Мемлекеті басқару функциясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

І тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... .. 4

ІІ Тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... 8
2.1 Мемлекет функциясының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
2.2 Мемлекеттің ішкі функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.3 Мемлекеттің сыртқы функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

III Тарау. АТҚАРУ БИЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған кажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекеттек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның аркасында оны қоғам-да, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін бас-калардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз. Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапкан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше «қабаттың қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін аткару, адамдардың, топтардың, таптардын және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасына теренірек үніліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.
1. Заң газеті – 1999 жыл 14-ші шілде. №29 (252).
2. Заман Қазақстан газеті. 1999 жыл 28 шілде.
3. Ақиқат – ұлттық қоғамдық саяси журнал. 1993 жыл. №8-10, 1992 жыл 6-12 бет.
4. Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 1997 жыл, 30 қаңтар, №20 (21485).
5. Егеменді Қазақстан. 1999 жыл, 25 наурыз, №57 (22043).
6.“Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау” Қазақстан Республикасының заңы. 1997 жыл 19 маусым, 27-бап.
7. Заң және заман журналы. №1. 1998 жыл. “Кәсіпкер және прокурор”.
8. Заң- газеті. 1999 жыл. 21- шілде. № 30.
9. Қазақстан Республикасы “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау” 1991 жыл 5- маусым, 7-23 бап.
10. Қазақстан Республикасы “Шағын кәсіпкерлік субьектілері” 1998 жыл №8.
11.Егемен Қазақстан. 1998 жыл. 28 сәуір №82 (21807).
12. Егемен Қазақстан. 1999 жыл. 27 наурыз №59 (22045). “Қаулы”.
13. Фемида – 1999 г. №2. С.35-37.
14. Егемен Қазақстан. 1997 жыл. 31 қаңтар №21 (21486).
15. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Ерекше бөлім. Алматы “Жеті жарғы”. 1999 жыл. 575-бап.
16. Үш анық - газеті. №12 (219). 26 наурыз – 1 сәуір. 2001 жыл.
17. Предпринимательство и право. Алматы “Жеті жарғы” 1999 г. Составляли: А.Худеков и Л.Давыдова.
18. Ақиқат. №2. 1999 жыл, ақпан. Бас редактор: Жақсыбаев А.
19. Предпринимательство и право: опыт Запада. Кулагин М.И. Издательство “Дело”. Москва. 1992 г.
20. “Предпринимательское право” – Курс лекций. Москва – “Юридическая литература” – 1993 год. Под редакцией: Клейн Н.И.
21. Бизнес и право. Новое законодательство Республики Казахстан о педпринимательской деятельности. Т.4. Алматы-1993 г.
22. Проблемы правового регулирования пред-принимательства граждан в Республике Казахстан. Учебное пособие “Университет Туран”. Алматы 1997 г. Романкова И.В.
23. Право и предпринимательство в Республике Казахстан. Алматы – “Жеті жарғы” 1994 г. Сулейменов М.К, Покровский Б.В, Худяков А.И, Жакенов.
24. Хозяйственное право. Под редакцией: Лаптев В.В; Грибанова В.П; Красавчикова О.А. Москва – 1997 г.
25. Заң және заман журналы. №4. 1998 жыл. Алматы.“Дәуір”.
26. Заң және заман журналы. №5. 1999 жыл. Алматы.“Дәуір”.
27. Заң және заман журналы. №6. 1999 жыл. Алматы.“Дәуір”.
28. ҚазМУ хабаршысы, 2000, №3-4. 107-110-беттер.
29. Саясат, 2000, №12. 54-55-беттер.
30. Актуальные проблемы развития экономики Казахстана. А., 2000, С-163-170.
31. Батыс Қазақстан аймағының экономикасы: Ғылыми практ. конф.материалдары. 18-19 қазан. 2001 ж. Ақтөбе. 70-76-бет. Ахметов К.Н.
32. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 2001. 102,119,196,200,201,498,569,575,578,810 – баптар.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

І тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... .. 4

ІІ Тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... 8
2.1 Мемлекет функциясының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
2.2 Мемлекеттің ішкі функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.3 Мемлекеттің сыртқы функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

III Тарау. АТҚАРУ БИЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... . 27

КІРІСПЕ
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен
қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған кажетті жағдайлар
мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың
айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ
өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы
дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың
арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып,
қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.
Мемлекеттек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен
әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның аркасында
оны қоғам-да, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін
бас-калардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси
организм ретінде қабылдаймыз. Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің
түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы
керек. Өзінің көрінісін тапкан құбылыстың күрделілігі мен көп
аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше
қабаттың қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне
тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін аткару, адамдардың, топтардың, таптардын және
басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау,
олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі
және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері
қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі
соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді
сипаттамасына теренірек үніліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.
І тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ

Мемлекеттің рулық басқару ұйымынан басты айырмашылығы сол, онда
арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе,
оқу және монографиялық әдебиеттерде атайтынындай, жария биліктіңң
болуы тән. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан бөлініп шыққан, басқару
негізгі жұмысына, кәсібіне, мамандығына айналған, қатары біртіндеп
көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы-адамдардың мұндай ерекше
тобын алғашқы рулық басқару ұйымы білген емес. Ол тек қана
басқарудын мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің рабайсыз
үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы
бір жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан басқаратындар мен
басқару жөніндегі мамандарға белінген сияқты. Сөйте тұра
екіншілерінің біріншісіне қатысты тек қана басқару функцияларын
емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми
түрде жүзеге асыруына қақысы бар.
Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін
халықтан салық жинауға мәжбур болуы. Салық — бұл мемлекеттің өмір
сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре
алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның бүкіл
тіршілігі киындайды. Салықты мемлекеттін барлык азаматтары, соларға
коса шетелдіктер мен азаматшығы жоқ адаңдар да төлейді; халықтың
шамалы бөлігі ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан
түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор
армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі саяси және сыртқы
саяси шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру, ғылым,
мадениет салаларын қолдауға, экономиканың маңызды салаларын
ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және қылмыс
пен құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінін біріне оның өз азаматтарын
аумақтық маңызы бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы — рулык
басқару ұйымының негізі мүлдем басқаша — қандас туысқандардың
байланысы мен қарым-қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрынғы
маңызын жойды, басқару ісінде басым болудан қалды. Керісінше,
мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі құқықтарын бөліп, оларға
міндеттер жүктеу туралы мөселені шешкен кезде, оларды басқару,
ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең алдымен
олардың аумақтық тиісілігін, тұрғылықты жерін ескереді.
Мемлекеттің даму барысында халықтың аумақтық принципі бірқатар
мемлекеттік-құқықтық иституттармен тұтас алғанда жанама түрде
байланыс орната алды, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын
мазмұнмен толықтыруға бағытталған еді.
Олардың ішінде қандай да бір мемлекетке тиесілілігі бекітілген
азаматтық институт ерекшеленеді. Басқа тұлғалардың бәрі шетелдіктер
немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болын танылады. Азаматтардың
мәртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ тұлғалардың арқасында мемлекет халықты өзіміздікің
және өзіміздікі емесң деп дифференциялайды. Сыртқы (мемлекеттер
арасындағы) және ішкі (автономиялық және әкімшілік-аумақтық
бөліністер арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлықтай.
Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңістіктегі шегі, соңдай-ақ
мемлекеттің егемеңдігінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумаюгық
билік ету институты анықталады.
Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен
және институттарымен, егемендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Бұл
қасиет мекені басқа ұйымдардан, коғамның құрылымдары мен
институттарынан жоғары қойып, оған өзіндік басымдық, қайталанбас
ерекшелік береді. Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік
және тәуелсіздік. Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы
ең жоғары билікті айтады. Аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық
ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекеттің басышылық
ролін мойындайды, өздерін оның мәртебесі мен маңызынан төмен қояды.
Олар мемлекеттік биліктің бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген
тәртібін сақтауға міндетті. Мемлекетке тиесілі аумақта бірде бір
ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алады.
Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын төуелсіздік
дегеніміздің мәнісі, мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді,
өзінің стратегиялық басты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз
ісіне ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды,
басқаның үстетемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі
аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның,
бірлестгін жеке құрылымның мемлекеттік биліктің дербестігіне қол
сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал
тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа
мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды
дегенді білдіреді.
Мемлекет—қоғамның, елдің, халықтың ресми өкілі. Қоғамның, елдің,
халықтың мүддесін ол толығымен көздей алды ма, жоқ па, қоғам,
ел, халық оған өкілеттік берді ме, жоқ па, оған қарамастан бұл
мәселенің дұрыс жауабы алдын ала түйінделіп қойған. Қоғамда, елде,
халықтың арасында жұмыс істеп жатқан басқа бірде бір ұйым
(бірлестік, құрылым) қоғамның, елдің, халықтың еркі мен мүддесін
білдіруші екендігін, барлық деңгейде және барлық жағдайда оларды
көрсете аламын деп мәлімдеуге батылдық білдіре алмайды. Бұған
үміткер болуға мемлекеттің ғана негізі бар. Мемлекеттің мұндай
касиеттерінің молдығына дау жоқ.
Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысанын, реттеуді және ықпал
етуді пайдалануы оның міндеті белгісі болып табылады. Олардың
алдында тұрған міндеті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Егер
мемлекеттің аумағында орналассын, жұмыс істеп тұрған басқа ұйымдар,
бірлестіктер мен құрылымдар құқық шеңберінде әрекет етіп, құқық
тәртібін сақтауы, зандар мен басқа да құқықтық нұсқауларды орындауы
қажет болса, онда құқық аясындағы мемлекеттің қызметі мүлде
басқаша, манызды ерекшелігімен с ипатталады және әр алуан: бұл
айтылғандардан басқа, мемлекеттің құқықшығармашылық монополиясы,
сондай-ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіп кепілдік берегтн
функциялары бар. Мемлекет қоғадардан негізгі өзара қарым-қатынаста
өзінің қызметіндегі басты демеу болын отырған құқық бастауына
сүйенеді.
Мемлекетте ішкі және сыртқы функциялардың жиынтығы болуы және
оларды органдар, мекемелер мен билік құралдарының жүйесімен жүзеге
асыруға бейімделуі (бұл мәселелер төменде егжей-тегжейлі
қарастырылатын болады) мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады.
Осыған дейін айтылып келген, мемлекеттің ерекшелік белгілерінен
басқа, мемлекеттің элементтері туралы да айту керек, ол отандық
оқу және монографиялық әдебиетте халық пен аумақты меңзейді. Ол
тіршілік ету және даму процесінде мемлекет сүйенетін объективті
тірек ретінде түсіндірілуі керек. Халықсыз және аумақсыз мемлекет
жоқ және болмайды да: соңғысын табиғи факторға немесе мемлекеттің
материалдық құрамас бөлігне жатқызу керек.

ІІ Тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
2.1 Мемлекет функциясының сипаттамасы.
Өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте, өз қызметін белсенді
атқарады, яғни қоғамдық әмірдің маңызды салаларындағы істердің
жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін
неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет
функциясын құрады. Оның астарынан мемлекеттануда мемлекет қызметінің
негізгі бағыттарын түсіну қабылданған, онда өзіне қажетті қарым-
қатынас тәртібін бекіту мен алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу
ниетін түсіну қиын емес. Мемлекет қызметінің осы негізгі
бағыттарының әрқайсысы тұтастық пен оқшаулықтың үлгісін көрсете
отырып, белгілі бір айқындығымен сипатталады; онда аз мөлшердегі
компоненттер жинағы міндетті түрде болады, ол компоненттер
мемлекеттің дербес функциясын ерекшелеп тұрады. Ең алдымен
функцияның мағынасы туралы, яғни мемлекеттің коғамдық қатынастың
қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту
керек. Мұндай ықпалдың процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп,
дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті
жеңіп шығады, үшіншісінің — жаңадан пайда болуына мүмкіндік
тудырады және т.б. Мемлекеттің ықпал ету объектісі болып табылатын
бұл қатынастар бір функцияны екіншісінен ерекшелейтін белгі ретінде
саналады. Функцияның нақты мағынасы өзіне лайық нысанға ие болуға
мұқтаж. Нысан түсінігі көп мағыналы, оныңд құрамына функцияны
жүзеге асыру жүктелген мемлекеттік органдардың жүйесі сияқты, онымен
құқықпен байланысты қызмет те (құқық шығармашылығы, құқықты жүзеге
асыру және құқык, қорғау) кіреді. Мемлекет функциясының оны жүзеге
асыру әдісі сияқты мынандай компонентін бөліп көрсету керек, оның
астарынан ара қатынасты а) сенімді және мәжбүрлеуді, б) басқаруды
орталықтандырудың және орталықсыздандырудың бас-тауын, в) авторитарлық
пен қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлық варианттарын
еркін таңдау принциптерін түсінуге болады.
Осылайша, функцияның құрамына мемлекет қызметінің негізгі
бағыттарының бірі ретінде мағынасынан (өзінің басты компонентінен)
басқа, жүктелген міндеттерді шешудің нысандары (ұйымдастыру, кадр
және құқықтық) мен әдістері, сондай-ақ мемлекеттік ықпал ету
объектілері (қоғамдык қатынастардың қандай да бір түрлері) жатады.
Аталған компоненттерді тұтас қалпында анықтап алғанда ғана мемлекет
функциялары туралы ұғым қалыптастыруға болады.
Функциялар теориясы а) мемлекеттің іс-әрекеті жағын сипаттайды,
оның ролін, мәнін, даму перспективасын ашады, басқа жақтармен
қатысын анықтайды; б) мемлекеттің қызметін өзінің бағыты бойынша
бөлуге, реттеуге мүмкіндік береді; в) соңғысын олардың мүмкіндігіне,
мәніне, іс жүзіндегі нәтижелілігіне қарай, олардың орындалу кезегі
бойынша пікір қалыптастыра отырып, бағалауға мүмкіндік береді. Сөйте
тұра ол саясаткерлерді мемлекеттік қызметті дәл осы күндері
қалыптасқан нақты жағдайдың ерекшеліктерімен творчестволык үйлестіруге
және оның түрлі бағыттарына дер кезінде өзгертулер еңгізудің
қажеттігіне бағыттайды.
Мемлекеттің функциясында мемлекеттің сипаты мен қоғамдық-саяси
табиғаты, оның маңызды әлеуметтік мәні бейнеленген. Мемлекет өзінің
функциясын жүзеге асырмай тұрғанда және қимыл-әрекетсіз болғанда, ол
туралы айту да қиын. Керісінше, өз функциясын жүзеге асырып
отырған мемлекеттің ісі де ол жайында және оның терең мәні туралы
пікірді тез қалыптастыруға мүмкіндік береді. Демек, мемлекеттің
мәніне қарай оның функциясы туындайтынын айтуға болады. Осы
тұрғыдан алғанда мемлекеттің мәні әр түрлі болатынын салыстыру
кезінде олардың функциясын, сондай-ақ оларға тән функциялардың
анатомиясын, құрылымы мен бағыттылығын тізіп сипаттағанда біз, сөз
жоқ, үжен айырмашылықтарды сезінеміз. Егер мемлекетте жалпыәлеуметтік
бастаулар белең алып тұрған болса, онда оның функциясы таптық
билеуді жүзеге асырып отырған мемлекеттікіндей болмайды, өйткені
соңғысының функциясы үстемдік етуші таптың қарсыласын басып-жаншуға
бағытталған. Мәні бірдей мемлекеттерді салыстыру кезінде олардың
функцияларының бір-біріне жақындығын да байқауға болады. Бірақ бұл
ұқсастықтардың бояуын қалыңдатуға болмайды, өйткені мемлекеттердің
функциялары тұрақты болмайды, оларда бәрібір айырмашылықтар
кездеседі. Ондай мемлекет-тердің функциялары ұқсас болатыны өз-өзінен
түсінікті, өйткені бәрі де олардың мәнінің бірдейлігіне байланысты.
Мемлекеттің функциясы мен мәнін себептік қатынастарымен
байланыстыра отырып, бұл тікелей байланыс еместігін естен шығаруға
болмайды. Ол кейбір аралық факторлармен, атап айтқанда дамудың
белгілі бір кезеңінде мемлекеттің алдында тұрған міндеттермен жанама
байланысқа түседі. Мемлекеттің міндеті неғұрлым динамикалы фактор,
демек мәніне қарағанда анағұрлым өзгермелі. Мемлекеттің экономика,
әлеуметтік және рухани қатынастар саласындағы, қылмыспен және құқық
бұзушылықпен күресте, сыртқы саясаттағы нақты міндеттерінің жиі
өзгеруі мемлекеттік қызметтің тиісті түрлерінің ауқымы мен
қарқынына, олардың ара қатынасының пропорциясына ықпал етеді.
Мемлекет функциясының сипаттамасы. Мемлекет функция-ларын түрлі
негіздер бойынша топтастыруға болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің
салаларына байланысты топтастыру неғұрлым кең тараған. Егер мұндай
саланы ең ірі түрінде (қоғам мен мемлекетің ішкі және сыртқы
саладағы өмір тіршілігі) алатын болсақ, онда мұндай жағдайда
мемлекеттің барлық фунцияларын ішкі және сыртқы деп топтастыруға
болады.
2.2 Мемлекеттің ішкі функциялары
Мемлекеттің ішкі функцияларына қоғамның ішкі өмірінің ірі
салаларына мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекеттік басқару
бағыттарын жатқызуға болады.
Адамдардың өңдіріс, орналастыру және алмастыру саласындағы
қатынастарын қамтитын мемлекеттің экономикалық функциясы жетекші
орындардың бірін алады. Экономикалык функцияның көлемі, масштабы,
сипаты және өрісі түрлі мемлекеттерде әр түрлі болады. Алайда
қандай жағдайда да мемлекет мына төмендегі жайларға ықпал ете
алады және, әдетте, ықпал етеді де: 1) экономиканы дамытудың сара
жолын тандау (мысалы, нарықтық, директивалық-жоспарлы немесе аралас
экономиканы таңдау); 2) мемлекеттік реттеу дөрежесі, оның жетекші
салаларын ынталандыру және қолдау; 3) экономикалық дамудың неғұрлым
перспективалы бағыттары үшін жайлы жағдай тудару; 4) жеке меншіктің
түрлі нысандары мен шаруашылық қызметінің түрлі субъектілерінің
мәртебесін анықтау; 5) экономикалық инфрақұрылым құралдарын
(шаруашылық басқарудың қаржы-ақша құралдары, несие беру, заем беру,
инвестициялық саясат) пайдалану. Салық саясаты экономикалық
функцияның айрықша компоненті болып табылады, өйткені мемлекет
бюджетінің құралуы, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының
балансталуы осыған тікелей байланысты.
Жоғарыда айгылғандарға мына төмендегілерді қосуға болады,
экономиканың нақты саласына мемлекеттің ықпал ету нысаны оның
қаңдай секторға — мемлекеттік пе, жеке немесе ұжымдық секторға
жата ма, соған байланысты. Мемлекеттің кәсіпорындарға, ұйымдар мен
экономииканың мемлекеттік секторының объектілеріне ықпалы мол; оған
басқарудың шексіз құқығы берілген (кадр мәселесі, қаржы, материалдық-
техникалық қамтамасыз ету, бақылау, ағымдық оперативті басқару).
Экономиканың мемлекеттік емес секторының кәсіпорындарына, ұйымдары
мен шаруашылық объектілеріне қатысты айтатын болсақ, онда
мемлекеттің олардың қызметіне ықпалы шамалы болып табылады, ол
нормативті реттеу нысандарымен, сондай-ақ олардың заңдылық талабы
мен белгіленген тәртіпті сақтауын бақылаумен шектеледі.
Кеңес кезеңінде мемлекет экономиканың көп саласын өз қарауына
алғысы келді. Соның әсерінен экономиканың көпшілік бөлігі мемлекет
қарауына етіп кетті, қасаң бюрократиялық шеңберге салынып,
тиімділігін жоғалтты. Сонғы кездері экономикалық функция күрделі
өзгерістерді басынан өткерді: меншікті жекешелендіру және мүлікті
мемлекет меншігінен тартып алу шаралары жүргізілді, мемлекеттік
реттеудің, экономиканың дамуына ықпал ету мен бақылау жасаудың
нысандары мен әдістері өзгерді. Қолында ықпал етудің маңызды
тетігін сақтап қалған мемлекет көптеген шаруашылық істерін
жекелердің жүргізуіне өткізді. Істі бұлайша жүргізу неғұрлым тиіщі
де ұтымды болып табылады.
Адамдардың, әсіресе қысымға ұшыраған адаңдардын материал-дық
және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, халықты әлеумет-тік
жағынан қорғауды қамтамасыз етуге, олар үшін тіршілік етудің
қалыпты жағдайын жасауға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік
функциясының маңызы артып келеді. Азаматтарға медициналық, тұрмыстық-
коммуналдық, көлік қызметін көрсету, оларға мәдени-тұрмыстық, білім
беру және басқа да қызмет керсету түрлерінің бір бөлігін мемлекет
өз мойнына алып отыр. Мемлекет коммерциялык және басқа да
мемлекеттік емес ұйымдардың халықтың тұрмысы төмен тобына әлеуметтік
қызмет көрсеткені үшін салықтық жеңілдіктер белгілеп, олардың
қайырымдылық кызметін ынталандырып отырады.
Экономиканы және коғамдық өмірдің басқа да салаларын қамтыған
дағдарысқа байланысты халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мен қызмет
көрсету жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі күрт азайды. Сондықтан
денсаулық сақтауға, ғыылымға, мәдениетке, білім беруге және
әлеуметтік саланың басқа да тармақтарына қаржы бөлу ұдайы
қысқаруда, ал зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, бюджеттік мекемелердің
қызметкерлеріне жалақы төлеу кейде кешігіп жатады. Азаматтар үшін
мемлекет есебінен тұрғын үй құрылысын жүргізудің, медициналық,
мәдени-ағарту, ғылыми, мектеп, спорттық объектілерді салу
бағдарламалары қысқартылды. Дағдарыстан шығу жағдайды түзетіп,
мемлекеттің өлеуметтік саладағы қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік
береді.
Мемлекеттің ішкі функцняларына сондай-ақ мына төмендегілер де
жатады:
• идеологиялық, бұл функцияның мақсаты — халыктың арасында
мемлекеттің саясатын түсіндіру, осы азаматтардың көпшілік тобының
қолдауы мен мақұлдауын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарын,
ғылыми-білім беру, мәдени-ағарту және мекемелердің басқа да
идеологиялық бағытын аталған міндеттерді шешуге жұмылдыру. Мемлекет
азаматтар санасының үкімет саясатын қолдауға немесе оған адалдыққа
негізделуіне және оппозициялық-сыни идеяларды қабылдамауына (немесе
тіпті шамалы ғана қабылдауына) мүдделі. Әдетте, мемлекет
идеологиялық функцияны қамтитын мақсаттарға қол жеткізу жолында
қаржы алмайды, оны жүзеге асырушы мекемелер жүйесін құрады, ниеттес
және рухы жақын мемлекеттік емес құрылымдар қызметін қолдайды;
• қорғаушы, бұл функция конституциялық құрылымды сақтау мен
нығайту, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, заңдылықты, құқық
тәртібін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету,
әлеуметтік және ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты реттеу, қылмыспен
және құқық бұзушылықпен күрес, мемлекет жарлығын қоғамдыө өмірге
қатысушылардың барлығының сақтауына қол жеткізу міндетін шежуге
бағытталған. Мемлекет сот, құқық қоргау органдарының және осы
функцияны жүзеге асырумен айналысатын билік құралдарының ұйымдастыру-
мәжбүрлеу жүйесін құрады, олардың қызметін қаржыландырады, оның
тиімділігін арттыру шараларын (нормативті реттеу, бақылау және
оперативті басқару жолымен) қабылдайды, оның халық үшін қолайлы
және ашық болуын қамтамасыз етеді, қажеттілігіне қарай үкіметтік
емес құқық қорғау ұйымдарының жұмысын қолдап отырады;
• экологиялық, бұл функция айналадағы ортаны қорғауды, табиғат
байлықтарын сақтауды мемлекет тарапынан атқарылатын қызметті қамтиды.
Қазіргі кезеңде мемлекет ғылыми-техникалық прогресті жедел дамытудан
және адамдардың қызметінің басқа да түрлерінен болатын табиғатқа
төніп тұрған қауіпті ескеріп, олардың зардаптарын болдырмауға,
ластаушы көздерді жоюға, айналадағы ортаға келетін зиянның басқа да
түрлерін қысқартуға тиіс. Ол қоғамдық өмірге араласушылардың
барлығынан да жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, атмосфералық ауаны,
басқа да табиғат ресурстарын ұтымды да үнемді пайдалануды талап
ете алады, табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауын қадағалайды, айналадағы
ортаны қорғауға байланысты жалпымемлекеттік және аймақтық
бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады. Қазақстанда осы жүйені
басқаратын және аталған қызметтерді атқару мен тікелей шұғылданатын
табиғат ресурстары және айналадағы ортаны қорғау министрлігі арнайы
құрылды. Бүгінде адамзатқа экологиялық қатер қаупі төніп
тұрғандықтан, ал жекелеген мемлекеттердің оны жоюға күш-мүмкіндігі
жете бермейтіндіктен, бұл бағытта бірнеше мемлекеттердің қызмегін
үйлестіру қажеттігі туады. Сондықтан, экология саласыңда халықаралық
(БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде) және
мемлекетаралық бағдарлама-лар жасау, сонымен бірге бірқатар
мемлекеттердің келісімімен жүргізілетін іс-қимыл тәжірибесін тарату
кең өріс алуда.
2.3 Мемлекеттің сыртқы функциялары
Сыртқы функциялар халықаралық қатынастар саласына қатысты және
оның сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет
қызметінің бағыттарын қамтиды. Ішкі функциямен салыстырғанда олар,
әдетте, басымдық таныта алмайды; керісінше, ақыр соңында
біріншісінен туындайды, олардың табысты жүзеге асырылуы үшін қолайлы
жағдайлар жасауға бейім тұрады.
Мемлекеттің, сыртқы функцияларының ішінде елдің қорғаныс
функциясы маңызды орын алады. Оның мақсаты басқа мемлекеттердің
тарапынан болатын қауіп пен олардың агрессиялық әрекеттеріне қарсы
тұру және қарсылық көрсету мүддесінде әскери потенциалды құру және
байыту. Қорғаныс функциясы бейбіт уақытта және соғыс кезедінде әр
түрлі болады: бірінші жағдайда әңгіме агрессияға қарсы дайындық,
әскери күш пен жауынгерлік техниканы алдын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ. Мемлекеттің негізгі теориялары
Ғұн Мемлекетіндегі әскери өнердің дамуы
Мемлекеттің пайда болуы мен мәні туралы ақпарат
Мемлекет түсінігі және мазмұны
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дәрістер
Мемлекет - саяси ұйым
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Биліктің бөлінуі қағидасы
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымы
Мемлекет және құқық теориясының пәні. Мемлекет және құқық теориясының әдістері
Пәндер