Майкененің өсіп-дамуына себу тәсілі мен мөлшерінің әсері


Ф. 7. 04-08
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТҰЯҚОВА ПЕРИЗАТ ӘЗІМБАЙҚЫЗЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Майкененің өсіп-дамуына себу тәсілі мен мөлшерінің әсері
5В080100 - Агрономия
Шымкент, 2016
Ф. 7. 04-09
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ауылшаруашылығы ғылымдары жоғары мектебі
«Агротехнология» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедрамеңгерушісі
б. ғ. к., Г. И. Елибаева
(ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні)
«» 2016ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Майкененің өсіп-дамуына себу тәсілі мен мөлшерінің әсері»
Мамандығы: 5В080100 -Агрономия
Шымкент, 2016
Ф. 7. 04 -10
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ауылшаруашылығы ғылымдары жоғары мектебі
«Агротехнология» кафедрасы
Мамандығы 5В080100 -«Агрономия»
«БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісі
Агротехнология
Г. И. Елибаева
«___ » 201 ж .
Дипломдық жұмысты(ж о б а н ы) орындауға
ТАПСЫРМА№___
Студент Тұяқова Перизат ӘзімбайқызыАП-12-1к1
(Т. А. Ә) (тобы)
Жұмыстың тақырыбы: Майкененің өсіп-дамуына себу тәсілі мен мөлшерінің әсері
Университет бойынша бұйрығымен бекітілген
Жұмысты аяқтау мерзімі
Жұмысты орындауға берілген мәліметтер
Дипломдық жұмысты орындауға қатысты сұрақтар тізімі
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
№
р/с
Графикалық материалдар тізімі (міндетті сызбаларды көрсету)
Ұсынылған негізгі әдебиеттер
Тапсырманың берілген күні 201___ж.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі
( қолы)
Тапсырманы орындауға алған студент
( қолы)
Ф. 7. 04 - 11
Диплом жобасын (жұмысын) жазудың
КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ
№
р/с
Орын
далу %
Тапсырма
ны орындау мерзімі
Жұмыстың ғылыми жетекшісі
(қолы, күні)
Бітіруші түлек
(қолы, күні)
Норма бақылау
(аты-жөні, қолы, күні)
Ф. 7. 15-11
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТА (ЖОБАДА)
КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ
Тақырыбы: : « Майкененің өсіп-дамуына себу тәсілі мен мөлшерінің әсері»
(А. Ж. Т., қолы)
Кеңесшілер:
Еңбекті қорғау және тіршілік Экономика бойынша
қауіпсіздігі бойынша
(Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні) (Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні)
(күні, қолы) (күні, қолы)
Қоршаған ортаны қорғау Бизнес жоспар бойынша
бойынша
(Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні) (Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні)
(күні, қолы) (күні, қолы)
Норма бақылау
(Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні)
(күні, қолы)
АННОТАЦИЯ
Дипломдық жұмыста кіріспе, негізгі бөлімдер, қорытынды, қолданылған әдебиеттер келтірілген. Жұмыс негізінен алты бөлімнен тұрады: аналитикалық бөлім, ғылыми зерттеу бөлімі, тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, экономикалық, бизнес жоспар бөлімдері. Аналитикалық бөлімінде жұмыстың тақырыбына сай әдебиетке шолу және зерттеудің қойылу мақсаты баяндалады.
Дипломдық жұмыстың тір шілік қаіупсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінде зертханадағы жүргізілген жұмыстардың техника және экология қауіпсіздігі баяндалған. Экономикалық бөлімде жұмыстың экономикалық тиімділігі, қажетті қаражат мөлшері мен шығымдары есептелген. Бизнес жоспарлау бөлімінде кәсіпорынға сипаттама беріліп, оны жүзеге асыру тәуекелділігі баяндалған.
Беттер___Кесте ___Сурет ___Әдебиет ___
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
ҚР СТ 1. 5-2004 Стандарттардың мазмұны, оны түзу, рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 102-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплекстері.
МЖМБС 2. 104-2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 201-80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.
МЖМБС 2. 301-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеулер.
МЖМБС 2. 601-2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойлатын жалпы талаптар.
МЖМБС 7. 1-2003. Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен орындау ережелері.
СТ ОҚМУ 4. 02-2008 Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7. 11-2010 Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік процестерді басқару.
ҚҮ ОҚМУ 4. 03-2008 Құжаттамалы үрдіс. Құжаттарды басқару.
ӘН ОҚМУ 7. 14-2008 «Дипломдық жұмысты жобалауды ұйымдастыру»
АНЫҚТАМАЛАР
Егістің ылғалмен қамтылуы- танаптағы екпе дақылдардың топырақ ылғалына талабын қамтамасыз етуі.
Тәлімі егіншілік- ауа райының қолайсыз жағдайындаөсірілетін дақылдар өнімі көктемгі жауын-шашынға негізделген суарылмайтын егіншілік саласы
Дақыл-белгілі бір мақсатта пайдалану үшін мәдени егісте өсірілетін өсімдік түріЖалпы өнім-белгілі бір уақыт аралығындағы өндірілген өнім көлемі
Ауыспалы егіс-екпе дақылдар мен жердің ғылыми негізде егіс танаптарындағы белгілі уақыт аралығындағы алмасып отыруы
Аңызақ - далалы-шөлейт аймақтарда жазғытұрым жиі кездесетін және өсімдік тіршілігіне өте қолайсыз құрғақ та ыстық жел.
Қарашірік - құнарлықты анықтайтын және топырақтың жоғарғы қабатындағы қара қоңыр түсті органикалық зат.
Құрғақшылық - ауаның шамадан тыс температурасы мен аңызақ желдің салдарынан туындайтын жайсыз құбылыс.
Өнімді ылғал қоры - өнімге тікелей әсері бар топырақтағы өсімдіктер пайдаланатын ылғал мөлшері.
Өсу кезеңі - өсімдік өскіндері жер бетіне шыққаннан бастап толық піскенге дейінгі аралық.
Өсімдік зиянкестері - өсімдіктерді зақымдаушы зиянкес жәндіктер мен насекомдар тобы.
Сүрі жер - ауыспалы егістегі ылғал жинайтын және арамшөптермен күрес жүргізілетін танап.
Сыдыра жырту - топырақты қайырмасыз құралдармен жыртып өңдеу.
Сыртқы орта - тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта факторларының жиынтығы.
Өсімдік аурулары - зиянды саңырауқұлақ қоздырғышының әсерінен дамитын өсімдік кеселі.
Тұқымның өнгіштігі - белгілі бір жағдайда тұқымның өніп шығу қасиеті.
Тыңайтқыштың әсерлі заты - тыңайтқыш құрамындағы өсімдік сіңіре алатын элемент мөлшері.
Фенология - табиғаттағы маусымдық құбылысты және оның ауа райы ерекшелігімен байланысын зерттейтін ғылым саласы.
Физиология - тірі ағзада жүретін алуан түрлі құбылыстар мен зат алмасуы жайлы ғылым.
Технология- нақты топырақ-климат жағдайында тиімді мөлшерде және сапалы өнім алу мақсатында арнайы ғылыми-зерттеу нәтижесінде әзірленген белгілі бір дақылды өсіру тәсілдерінің жиынтығы.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР- Қазақстан Республикасы
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
АҚ - акционерлік қоғам
ЖШС- жауапкершілігі шектеуші серіктестік
г- грамм
га- гектар
кг- килограмм
л-литр
м-метр
мин-минут
мг-миллиграмм
мм-миллиметр
мл-миллилитр
см-сантиметр
ц-центнер
%- пайыз
м3- шаршы метр
млн - миллион
ц/га - гектарына центнер
кв. км- шаршы километр
°С- градус Цельсий
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының агросаясаты өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыруға бағытталған, яғни астық дақылдары егіс көлемі мен құрылымын қайта қарау арқылы оңтайландыру, қысқа ротациялы ауыспалы егістерді өндіріске енгізу және дәстүрлі дақылдарға балама ретінде тағамдық, техникалық және мал азықтық маңыздылығы жоғары перспективалы дақылдарды ұсыну болып табылады.
ҚР Агроөнеркәсіп кешенінің 2011-2015 жылдардағы даму бағдарламасында, республиканың оңтүстік-шығыс өңірлерінің тәлімі және суармалы жерлерінде дәстүрлі майлы дақылдармен қатар, болашағы зор майлы дақылдар түрлерін өндіріске енгізу көзделіп отыр. Олар өздерінің жоғары өнімділігімен, май шығымдылығымен ерекшеленеді. Олардың майын азық-түлікке, техникалық мақсаттарға және биожағармай өндірісінде пайдалануға болады.
Республикада майлы дақылдар мен жемістерін өңдеу өндірісін өзіндік шикізатымен қамтамасыз ету жоғары өнімді және шаруашылықтық құнды белгілерге ие басқадай майлы дақылдар түрлерінің сорттары мен будандарының ғылыми жобаларын жасаумен тікелей байланысты, сонымен қатар олардың қор үнемдеуші, экологиялық таза жоғары өнім қалыптастыратын тиімдітехнологияларын өндіріске енгізу ауадай қажет.
Сонымен қатар еліміздегі тамақ және өсімдік майы өнеркәсібінің майлы тұқымға қажетін толық қамтамасыз етуде майлы дақылдардың егіс көлемін кеңейтумен қатар, олардың жергілікті топырақ-климат жағдайына бейімді сорттарын шығару және оларды өндіріске енгізу керек. Күттірмейтін көкейтесті проблемалар қатарынан орын алады. Әсіресе, майлы дақылдардың отандық селекция сорттарының сорттық өсіру технологиясын нақтылы өңір жағдайына бейімдеу және тауар өндірушілер мен фермерлерді өте қымбат импорттық тұқымдарға және өңдеу мекемелерін шетел шикізатына тәуелділігін азайтуға, сонымен қатар, елде тіркелмеген генетикалық модификацияланған материалдар ағынына тосқауыл қоюға мүмкіндік жасалады.
Майлы дақылдарды жер шарында жылына 140 млн гектарға өсіреді. Дүниежүзінде өндірілетін өсімдік майының құрылымы негізінен майбұршақ майынан, оның үлесі-30%, пальма-27%, рапс-14, 6%, күнбағыс майы үлесі-9, 4% құрайды, ал мақсары майының үлесі 2% жуық.
Өсімдік шаруашылығын әртараптандыруда майлы дақылдарға жетекші орын беріледі, сондықтан перспективалы майлы дақылдар түрлерін өндіріске енгізудің ғылыми-практикалық маңызы зор. Осындай дақылдар қатарына майкенені жатқызуға болады.
Республика егіс көлемін ықшамдауда майлы дақылдар үлесі артуда. Әсіресе перспективалы майлы дақыл-майкененің себу тәсілі мен мөлшерін жергілікті топырақ-климат жағдайына бейімдеудің ғылыми-практикалық маңызы зор.
Көрсетілген мақсатты орындауда төмендегідей міндеттер қойылды.
- Майкене дақылының себу тәсілі мен мөлшерінің өсімдіктің өсіп жетілуіне әсерін зерттеу,
- Дақыл өнімділігінің және оның құрылымының қоректік алаңша аумағымен байланыстылығын анықтау
- Майкенені қолайлы тәсілмен және мөлшермен себудің экономикалық тиімділігін дәлелдеу.
1АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Майкененің халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы өнімі
Майкене-жоғары майлы өсімдік. Тұқымында жалпы 47-50% кеппейтін май болады, ал ядросында 64-71% болса, жаңа сорттар құрамындағы майдың мөлшері 73-74% жетеді.
Майкене тұқымында өте улы зат-рицин болады және оның құрамында циан тобы мен рицинин (алкалоид) кіреді.
Өсімдік майы өзіні жабысқақтылығымен және төменгі температурада (-16 0 С дейін) қатаймайтын қасиеттерімен құнды. Сондықтан, оны машиналардың тез қозғалатын бөліктерін майлауға пайдаланады. Майкене майы соңғы кезде авацияда және космонавтикада сұранысқа ие. Сонымен қатар, тұқымын ыстықтай сығымдау немесе еріткіш қосып экстракциялау арқылы майкене майын өндіреді, оны тері илеу, мақта-мата, лак-бояу, сабын қайнату және өндірістің басқа салаларында кеңінен пайдаланады, ал суықтай сығымдау арқылы медицинада қолданылатын кастор майы алынады. Екі тәсілмен алынған майлардың айырмашылығы, егер майкене майында аздаған мөлшерде улы зат сақталса, ол кастор майында кездеспейді.
Күнжарасынан казеин желімін алады және тыңайтқыш ретінде пайдаланады, себебі оның құрамында 7, 5% азот болады.
Соңғы жылдыры май сығу зауыттарында майкене күнжарасын залалсыздандырып, малға азық ретінде қолданады. 100кг күнжарасында 92 азықтық өлшем және 2, 6кг қортырмалы протеин бар.
Жапырағын жібек құрттарын қоректендіруге пайдаланады, сабағынан арқан, жіп есіледі [1] .
Майкененің отаны-Африка елдері, атап айтқанда Эфиопия мемлекеті. Оны ертеректе Египетте өсірген, одан Азияға, Америкаға содан кейін Европаға таралған. Дүние жүзілік егіс көлемі 1, 5млн гектарға жуық. Ең көп егісі Индия, Бразилия және Қытайда. ТМД елдерінде Солтүстік Кавказда, Украинада және Ресейдің Кубань Ростов облыстарында және Орта Азияда өсіріледі. Егіс көлемі 100 мың гектарға жуық, ал Қазақстанда мүлдем жоқтың қасы, тек қана жабайы түрлері кездеседі. Стратегиялық маңызды дақыл бола тұра, қажетті деңгейде өсірілмеу себебі, тұқымын жинау қиыншылығы, яғни арнайы комбаиндардың болмауы кедергі болуда.
Тұқымның орташа өнімділігі 8-10ц/га, ал суармалы жерлерде 15-20ц/га түсім жинауға болады [1, 2] .
1. 2 Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері
Майкене Ricinus туыстығына, сүттіген тұқымдастығына жатады. Тропикалық және субтропикалық белдеулердің көпжылдық өсімдігі, ал біздің елімізде бір жылдық өсімдік ретінде өсіріледі, себебі қыстың суығына шыдамайды.
Майкене атауы латынша «Ricinus» -кене деген сөзден шыққан, себебі дақыл тұқымының пішіні кене пішініне ұқсас. Кәдімгі майкененің бірнеше түрлері бар, олар майлы (касторник), дәрілік (рицина) және жабайы рай ағашы.
Кәдімгі майкене төрт түртармаққа бөлінеді:қан-қызыл, маньчжуриялық, занзибарлық және персиялық. ТМД елдерінде персиялық және қан-қызыл түртармақтары таралған.
Майкене өсімдігі-кіндік тамырлы, тамыр жүйесі жақсы жетілген, топырақтың 3-4м тереңдігіне және жан-жағына 1, 5-2м жайылып тарайды. Сабағы тік, ортасы қуыс, күшті бұтақтанған, биіктігі 1-3 м жетеді, ал көпжылдық жабайы түрлері 10м дейін барады. Сабағының түсі жасыл немесе қызыл-қоңыр. Жапырақтары ірі, ұзын сағақты, ұзыннан тілінген 7-11бөліктерден тұрады. Негізгі сабақта 5-20 аралығында ірі жапырақтар болады, сағағының ұзындығы 20-60см. Жапырақтары кезектесіп орналасады, алақаны тықыр, қалқан тәрізді, ені 30-80см.
Гүл шоғыры-шашақгүл ұзындығы 60-80см. Бір өсімдікте 2-12 дейін гүлшоғырлар болады. Шашақгүлдің жоғарғы жағында аналық гүлдер, ал төменгі бөлігінде аталық гүлдері жиналған. Біздің елімізде бір өсімдікте тек қана 3-5 шашақгүл ғана пісіп жетіледі, ал отанында 100-150 дейін піседі.
Әрбір шашақгүлдерде 50-200 дана гүлдер бар. Гүлдері ұсақ, жай бес ескекті гүл серігінен тұрады, дара жынысты. Аталық гүлдерде аталықтар көп, ал аналық-үш ұялы жатын, үш қос ескекті тозаңдардан тұрады. Майкене-айқас тозаңданатын өсімдік. Жемісі-үш ұялы шар тәріздес қауашақ, әрбір ұяда бір-бірден тұқым орналасады. Сырты тегіс, кейде тікенді. Алдымен орталық шашақгүлдегі қауашақтар піседі, содан соң бүйіріндегілері, піскен кезде қан-қызыл түртармақтың қауашақтары жарылып тұқымдары шашылады, ал персиялық түртармақ қауашағы жарылмайды. Тұқымы-сопақша жұмыртқа пішінді, қабығы әлсіз. Тұқымының сырты ала, түсі сұрдан-қара қоңырға дейін. 1000 тұқым салмағы 200-500г.
Майкене-жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымы 12-13 0 С өне бастайды, көгі жаппай 16-18 0 С пайда болады. Өсіп, жетілуіне қолайлы температура 25-30 0 С.
Өсімдік барлық өсу кезеңдерінде аз уақыттағы үсітерден (-2 0 С) зардап шегеді.
Вегетация кезеңінің ұзақтығы 110-150 күн және өсу дәуіріндегі қажетті белсенді температуралар жиынтығы (10 0 С жоғары) -2500-3200 0 С тең.
Ылғалға талабы жоғары. Жоғары өнімді ылғалды жылдары немесе суармалы жерлерде береді. Қуаңшылық жылдары өсімдіктің жапырақтары түсіп, гүлдері мен қауашақтары жетілмейді. Ылғалдың жетіспеуі өнімділікпен май шығымдылығына да кері әсерін тигізеді.
Жарық сүйгіш өсімдік. Топырақ құнарлылығына қатаң талаптар қояды. Ең жақсы топырақ типтері-қоректік заттарға бай қара және сұр топырақты жерлер. Топырақ ертіндісінің қолайлы реакциясы 6, 0-7, 3. Майкене үшін қолайсыз ауыр сазды, бастапқы және тұзданған жерлер.
Cорттары:Донская крупнокистная, ВНИИМК 165 улучшенная, Херсонская 10, Краснодарская 3, Хортицская және т. б [3, 4] .
1. 3 Өсіру технологиясының ерекшеліктері
Майкенені күздік бидайдан, жүгеріден және дәнді бұршақ дақылдарынан кейін орналастыру керек. Майкененің өзі де жаздық астық дақылдарына жақсы алғы егіс болып саналады. Фузариоз ауруымен залалдану қаупін ескере отыра, майкенені бастапқы орнына 8 жылдан кейін ғана қайтаруға болады.
Майкененің қоректік заттарға да талабы жоғары. Ол 1ц тұқым қалыптастыру үшін, топырақтан 7, 2кг азот, 1, 7кг фосфор және 5, 0кг калий жұмсайды. Дақыл үшін жақсы тыңайтқыш болып көң саналады және оны 20т/га мөлшерінде шашу тұқым өнімділікті 20-25% жоғарылатады. Бүкілодақтық майлы дақылдар ғылыми зерттеу институтының деректері бойынша, майкене плантациясына N 60-90 P 90 K 30 кг әсерлі затпен минералды тыңайтқыштар беру тұқым өнімділігін 16-20% көтерді.
Топырақ өңдеу. Майкене өсірілетін танапты күзде алғы дақылды жинағаннан кейін, сыдыра жыртып, содан соң 25-27см тереңдікке сүдігер тартады. Ерте көктемде танап тырмаланып және қажетіне қарай культивацияланады.
Дақылды индустриалды технологиямен өсіруде арамшөптермен күресу үшін, тиімділігі жоғары топырақ гербицидін трефланды (6-8кг/га) себер алдындағы культивацияға салады.
Егістік материалға қатаң талаптар қойылады. Себуге ірі және біркелкі сортқа тән тұқым іріктеп алынады. Тұқымдық материалдың тазалығы 98% және өнгіштігі 85% төмен болмау керек. Себер алдында тұқымдық материалды ауруларға қарсы дәрілейді.
Майкенені үсік шалу қаупі өткеннен соң, топырақтың 10см қабаты 12 0 С жылынғанда себе бастайды. Ерте немесе кеш себу өнімділікті төмендетеді. Республиканың оңтүстік-шығысындағы майкене себудің қолайлы күнтізбектік мерзімі мамыр айының бірінші онкүндігінің соңы (Т. Н. Нұрғасенов және т. б., 2010) .
Майкенені шаршы ұялы (70х70см) және пунктирлі тәсілмен 70см қатараралықпен СУПН-8, СПЧ-6МФ сепкіштерімен себеді. Т. Н. Нұрғасенов және т. б (2010), республиканың оңтүстік-шығысының суармалы жерлерінде майкенені 90х60 см нобаймен себуді ұсынады.
Себу мөлшері ірі тұқымды сорттарды 20-25кг/га және ұсақ тұқымдыларды-10-12кг/га. Себу тереңдігі 6-10см. Гектардағы өсімдіктер жиілігі 45-60 мың дана аралығында болу керек [1, 2, 3, 4, 5, 6] .
1. 4 Майкененің себу тәсілі және мөлшері
Жоғары өнім алуға бағытталған кешенді шараларға майкене өсімдігіне оңтайлы қоректік алаңша таңдау болып саналады.
Майкене дақылының өсімдігі жиілігінің артуына байланысты, бүйір шашақтарының өнімділігінің төмендеуі, барлық аймақтардың тәлімі жерлерінде майкенені шаршы-ұялы әдіспен себуде гектарда 40-50 мың дана өсімдік қалдыру керек.
Ізденушілер. (1982) пікірлерінше, майкене өсімдігінің тұқым себу мөлшерін дақылдың зертханалық өнгіштігіне байланысты қояды, 10 ұзынша метрге 5-6 өнгіш тұқым себіледі, сонда өнімді жинау алдында гектарда 45-50 мың өсімдік қалуы керек.
Майкененің ВНИИМК 165 және Донская крупнокистная сорттары үшін гектарға 50-60 мың дана тұқым себу қажет. Егістік өнгіштікті және өсімдіктердің вегетация кезіндегі зақымдануын ескере отыра, себу мөлшері оңтайлы өсімдіктер жиілігінен 25-30% артық болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz