Нарықтық экономика жағдайында шағын және орта бизнесті несиелеу туралы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1.1 Шағын және орта бизнестегі несиелеудің мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ..6

1.2 Шағын және орта бизнесті несиелеудің жолдарының ерекшелігі ... ... ... .10

1.3 Коммерциялық банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің
шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ
БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СЕКТОРЫН
НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУ ҚАРҚЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелеудің даму қарқынын талдау мемлекеттік қолдау шараларын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

2.2 АҚ «БТА Банкінің» шағын және орта бизнесті несиелеу операцияларына талдау жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
Нарықтық экономика жолын ұстанған Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту, қазіргі таңда жүргізіліп отырған экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан елімізде шағын және орта бизнестің даму барысына кедергі келтірмей, керісінше даму барысына ықпал ететін икемді қаржы-несие жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелердің қатырында болып отыр. Осы тұста мемлекеттің атқаратын рөлі зор. Нарықтық экономикалы елдерде мемлекет экономикаға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызмет барысына заң келісімдері, салықтар, несиелер тәрізді құралдар арқылы араласады. Бұл өз кезегінде, ел экономикасының дамуына, ЖІӨ ұлғаюына, шағын және орта бизнес субъектілері мен әртүрлі қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер арасында нарықтық қарым - қатынастың нығаюына әкеледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы Қазақстан халқына жолдауы « Жана он жылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері жолдауында Кәсіпкерлік - жаңа экономиканың қозғаушы күші. Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаң¬ғыртудың қозғаушы күші болып табы¬лады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырады. Оны "Бизнестің жол картасы-2020" деп атауды ұсынады. Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады. Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мы¬надай бағыттар бойынша жүзеге асы¬рылуы тиіс: - несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау; - шағын және орта бизнеске несие¬лерді ішінара кепілдендіру; - бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру; - кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары. "Бизнестің жол картасы-2020" кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады. Үкімет әкімдермен бірлесіп үшжыл¬дық бюджет аясында әр өңірдің эконо¬ми¬калық әлеуетін есептеулерге негіздел¬ген жылдар бойынша бөлшектелген қаржыландырудың жалпы лимитін әзірлеуі тиіс. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады.
1. Сәбден Оразалы «Кәсіпкерлік »- Алматы,2009
2. Мақыш С.Б Банк ісі. Оқулық Алматы, 2007 жыл.
3. Имандосов,, М. С. Қазақстанда бәсекелік ортаны қалыптастырудағы кіші және орта бизнестің ролі / Имандосов, М.С. - // АльПари. - 2003.
4. http:// www.qooqle.kz
5. Оспанова, Р. А. Шағын және орта кәсіпкерлікті орта және ұзақ мерзімді несиелеудің мәселелері / Р.А. Оспанова. - // ҚарМУ.Трансформациялық экономика жағдайындағы мемлекеттердің дүниежүзілік экономикалық жүйеге интеграциясы: Халықар. ғылыми-тәжірибелік конф. матер. 18-19 қараша 2004 ж. - Қарағанды. - 2004.
6. Қазақстан Республика Үкіметінің. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытудың және қолдаудың 2009-2012ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асару жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы: 2008ж., 11 қараша, № 149 //Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республика Үкіметінің Актілер жинағы.
7 «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 Қаулысы
8. Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есеп, 2009 жылғы желтоқсан.
9. Шаяхметова, К. О. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу жағдайы [Текст] / К.О. Шаяхметова; К.О.Шаяхметова;А.Шаяхмет.- // ҚазҰУ хабаршысы: Экономика сер. - 2005.
10.Сандық мәліметтер ҚҰБ статистикалық бюллетенінен алынған №6(92) 2007 ж /2009ж.
11. http:// www.bta.kz
12. Назарбаев Н.А. Казахстан–2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Прези¬дента страны народу Казахстана.
13 «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» ҚР
заңы №2444 1995 жыл 31 тамыз.
14. http:// www. Eqemen.kz
15. http://www.damu.kz
16. Кенжегузин М.В., Космамбетова В.И., Сидорец Г.П. «Крупные
экономические структуры в условиях перехода Казахстана к рынку (организация и управле¬ние)». – Алматы: «Ғылым», 2006.
17. Жетпісова, А. Б. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің даму
жағдайы / А.Б. Жетпісова. - // ҚарМУ.Жастар және қазіргі заманның өзекті мәселелері.II аймақтық жас зерттеушілердің ғылыми-практ. конфренциясының материалдары.23 желтоқсан. - 2003.
18. Сейфолла Шайынғазы, Сұңғат Әліпбай. „Кәсіпкерлік–кемел келешек кепілдігі” // Егемен Қазақстан, 2008ж.,26 наурыз.
19. Яновская О.А. «Корпорациялық басқару» «Оқулық», Алматы-2006.
20. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 110-II Қазақстан Республикасының Заңы; 10. Назарбаев Н.А. Казахстан–2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Прези¬дента страны народу Казахстана.
21. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері ». 2010 жыл 1 ақпан.
22. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға». 2009 жыл 6 наурыз // Шымкент келбеті 2009 жыл 8 наурыз.
23. Садуақасов, А. Шағын бизнесті шарықтатудың АҚШ-тық әдісі қандай? / Садуақасов А. - // Заң газеті. - 2003. 19 желтоқсан24
24. Кенжегузин М.В., Космамбетова В.И., Сидорец Г.П. «Крупные экономические структуры в условиях перехода Казахстана к рынку (организация и управле¬ние)». – Алматы: «Ғылым», 2006.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1.1 Шағын және орта бизнестегі несиелеудің мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ..6

1.2 Шағын және орта бизнесті несиелеудің жолдарының
ерекшелігі ... ... ... .10

1.3 Коммерциялық банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің
шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 14

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ
БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СЕКТОРЫН
НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУ ҚАРҚЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелеудің даму
қарқынын талдау мемлекеттік қолдау шараларын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

2.2 АҚ БТА Банкінің шағын және орта бизнесті несиелеу операцияларына
талдау
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .34

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ
ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 63

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика жолын ұстанған Қазақстанда шағын және орта
бизнесті несиелендіруді дамыту, қазіргі таңда жүргізіліп отырған
экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан
елімізде шағын және орта бизнестің даму барысына кедергі келтірмей,
керісінше даму барысына ықпал ететін икемді қаржы-несие жүйесін
қалыптастыру өзекті мәселелердің қатырында болып отыр. Осы тұста
мемлекеттің атқаратын рөлі зор. Нарықтық экономикалы елдерде мемлекет
экономикаға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызмет барысына заң
келісімдері, салықтар, несиелер тәрізді құралдар арқылы араласады. Бұл өз
кезегінде, ел экономикасының дамуына, ЖІӨ ұлғаюына, шағын және орта бизнес
субъектілері мен әртүрлі қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер арасында
нарықтық қарым - қатынастың нығаюына әкеледі. Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы Қазақстан халқына жолдауы Жана
он жылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
жолдауында Кәсіпкерлік - жаңа экономиканың қозғаушы күші. Әртараптандырудың
өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа
рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын
көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші
болып табылады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде
кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін
қамтамасыз етуді тапсырады. Оны "Бизнестің жол картасы-2020" деп атауды
ұсынады. Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын
шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс
орындарын ашу болады. Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мынадай бағыттар
бойынша жүзеге асырылуы тиіс: - несиелер бойынша пайыздық ставкаларды
субсидиялау; - шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру;
- бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру; - кадрларды қайта даярлау
және біліктілігін арттыру, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс
орындары. "Бизнестің жол картасы-2020" кәсіпкерлер үшін де, сол секілді
банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру
жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады. Үкімет әкімдермен бірлесіп үшжылдық бюджет
аясында әр өңірдің экономикалық әлеуетін есептеулерге негізделген жылдар
бойынша бөлшектелген қаржыландырудың жалпы лимитін әзірлеуі тиіс.
Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге
асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады.
Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы
шағын және орта бизнестің экономикадағы ролі артып келе жатыр.
Қазақстандағы кәсіпкерлік бүгінде жаппай деңгейге көтеріліп отыр.
Кәсіпкерлік қазақстандық қоғамның әлеуметтік өмірімен тығыз ұштасып кеткені
көрініп тұр. Бұл дегеніміз, қазақстандық шағын және орта бизнестің
әлеуметтік-демографиялық портретінен – халықтың әлеуметтік – демографиялық
құрылымының да көрінісін айқындауға болатынын білдіреді. Шағын және орта
бизнестің кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы үлесі бойынша
Қазақстан дамыған елдермен теңесті, алайда шағын және орта кәсіпкерліктің
тиімділігі көрсеткіштері бойынша әлі де болса артта қалып отыр. Қазiргi
таңдағы экономиканың құрамдас элементтерi өзара тығыз байланысты өте
күрделi жүйе ретiнде сипатталады. Соның iшiнде бүкiл экономиканың дұрыс
және тиiмдi жұмыс атқаруын қамтамасыз ететiн банк жүйесi ерекше орын алады.
Кез-келген дамыған мемлекеттi бүгiнгi күнi тармақталған банк жүйесiнсiз
елестете алмаймыз. Банктер қазiргi таңдағы экономиканың дамуына ықпал
ететiн мемлекеттiң экономикалық құралдарының бiрi болып табылады. Бұл ретте
өзінің несиелік қаржыларын осы бағдарламаны жүзеге асыруға бағыттайтын
несие жүйесіне үлкен үміттер артылуда.
Несиелік капиталдың салымдар есебінде пайдаланудың бюджеттік айта
айналмалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол
капиталдық шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда есебінен несиені
өтеудің мүмкіндіктерін анықтаумен әрі несие шараларының өтелу мерзімі
шегінде қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен жүйелі бақылауға мүмкіндік
береді. Кәсіпкерлердің басым көпшілігі Даму Қорының кәсіпкерлікті қолдау
орталықтарын құру-ұйымдастыру жөніндегі жоспарын жоғары бағалады.
Кәсіпкерлікті қолдау орталығының ұсыныстары мен кеңестері, оны кәсіпкерлер
салық және өзге мемлекеттік органдармен болуы мүмкін дауларда дәлел ретінде
қолдана алатындай салмақты болулары тиіс деген ұсыныс жиі айтылуда.
Сондықтан осы диплом жұмыстының өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі
аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.
Сонымен қатар шағын және орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына
кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін
анықтайды.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі
кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана
ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде.
Сондықтан егер біздің еліміз Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кірсе, онда осы
сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мұмкіндігі болмай
қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың
бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу
жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды
етеді.
Диплом жұмысының мақсаты: Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеудің
дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары
арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.

Диплом жұмысының міндеттері:
- Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың нұсқауларын
зерттеу арқылы рөлін қарастыру;
- шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары
мен проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету;
- терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту
жолдарын әзірлеу.
Диплом жұмысының құрылымы: Бірінші бөлімінде, Шағын және орта
бизнестегі несиелеудің мәні мен мазмұнына, Қазақстан Республикасының
коммерциялық банктерінің несиелік саясатына тоқталып өтеміз.
Екінші бөлімінде, АҚ БТА Банкінің шағын және орта бизнесті несиелеу
операцияларына талдау жүргізу.
Үшінші бөлімінде, Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің
шағын және орта бизнесті несиелеуді дамытудың болашақтағы перспективалары.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН
МАЗМҰНЫ

1.1 Шағын және орта бизнестегі несиелеудің мәні мен мазмұны

Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар ссуда алу үшiн банкке
өтiнiш және басқа да қажеттi құжаттар тапсырады.Қысқа мерзiмдi ссудалар
шикiзат, материал, жартылай дайын өнiм, құрал-жабдық сатып алуға және жалға
алынатын мүлiк құнына 12 айға дейiн берiледi. Одан ұзағырақ мерзiмге (3
жылға дейiн) ссудалар кәсiпкерлiктiң өндiрiстегi бағытына қарай қымбат,
күрделi техника және басқа да мүлiк сатып алуға берiледi. Несие келiсiмi
және кәсiпкермен заңды тұлға болып құрылуы немесе құрылмай арнайы форма
бойынша жасалады.Ссудалар ссудалық шоттан тауарлы-материалдық құндылықтар,
басқа да мүлiк құнын төлеуге берiледi. Нотариалды түрде рәсiмделген
құжаттары болған жағдайда ссудалар кәсiпкерлерге азаматтардың салым
шоттарына сатып алынатын тауарлар құнын төлеуге де берiледi. Кәсiпкерге
нақты қолма-қол ақша шығыс кассалық ордерiмен де беруге болады, егер оны
алу себебi негiзделген болса. Кәсiпкер алған ссудалар мерзiмдi
мiндеттемелермен алған құннан бастап белгiлi бiр өтеу мерзiмдерiн банк пен
клиенттiң келiсiмi бойынша белгiленедi.[1]
Мерзiмдi мiндеттемелерде тиiсті айдағы он күндiк ссуда өтелуге тиiс
мерзiм көрсетiледi (мысалы, әр айдың 1-нан 10-на дейiн). Ссудалар бойынша
төлемдер мiндеттемелерге сәйкес есеп шоттары арқылы, банк кассалары арқылы
қолма-қол ақшамен, сонымен бiрге байланыс орындарымен халық банкiлерi
арқылы аударымдардың көмегiмен жүргiзiледi. Соңғы орындардың көмегiмен
жүргiзiлген төлемдегi құжаттардың екiншi бетiндегi талонда қаржылар ссуданы
және сыйақыны төлеуге арналады деген белгi болады. Қарыз алушылар сонымен
бiрге қарызды өтеу үшiн өз қаржыларын банкте ашылған салымдар шотынан да
аудара алады. Мерзiмдi мiндеттемелер бойынша 10 күн аралығында ссуда
өтелмесе мерзiмi ұзартылған ссуда шотына ауыстырылады. Ссуданы мерзiмiнен
бұрын өтеу қажеттiлiгi туындаған жағдайда банк қарыз алушыны, кепiлдiк
берушiлердi хабардар етiп отырады. Банк белгiлеген мерзiм iшiнде
аталғандардың бiрi ссуданы өтеуге өз қаржыларын аударуы тиiс.
Мерзiмiнде өтелмеген ссудаларды өндiрiп алу, сонымен бiрге ссуданы
мерзiмiнен бұрын қайтарып алу сот шешiмi немесе нотариалдық атқару қағазы
бойынша өндiрiп алынады.
Мерзiмi өтiп кеткен ссудалар:
- нотариалдық кеңселердiң атқарушы қағаздарын қысқа жазба бойынша кепiл
болушыдан даусыз тәртiпте өндiрiп алынады;
- жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпте кепiлдiк берушiден;
- Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келiсiм шартта белгiленген
тәртiпте қарыз алушыдан кепiлге қойылған мүлiктi сату арқылы өндiрiп
алынады.
Атқарушы қағаздағы белгiнi алу үшiн нотариалдық кеңсеге: несиелiк
келiсiмнiң мерзiмдi мiндеттеменiң түп нұсқасы, кепiл болушы құжатының
көшiрмесi, қарыз алушының жеке шотынан үзiндiсiнiң екi данасы берiледi.
Оның бiр данасы атқарушы қағаздағы қысқа жазбасымен банкке берiледi,
екiншiсi нотариалдық кеңсенiң iс қағаздарына тiркеледi. Кәсiпкердiң өнiмiне
байланысты оның құқықтары мен мiндеттемелерi мұрагерге өтедi. Қаза болған
кәсiпкердiң атына ашылған шот мұрагердiң атына қайта ашылады. Мұрагер, заң
жүзiнде мұрагерлiк құқығына ие болған соң банкке: өз атына шотты қайта ашу
туралы өтiнiш, мұрагерлiк құқығына ие болғаны туралы куәлiктiң нотариалды
түрде куәландырылған құжаттың көшірмесiн, мерзiмдi мiндеттеме және кепiл
болушы құжатын тапсырады. Банк қарыз алушының қазасынан кейiнгi алты ай
аралығында өзiнiң талаптарын мұрагерлерiне, аманатын орындаушыларға қойып
немесе мұраға қалған мүлiкке деген талапты сотқа көрсетуi тиiс.[2]
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның
қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің
алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер
кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен
байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде
тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып
келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі
араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, касб түсінігі
негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген. Кейбіреулері болса,
шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе
арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және
римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға
бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы
қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент
теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік
теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады.
Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын
өзіндік элемент. Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің
алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына
тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта
талқылауды қорғайды. Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы
құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған,
ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып
білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз
кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға
мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей
айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай
салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім
көлемі. Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта
және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас
ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі
кәсіпорындар – эконамика қаңқасы, экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және
ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар
жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда
пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған
кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ –
түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің
барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып
табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің
жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге
қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын
кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау
керек. Сондай-ақ шағын және орта бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз
меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік
етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға
500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан
аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып
табылады.[3]
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын,
географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі
үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі
стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару
сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау
барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өзара
алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде кәсіпкерлік
және бизнес ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті
экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және
шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе
алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету
немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу
негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен,
кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым
салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді. Бірақ кәсіпкерлік және бизнес
түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады.
Бизнес түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік
әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қоғамның қажеттілігін
қамтамасыз етуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық
экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек
қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де
қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар
жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет
бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында
жүзеге асырылады. Соған қарамастан, тәжірбиеде кәсіпкерлік пен бизнес
терминдері бірін – бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай,
кәсіпкерлік және шағын бизнес бір – біріне синоним бола алады. Өйткені,
шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін
қарастырады. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар
басшылық етеді. Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның
әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың
ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді
көрсету керек: тұлғалардың өзің - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық
процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада
ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмтылу.

Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері. Көптеген
адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол
жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты
аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке
түсе алмайтындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің
тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден,
шағын кәсіпорындыр үшін 0,5 – 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту
қиындық тудырмаиды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5–6 жыл қажет. Екіншіден
көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал
статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық
технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр.
Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету
тәуекелі төменірек, және де әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден
қорықпайды. Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі
сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде дағдарыс және
жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар
қызметі экономикалық дағдарысқа байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс
орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс мәліметтері бойынша шағын
өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі
компанияларға қарағанда 3 есе көп. Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп
отыр. Бұл шағын және орта бизестің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар
қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін
ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды
басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы,
жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыс алу мүмкіндігі.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады.
Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен
және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен
шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық
арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын
пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі – ірі кәсіпорын қызметіне жатса,
автомобильді жөндеу – шағын және орта бизнес қызметі. Шағын және орта
бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс
орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың
нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар
кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық
талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына
алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға,
сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды. [4]

1.2 Шағын және орта бизнесті несиелеудің жолдарының ерекшелігі

Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға
келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық
салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін
тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері
бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль
атқарады. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның
икемділігін арттырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және
орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі
экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін
шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған
экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге
қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік,
ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда. Шағын және орта
бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
- қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға
мүмкіндік беретін өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың
қалыптасуы;
- ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы.
Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын және орта
бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік
экономикаға өтімділік, икемділік береді;
- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын
иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
- қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға,
дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың
жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер,
оқып жатқан адамдар) тарту;
- меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының
қалыптасуы;
- ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
- жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және
игеру;
- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу
жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және
тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;
осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің
экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына
жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын
және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын
себептерді айтпауға болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай
(инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі,
төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық
қорғалуы).
Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін
теңгеруі.
Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.
Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі,
тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.
Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал –
жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық
төлем құнының жоғары болуы. [5]
Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды
мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін
әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.
Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей
немесе жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық
күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты
жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар
ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық
қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен
кәсіпкерлікті қаржылық қолдау аясын кеңейтуге әсер ету, тиімді
инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке
келтіру.
Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті
қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін
берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының
артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын
кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді.
Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты
жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу,барлық екінші деңгейлі
банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін
тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз
болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын
кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.
2009 жылғы 1 қаңтарына арналған жағдай бойынша 984 319 шағын кәсіпкерлік
субъектісі (ШОБ) тіркелді, бұл жыл басымен салыстырғанда 5,3 %-ға артық.
ШОБ шығарған өнім көлемі 2008 жылғы қаңтар - қыркүйек ішінде былтырғы
жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағада) 0,1% артып 1 748,9
млрд. теңгені құрады. Елде 2007 жыл ішінде ҚҚС –да шағын кәсіпкерлік үлесі
30,8 % құрады. ШОБ өнімдерін шығару көрсеткіштері нашарлап келеді.
Көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен барынша төмен өңірлер бар.
5050 бағдарламасын – Шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландырудың
тұрақтандыру бағдарламасының екінші траншын іске асыруға 2008 жылдың 1
қарашасына арналған жағдай бойынша Самұрық қазына АҚ Даму КДҚ ШОБ
келесі несиелендіру үшін 50 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлді. Сондай-ақ
19,3 млрд. теңге сомасына 400 жоба несиелендірілді, оның ішінде өнеркәсіп –
9,5%, құрылыс – 5,5%, ауыл шаруашылығы – 2,2%, көлік – 4,9%, көрсетілетін
қызмет – 34,7%, сауда – 40,6%. Осы бағдарлама бойынша қаражатты игерудің
төменгі қарқынына қарамастан жақсару дәстүрі байқалады, әр апта сайын
бағдарламаны іске асыру қарқыны үдей түсіп отыр.[6]

Даму Қоры мен жергілікті атқару органдарының қатысуымен өңірлерде
шағын және орта бизнесті қоса қаржыландырудың 2828 бағдарламасына қатысты
шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауға жергілікті бюджеттен 15,7 млрд.
теңге, яғни жоспарланған соманың 56% (28 млрд. теңге) бөлінді. Екінші
деңгейлі банктар шотына 11,0 млрд. теңге түсті, бұл жоспарланғаннан 56
млрд. теңгені құрады, 19,6% құрады. Әкімдіктер жанындағы жобаларды іріктеу
комиссиясы мен екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 42,9 млрд. теңгені
құрайтын 1344 жоба қарастырылды. ЕДБ оң несиелендіру қорытындысын 243 жоба
6,3 млрд. теңге сомаға алынды. Осы бағдарлама бойынша банктер 2,7 млрд.
теңге сомаға 149 жоба несиелендірілді, бұл 2828 бағдарламасын іске асыруға
қарастырылған 56 млрд. теңге жалпы сомадан 4,8% құрайды. Несиелердің ең
үлкен үлесі өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығы мен көрсетілетін қызметтерге
келеді. Ең төмен көрсеткіштер көлік пен байланыс. Осы үлгімен 2828
бағдарламасы бойынша ауыл кәсіпкерлері нақты қаражат алады–деп атап кетті.
Алайда, әкімдіктердің ақпараты бойынша ЕДБ-де бағдарламаны іске асыруға
қызығушылықтың жоқтығы сияқты проблема бар, бұдан басқа ЕДБ ауылдық
жерлерде кепілдік мүлікке қатаң талаптар қояды. Батыс Қазақстан облысында
кепілдікке қала ішінде орналасқан мүлік қана қабылданады, бұл ауылдық
кәсіпкерлердің несие ресурстарына қол жеткізуін қиындатады. Шығыс Қазақстан
облысында банктар бастапқы бизнеске несие берілмейді. Министрлік
бұрынырақта ШОБ жобаларын қаржыландыру жағдайын жақсарту бойынша бірқатар
шараларды ұсынды, бірақ олар бірен-саран ғана іске асырылды. Шағын бизнесті
ғана емес орта бизнесті де қаржыландыру, бұрын берілген қарыздарды қайта
қаржыландыруға тиым салуды жою ұсынылды. Үстіміздегі жылдың тамыз айында
сәйкес түзетулер Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық даму
тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі іс-әрекеттер жоспарын
бекіту туралы ҚРҮ 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына түзетулер
енгізілді. Бұдан басқа ФРМП АҚ екінші деңгейлі банктерге ШОБ несиелері
бойынша кепілдік беруді жаңарту ұсынылған болатын, бірақ бұл шара әлі жұмыс
істемей тұр. Шаралардың бірі ретінде микрокредиттік ұйымдар мен несиелік
серіктестіктерді қаржыландыру базасын кеңейту ұсынылды. Тамыз айында
Индустрия және сауда министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының
микроқаржылық ұйымдар қызметін реттейтін кейбір заңнамалық актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасын Үкімет қолдап, ол
қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінде мынадай
ұсыныстар енгізілді:

1.Облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері қызығушылық
танытқан ЕДБ және Даму КДҚ АҚ бірлесіп шағын және орта бизнес
субъектілеріне қаржы бағдарламалары бойынша несиелендіру үшін құжаттар
топтамасын жинау және рәсімдеу мәселелері бойынша ақыл-кеңес;
     2. Қазақстан Республикасының қаржы рыноктары мен қаржы ұйымдарын
реттеу және қадағалау агенттігі Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры АҚ
бірлесіп Даму КДҚ АҚ ЕДБ депозиттер салу кезінде заңнамалық
нормативтердің бұзылуымен байланысты жағдайды шешу бойынша мәселелердің
қарастырылуын тездетсін.

3.Даму қоры қалыптасқан жағдайда микрокредиттік ұйымдарды қаржыландыру
бойынша жұмыстарды белсендірсін (ҚР бүгінгі күні 1223 ұйым);
     4. Әкімдіктер мен ЕДБ Қазақстан инжинирингі ҰК кіретін зауыттарға
несие;
     5. Даму Қоры арқылы кластерлік бастамаларды тікелеу несиелендіру
сызбасы мақұлданатын жағдайда осы сызбаны ауылдық кластерлерді
несиелендіру, бірақ ФФПСХ арқылы несиелендіру үшін пайдалану керек.
     6. ШОБ жобаларын бөлінген сомалардан 100% дейін қайта қаржыландыру
тетігін қолдануды кеңейту, бұл қолданыстағы бизнестің несиелендірген
жобаларын өндірістік салада сақтап қалу мүмкіндігін береді.
Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын
бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру,
кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және
инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс
елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік
экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік
шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын
кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық
сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі
пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы,
жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты
тапсырыстармен сатуға, сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және
меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.[7]

1.3 Коммерциялық банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің шетелдік
тәжірибесі

Коммерциялық банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің шетелдік
тәжірибесі көптеген мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын
және орта бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік
бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау
механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық
ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді.
Үлестерден көріп отырғанымыздай шағын және орта бизнесті дамыту үшін
Қазақстанда шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау
қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы
факторлардың әсеріне тәуелді. Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын
сараптаудан екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың
көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті
несиелеудегі шетелдік тәжірибесімен салыстырғанда Қазақстан
Республикасындағы даму деңгейін бағалау кесте 1 көрсетілген.

Кесте 1
Шетел тәжірибесі мен ҚР-ғы шағын және орта бизнестің дамуы
Дамыған мемлекеттер тәжірибесі
ҚР деңгейін бағалау
1 Мемлекттік саясат мақсаттарын анықтайтын
кәсіпкерлік қызметті қолдау сұрақтарын Даму үстінде
реттейтін әлеуметтік құқықтық актілер
болуы.
2 Мемлекеттік қаржылық, технологиялық,
ақпараттық, кеңістік және кадрлық Даму үстінде
мемлекеттік жобалардың жүйесін құрастыру
және жүзеге асыру
3 Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тікелей және
жанама шараларының байланысы Жоқ
4 Әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден шағын
кәсіпкерлікті қолдау жобаларын жүзеге Даму үстінде
асырудың ассигновациясын анықтау
5 Шағын бизнес саласындағы барлық
міндеттерді реттейтін дамыған арнайы Даму үстінде
мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің
болуы
Орталық, аймақтық және жергілікті билік
6 органдарының функцияларын өзара рационалдыДаму үстінде
бөлу
7 Мемлекеттік билік органдарының шағын
бизнес мүдделерін қорғайтын ұйымдармен Даму үстінде
өзара қарым – қатынасы
8 Шағын бизнес саласындағы мемлекеттік
саясатты өзара қарым – қатынасты қолдауға Даму үстінде
бағытталған
Дерек көзі: Сандық мәліметтер ҰБ статистикалық бюллетенінен алынған
№6(92) 2007 ж

Қазақстан Республикасында мемлекттік саясат мақсаттарын анықтайтын
кәсіпкерлік қызметті қолдау сұрақтарын реттейтін әлеуметтік құқықтық
актілер болуын деңгейін бағалау даму үстінде. Шағын бизнес саласындағы
барлық міндеттерді реттейтін дамыған арнайы мамандандырылған мемлекеттік
мекемелердің болуын деңгейін бағалау даму үстінде.

Экономикалық Бизнесті
факторлар мемлекеттік
реттеу
Ортаның бизнеске
макро ықпалы
Әлеуметтік Технологиялық
факторлар Факторлар
Ресурстық
факторлар

1 – сурет. Ортаның бизнеске макроықпалы
Дерек көзі: Сандық мәліметтер ҰБ статистикалық бюллетенінен алынған
№6(92) 2007 ж.

Ішкі немесе бақыланатын факторларға кәсіпорын қызметіне байланысты
факторларды жатқызады. Енді әртүрлі тәжірибесіне келейік.

АҚШ – ғы шағын және орта бизнесте америкалық фирмалардың көлемі
жұмысшылардың санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар – 20 адамға дейін
жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін,
ірі 500 адамнан көп (2-ші суретте көрініс тапқан). Көрсеткіштерді салалар
бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге
дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.

Кесте 2
АҚШ әртүрлі деңгейдегі фирмалардың саны

Фирма көлемі Фирма саны
Ірі 1000
Орташа 134000
Шағын 2000000
Шағын кеңселер 3000000
Дерек көзі: Сандық мәліметтер ҚҰБ статистикалық бюллетенінен алынған
№6(92) 2007 ж.

АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнес ортаның
өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы
кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың
территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және
жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі
жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.
Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында жұмыс
істейді. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа
міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.
Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын
кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының – 1953ж АҚШ Конгресі құрған шағын
бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі
болып табылатын шағын және орта бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж
Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын.
Экономиканы жандандыру үшін – шағын және орта бизнес әкімшілігін құрды. Ол
өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн
кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 % қызмет етеді.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы
мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99,7 % кәсіпкерлер – бұл
шағын бизнес басшылары.[8]
Шағын және орта бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және
кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті – шағын және орта кәсіпкерлікті
ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. Шағын және орта бизнес
әкімшілігі өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде
қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады.
Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын және орта
бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға
көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер – кәсіпкерлерге ерекше назар аударады.
Шағын бизнес әкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан
тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық
бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байланыс аудан – аймақ – орталық
тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын және орта бизнес қоғамдағы ресми
белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады. Америкалық тәжірибе
көрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік еркіндігін шектейтін кез келген үкіметтік
немесе басқа да шектеулер ресми белсенділікті төмендетеді. Сондықтан шағын
бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше
ролді шағын бизнес әкімшілігі шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын
бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар
тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және
семинарлар өткізеді. Оның үстіне, шағын бизнес бизнес - инкубатордың
бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар
бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.
Қазақстандық тәжірибеде шағын және орта бизнеске көмектесудің
инкубаторлық жобасын қолданған жөн. Инкубатор термині алғаш
кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет,
ұйымдар, компаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған
ұйымдарға қолданылады. Инкубатордың басты міндеті – шағын, әсіресе
иннновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған
кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз
орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш
жылдан соң, фирмалар бизнес – инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет
етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар
келеді. Әдетте бизнес - инкубаторлар бірнеше жаңа бастаушы орналасқан
арнайы ғимараттарда орналасқан. Олар ғимарттар мен құрал – жабдықтарды
бірігіп қолданып ғана қоймайды, сонымен бірге бизнес-инкубатор көрсететін
барлық қызметтерге, бизнес кеңестерге қол жеткізе алады. Кейбір қызмет
түрі, аренда құнына қосылған, көрсетілетін қызметтердің басқа түрлерінің
бағасы төменірек.
Бизнес – инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер жатады:
а)бизнес- инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер;
б)құрал – жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме
машиналары, факс, компьютерлер т.б.);
в)бір жылға жалданатын ғимарттар мен жиһаздар;
Бизнес – инкубатордың басындағы тұлға – директор немесе атқарушы
директор. Америка Құрама Штаттарындағы бизнес – инкубаторлардың 90% жуығы –
бұл коммерциялық емес ұйымдар, олардың басты мақсаттары жаңа кәсіпорындар
құру және дамыту. Қазақстан экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде бизнес
– инкубаторлардың құрылуын әлі ертерек дейді. Өйткені бизнес – инкубаторлар
коммерциялық ұйымдар ретінде мемлекеттік және мемлекеттік емес демеушілер
есебінен қаржыландырылады. Біздер үшін ең қиын қаржы көздерін табу. Соған
қарамастан, АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнес – инкубаторлардың
клиенті – 90 % жуығы жоғары эффективті кәсіпорындар болып табылады. Бұл
факт Қазақстанда бизнес – инкубаторларды құруда маңызды болып табылады.
Инкубаторлар мақсаты және қаржыландыру көздеріне қарай фирмалық,
мемлекеттік, университеттік және жеке деп бөлінеді. Қазір бүкіл әлемде
бизнес – инкубаторлар шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың тартымды
әдісі болды.
Ұлыбританиядағы шағын және орта бизнес тәжірибесі көрсетіп отырғандай,
шағын және орта бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер
ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды рөл атқарады. Шағын
және орта бизнес адамдарға өзінің шығармашылық мүкіндіктерін көрсетуге
мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәіспкерліктің дамуына консервативті
үкімет саясаты – қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес
техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті. Ұлыбританияда шағын және
орта кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус
– квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту;
шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген
зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі
одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты – тұрақтылықты
қамтамасыз ету. Үкімет шағын және орта бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік
қызметтің әлеуметтік – экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал
етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар),
сонымен бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен
әдістерді қолданды. 1991жылы Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды
басқару мәселелері бойынша көмек беруге мамандандырылған фирмалардың
қызметінен зерттеу жүргізілді. Шағын кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес
берушілер танысып, кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз
ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына атсалысады. Бұл көмектің болуы және
шағын және орта бизнестің даму стратегиясының болуы бұл саланың
Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.
Франциядағы шағын және орта бизнес тәжірибесінде кәсіпорындарды шағын
фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі – ондағы
жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ
болып табылады, 10-49 адамдар – шағын, 50-499 – орташа, 500 көп - ірі
фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемлекеттің мақсатттарының
бірі – шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау
концепциясы Францияда кеңінен тарады. Шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен
қаржылық, салықтық және әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды.
Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын
құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын
және орта фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді
ұсынады. Мемлекет шағын және орта фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар
құрды. Оның ішінде – аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты,
жаңалық енгізуді қаржыландыратын компаниялар және т.б. Францияда несиелерді
кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар бар. 80 жыл басында несиелерді кепілдеудің
Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және орта фирмаларды тәуекел капиталды
ұсынатын компапияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әр түрлі қаржылық
ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65% кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам
шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұстап тұру үшін
қаржылық ресурстар бөледі. Шағын және орта кәсіпорындағы жұмысшылардың
жалпы саны 16 500 000 адам. Орташа және шағын кәсіпорындардың орташа көлемі
– 7 жұмысшыдан. Шетелдегі француздық шағын және орта кәсіпорындар – 1400.
Мемлекеттің жалпы экспорт көлеміндегі шағын және орта кәсіпорындар
пайдасына жүргізілетін француз үкіметінің саясаты экономиканың бұл саласына
мемлекеттің қызығуын дәлелдейді. Ол үкіметтің екі декретінде көрінеді:
- Франциядағы ұсақ және орта кәсіпорындары
- шағын және орта кәсіпорындардың пайдасына 37 шара.
Құжаттардың атының өзі мемлекеттің шағын бизнестің дамуына қандай
маңыз беретінін айтады. Егер алғашқы құжат қаржылық – экономикалық қолдауды
қарастырса, онда екіншісі ұйымдық - әкімшілікті қарастырады. Ондағы ең
басты пункт болып тіркелу орталықтарында шағын кәсіпорындарды құруға
арыздарды қарастыруға бұрынғы 5 күннен 24 сағатқа дейін қысқарту, шағын
кәсіпорындарға даму банкін құру табылады, сонымен бірге әрдайым ірі
банктер және қаржылық ұйымдармен ынтымақтастықта болу жағдайды жақсартуға
және шағын кәсіпорындардың пайдасына қаржыландыру тиімділігін ұлғайтуға
мүмкіндік береді. Оған мысал ретінде территориялық орналастыру және
аймақтағы қызмет жөніндегі Делегацияны – DATAR келтіруге болады, ол
аймақтарда шағын және орта бизнесті дамытумен айналысады. DATAR өндірістік
жобаларға егер олар келесідей міндеттерге жауап берсе дотация бөледі:
1.Кәсіпорын территориялық құрылымның жоспарына айрықша зонада
орналақан болса
2.Кәсіпорынның қалпына келу жөніндегі құрылған жұмыс орындарының саны
(алғашқы қызметінің 3 жылы – 20жұмыс орны)
Жобаны қолдауда DATAR дотацияларға үштен бірін жобаның басында
ұсынады, ал қалған бөлігін – жобаны жүзеге асыру барысында кезеңдік
төлемдер жолымен жүзеге асады. Франция Үкіметінің басқа шаралары
өнеркәсіптік меншік субъектілеріне салықты қысқарту қағидасын, өнеркәсіпті
зерттеу және даму орталықтарын құруды білдіреді. Мысалы, Кореяда
субконтрактілік кеңінен тараған. Бұл форма кәсіпкерлерге шағын және ірі
бизнесті ұжымдандыру мүмкіндігін береді. Яғни, трансұлттық компаниялар
шағын кәсіпорындардың көмегімен өзінің өндірістік және өткізу желілерін
кеңейтеді. Оның үстіне үкімет шағын кәсіпорындарды модернизациялауға
бағытталған жобалар құрастырды, технология және сапаның ұлттық институтын
құрды, шағын кәсіпорындардың өнімдерін алу және өткізуді кепілдеді. Шағын
және орта бизнес әкімшілігінің мәліметтері бойынша шағын және орташа
кәсіпорындардың 90 % жалпы саны 50 жуық.

Енді Литвадағы шағын кәсіпкерлікті қарастырайық. Қазіргі уақытта бұл
сектор экономика тұрақтануының негізгі фактор болып табылады, оның
көмегімен дотацияны қажет етпейтін халықтың орта бөлігі құралады. Литваның
ішкі өнімдегі шағын кәсіпорындардың үлесі 69 % құрайды. Ал жұмысшылар саны
бойынша еңбекке қабілетті адамдардың 13. Кәсіпорындардың 90 % - тен көбі
шағын және орташа болып табылады. Мемлекет шағын кәсіпорындарға салықтық
жеңілдіктер береді.

-бірінші екі жылдай пайдаға салық тарифі 70 % проценттен төмендейді,
ал үш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында II-шi деңгейдегi коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеу тәжiрибесi
Шағын бизнесті несиелеудің әлемдік тәжірибесі
Кәсіпкерлік түрлері, формалары
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұйымдастыру
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту
Шағын және орта бизнесті дамыту мен инвестициялық қолдаудың теориялық-әдістемелік негіздері
Шағын кәсіпкерлік қызметі
Екінші деңгейлі банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің жүзеге асырылуы
Пәндер