ОҚО Мақтарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру туралы ақпарат


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: ОҚО Мақтарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру.

Жұмыстың мақсаты: ОҚО Мақтарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру.

Жұмыста жалпы бөлім: егіс алқабының мелиорациялық жағдайы, суғарылатын аймақтың табиғи жағдайлары мен суғару көздері сипаттамасы, суғару алқабын суғару әдістерін жетілдіруін ұйымдастыру, ауыл шаруашылық дақылдарын суғару режимі мен суғару тәсілдері, суғару элементтерінін есептері, суғару алқабындағы гидротехникалық құрылымдар көрсетілді.

Егіс алқабын суғару әдістерін жетілдіру еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау туралы ақпараттар қамтылған. Суғару жүйесінін әдістерін жетілдіруін ұйымдастыра отырып, экономикалық тиімділігін және шаруашылық құрылысының техникалық мүмкіндіктері жөнінде қорытынды жасалады.

Дипломдық жұмыста түсініктеме жазба беттен, кестеден, суреттен, графикалық бөлімнен тұрады.

Сөздің кілті: жүйектеп суғару, беткейлеп суғару, мелиорация, су жинағыш, су жинағыш қашыртқы жүйелер, суғару көзі, суару нормасы, гидромодуль, гидротехникалық құрылымдар.

Дипломдық жұмысты орындаған: Тойчибаев Бабыр Бахтиярович. Жетекшісі: Муташева Гаухар. Орындалған мерзімі: 20. 05. 2013 жыл.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
8
:
Нормативтік сілтемелер: Анықтамалар
8: 9
:
Нормативтік сілтемелер: Белгілер мен қысқартулар
8: 10
:
Нормативтік сілтемелер: Төлқұжат
8: 11
:
Нормативтік сілтемелер: Кіріспе
8: 12
: 1
Нормативтік сілтемелер: Жалпы бөлім
8: 13
: 1. 1
Нормативтік сілтемелер: ОҚО Мақтарал ауданы Тоған шаруа қожалығының орналасуы
8: 13
: 2
Нормативтік сілтемелер: Технологиялық бөлім
8: 13
: 2. 1
Нормативтік сілтемелер: Суғару территориясын ұйымдастыру
8: 14
: 2. 2
Нормативтік сілтемелер: Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимі
8: 15
: 2. 2. 1
Нормативтік сілтемелер: Ауыл шаруашылық дақылдарын пайдаланатын су мөлшері
8: 15
: 2. 3
Нормативтік сілтемелер: Суару нормасы
8: 15
: 2. 4
Нормативтік сілтемелер: Суару мерзімі
8: 16
: 2. 5
Нормативтік сілтемелер: Суару режимінің жинақталмаған графигі
8: 17
: 2. 6
Нормативтік сілтемелер: Гидромодульдің жинақталған графигі
8: 19
: 2. 7
Нормативтік сілтемелер: Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың негізгі әдістері
8: 25
: 2. 7. 1
Нормативтік сілтемелер: Жүйектеп суару әдісі
8: 26
: 2. 7. 2
Нормативтік сілтемелер: Тақталап жайып суару әдісі
8: 27
: 2. 7. 3
Нормативтік сілтемелер: Су бас жағынан жіберілетін тақталарды суару техникасының элементтерін есептеу
8: 30
: 3
Нормативтік сілтемелер: Еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау бөлімі
8: 58
: 3. 1
Нормативтік сілтемелер: Өрт қауіпсіздігі
8: 58
: 4
Нормативтік сілтемелер: Қоршаған ортаны қорғау бойынша бөлім
8: 64
: 5
Нормативтік сілтемелер: Экономика бойынша бөлім
8: 67
: 5. 1
Нормативтік сілтемелер: Электроэнергияның құны
8: 68
: 6
Нормативтік сілтемелер: Бизнес-жоспарлау
8: 71
: 6. 1
Нормативтік сілтемелер: Аннотация
8: 72
: 6. 2
Нормативтік сілтемелер: Резюме
8: 74
: 6. 3
Нормативтік сілтемелер: Кәсіпорынның сипаттамасы
8: 74
: 6. 4
Нормативтік сілтемелер: Өнімнің сипаттамасы
8: 74
: 6. 5
Нормативтік сілтемелер: Менеджмент
8: 74
: 6. 6
Нормативтік сілтемелер: Маркетинг жоспары
8: 75
: 6. 7
Нормативтік сілтемелер: Өндірістік жоспары
8: 75
: 6. 8
Нормативтік сілтемелер: Ұйымдастырушылық жоспар
8: 76
: 6. 9
Нормативтік сілтемелер: Қаржылық жоспар
8: 77
: 6. 9. 1
Нормативтік сілтемелер: Шығындарды болжау
8: 79
: 6. 9. 2
Нормативтік сілтемелер: Пайда мен залалды болжау
8: 80
: 6. 10
Нормативтік сілтемелер: Жобаның тәуекелділігін талдау
8: 80
:
Нормативтік сілтемелер: Резюме
8: 82
:
Нормативтік сілтемелер: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
8: 83

Нормативтік сілтемелер

- СниП 2. 06. 04-82 Гидротехникалық құрылымдарға жүктемелер және әсерлер

- СНиП 3. 0101-85 Организация строительного производства

- СНиП 2. 06. 03-85 Мелиративные системы и сооружения

- BS 8800: 1996 Еңбек және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы менеджмент жүйесін басқару

- IL O-OSH 2001 (ГОСТ 12. 0. 230- 2007) Еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі

- СНИП П-30-76 Су пайдалану нормасы

- ГОСТ 2874 - 82 «Ауыз су» сапасы туралы

- СНИП 31-74 Шаруашылықпен ауыз суына және техникаға қажетті су нормасы

- ҚР ҚН ж Е 4. 0. 1-0. 2-2001 Сумен жабдықтау, сыртқы тораптар және ғимараттар

- ҚР ҚН ж Е 23695-94 Санитарлық техникалық болат құралдартехникалық шарттар

- ҚР ҚН ж Е 2. 03-10-2002 Су басу және су астында қалу қауіпі бар аймақтарды инженерлік қорғау

- СНиП 2. 03. 03-85 Мелиоративтік құрылғылар мен жүйелер

- СниП 2. 01. 14. 83 Есептңк гидрогеологиялық сипаттамаларын анықтау

- СниП 2. 02. 02-85 Негізгі гидротехникалық құрылымдар

- СниП 2. 06. 01-86 Гидротехникалық құрылымда.

Анықтамалар

Ауыл шаруашылық мелиорациясы - ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін, қолайсыз табиғи жағдайларды түбегейлі жақсарту жолында қолданылатын ұйымдастыру-шаруашылық және техникалық шаралар жүйесі.

Суару жүйесінен өтетін судың брутто мөлшері деп - бас каналдың бас жағынан өтетін судың, ал одан өтетін судың нетто мөлшері деп - ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін танаптарға нақтылы жіберілетін суды айтады

Жерді мелиорациялау - гидротехникалық және культуртехникалық жұмыстардан, топырақтың су және жел эрозиясымен күресуден, ащы топырақтарды әктеуден және сорланған топырақтарды гипстеуден, агролесомелиорациялық және тағы баска шаралардан тұрады.

Суару нормасы - бір гектар жерді 1 рет суаруға қажетті су мөлшері.

ЖПК - жерді пайдалану коэффициенті.

Гидромодуль - белгілі бірлік жер көлемінің үлесіне суғару нормасының 1 секундта берілетін су мөлшері.

Шаруашылық алқаптарын ұйымдастыру - белгіленген шекарасы бар шаруашылық ішіндегі жерді пайдалану мен шаруашылықтағы пайдаланатын жерді әр түрлі бөлуді айтады.

Су жинайтын аудан - жер бетіндегі немесе жер астындағы судың жиналатын орны.

Суды қорғау шаралары - табиғи су көздерін тиімді пайдалану, таза сақтау, қалдықтармен ластамау шараларының жүйесі.

Пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) - қуатты өзгертіп пайдалану кезіндегі жүйенің (машина, құрылғы) тиімділігін көрсететін шама.

Су алатын құрылым - өзеннен, көлден, су қоймалардан және т. б. су алуға қызмет ететін гидротехникалық құрылыс.

Сумен қамтамасыз ету - суды тұтынушыларға беру.

Су қоймасы - суды қорғау және ағысын реттеу мақсатында су ағысын бекіту арқылы жасалған суат.

Белгілер мен қысқартулар

АӨК - агроөнеркәсіп кешен;

СШК - су шаруашылық кешені;

ҚСД - қалыпты су деңгейі;

ӨКД - өлі көлем деңгейі;

МК - магистральді канал;

ҚӨ - құбыр өсі;

АӨК - агро өнеркәсіп кешені;

ҚМШ - қалдықтардың мүмкіндік шегі;

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

ШМК - шекті мүмкіндік концентрациясы;

Га - гектар;

м3/га - текше метр/гектар;

л/с - литр/секунд;

м- метр;

см - сантиметр;

мм - миллиметр;

сағ - сағат;

м/сағ - метр/сағат;

м3/сек - текше метр/секунд

Төлқұжат

Суармалы аудан: Суармалы аудан
360 га: 360 га
Суармалы аудан: Нысанның орналасқан орны
360 га: ОҚО, Мақтаарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру
Суармалы аудан: Жобаның негізгі мақсаты
360 га: ОҚО, Мақтаарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру
Суармалы аудан: Суару тәсілі
360 га: Тақталап және жүйектеп
Суармалы аудан: Суғарылған жерлерді пайдалану
360 га:

Көп жылдық шоп -0, 5

Қызылша -0, 25

Жемдік жүгері - 0, 125

Жаздық бидай - 0, 125

Суармалы аудан: Суғару мерзімі
360 га: Дақылдардың өсу дәурі
Суармалы аудан: Шаруашылық каналдың мөлшері
360 га: Q нтмх = 451 л/c
Суармалы аудан: Учаскелік каналдың мөлшері
360 га: Q уч. н. т = 187. 2 л/с
Суармалы аудан: Шаруашылық каналдың ПӘК-і
360 га: 0, 93
Суармалы аудан: Магистрал каналдың ПӘК-і
360 га: 0, 87
Суармалы аудан: Шаруашылық каналдың мөлшері
360 га: Q р. б =534 л/с
Суармалы аудан: Учаскелік каналдың мөлшері
360 га: Q мк. бр =225 л/с
Суармалы аудан: Капиталдық шығындардың үлес
360 га: 4, 8 тенге м 3
Суармалы аудан: Судың өзіндік құны
360 га: 6, 7
Суармалы аудан: Жылдық экономикалық тиімділігі
360 га: 567630
Суармалы аудан: Нысанның өтелу мерзімі
360 га: 2, 5

Кіріспе

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдалану және егін алқаптарында арнайы суару технологияларын пайдаланып, олардың тиімділігін арттыру негізінде мәселелердің бірі болып отыр.

Осы орайда егілген егіннің агротехнологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың суару режимін, су беру мөлшерін ғылыми белгіленген әдіспен реттеп отырмаса, артық су егін алқабына өзеннің кері әсерін тигізетіні рас.

Мәселен, жаппай егілген егінді алқап бойынша суғарған кезде оның біркелкі жайылуын іске асыру өте қиын. Ол үшін жер беті белгіленген мөлшерінде тегіс болуы тиіс. Бұл әдістің тағы бір кемшілігі - топырақ байланысын және құнарлығын бұзады, жер бетін лаймен қаптап қатырып тастайды, қажетті суды ысырап етеді және суармалы жерлердің тұздылығын арттырып, егінге зиян келтіреді.

Табиғатта, қоғам тарихында, адам өмірінде, тіршіліктің әр саласында судың ерекше орын алатыны белгілі. Халық шаруашылығына қажетті су көзі өнеркәсіпті дамытуда, жер суаруда, барлық техникалық процесстерді асыруда да пайдаланылады. Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және халықты сапалы сумен қамтамасыз ету бірінші кезекте шешілуі тиіс маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Назарбаев еліміздегі жүріп жатқан аграрлық реформаға баса көңіл аударуда. Су ресурстарын тиімді пайдалану, оны болашақ ұрпақтар үшін сақтау қажеттілігі әрбір қоғамның міндеті екенін Қазақстан халқына арнаған жолдауында, су секторына қарасты бас қосуларда баса айтқан болатын. Шын мәнінде Қазақстанда ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлердің сапасы нашар. Қазақстан аграрлы мемлекет ретінде танылуы тиіс.

Ауыл шаруашылығында су негізінен суармалы егіншілікте, мал жайылымдарымен фермаларын суландыру үшін және күнделікті тұрмыстық мақсатта қолданады.

Егін алқабын суарудың тиімді тәсілдерінің бірі беткейлеп суару болып табылады. Суару әдісінің бұл түрі әсіресе орман және далалы аймақтарда қолдануға болатын ең қолайлы және экономикалық тұрғыдан тиімді болып саналады. Суару ылғалдану жағдайын табиғи түрге жақындатып, атмосфераның жерге жақын төменгі қабатын және оның температурасын төмендетіп, микроклимтқа жақсы әсер тигізеді.

Ауыл шаруашылығына қызмет ететін салалардың ішінде суармалы егіншіліктің алатынорны өте зор. Соңғы жылдары суармалы жерлердің көдемі артып, олардың өндірілетін өнімнің сыбағалы салмағының жыл сайын өсіп келе жатқаны байқалады.

Қазіргі уақытта республикадағы суармалы жерлерде күріш пен мақтаның барлық өнімі, көкөніс өнімінің үштен екі бөлігі, техникалық дақылдар екііден бір бөлігі, т. б. өндіріледі.

Жерді мелиорациялау (латын тілінен аударғанда жақсарту деген мағынада)

- гидротехникалық және культуртехникалық жұмыстардан, топырақтың су және жел эрозиясымен күресуден, ащы топырақтарды әкетуден және сорланған топырақтарды гипстеуден, агролесомелиорациялық және табиғи басқа шаралардан тұрады.

Бұлардың негізгі гидротехнткалық мелиорация суару, суландыру және құрғату және культуртехникалық шаралар (жерді бұтақтардан тазарту, ағаш түптерін тамырлармен жұлу, төмпешіктерді тегістеу, тастарды жинап алу және топырақты алғаш рет баптау) болып саналады.

Жыл сайын көп жұмыстарды біріктіретін мелиорациялық жүйелер іске қосылып келеді. Суару аймақтарында жабық суару жүйелер салынып, сорланған жерлерде жабық дренаждар жасалуда. Суарылатын жерлердің 50 пайызы жаңбырлатқыш машиналармен жасалады. Құрылатын аймақтарда жабық құрғату жүйелері кеңінен орын алады, кейбір республикалармен облыстарда топырақтың су режимін екі жақты реттейтін жүйелер салынуда.

Елімізде азық-түлік және ауыл шаруашлығы өнімін молайтуда мелиорация жұмыстарының алатн орны өте зор, өйткені барлық егістің 60 проценті қуаң және ылғалдығы жеткіліксіз аймақтарда, ал 30проценттен көбі су мол жерлерде орналасқан.

Мұндай жағдайларда топырақ құнарлығының табиғи потенциялын толығынан пайдаланудың көзі тек қана мелиорациялық шараларды қолданғанда мүмкін болады. Қазіргі уақытта мелиорация еліміздің барлық аймақтарындағы ауыл шаруашылығын одан әрі өркендету жұмыстарының құрамды бөлігі болып саналады.

Ауыл шаруашылық мелиорация дегеніміз - ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін, қолайсыз табиғи жағдайларды түбегейлі жақсарту жолында қолданылатын ұйымдастыру - шаурушылық және техникалық шаралар жүйесі.

Гидротехникалық мелиорация ылғал жеткіліксіз болғанда топырақты суару және құрғату арқылы, топырақтың су, ауа және жылылық режимдерін жақсартады.

Сонымен бірге мұндай жерлерден мол және тұрақты өнім алу үшін, өсімдіктердің қоректену режимінде қамтамасыз ету керек. Ол үшін мелиорацияланатын жерлерде минералды және органикалық тыңайтқыштар сіңіру мен бірге, агротехниканы да дұрыс қолдана білу қажет.

Елімізде бірқатар шаруашылықтар суарылатын жерлердің әрбір гектарынан 6-7 тонна күріш, 10-12 тонна жүгері, 4, 5-5 тонна шитті мақта, 40-50 тонна көкөніс, 15-17 тонна көп жылдық шөптер өндіріледі.

Қазақстанда суарылатын жердің көлемі қазіргі уақытта 2, 3 млн гектарға жетті. Суарылатын негізгі алқаптар Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Семей, Талдықорған, оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік аудандарында орналасқан.

Мелиорация ауыл шаруашылық өнімдерін арттырып қана қоймай, сондай ақ ауа райының әр түрлі болған жағдайының өзінде тұрақты өнім алудың негізін жасайды.

Культуртехникалық мелиорация көбіне ылғалы артық, бұталарман төбешіктері көбірек және тастары мол жерлерде жүргізіледі.

Қазақстандағы жер қоры 272 гектар жер. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында қолданылатын жердің көлемі 2, 3 млн. гектар жер. 2, 3-ң 1, 6-1, 7 млн гектары ғана айналыста.

Кеңес өкіметінің аграрлық саясатына сәкес әрбір бес жылдық сайын елімізде мелиоративтік жұмыстардың одан әрі өрістеуіне үлкен көңіл бөлініп келді және ауыл шаруашылығын өркендетудің нақты шаралары белгіленіп, таяу жылдардың ішінде жүргізілетін мелиоративтік шаралардың бағыты, аумағы және техникасы көрсетілді.

Осы шаралардан кейін еліміздегі мелиорацияланған жер көлемі көбейе бастады. Оныншы бесжылдықта оның көлемі 32 млн гектар шамасында, оның ішінде суарылатын жер көлемі -18, 3 млн гектар және құрғатылған жер көлемі - 13, 4 млн гектар болды.

Он бірінші бесжылдықтың аяғында суарылатын жер көлемі 20, 8 млн гектарға дейін көбейтіліп, құрғатылған жердің көлемі 15, 5 млн гектарға жеткізілді. Мелиорацияланған жерлерден қазіргі уақытта елімізде барлық мақта және күріштің 75, көкөніс және жүзіммен жемістің жартысы, құнарлы және шырынды мал азығының 25 өндіріледі.

1 Жалпы бөлім

1. 1 ОҚО Мақтарал ауданы Тоған шаруа қожалығының орналасуы

Мақтарал өңірі өзінің табиғи-климаттық жағынан, жыл мерзімінің әр мезгіліне бір келкі келмейтін аз жауын-шашынды, қысы суық, жазы ыстық келетін жартылай шөлейт аймаққа жатады. Ауа-райын сипаттауда «Жетісай» метео-орталығының мәліметтері пайдаланылды. (№ 2. 1 кесте) .

Аймақта абсолюттік ең жоғарғы ауа температурасы (жазда) + 41, 0°С болса, ең төменгі абсолюттік ауа температурасы (қыста) -12, 0°С . 2012 жылы ең төменгі ауа температурасы -9, 7°С, орташа ауа температурасы +13, 0°С, бұл орташа көпыждықтан 1, 4°С көп.

Жауған жауын-шашын жағынан суарылмайтын жерден өнім ала-алмайтын жағдайда. Ағымдағы жылы орташа жауын-шашын көлемі 205, 9 мм, бұл орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшерінен 55, 1 мм-ге аз (сурет1. 1) .

Сурет 1. 1 ОҚО Мақтарал ауданы 2012 жылғы атмосфералық жауын-

шашын графигі

Орташа түскен жауын-шашын көлемі жыл мезгілінде біріңғай емес: жазда - 6, 3 мм, күзде - 59, 1 мм, қыста 76, 8 мм, көктемде- 93, 0 мм аралығында. Қысы қысқа, тұрақты емес, көпжылдық орташа ауа температурасы қаңтар айында - 2, 9°С, ал 2012 жылы қаңтар айында орташа ауа температурасы - 9, 7°С, орташа топырақтағы тоң қабаты 8, 0 см.

Көктем ерте түседі, күн көзі тез жыли бастап, сәуір айында орташа ауа температурасы +14, 3°С, 2012 жылы сәуір айындағы орташа ауа температурасы +21, 0°С. Жазы құрғақ ыстық, ұзақ. шілде айындағы орташа (көпжылдық) ауа температура +25, 6 °С, ал 2012 жылы +28, 7 °С (сурет 2. 2) .

Сурет 1. 2 ОҚО Мақтарал ауданы 2012 жалғы ауаның температурасы

Күз кеш түседі, қараша айынан бастап ауа температурасы күрт төмендей бастауымен сипатталады.

Көп жылдық бақылау көрсеткендей орташа суықсыз күндер 191 күнге тең келеді, ал 2012 жылы 244 күнге тең келді.

Аймақта желдің әсері әлсіз, орташа жыл бойындағы желдің жылдамдығы 1, 75 м/сек тең. Негізінен аймақтағы желдің бағыты солтүстік-шығыс және солтүстік бағыттан.

Суармалы жердегі ауа-райының ең негізгі көрсеткіші болып табылатын судың буға айналу көрсеткіші ол аймақта орташа 1300-1500 мм-ге тең, бұл дегеніміз жылдық жауын-шашын көлемінен 4-5 есе көп деген сөз (Кесте 2. 1) .

Жауын-шашын мен судың буға айналу мөлшерінің айырмашылығы аймақтың өте құрғақ аймаққа жататынын көрсетеді. Жоғары тұздылықты жер асты суларының жер бетіне жақын болуы топырақ құрылымдарына өзінің кері әсерін тигізуде, яғни буға айналған су құрамындағы тез ерігіш тұздар топырақ қабатының бетінде қалып отырады.

Жоғарыда келтірілген ауа-райының көрсеткіштеріне сүйенсек, Мақтарал өңірінде жер өңдеу, жерден өнім алу, жерді суару арқылы ғана мүмкін екенін көреміз.

Аудандағы суармалы жерлерінің 26 пайызында боз топырақтар дамып жатыр. Қазіргі кезде ауданда олардың тек қана шалғынды боз түрі кедеседі. Табиғи судың жетіспеушілігінен дақылдар өсіру үшін қолайсыз, ашық боз топырақтың дамып жатқан көлемі биыл байқалмайды.

Боз топырақтардың арасында дақылдар өсіру үшін қолайлы, шалғынды-боз түрінің дамып жатқан көлемі өткен жылмен салыстырғанда 30 пйыздан биыл аудан бойынша 26 пайызға дейінтөмендеді. Адандағы топырақтардың ішінде дамып жатқан көлемі бойынша олар алдына шалғынды топырақтың боз тәрізді шалғындық түрін жіберді (1 кесте) . Шалғынды-боз топырақ Қарғалы ауыл округінен басқа Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан ауыл округтерінің барлығында кездеседі.

Кесте 1 - Топырақ жамылғысының құрылымы мен бірнеше жылдарға өзгеруі

Топырақтардың мелиоративтік түрлері
Топырақтар құрылымының бірнеше жылдардағы өзгеруі, га/
2000ж
2005ж
2008ж
2009ж
2010ж
Топырақтардың мелиоративтік түрлері: Ашық боз
Топырақтар құрылымының бірнеше жылдардағы өзгеруі, га/: 6020/20
1368/4, 7
1617/5
1150/3, 5
Топырақтардың мелиоративтік түрлері: Тақыр тәрізді шөлдік
Топырақтар құрылымының бірнеше жылдардағы өзгеруі, га/: 9610/29
5069/16
2745/8, 5
Топырақтардың мелиоративтік түрлері: Шалғынды-боз
Топырақтар құрылымының бірнеше жылдардағы өзгеруі, га/: 22275/76
15510/52, 8
8760/27
9668/30
8449/60
Топырақтардың мелиоративтік түрлері: Шалғынды-шөлдік
Топырақтар құрылымының бірнеше жылдардағы өзгеруі, га/: 4900/15
9441/29
6420/20
Топырақтардың мелиоративтік түрлері: Боз шалғындық
Топырақтар құрылымының бірнеше жылдардағы өзгеруі, га/: 855/3
12376/42, 1
6767/21
6582/20
10418/42
Топырақтардың мелиоративтік түрлері: Аллювиалды-шалғындық
Топырақтар құрылымының бірнеше жылдардағы өзгеруі, га/:
2055/6, 5
Топырақтардың мелиоративтік түрлері: Суармалы шалғынды
Топырақтар құрылымының бірнеше жылдардағы өзгеруі, га/: 227/0, 8
123/0, 4
820/3
467/15
2250/7
Топырақтардың мелиоративтік түрлері: БАРЛЫҒЫ
Топырақтар құрылымының бірнеше жылдардағы өзгеруі, га/: 29377
29377
32474 32377
32377

Гумус бойынша топырақтар ауыл шаруашылық дақылдар үшін қолайсыз гумустың орта мөлщері 0, 7- 0, 8 пайыз. Түйіршік құрамы әр-түрлі. Арыс өзенінің бойында орналасқан суармалы жерлеріндегі топырақтардың түйіршік құрамы негізінде ауыр және сазды.

Сырдария өзенінің бойында орналасқан суармалы жерлердің топырақтарының түйіршік құрамы көп қабатты. Топырақ кесіндісінде құм, құмдақ, жеңіл орта сазды қабаттар кездеседі.

Сазды қабаттар басымдау рН бойынша топырақтар бейтарапты мен сілті топырақтарына кіреді - олардың рН мөлшері 6, 8 бен 7, 8-дің арасында өзгереді.

Сілті топырақтар басымдау. рН бойынша сондай қолайлы жерлерде мақта, жоңышқа, братидай, қара бидай, қант қызылшасын, бұршақ, жүгері және басқа ауыл шаруашылық дақылдарды игеруге болады.

Мелиоративтік тәртіптер бойынша топырақ көлемінің бірнеше жылдардағы өзгеруі. Суреттің мәлметтері бойынша аудандағы жағдай бұрынғысынша жаман емес.

Қайта тұздану процесстерінің жиі өтуіне байланысты ауыл шаруашылық дақылдар өсіру үшін ең қолайсыз гидроморфты режимінде дамитын топырақтардың көлемі есептеу жылы өскенімен, дақылдар үшін ең қолайлы болып саналатын мезогидроморфты режимінде дамитын топырақтардың көлемі де күрт өсті.

Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайының басты көрсеткіші топырақтардың тұздану дәрежесі. Сорланған топырақтар аз өнімді, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін төмендетеді. Сол себептен шаруашылықтардың сорланған жерлерінде күрделі мелиоративтік жұмыс

Тұз тексеру мәлметтері бойынша, тұздардың басым түрі хлоридті-сульфаттық болды.

Олардың мәлметтері бойынша иондардың мөлшерімен тұздану дәрежесінің арасында заңдылық белгіленеді. Тұзданбаған қабаттарында HCO иондары басымдау, тұздарын сәйкес Са(HCO) . Тұздану дәрежесінің өсуімен SO, CA. Mg және NA иондарының мөлшері жоғарылайды - тұздардан гипс (CaSO), глаубер тұзы (NaSO), ас тұзы (NaCI) және ащы тұзы (MgSO) . Мақтарал ауданы топырақтарында тұздану дәрежесі өсуімен иондардан хлордың мөлшері күрт өседі.

Сол себептен тұздардың ішінде дақылдар үшін өте улы ас тұздың мөлшері басымды. Улы тұздардың мөлшері усыз тұздармен салыстырғанда тұзданбаған топырақтарда 1-3 есе жоғарылау, ал тұздардың өсуімен топырақтарда улы тұздардың усыз тұздардың арақатынастағы усыз гипстің мөлшерінің күрт өсуіне байланысты онша өзгермейді.

2 Технологиялық бөлім

2. 1 Суғару территориясын ұйымдастыру

2. 1. 1 Жоспарланатын жалпы іс шаралар схемасы

Шаруашылық ішіндегі жер көлемін ұйымдастыру үшін табиғи және әкімшілік шекаралардың орналасуын, шойын және тас жолдардың, электр тарату сызықтарының, суару және су жинағыш - қашыртқы жүйелерінің орналасуын ескеріп және суарылатын жердің топырақтық - мелиоративтік жағдайларын ескеру қажет.

Ауданның табиғи- шаруашылық жағдайларына сәкестендіріліп әрбір танап көп жылдық шөптер мен жоңышқаның егістері және т. б. орналастырылады. Ауыспалы егіс өлшемдері шаруашылықтың келешекте даму жоспары мен қажетіне сәйкес анықталады [16] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚО Мақтарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру
ОҚО Мақтарал ауданында мақта өсіруге арналған суғару арықтарының сапасын жоғарылату мақсатында арыққазғыш КДУ-2/1 дамба нығыздағыштың жұмысшы органын жобалау
Жергілікті бюджет жайлы
Жер ресурстары туралы түсінік
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері
Мақта шиті тұқымын себуге арналған себу аппараты
Уақытша суғару арықтарынның сипаттамасы
ОҚО Төлеби ауданына қарасты «Алмалы» шаруа қожалығының 450 га көкөніс дақылдары алқабын суғару жүйесінің жобасы
Мақтаның түкті шитін егіске жасанды қабықтандыру тәсілімен ұнтақ дайындау қондырғысын жобалау
Мақтаарал ауданының топонимиясына тарихи — лингвистикалық және сөзжасамдық сипаттамасын, тілдік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz