоғары екендiгi белгiлi.
Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын бүгiнгi таңда елiмiз үшiн маңызды
болып отырған “Инвестициялық саяат: мәні, жүзеге асыру формалары” деп
алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi еліміз өз инвестициялық саясатын тиiмдi
жүргiзiп оны экономикада iске асыра бiлсе, онда елiмiз алдағы уақытта
экономиканың шикiзат бағытынан қол үзiп, дамудың индустриялы-инновациялы
жолына түсер едi.
Қазақстан Республикасының инновациялық мәселелерге қызығуы XXI
ғасырдың әлеуметтiк – экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық
дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни
өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық
қызмет ең қажеттiсi. Ал осы инновациялы өндiрiстi дамыту үшiн ең бiрiншi
инвестициялық қолдау көрсету қажеттiгi туындайды.

ҚР-ның инвестициялық саясаты

1 ҚР-ның өтпелі кезеңдегі инвестициясын тарту

Қазақстан Республикасының бүгiнгi әлемнiң экономикалық шаруашылығы
күннен-күнге күрделене түскен таңдағы мемлекет ретiндегi орны оның рыноктық
қатынастағы дамушы ел деп танылуы болып табылады. Рыноктық қатынастардың
дамуы ұлттық экономикамыздың елiмiз өз егемендiгiн алғаннан бастап осы
уақытқа дейiн даму үстiнде. Рыноктық қатынастардың тиiмдi қызмет етуi
барлық қоғамдағы шаруашылық қызметтердiң тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз
етiп отырады.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың
негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен
кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi
инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске
ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер
шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде
әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi
артады. Өндірістің тиімділігін арттыруда тағы да бір маңызды құрал, қаржыны
ұтымды пайдаланудың негізгі көзі инвестиция болып табылады.
Тарихта қандай мемлекет болмасын бүгінгі таңда халықаралық
инвестициялық істесуге барады және шетелдік инвестицияларды тартуға ынталы
болып келеді. Өйткені экономикалық заңдылық бойынша өздігімен тұйықталған
экономика ешқашан тиімді экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайды.
Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткiзуiнiң өзi
бәсекеқабiлеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуы есебiнен болып отыр. “Қазақстан
– 2030” даму стратегиясында жеке меншiк құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ
рынокта еркiн бәсекелестiк ортаны қалыптастырып және антимонополиялық
реттеудi сенiмдi түрде жүргiзу керектiгiн атап өткен.
2004 жылғы елбасымыздың “Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге
қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн” атты халыққа
кезектi Жолдауынан бәсекенiң ұлттық экономикамыз үшiн маңызы ерекше екенiн
көруге болады. Бұл бiздiң елiмiз үшiн өзектi мәселенiң бiрi. Бүгiнде,
қазақстандықтар, бүкiл әлем мемлекеттерiмен, олардың халқымен,
экономикасымен, бiлiм-бiлiктiлiгiмен бәсекеге түстiк, одан әрi де
түспекпiз. Ал ендi осыған дайын, сәйкес болудың, қамданудың, бәсекеге
қабiлеттiлiктi пәрмендi түрде жасаудың тиiмдi жолдарын айқындаудың мезгiлi
жеттi.
Биылғы 2006 жылдың 1-ші наурызындағы Елбасымыздың халыққа кезекті
Жолдауында Қазақстан алдағы уақытта әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіруі керек деп алдыға үлкен мақсат қойды. Ал
бұл бағдарламаларды іске асырып, экономиканы тиімді және бәсекеге қабілетті
етіп дамыту үшін ең бірінші қаржы көзінің негізі болып табылатын және
кәсіпорындарды ынталандырудағы маңыздылығымен ерекшеленетін инвестициялар
болып табылады.
Қазақстан бүгiн әлемдiк рынокта бәсекеге тек қана шикiзаттық ресурстар
арқылы ғана түсе алады. Бүгiнде елiмiздiң мұнай және метал салаларының
құралдары ғана жоғары сапада болып, олардың өндiрген өнiмдерi бәсекеге
түсiп отыр. Ал елiмiздегi негiзгi құралдардың 80% моралдық және физикалық
жағынан тозған құралдар екенi белгiлi.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және
жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-
келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары
деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету
бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Инвестициялық дағдарыс Қазақстанда Республикасында инвестициялық
қызметтiң дереу тоқталуымен белең алды. 1991-1996 жылдар аралығында негiзгi
капиталға инвестиция тарту тұрақты түрде кемiп отырды. Осы аралықта негiзгi
капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемi 10 есе кемiдi. Осылайша
елiмiзге инвестиция ағымы азаюымен қатар жоғарыда көргенiмiздей
экономикалық өсуде дағдарысқа ұшырады. Жалпы экономикада өндiрiстер
құлдырап, көбiсi банкротқа ұшырады. Сондай-ақ бұрынғы құралдардың жаппай
тозуы басталды. Осының салдарынан әлеуметтiк салада жұмыссыздық күннен-
күнге өсе бастады.
Қазақстан Республикасының егемендігін алған жылдардан кейінгі жаппай
өндірістік құлдырау кезінде еліміз экономикасының инвестицияларға деген
мұқтаждығы өте жоғары болды. Ол жылдары отандық инвестициялардың әлі де
болса тиімді дамымауына байланысты еліміз сол жылдардан бастап елдегі
тиімді ресурстық жағдайларды ескере отырып, шетелдік инвестициялардың
келуіне оңтайлы жағдайлар жасай бастады. Осы кездерде шетелдік
инвестициялардың басым бөлігі шикізаттық салаларға ағыла бастады және
оларға шектен тыс еркіндіктер берілді. Оның зардабын Қазсқатан Республикасы
бүгінгі таңда түсіне бастағанымен, шаралар қолдануға әлсіздік танытып отыр.
Оған мысал ретінде ұлтымыздың шикізат өндіруші басты орындары бей-
берекет, сырапсыз қызмет етуде, сонымен қатар ірі, маңызды кәсіпорындарымыз
Петро Казахстан, КазахМыс шетелдердің қолына оп-оңай өтіп кетуде. Оның
барлығы кезіндегі инвестициялық дағдарысты жылдардың кемшілігінің
зардаптары болып табылады.
Мемлекетiмiз осы мәселеге тiкелей араласа бастады. Ол экономикаға
инвестиция тартуды ынталандыру саясатын жүргiздi, шетлдiң тура
инвестициялар келуiне ынғайлы жағдайлар жасады. Сондай-ақ iшкi экономикалық
инвестиция тартуды дамытты. Осылайша 1997 жылдан бастап елiмiзде
инвестициялық қызмет өсу бағытына бет алды. Оның өсiмi 1997 жылы 11,6%,
1998 жылы – 41,9%, 1999 жылы – 3,8%, 2000 жылы – 29,4%, 2001 жылы – 30%-ды
құрады.
Бiрақ қазiргi уақытта шетелдiк инвестицияның басым көпшiлiгi
елiмiздiң шикiзаттық қорын игеруге салынып отыр. Осыған байланысты
экономикалық өсудiң өзi осы сонғы жылдарда әлемдiк рыноктарда мұнайға деген
бағаның өсуiмен байланысты болып отыр. Ал экономиканың тұрақты өсуiн
қамтамасыз ету үшiн өндiрiстiң өңдеушi саласын дамыту мәселесi туындап
отыр. Ол үшiн осы салаларға инвестиция салуды ынталандыруды мемлекеттiк
тұрғыдан ынталандыруды қолға алу керек. Жалпы оның себебiн 2004 жылы
негiзгi капиталға тартылған инвестиция мөлшерiмен анық көруге болады.
(сурет 3).
Қ.Р-ның Статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды
инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк
инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм
шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң
шикiзатымыз болып отыр. Бүгiнде шетел инвестицияларының 80% шикiзаттық
өндiрiске салынуда. Оны келесi суреттен көре аламыз:
















Сурет-2 – Елiмiзге келiп жатқан шетел инвестициясының құрылымы

Бүгiнгi таңда Қазақстан экономикасының дамуы негiзiнен инвестицияның
көп мөлшерде тартылуына тiкелей байланысты. Өйткенi елiмiз өндiрiсiнiң
жалпы деңгейi мен оның даму болашағының деңгейi қазiргi өндiрiс ауқымынан
10 есеге артық болып табылады. Бұл шамаға жету үшiн шетелдiк
инвестицияларды тартумен қатар, отандық инвестицияның да үлесiнiң артуын
басты орынға қойып, ұлттық инвесторлардың инвестициялық саясатын өндiрiстiң
өнеркәсiп және өңдеушi саласына тартуына ынталандыруымыз керек.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың
шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге,
машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни
инновация – экономикалық өсудi тұрақтандырып, бәсекеге қабiлеттiлiктi
жоғарлатудағы басты дамытушы күш болып табылады.
Осы аталған iшкi инвестицияларды дамытудың бiрден-бiр көзi жағдайы
жақсарған отандық корпорациялардың, екiншi деңгейдегi коммерциялық
банктердiң және сақтандыру компанияларының инвестициялық саясатын дамыту
және оларды ұлттық экономиканы дамытуға деген ынталарын арттыру болып
табылады.

Осылардың iшiнде әсiресе негiзгi капиталды инвестициялауда әр түрлi
корпорациялардың алатын орны ерекше, себебi банктер көбiнесе ақша-несиелiк
операциялармен айналысады, ал өндiрiс және тағы басқа корпорациялар
өндiрiске тiкелей инвестиция тартуға икемдi болып келедi.

Қазақстан экономикасына қазiргi келiп жатқан көптеген шетел
инвестициялары негiзiнен әлемдiк тарнсұлттық корпорациялардың бiздiң
экономикамызға салған инвестициясында көрiнiс табуда. Елiмiздегi ауқымды
трансұлтты компаниялардың басым көпшiлiгi АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және
Оңтүстiк Корея елдерi екенi белгiлi. Осы дамыған елдердiң елiмiздегi басты
және кең көлемде қызмет етiп отырғандарына келесiлердi жатқызуға болады:
Шеврон, Бритиш Газ, Аджип, Сумимото Корпорейшн, Эльф Акитэн, БМВ, Туркие
Петроллери, Оман Ойл компани, Джапан Петролеум Эксплорейшн, LG және т.б.
трансұлттық корпорациялар жатады.

Олардан тартылған инвестициялардың дерлiк бөлiгi өндiрiстiң шикiзат,
яғни мұнай және газ минералдарын өндiруге салынуда. Инвестиция негiзiнен
экономика дамуына жақсы орай. Ол арқылы тек қана ақша ғана келмейдi,
сонымен қатар технологиялар, инновациялар, менеджменттер, жақсы нарықтар
келедi. Бiрақ экономика дамуының сапалылығы сол инвестициялардың қалай
жұмсалғандығына байланысты.

Бүгiнгi Қазақстандағы шетелдiк және отандық корпорациялардың
инвестициялық саясаттары ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз
етпейдi және одан да жоғары артық мүмкiншiлiктердi iске асыра алмай отыр.
Әрине бiзге белгiлi шетелдiк трансұлттық компаниялар бұл инвестициялық
саясатқа ынталы емес, бұны шешудiң бiрден-бiр жолы отандық корпорацияларды
өз инвестициялық қызметтерiн өңдеушi өнеркәсiп саласына бағытттау, сонымен
қатар отандық корпорациялар шетелден тартқан инвестицияларын қолданудың
тиiмдi жолдарын қарастыру қажеттiгi туындап отыр. Мұндай тиiмдi
инвестициялық саясаттың қажеттiгi 2004 жылы елiмiзде 59 млн. тонна мұнай
шикiзаты өндiрiлдi. Осының 52,6 млн. Сол шикiзат күйiнде экспортқа
шығарылды. Ал осы мұнай минералын шикiзат күйiнде емес мұнай-химия
өнiмдерi ретiнле өңдеп шығарса оның құны төрт есе жоғары болады екен.
Сонымен қатар, мұнайдың осындай өңделген өнiмдерiне әлемдiк рынокта жылдан-
жылға сұраныста артып келе жатыр. Мысалы, соңғы 30 жылда әлемде болаттың
өсуi 80%, алюминийдiң өсiмi 300%, ал пластмассаның өсiмi 550% жеттi.

Осы аталған жағдайларды ескере отырып, елiмiздiң отандық мұнай және
газ салаларында қызмет ететiн корпорациялары (“КазМунайГаз”, ОАО “СНПС –
Актобемунайгаз”, “Карачаганак Петролеум Опереитинг”, ТОО Казахойл-Актобе,
ТОО КазГерМунай”, ЗАО “Торгай-Петролеум” және т.б. компаниялар) өздерiнiң
инвестициялық саясатын жалпы түрде келесi бағыттарда құру керек:

• Корпорация қаржылары мен активтерiн дамыту және тиiмдi пайдалану;
• Корпорацияға инвестиция тартудың тиiмдi көлемiн және оның қажет
деңгейiн алдын-ала анықтау;
• Тартылған инвестицияларды өндiрiстiң өңдеушi саласын дамытуға немесе
өнеркәсiп саласын дамытуға ынталандыру;
• Инвестиция тартудың әр түрлi жолдарының (несие, лизинг, тiкелей,
портфельдi, құрал-жабдықтай немесе мемлекеттiк гранттар) өздерiне ең
ұтымды көздерiн анықтау;
• Инвестициялық тәуекелдiлiктерiн барынша азайту немесе сақтандыру;
• Негiзгi капиталды инвестициялауға баса назар аудару, әсiресе мұнай-
химия өнеркәсiбiн дамытуды қолға алу;
• Мұнай саласында инновациялық жоғары технологияларды пайдалануды дамыту
және шетелдерден қажеттi жаңа технологияның түрлерiн алдын-ала
тiзiмдеу;
• Мұнай және газ саласында қызмет ететiн отандық және шетел
корпорациялары ұлттық өнеркәсiптiң басқа салаларын инвестициялауға
ынталы болуы керек;
• Корпорациялардың қаржы тарту мақсатындағы щығарған бағалы қағаздарының
қор биржасында өтiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
• Осы мұнай-химия және мұнай өiмдерiн шығаратын салаға мемлекеттiң
бөлген субсидиялары мен гранттарын ұтып алу болып табылады.
Сондай-ақ елiмiз көлемiнде және халықаралық деңгейде өз қызметiн iске
асырып отырған ұлттық компаниямыз “Қазақтелеком” ААҚ халықаралық және
аймақаралық бесекелестiкте орнының маңыздылығы ерекше. Сондықтан елiмiздiң
бұл компаниясын қолдау және ол компанияның инвестициялық саясатын тиiмдi
ұйымдастыру арқылы бiз әлемдiк рыноктағы шетел компанияларына тойтарыс бере
аламыз. Бүгiнгi таңда компания алдында екi негiзгi қызмет туындап отыр: өз
қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және өзiнiң телекоммуникация қызметiн
халықаралық стандарттар саласына енгiзу.
Анализ көрсеткенiндей, телекомуникация саласында басты табиғи
монополия телекоммуникация жүйелерi мен каналдары арқылы құрылады.
“Қазақтелеком” ААҚ бәсекелестiк рынокта басты элементi бұл қызмет
көрсетуде инновация мен техниканы жоғары дәрежеде, халықаралық стандартарға
сәйкес дамыту болып табылады. Бұл шара бүгiнгi таңда iске асуда. Оның
көрiнiсiн “Қазақтелеком” ААҚ елiмiз аумағында жүргiзiп жатқан “Ұлттық
ақпараттық супермагистрал” торабынан көруге болады.

2004 жылы “Қазақтелеком” ААҚ Шығыс Қазақстан аймағындағы байланыс
торабын жүргiзу қызметтерiн аяқтады, оның ұзындығы 2400 км құрап отыр.
Сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан мен Оңтүстiк Қазақстан арасындағынегiзгi
байланыс торабын iске қосты, яғни ол: Петропавл – Көкшетау – Астана –
Павлодар – Семей - Өскемен – Талдықорған қалаларын жүйелендiрдi. Жобаның
құны 40,2 миллион евроны құрады және жобаға басты қатысушы Германияның
“Сименс” компаниясы. Алдағы жылдары Қазақстанның басқа аймақтарына да
Ұлттық байланыс супермагистралы тартылады.

Бұл торап қазiр 14 халықаралық автоматты станцияларды және 18 елмен
байланыс орнатуда. Яғни, елiмiз көлемiнде “цифровой” байланысты дамытуда.
Мамандардың айтуынша “Қазақтелеком” ААҚ “Ұлттық байланыс супермагистрал”
жобасын толығымен iске асырса, 2006 жылы Азия мен Европа арасындағы
телекоммуникация бойынша iрi транзиттi орталыққа айналады. Бұл жоба
елiмiздiң 80% халқын қазiргi заманғы байланыс жүйесiмен қамтамасыз етедi.
Сондықтан осы ұлттық компаниямыздың бiрi ААҚ “Қазақтелекомның” бүгiнгi
инвестициялық саясаты тиiмдi iске асу үстiнде деп айта аламыз.

Жалпы Қазақстан Республикасы экономикасындағы инвестициялық қызметтiң
даму көлемiн келесi кестеден көре аламыз:

Кесте 1

Елiмiздегi 2003-2006 жылдардағы жалпы инвестициялар

Көрсеткiштер, млн. теңге 2003 2004 2005 2006
Барлық инвестициялық активтер 512332 752645 1158148 1307249
Негiзгi капиталға инвестиция 369084 595663 943398 1099986
Капиталды жөндеулерге шығындар 21893 43013 85657 146264
Айналым активтерiне инвестиция 140147 153526 207067 202912

1-шi кестеден көрiп отырғанымыздай жалпы инвестициялар құрамында
негiзгi капиталға инвестицияның алатын үлесi айтарлықтай басым. Бұл әрине
жақсы көрсеткiш болып табылады. Бiрақ осы негiзгi капиталға тартылған
инвестициялардың экономикалық қызмет түрi бойынша алатын үлесiнiң ара
салмағының маңызы жоғары. Себебi, елiмiздегi негiзгi капиталға тартылған

инвестициялардың негiзгi бөлiгi тау-кен өндiрiсiне, яғни шикiзат саласының
капиталдарын дамытуға салынуды. Осы мәселенi келесi экономикалық қызметтiң
негiзнгi түрлерi бойынша келесi кестеден көре аламыз.

Кесте 2

Экономикалық қызметтер бойынша негiзгi капиталды инвестициялау көлемi

2002 2004 2005 2006
Негiзгi капиталға тартылға 369084 595663 943398 1099986
нбарлық инвестициялар
Ауыл, орман шаруашылығы 2471 8179 11986 15972
Тау-кен өндiрiсi 155082 296828 417982 457010
Өңдеушi өнеркәсiп 44987 71607 104775 103421
Құрылыс 13661 21241 40738 50366
Қаржылық қызметтер 6508 9239 12249 9569

Осы мәселеге байланысты ендiгi жерде iшкi және сыртқы инвестициялардың
негiзгi бөлiгiн өңдеушi салаға құйылуын мемлекеттiк және кәсiпкерлiк қолдау
арқылы ынталандыруымыз керек.

2 ҚР-ның экономикалық даму деңгейдегі инвестиция

Бүгiнгi таңда Қазақстан экономикасының дамуы негiзiнен инвестицияның
көп мөлшерде тартылуына тiкелей байланысты. Өйткенi елiмiз өндiрiсiнiң
жалпы деңгейi мен оның даму болашағының деңгейi қазiргi өндiрiс ауқымынан
10 есеге артық болып табылады. Бұл шамаға жету үшiн шетелдiк
инвестицияларды тартумен қатар, отандық инвестицияның да үлесiнiң артуын
басты орынға қойып, ұлттық инвесторлардың инвестициялық саясатын өндiрiстiң
өнеркәсiп және өңдеушi саласына тартуына ынталандыруымыз керек.

Осы аталған iшкi инвестицияларды дамытудың бiрден-бiр көзi жағдайы
жақсарған отандық корпорациялардың, екiншi деңгейдегi коммерциялық
банктердiң және сақтандыру компанияларының инвестициялық саясатын дамыту
және оларды ұлттық экономиканы дамытуға деген ынталарын арттыру болып
табылады. Осылардың iшiнде әсiресе негiзгi капиталды инвестициялауда әр
түрлi корпорациялардың алатын орны ерекше, себебi банктер көбiнесе ақша-
несиелiк операциялармен айналысады, ал өндiрiс және тағы басқа
корпорациялар өндiрiске тiкелей инвестиция тартуға икемдi болып келедi.

Олардан тартылған инвестициялардың дерлiк бөлiгi өндiрiстiң шикiзат,
яғни мұнай және газ минералдарын өндiруге салынуда. Инвестиция негiзiнен
экономика дамуына жақсы орай. Ол арқылы тек қана ақша ғана келмейдi,
сонымен қатар технологиялар, инновациялар, менеджменттер, жақсы нарықтар
келедi. Бiрақ экономика дамуының сапалылығы сол инвестициялардың қалай
жұмсалғандығына байланысты. Бүгiнгi Қазақстандағы шетелдiк және отандық
корпорациялардың инвестициялық саясаттары ұлттық экономиканың тұрақты
дамуын қамтамасыз етпейдi және одан да жоғары артық мүмкiншiлiктердi iске
асыра алмай отыр. Әрине бiзге белгiлi шетелдiк трансұлттық компаниялар бұл
инвестициялық саясатқа ынталы емес, бұны шешудiң бiрден-бiр жолы отандық
корпорацияларды өз инвестициялық қызметтерiн өңдеушi өнеркәсiп саласына
бағытттау, сонымен қатар отандық корпорациялар шетелден тартқан
инвестицияларын қолданудың тиiмдi жолдарын қарастыру қажеттiгi туындап
отыр. Мұндай тиiмдi инвестициялық саясаттың қажеттiгi 2004 жылы елiмiзде 59
млн. тонна мұнай шикiзаты өндiрiлдi. Осының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің үдемелі-индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Ақша саясаты
2013-2015 жылдардағы ҚР-ның макроэкономикалық көрсеткішіне сипаттама
«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қaзaқстaн Республикaсының туризм сaлaсындaғы инвестициялық жағдайы мен инвестициялық сaясaты
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі
ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясатын талдау және бағалау
Пәндер