Қазіргі WEB технологиялар



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ WORLD WIDE WEB.ТІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ 4
1.1 Интернеттің негізгі түсініктері 4
1.2 World Wide Web.тің негізгі түсініктері 5
1.3 Internet Explorer.WWW.ке арналған броузер 9
2 ҚАЗІРГІ WEB ТЕХНОЛОГИЯЛАР 10

2.1 Интерактивті Web технологиялар 10
2.2 Web “КЛИЕНТ / СЕРВЕР ” технологиясы 12
2.3 Интернет технологиясы 13
3 HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ 14

3.1 HTML тілі туралы негізгі мағлұматтар 14
3.2 HTML құжаттарының форматы 15
3.3 HTML тілінің атқаратын қызметі 16
3.4 HTML тілінің командалары 17

4 JAVASCRIPT ЖӘНЕ JAVA ТІЛДЕРІ 19
4.1 Java.мен JavaScript тілдерінің айырмашылықтары 19
4.2 Байт кодтар компиляциясы және JavaScript сценарий 20

5 PHP.ДА БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІ 22

6 FRONTPAGE РЕДАКТОРЫ 24
6.1 Web.парақтар құру 24

6.2 FrontРage.дің серверлік кеңейткіштері. 25

ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Бүгінгі күнде интернет әртүрлі білім салалары бойынша жан – жақты жинақталған ақпарат көзі болып табылады.
Интернет деп бүкіл әлемдік компьютерлердің желіде бірігуін айтады. Интернет серверінен алынатын құжаттар гипермәтіндік пішімде дайындалған. Құжаттарды тасымалдаумен шұғылданатын интернеттің қызмет түрін World Wide Web (Web, WWW) деп атайды.
Интернет өзара тікелей қосылған компьютерлердің жиынтығы ғана емес, ол қандайда бір ақпараттық кеңістікті құрайды. Бұл кеңістіктегі жеке құжатты Web – беттер деп атайды. Әдетте бұл әртүрлі обьектілер жиынтығынан тұратын құжат. Оның құрамында мәтіндік, графиктік бейнелер мультимедиялық және басқа енгізілетін обьектілер болады. Қазіргі кезде Web - құжаттардың ішкі мазмұнын HTML тілін немесе бағдарламалау мүмкіндіктерін арнайы пайдаланбай–ақ, жылдам өзгертетін көптеген технологиялар бар.
Демек бұл курстық жұмыста Web – технологияларға жататын НТМL, Java, PHP, FrontРage сияқты бағдарламалар қарастырылып отыр.
Мақсаты: Аталмыш бағдарламалардың мүмкіндіктерін жан – жақты қарастырып және қарастырылған мүмкіндіктерді пайдалана отырып тәжірбиелік жұмыстар ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
1. ХХI ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы ақпаратты қоғамға өтуі және Web – сайтты адамның ақпарат алу саласында пайдалануы;
2. Web – технологияларды жақсы Web – сайт жасауға пайдаланылуы;
Практикалық маңыздылығы: Тәжірбиелік жұмыс ретінде «Шығыс Қазақстан мемелекеттік унмверситетінде оқитын Монголия қазақ студенттерінің сайты» атты Web – сайт құру.
Берілген курстық жұмыс мазмұны, кіріспе, 6 бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ WORLD WIDE WEB–ТІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ 4
1.1 Интернеттің негізгі түсініктері
4
1.2 World Wide Web–тің негізгі түсініктері
5
1.3 Internet Explorer-WWW-ке арналған броузер
9
2 ҚАЗІРГІ WEB ТЕХНОЛОГИЯЛАР
10
2.1 Интерактивті Web технологиялар
10
2.2 Web “КЛИЕНТ СЕРВЕР ” технологиясы
12
2.3 Интернет технологиясы
13
3 HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
14
3.1 HTML тілі туралы негізгі мағлұматтар
14
3.2 HTML құжаттарының форматы
15
3.3 HTML тілінің атқаратын қызметі
16
3.4 HTML тілінің командалары
17
4 JAVASCRIPT ЖӘНЕ JAVA ТІЛДЕРІ
19
4.1 Java-мен JavaScript тілдерінің айырмашылықтары
19
4.2 Байт кодтар компиляциясы және JavaScript сценарий
20
5 PHP–ДА БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІ
22
6 FRONTPAGE РЕДАКТОРЫ
24
6.1 Web-парақтар құру
24
6.2 FrontРage-дің серверлік кеңейткіштері.
25
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ

Бүгінгі күнде интернет әртүрлі білім салалары бойынша жан – жақты
жинақталған ақпарат көзі болып табылады.
Интернет деп бүкіл әлемдік компьютерлердің желіде бірігуін айтады.
Интернет серверінен алынатын құжаттар гипермәтіндік пішімде дайындалған.
Құжаттарды тасымалдаумен шұғылданатын интернеттің қызмет түрін World
Wide Web (Web, WWW) деп атайды.
Интернет өзара тікелей қосылған компьютерлердің жиынтығы ғана емес,
ол қандайда бір ақпараттық кеңістікті құрайды. Бұл кеңістіктегі жеке
құжатты Web – беттер деп атайды. Әдетте бұл әртүрлі обьектілер жиынтығынан
тұратын құжат. Оның құрамында мәтіндік, графиктік бейнелер мультимедиялық
және басқа енгізілетін обьектілер болады. Қазіргі кезде Web - құжаттардың
ішкі мазмұнын HTML тілін немесе бағдарламалау мүмкіндіктерін арнайы
пайдаланбай–ақ, жылдам өзгертетін көптеген технологиялар бар.
Демек бұл курстық жұмыста Web – технологияларға жататын НТМL, Java,
PHP, FrontРage сияқты бағдарламалар қарастырылып отыр.
Мақсаты: Аталмыш бағдарламалардың мүмкіндіктерін жан – жақты
қарастырып және қарастырылған мүмкіндіктерді пайдалана отырып тәжірбиелік
жұмыстар ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
1. ХХI ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы ақпаратты қоғамға өтуі
және Web – сайтты адамның ақпарат алу саласында пайдалануы;
2. Web – технологияларды жақсы Web – сайт жасауға пайдаланылуы;
Практикалық маңыздылығы: Тәжірбиелік жұмыс ретінде Шығыс Қазақстан
мемелекеттік унмверситетінде оқитын Монголия қазақ студенттерінің сайты
атты Web – сайт құру.
Берілген курстық жұмыс мазмұны, кіріспе, 6 бөлімнен, қорытынды және
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Интернеттің негізгі түсініктері.

Интернет деп бүкіл әлемдік компьютерлік торапты айтады, бүкіл
әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір–бірімен
байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол қаттама ( протокол)
деп аталатын бір ыңғай стандартпен жұмыс істейді. Интернет сөзінің тікелей
аудармасы – желі аралық, яғни желілердің бірігуі деп түсінеміз.
Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бір – біріне
жалғануын айтамыз.
Барлық компьютерлік желілерді қолданудағы негізгі мақсат – олардың
ортақ ресурстарға бірлнсіп қатынауын қамтамасыз ету.
Nestcape-тің ең маңызды бәсекелесі болып Microsoft фирмасының
Internet Explorer броузері болып табылады. Бұл Netscape-пен енгізілген
көптеген жаңашылдықтарды қолдайтын, тағы бір кең таралған броузер,
сондай–ақ ол өзіндік алдыңғы қатарлы технологияларға ие. Internet Explorer
HTML-дің барлық деңгейлерін қолдайды.Microsoft-тың басқа да өнімдерімен
таныстарға оның интерфейсі өте қолайлы.
Теледидарға және баспасөздерге жарнама беретін көптеген фирмалар
өздерінің World Wide Web (WWW) мекен-жайын хабарлайтынын байқаймыз. Алпауыт
корпорациялардан бастап ұсақ компанияларға дейін ешкім WEB-парақтарының
көмегінен бас тартқан емес. Мұндай WEB-парақтарда қолданылған
мүмкіншіліктерді үй парақтарда да қолдана аламыз графика, ақпарат бөліктері
мен мультимедиялық клиптер Қазір барлығы өздерінің URL-мекен-жайларын
резюме және визит карточкаларында көрсетеді.Бұл кезде адамдарды http:
әуестігі елітіп әкеткенбе деп ойлаймыз. WEB кең таралуының себебі бар.
Миллиондаған адамдар Интернетпен және оның қызметімен жақынырақ танысып,
осылайша WWW қолданушыларының саны астрономиялық жылдамдықпен өсуде.
Қазіргі күнде шамамен 865 млн адам WWW – ке қатынас жасайды.Үш жыл бойы
бұрын соңды болып көрмеген өсуді басынан өткерген WWW әлі де өсіп дамуда
Интернетке қатынас жалпыға тән болып келе жатқандықтан АҚШ конгресі ,тіпті,
оны телефондық немесе газ сияқты коммуналдық қызметтер қатарына қосу туралы
сұрақ құрастырып жатыр WEB мекемелерге ұнайды, жеке тұлғаларға ұнайды,
тіпті АҚШ үкіметі оны пайдаланып, бірнеше қызықты WWW –тораптарына ие Ол
адамдарды соншама несімен қызықтырады. Жауап қарапайым Олар мәтіннің,
суреттердің, аудио және видеоның теңдессіз қиыстырылуына, яѓни қарапайым
түймешенің басуымен ғана қатынас жасай алуына қызығады.Біз де электронды
төңкеріске бетбұрыс жасағымыз келеді. Қысқаша айтсақ, WWW –бұл интернетке
ақпаратты графикалыќ бейнелеу құралы.Бұл бөлімде WWW және оның жұмысының
өте айқын сипаттамасы келтірілген. WWW ғылыми анықтамасын келесі турде
жеткізуге болады таңба қолданатын және интернеттің көптеген хаттамаларын
ќолдайтын интербелсенді (интерактивті) мультимедиялыќ гипермәтіндік орта.
Бұл WWW-тың толық, әрі нақты анықтамасы. Енді осы бөлшектерді қарастырайық.

1.2 World Wide Web– тің негізгі түсініктері.

Интернет әртүрлі білім салалары бойынша жан жақты жинақталған
ақпарат көзі болып саналады. Интернет серверлерінен алынатын құжаттар
гипермәтіндік пішімде дайындалған. Құжаттарды тасымалдаумен шұғылданатын
Интернеттің қызмет түрін World Wide Web(Web, WWW) деп атайды. Бұл сөздің
аудармасы Бүкіл дүниежүзілік өрмек дегенді білдіреді. World Wide Web –
қазіргі интернеттің ең көп тараған қызмет түрі болып табылады. Осы
терминмен немесе WWW ортасы депөзара гипермәтіндік байланысқа түскен Web
құжаттар жиынтығын атайды.
Интернетке тұрақты қосылып тұрған компьютерлерді Web – сервер деп
атайды WWW – дің құжаттары Web серверлерде сақталады. WWW ортасы дегеніміз
Web серверде сақталған өзара байланысқан электрондық құжаттардан тұратын
ақпараттық кеңістік. Web кеңістікті құрайтын жеке құжаттарды Web беттер деп
атайды. Тақырыпбойынша топтастырылған Web беттер Web тораптар деп аталады
(жаргондық термині – Web сайт). Дайын материалды Web тораптарда орналастыру
Web басылым деп аталады.
World Wide Web– тағы жеке құжатты Web бет дейді. Әдетте бұл әртүрлі
обьектілер жиынтығынан тұратын құжат. Оның құрамында мәтін де, графиктік
бейнелер де, мультимедиалық және басқа да енгізілетін обьектілер болады.
Web – беттерді көруге арналған программалар броузерлер деп аталады.
Құжаттың авторы өз мәтініне енгізген командалардың көмегімен броузер
экранға құжатты шығарып береді. Осы командалар тегтер деп аталады.
Тегтердің жазылу ережесі программалау тіліне жақын тіл белгілеу тілімен
жазылады. Ол гипермәтінді белгілеу тілі – HTML (Hyper Text Markup
Language). Сонымен Web құжат деп отырғанымыз HTML тегтерінің көмегімен
жазылған кәдімгі мәтіндік құжат екен. Осындай құжаттарды HTML пішімімен
жазылған құжат деп аталады. HTML – құжаты броузердің көмегімен экранда
бейнеленген кезде тегтер экранда көрінбейді, тек құжатты құрайтын мәтін
ғана бейнеленеді. HTML тегтерінің көмегімен жүзеге асырылатын Web–
беттердің ең маңызды сипаты – гипермәтіндік сілтемелер болып табылады.
Оларды қысқаша гиперсілтемелер деп атайды.
Суретпен немесе мәтіннің кез- келген бөлігімен тегтердің көмегімен
қандай бір Web –құжатты байланыстыруға болады, яғни гиперсілтеме орнатуға
болады. Бұл жағдайда гиперсілтеме болып табылатын мәтін бөлігіне немесе
суретке тышқанның сол жақ батырмасын бассақ онда көрсетілген жаңа құжатқа
сұраныс жібере алады. Сонымен WWW– серверіндегі өте үлкен кәдімгі
гипермәтіндік электронды құжаттардың жиынтығы гиперкеңістік құрайды. Web–
кеңістіктегі құжаттардың арасындағы еркін қозғалыс Web– серфинг деп
аталады. Егер осы кеңістіктегі әрбір құжаттың өзінің айрықша адресі болмаса
мұндай гипермәтіндік байланыс түзілмес еді. Бүкіл әлемдік масштабта әрбір
файлдың адресі ресурстардың ерекшеленген нұсқағышымен (URL– унифицированный
указатель ресурса) анықталады. URL– адресс үш бөліктен тұрады:
1. Берілген қызметке сәйкес келетін қолданбалы хаттаманың атын атын
көрсету. Мысалы, WWW– қызметі үшін қолданбалы хаттама НТТР болып
табылады (Hyper Text Transter Protocol):
http:
хаттаманың атынан кейін : және белгілері қойылады.
2. Компьютердің (сервердің) домендік атын көрсету:
http:www.enu.kz
Мысалы, Хабар агенттігінің домендік аты http:www.khabar.kz
(соңында kz домені компания сервері интернеттің Қазақстандық секторына
жататынын көрсетеді, ал ru Ресейлік секторға жататынын білдіреді).
3. Берілген компьютердегі файлға баратын толық жолды көрсету қажет
(араларына симболын қою арқылы)
http:www.enu.kzFilesMyfilesxyz .zip
(Интернетте бас әріп пен кіші әріп әртүрлі символдар болып
есептелінеді).
Browser (Браузер – обозреватель, браузер - шолушы ) – гипермәтін
түріндегі Интернет парақтарын көру программасы. Ол to browse -
парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан. Бұл сөз WWW мәліметтірін
шолып шығу программаларының жалпы аты ретінде қалыптасады. Мысалы:
Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator, Mosaic. Кейде мұндай
программаларды навигатор деп те атайды.
Web сервер – бұл Web –сайттар, мәліметтер қоры, сценарийлер және
т.б. қажетті мәліметтер орналасатын компьютер. Бүгінгі күнде шартты-тегін
және коммерциялық Web-серверлермен қарым-қатынаста, ол серверлік
кеңейткіштер деп аталатын бағдарлама комплекстері көмегімен іске асырылады.
Серверлік кеңейткіштер Frontpage-тің клиенттік бөлігі мен Web-сервер
арасында аралық роль атқарады Bonus Pack жұмысына Windows 95 үшін жеке Web-
сервер Microsoft (Microsoft Personal Web Server) қосылған.
– Клиенттік қызмет: Клиентік жағы Web браузер және қолданылатын
бағдарламалық жабдықтарды HTML, CSS және JavaScript, Activex
басқару элементтері және Netscape бағдарламалардың ауыспалы
модульдерін атауға болады.
– Жүйе: Жүйе әр түрлі элементтермен байланысты. Олар Web сайтты
қолданушыға тасмалдау қызметін атқарады. Web – дизайнер үшін
аталмыш жүйелік ортаның техникалық аспектілер сайт құруда көптеген
міндеттер атқарады. Шынында да Web – дизайн көптеген қызметтер
жиынтығын құрайды. Сайт құру жүйелік бағдарламалаушылармен тығыз
байланысты болады.
Web сайт иелері және оны тұтынушы араларындағы байланыс құралы
ретінде пайдаланады. Тұтынушы және жасаушы араларындағы байланыс өзгеруі
мүмкін. Жасаушылар тұтынушы үшін қажетті ақпараттар мен қамтамасыз етеді.
Кей жағдайда тұтынушы жасаушы туралы ақпаратты қарастырып немесе таратып
жақын байланыс каналдарын құрады.
Интернеттен ақпарат алу үшін бағдарламаның құралдарының ішінде Web
қолданбасы немесе интернет бағдарламасы қолданылады.
Web қолданбасы - Web беттердің жиынтығы, ол бірі және бір неше
компоненттерден орналасады. Web қолданбасын жөндеу үшін әр түрлі
технологиялардың комбинациялары қолданылады.
Web қолданбасы арқылы құрылған информациялық жүйе интернеттің барлық
жағдайларына қолданылады. Дегенмен Web қолданбасының өзінің ерекшеліктері
болады.
1) Web – обозревательдің орналасуы.
2) Мәлметтерді шектеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3) Байланысының қауіпсіздігі.
Web қолданбасы сервер қатарында орындалады обозреватель орналасуы,
Web - бетінде көрініс табады, обозреватель қолданушымен Web
қолданбасын таныстырушы болып табылады.

1.3 Internet Explorer-WWW-ке арналған броузер.

Броузердін негізгі атқаратын қызметтері – құжат сақталған Web-
сервермен байланыс орнату, жинақталған құжаттың барлық бөліктерін жүктеу.
– HTML тілдерінің тәгтерін команда ретінде орындау, Web-парақтарды
броузер жұмыс істейтін компьютердің мүмкіндіктеріне сәйкес бейнелеу және
форматтау.
– Web -парақтардың құрамына кіретін мультимедиалық және басқа
обьектілерді бейнелеуге арналған, сондай – ақ программаны обьектілердің
жаңа типтеріне лайықтау, мүмкіндік беретін кенейту механизмі жабдықтарын
көрсету.
– Web парақтарды іздеу жолын автоматтандыруды қамтамасыз ету және
бұрында жұмыс істелген Web парақтармен қатынас құруды женілдету.
– Басқа Интернет қызметтерімен жұмыс істеуге арналған ішкі және
жеке құралдармен қатынас құруды ұйымдастыру.
Internet Explorer программасы Web парақтарды қарауға арналған. Ол
бейнелейтін ақпараттын дыбыстық және бейне сүйемелдеулерімен қоса Web
парақтарды құрастырушылар жинақталған барлық жаңа мүмкіндіктерді қамтиды.

2 ҚАЗІРГІ WEB ТЕХНОЛОГИЯЛАР

2.1 Интерактивті Web технологиялар.

Білім саласындағы электрондық басылымдар жасау мен сүйемелдеудің қол
жеткізуге болатын қарапайым әрі тиімді құралдарына (Интернет сайттары,
электрондық оқулықтар, қашықтан оқыту жүйелері, т.б.) деген сұраныс сол
басылымдардың құрылымын жасап, оларды ары қарай көріп толықтырып отыруды
автоматты түрде жүзеге асыратын жүйелерге өскелең талаптар қойып отыр.
Қазіргі кезде веб – құжаттардың ішкі мазмұнын HTML тілін немесе
программалау мүмкіндіктерін арнайы пайдаланбай–ақ, жылдам өзгертетін
көптеген басқа технологиялар бар. Бірақ олардың кейбіреулері ғана графиктер
мен анимациялардың жаңа форматтарын, мысалы флэш форматтарды сүйемелдей
алады. Біз осы мәселелерді шеше алатын технологиялардың көптеген түрлері
құрамына кіретін CMS (Content Management System) жүйелерін кеңейтілген
түрде пайдалануды практикаға енгізілуде.
“MS Word” мәтіндік редакторымен жұмыс істей алатын кез келген адам
сайтқа мәлімет енгізіп, бұрыңғы енгізілген ақпараттарды редакциялап, оларға
жаңа бөлімдер, қосымшалар, парақтар, сілтемелер т.б қоса алатыны белгілі.
Осыларға қоса сайт электрондық оқулық мазмұнын қалаған мөлшерге дейін
ұлғайтып жаңа менюлер гипермәтіндік сілтемелер және одан да басқа
навигациялық құралдар жасап, веб – сайтты ақпараттармен графикамен т.б
толықтыра алады.
CMS студиясының артықшылықтары:
– Бағдарламмалау тілдерін білмей–ақ, сайт жасап оларды
басқаруға болады, мұндағы WEB – парақтарда жіңішке
клиент-сервер технологияларында жұмыс жасап,
интерактивті түрде сүйемелденетін мәліметтер мен білімдер
базасы жайлы ақпараттар болуы мүмкін;
– Жылы жүзді достық қатынастағы интерфейс (Мәтіндік
редакторлармен жұмыс істей білу жеткілікті );
– Навигациялық жүйелерді жасау және сүйемелдеу ісінің
шексіз мүмкіндіктері ( жаңа парақтар жасау, кез – келген
беттегі мәліметті өзгерту, жою, графика, флэш сілтемелер,
суреттер, файлдар, т.б қосу ) бар;
– Сайттың толық мазмұны бойынша автоматтық іздеу жүйесінің
болуы;
– Өз оқу орныңыздың визиткасы сияқты құрылған сайт
негізінде оны ұлғайтып, құрылымын түрлендіріп және
енгізілген мемлекетәліметтерді толық сақтай отырып,
көлемді ақпараттық портал жасау мүмкіндігінің болуы;
– Сайтты нақты уақыт режимінде түзету, редакциялауға
болады;
– Электрондық сайт құжаттарын бірнеше тұтынушы қатарласа
түзету мүмкіндіктерінің болуы;
– Жүйені компьютерге орнату сай дизайнын өзгертуді талап
етпейді;
– Мәліметтермен қатынасудың әкімшілік арқылы басқарылуының
қорғалу қасиеті;
– Сайтты дүниенің кез келген нүктесінен басқару
мүмкіншілігінің болуы;
Мұны пайдаланудың экономикалық тиімділігі:
– “СМS Studio” жүйесін орнатып алудың бағасы арзан;
– Сайттың ішкі мазмұнын да толықтыру мен түзетуді өзің
жасайтындықтан, тағы да қаржы үнемделеді;
– Оқу орнының басқа қалалардағы бөлімшелерінің сайттары
тәуелсіз және жеке сүйемелдеуі, мысалы, әр бөлімшеге
берілген веб сайт бөлімін өздері өзгерте алады;
– Веб – сайт мазмұнын тез ұлғайтып, оның өзектілігін
тұрақты сүйемелдеуге мүмкіндік бар, мұндай іс оны
көрушілерді қызықтырып, оларды тұрақты көрерменге
айналдырады;
– Сайтты немесе бөліктерін жеке – жеке жасауға болады,
кейіннен оны серверге орнату қиын емес;
Интерактивті электрондық жарияланымдардың авторлық құқықтары
қорғалған. Электрондық жарияланымдарды жасау информациялық технологиялары
мен бағдарламалық жабдықтары жасалып, олар іске қосылған:
– Оқулықтардың авторлық құқықтары сақталады. электрондық
кітаптарды жасау интерактивті технологиясы автордың
бағдарламалау немесе HTML тілдерін білу керек етпейді;
– Әлемде 100 шақты тіл сүйемелденеді, тұтынушы компьютерінде сол
тілдердің қаріптерінің болуы қажет емес;
– Электрондық жарияланымдар Slick технологиялары бойынша жүзеге
асырылған. Барлық графикалық форматтарды соның ішінде Flash
форматтарын да пайдалануға болады;
– Жарияланатын информация көлемін 10 есе шамасында қыса алатын
арнайы компрессия құралдары қолданылады;
– Жаңадан шыққан Флеш және TTS технологияларын пайдаланатын
интерактивті Smart WEB технологиясы жүзеге асырылды;

2.2 Web “КЛИЕНТ СЕРВЕР ” технологиясы.

Web “КЛИЕНТ СЕРВЕР ” технологиясы бұл WEB – сервердің бағдарламалық
қамтамасыз етуі жұмыс істейтін қандай да бір компьютер бар дегенді
білдіреді. Әр түрлі қолданушылар WEB – сервердер ақпарат алатын WEB-
броузерлермен жұмыс істейтін клиенттер болып табылады.WEB- серверлар
қолданушылардың бүкіл әлем бойынша ақпаратты тарату және қабылдауын
қамтамасыз етеді. Олар басқа да Web – серверлармен қосылуды қолдайды,
сондай-ақ маңызды статистикалық мәліметтерді қабылдайды. Мысалы, белгілі
бір WEB-парақтағы қолданушылар саны. Қазіргі кезде интернетте өзара үнемі
қатынас жасап тұратын 150 000 жуық WEB- серверлер бар. Бұны келесі түрде
елестете аламыз. Әрбір WEB- сервер белгілі бір торапқа тиісті барлық
хаттамалар мен барлық ақпараттарға ие. WEB- серверде, сондай-ақ
құжаттардың, бағдарламалардың және басқалардын орналасқаны туралы
мәліметтер сақтаулы. Мысалы, WEB – торапта қатынас жасау үшін Netscape
қолданғанда, сервер сол уақытта–ақ Netscape–ке сұралған ақпаратты ұсынады.
Сонда Micosoft WEB – сервері алдымен Netscape-тен сұранысты таңдап, одан
кейін ShortCuts.htm құжаты орналасқан. Misc директориясын табады және бұл
құжаттың мазмұнын компьютерге ұсынады. Netscape ақпаратты қабылдайды және
біз экраннан көріп отырған құжаттағы файл кодын тікелей жеткізеді.

2.3 Интернет технологиясы.

Интернетте мәліметтер қорын жариялау – бұл Web жүйесіндегі беттерде,
мәліметтер қорына ақпарат беру. Бұл бастамада, интернет технологиясының ең
қажетті элементтеріне тоқталамыз. Бұл Web – ұсынымының негізін құрайды.
Интернетте барлық мәліметтер, ақпараттар Web – беттерінде орналасады, HTML
жазба үшін қолданылады, немесе оның DHTML (Dynamic HTML - динамический
HTML) және XML (eXtensible Markup Language – белгілеу тілі қолданылады)
қолайлы түрі қажеттеніледі.
Web – беттер құрамына текстік ақпарат қоса кірумен қатар, Web –
беттердің келесі беттерінде мәліметтер, графикалық көріністер, аудио және
видео ақпараттары кіреді. Web – беттері, Web – серверде сақталады. Web –
беттерді қолдану үшін клиенттік арнаулы программалар қолданылады.
Web шолу – программалардың бейнесі, Web – браузері деп те аталады.
Немесе ағылшынша (browser), Web – браузері, қолданушы компютерінде
қажеттеніледі. Бұл сұранысты тудырумен қатар, талап етілген бетті алуға
немесе арнайы URL адресі арқылы (Uniform Resourse Locator) – ресурстың
универсалды көрсеткішін қолдануға болады. Бұл адрес, ресурты беруде хаттама
типін анықтайды.
Web – жүйесіне домен сайт адресіне жету үшін қолданылады, порт
номері, файлға локальды жол және қосымша аргумент HTTP (Hyper Text Transfer
Protocol) – гипертексті беруші хаттамасы мәліметтерді беру хаттамасы
көмегімен, Web – жүйесіне қосылу орнатылады.

3 HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

3.1 HTML тілі туралы негізгі мағлұматтар.

Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдардың басында компьютерлер арасында
мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды.
Бұл хаттама HTTP (Hyper Text Transfer Protocol-гипермәтінді тасымалдау
хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің
кеңейтілген желілері болып табылатын, Интернет арқылы файлдар тасымалдай
алатын World Wide Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды.
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web- парақтар түрінде HTML (Hyper
Text Markup Language– гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы
файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web-
тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалықтың көпшілігі
пайдалатындай түрде интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әртүрлі
бола береді және олар әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің
де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML
құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) HTM немесе HTML
болуы тиіс.
HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-
парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану
жолдарымен толықтырып отырады. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола
отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы интернет технологиялар
Заманауи мобильді технологиялардың адам өмірінің әртүрі салаларына қарқынды түрде енуі және мобильді қосымшаларды қолдану
Қашықтықтан оқыту артықшылықтары
Пән Интернет технологиялары
Интернетте программалау технологиясын, Web builder бағдарламасын зерттеу және негізгі әдістерін үйрене отырып, «Дүниетану» деп аталатын оқу-танымдық сайт жасақтау
Web - дизайн ұғымының анықтамасы
ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР. ИНТЕРНЕТ. HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар
Гипермәтіндік сілтемелер
HTML ЖƏНЕ WEB - ҚҰЖАТ ҚҰРУ ƏДІСТЕР
Пәндер