Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілігінде биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Тақырыптың зерттелу деңгейі және болашағы (әдебиеттік шолу) ... ... ... ... ..5
2 Тәлімі аймақтың табиғи жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1 Жер бедері мен климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Өсімдік және топырақ жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3 Зерттеу жүргізілген жылдардағы ауа райының ерекшеліктері ... ... ... ... ..21
2. 4 Тәжірибе үлгілері және зерттеулердің әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
3.1 Ауыспалы егістердегі арпаның өсу және даму ерекшеліктері ... ... ... ... ...25
3.1.3 Топырақтың қоректік режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Арпа дақылын әртүрлі егу тәсіліне байланысты топырақтағы қарашірік мөлшерінің молаюына әсері
3.1.2Топырақ ылғалдылығының ағымы және егістіктің ылғалмен қамтылу дәрежесі ... ... ... ... ...26
3.1.4 Тұқымның егістік өнгіштігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
3.1.Арпа дақылының құрғақшылыққа төзімділігі және даму кезеңдерінің ұзақтығы ... ... ... ... ..37
3.2 Тәлімі арпа егістігінің фитосанитарлық жағдайын оңтайландыру
3.2.1 Егістіктің арамшөптермен ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
4 Арпа дақылының өнім түзуіне егу тәсілінің әсері
4.1 Өнімнің мөлшері мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
5 Егу тәсіліне байланысты арпа дақылын өсірудің экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ...47
6 Еңбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
6.1 Индивидуалды қорғау құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
6.2 Электр қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .52
6.3 Жекетапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...52
7 Кәсіпшілік қауіпсіздікті денсаулыққа әсерін басқару және бағалау ... ... ... .53
7.1 Жобаланатын өндірісті қауіп.қатерлерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
7.2 Минералды тыңайтқыштар, жеке химикаттармен жұмыс атқаруда еңбек қауіпсіздігі ... ... ... .54
7.3 Шаруашылықта өрт қауіпсіздігі жағдайына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
БИЗНЕС . ЖОСПАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Тақырыптың өзектілігі. Оңтүстік Қазақстан обылысының тәлімі егіншілік жағдайы орналасқан аумағына және агроклиматтық өзгешілігіне байланысты әртүрлі болып келеді. Облыс көлемінде ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жалпы егістік жердің 50 пайыздан астамы , яғни 795 мың гектарын тәлімі егіншілік құрайды. Соңғы жылдардағы мәліметтерге сүйенсек ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік аумағы 462 мың гектар жерді қамтыды. Аталған белдеулердің топырағы сұр ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге жарамдылығымен ерекшеленеді. Сұр топырақты аймақтың өзіне тән ерекшелігі – ол тау етегінен басталып, төменгі жазықтарға қарай созылып жатқан ұлан ғайыр еңіс. Тау етегіндегі жазықтықтың топырақ түзуші жыныстары – ашық сұр, кәдімгі сұр, күңгірт сұр түсті, құмдақ және саздақ топырақтар. Белдеу төмендеген сайын топырақ түзуші жыныстар жеңіл құмдақ пен саздаққа айналады. Тәлімі аймақтың климаты шұғыл континенталды, тәуліктік және ауа температурасының ауытқуы басым әрі жауын- шашын шамалы, тұрақсыз болып келеді. Аймақта егілетін дақылдардың өсіп дамуы мен өнім түзуіне, сондай ақ агротехникалық іс- шараларды дұрыс сапалы жүргізуге тікелей әсер етуші негізгі фактор, жергілікті топырақ - климат ерекшелігі, нақты айтқанда топырақ құрлымы мен құнарлылығы, бір жылда түсетін жауын шашын мөлшері және белдеудің теңіз деңгейінен биіктігі елеулі әсер етеді.
Қазақстанның оңтүстігіндегі тәлімі аймақта өсірілетін негізгі дақылдар: бидай, арпа, мақсары, жоңышқа және табиғи жайлымдар мен шабындықтар құрайды.
Қазіргі таңда бұл аймақта өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарынан алынытын өнімділік көрсеткіші өте төмен. Себебі, шағын және орта шаруа қожалықтары қажетті техника және агрегаттармен қамтамасыз етілуі сын көтермейді, егіншілікте ғылыми тұрғыда дәлелденген ауыспалы егіс мүлде жүргізілмейді,танапқа жылда бір дақыл егіледі, органикалық, минералды тыңайтқаштармен негізгі және үстеп қоректендіру жүргізілмейді, себілетін тұқым сапасы төмен, егістік танаптардың фитосанитарлық жағдайы жылдан жылға нашарлап барады. Бұл өз кезегінде топырақ құнарлылығының төмендеп, жарамсыз жерлердің көбейуі мен егістік алқаптардың айналымнан шығуы нәтижесінде дақылдардың өнім құрылымы мен сапасына және егістік жерлердің азайыуына елеулі әсерін тигізуде.
Алайда топырақ құнарлылығын сақтау және арттыру, егістік алқаптарды айналымға қайта енгізу бүгінгі күнде аграрлық саланың өзекті мәселесі екені анық.
Әрбір жылдық қалыптасқан ауа райы ерекшелігі көктемгі дала жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуге өзіндік қиыншылықтар туғызатыны белгілі, атап айтқанда көктемнің ерте шығуына байланысты жауын-шашын мөлшерінің аз түсуі, күннің бірден ысуынан құрғақшылық пен қуаңшылық болып топырақтың кеуіп кетуі, қардың тез еруі мен көктемгі нөсерлі жауын - шашын әсерінен су және жел эрозияларына ұшырауынан ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін едәуір төмендетіп қана қоймай топырақтың беткі қабатының құнарсыздануына әкеледі.
1 Сыдық Д.А. Оңтүстік Қазақстанда көктемгі дала жұмыстарын жүргізудің қалыптасқан ауа райына байланысты ұйымдастырудың ғылыми негізделген жүйесі (ұсыныс) ), Шымкент 2011ж.
2 Елешов Р.Е., Умбетов А.К. Удобрение культур почвозащитного и зернопарового севооборотов на богаре юго-востока Казахстана //Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алматы: Бастау, 2001. -№11. –С.44-45.
3 Жапаев Р.Қ., Оспанбаев Ж.О. Күздік бидайдың себу тәсіліне ылғал қоры мен өнімділігінің әсері //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2006. -№1. –48б.
4 Sayre R.D. Moreno Ramos O.H. Applications of Raised-Bed planting Systems to Wheat //Wheat Program Special Report CIMMYT. -1997. -№31. –Р.17.
5 Оспанбаев Ж.О., Рамазанова С.Б., Жапаев Р.Қ., Құныпияева Г.Т. Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайды тыңайтудың өнім құрылымына әсері //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2006. -№1. –52б.
6 Марко А.Ф., Марко В.Ф. Озимая пшеница //Листовка МСХ КазССР «Совет ученых и специалистов». –Алма-Ата, 1979. –С. 3.
7 Егоров М.А. К вопросу о балансе фосфора в севообороте //Удобрение в севообороте. –М.: Сельхозгиз, 1936. - Вып. 2. –С.123-162.
8 Sweeney D.W., Sisson J.B. Effect of ridge planting and N-application methods on wheat grown some what poorly drained soil //Soil and Tillage Research. -1988. -№2. –Р.187-197.
9 Бекмағанбетов А. Тәлімі жағдайда дәнді дақылдар егісін тыңайту. –Алматы: Қайнар, 1981. –76-78б.
10 Петербургский А.Б., Никитишен В.И. О взаимосвязи азотного и фосфорного питания озимой пшеницы //Химия в сельском хозяйстве. –М., 1970. -№12. –С.7-12.
11 Рамазанова С.Б., Оспанбаев Ж.О., Құныпияева Г.Т. Минералды тыңайтқыштардың күздік бидайдың құрғақ биомасса өніміне әсері //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2005. -№12. –40-41б.
12 Жайлыбай К.Н., Тоқтамысов Ә.М., Сағындықова А.С. Жаздық бидай өніміне гибберсибтің және тыңайтқыштар мөлшеріне әсері //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2004. -№5. –53-54б.
13 Рекомендации по влагонакоплению на основе создания стерневых кулис с помощью очесывающего устройства МОН-4,0. –Павлодар, 1994. –С.14.
14 Шаханов Е.Ш., Мустафаев Б.А. Влияние стерневых кулис на влаго-обеспеченность яровой пшеницы в условиях южных карбонатных черноземов Павлодарской области //Почвозащитная система земледелия –основа устойчи-вого производства зерна в степном регионе. –Шортанды, 1986. –Т.2. –С.20-23.
15 Иорганский А.И. Охрана и повышение содержания органического вещества в степных почвах Казахстанского Тянь-Шаня //Проблема биологи-зации земледелия в Казахстане: Сб.науч.трудов.–Алматы: Бастау,1997.–С.40-56
16 Киреев А.К. Повышение плодородия почв и урожайности зерновых культур путем биологизации богарного земледелия Казахстана. //Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алматы: Бастау, 2000. -№6. –С.29-32.
17 Киреев А.К. Минимализация обработки богарных сероземов //Земледелие. –М., 1994. -№1. –С.12-13.
18 Қабыкенов Т.А., Кененбаев С.Б. Аңыздағы бидай сабағының топырақ құнарлылығына ықпалы және оның оңтүстік карбонатты қара топырақтағы жаздық бидай өнімділігімен байланысы //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2005. -№12. –38б.
19 Божко Е.П., Баршадская С.И., Вышегородцева Л.Н. Система обработки почвы и удобрений в зернопропашном севообороте //Сб.науч.трудов Северо-Кубанской с.-х. опытной станции Краснодарского НИИСХ им.П.П.Лукьяненко. –Краснодар, 2005.-№5.-С. 12-13.
20 Мальцев Т.С. Вопросы земледелия. –М.: Колос, 1971. –С.390.
21 Елешев Р.Е., Бекмаганбетов А. Агрохимия. –Алматы, 1989. –С.215.
22 Иорганский А.И., Кененбаев С.Б. Для почв Казахстана //Земледелие. –М., 1989. -№7. –С.38.
23 Зверева Е.А Влияние удобрений на урожайность зерновых культур и диагностика их питания на светло-каштановой почве Поволжья //Агрохимия. –М., 1992. –С.58-65.
24 Болдырев Н.К., Белоусов А.М. Продуктивность орошаемой озимой пшеницы на светло-каштановой почве при возрастании доз удобрений //Бюл. ВНИИ удоб. и агропочвовед. –М., 1991. -№105. –С.3-8.
25 Коробской Н.Ф., Ширинян М. X., Кравцова Н.Д. Отзывчивость сортов озимой пшеницы на минеральные удобрения //Докл. Росс. Акад. с.-х. наук. –М., 1997. -№6. –С.23-24.
26 Умбетов А.К., Басибеков Б.С. Рекомендации по удобрению озимой пшеницы на юге и юго-востоке Казахстана. –Алма-Ата: Кайнар, 1997. -19 с.
27 Сдобникова О.В. Фосфорные удобрения и урожай. –М.: Агро-промиздат, 1985. –С.111.
28 Кореньков Д.А. Продуктивное использование минеральных удобрений. –М.: Россельхозиздат, 1985. -С.37.
29 Кореньков Д.А. Минеральные удобрения при интенсивных технологиях –М.: Россельхозиздат, 1990. –С.192.
30 Дорохов Л.М. Минеральное питание как фактор повышения продуктив-ности фотосинтеза и урожая сельскохозяйственных культур //Сб.науч.трудов Кишиневского СХИ им.М.В.Фрунзе. –Кишинев, 1957. –Т.13. –С.57-61.
31 Тарчевский И.А., Фотосинтез пшеницы //Физиология сельскохозяйст-венных растений. –М., 1969. –Т.4. –С. 298-365.
32 Гапиенко А.А. Влияние разных способов внесения минеральных удобрений на урожай озимых культур в Крымской области //Агрохимия. –М., 1985. -№12. –С.69-72.
33 Шишков И.Д. Влияние норм и способов внесения минеральных удоб-рений при различных видах основной обработкой почвы на урожай озимой пшеницы //Биология и агротехника полевых культур в условиях интенсивного сельскохозяйственного производства. –М., 1985. –С.36-42.
34 Филонов В.М. Рекомендации по применению минеральных и органи-ческих удобрений под зерновые культуры в Северном и Центральном Казахстане. –Шортанды, 2000. –С.35.
35 Басибеков Б. С., Жанталина А. А., Умбетов А. К. Влияние удобрений на содержание азота и фосфора в растениях озимой пшеницы разных сортов на урожай зерна //Химия в сельском хозяйстве. –Алма-Ата, 1975. -№6. –С.16-17.
36 Вертий С. А., Малюга Н.Г. Роль ранневесенней и поздней подкормок в повышении урожая и качества зерна озимой пшеницы //Агрохимия. –М., 1969. -№11. –С.44-53.
37 Петинов Н.С. Физиология орошаемой пшеницы. –М. :Изд-во. АН СССР, 1959. –С.16-21.
38 Толстоусов А.В. Удобрение и качество урожая. –М.: Колос, 1974. –С.49.
39 Воллейдт А.Г. Азотный обмен в органах озимой пшеницы и связь его с величиной и качеством урожая. –М., 1970. -32 с.
40 Умбетов А.К. Реакция районированных и перспективных сортов озимой пшеницы на условия азотно-фосфорного питания: Дис. канд. с.-х.наук., 1975. –С.162.
41 Басибеков Б. С. Минеральное питание и система удобрений орошаемой зоны Казахстана. –Алма-Ата, 1983. –С.102.
42 Балык Г. С. Влияние удобрений на рост корней и надземных органов озимой пшеницы //Агрохимия. –М., 1970. -№6. –С.3-8.
43 Елешов Р.Е. Фосфорные удобрения и урожай. – Алматы.: Кайнар. 1984. - С.150.
44 Черепанов В.В. Влияние азотных удобрений на урожайность и качество зерна //Растения и почва: тез.докл.Российской молодежной конф. –Санкт- Петербург, 1998. –С.156-163.
45 Мұржанов Е.Т. Минералды тыңайтқыштардың дәнді дақылдар өніміне әсері //Жаршы. –Алматы: Бастау, 1996. -№4. –69б.
46 Мұржанов Е.Т. Қоңыр құмдақ топырақтың азот-фосфор режимі //Жаршы. –Алматы: Бастау, 1996. -№5. –57б.
47 Қожабаев Ж.І. Сұр топырақты тәлімі аймақта арпа өсірудің тиімділігі //Жаршы. –Алматы: Бастау, 1996. -№1. –32-37б.
48 Сулейменов Б.У. Дәнді дақылдардың химиялық құрамы және топырақ-тан қоректік элементтердің шығарылуы //Жаршы. –Алматы: Бастау, 1996. -№10. –7-8 б.
49 Жанабеков М.Е. Особенности возделывания новых сортов ячменя в условиях богары Чимкентской области //Селекция и семеноводство и агротех-ника полевых культур на богаре Чимкентской обл. –Алматы, 1984. –С. 167-171.
50 Джаланкузов Т.Д., Сапаров А.С. Мониторинговые исследования основных параметров черноземных почв при нулевой и минимальной обработках //НОУ-ТИЛЛ и плодосмен – основа аграрной политики поддержки ресурсосберегающего земледелия для интенсификации устойчивого производства: матер.межд.конф. –Астана-Шортанды: Казахстан, 2009. –С.96-103.
51 Немченко В.В., Цыпишев А.И., Заргарян А.М. Приемы использования гербицидов в ресурсосберегающих технологиях возделывания зерновых культур //НОУ-ТИЛЛ и плодосмен – основа аграрной политики поддержки ресурсосберегающего земледелия для интенсификации устойчивого произ-водства: матер.межд.конф. –Астана-Шортанды: Казахстан, 2009. –С.170-175.
52 Башкин В.Н., Кудеяров В.Н. Определение азотоминерализующей способности почв для диагностики их азотного режима //Агрохимия. –М., 1987. -№10. –С.96-103.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.15-06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050801 мамандығы – Агрономия

Шымкент,2013 ж.

Ф.7.15-07
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
__________________
(ғыл.дәрежесі,атағы Т.А.Ә)
____________2013 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілігінде биологиялық
тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері

050801 мамандығы – Агрономия

Орындаған Қосжанова Ұлжалғас
Қалдыбайқызы
.

ғылыми жетекшісі
а.ш.ғ.к., аға оқытушы Б.Б. Исабеков

Шымкент,2013ж.

Ф.7.15-08
Қ А З А Қ С Т А Н Р Е С П У Б Л И К А С Ы Н Ы Ң
Б І Л І М Ж Ә Н Е Ғ Ы Л Ы М М И Н И С Т Р Л І Г І

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

_____Агроөнеркәсіп _____
факультет

_____ Агротехнология _____ кафедрасы

Мамандығы ___ 050801-Агрономия_____

БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі

Агротехнология

(кафдраның атауы)

_______.

(каф.меңгерушісінің А.Т.Ә)

__________2013 ж.
д и п л о м д ы қ ж ұ м ы с т ы (ж о б а н ы) о р ы н д а у ғ а
Т А П С Ы Р М А №____
Студент Қосжанова Ұлжалғас Қалдыбайқызы АП-09-1К1
Жұмыстың (жобаның) тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі
егіншілігінде биологиялық
тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері
Университет бойынша бұйрығымен бекітілген.
Жұмысты (жобаны) аяқтау мерзімі
Жұмысты (жобаны) орындауға берілген мәліметтер
Жеке тапсырма

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

№ рс Бөлімдері Орындалу Кеңесші
мерзімі
1 2 3 4








Графикалық материалдар тізімі

№ Сызулар атаулары Парақтар Орындалу Кеңесші
рс саны мерзімі





Тапсырманың берілген күні_____________2013 ж.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі ______ Б.Б. Исабеков

(қолы) (А.Ә.Т)
Тапсырманы орындауға алған студент ______________ _______________

(қолы)
(А.Ә.Т)

Ф.7.15-11

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТА (ЖОБАДА)
КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ

Тақырыбы:__________________________ ___________________________
___________________________________ __________________
___________________________________ __________________
___________________________________ __________________
Топ студенті___________________________ _________________________
( А.Ж.Т., қолы)

Кеңесшілері:

Тіршілік қауіпсіздігі
Экономика
__________________
__________________

(дәрежесі, атағы,А.Ж.Т)

(дәрежесі,атағы,А.Ж.Т)

__________________
__________________
(күні, қолы)

(күні,қолы)
Қоршаған ортаны қорғау Бизнесті
жоспарлау
__________________
__________________
(дәрежесі, атағы,А.Ж.Т)

(дәрежесі,атағы,А.Ж.Т)
__________________
__________________
(күні, қолы)

(күні,қолы)
Нормобақылау
__________________
(дәрежесі, атағы,А.Ж.Т)
__________________
(күні, қолы)

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Тақырыптың зерттелу деңгейі және болашағы (әдебиеттік шолу)
... ... ... ... ..5
2 Тәлімі аймақтың табиғи
жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1 Жер бедері мен
климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 19
2.2 Өсімдік және топырақ
жамылғысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3 Зерттеу жүргізілген жылдардағы ауа райының ерекшеліктері
... ... ... ... ..21
2. 4 Тәжірибе үлгілері және зерттеулердің әдістемелері
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
3.1 Ауыспалы егістердегі арпаның өсу және даму ерекшеліктері
... ... ... ... ...25
3.1.3 Топырақтың қоректік режимі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Арпа дақылын әртүрлі егу тәсіліне байланысты топырақтағы қарашірік
мөлшерінің молаюына әсері
3.1.2Топырақ ылғалдылығының ағымы және егістіктің ылғалмен қамтылу дәрежесі
... ... ... ... ...26
3.1.4 Тұқымның егістік өнгіштігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
3.1.Арпа дақылының құрғақшылыққа төзімділігі және даму кезеңдерінің
ұзақтығы ... ... ... ... ..37
3.2 Тәлімі арпа егістігінің фитосанитарлық жағдайын оңтайландыру
3.2.1 Егістіктің арамшөптермен
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
4 Арпа дақылының өнім түзуіне егу тәсілінің әсері
4.1 Өнімнің мөлшері мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3
5 Егу тәсіліне байланысты арпа дақылын өсірудің экономикалық тиімділігі
... ... ... ... ... ... ...47
6 Еңбекті қорғау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 50
6.1 Индивидуалды қорғау
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
51
6.2 Электр
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .52
6.3
Жекетапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
7 Кәсіпшілік қауіпсіздікті денсаулыққа әсерін басқару және
бағалау ... ... ... .53
7.1 Жобаланатын өндірісті қауіп-қатерлерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 54
7.2 Минералды тыңайтқыштар, жеке химикаттармен жұмыс атқаруда еңбек
қауіпсіздігі ... ... ... .54
7.3 Шаруашылықта өрт қауіпсіздігі жағдайына
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
БИЗНЕС - ЖОСПАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61

Аннотация

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі
жерлерінде өсірлетін күздік бидайдың өнім құрылымын арттыру жолдарын
қарастыруда биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің ғылыми негіздерін жасау.
Бұл мәселені жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойылды:
- астық дақылдарының өнімділігін арттыруда биологиялық тыңайтқыштарды
пайдаланудың тұжырымдамасын жасау;
- биотыңатқыштарды қолдануда күздік бидайдың өнім қалыптастыру
ерекшеліктеріне фенологиялық бақылау жүргізу;
* күздік бидай өнімділігі мен оны құрайтын элементтердің биотыңайтқыш пен
қоректену аясына тәуелділігін анықтау;
* күздік бидай егістігінде кездесетін арамшөптердің дақылдың өнімділігіне
әсері және олармен химиялық күресу жолдарын жетілдіру;
- тәлімі егіншілікте күздік бидайды өсіруде биологиялық тыңайтқыштармен
өңдеудің экономикалық тиімділігін анықтау.
Дипломдық жұмыс ___ беттен тұрады.

Нормативтік сілтемелер

Дипломдық жұмысты дайындау кезінде мынадай үлгі-талаптарға сілтемелер
жасалды:

1. МҮТ 7.32 -2001 мемлекетаралық үлгі –талап. Ғылыми –зерттеу жұмысы
жайындағы есеп. Құрылымы мен рәсімдеу ережелері.
2. МҮТ 7.1 -84. Ақпарат, кітапхана және баспа істері жөніндегі үлгі-
талаптар жүйесі. Құжаттың әдеби көрсеткіштер сипаттамасы. Құжат жасаудың
жалпы талаптары мен ережелері.

белгілеулер

Дипломдық жұмыста төмендегідей белгілер мен қысқартылған сөздер
пайдаланылды:

ж.ж. – жылдар
ж.б. – және басқалар
т.б. – тағы басқа
цга – 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері
см – сантиметр
% – пайыз
м – метр
ц – центнер

қысқартылған сөздер

АШҒЗИ – ауыл шаруашылығы ғылыми –зерттеу институты
гсм3 – 1 куб сантиметрдегі грамм есебі
– кіші
– үлкен
ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институты
млрд. – милиард
P – фосфор
N – азот
кгга – 1 гектарда килограмм есебі
ә.е.з. – әсер етуші зат
с.е. – су ерітінді
э.к. – эмульсиялы концентрат
с.д.т. – суға дайындалған түйіршік
т.с.с. – тағы сол сияқты

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Оңтүстік Қазақстан обылысының тәлімі егіншілік
жағдайы орналасқан аумағына және агроклиматтық өзгешілігіне байланысты
әртүрлі болып келеді. Облыс көлемінде ауыл шаруашылық мақсатында
пайдаланатын жалпы егістік жердің 50 пайыздан астамы , яғни 795 мың
гектарын тәлімі егіншілік құрайды. Соңғы жылдардағы мәліметтерге сүйенсек
ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік аумағы 462 мың гектар жерді қамтыды.
Аталған белдеулердің топырағы сұр ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге
жарамдылығымен ерекшеленеді. Сұр топырақты аймақтың өзіне тән ерекшелігі –
ол тау етегінен басталып, төменгі жазықтарға қарай созылып жатқан ұлан
ғайыр еңіс. Тау етегіндегі жазықтықтың топырақ түзуші жыныстары – ашық
сұр, кәдімгі сұр, күңгірт сұр түсті, құмдақ және саздақ топырақтар. Белдеу
төмендеген сайын топырақ түзуші жыныстар жеңіл құмдақ пен саздаққа
айналады. Тәлімі аймақтың климаты шұғыл континенталды, тәуліктік және ауа
температурасының ауытқуы басым әрі жауын- шашын шамалы, тұрақсыз болып
келеді. Аймақта егілетін дақылдардың өсіп дамуы мен өнім түзуіне, сондай
ақ агротехникалық іс- шараларды дұрыс сапалы жүргізуге тікелей әсер етуші
негізгі фактор, жергілікті топырақ - климат ерекшелігі, нақты айтқанда
топырақ құрлымы мен құнарлылығы, бір жылда түсетін жауын шашын мөлшері
және белдеудің теңіз деңгейінен биіктігі елеулі әсер етеді.
Қазақстанның оңтүстігіндегі тәлімі аймақта өсірілетін негізгі
дақылдар: бидай, арпа, мақсары, жоңышқа және табиғи жайлымдар мен
шабындықтар құрайды.
Қазіргі таңда бұл аймақта өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарынан
алынытын өнімділік көрсеткіші өте төмен. Себебі, шағын және орта шаруа
қожалықтары қажетті техника және агрегаттармен қамтамасыз етілуі сын
көтермейді, егіншілікте ғылыми тұрғыда дәлелденген ауыспалы егіс мүлде
жүргізілмейді,танапқа жылда бір дақыл егіледі, органикалық, минералды
тыңайтқаштармен негізгі және үстеп қоректендіру жүргізілмейді, себілетін
тұқым сапасы төмен, егістік танаптардың фитосанитарлық жағдайы жылдан жылға
нашарлап барады. Бұл өз кезегінде топырақ құнарлылығының төмендеп, жарамсыз
жерлердің көбейуі мен егістік алқаптардың айналымнан шығуы нәтижесінде
дақылдардың өнім құрылымы мен сапасына және егістік жерлердің азайыуына
елеулі әсерін тигізуде.
Алайда топырақ құнарлылығын сақтау және арттыру, егістік
алқаптарды айналымға қайта енгізу бүгінгі күнде аграрлық саланың өзекті
мәселесі екені анық.
Әрбір жылдық қалыптасқан ауа райы ерекшелігі көктемгі дала
жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуге өзіндік қиыншылықтар туғызатыны
белгілі, атап айтқанда көктемнің ерте шығуына байланысты жауын-шашын
мөлшерінің аз түсуі, күннің бірден ысуынан құрғақшылық пен қуаңшылық
болып топырақтың кеуіп кетуі, қардың тез еруі мен көктемгі нөсерлі жауын
- шашын әсерінен су және жел эрозияларына ұшырауынан ауыл шаруашылық
дақылдарының өнімділігін едәуір төмендетіп қана қоймай топырақтың беткі
қабатының құнарсыздануына әкеледі.
Табиғаттың осындай қолайсыз теріс құбылыстарымен күресу
немесе алдын алу үшін құрғақшылыққа төзімді екпе дақылдардарды егу,
егіншілікте топырақ қорғау жүйесін іске асыра отырып, ғылыми тұрғыда
дәлелденген ауыспалы егісті енгізу, топырақты өңдеудің жаңа жүйесін
қалыптастыру, топырақтың беткі қабатын құрғақшылық пен қуаңшылықтан және
жел ,су эрозиясынан қорғайтын тиімді агротәсілдерді қолдану қажет.
Тәлімі егіншілікте ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты мол өнім
алудың негізі кепілі егілетін тұқымды биологиялық тыңайтқыштармен өңдеп
дақылды мерзімінде себу.
Егіншілік саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді ұтымды
пайдалана отырып, биологиялық тыңайтқыштармен өңдеуді қолдану күздік
бидайды өнімділігін арттырып қана қоймайды шығын көлемін азайтады.

Сонымен қатар, топырақ ылғалын сақтап, оны ұтымды пайдалануға
мүмкіндік береді, минералды тыңайтқыштарға балама ретінде биологиялық
тыңайтқыштармен өңдеуде қаржылай шығын үнемделеді. Екпе дақылдардың
аудандастырыған жоғары сапалы жаңа сортарын биологиялық тыңайтқыштармен
өңдеуді қолға алу нәтижесінде дақылдардың өнімділігін арттыруға болатынын
дәлелдеу жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады..
Оңтүстік Қазақстан өңірінде күздік бидай негізі дәнді дақылдарының
бірі болып саналады. Оның егіс көлемі Оңтүстік Қазақстан облысында жыл
сайын 220-250 мың гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарын заман
талабына сай нарықтық экономикалық бәсекеге байланысты шығынды аз жұмсап,
өнімді жоғарылату бүгінгі ғылымның басты бағытына ие болмақ. Қазіргі кезде
шағын, орта шаруа қожалықтарында және өндірістік кәсіпорындарда күздік
бидайдың өнімділігі күрт төмендеп кетті. Ол бұл дақылдың агротехнологиялық
күтіп –баптау жұмыстарының дер кезінде жүргізілмеуі және ауыспалы егіс
жүйесінің игерілмеуінің әсерінен төмендеп отыр. Ауыл шаруашылығы өндірісін
реформалау нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан дәнді дақылдарының түсімі 6,9-
22,1 цга деңгейіне ауытқыды. Тәлімі егіншілік жағдайында қазіргі кезде
аудандастырылған сорттардың потенциалдық өнімділігі 40-45 цга болатындығы
белгілі.
Зерттеудің мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі жерлерінде
өсірлетін күздік бидайдың өнім құрылымын арттыру жолдарын қарастыруда
биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің ғылыми негіздерін жасау. Бұл мәселені
жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойылды:
- астық дақылдарының өнімділігін арттыруда биологиялық тыңайтқыштарды
пайдаланудың тұжырымдамасын жасау;
- биотыңатқыштарды қолдануда күздік бидайдың өнім қалыптастыру
ерекшеліктеріне фенологиялық бақылау жүргізу;
* күздік бидай өнімділігі мен оны құрайтын элементтердің биотыңайтқыш пен
қоректену аясына тәуелділігін анықтау;
* күздік бидай егістігінде кездесетін арамшөптердің дақылдың өнімділігіне
әсері және олармен химиялық күресу жолдарын жетілдіру;
- тәлімі егіншілікте күздік бидайды өсіруде биологиялық тыңайтқыштармен
өңдеудің экономикалық тиімділігін анықтау.
Ғылыми жаңалығы Қазақстанның оңтүстігіндегі тәлімі аймақта күздік
бидайдың өнімділігін арттыруды жетілдіруде тұқымды биологиялық
тыңайтқыштармен өңдеуді минералды азот тыңайтқышымен үтеп қоректендіру
жолдарымен салыстыра зерттеу.

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. Астық дақылдарының өнімділігін арттырудағы тыңайтқыштардың маңызы

Бүгінгі таңда ауылшаруашылығындағы егістік жерлердің топырақ
құнарлылығын сақтау және арттыру, егістік алқаптарды айналымға қайта
енгізу аграрлық саланың өзекті мәселесі [1].
Р.Қ.Жапаев, Ж.О.Оспанбаев [3] пікірлерінше тыңайтқыштардың тиімділігі
күрделі кешенді жағдайлармен белгілі болады: олар топырақ құнарлылығы, ауыл
шаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктері, агротехника тәсілдері,
қолданылған тыңайтқыштардың мөлшері мен сапасы, сондай–ақ табиғи және ауа
райы жағдайларының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Тыңайтқыш қолдану
жүйесі құрғақ егіншілік жағдайында ерекше маңызға ие, өйткені ылғал кем
жерлерде топырақтағы ылғал қорының тиімді пайдалануына тыңайтқыштардың оң
әсері зор.
Қазіргі нарық экономикасы кезінде егіншілік танапта топырақ құнарлылығын
арттырып, жаңа технология негізінде жүргізу қажет. Бұл жаңа технология
өсімдіктердің тіршілік кезеңінде топырақты жеткілікті деңгейде минералды
және органикалық заттармен қамтамасыз ететін минералды тыңайтқыштардың
орнын алмастыратын микробиологиялық активті биотыңайтқыштар дайындап
қолдануға негізделеді.
Су -өсімдік өміріндегі негізгі факторлардың бірі. Ол тұқымның көктеп
шығатын кезінде, өсімдік тіршілігінің алғашқы күнінен бастап, өсіп-дамуының
барлық кезеңдеріне қажет. Топырақтың ылғал сиымдылығы механикалық құрамына,
қарашірік мөлшеріне және қалыптасуына байланысты болады, сонымен қатар
күздік бидайдың сумен қамтамасыз етілуі олардың агротехникалық шаралар
жиынтығына тәуелді. Ылғалдың кіріс бөлігі оның көктемгі ылғал қорынан және
маусым (вегетация) кезіндегі жауын-шашыннан тұрады, ал негізгі шығын бөлігі
–булану мен транспирация. Ылғал қорының ең көбі көктемде жиналады, яғни
дәнді дақылдардың дамып жетілуі үшін көктемгі жауын-шашынның маңызы зор
[4].
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде өндіріске қарқынды, экономикалық
тиімді технологияны енгізу астық өндіруді арттырудың қайнар көзі болып
табылады. Соның ішінде бидай – бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігіне
жатады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Қазіргі
таңда Қазақстанда бірінші рет әрі қарқынды, әрі тиімді жалдап себу тәсілі
қолданылуда. Дәстүрлі технологиямен салыстырғанда егу мөлшерін 2-2,5есе
төмендетеді, суару мерзіміне кететін судың мөлшерін 20-30% үнемдейді, түрлі
агротехникалық шараларды, қатар аралық өңдеу жұмыстарын жүргізуде,
арамшөптермен күресуде, тыңайтқыш енгізуде тиімділігі жоғары. Күздік
бидайдан мол өнім алуда себу мерзімі өте маңызды роль атқарады. Дәнді
дақылдар егістігінде мол өнім құрылуының негізі –танаптағы өсімдіктер мен
масақтағы сабақтар саны, түптенуі, масақтағы дәндер саны және олардың
салмағы қоректендіруге тікелей байланысты болады. Масақ өнімділігіне сәйкес
дән өнімі де артады [5,6].
М.А.Егоров [7] топырақтың жоғарғы қабатындағы фосфордың көп болуын
олардың төменгі қабаттардан жылжуына себеп болатын өсімдік тіршілігімен
түсіндіреді, себілетін дақылдардың жоғары және тұрақты өнімін алу үшін
топырақта қоректік заттардың резервті қорын жасау қажет. Бұл, әсіресе
жуылып кетпейтін және ұзақ уақыт өзінің тұрақты әсерін сақтайтын фосфор
элементіне тиісті екендігін айтады.
Зерттеу нәтижелерінде фосфор аясында азот тыңайтқыштарын енгізу мерзімі,
мөлшері және тәсілдерінің өнім құрылымына әсері берілген. Сөйтіп бір
масақтағы дән санының құралуы, біріншіден, азотпен қоректену жағдайына әсер
етеді. Сонымен қатар тыңайтқыштардың тиімділігін төмендетпеу үшін
мезгілінде енгізу, яғни өсімдіктің қоректік затқа сұранысы артқан
мерзімінде енгізу қажет, одан кейін азот тыңайтқыштарымен үстеп
қоректендіру масақтағы дән санын көбейтеді және масақтану кезеңінде дәннің
дұрыс толысып пісуіне, 1000 дән салмағының ұлғаюы нәтижесінде өнімділіктің
артуына мүмкіндік береді [8].

Дәнді дақылдар басқа да тірі ағзалар сияқты өзінің өніп-өсу кезеңінде әр
түрлі даму сатыларынан өтеді. Ауыл шаруашылығы дақылдары өнімдерінің басты
көрсеткіштерінің бірі -өсімдіктер вегетациясы кезеңінде түзілетін құрғақ
заттар. Мұның өзі өсімдіктерде өтетін әр түрлі физиологиялық процесстерге
(фотосинтез, өсімдіктердің тыныс алуы, көмірсутектер мен ақуыздардың
алмасуы) байланысты болады. Өсімдіктердің жеке кезеңдері кезінде құрғақ
заттардың түзілуіне тыңайтқыштар жоғары әсер ететіні белгілі [9,10].
Тыңайтқыштарды қолдану кезінде өсімдіктердегі құрғақ заттар салмағының
артуы түптенуден дән салу кезеңіне дейін байқалады. Сонымен қатар
өсімдіктің құрғақ затының артуы топырақ ерекшелігіне, ауа райы мен жауын-
шашын мөлшеріне байланысты болады. Күздік бидай құрғақ затты жинақтаған
кезде азотты тез сіңіреді. Күздік бидайдың түптену дәуірі мен дәннің толық
пісуіне дейін азотпен жақсы қамтамасыз етілуі оның өнімділігін көбейтеді.
Бидай сабақтанудан бастап масақтану кезеңіне дейін азот сіңіруі кемиді.
Вегетацияның соңында ол өсімдікте 50% дейін кемуі мүмкін, ал ескі
жапырақтардағы калийдің төмендеуі жаңбырмен шайылу әсерінен болады [11].
Ғылыми –зерттеу мекемелерінің мәліметтері бойынша, күздік бидайды
суармалы жерлерде тыңайтқыш қолданбай өсірсе, онда бұл дақыл дәндерінің
құрамындағы ақуыз бен клейковинаның мөлшері азайып, нанның сапасы және
өнімділігі төмендейді. Жаздық бидай егісін гибберсибпен өңдегенде берілген
тыңайтқыштар мөлшеріне қарай дақылдың түптенуі, өнімді (масақты)
сабақтардың саны артып, әрбір сабақтағы жапырақ көлемі, әсіресе жоғарғы үш
жапырақтың көлемі ұлғаяды. Тек фосфор тыңайтқышы Р90кгга берілгенде немесе
тыңайтқыш берілмеген (бақылау) нұсқаларда егістікті гибберсиб өсу
реттегішімен өңдегенде қосымша өнім алынған жоқ. Азот тыңайтқышы мөлшері
көбейтілген (N120P90кгга) және бөлшектеп берілген (N90P90+ N30P30кгга)
нұсқаларындағы егістікті гибберсиб өсу реттегішімен өңдегенде ең жоғарғы
дән өнімі алынып, қосымша өнім 3,3-3,7 цга болды. Сонымен, дағдарысты Арал
өңірі жағдайында күріш ауыспалы егісіндегі топырағы тұздалған танаптарда
өсірілген жаздық бидай егісін гибберсиб өсу реттегішімен өңдегенде ең
жоғары дән өнімі (31,4-36,2 цга) егістікке тыңайтқыштар қолайлы мөлшерде
берілгенде алынды. Яғни, гибберсиб өсу реттегіші тыңайтқыштардың оң әсерін
күшейте түседі. Жаздық бидай өніміне гибберсибтің және тыңайтқыштар
мөлшеріне әсері [12].
Қазіргі таңда Павлодар АШҒЗИ ғалымдары АТМ-4 (Аспалы тарақтаушы модель)
тарақтаушы қондырғының көмегімен орылған егістік және дәнді дақылдар
сабағының негізінде күзгі-қысқы және көктемгі жауын-шашыннан ылғал қорын
жинайтын энергия үнемдейтін, табиғи жағдайды имитациялайтын жаңа
технологияны ойлап тапты және өндіріске енгізді [13].
Дәнді дақылдарды жинау бұл жағдайда дәннің толық піскен кезеңінде
өсімдік тамырында тұрған кезде дәндік бөлігін тарап алу арқылы жүргізіледі.
Таралған өсімдік түбірлері тік күйінде қалып және жасалған түр биіктігін 93-
97 пайызға сақтайды. Осы жағдайда, күзде қалдырылған аңыздық топырақ
қабатын эрозиядан берік сақтайды, ал қыс кезінде, алғашқы қар жауғаннан
бастап, егістікте желдің қай бағытта соққанына қарамастан, белгілі
механикаландырылған қар тоқтатушысыз-ақ қар тоқтатылады. Егістіктен қар бұл
жағдайда мүлдем жоғалмайды. Көктемде қар кеткен соң аңыздық топырақ қабатын
жел және су эрозиясынан, топырақ бетіне тура түскен күн сәулесінен, үлкен
жаңбыр тамшыларынан және физикалық буланудан жақсы сақтайды [14,15].
Сонымен бірге егістіктерде табиғи процесстер имитациясын жасауға табиғи
органикалық зат алмасуына үлкен мүмкіндіктер бар. Егіс алқаптарында ылғал
жинаушы ретінде еріген қар суларын тиімді пайдаланып, осындай тәсілді
құрғақшылықты болдырмауға қарсы күресте қолданылып және топырақтың
құнарлығын сақтау мен арттыруға себепші ретінде қаралуы қажет [16,17,18].
Қазіргі ауыл шаруашылығы өндірісінде жоғары коэффицентті топырақты
қорғау және энергия қорын үнемдеуші технологиялар: топырақты жеңіл өңдеу,
органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану ең жоғарғы
көрсеткіштерді иеленеді. Солтүстік Кубан тәжірибе бекетінде ұзақ уақыт
(1974-2003 жж.) жүргізілген тәжірибеде топырақтың агрофизикалық және
агрохимия-лық қасиетттеріне байланысты топырақты негізгі өңдеу жүйесі және
органоминералдық тыңайтқыштардың әсері мен бірге егістіктің ластануы және
өсірілген дақылдың өнімділігі қарастырылды. Зерттеу алты танапты астықты
отамалы егістікте дақылдар қатары күздік бидай-жүгері -күздік бидай -күздік
бидай -күнбағыс -күздік бидай, қоректік ая ортасы N95P50K45 мөлшерінде
жүргізілді [19].
Арпамен жасалған тәжірибе егін түсімі өңдеу түріне емес, тыңайтқышқа
байланысты екені анықталды. Тыңайтқыш бермей жыртылған жерде ол 40,3-
нөлдік өңдеуде 27,1 цга, 56 кгга азот берген кезде тиісінше 45,1 және
42,9 цга, 84 кгга азот бергенде 53,9 және 51,0; 112 кгга берген кезде
50,7 және 55,5 цга-га артқан. Азот мөлшерінің артуымен нөлдік өңдеудің
тиімділігі де артқан. Азотты тыңайтқыштың топырақты жеңіл өңдеудегі пайдалы
әсері биологиялық белсенділігі артуы мен нитраттар жиналуымен түсіндіріледі
[20].
Р.Е.Елешев, А.Бекмағанбетов [21] мәліметтері бойынша ауыспалы егіс
жағдайында дақылдар үшін тыңайтқыш қолдану технологиясын сақтаудың маңызы
зор. Өйткені бұл жағдайда тыңайтқыш берудің мөлшері мен мерзімі барлық
дақылдар үшін бірдей болмайды. Тыңайтқыш енгізу мезгіліне қарай енгізудің 3
тәсілі бар: 1-негізгі тыңайту, 2-тұқымды себу кезінде тыңайту, 3-үстеп
қоректендіру. Негізгі тыңайтудың басты міндеті дақылды бүкіл вегетациялық
кезеңінде қоректік элементпен қамтамасыз ету.
Азот тыңайтқыштарын қолдану мейлінше тиянақты зерттелген, яғни көптеген
зерттеулерде азот тыңайтқыштарының өнімділікке және дән сапасына оң әсері
анықталған [22,23].
Суармалы жағдайда күздік бидайға тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшерін беру
Н.К.Болдырев пен А.М.Белоусовтың [24] тәжірибелері көрсеткендей, құрғақ
биомассаның түзілуі 180-190 цга жеткізді, ал 240 кгга азот енгізу
кезеңінде егістіктің жығылуы орын алды. Азот тыңайтқышын N180-240 кгга,
фосфор Р90-120 кгга мөлшермен беру кезінде өнімнің қарқынды өсуі
байқалмады. Оңтайлы тыңайтқыш беру әр гектарға N180 Р90 кгга [25] екені
анықталды.
Көңді 90тга және N60Р90К90 тыңайтқыштарын қолдану күздік бидай
өнімділігін 1,5-3,2 цга арттырды [26] .
Өсімдіктің бастапқы өсу кезеңінде фосформен толықтай қамтамасыз етілуі-
оның қарқынды өсуіне, соның әсерінен жоғары өнім алуға мүмкіндік туғызады.
Органикалық тыңайтқыштардан жоғары қайтарым алудың маңызы топырақ өңдеудің
қайырмасыз сыдыра жырту тәсілінің кеңінен қолданылуына байланысты арта
түседі. Жалпы қабылданған технология бойынша көң енгізудің дәстүрлі тәсілі
оны топыраққа терең сіңіру болып табылады. Әдетте, көң терең жыртылған
судігерге енгізіледі. О.В.Сдобников зерттеулері бойынша көңді жыртылатын
қабаттың (20-30 см) төменгі бөлігіне жоғары мөлшерде терең сіңіру алты жыл
бойы қосымша өнім алуға мүмкіндік береді, ал әдеттегідей сіңірілгенде
қосымша өнім не бары екі-ақ жыл алынады. Және бірдей нәтиже алуға көң екі
есе аз жұмсалады. Оның көп бөлігі қарашіріндіге айналады. Бұл тәсілдің
тиімділігіне Украин Полесьесі топырағында да көз жетті. [27,28].
Тыңайтқыш енгізу арқылы өсімдіктердің қоректену жағдайын жақсартуға,
фотосинтез қызметін арттыруға, жоғары өнім жинауға жол ашылады [29,30,31].
А.А.Гапиенко [32] мәліметі бойынша қара топырақты Қырым облысы
жағдайында азот және фосфор тыңайтқышын егістікке біркелкі шашып беру,
әрбір қатарға беруге қарағанда тиімді, бұл жағдайда еңбек өнімділігі
артады.
Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарына минералды тыңайтқыштарды пайдалану
кезінде оларды бағалаудың негізгі көрсеткіші әр гектардан алынған өнім
екендігі белгілі. Ғылымның дамуына, техникалық құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етілуге байланысты дәнді дақылдардың бағалануы жалғыз түсім
мөлшерімен қоса, оның сапа көрсеткішімен де анықталуы қажет. Орманды сұр
топырақ жағдайында жүргізілген тәжірибеде тыңайтқыш қолданудың жоғары
тиімділігі егісті себер алдында N70Р120К120, ерте көктемде өсімдік
көктегенге дейін N100кгга және өсімдік масақтану кезеңінде - N30кгга
енгізгенде алынды. Қосымша өнім 20,8-16,5 цга құрады. Азот және
фосфор тыңайтқышын топырақты әртүрлі өңдеу нұсқаларына берген кезде, ең
қолайлы тәсіл негізгі өңдеу алдында N120Р60 беру болып табылады [33].
Тыңайтқыштардың тиімділігі топырақта табиғи қалыптасқан құндылығына,
жаңа сорттарға, себу мерзіміне, себу тәсіліне тыңайтқыштардың мөлшеріне,
тағы көптеген факторларға байланысты. Қазақстанның ғалымдары жұмыстарында
күздік бидайдан 30-35 цга дән алу үшін және осы мөлшерге байланысты
сабанды қоса есептегенде, 108 кг азот, 30 кг фосфор (Р2О5) және 168 кгга
(К2О), ал 55-60 цга өнімге тиісінше 205-215 кгга азот; 60-65 кгга
фосфор; 235-250 кгга калий жұмсалды [34,35].
Күздік бидайға қолданылған минералды тыңайтқыштар, оның тек өнімін
жоғарылатып қана қоймай, олардың сапа көрсеткіштерінің өзгеруіне де әсерін
тигізеді [36-39].
А.К.Үмбетов, Б.С.Басибековтің [40,41]пікірлерінше азот тыңайтқыштары
өнімділікті және дән құрамындағы жалпы азоттың мөлшерін жоғарылатады және
өсімдіктің өсіп-дамуы өте қарқынды жүреді.
Ашық қара қоңыр топырақта өсірілген күздік бидайға тыңайтқыштардың
N120Р60-120 мөлшерлерін қолданғанда, дәндегі ақуыз мөлшері 12,0-14,0
пайыздан 15,1-15,9 пайызға, шикі ұлпа 26,2-33,7 ден 34,5-42,1 пайызға
артқан.
Өсімдікті өсуінің алғашқы кезеңдерінде фосфордың көп мөлшерде болуы
бидайдың тамыр жүйесінің жақсы өсуіне әсерін тигізеді. Күздік бидай кұрғақ
затты жинақтаған кезде азотты қарқынды түрде сіңіреді. Күздік бидайдың
түптену кезеңімен дәннің толық пісуіне дейін азотпен жақсы
қамтамасыз етілуі оның өнімділігін көбейтеді [42,43].
Топырақтағы фосфор қорегін оңтайландыру сіңірілетін тыңайтқыш түрлеріне,
ертіндіде болатын қосылу және айналу процестерінің бағытына гікелей
тәуелді. Жер қыртысындағы фосфордың табиғи қоры, кескіндер бойынша бөлінуі
оның топырақ түзуші жыныстардағы мөлшерімен анықталады. Мәселен, сұр
топырақтан басталып қара топыраққа дейін, яғни шіріндінің мөлшері мен
қалыңдық қабаты ұлғайған сайын ондағы жалпы фосфордың шамасы да өсе түседі.
Бірақ аталған көрсеткіштің сандық мәні топырақтың генетикалық
ерекшеліктеріне, оның механикалық, минералдық және химиялық құрамына сәйкес
айтарлықтай мағынада ауытқып отырады [44].
Е.Т.Муржанов [45,46] мәліметтеріне қарағанда қоңыр құмдақ топырақтарда
азот-фосфор тыңайтқышының қайырымдылығы жоғары. Зерттеу нәтижесі бойынша
топыраққа N30 енгізгенде арпаның қосымша өнімі 0,6 центнерге, Р40-0,5 ц, ал
N30P40 мөлшерін қоса пайдаланғанда -1,4 центнерге артқан.
Ж.І.Қожабаев [47] мәліметі бойынша, Р15 кгга әсер етуші заты бар
суперфосфатты арпамен себерде бірге енгізу егіннің шығымдылығын жақсартып,
тұқымның егістік өнгіштік сапасын 5-7 пайызға, өнімін 15-20 пайызға
арттырады. Сұр топырақты тәлімі аймақта арпа өсірудің тиімділігін арттыру
үшін сүрі танапты ауыспалы егісте тыңайтқышты бір рет енгізуді ұсынады.
Дәнді дақылдардың химиялық құрамы және қоректік элементтердің шығарылуы
топырақтың құнарлылығы мен тыңайтқыштардың енғізілуіне байланысты.
Б.У.Сүлейменов [48] өз зерттеулерінде кәдімгі сұр топырақта минералдық
тыңатқыштар өсімдіктегі азотпен фосфор мөлшерін арттыратындығын дәлелдеген,
N60 енгізгенде арпа дәніндегі азот мөлшерін -2,34%, сабанда 0,89%-ға дейін,
ал фосфор тыңайтқышы дәндегі фосфор мөлшерін 0,92%-ға, сабанда 0,33%-ға
дейін өсірген.
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі аймағында тыңайтқышты N60Р60
мөлшерінде енгізгенде арпаның өнімділігі гектарына 49,9-54,5 центнерге
жетіп, бақылау егісімен салыстырғанда түсім 7,6-10,3 цга көбейді. Ылғалды
жылдары тек азот тыңайтқышы өсімдіктің жатып қалуына әсерін тигізгенімен,
өнімділігін төмендетпейді [49].
Т.Д.Джаланкузов, А.С.Сапаровтың [50] зерттеулерінде топырақты үнемдік
және нөлдік, яғни әр түрлі әдіспен өңдеудің топырақ құнарлылығына, ауыл
шаруашылық дақылдары өнімдерінің артуына тікелей әсері зерттеледі.
Солтүстік Қазақстан жағдайында үнемдік және нөлдік технологияны қолдану
белгілі қағиданы сақтаған жағдайда қолданылуы қажет.
В.В.Немченко [51] деректеріне сүйенсек қазіргі таңда көптеген
шаруашылықтарда арамшөппен күресудің механикалық түріне қарағанда,
гербицидтерді қарасүрде пайдалану кеңінен қолдануда. Зерттеулер нәтижесіне
сүйеніп анықтағандай, барлық гербицид қолданған нұсқаларда бақылау
(механикалық әдіс) нұсқасымен салыстырғанда алынған өнім едәуір жоғары,
арамшөппен күрес тиімділігі артқандығы байқалды.
Минералды тыңайтқыштардың топырақ пен ондағы микроорганизмдер
популяциясымен байланысы тек егіншілік қана емес, қоршаған ортаны қорғау
және агроэкологияның да алдына қойған негізгі мақсаттарының бірі болып
саналады. Өйткені бұл дақылдардың минералды (N, P) заттармен қоректену
жағынан да топырақтың табиғи құнарлылығын сақтап қалу тұрғысынан алғанда да
аса қажетті фактор. Мұның басты себебі агроценоздардың өнімділігін
көтерудегі, топырақ құнарлығын сақтап қалудағы және атмосферадағы ең
маңызды процесстердің жүруіндегі азоттың атқаратын зор мәнінде жатыр[52].
Тақырыптың зерттелу деңгейін шолу барысында көптеген ғылыми зерттеу
нәтижелеріне сүйене отырып әр аймақтың топырақ климаттық ерекшеліктеріне
байланысты және өсірілетін дақылдың биологиялық өзгешелігін ескере отырып,
минералдық тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру және биологиялық
тыңайтқыштармен тұқымды өңдеудің тиімді агротехнологиялық жүйесін жасау
бүгінгі нарықтық бәсекелестік жағдайда алғаш рет зерттелуі өзекті мәселе
екенін анықталды.

1.2 Шаруашылық туралы алғашқы мәліметтер

Шаруашылықтың атауы Оңтүстік – Батыс мал және өсімдік шаруашылығы
Жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің Тассай тірек бекетіндегі егістік
жерлерінде құрылып, Тассай ауылының аймағында орналасқан. Жалпы жер көлемі
1105 гектар. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Тассай ауыл
әкімшілігіне қарасты жерде орналасқан.
Тассай елді мекені Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде орналасқан.
Осылармен, аудандармен, орталыктармен азық түлік және басқада өнімдерді
қабылдаумен алып бару транспорттық байланыс арқылы жүзеге асырылады.
Елді мекен электр жүйесімен
Толық қамтылған, радиотелефон байланысты және көгілдір отпен де
қамтамасыз етіліп, сонымен қатар ішкі байланыс шаруашылықтағы бригада
арасында рациялар арқылы қамтылған.
Жалпы шаруашылыктың негізгі бағыты дінді дақылдарды және P1. P2,
элита және супер элиталық тұқымдарды шығару болыр табылады. Егістік
өнімдерді қабылдау және сақтау елді мекен шетінде орналасқан қоймада
сақталады. Тассай тірек бекетіндегі шаруашылық астық өндірумен қатар,
басқада ауыл шаруашылық дақылдарын өсірумен айналысады.

1.3 Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы –зерттеу институты

ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсанында №1309 қаулысына сәйкес
Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны негізінде
КазАгроИнновация АҚ президентінің шешімімен № 6 25.04.2008 жылы
бекітілді, ал өз кезегінде:
1956 жылы құрылған Шымкент мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе
станциясы, 1988 жылы Шымкент ғылыми өндірістік бірлестігі, 1997 жылы
Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.
Міндеті: Оңтүстік Қазақстанның топырақ-климаттық ерекшеліктеріне байланысты
ауыспалы егіншілік жүйесінің ғылыми негізін жасақтап ауыл шаруашылығы
дақылдарының тиімді агротехнологиялық жүйесін қалыптастырып өндіріске
ұсыну.
Қызметтердің негізгі бағыттары:
1. Бидайдың қос жарналы сорттарын шығару және бірегей жоғары репродукциялы
тұқым өндіру.
2. Суармалы жерлерде ауыспалы егіншіліктің ғылыми негізделген тізбегін
жасақтап ауыл шаруашылық дақылдарының су үнемдеу агротехнологиясын
жетілдіру.
3. Көкөніс, бау және жүзім өсірудің қор үнемдеу технологиясын жасақтап
тамшылатып суарудың озық үлгісін өндіріске ұсыну.
4. Суармалы егіншілікте ауылшаруашылық дақылдарын жалды қыратқа егіп
өсірудің агротехнологиялық жүйесін жетілдіру.
5. Тәлімі жерлерде ауыспалы егіс жүйесінде топырақты өңдемей немесе жеңіл
өңдеп ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің агротехнологиялық жүйесін ұсыну.

6. Ауыл шаруашылығы мамандарын дайындау және болашақ ғалымдарды
қалыптастырып біліктілігін жетілдіру;

1.4 Егіншілік саласының сипаттамасы

Ауыл шаруашылығында егістік жер коры негізгі ресурс болып табылады.
Барлық ауыл шаруашылық салаларының дамуы жерді тиімді пайдаланып; жер
құнарын арттыруға бағытталған. Сол себепті жылдан жылға өнім түсімін
жоғарылату көзделген.
Шаруашылықтың басты бағыты егіншілік болуына байланысты, ауыл
шаруашылық дақылдарынан алынатын өнім көлемін арттыру мақсатында
ұйымдастырылған шаруашылық болып табылады. Астық дақылдарының ішінде қолға
алғандары күздік жэне жаздық бидай, арпа жэне жүгері өсіреді Осыған
байланысты шаруашылықтың жер қүрылымын 1.1-кестеде көрсетілген. Кестеден
көріп отырғанымыз шаруашылықтың жер көлемі тұрақты және оны ауыспалы егісте
тиімді пайдалана отырып, жылдан жылға өңделетін жер өзгеріп отырады.
Шаруашылық қарамағындағы шабындық жерлер шаруашылықтағы малды азықпен
қамтамасыз етеді және шаруашылық халқына пай үлесіне береді. Ал жайылым
жерлерінің бір бөлігіне шаруашылық малын жаяды, ал екінші бір бөлігіне елді-
мекен халқының малдарын жаюға берген.
Жалпы жер құрылымы ішінде жыртынды жер көлемі көп болғандықтан,
шаруашылықтың егіншілік саласы ішінде қандай дақыл көп орын алатыны маңызды
мәселе.

Кесте -1
Шаруашылықтың жер құрылымы

Аш дақылдарының егіс көлемі Зерттеу жылдары
2009 2010 2011
Шаруашылықтың жалпы көлемі 1105 1105 1105
Күздік бидай 510 520 450
Жаздық бидай 42 51 59
Арпа 57 56 67
Жоңышқа 89 68 80
Мақсары 14 28 26
Пар 280 270 210
Жүзім 48 58 58
Жүгері 11 10 11
Жайылым жер 44 44 44

Төмендегі 2- кестеде ауыл шаруашылықтың егістік жер көлемінің
қүрылымы келтірілген. Бүл кестеде шаруашылықтың соңғы жылдары еккен
дақылдардың жер көлемі көрсетілген.
Кесте – 2
Жыртылған жер көлемінің құрылымы, га

Керсеткіштер Жылдар
2009 2010 2011
га
2009 2010 2011
Күздік бидай 20,2 16,1 22,4
Жаздық бидай 18,3 12,2 20,8
Арпа 16,1 11,6 18,2
Мақсары 9,8 10,1 10,3
Жүгері 60,0 62,0 61,0

1.5 Оңтүстік Қазақстан облысы ауа-райының ерекшелігі

Зерттеу жұмыстары 2009-2011 жылдары аралығында Оңтүстік-Батыс мал және
өсімдік шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының Тассай тірек пунктындағы
егіншілік бөлімінің тәлімі егіс алқабында жүргізілді. Тәжірибе жүргізілген
аймақ Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысының
топырақ-климат жағдайы, рельфі әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Ол Түркістан
және Торғай аралық ойпатында, Бетпақ дала мен батыс Тянь-Шань тауына
дейінгі жазықтық жерлерді қамтиды. Тәжірибе жүргізілген танап ОБМжӨШҒЗИ
егіншілік бөлімінің егістік алқабы батыс Тянь-Шань және Талас Алатаудың
жиегінің солтүстік-батыс беткейіндегі жоталардың орта бөлігіндегі бөктерлі
таулы жазықтықта орналасып, оның абсолютті биіктігі 650-800метр деңгейінде.
Оңтүстік Қазақстан облысының климат ерекшелігі күрт континенталды күн
радиациясының молдығы және жоғары жылуымен ерекшелінеді. Қарастырылып
жатқан белдеудегі 8-10 ай аралықтағы кезеңінің орташа тәулік температурасы
- 00С жоғары. Суық түсуге дейінгі кезеңнің ұзақтығы 185-205 аралығында.
Зерттеу жүргізілген жылдардағы ауа-райы жағдайымен толығырақ танысу үшін
әрбір ауылшаруашылық жылдарына жеке сипаттама жасадық.
2009-2010 ауылшаруашылық жылдары мақсары дақылының өсіп-дамуына
қолайлығымен ерекшелінді. Қараша айының бірінші онкүндігінде түскен жауын-
шашын (36,7мм) жалпы осы айда 79,3мм түсті. 2009-2010 жылдардың қыс
айларында ауа-райының суытуы және қар жамылғысының қалыңдығы байқалды.
Жеотоқсан айында түскен жауын-шашын 57,4мм құрап, көпжылдық орташа
көрсеткіштен бірнеше төмен болса, ал қаңтар айында түскен жауын-шашын
118,9мм мөлшерден 2 есе артық түсті. Осы айдың алғашқы онкүндігінде ауаның
температурасы -6,90С суытты. Ақпан айы жауын-шашынды болып (86,2мм) құрап
наурыз айының бірінші онкүндігінде түскен жауын-шашын (41,8мм), наурыз-
сәуір айларында орташа температура 3-3,6 0С болып көпжылдық көрсеткіштен
төмендегі анықталды. Мамыр айында ауаның температурасы 20,80С жылы болуымен
ерекшеленіп екінші және үшінші онкүндігі 23,8 және 22,20С құрады. Маусым,
шілде, тамыз айларында ауаның температурасы (23,8; 25,6; 26,80С), маусым
айының үшінші онкүндігінде 25,2мм жауын-шашын түсті. Оңтүстік Қазақстан
облысында ауа-райы жағдайының осындай кезектесіп өзгеруі зерттеу жұмыстары
типтік метеорологиялық жағдайда жүргізілді деуге негіз болады. 2009 жылдың
желтоқсан айы мен тамыз айына дейін түскен жауын-шашын мөлшері 434,8мм
болып, оның ішіндегі 154,5мм-і наурыз, сәуір және мамыр айларында, яғни
мақсары дақылының негізгі даму кезеңінде түсіп, бұл жалпы түскен
атмосфералық жауын-шашынның 13 бөлігін құрады.
2010-2011 ауылшаруашылық жылдары қаңтар айының ортасы – 2,60С; шілде
айында +26,40С құрап, жылдың орташа температурасы +100С + 200С болып,
мақсары дақылының өсіп дамуына қолайлы болды. Қараша айының үшінші
онкүндігінде түскен жауын-шашын 52,0мм болып, жалпы бұл айда 104,0мм
құрады. 2010-2011 жылдың қыс айлары қар жамылғысының қалыңдығымен
ерекшелінді. Желтоқсан айында түскен жауын-шашын мөлшері 64мм болып бұл
көпжылдық орташа көрсеткіштен төмендігі байқалып, ал қаңтар айында түскен
жауын-шашын көлемі 51,8мм болды. Ақпан айы толығымен жаңбырлы болып 96,3мм
құраса, ал наурыз айында жалпы жауын-шашын 9,7мм болды. Наурыз және сәуір
айларындағы орташа айлық ауаның температурасы көпжылдық мәліметтермен
салыстырғанда 6,5 және 16,10С болып сәйкестігі байқалды. Наурыз айының
үшінші онкүндігі және сәуір айының жаңбырлы болып 72,5мм және 84,1мм жауын-
шашын түсті. Мамыр айы жылы болып ауаның температурасы 19,30С, ал екінші
–үшінші онкүндіктері 22,20С және 19,40С ерекшелінсе, маусым, шілде және
тамыз айларында ауаның температурасының жоғарлығы байқалып (24,90С; 26,80С
және 26,10С) сипатталды. Оңтүстік Қазақстан облысының орталық аймақтары
ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген тәлімі жерлерге жатады. 2009 жылдың
желтоқсан айының үшінші онкүндігінен тамыз айына дейінгі аралықта 474,9мм
жауын-шашын түссе, оның ішінде вегетация кезеңінің активті наурыз, сәуір
және мамыр айларында 201,1мм түсіп, бұл жалпы атмосфералық түсімнің 42,3
пайызын құрады.
2010-2011 ауылшаруашылық жылдары мақсары дақылының өсіп дамуына аса
қолайлы жағдай болмағанымен ерекшелінді. Қыс айлары күрт суытып түскен
жауын-шашын қар күйінде болып көпжылдық орташа айлық ауаның температурасы
-9,60С болса, бұл жылы -11,20С төмендеді. Ал көктем және жаз мезгілдері
құрғақшылығымен ерекшелінді. Наурыз, сәуір және мамыр айларында ауаның
орташа температурасы 12,80С, 15,80С және 21,10С құрап, көпжылдық
көрсеткіштен жоғары болды. Осы айларда түскен жауын-шашын мөлшері наурызда
– 43,0мм, сәуірде -58,3мм, ал мамыр айында 22,0мм құрап, бұл көпжылдық
орташа көрсеткіштен 2 есе аз болды. Жаз айларында ауаның температурасы өте
жоғары болып (маусым -25,80С, шілде -29,20С және тамыз-28,80С) осы айларда
күндізгі ауаның температурасы +400С және +430С жоғарлады. 2010 жылдың
желтоқсан айынан 2011 жылдың тамыз айы аралығында 403,5мм жауын-шашын
түссе, оның ішінде 123,3мм көктемгі наурыз, сәуір және мамыр айларында
түсті. Бұл жалпы түскен атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің 59,5 пайызын
құрады.
Сонымен, зерттеу қорытындысында 2009-2011 жылдарға жалпы сипаттама
ретінде бірінші екі жылдық зерттеу, яғни 2009-2010 және 2010-2011
ауылшаруашылық жылдары дақылдың өсіп-өнуіне қажетті ылғал түсімі жеткілікті
дәрежеде болды. Ал соңғы 2010-2011 ауылшаруашылық зерттеу жылдары дақыл
үшін аса қолайлы болмады, яғни құрғақшылық болды.
Ауа райының орташа температурасы, 0С
Климаты континенталды, қысы жылы (-10 ° С төңірегінде), жазы ыстық (+40
°С-қа жетеді). Өсімдіктердің өсіп-өну мерзімі 220 - 320 тәулік. Қардың
қалыңдығы 10 см. Жел бағыты солүстік шығыстан. 2008-2010ж аралығында.
Көпжылдың ауаның орташа ылғалдылығы 47%

Кесте 5
Ауаның орташа ылғалдылығы, %

Жылдар Айлар Орташа

IX X XI
1. Өндірісте 1.Жерді аудара жырту 25-27см Диален супер 0,7 лга
қалыптасқан 2. Екі рет малалап тегістеу 480 с.е.
технология 3.Тырмалау ЗБСС-1,0 (диметиламинные
(бақылау) 4. СЗ-3,6 дән сепкішімен себу соли
5.Үстеп қоректендіру N50 кгга2,4-Д+дикамба)
ә.е.з
6. тырмалау 3БСС - 1,0
7. гербицидпен өңдеу
2. Биологиялық 1.Жерді аудара жырту 25-27 см,Диален супер 0,7 лга
тыңайтқыш МЭРС 2. Екі рет малалап тегістеу 480 с.е.
тұқымды өңдеу 3.Тырмалау ЗБСС-1,0 (диметиламинные
4. био. тыңайтқыш МЭРС соли
тұқымды өңдеу 2,4-Д+дикамба)
5. СЗ-3,6 дән сепкішімен себу
6. тырмалау 3БСС - 1,0
7. гербицидпен өңдеу
3. Биологиялық 1.Жерді аудара жырту 25-27 см,Диален супер 0,7 лга
тыңайтқыш Сизам2. Екі рет малалап тегістеу 480 с.е.
тұқымды өңдеу 3.Тырмалау ЗБСС-1,0 (диметиламинные
4. био. тыңайтқыш Сизам соли
тұқымды өңдеу 2,4-Д+дикамба)
5. СЗ-3,6 дән сепкішімен себу
6. тырмалау 3БСС - 1,0
7. гербицидпен өңдеу
Зерттеу барысында өндірісте қалыптасқан технология азот тыңайтқышымен
үстеп қоректендіруді, күздік бидай тұқымы биологиялық тыңайтқыштармен
өңделген нұсқамен салыстыра отырып, тәжірибе нұсқаларына байланысты
агротехникалық және химиялық іс-шараларды қолданып, күздік бидай дақылының
өсіп-даму кезеңдеріндегі айырмашылықтармен өнім түзуі анықталды. Тәжірибеде
мынандай бақылаулар, есеептеулер мен талдаулар жүргізілді:
- Күздік бидайдың қыстап шығуын түп санын бір шаршы метрден әрбір
қайталану мөлдектерінен төрт қайталап санау арқылы жүргізілді.
- Өсіп-даму кезеңдеріне байланысты топырақтың 1 метр тереңдіктегі
ылғалдылығы әрбір 10 см қабаты сайын дақылды себер алдында,
түптену, тітіктену, бас шығарған және пісер алдындағы
кезеңдерінде анықталды. Топырақ үлгілерін әрбір нұсқадан үш
қайталануда АМ-16 бұрғысымен алынды.
- Топырақ қабатының 0-30см қалыңдығындағы қарашірік мөлшері мен
химиялық құрамы, тәжірибе танабының әрбір нұсқасынан топырақтың
аралас үлгілері алынып Тюрин, Мачигин және Грандваль-Ляжу
әдісімен жүргізілді анықталды .
- Күздік бидай дақылына себілген кезден бастап дәнінің толық
піскен уақытына дейінгі кезеңдері анықталып фенологиялық
бақылаулар жүргізілді.
- Күздік бидай егісінің бір шаршы метр алаңындағы арамшөптермен
ластануын санау Мальцев әдісі арқылы анықталып, оларға жаңа
жүйелі гербицидтер пайдаланып 12-14 күн аралығында әсер етуі
анықталды.
- Жауын –шашын түсімін анықтау, гидрометеорологиялық әдіс бойынша
жүргізілді.
- Күздік бидайдың биологиялық өнімділігі әрбір нұсқадан төрт
қайталама бір шаршы алаңнан бау орып алып, есептеулер
жүргізілді.
- Әр нұсқадағы нақты шаруашылықтық өнім САМПО-500 комбайнмен
тікелей жинау арқылы дәннің ылғалдылығы мен тазалығы ескеріліп,
есепке алынды.
- Зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу Б.А.Доспеховтың [37]
корреляция және дисперсиялық талдау әдісімен анықталып,
есептеулер жүргізілді.
- Күздік бидайды топырақты өңдемей тікелей сеуіп өсірудің
экономикалық тиімділігін арнайы Захаренко В.А. (1986)
әдістемелік нұсқаулар бойынша есептеулер жүргізілді.
Күздік бидай егістігіне ерте көктемде ЗБСС-1 тырмасы арқылы ылғал қорын
сақтау және майда біржылдық арамшөптерді жою бағдарламаға сәйкес
жүргізілді. Сонымен қатар тәжірибе жұмысының нұсқаларына байланысты
биологиялық тыңайтқыштар мен өңдеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚО Төлеби ауданы Зертас ауылы жағдайында сұлы дақылынан жоғары өнім алудың технологиясын жасау
Оңтүстік Қазақстанның жерлерінде күздік бидайды тікелей егу жұмыстарын жүргізу
Күздік бидай сорттары
Күздік бидай сорттарының салыстырмалы дән өнімділігі және оның құрылымы
Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі
ОҚО, Аксукент ауылы жағдайында күздік бидай дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау
Күздік бидай суармалы жағдайда тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшерін беру
Бидай және арпа дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы
Экологияның техникалық дақылдарға (қант қызылшасы, қартоп) тигізетін әсері
Алдыңғы дақылдың күздік бидайдың өнімділігіне әсері
Пәндер