Қазақстан - тәуелсіз мемлекет



1 Кіріспе
1.1.ҚАЗАҚСТАН . ЕГЕМЕН, ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ
2 Негізгі бөлім
2.1. ҚАЗАҚ КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУ ТУРАЛЫ
2.2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІ ТУРАЛЫ
2.3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӨКІМЕТ ОРГАНДАРЫ
2.4.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГШІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
2.5.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ . ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҮШЕСІ
2.6.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚОРҒАУ
Қорытынды
Қорытынды ережелер
80-жж. ақырында Кеңес мемлекеті ыдырай бастады. Халық депутаттары бірінші съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілсттікті бөлісу, жаңа Одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады. Демократиялық қайта құрылыстардың және ұлттық сананың ояну процестерінің дамуы, уақиғалардың даму барысы партиялық және мемлекеттік басшылық тарапынан осыған сай арталық пен одақтас республикалардың қарым-қатынасын үйлестіретін шаралар қолдануды талап етті.
Жаңа шындық жагдайды есепке ала отырып, Одақуы қайта құру идеясы кеңінен қолдау тапты және ол «төменнен» — автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына, оның ішінде енеркәсіптің негізі болып табылатын салалық кәсіпорындарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңғыртуға бағытталған қозғалысты Н. Ә. Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі проблемалардың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысады. Оңшыл және солшыл радикализмге қарама-қарсы Н. Ә. Назарбаев табанды, демократиялық реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс, барлық қазақстандықтардың теңдігіне негізделген ұлтаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың түбегейлі принципі ретінде саяси түрақтылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын жүргізіп келеді.
Бірақ Қазақстанда басталған әміршіл-әкімшілдік жүйені сындыруға мемлекеттік басқару құрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң билік кедергі жасады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1 Кіріспе
1.1.ҚАЗАҚСТАН - ЕГЕМЕН, ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ
2 Негізгі бөлім
2.1. ҚАЗАҚ КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУ ТУРАЛЫ
2.2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІ ТУРАЛЫ
2.3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӨКІМЕТ ОРГАНДАРЫ
2.4.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГШІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
НЕПЗДЕРІ
2.5.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҮШЕСІ
2.6.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚОРҒАУ
Қорытынды
Қорытынды ережелер

ҚАЗАҚСТАН - ЕГЕМЕН, ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ

80-жж. ақырында Кеңес мемлекеті ыдырай бастады. Халық депутаттары
бірінші съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік,
экономикалық дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында
өкілсттікті бөлісу, жаңа Одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады.
Демократиялық қайта құрылыстардың және ұлттық сананың ояну процестерінің
дамуы, уақиғалардың даму барысы партиялық және мемлекеттік басшылық
тарапынан осыған сай арталық пен одақтас республикалардың қарым-қатынасын
үйлестіретін шаралар қолдануды талап етті.
Жаңа шындық жагдайды есепке ала отырып, Одақуы қайта құру идеясы
кеңінен қолдау тапты және ол төменнен — автономиялық және одақтас
республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару,
өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы
табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына, оның ішінде енеркәсіптің
негізі болып табылатын салалық кәсіпорындарына республиканың меншіктік құқы
дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты
түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңғыртуға
бағытталған қозғалысты Н. Ә. Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі
проблемалардың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысады. Оңшыл және
солшыл радикализмге қарама-қарсы Н. Ә. Назарбаев табанды, демократиялық
реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс, барлық қазақстандықтардың
теңдігіне негізделген ұлтаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың
түбегейлі принципі ретінде саяси түрақтылықты сақтауға баса көңіл бөлу
саясатын жүргізіп келеді.
Бірақ Қазақстанда басталған әміршіл-әкімшілдік жүйені сындыруға
мемлекеттік басқару құрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң
билік кедергі жасады.
Жекелеген партия ұйымдарының өз жұмыстарын жаңа талаптарға сай қайта құруға
бағытталған талпыныстары елеулі нәтиже бермеді.
1988 ж. бастап жана туып келе жатқан оппоненттер тарапынан Қазақстан
Компартиясына сын айтыла бастады, мұның өзі комму-нистер партиясының іргесі
шайқала бастаған, бірақ әлі де белгілі дәрежеде сақталып отырған беделіне
қатты соққы болды.
Ресми емес қозгалыстардын, дамуы Казақстаннын, қоғамдық өміріндегі
занды қүбылыс еді, оның бастама негізі экономикалық қозғалыс, сондай-ақ
Алматыдагы желтоқсан (1986 ж.) уақиғалаларынан кейін республикада туған
қоғамдық-саяси ақуал болды.
1987 ж. тамызда тұңғыш тәуелсіз ұйым - әлеуметгік-экологиялық
инициатива бірлестігі құрылып, ол өзінін, алдына соғысқа қарсы түру,
экологаялық, адамгершілік және бейбітшілікті қорғау идеяларын, жариялылық,
демократияландыру, әлеуметтік тендік және әділеттік принциптері негізінде
халықтың әлеуметтік белсенділігін көтеруге көмектесу, жұртшылықтың, еңбек
ұжымдары мен азаматтардың бастамаларына моральдық және ұйымдық, құқықтық,
консультациялық, информациялық, эксперттік қолдау көрсету мақсатын қойды.
Кейінірек бұл бірлестіктен басқа саяси ұйымдар, оның ішінде жасыл майдан,
Қазақстанның социал-демократиялық партиясы белініп шықты. Ядролық қаруға
қарсы Невада - Семей қозғалысы жоне Арал, Балхаш, Қазақстан экологи-
ясының проблемалары женіндегі қоғамдық комитет республика, мүнан кейін
халықаралық келемдегі экологиялық ұйымдарға айналды.
Жұмысшы қозғалысы елеулі саяси күшке айналды. Оның қатарында Қарағанды
көмір бассейні шахтерлері ерекше роль атқарды, олардың қимылдары тегеуріні
женінен Кеңес Одағының басқа көмірлі аудандарының ереуілдерімен сай келіп
жатты. Таза экономикалық талаптан басталған олар шапшаң-ақ саяси сипат
алды. Жүмысшылардын. облыстық ереуіл комитеті 1989 ж. бастап қызмет
істейді, ол Қарағанды облысы еңбекшілерінің одағына ұжымдық мүше ретінде
кіреді. Жаңа Өзендегі уақиға (1989 ж.) әлеуметтік-экономикалық саладағы
көкейтесті проблемаларды жалғанның жарығына шығарды, ол инфрақұрылымның
мешеулігінен, өндіргіш күштерді орналастырудағы қателіктердің салдарынан
жергілікті халық жүмыссыз жүргенде вахталық әдісті қолдану практикасы-ның
берік орын алуынан туды.
Әйелдер кеңесіне балама ұйымдар өдеттен тыс төменнен пайда болды.
Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мүсылман әйелдерінің лигасы, көп
балалы аналар, жаңүялар одағы, Айша, Ақ отау және басқа іскер әйелдер
ассоциациясы құрылды. Республикадағы күштердің саяси орналасуында жастар
қозғалысы елеулі орын алды. 1991 ж. күзге дейін оның қатарында республика
жастар ұйымдарының комитеті, Қазақстан ЛКЖО және басқа 48 құрылымдар мен
ұйымдар болды.
1990 ж. ортасында Азат қозғалысы жэне Азат саяси партиясы пайда
болды. Азат өзінің басты мақсатын тәуелсіз мемлекеттер достастығы
шеңберінде Қазақстанның мемлекеттік егемендігі үшін күрес деп белгіледі.
Бұл аталғандардан басқа да саяси партиялар мен қозгалыстар әрекет етті,
республикада 1991 ж. барлығы 120-дан астам дербес бірлестіктер болды.
Қазақстан халқының елеулі дәрежеде саясаттануы жұртшылықтың
республикадағы істің жағдайына қанағаттанбайтындығының, олардың дағдарыстан
шығудың жолын ортақтасып іздеуінің көрінісі еді.
Қазақстанда кеп партиялылықтың қалыптасу процесіне талдау жасай келіп,
мүны тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезеңнің бастамасы ғана деп санау
керек. Көп партиялылықтың тарихи дәстүрінің, республика халқының дамыған
саяси мәдениетінің жоқтығы - кең және берік саяси базасы жоқ, саяси
көзқарасының біржақтылығымен керінетін саяси бірлестіктердің пайда болуына
әкеліп соқтыруда. Бұл бағаны Алаш және Желтоқсан, Қазақстанның
социалистік, социал-демократиялық, коммунистік партияларына беруге болады.
Осыған қарамай деңгелек стол басында тұжырымдалған ортақ идеяларды
қорғайтын саяси күштердің күш-жігерін біріктіру үшін алғышарттар бар, мұның
өзі партияаралық қарым-қатынасқа цивилизациялық және оң сипат берер еді.
Мысалы, Қазақстан халық конгресі партиясы және Қазақстан халық бірлігі
одағы азаматтық бірлікке және ұлтаралық татулыққа шақырып, бір-біріне жақын
жарғы ұсынады.
Қоғамдық демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару
қызметі мақызды рөль атқарды. Бұл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуірден) жетекші орын алды. 1990-1991 жж.
қабылданған республика зандарында әрбір адамның мүқият зерттеліп жасалған,
құқықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген
бостандықтары мен адамгершілік қасиеттерін керсетуіне қажетті жағдайларды
қамта-масыз етуге зор көңіл белінді. Қалыптасқан шындық жағдайдың
талаптарына сай республика зандарын жаңарту құқықтық мемле-кет құру
жолындагы елеулі қадам болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық
егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді
топтастыруға тиіс еді. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтті,
республиканы мекендейтін барлық ұлттар адамдарынын, талап-тілегіне жауап
беретін болды. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл
дәрежесін берген Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын қабыл-дауы тарихи уақиға
болды.
Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі
жагдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді түрақтандыруға
көмектесетін президенттік басқарудың енгізілуі занды еді. 1990 ж. 24
сәуірде республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің Президенті лауазымын
белгіледі, парламент сесси-ясында жасырын дауыс беру нәтижесінде оған Н. Ә.
Назарбаев сайланды. Президенттің Семей полигонында ядролық сынаққа тиым
салу, Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтарға
әлеуметтік көмек көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстанда
демократиялық қайта құрылыстар жүргізудің өзіндік бір белесі батды.
Республика Жоғарғы Кеңесінің тералқасы 1986 ж. 17—18 желтоқсанда Алматыда
болған уақиғаға байланысты жағдайларға түпкшікті баға беру женінде арнаулы
ко-миссия құрды.
1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ ҚСР-нің мемлекеттік
егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендік алу Казақстанда жалпы
демократиялық процестердің барысын шапшандатты, мұның өзі елдегі болып
жатқан уақиғалармен тыгыз байланысты еді. 1991 ж. ортасында-ақ Қазақстан
басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды.
Қазақстанның бастамасы бойынша Белорусиямен, Украинамсн, Ресеймен және
басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды,
орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы
екі жақты келісімдер жасалды. 1990 ж. желтоқсанда төрт республика - Ресей,
Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы
инициатива жасады, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен
жұмыс басталды.
1991 ж. тамыздағы уақиға бұл жұмысты үзіп жіберді, КСРО-ның күйреуін
және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік
алуын шапшаңдатты. ҚОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи
аренадан кетті.
Міне осындай күрделі жағдайда Қазақ мемлекеттігі шеңберінде
Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде
Қазақ ҚСР-ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп
жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада
қабылдаған Қазақ КСР-ның Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен
басқару құрылымьш жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына)
өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Заңы бойынша берілді.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика
Президентін жалпы халықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз
еркін білдіруі арқасында Н. Ә. Назарбаев Президент болды.
Республикада төмендегідей езгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік
қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның
мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды; Президенттің одаққа багынатын
кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына беру туралы,
республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету
туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары
шықты. 1991- ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл емір
сүргенде түңғыш рет онан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т. О. Әубәкіров
ұшты.
1991 ж. 10 желтоқсанда түңғыш бүкіл халық сайлаған Президент қызметіне
кірісті, ал 1991 ж. 16 желтоқсанда қазақтың Кеңестік Социалистік
республикасы Қазақстан Республикасы болып аталды. Жоғарғы Кеңес Қазақстан
Республикасының ез терри-ториясындағы бүкіл өкімет билігі өз қолында, ішкі
және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін демократиялық
мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Республика та-рихында жаңа
кезең басталды.
Орта Азия мен Қазақстан республикаларының басшылары Ашғабадта
кездесіп, Беловеж келісіміне, оның құқықтық жақтарына талдау жасады, жаңа
достастықты қалыптастыруға толық құқықтық негізде қатысуға әзірліктерін
білдірді. 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы Кеңес одағының құрамына
кірген тәуелсіз мемлекет басшыларының кеңесінде ТМД-ны құру туралы
келісімнің хаттамасына қол қойылды.
Қазақстанда егемен мемлекеттік дамуының қарқынды процесі басталды.
Саяси салада күшті президенттік республика құруға, кейінірек парламенттік
билікке реформа жасап, маман жоғарғы Кеңес құруға бағыт үсталды.
Республиканың жаңа конституциясының жобасы талқыланды. Жергілікті өзін өзі
басқару заңы негізінде облыстарда, қалаларда және аудандарда атқарушы
өкімет билігіне реформа жасалды. Өтпелі кезеңге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің басқару нысаны және Қазақстан республикасының басқару нысанының өзіндік сипаты
Егемендік және Тәуелсіздік
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Егемендік туралы декларациясы
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы Қазақстанның саясаты
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұнғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халықаралық құқықтық мәртебесі
Құқықтық мемлекет жайлы мәлімет
Пәндер