Мақтаарал ауданы «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақ құнарлығын арттыру жолдары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 15-06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АНАР Б.

Мақтаарал ауданы «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақ құнарлығын арттыру жолдары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В080800 мамандығы - «Топырақтану және агрохимия»

Шымкент, 2016ж.

Ф. 7. 15-07

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

б. ғ. к. Г. И. Елибаева

“”2016 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мақтаарал ауданы «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақ құнарлығын арттыру жолдары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В080800 мамандығы - «Топырақтану және агрохимия»

Орындаған: Анар Б.

Ғылыми жетекшісі

а. ш. ғ. д, профессор Раисов Б. О.

Шымкент, 2016 ж.

Диплом жұмысындағы келісім парағы

Ф. 7. 15-11

Тақырыбы: Мақтаарал ауданы «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақ құнарлығын арттыру жолдары

Анар Б. АП - 12- 2к тобының студенті

(А. Ж. Т., қолы)

Кеңесшілер:

Еңбекті қорғау және тіршілік Экономика бойынша

қауіпсіздігі бойынша

(Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні) (Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні)

(күні, қолы) (күні, қолы)

Қоршаған ортаны қорғау Бизнес жоспар бойынша

бойынша

(Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні) (Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні)

(күні, қолы) (күні, қолы)

Норма бақылау

(Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні)

(күні, қолы)

Ф. 7. 15-08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Агротехнология кафедрасы

Мамандығы 5В080800 - «Топырақтану және агрохимия»

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

б. ғ. к . Г. И. Елибаева

“”201 ж.

Дипломдық жұмыс орындауға

ТАПСЫРМА №

Студент: Анар Бауыржан АП-12-2к

Жұмыс тақырыбы: Мақтаарал ауданы «Кетебай» өк топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақ құнарлығын арттыру жолдары

Университет бойынша бекітілген бұйрық №_ с__ «_ __» __ 201 ж.

Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі «___» «» 201 ж.

Жұмыстың бастапқы мәліметтері

Жеке тапсырма: Мақтаарал ауданы «Кетебай» өк топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақтың құнарлығың арттыру жолдары

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНЫҢ МАЗМҰНЫ

Бөлімдер
Орындалу мерзімі
Кеңесші
№: 1
Бөлімдер: Аналитикалық бөлім
Орындалу мерзімі:
Кеңесші: Манабаев Н. Т. -050806
№: 2
Бөлімдер: Технологиялық бөлім
Орындалу мерзімі:
Кеңесші: Раисов Б. О.
№: 3
Бөлімдер: Тіршілік қауіпсіздігі
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:
№: 4
Бөлімдер: Қоршаған ортаны қорғау
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:
№: 5
Бөлімдер: Экономика
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:
№: 6
Бөлімдер: Бизнес жоспар
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:
№: 7
Бөлімдер: Қорытынды
Орындалу мерзімі:
Кеңесші: Раисов Б. О.

Кесте Диаграммалық материалдардың тізімі

Кесте диаграмма атауы
Бет саны
Орындалу мерзімі
Кеңесші
№:
Кесте диаграмма атауы:
Бет саны:
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:
№:
Кесте диаграмма атауы:
Бет саны:
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:
№:
Кесте диаграмма атауы:
Бет саны:
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:
№:
Кесте диаграмма атауы:
Бет саны:
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:
№:
Кесте диаграмма атауы:
Бет саны:
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:

Тапсырманы өткізу мерзімі 201 ж.

Дипломдық жоба жетекшісі Раисов Б. О.

Тапсырманы орындауға алған студент Анар Б.

Мазмұны

Кіріспе . . . 10

1. Әдебиетке шолу

1. 1. Шетелдерде агрохимиялық зерттеу әдістеме ілімінің қалыптасуы

мен дамуы . . .

1. 2. Қазақстанда агрохимиялық зерттеу әдістеме ілімінің қалыптасуы

мен даму кезеңдері . . .

1. 3. Топырақ құрайтын табиғи процестер . . .

1. 4. Кетебай» өңдірістік кооперативке жалпы сипаттама

1. 5 Аймақтың климат жағдайы . . .

1. 6 Топырақ және жер бедері өзгешеліктері . . .

2 Зерттеудің нәтижесі . . .

2. 1 Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жағдайы . . .

2. 2 Картограмма дайындау әдістемесі . . .

2. 2. 1 Агрохимиялық картограммаларды жасау . . .

2. 2. 2 Агрохимиялық үзінді (очерк) дайындау және оны пайдалану . . .

2. 3. 3 Мақтаға тыңайтқыш енгізуді дайындау

2. 3. 4 Егін шаруашылығы

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиет тізімі . . .

Аннотация

Дипломдық жұмыста Мақтаарал ауданы «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақтың құнарлығын арттыру жолдары көрсетілген.

Топырақтардын неғізгі жылжымалы қоректік заттардың мөлшеріне қарай топтастыру, негізгі ауылшарушылық дақылдарының берілетін тыңайтқыштардың гектарлық мөлшері (дозасы) беру мерзімі мен тәсілдер ұсыныстар берілген . Қоректік элементтерге топырақ құнарлылығы әртүрлі болатын жерлерде егілетін ауылшарушылық дақылдарда қолданылатын тыңайтқыштардың нормасын нақты анықтауды қажет етті.

Нормативтік сілтемелер

Дипломдық жұмыста келесідей мемлекеттік үлгі-талаптарға сілтемелер жасалды:

  1. МҮТ 7. 32-2001. Мемлекетаралық үлгі-талап. Ғылыми-зерттеу жұмысы жайындағы есеп. Құрылымы мен рәсімдеу ережелері.
  2. МҮТ 7. 1-84. Ақпарат, кітапхана және баспа істері жөніндегі үлгі-талаптар жүйесі. Құжаттың әдеби көрсеткіштер сипаттамасы. Құжат жасаудың жалпы талаптары мен ережелері.
  3. СНиП 2. 06. 03. -85 Мелиоративтік жүйелер және құрылымдар -М., 1986. 60 б.
  4. СниП РК 4. 01. 02 - 2001. Сумен қамтамасыз ету. Сыртқы жүйелер және құрылымдар. Астана; Құрылыс комитеті. ҚР экономика және сауда министрлігі, 2002 ж.
  5. МҮТ 7. 32 -2001 мемлекетаралық үлгі -талап. Ғылыми -зерттеу жұмысы жайындағы есеп. Құрылымы мен рәсімдеу ережелері.
  6. МҮТ 7. 1 -84. Ақпарат, кітапхана және баспа істері жөніндегі үлгі-талаптар жүйесі. Құжаттың әдеби көрсеткіштер сипаттамасы. Құжат жасаудың жалпы талаптары мен ережелері.

Анықтамалар

Агроөнеркәсіптік кешен - азық-түлік өнімдерін өндіруге және ауыл шаруашылығы шикізаттарынан көпшілік тұтынатын өнеркәсіп тауарларын шығаруға бағытталған сала.

Аңызақ - далалы-шөлейт аймақтарда жазғытұрым жиі кездесетін және өсімдік тіршілігіне өте қолайсыз құрғақ та ыстық жел.

Ауыспалы егіс - екпе дақылдар мен жердің ғылыми негізде егіс танаптарындағы белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.

Егістіктің ылғалмен қамтылуы - танаптағы екпе дақылдардың топырақ ылғалына талабын қамтамасыз ету.

Жалпы өнім - белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.

Органогенді элементтер - өсімдік организмінің негізін құрайтын элементтер. Оларға көміртек (45 %), оттек (42 %), сутек (6, 5 %) және азот (1, 5 %) жатады.

Күл элементтері - өсімдікті күйдіргенде, оның күлінде қалатын элементтер.

Макроэлементтер - өсімдік құрамында мөлшері бірнеше пайыздан пайыздың жүздік бөлігіне дейін болатын элементтер. Оларға көміртек, оттек, сутек, азот, фосфор, калий, кальций, магний, натрий, күкірт жатады.

Микроэлементтер - өсімдік құрамында мөлшері пайыздың мыңнан бір бөлігі мен жүз мыңңан бір бөлігінің аралығында болатын элементтер. Оларға бор, марганец, мырыш, мыс, молибден, кобальт жатады.

Ультрамикроэлементтер - өсімдік құрамында мөлшері 10 -5 - 10 -12 % аралығында болатын элементтер. Оларға алтын, күміс, сынап, қорғасын т. б. жатады.

Қоректік заттардың биологиялық шығарылуы - дақылдардан негізгі және қосалқы өнімдер өндіруге, сонымен бірге аңыз қалдықтары, тамырлары, жерге түсіп қалған жапырақтары үшін қоректік заттарды топырақтан алуы.

Қоректік заттардың шаруашылық шығарылуы - қоректік заттарды тек қана негізгі және қосалқы өнімдер үшін пайдалануы.

Қоректік заттардың шығарылуының қалдық бөлігі - аңыз қалдықтары, тамырлары, жерге түсіп қалған жапырақтары құрамындағы қоректік заттардың мөлшері.

Өсімдіктің қоректенуі - өсімдіктің қоршаған ортамен зат алмасуы.

Тәлімі егіншілік - ауа райының қолайсыз жағдайында өсірілетін дақылдар өнімі көктемгі жауын-шашынға негізделген суарылмайтын егіншілік саласы.

Топырақ бұрғысы - жер қыртысының әр түрлі тереңдігінен топырақ үлгілерін алуға арналған құрал.

Тұқымның өнгіштігі - белгілі бір жағдайда тұқымның өніп шығу қасиеті.

Тыңайтқыштың әсерлі заты - тыңайтқыш құрамындағы өсімдік сіңіре алатын элемент мөлшері.

Тұрақты экологиялық алаң - арнайы алаңдар топырақтың құнарлығын анықтау үшін (қарашірік, азот, фосфор, калий, тұздар) .

Белгілер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы

ж. ж. - жылдар

NРК - азот, фосфор, калий

ЕКЕА - ең кіші елеулі айырмашылық

ж. б. - және басқалар

т. б. - тағы басқалар

ц/га - 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері

см - сантиметр

% - пайыз

м - метр

ц - центнер

г/см 3 - 1 куб сантиметрдегі грамм есебі

< - кіші

> - үлкен

млрд. - миллиард

А - өсіру технологиясы бойынша

В - гербицидтер

кг/га - 1 гектарда килограмм есебі

с. к. - сулы концентрат

э. к. - эмульсиялы концентрат

с. д. т. - суға дайындалған түйіршік

Х - орташа жиынтық

т. с. с. - тағы сол сияқты

ә. з. - әсерлі зат

0 С - температура

ТЭА - тұрақты экологиялық алаң

Кіріспе

Топырақтың адам зат байлығы болып саналатын сапасы құнарлық. Құнарлық деп топырақтың өсімдіктерді өсу мерзімінде (вегетация) қажетті минералдық қоректік элементтер, су және ауамен қамтамасыз ету қабілетін айтады. Әртүрлі өсімдіктердің тппырақтағы жағдайлар мен элементтерге тілегі бірдей болмаса да, табиғи фитоценоздардың (өсімдік топтары) жоғары өнімділігі топырақ қасиеттерінің құбылымдық кешенімен анықталады (1-3) .

Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын бағалаудың негізгі көрсеткіші- әр гектардан алынған өнім болып келеді. Бірақ қазіргі кезде ғылымның дамуына техникалық құрал-жабдықтардың молаюына байланысты дақылдарды бағалау өнім салмағымен шектелмейтін болды. Енді оның сапа көрсеткіштеріне тыңайтқыштардың әсерін анықтау да кіреді.

Әртүрлі дақылдардан алынған белгілі өнім көлемі жан-жақты пайдаланылады. Олардың бір-бірінен артықшылығы халық шаруашылығы саласының қоятын талаптары тұрғысынан бағаланады. Мұның өзі астық сапасын бағалайтын көптеген әдістерді шығаруға түрткі болды. Ондай әдістердің көмегімен кез-келген дәнді дақылдардың тамақтық, мал азығындық және техникалық сапасы жөнінде мағлұмат алынады. Өнім сапасы жөніндегі көрсеткіштер мемлекеттік стандарттарда қаралған (4, 5) .

Тыңайтқыштарды қолдану топырақтың құнарлылығын жақсартуға, жүгері егістігінен мол өнім алуға, оның көлемінің қауырт өсуіне себеп болады. Жүгері егістігінің сапасы көптеген көрсеткіштермен сипатталады. Олар шартты түрде мынадай үш топқа бөлінеді:

а) физикалық көрсеткіштер: дәннің көлемдік салмағы -1000 дәннің массасы, олардың өсу кезеңдеріндегі құрғақ заттардың массасы. 1 өсімдіктегі собықтың саны, ылғалдылығы.

б) химиялық көрсеткіштер: белок, крахмал, майлар, күлдер, мал азығындық өлшемдер.

в) дәннің ұндық және нандық қасиеттері.

Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының аграрлы секторының қалыптасу кезеңінде азықтық дақылдар егісінің көлемі күрт төмендеді. 2005 жылы азықтық дақылдар егісінің көлемі 178мың гектар болған, ол реформаға дейінгі кезеңнен 2, 5 есеге кем. Бұл агроқұрылымдардың барлық түрлеріндегі мал басының төмендеуі мен түсіндіріледі. Соңғы жылдары келе-келе мал басының саны көбеюде және 2000-2005 жылдар аралығында мал азығына қажеттілік күрт жоғарылады, әсіресе шырынды мал азығына. Белгілі және шырынды мал азығының қоры негізінен облыстың суармалы аймағында шоғырланған. Шаруалар мақта, дәнді және көкөніс дақылдарын егуге қызығушылық танытты, оны тұтынушылардың сұранысымен түсіндіруге болады. Дегенмен 2002 жылдан жыл өткен сайын өсіп келе жатқан мал басын теңестірілген азықпен қамтамасыз ету үшін шырынды және концентратты азықтарға сұраныс көбеюде. Осы кезеңде мүйізді ірі қара саны 556 мың басқа жетті.

Өсімдіктердің қоректенуіне қажетті элементтердің физиологиялық рөлі, топырақтың агрономиялық көрсеткіштері, фотосинтез үрдісі, сондай-ақ тыңайтқыштарды қолданудың негіздері тәжірибе жүргізу және агрохимиялық зерттеу арқылы анықталады.

Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттыру, оның сапасын жақсарту, топырақ құнарлылығын көтеру тәсілдерін анықтау жолдарын іздестіру агрохимиялық зерттеу әдістемесінде қарастырылады. Агрохимиялық зерттеу әдістемесі белгілі бір жинақтаған тұрады. Оның зерттеу әдістері химия, физика, математика, өсімдік физиологиясы, биологиялық химия, микробиология, то-пырақтану тағы басқа ғылымдар арқылы толықтырылып отырады. Сондай-ақ, ғылым үздіксіз дамып отыратындықтан мүлтіксіз дәл және мәңгілік талдау әдістерін жасау немесе дайындау мүмкін емес. Олар түзетіліп, кемелдендіріліп отырылады.

Агрохимиялық зерттеудің басты мәселелерінің бірі - өсімдік. «Мұның өзі агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің басқа ғылымдармен тығыз байланысты екенін дәлелдейді. Екінші нысаны - топырақ болып саналады. Топырақтың негізгі морфологиялық белгілерін, физикалық қасиеттерін, құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері мен өзгеруін агрохимиялық зерттеу әдістерінің көмегімен анықтайды. Үшінші нысаны - тыңайтқыштар. Тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, олар-ды топыраққа енгізгенде өртүрлі өзгерістерге ұшырауы, тыңайтқыш ңолдануды ауыспалы егістегі баска агротехникалық шаралармен үйлестіру мәселелері зерттеледі.

Бұл нысандар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан оларды біріктіріп тексеру агрохимиялық зерттеулер әдістеме ғылымының басты міндеті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін агрохимиялық зерттеулер әдістемесінде түрлі тәсілдер қолданылады: егістік, вегетацяилық, лизиметрлік тәжірибелер, өсімдік, топырақ, тыңайтқыштар үлгілерін сандық және сапалық жағынан зерттеудің зертханалық тәсілі, биофизикалық және микробиологиялық тәсілдер, математикалық тәсілге тәжірибелердің нәтижелерін статистикалық өңдеу жатады.

Бүл тәсілдер зерттеу жұмыстарында әр уақытта тепе-тең дәрежеде қолданылмайды, бірін-бірі алмастырмайды, керісінше, толықтырып отырады. Толықтыру нәтижесінде ғана зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, алга қойған мақсатқа жетуге болады. Себебі өсімдіктердің қоректенуіне қолайлы жағдай тұғызу үшін тыңайтқыштарды қолданудың және олардың топырақпен өрекеттесуін анықтаудың, олардың ара қатынасы мен топыраққа енгізу тәсілдерін сақтаудың маңызы зор. Сондай-ак, агрохимиялық зерттеу тәсілдерін ауыспалы егіс жүйесінің ерекшеліктері мен суармалы жерлердің жағдайына сәйкес пайдаланған дұрыс.

Зерттеулердің мақсаты: Топырақтың күнар лылығы мен оның агрохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруін бақылау мақсатында жүргізілді. Тексеру нәтижесінде алынған мәліметтерді топырақты агрономиялық құжаттарын, егістікті кешенді түрде агрохимиялық жолмен кұнарландыру және әрбір егілетін дақылдың ерекшелігіне сәйкес тыңайтқыштарды қолдану жоспарын дайындау кезінде пайдаланады.

Біздің жүргізілген жұмыс тақырыбымыз жалпы өсімдік шаруашылығы бағдарламасына сәйкес келеді және бұл тақырып дипломдық тақырыбына сәйкес келіп, толық жауап алынып отыр.

Зерттеулердің міндеті: Осы ғылыми-зерттелген жұмыстың міндеті мынандай болды.

  • топырақтың күнарлылығымен оның агрохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруін бақылау;
  • «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасын бақылау;
  • тиімді өзіміз жүргізген ғылыми-практикалық шараларды жеке шаруашылықта дұрыс екендігін тексеру және дәлелдек керек;
  • осы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының агротехникалық шаралардың экономикалық пайдасын есептеп шығару;
  • осы аймақта жұмыс істейтін жеке және фермерлік шаруашылықтарға пайдалануына берілді.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасын бақылау және жүргізілген агротехникалық шаралардың дұрыс екендігін ғылыми тұрғыда бірінші рет дәлелденді.

  • ауылдық округінің аумағының топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы;
  • ауылшаруашылық дақылдарына берілетін тыңайтқыштардың гектарлық мөлшері (дозасы) мен беру мерзімі анықталып, бұл дақылдар өсірудің технологиясын жетілдіруде маңызды рөл атқарады .

1 Әдебиетке шолу

Өсімдіктердің қоректенуіне қажетті элементтердің физиологиялық рөлі, топырақтың агрономиялық көрсеткіштері, фотосинтез үрдісі, сондай-ақ тыңайтқыштарды қолданудың негіздері тәжірибе жүргізу және агрохимиялық зерттеу арқылы анықталады (9-11) .

Агрохимиялық зерттеу әдістеме ғылымының агрономия үшін маңызы зор екенін түсіндіре келе атақты агроном-химик Грандо: «Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғын-сақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», - деген.

Өсімдіктердің өнімін арттыру, оның сапасын жақсарту, топырақ құнарлылығын көтеру тәсілдерін анықтау жолдарын іздестіру агрохимиялық зерттеу әдістемесінде қарастырылады. Агрохимиялық зерттеу әдістемесі белгілі бір жинақтаған тұрады. Оның зерттеу әдістері химия, физика, математика, өсімдік физиологиясы, биологиялық химия, микробиология, то-пырақтану тағы басқа ғылымдар арқылы толықтырылып отырады. Сондай-ақ, ғылым үздіксіз дамып отыратындықтан мүлтіксіз дәл және мәңгілік талдау әдістерін жасау немесе дайындау мүмкін емес (12-14) . Олар түзетіліп, кемелдендіріліп отырылады.

Агрохимиялық зерттеудің басты мәселелерінің бірі - өсімдік. «Адамдардың ең басты зерттейтін заттары-ның бірі және қамқорлық ететіні өсімдіктер», - деп жазды К. А. Тимирязев. Ол өсімдіктердің қоректік зат-тарды қажетсінуін анықтау және мүмкіндігінше дәл белгілеу үшін тиісті тәжірибе жүргізу керек екендігін талай рет атап көрсетті. Қажетті заттарды өсімдіктердің қаншалықты мөлшерде талап ететініне орай реттеп, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолданған жағдайда агротехникалық талаптар да сакталады. Мұның өзі агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің басқа ғылымдармен тығыз байланысты екенін дәлелдейді.

Агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің екінші нысаны - топырақ болып саналады. Топырақтың негізгі морфологиялық белгілерін, физикалық қасиеттерін, құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері мен өзгеруін агрохимиялық зерттеу әдістерінің көмегімен анықтайды.

Аталған ғылымның үшінші нысаны - тыңайтқыштар. Тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, олар-ды топыраққа енгізгенде өртүрлі өзгерістерге ұшырауы, тыңайтқыш ңолдануды ауыспалы егістегі баска агротехникалық шаралармен үйлестіру мәселелері зерттеледі.

Бұл нысандар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан оларды біріктіріп тексеру агрохимиялық зерттеулер әдістеме ғылымының басты міндеті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін агрохимиялық зерттеулер әдістемесінде түрлі тесілдер қолданылады:

1. Егістік, вегетацяилық, лизиметрлік тәжірибелер. Бұл тәжірибелердің көмегімен өсімдіктің қоректенуінде жеке химиялық элементтердің маңы-зы, олардың дақылдар үшін қолайлы арақатынасы мен мөлшері жөніндегі мәселелерді шешуге, өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіру механизмін зерттеуге мүмкіндік береді.

2. Өсімдік, топырақ, тыңайтқыштар үлгілерін сан-дық және сапалық жағынан зерттеудің зертханалық тәсілі. Аталған тәсілді қолданып агрохимия нысанда-рының құрамын жан-жақты талдауға болады.

3. Биофизикалық және микробиологиялық тәсілдер. Бұл тәсілдермен физикалық құбылыстар мен микробиологиялық үрдістерді зерттейді.

4. Математикалық тәсілге тәжірибелердің нәтижелерін статистикалық өңдеу жатады. Ол үшін дисперсиялық талдау кеңінен қолданылады.

Жоғарыда аталған тәсілдер зерттеу жұмыстарында өр уақытта тепе-тең дәрежеде қолданылмайды, бірін-бірі алмастырмайды, керісінше, толықтырып отырады. Толықтьфу нәтижесінде ғана зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, алга қойған мақсатқа жетуге болады. Себебі өсімдіктердің қоректенуіне қолайлы жағдай тұғызу үшін тыңайтқыштарды қолданудың және олардың топырақпен өрекеттесуін анықтаудың, олардың ара қатынасы мен топыраққа енгізу тәсілдерін сақтаудың маңызы зор. Сондай-ак, агрохимиялық зерттеу тәсілдерін ауыспалы егіс жүйесінің ерекшеліктері мен суармалы жерлердің жағдайына сәйкес пайдаланған дұрыс.

1. 1 Шетелдерде агрохимиялық зерттеу әдістеме ілімінің қалыптасуы мен дамуы

Агрономиялық химияның негізі қаланып, ал химияда сандық талдау әдісі толық дәрежеде жетілгеннен кейін агрохимиялық зерттеулер әдістеме ілімінің қалыптасуы мен дамуына зор мүмкіндік туды, өйткені агрохимияның және өсімдіктер физиологиясының негізгі мәселелерін шешу үшін ғылыми зерттеу әдістемелер қажет болды.

XVII ғасырдың бас кезінде Я. Б. Ваи-Гельмонт (1579-1644 жж. ) өсімдік қорегі жөніндегі мәселені тәжірибе жүзінде шешуге сөтсіз де болса, алғаш кадам жасаған болатын. Ол 1629 жылы өзінің бес жыл бойы құмыра ыдысқа салынған топырақта жүргізген тәжірибесінің қорытындысын баяндады. Ауаның құрамы белгісіз болғандықтан және көмір қышқыл газының өсімдіктің қоректенуіне қатысатыны ешкімнің ойында болмағандықтан, Ван-Гельмонт өсімдіктің өсуі үшін жалғыз су ғана жеткілікті деген қорытынды жасады.

Дегенмен өсімдік қорегі жөніндегі негізгі меселелерді тәжірибе жолымен шешуге өрекеттену біртендеп арта берді. XVII ғасырдың ортасында неміс хңмигі, өрі дөрігері И. Р. Глаубер (1604-1664 жж. ) тәжірибе жүргізу арқылы топырақка селитра косқ-анда дақылдың түсімі артатынын анықтады. И. Р. Глауберден кейін 40 жыл өткен соң, Англияда 1699 жылы Вудворд Ван-Гельмонттың қорытындысын тексеруге кірісті. Оның тәжірибесі бойынша жалғыз өсімдігі жаңбыр суынан гөрі өзен суында жақсы, ал суға бақ-тың топырағын біршама араластырса, өсімдіктің тіпті жақсы өсетіні байқалды. Сонымен Вудворд тәжірибесі Ван-Гельмонттың пікірін теріске шағарды. Сөйтіп ол топырақта өсімдіктің өсіп жетілуі үшін қажетті зат бар деген қорытынды шығарды.

Англияда осы кезде жалпы өсімдік үшін минералды заттардың қызметін мойындап қана қоймай, тәжірибе жолымен жеке элементтердің рөлін анықтау жұмыстары жүргізілді. Мысалы, Гом 1756 жылы ыдысқа өсімдік өсіріп тәжірибе жасау арқылы оның жақсы өсіп жетілуі үшін калий тұздары, ал 1795 жылы Дендоналbд фосфор қышқылының тұздары қажет деген қорытынды жасады.

XVIII ғасырдың аяғында агрохимиялық зерттеулер әдістеме ілімінің дамуында француз ғалымы А. Л. Ла-вуазье (1743-1794 жж. ) зор еңбек сіңірді. Ол өсімдіктегі зат алмасу үрдісін білу үшін өсімдік пен қоршаған ортаны химиялық жолмен талдау қажет екенін тәжірибе жүргізу арқылы дәлелдеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақтаарал ауданы Арай ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы
Мақтарал ауданы жер телімінің топырақ мониторингі
Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында ауыспалы егісте шитті – мақта өндіру технологиясын жетілдіру
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері
Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттігін арттыру проблемалары
Жерлерді қалпына келтіру .Бұзылған жер учаскелерінің рекультивациясын жобалауды жүзеге асырудың жалпы ережелері
Бұзылған жер учаскелерінің рекультивациясын жобалауды жүзеге асырудың жалпы ережелері
Қазiргi таңдағы қазақстанның топырақ жағдайы
Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz