Қазақстанағы банктердің құрылуы мен дамуы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1) Банктердің құрылу тарихы

2) Қазақстанағы банктердің құрылуы мен дамуы

3) Банк міндеттері, функциялары, принциптері және негізгі қызмет шарттары

4) Қазақстан банктеріндегі реформа қажеттігі

5) Қазақстандағы банктік реформалар

6) Дүниежүзілік банктердегі несие кризисінің Қазақстан банктеріне әсері

7) Қазақстан банктеріндегі несиелік кризисті жеңу жолдары

Қорытынды

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасын-дағы банктер және банктік қызмет туралы” заң күші бар Жарғылығының 1-бабында, банктің ресми мәртебесі Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізуімен және банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген ҚР Ұлттық банкі лицензиясының болуымен анықталады.

Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік ресми мәртебесі болмаса “банк” деп аталуға тиіс емес.

Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді, бірақ, оның өнімі материал-дық өндірісте өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше. Ол тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем құралдарын өндіреді.

“Банк” ұғымы Италияның “banco” (“айырбас орын”, “ақша үстелі”) деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда, 1407 жылы, Генуеде пайда болған. XII ғасырда Италияда алғашқы вексель пайда болды.

XV ғасырда ең ірі танымал банк болған Флоренциядағы Медичи банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі.

Коммерциялық банк: міндеттері, функциялары, принциптері және негізгі қызмет шарттары

Банк - бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.

Банктің негізгі тағайындауы - ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.

Қаржылық тәуекелдіктің субъектісі ретінде банктердің екі негізгі белгісі болады. Бұл белгілер оны басқа субъектілерден айрықшалап көрсетеді:

1. Банк қызметіне борыштық міндеттемелерді екі жақты (қосарлы) айырбастау тән. Банктер өзінің борыштық міндеттемелерін депозиттерге, жинақ ақша сертификаттарына және т. б. орналастырады, ал осының негізінде жұмылдырылған қаражат қаржы нарығының өзге субъектілері шығарған борыштық міндеттемелер мен құнды қағаздарға бағытталады.

2. Банктер заңды және жеке тұлғалардың алдында, мысалы, клиенттің қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, депозит сертифи-каттарын шығарғанда және т. б. тіркелген борыш сомасы бар сөзсіз міндеттемені қабылдайды. Егер ресурстарды өз акцияларын шығарудың негізінде жұмылдырылатын инвестициялық қорларға тән емес. Борыш сомасы бойынша тіркелген міндеттеме делдалдарға (банктерге) біршама қатер төндіреді, өйткені, ол нарық конъюктурасына қарамастан толық төленуі керек, ал инвестициялық компания (қор) өзінің активтері мен пассивтерінің құнына қатысты өзгерістер тудырған барлық қатерді өз акционерлеріне бөліп береді.

Коммерциялық банк қызметінің принциптері.

1. Нақты қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеу. Коммерциялық банктер өзінің ресурстары мен несие салымдарының арасын сандық арақатынаспен қамтамасыз етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдырылған ресурстардың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіруге ұмтылуы керек.

2. Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдан жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.

3. Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық қатынастың негізінде құрылады.

4. Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық (әкімшілік әдіспен емес) әдістермен реттеледі.

Коммерциялық банктердің функциялары.

  1. Несиедегі делдалдық.
  2. Шаруашылықтарды қорлануға ынталандыру.
  3. Жекелеген дербес субъектілердің арасындағы төлемдерде делдал болу.
  4. Құнды қағаздармен жүзеге асырылатын операцияларда делдал болу.

Банктің басқару аппаратының құрылымы, оның негізгі бөлімшелерінің міндеттері.

Блоктардың өзара байланысты жұмысына негізделген банк қызметі 1-суретте көрсетілген.

Банк операцияларын жоспарлауды және дамытуды басқару мына бөлімдерді қамтиды:

  • банктің коммерциялық қызметін ұйымдастыру және банктің өтімділігін басқару;
  • клиенттің несиені өтеу қабілетін зерделеу және экономикалық талдау;
  • банктің коммерциялық қызметінің негіздерін және жоспарын әзірлеу;
  • маркетинг және клиентурамен байланыс.

Депозиттік операцияларды басқару депозиттік операция бөлімінен және қор бөлімінен тұрады.

Несие операцияларын басқару мынадай бөлімдерде берілген:

  • клиенттерді қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелермен несиелеу;
  • халықты несиелеу;
  • несиелеумен байланысты дәстүрлі емес банк операциялары.

Делдалдық және өзге операцияларды басқару мына бөлімдерді қамтиды:

  • кепілдікті операциялар және сенімхаттар бойынша операциялар;
  • банктік қызмет көрсету;
  • құнды қағаздармен операциялар жүргізу.

Халықаралық банк операцияларын ұйымдастыруды басқару несие және валюта операцияларының бөлімінен, сондай-ақ, халықаралық есеп айырысу бөлімінен тұрады.

Есептік операциялық басқару мына бөлімдерді қамтиды:

  • операциялық;
  • кассалық операциялық;
  • есеп айырысу.

Банк қызметінің бөлімшелеріне мына бөлімдер кіреді:

  • әкімшілік-шаруашылық;
  • заңдық;
  • кадр;
  • ЭВМ-ді енгізу және пайдалану;
  • тексеру бөлімі.

Алайда, операцияларды және оларды ұйымдастырудың құқықтық формаларын басқарудың орындалғанына қарамастын әрбір банк өзінің өзіндік ерекшелігі бар өкілдері өндіреді әрі өздеріне міндетті басқарудың нақты блоктар жиынына ие болады. Бұлар:

  1. Банк кеңесі.
  2. Басқарма.
  3. Басқарудың жалпы мәселелері бойынша банк бөлімшесі.
  4. Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша банктің бөлімшесі.

Банк ресурастарын жоспарлау және реттеу.

Банк ресурстары банктің пассивтік операцияларын жүргізуінің нәтижесінде пайда болады әрі банктегі баланстың пассивінде көрініс табады.

Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік операция-ларды жүзеге асыру үшін пайдаланады яғни, табыс алу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.

Пассивтік және активтік операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсер етеді.

Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің салым ақшалары жатады. Алайда, бөтен капиталды тарту үшін банктердің өзіндік капиталы болуы керек. бұл қиын сәттерде несие берушінің сенімді болуы үшін қажет.

Банктің өзіндік қаражатына жарғылық және резервтік қорлары, сондай-ақ, банк пайдасы есебінен қалыптасқан өзге де қорлар, сақтандыру резервтері және жыл ішінде бөлінген пайда жатады.

Банктік жарғылық қоры (капиталы) - банк ісін ұйымдастырудың бастапқы нүктесі. Оның формасына қарай жарғылық капиталдың қалыптасуы әр түрлі болады.

Банктің ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан оның жарғылық қоры толықтай қатысушылардың - заңды және жеке тұлғалардың салым ақшаларының есебінен қалыптасады әрі олардың міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол банк неисенің есебінен емес, тек ақшалай қаражатпен ғана, әрі-беріден соң банк қатысушыларының өзіндік қаражатымен құралады. Тартылған ақшалай қаражат жарғылық қордың жарнасы үшін пайдаланылмайды.

Банктің жарғылық капиталына акционерлер (қатысушылар) салым ақшаны салумен қатар жыл сайын дивидендтер түрінде банк пайдасының бір бөлігін алып отырады.

Аударылатын дивидендтердің мөлшері, аударылатын кезегі мен тәртібі акциялардың түрлерімен және шығарылатын шарттарымен байланысты (пайданың мөлшеріне қарай табыстың деңгейін түзететін артықшылықты акция немесе жай акция) .

Банкке түскен пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивидендтерді есептеу резервтік қордың есебінен жүргізіледі.

Коммерциялық банктің резервтік қоры активтік операциялардан болған залалдың орнын толтыруға арналған, банк облигациясы бойынша төлем көзі ретінде әрі алынған пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивидендтердің төлем көзі ретінде қызмет етеді. Резервтік қор түскен пайдадан жыл сайын аударылатын аударымдар есебінен қалыптасады. Оның шекті мөлшері банктің жарғысында жарғылық қор шамасының 25-100℅ деңгейінде анықталады. Шекті мөлшерге жеткеннен кейін қалыптасқан резервтік қор жарғылық қорға аударылады (капиталдандырылады) және оны есептеу қайтадан басталады.

Коммерциялық банктерде резервтік қормен қатар пайдадан аударудың есебінен арнайы қорлар (банктің өндірістік және әлеуметтік дамуына арналған) құрылады. Олардың қалыптасуы мен жұмсалуы банктің коммерциялық есеп айырысу туралы ережесімен реттеледі.

Банктегі өзіндік қаражаттың айрықша құрамдас бөлігіне банктің нақты операцияларды орындау арқылы қалыптастыратын сақтандыру резерві жатады. Ол (сақтандыру резерві) - банк сатып алған құнды қағаздардың нарықтық құнының нақты кемуіне және берілген ссуданың қайтарылмауына байланысты орын алатын жағымсыз салдарды жою үшін тағайындалады. Бұл резервті қалыптастырудың міндетті сипаты бар.

Банктегі өзіндік қаражаттың маңызды функциясы - банктің өз салымшылары алдындағы міндеттемесін қамтамасыз ету. Ол шама ретінде қарастырылуы мүмкін, оның шегінде банктің міндеттемесі бойынша жауапкершілігіне кепілдік береді. Банк тәжірибесінде өзіндік қаражат ресурстардың ысырапқа ұшырау салдарынан залалдың орынын алатынына қарамастан банктің төлем қабілетін сақтауға мүмкіндік беретін резерв ретінде саналады, өйткені, өзіндік қаражат акционерлерге міндетті түрдегі қайтарым жатпайды. Банктегі өзіндік қаражаттың мөлшері оның қызмет ауқымын анықтап береді. Әдетте, Ұлттық банк экономикалық нормативтерді банктердің материалдық базасын дамытудың көп болып табылатын өзіндік қаражаттың мөлшеріне қарай белгілейді. Оның есебінен банк өзіне қажетті ұй-ғимаратты, машинаны, құрал-жабдықты, есептеуші техниканы және т. б. керек жарақтарды сатып алады. Аталмыш шығындарды қаржыландырудың тікелей көзіне пайданың есебінен қалыптасатын, банкті өндірісте және әлеуметтік жағынан дамытатын қор жатады.

Өзіндік қаражаттаң шамасын (мөлшерін) коммерциялық банктер көптеген факторларға қарай дербес анықтайды. Оның ішінде, ол:

  1. банктегі активтік операциялардың шекті мөлшерін анықтайды;
  2. өз клиенттерінің өзіндік ерекшеліктеріне тәуелді;
  3. өзінің активтік операцияларының сипатына тәуелді;
  4. Ұлттық банктің жүргізіп отырған несие саясатына және несиелік ресурстар нарығының даму деңгейіне тәуелді. Дамыған нарық жағдайында несие саясатын ырықтандыратын болса, коммерциялық банктер несие ресурстарына оңай қол жеткізеді, әрі банкке қажетті өзіндік қаражаттың дең-гейін кемітеді. Қаржы нарығының жеткіліксіз дамуына қарай ұштастыра отырып несие саясатын күшейтетін болсақ, өзіндік қаражатты тұрақты түрде өсіріп отыруға тура келеді.

Бұл арада банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін жинақтау түрінде арттырудың екі әдісі пайдалануы мүмкін:

  • банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін;
  • пайданы немесе шығарылатын акцияның санын (банк қайшы-ларының санын) арттыру. Пайданы жинақтау банктің резервтік және өзге де қорларын жылдам құру әрі оларды кейін капиталдандыру формасында жүзе-ге асырылады. Жылдың соңында пайданың бір бөлігін жарғылық қорға тікелей қосу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әдіс ең арзан әдіс болғандықтан акцияларды шығаруды (немесе жаңа пайшыларды тартуда) қосымша шығынды қажет етпейді. Алайда, пайданы жинақтау өз кезегінде банктің нарықтағы позициясын әлсіретуге әкеп соқтырып мынадай жағдайға жол бермеуі мүмкін: пайданы жинақтау ағымдағы жылдың ішінде акционерлерге төленетін дивидендтерді кемітеді.

Отандық коммерциялық банктер әбден қалыптасқан нарықта өз орнын(позициясын) тұрақты, сенімді, берік ету үшін әрекеттенетіні белгілі. Алайда, оларды көбінесе пайданы ұзақ мерзімді келешекте өссіруден гөрі ағымдағы дивидендтер проблемасы қинайды. Сол себепті де олар өзіндік қаражаттың мөлшерін жаңа акцияларды шығарудың есебінен немесе жаңа пайшыларды тартудың есебінен арттыруды жөн көреді.

Коммерциялық кәсіпорынның бір түрі ретінде банк мекемесінің өзіндік ерекшелігі мынада: оның көптеген ресурстары өзіндік қаражаттың есебінен емес, қарыз қаражаттың есебінен қалыптасады. Банк қаражатының құрамы әр түрлі. Оның негізгі түріне банктің өз клиентурасымен жұмыс істеу процесінде тартқан (депозит деп аталатын) қаражат және өзге несие мекеме-лерінен қарызға банкаралық несие арқылы алынған қаражат жатады.

Нарық жадайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк және коммерциялық банк. Коммерциялық негізгі функциясы несие беру және малымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып сатумен де айналысады.

Орталық банк - бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк - бұл “банктердің банкі”. Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне - коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ үкімет ұйымдары жатады. Орталық банк ұлттық валютаны айналыға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айырысу ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы мен сатып алушы қызметін орындайды мемлекеттерде орталық банк ақша несие−саясатын қалыптастырады, жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс−әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен комерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.

Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады 1 .

Қазақстандағы банктік реформалар.

Банктік жүйеде реформа жүргізу қажеттігі. Қазақстан Республика-сының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік ету экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара-қарым қатынастар жүйесін қайта құру, яғни, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігі туды.

Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелерді категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макроэкономмкалық реформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санайды. Бірінші категорияға (қаржылық) орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі; екінші категория мәселелеріне банктердің “сапасыз” (мерзімі өткен) қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызады. Бұл мәмелелер өміршең (несие беруге қабілетті) мемлекеттік және кәсіпорындардың қаржылық ресурстардың өміршең емес (шығынды) кәсіпорындардың пайдасына кетуіне жол береді.

Бұдан басқа, бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.

1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасында несиелік салымдар-дың көбеюі байқалды. 1992 жылдың I тоқсанда несиенің сомасы жалпы ұлттық өнімнің - 11, 3℅-ын құраса, ал IV тоқсанда - 29, 8℅ құрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру және Ұлттық банктің контокорренттік несиесімен қаржыландырады. Оларды келесідей мәліметтер куәландырады: 1992 жылдың I тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы - 6, 7℅-ды құраса, IV тоқсанда - 17, 8℅-ды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілік үлестіру - өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасамайтын несиелердің яғни банктердің несиелік портфелінің нашар несиелерден құрылуына әкеп соқтырады.

Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибесінің жетіс-пеушілігі келесіде: банктер қаржылық емес несиелерге емін-еркін кіру мүмкіндігіне ие бол отырып, депозиттік ресурстарды өз бетінше шоғырлан-дыру ынтасынан айырылуда. Бұдан басқа, мұндай несиеллерді субъективті негізде орналастыруға банктердің жұмыстарының тиімділігі ескерілмейді, несиелік ресурстар барлық уақытта оңтайлы бөлінбейді. Несиелерді тиімді орналастыруға кедергі болған тағы да бір фактор - бұл төмен пайыздық мөлшерлеме саясаты. Төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтанды-рылған тікелей несиелендірілген мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тәртібінің әлсіреуіне әсер етеді.

Мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкелді.

Төменгі пайыз мөлшерлемесінің саясаты жинақ ақшаларды банктерге толық мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік берген жоқ. Кәсіпорындар мен жергілікті тұрғындар өздерінің жинақ ақшаларын нақты активтерге салғанды қалады. Кәсіпорындар өздерінің тауарлар қорын арттырса, азаматтар өз қаражаттарына жылжымайтын мүлік пен ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар сатып ала бастады. Нақты активтер ақшалай қорларды құнсыздану-дан, инфляциядан қорғайтын ең басты құрал болып табылды. Салымдар үшін төлейтін банк пайыздары инфляциядан туындайтын шығынның орнын жаппады. Мекемелер мен жергілікті тұрғындар жинақ ақшаларын жұмылдырудың жеткіліксіздігіне байланысты, несиелік ресурстар жеткіліксіз-дігі банктердің тиімді мекемелерге несие беруге мүмкіндік бермейді.

Сонымен бірге, төлемдердің кешіктірулері ескірген құралдар мен банктердің техникалық жабдықтарының артта қалуымен де (ескірген ЭЕМ және оларды ақпараттық қамтамасыз етулер торабы) байланысты болды.

Кәсіпорындар арасындағы төлемсіздік дағдарысынан шығуда үлкен 3 шараны жүзеге асырады: біріншіден, басқа да өміршең кәсіпорындардың қарыз көлемін азайту мақсатында өтімді немесе өміршең кәсіпорындардың қарызын қайта қаржыландуры. Ұлттық банк бұрынғы мамандандырылған банктер арқылы қайта қаржыландыруға 245, 6 млн теңге несие береді. Екіншіден, үкімет жаңа құралдарын енгізді. Мемлекеттік кәсіпорындарға чектер немесе төлем, тапсырма бойынша алдын ала төлеуді талап ететін төлем құралдарын пайдалануға рұқсат етілді. Үшіншіден, бұрынғы одақтас республика аралық есеп айырысу банктерін қайта құру келісіміне келді. 1992 жылдың соңында Қазақстан мен Ресей, екі елдің кәсіпорындарының қарыздарын өзара есепке алу туралы екі жақты келісімге қол қойды, ол қарыздар сомасы 1992 жыл аяғында 80млн теңгені құрады.

Бұл шаралар төлемсіздік дағдарысына төтеп бере алмады, себебі бірқа-тар маңызды мәселелер шешілмей қалды. Кәсіпорындардың өзара қарыздар болуынан туындаған несиелік нарық пен төлем жүйесінің тиімсіздігі жойылған жоқ: мәселен, төлемдерді кешіктіру және кәсіпорындарда қаржылық тәртіптің болмауына қатысты мәселелер шешусіз қалды. Төлемсіздік дағдарысы 1992 жыл соңында тағы да қайталанды, ол кезде үкімет қарызды жабуға тағы 600 млн теңге, ал 1993 жылы I тоқсанда мемлекеттік кәсіпорындардың айналым капиталын толықтыруға 800 млн теңгеге жеңілдетілген пайыз мөлшерлеме-сінде (25℅ жылдық) несие бөлуге мәжбүр болды.

1993 жылдың қараша айында Ұлттық банкке валютаның енуімен ақша-несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым-қатынаста классикалық қағыдаларды ендіруі, банктердің қызметтеріреттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.

Ұлттық валютаның енгізілу сәтінен бастап, 1995 жылға дейін Орталық банктің қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормитивтік құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлері мен тәжірибе-сі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ашқалай-несие саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды. Бұл кезең сондай-ақ ұлттық валюталардың бағаларды ырықтандыру, саясатын орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен бір мезгілде, 1995ж. 15 ақпан айында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен бекітілген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалды.

1995ж. Қазақстан банктік жүйесін реформалау бағдарламасы.

Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкнідгі болжанған:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік қоғам
Орман – біздің байлығымыз
Отандық корпоративті бағалы қағаздар рыногының жағдайына талдау
Білімді жастар ел болашағы
Көлеңкелі экономика анықтамасы
СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Адам даму индексі Алматы облысы мысалында
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Сыртық экономикалық банкі
1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, басталуы мен себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz