Аралдың ежелгі мәдениеті


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Облыс: Қызылорда

Аудан: Қармақшы

Кент: Төретам

4-бағыт

Қазақстанның тарихи ескерткіштері

және болашақ дамуы бар маршруттары

Тақырыбы: Аралдың ежелгі мәдениеті

Жұмысты орындаушы: Алтыруова Малика

Сыныбы: 11«ә» сынып оқушысы

Пәндік жетекшісі: Әбдіреева Жадыра

Қызметі: № 80 мектеп-гимназия мұғалімі

Ғылыми жетекші: Макинев Бақытжан

Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедра меңгерушісі

2012 оқу жылы

АННОТАЦИЯ

ТАҚЫРЫБЫ: Аралдың ежелгі мәдениеті

Тақырыптың өзектілігі : Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ең басты кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі- Арал экологиялық дағдарысы - адам әрекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы, ежелгі мәдениет.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Аралдың ежелгі мәдениетіне талдау жасау.

Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттері:

- Арал қаласының географиялық сипаттамасы

- Зерттеу әдістерін пайдалану ;

- Аралдың қоршаған табиғи ортаға экологиялық әсері ;

- Аралдың ежелгі мәдениеті;

Зерттеу объектісі: Аралдың ежелгі мәдениетіне тоқталу.

Зерттеудің барысы: Аралдың тұрғындарының әлеуметтік экономикалық деңгейі қанағаттанарлығына қарамастан, тұрғындардың денсаулығы алаңдатарлық. Арнайы түрде жүргізілген зерттеулер қандай да болмасын қазіргі кезде Арал экологиялық дағдарысы - адам әрекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын көрінеді. Арал өңіріндегі ерте темір дәуірінің сақталған археологиялық ескерткіштердің жинақталуы.

Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары

қоршаған ортаға елеулі өзгерістер келтіретіін анықтап береді. Ол өзгерістер төмендегідей:

1. Арал өңірінде табиғи процестер мен шаруашылық салаларының көне дәуірден бері келе жатқан үйлесімді даму ырғағын бұзылуы;

2. Шаруашылық кешеннің өнімділігі жетілмей, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмендеуі.

3. Табиғи қорлар тиімді пайдаланбау ;

4. Өйткені мен бұрынғы Арал теңізі өз деңгейін сақтамауы;

Қорыта айтқанда, Қызылорда облысы, Арал ауданы, аудан өңірінде ірі экологиялық жобалар жүзеге асырылуына байланысты табиғи кешендердің даму бағытын антропогендік реттеу негізінде қорларды тиімді пайдалану, шаруашылық салаларын экологиялық дамыту, жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескеру ұсынылады. Қызылорда облысының териториясында орналасуы, аймақтың релъефі, жергілікті халық тұрмысы жөнінде, ежелгі Арал мәдениеті жөнінде нақты ұсыныс-пікірлер келтірілген.

Ендігі жерде қазақтың ұлан байтақ аумағы өзінің « жаралы денесін сауықтыра» отырып, болашақ ұрпақтарының салауатты өмір сүруін қамтамасыз етіп, өркениетті елдер қатарына қосылатынына кәміл сенетіндігі қамтылады.

Мазмұны

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ. . .: 1
3: Арал қаласының географиялық сипаттамасы
5
КІРІСПЕ. . .: 1. 1
3: Тарихы
5
КІРІСПЕ. . .: 1. 2
3: Демографиясы, кен байлықтары
7
КІРІСПЕ. . .: 1. 3
3: Табиғаты
8
КІРІСПЕ. . .: 1. 4
3: Климаты
9
КІРІСПЕ. . .: 1. 5
3: Шаруашылығы
9
КІРІСПЕ. . .: 1. 6
3: Өсімдік жабынының сипаттамасы.
9
КІРІСПЕ. . .: 2
3: Зерттеу әдістері мен құралдары . . .
10
КІРІСПЕ. . .: 3
3: Арал теңізі, Кайнозой дәуірінде
12
КІРІСПЕ. . .: 3. 1
3: Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар.
13
КІРІСПЕ. . .: 3. 2
3: Арал өңіріндегі антропогендік факторлар
13
КІРІСПЕ. . .: 3. 3
3: Зерттеулер жүргізу, Аралдың ежелгі мәдениеті
14
КІРІСПЕ. . .: 3. 4
3: Аралдың қоршаған табиғи ортаға экологиялық әсері
17
КІРІСПЕ. . .:
3: Қорытынды
26
КІРІСПЕ. . .:
3: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
27
КІРІСПЕ. . .:
3: Қосымша
28

Кіріспе

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен

тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат-табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс.

Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің дамуы, жер асты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаға түрлі химиялық зардаптарын тигізуде. Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды.

Солардың бірі -Арал теңізі .

Арал десе алдымен ойға оралатыны: Қазақстанның атын аспандатып, әлемге әйгілеген алып Арал ауданының кен байлықтарынан темір кентасы, тұздар (миробилит, астраханит, ас тұзы), борат, мұнай, және кварц құмдары мен құрылыстық тастар олардың аңызға айналған жетістіктері.

Жұмыста Арал өңірінің антропогендік факторлар, Аралдың ежелгі мәдениеті

талдау жасалынады. Қазіргі кезде Арал экологиялық дағдарысы - адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы.

Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы. 1901-1905 жылдары Орынбор - Ташкент темір жолы Арал теңізі станциясы үстінен өтті. Ал Алтықұдық елді мекені Арал теңізі станциясы болып аталды.

1909 жылы - Арал кеме жөндеу зауытының іргетасы қаланды.

1917 жылы - Арал ауданы Қазан төңкерісіне дейін Қазалы уезі қарамағында болды.

1923 жылы - Қазалы уезі кеңесінің шешімімен Арал поселкесінде атқарушы комитет құрылды.

1925 жылы - «Сольтрест» құрылды.

1929 жылы - Арал ауданы құрылды.

1930 жылы - Балық шаруашылығы саласы құрылып, Арал ауданында балық шаруашылығымен айналысатын 25 колхоз, 15 зауыт, 75 балық қабылдау пункттері жұмыс істеді. Балықшы қауымы жылына 450-500 мың тонна балық аулаған болатын.

1940 жылы - Арал теңізі екіге бөлінді. Сонымен қатар, 12 шаруашылық құрылысы да бөлініп, ал 4 зауыт Қарақалпақ АССР еншісіне берілді.

1941-1945 жылдары - Ұлы Отан соғысына қатысқан 8847 аралдық, оның ішінде 45 азаматша елді жаудан азат етті.

1949-1950 жылдары - Балық өнеркәсібінде 8 мың балықшы жұмыс істеді.

1950-1960 жылдары - Балық және мал шаруашылығын дамытуға айрықша үлес қосқан 16 аралдық Социалистік Еңбек Ері атағын иемденді.

1957 жылы - бүкіл ұжымшар кеңшар болып қайта құрылды. Арал ауданында «Приарал», «Арал», «Қарақұм», «Жіңішкеқұм» совхоздарымен бірге «Құланды» жылқы зауыты жұмыс істеді[1, 2] .

Арал ауданы 1929 жылы құрылған. Алғашқы кезде оның құрамына Қамыстыбас және Арал болыстары кірді. 1938 жылғы 29 наурыздан бастап жұмысшы поселкесі қалаға айналды, яғни Арал поселкасы Арал қаласы болып аталды[3, 4] . Ауданның орталығы Арал қаласы. Ауданда 2008 жылғы 1 қаңтарға 72145 адам тұрады[5, 6, 7] . Оның 30622-сі Арал қаласының тұрғындары[8, 9] . Территориясы 52, 2 км2.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Арал қаласының ежелгі мәдениеті талдау жасау.

Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер:

- Арал қаласының географиялық сипаттамасы

- Зерттеу әдістерін пайдалану ;

- Аралдың қоршаған табиғи ортаға экологиялық әсері ;

- Аралдың ежелгі мәдениеті;

Зерттеу объектісі : Арал қаласының қазіргі кезеңі мен ежелгі мәдениеті.

1. Арал қаласының географиялық сипаттамасы

АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл. ) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 - 70 ж. ) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53, 0 м биіктікте жатқан (кестені қ. ) . Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66, 1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16, 1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шарлашылық мақсаттарға үздік өңдеу алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997) . Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға - Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды (қ. Арал апаты) [1, 6] . А. т. көне замандардан белгілі. Ежел гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің «сақ шығанағы» есептесе, А. Македонский кезінде, Окс теңізі (Окс - Сырдарияның грекше аТЫ) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент ті Кердері т. сияқты аттарында бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ. ), Әбу Исхак әл-Истахри (10 ғ. ), ӘбуАбдал-лаһ Мүхаммед әл-Идриси (12 ғ. ), Әбу-л-Фида (14 г. ), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. Теңіз табиғатын жан-жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады[1] . 1848 - 49 ж. әскери теңізші әрі зерттеуші А. И. Бутаковтың экспедициясы А. т-нің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874, 1889) И. А. Стрельбицкий анықтады. 1874 ж. геодезист А. А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солт. -батыс жағасына қада орнатты. Теңіз суының хим. құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 - 73 ж. жарық көрді. 1900 - 03 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді геогр. және гидрол. зерттеулер Л. С. Бергтің басшылығымен жүргізілді[1, 6] . Одан кейінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғыл. -зерт. Және жобалау ин-ттары шұғылданды.

Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шетелдік ғыл. -зерт. мекемелері А. т-н зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер -қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі теренд. 20 - 25 м, А. т-нде жалпы ауд. шамамен 2235 км2 (айдынның 3, 5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение (бұл аралда КСРО-ның бактериол. қаруын сынау алаңы болған) . Солт-нде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады. Олар терең шығанақтармен тілімделген; шығыс жағасы жазық және құмды, шағын шығанақгар мен жаға маңы аралдары көптеп кездеседі, оңт. жағасы Әмударияның атырауынан тұрады; батыс жағасының тілімденуі шамалы, бұл тұстағы биікт. 250 м- ге жететін Үстірттің жарлауыт қабақтарынан тұрады[11] . А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, құрғақ ауаның орташа темп-расы жазда 24 - 26°С, қыста -7, 0 - 13, 5°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 - 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су тендестігінің құра-мы: кел бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5, 9 км3, өзен ағындысы 54, 8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60, 7 км3. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа

тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға 4 шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді (1-картаны қараңыз) . Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық құбылмалылық, болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған (картаны қ. ) . Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 - 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 - 14%о болатын, соңғы он жыл ішінде (1988 - 98) 25 - 30%с-ге дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытьмен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқы-ры, сазан, қаяз, торта, т. б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, казіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. Маңызды айлақтары мен негізгі экон. қ-лары бұрын Арал (Кіші Аралда) және құрлықта қалған Мойнақ (Үлкен Аралда) қ-лары болған. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен және көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балық өндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзын-қайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы к. т. аталып (аралдардың өте көп болуы себепті, картаны қараңыз), кейін теңіз түгелімен Арал аталған.

1. 1 Тарихы

Арал ауданы - Қызылорда облысындағы әкімшілік бөлінісі 1938 ж. ұйымдастырылған. Аудандағы 58 елді мекен, 1 қалалық, 2 кенттік, 14 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Арал қаласы Жер аумағы 55, 1 мың км2. Тұрғыны 70, 8 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 1, 2 адамнан келеді (2006) . Арал ауданы облыстың солтүстік-батыс бөлігінде, шөлейт белдемде орналасқан. Аудан жерінің ең биік жері - Шевченко шығанағынан солтүстік-батыста жатқан тау (324 м) . Аймақтары мен елді мекендер Ірі елді мекендері: Арал қаласы (30, 5 мың), Абай (2, 3), Сексеуілді (8, 9), Жақсықылыш кенттері (5, 0) және Шижаға (2, 2), т. б.

Жалпы білім беретін 45 мектеп болды. Мәдениет саласында 6 мәдениет үйі, 16 клуб, 37 кітапхана, бір музей, бір кинотеатр тіркелген. Аудандық «Толқын» газеті шығып тұрады. Н. Кенжеғұл атында мәдениет үйінде Қазанғап атында халық аспаптар оркестрі, Сыдықовтар жанұясының ансамблі, «Көңілашар» үгіт-көркемдік бригадасы жұмыс істейді. Денсаулық сақтау саласында ауд. аурухана, балалар босанатын үй, психоневрол. диспансер, кеңес беру диагностик. емхана, 2 аурухана, 31 фельдш. -акушерлік және фельдш. пункт, 12 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, тіс емдейтін «Жансая» және «Аралстоммед» ЖШС-тері, 4 дәріхана, ауд. санэпидстанса, лепропункт, т. б. медицина мекемелер халыққа қызмет көрсетеді. Спорт саласында ауданда 192 спорт ғимараттары тіркелген. Ауданда көптеген қоғамдық бірлестіктер («Қайрат», «Ана үміті», «Байқоңыр», «Арал теңізі», «Ұстаз ұлағаты», «Көкжиек», т. б. ) жұмыс істейді. А. а. аумағымен Орынбор-Ташкент т. ж. (162 км) өтеді. Автомоб. жолының жалпы ұзындығы 502 км, оның ішінде респ. маңызы бар жолдың ұзындығы 211 км. Байланыс кәсіпорындары мен мекемелерінен 1 ауд. байланыс бөлімі, 18 пошта бөлімшесі, 1 телекоммуникация жүйесі елге қызмет көрсетеді. Ауданда ұзындығы 570, 6 км су құбыры тартылған. Электр энергиясын «Дәу летэнерго» ЖШС-і береді. Аудан өңірінен көптеген археол. және мәдени ескерткіштер табылған.

1. 2 Демография

Ауданның халқы көпұлтты. Мұнда 20-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Халқының 99%-ын қазақтар құрайды. Одан басқа мұнда орыс, украин, кәріс, өзбек, т. б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың басым бөлігі Сыр өзеннің атырауында және Орынбор - Ташкент т. ж. бойында қоныстанған. Тұрғындарының 1 км2-ге шаққандағы орташа тығызд. 6, 2 адамнан келеді[1, 6] .

Кен байлықтар

Кен байлықтарынан темір кентасы, тұздар (миробилит, астраханит, ас тұзы), борат, мұнай, және кварц құмдары мен құрылыстық тастар бар.

Халқы

Ауданның халқы көпұлтты. Мұнда 20-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Халқының 99%-ын қазақтар құрайды. Одан басқа мұнда орыс, украин, кәріс, өзбек, т. б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың басым бөлігі Сыр өзеннің атырауында және Орынбор - Ташкент т. ж. бойында қоныстанған. Тұрғындарының 1 км2-ге шаққандағы орташа тығызд. 6, 2 адамнан келеді.

Тарихи-өлкетану музейі

Арал аудандық тарихи-өлкетану музейі 1988 жылдың 25 маусым күні ашылып, халыққа қызмет көрсете бастады. Бүгінгі таңда музейде 8 мыңға тарта жәдігерлер бар, олардың екі жарым мыңы көрме залдарына орналасқан. Музей негізінен 6 көрме залдарынан тұрады.

Этнография және археология залына тартылған теңіз ұлтанынан табылған ертедегі жәндіктердің қаңқалары, тасқа айналған денелері, бұрынғы ата- бабаларымыздың ұстап- тұтынған мүліктері. Киім-кешектері аналарымыз бен қыз-келіншектердің әшекей бұйымдары, ұлттық әуендік аспаптар, елге белгілі Жетес бидің шәйнегі, тұтынған сандығы, атақты тігінші Жармағанбеттің «Зингер» тігін машинасы, сауда-саттық, Орынбор- Ташкент теміржолының салынуы жәйлі деректер, жәдігерлер мен «Өмір» бөгетінен табылған Алты Алаштың мыс қазаны қойылған. Өлке тарихы залында балық кәсіпшілігіне байланысты балықшылардың ау-құралдары, балықтың түрлері, Арал теңізінің зерттелуіне байланысты материалдар, Арал теңізінің тартылуы, табиғат, Қамбаш көлі, Барсакелмес аралы, Қарақұм көріністері, Лениннің Арал балықшыларына жазған хаты, осыған орай «Түркірыбтың» аралдықтарға жіберген станогінің макеті, 16 Социалистік Еңбек Ерлерінің материалдары бар.

Музейде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғы-сына қатысқандардың фотосуреттері мен құжаттары, қойылған. Сондай-ақ, ауданда Кеңес өкіметінің орнауы, ұжымдастыру, тұз өнеркәсібі, мал шаруашылығы мен өнеркәсібінің дамуы, Арал бекінісі көріністері орын алған.

Әдебиет пен өнерге арналған залда заманымыздың заңғар жазушысы Ә. Нұрпейісов, ақын-жазушы З. Шүкіров, әйгілі шайыр Нұртуған Кенжеғұл-ұлының көрмелерімен қатар ауданда әдебиет пен өнерді дамытуда есімі елге белгілі ақын-жазушылардың, термеші- жыраулардың және басқа да өнер адамдарының суреттері мен мәліметтері, шығармалары орналасқан. Сонымен бірге бұл залда қолөнер шеберлері, зергер-мүсінші, тоқымашылар-дың қол туындылары бар. Ескерткіштер тарихы мен имандылық, ина-баттылық және спорт көрмелері де осы залға орналасқан.

Төртінші зал, негізінен әртүрлі тақырыпты қамтиды. Мұнда, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы, Арал теңізінің, «Көкарал» бөгетінің проблемалары және басқа да күнделікті тақырыптағы стенділерді қамтиды.

Ауданның тарихы залына орналасқан стенділер Аралдың 100 жылдығы тарихына саяхат жасалады. Көзі қарақты көрермендер бұл залдан көптеген жәдігерлер мен деректер табуына болады.

1. 3Табиғат жағдайы

Табиғат жағдайының әр түрлілігі өзен алабын бірнеше бөліктерге бөлуде анықтаушы факторлар болып табылады. Сырдария өзені алабы жазық аумағының климаттық жағдайы жазда ауа температурасының жоғарылығымен, ұзақ жылы кезеңмен сипатталады. Негізінен қыс, коктем мезгілінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның аздаған ғана мөлшері қолдан суландыруды қажет етеді. Соңғы уақытқа дейін Арал теңізіне суы толық екі ірі өзен - Сырдария мен Әмудария өзенінің суын бұрып әкету, суармалау мен суландыруға пайдалану бұл өзендердің гидрологиялық режіміне әсер етіп қана қоймай, Арал теңізі алабының экологиялық жағдайын тудырды. Арал маңының барлық аумағында жауын-шашын жеткіліксіз.

Жазда мұнда бірнеше ай бойы жауын-шашын мүлде түспеуі мүмкін. Мұнда оңтүстікте жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері - 90 мм, ал солтүстікте - 125 мм. Қазақстан аумағынан шыққан кезде Сырдария өзеніне Келес, Арыс өзендерінің солтүстік жағасының салалары құяды. Оның барлық су жинау алабының ауданы - 462000 км2.

АРАЛҚҰМ - Балқаш көлінід оңтүстігіндегі, Лепсі мен Басқан өзендерінің аралығындағы қырқалы, төбешік құм. Абс. биікт. 400-500 м. Оңт. -шығыстан солт. -батысқа қарай 50 км-ге созылып жатыр. Ені 18 км, жері 650 км2. Қырқалардың биікт. 8-10 м, төбөшікті құмдардың биікт. 15-20 м. Құмда жүзген, қоянсүйек, жусан, селеу, өзенге жақын жерлерде жыңғыл, баялыш, бұйырғын, құрақ өседі. А. қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.

АРАЛ МАҢЫ ҚАРАҢҰМЫ - Арал теңізі мен Шалқар көлі аралығындағы төбешік құмдар. Шығысында Сарыарқамен шектеседі. Оңт. -батыстан солт. -шығысқа қарай 250 км-ге созылып жатыр, ені 200 өлг-дей: Абс. биікт. 53-145 м. Теңіз жағалауындағы төбешік құмдардың биікт. 5-8 м. Төбешік құм мен бархан арасында қырқалар да кездеседі. Сазды, құмды саз топырақта жусан, еркекшөп, ақ сексеуіл, жүзгек өcеді. Климаты құрғақ әрі өте континенттілік. Жазда мал жаюға пайдаланылады.

АРАЛ МАҢЫНДАҒЫ АРТЕЗИАН АЛАПТАРЫ - Арал теңізінің солтүстігін, шығысын, оңтүстігін алып жатқан жер асты суы бар кең аймақ. Жалпы көлемі 15 км2 Солт. Арал, Шығ. Арал артезиан алаптары бар. Солт. Арал артезиан алабының арыны күпггі артезиан сулары бор жүйесі альб, сөноман ярустарының (70- 100 м тереңдікте) және палеогеннің (50-300 м тереңдікте) шөгінді жыныстарына байланысты. Альбсеноман суының минералдануы 1-3 г/л, ал палеогендікі - 2, 5 г/л. Бұл алаптың оңт. -шығысындағы судың минералда¬нуы 8-12 г/л. Шығ. Арал алабындағы артезиан сулары бор жүйесінің жоғарғы бөлімінің сулы қабаттарында (100-300 м терсңдікте), судың мине¬ралдануы 1, 5-2, 5 г/л-ден аспайды. Алаптардағы су скважиналарының тәуліктік өніыі 1 ?0-2500 м3. Артезиан суларының жалпы қоры 500 млрд. м3 шамасында. Елдг ауыз сумен қамтамасыз етуде, мал жайылымын суландыруда, егіндік жерді суаруда бұл ар¬тезиан суларының мәні зор[11, 12] .

1. 4 Климаты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Шірік-рабат
Антик дүниесінің өнері
Қола дәуірінің ерекшелігі
Кипр жайлы
Азияның туристік орталықтары: Индонезия
Экзотикалық туризм түрлері
Ежелгі Грекия мәдениеті. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы
Ежелгі Грекия мәдениеті
Мадагаскар және Ұлыбритания аралдарына салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz