Қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атауларына салғастырмалы талдау


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

қазақ және орыс тілдеріндегі

гүл атауларына салғастырмалы талдау

РЕФЕРАТ

Тақырып маңыздылығын анықтау. Гүл атаулары қазақ және орыс тілдері сөздік қорының елеулі бөлігін құрайтындықтан лексикалық уәжділік саласының жете зерттелмеуі жалпы ономастиканың дамуын, соның ішінде лексикология ғылымының өркендеуін тежейді. Егер гүл атауларының уәжі ашылып, оның аты не себепті солай қойылғандығы дәлелді түсіндірілген болса, онда атауларды тілде қалыптастыру оңай болар еді.

Зерттеудің мақсаты қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атауларының уәжін этимологиясына, ішкі формасына сүйене отырып зерттеу, сол арқылы гүл атауларының уәждерін табу.

Зерттеудің міндеті:

- қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атауларының уәжін анықтау;

  • уәжділіктің толық - толықсыздығы мен мәнді - мәнсіздігін ашу.

Зерттеу нысаны. Тілдік сөздік құрамдағы гүл атаулары.

Зерттеудің материалдары мен дереккөздері. Зерттеу жүмысында Б. Қ. Қалиевтің «Өсімдік атауларының орыс - қазақ сөздігіндегі» атаулар алынды. «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қолданылды.

Ғылыми жаңалығы. Гүл атауларындағы уәжділіктің жартылай уәжділік, толық уәжділік, абсолютті уәжділік және уәжсіз атаулары деп бөлініп қарастырылды.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. Гүлдерге ат қоюдың, сол арқылы басқа да атаулардың номинациялық амал-тәсілдерін айқындайды. Гүлдерге ат қоюдың қыр-сыры белгілі болады.

Зерттеу әдістері мен тәсілдері. Қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атауларының уәжін анықтауда талдау әдісі, салғастырмалы әдіс, сипаттамалы әдіс қолданылды.

Жұмыс құрылымы кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Жұмыс соңында әдебиеттер тізімі берілген.

Жұмыстың көлемі - 51

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 УӘЖ, УӘЖДІЛІК ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ ГҮЛ АТАУЛАРЫ

  1. Уәж, уәжділік термині 7
  1. Жартылай уәжділік, толық уәжділік, абсолютті уәжділік және уәжсізқазақ және орыс тілдеріндегі гүл атаулары 15
  1. Этимологиясын ашу арқылы уәжін анықтау 19

2 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ ГҮЛ АТАУЛАРЫНДАҒЫ УӘЖДІЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

  1. Фонетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық-синтетикалықуәжділік 25
  2. Қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атауларының уәждік жүйесі мен уәждік белгілері 32

2. 3 Қазақ және орыс тілдеріндегі гүлдерге байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестер . . . . . . . . 35

2. 3. 1 Тілдегі гүлдердің қасиеті мен гүлдер тілі 41

ҚОРЫТЫНДЫ 45

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 49

КІРІСПЕ

Таңдап алып отырған тақырыптың зерттеу нысанының негізі қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атауларына салғастырмалы талдау екенін ескере отырып, оны тек уәж (мотив), уәжділік (мотивация) мәселесі тұрғысынан ғана қарастырамыз. Себебі гүл атауларының көпшілігі тілдегі бар сөздер негізінде жасалатындықтан олардың қыр-сыры, мән-мағынасы, ат қойылу себептері сияқты мәселелер тіл тарихымен астасып жатады.

Кез келген халықтың рухани мәдениеті тілде таңбаланады. Сол себепті қазақ және орыс халықтарының гүл атауларына ат қоюдағы ерекшелігін оның өз тілінен, сол тілдің құрылымынан іздеу керек. Белгілі бір уәжге байланысты қойылған гүл атауы халықтың рухани дүниесінің, психологиясының, дүниетанымының көрінісі. Бір сөзбен айтқанда гүл атаулары да мәдениеттің туындысы және соның тілдегі көрінісі.

Атауларға байланысты еңбектер бұрын-соңды болғанымен де, жалпы уәж, уәжділік жөніндегі зерттеулер соңғы кездерде ғана кең көлемде етек алуда. Бұған Ә. Қайдар, М. М. Копыленко, Б. Қалиев, сондай-ақ, кейінгі кездерде жазылған Ж. Манкеева, А. Салқынбай сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі уәж, уәжділік туралы мәліметтер мысал бола алады.

1973 жылы М. М. Гинатулин уәжділікті жеке лингвистикалық пән ретінде бөлу туралы сөз қозғаған болатын. Уәжділік - лексикологияның сөз бен заттың арасындағы ат беру сәтіндегі байланысын зерттейтін бөлімі. Соңғы кезде қазақ ғалымдарының зерттеулерінде уәжділік мәселесі жиі сөз бола бастады. Сондықтан болар қазақ тіл білімінде бұл саланың зерттеу тәжірибелері жеткілікті дәрежеде жинақталды деп айтуға болады.

Гүл атауларының пайда болуы, даму тарихы негізінен сол атауды тудырушы халықтың мәдени - тарихи өмірімен ұштасып, астарласып жатады. Гүл атауларын кешенді түрде зерттеу сол жердегі алуан түрлі өсімдік атауларының көне формаларын қалпына келтірудің, бөтен тілден енген кірме элементтерді анықтаудың, гүл атауларының этимологиясын ашудың, атаудың қыр-сырына үңіліп түр-сипатын талдай түсіндірудің бірден-бір өнімді тәсілі болып табылады және ол белгілі бір жүйеге негізделеді.

Әр халықтың тіршілігі, дүниетанымы мен рухани өмірі қай кезде болмасын нақтылы бір дәуірлердің жемісі.

Халықтың барлық өмір - тіршілігі, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени, рухани байлығы ең алдымен сол халықтың ана тілінен өз өрнегін табады да, ол асыл қазына болып атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Бұл тіл атаулының бәріне тән объективті заңдылық, ортақ қасиет. Ендеше гүл атаулары да ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырылатын асыл қазына. Біздің зерттеу нысанымыз болып отырған уәжділік қазіргі тіл біліміндегі көптеген пікірталас тудырып отырған күрделі де, маңызды тілдік құбылыс болып табылады.

Уәжділік - жас ғылым саласы. Оның туындауы мен зерттелуі ғылымның басқа салаларынан бөлек, жеке дара жүрмейді. Бұл тілдік сала басқа салалармен салыстырғанда қарқынды даму үстінде.

Негізінде табиғи тілдерде нысандардың атауы туу сәтінде сөзсіз уәжді болады. Мәселен, бір заттың аты нысанның қандай да бір белгісін не бейнелеу (ономатопея), не суреттеу арқылы көрсетеді.

Заттар мен құбылыс атауларының уәжділігін зерттеудің ерекшелігі - ол бір жақты лингвистикалық көзқарасқа жол бермейді, сонымен бірге нақтылықтардың өз қасиеттерін терең білуін талап етеді. Гүл атауларының этимологиясы барынша айқын болған жағдайларда да уәжді анықтауда, ол туралы ғылыми мағлұматтарды ескерусіз қалдыру мүмкін емес.

Әрбір атаудың тууы белгілі бір сұраныстан, қажеттіліктен, оны басқа гүлдерден ажырата білу керектігінен пайда болғандықтан, олардың неге осылай немесе басқаша аталу уәжділігін зерттеу қажеттілігі туындайды. Әрбір атаудың өзінше мәні, маңызы бар. Осы көзқараспен қарағанда сәнсіз, мағынасыз, уәжсіз атау болуы мүмкін емес.

Бізді қызықтыратын мәселелердің бірі - атау уәжділігінің күйі немесе дәрежесі ғана емес, уәждеу үрдісінің өзі. Өйткені атаудың уәжділігі - уақыт шеңберінде өріс алатын себепті құбылыс.

Гүл атаулары уәжділігінің барлық тілге тән өз ерекшеліктері мен әр тілге тән қайталанбайтын жеке ерекшеліктері бар. Уәж және уәжділікті зерттеу -ономастика теориясындағы, жалпы лексикология саласындағы қызықты тақырыптардың бірі.

Тақырып маңыздылығын анықтау. Уәжділік - жас ғылым саласы. Оның туындауы мен зерттелуі ғылым салаларынан бөлек, жеке-дара жүрмейді. Бұл тілдік сала басқа салалармен салыстырғанда қарқынды даму үстінде және ол басқа салалармен, атап айтқанда ономасиологиямен, семасиологиямен т. б. тұтасып, астасып жатыр.

Гүл атауларының уәжін зерттеу - танымдық жағынан ғана емес, халықтың гүлдерге ат берудегі мәдени, тарихи өмірін білумен қатар, ғылыми да мәні бар нәрсе.

Табиғат - халық қазынасы. Сол табиғаттың ауқымды құрамы болып табылатын гүл әлемі адамзат өмірімен біте қайнап, ажырамас бөлшегіне айналған. Гүл атауларының көптеген жергілікті географиялық нысандар атауларына негіз болуына олардың ақпараттық құндылығы себеп болған.

Кез-келген атау ұлттық дүниетанымның тілдегі бейнесі. Гүл атаулары қазақ және орыс тілі сөздік қорының елеулі бөлігін құрайтындықтан лексикалық уәжділік саласының жете зерттелмеуі жалпы ономастиканың дамуын, соның ішінде лексикология ғылымының өркендеуін тежейді.

Қазіргі кезде бұрын орысша айтылып, тіліміз әбден үйреніп кеткен гүл атауларын аударғанда көбі қарапайым халыққа, тіл үйренушілерге түсініксіз болып шығады. Егер осындай гүл атауларының уәжі ашылып, оның аты не себептен солай қойылғандығы дэлелді түсіндірілген болса, онда атауларды тілде қалыптастыру да оңай болар еді.

Зерттеудің мақсаты қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атауларының уәжін этимологиясына, ішкі формасына сүйене отырып зерттеу, сол арқылы гүл атауларының уәждерін табу, оларды жүйелеп, топ-топқа бөлу. Нәтижесінде тіл біліміндегі уәжділік теориясын толықтыра және кеңейте түсу, яғни ат қоюдың ұлттық ерекшелігін ашып, сол ерекшеліктер негізінде теориялық және практикалық қорытындыларға келу.

Зерттеудің міндеті:

  • қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атауларының уәжін анықтау; уәжділіктің толық - толықсыздығы мен мәнді - мәнсіздігін ашу.

Зерттеу нысаны. Тілдік сөздік құрамдағы гүл атаулары.

Зерттеудің материалдары мен дереккөздері, Зерттеу жұмысында Б. Қ. Қалиевтің «Өсімдік атауларының орыс-қазақ сөздігіндегі» (1993) атаулар алынды. «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» (1966), «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қолданылды.

Ғылыми жаңалығы. Қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атауларындағы уәжділіктің жартылай уәжділік, толық уәжділік, абсолютті уәжділік және уәжсіз атаулары деп бөлініп қарастырылды.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. Гүлдерге ат қоюдың, сол арқылы басқа да атаулардың номинациялық амал-тәсілдерін айқындайды. Гүлдерге ат қоюдың қыр-сыры белгілі болады. Кейбір гүлдердің қазақ тілінде аты бола түра оны орыс тілінде қолданамыз. Егер гүл атауларының уәжділік тұрғыдан түсіндірілген екі тілдік сөздігі болса, мұндай қиыншылықтар болмас еді.

Зерттеу әдістері мен тәсілдері. Гүл атауларының уәжін анықтауда мына әдіс-тәсілдер қолданылды: талдау әдісі, яғни атаулар тұлғалық жағынан талданып, сараланды, мағыналары ашылды. Салғастырмалы әдіс арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атаулары бір-бірімен салғастырыла зерттелінді. Сипаттама әдісі арқылы жинақталған материалдар сипатталып, лингвистикалық тұрғыдан баяндалды.

Жұмыс құрылымы кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Жұмыс соңында әдебиеттер тізімі берілген.

Жұмыстың көлемі - 51

1 УӘЖ, УӘЖДІЛІК ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ГҮЛ АТАУЛАРЫ

1. 1 Уәж, уәжділік термині

Уәж, уәжділік - лексикологияның бір тармағы. Бұл тіл білімінің көп зерттелмеген саласы. Атақты ғалым Б. де Куртене: «Лексикология - сөз туралы ғылым. Ол XX ғасырдың зерттеу мәселесі», - деген еді [1, 18 б. ] . Осы болжам расқа айналып, тіл білімінің басқа пәндерінің ішінен лексикология қазір дамыған салаға айналды.

Уәжділік мәселесі социология, психология, семиотика, философия, лингвистика сияқты көптеген ғылым саласында қызықтырарлық зерттеулер тақырыбы болуда. Тілдегі уәжділік ұғымы күрделі лингвистикалық категорияларды: мәселен, сөз мағынасы, формасы, мәні, мазмұны, белгісі, номинация, лексикалық бірліктердің идиомалығы, т. б. зерттеулердің негізі болып отыр. Осы ерекшеліктердің өзі уәжділік проблемасының күрделілігі мен оны шешудің әртүрлілігін көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда уәжділік проблемасы көптеген ғылымдардың тоғысқан жерінде тұр.

Біздің тақырыбымыз гүл атауларының мотивациясы болғандықтан осы терминнің не екеніне түсінік бере кетелік.

«Тіл білімі сөздігінде»: Мотивация, уәждену (франц. motif - сылтау, дәйектеме; motivation - уәждеме, дәлелдеме) - тіл арқылы аталған заттың немесе құбылыстың белгілерін бейнелеу актісі. Әдетте уәждеме мәні диахрониялық тұрғыдан ашылады. Мотивема (франц. motiv - сылтау, дәйектеме) - гомогендік мотивті білдіретін термин. Мотивология (франц. motif - сылтау, дәйектеме + logia - ілім) - лексикологияның бір саласы. Ол дәлелдемелі (жартылай дәлелдемелі, дәлелдемесіз) сөздер мен мотивтік қатынастарды қарастырады. Сөздің түрлі аспектілерде мотивтену - өзге тілдік единицалар мен мотивациялық қатынастарға (диахронды және синхронды) түсетін лексикалық мотивологияның зерттеу нысаны болып табылады, - деп жазылған [2, 346 б. ] .

Уәжділік терминнің мән-мағынасына келсек философияда «уәж» (мотив) - адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін, іс-әрекетке негізделген саналық саралау. Уәж себептің негізінде пайда болып, оның тепе-тең бейнесін белгілейді. Уәждің негізгі ұғымдық көрсеткіштері - қажеттілік, себептілік, негізділік [3, 294 б. ] .

С. И. Ожегов сөздігінде: «Мотив» - побудительная причина, повод к какому-нибудь действию, довод в пользу чего-нибудь, - деп жазылған [4, 365 б. ] .

Қазақша аудармасы - себеп, дәлел [5, 427 б. ] . «Мотив, мотивированность, мотивация» сөздері «обусловленность» деген сөздің толық синонимі бола алмайды. Сондықтан мотивацияның қазақша баламасы себептіліктен гөрі негізділікке жақын. Ал негіз сөз, яғни «мотивирующий сөз» туынды сөздің туындауына себеп болады, ол негіз сөз ретінде ғана танылып жүр. Сондықтан мотивацияны «негіздеме» деп аламыз, - дейді А. Салқынбай [6, 107 б. ] .

«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде» мотивированные слова - негізгі сөздер деп берілген [7, 47 б. ] .

К. Аханов бұл ұғымды «дәлел» (мотив), ішкі дәлелдеу (внутренняя мотивировка), дәлелсіз (немотивированность), - деп берген [8, 74 б. ] .

О. С. Ахманова сөздігінде «мотивированный»: 1) Такой, в котором данное содержание поддается более или менее непосредственному соотнесению с соответствующим выражением имеющий открытую семантическую структуру, поддающийся разложению на лексические морфемы, противоположный немотивированный; 2) содержащий в своем составе фоносистемы противоположный немотивированный; 3) не имеющий открытой семантической структуры, то есть не поддающийся разложению на лексические морфемы, [9, 244-260 бб. ] - деп анықтама береді.

Н. Уәлиевтің мақаласында мотивті «уәж», мотивированность дегенді «уәжділік» деп алған [10] . Бұл терминді Б. Қалиев, Ж. Манкеева сияқты ғалымдар қолдаған.

Осы айтылғандарды саралай келе «уәж, уәжділік» терминіне тоқталдық.

Уәжділік мәселесінің тіл білімінде зерттелуіне келсек, ол біраз ғалымдардың еңбектерінде зерттеу нысаны болған. Енді осы жөнінде айтылған пікірлерді қарастырып көрелік. Уәжділік - кей жағдайда тілдің жоғары деңгейіне орналасса, екінші жағдайда мағыналық, грамматикалық және фонетикалық сияқты күрделі қабаттасулар түрінде келуі мүмкін [11, 63 б. ] . Белгілі бір затқа ат қойғанда өмір шындығы мен тұрмыс болмысы тіл мәнбірлеріне айналып, әр түрлі заттар түрінде тілде сөзбен айтылып белгіленеді, соның негізінде адам затты танып, біліп, содан кейін оны басқа заттардан ажырату үшін ат қойылады. Міне, сол ажыратқыш белгілер тіл білімінде «уәждер» деп аталады. Уақыт өте келе осы белгілер көмескіленіп, ұмытылуы мүмкін. Осыған орай тілдегі атауларды Н. М. Шанский екіге бөледі: 1) уәжді атау, 2) уәжсіз атау [12, 35] .

Уәжділік - философиялық ұғым. Философияда уәж - адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін, іс-әрекетке негізделген саналық саралау. Уәж себептің негізінде пайда болып, оның тепе-тең бейнесін белгілейді.

Уәжділік - психологиялық ұғым. Психологиядағы уәжділік - адам мінез-құлқын анықтайтын факторлардың жиынтығы. Бұл ұғым іс-әрекет пен себептің анықталуын немесе ара қатынасын бейнелейді.

Уәжділік - лингвистикалық ұғым. Лингвистикада бұған бірнеше анықтама беріледі.

А. И. Щербак «Түркі тілдеріндегі үй және жабайы жануарлар атаулары» атты еңбегінде жануар атауларының алғаш мағынасын тауып, олардың түрік, монғол, тұңғыс-манчжур тілдеріндегі бір-біріне әсерін, арақатынасын, этимологиясын, уәждік белгілерін зерттейді [13] .

М. Бимағамбетов «Қазақ тіліндегі шөп атауларының кейбір мәселелері» атты мақаласында қазақ тіліндегі бұрыннан қалыптасқан, қолданыста бар отыз жеті шөптің халықтық атауларын үш топқа бөліп зерттеп, ондағы шөп атауларының уәждері негізінен үй жануарларымен байланысты қойылғандығын сөз етеді. Мысалы: атқүлац, тайтұяқ, түйеқарын, итмүрын, түйетабан, итсигек, иттабан. Автордың көзқарасы бойынша шөп атауларындағы өнімді уәжділік - шөптің басқа өсімдік атауларымен ассоциативті белгілерінің сәйкес келуінде [14] .

Г. И. Ұйқыбаева «Өсімдіктердің халықтық атаулары» зерттеуінде қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі өсімдік атаулары уәжін, оларға ат берудегі уәж болған, негізінен олардың түр-түсі, көлемі, формасы, органдарының саны, иісі, дәмі, өсетін жері, т. б. қасиеттері алынатындығын сөз етеді. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары орыс, латын тілдеріндегі атаулармен салыстырыла келіп, уәждері жағынан атаулар бір-біріне ұқсас екендігін айтады [15, 70-88 бб. ] .

Б. Қалиев «Өсімдік атауларының лексика-семантикалық және морфологиялық құрылысы» деген монографиясында қазақ тіліндегі өсімдік атауларына байланысты біраз уәж белгілерін көрсетеді және олардың құрылысы жөнінде әңгімелейді [16, 52-56 бб. ] .

А. Салқынбай зерттеулерінде де уәжділік мәселесі тарихи сөзжасам тұрғысынан кең түрде қарастырылады. Ол уәжділік (негіздеме, мотивация) тек философиялық қана ұғым емес, оның біріншіден, тіл білімімен де тығыз байланыстылығын айқындай келе, тіл таңбалық жүйе болғандықтан сөздің жасалу негізділігі айқындайтындығын, екіншіден, туынды сөз құрылымдық және әлеуметтік негізділігімен ерекшеленетіндігін, сондықтан да оның уәжділік аспектісінде қарастырылатындығын айтқан. Уәжділіктің бір ұшы этимологияда жатады. Егер этимологиялық зерттеулер болмаса, негіздеме мәні айқындалмайды [17] .

Қысқасы, ғалымдар еңбектерінде уәжділік ұғымы линвистикада сөздің мағынасы мен оның формасының атау сәтіндегі немесе дамудың белгілі бір деңгейіндегі тарихи байланыстылығының заңдылығы ретінде қарастырылады.

Сонымен, уәждеме - лексикологияның сөздер уәжділігін (жартылай, толық, абсолютті) және олардың арасындағы уәжді қатынастарды зерттейтін саласы. Уәждеменің негізгі нысаны - сөздердің тілдік жүйедегі басқа лексикалық бірліктермен уәждік қатынасын зерттеу болып табылады.

Біз енді философия, психология, лингвистика ғылымдарында уәжділіктің қалай түсіндірілетіне қысқаша тоқталып өтелік.

Уәж, уәжділік термині көне грек философиясының постулаттарынан бастау алады да, табиғаттағы заттар мен олардың атауы арасындағы байланысты тексеретін ілім ретінде қалыптасқан.

Атауларға арналған Платонның «Кратил» диалогында тура және тура емес атаулар жөнінде сөз етіледі. Тура атаулар белгілі бір затты атап көрсетеді, өйткені заттың атауы табиғи нәрсе. Ат берушінің бәрі бірдей шебер емес, сол заттың атына сәйкес белгісіне, бейнесіне . . . назар аударып барып, затқа ат қойған адам - шебер [18, 425 б. ] .

Кез келген заттың түр-түсі, келбеті, формасы, т. б. бар. Бұл белгілерінен басқа оларда мән, мазмұн, мағына болады. Ежелгі грек ат берушілері осындай уәждерге байланысты ат қойған, оның ішіндегі ең негізгісін тауып затқа ат берген.

Конфуций және оның ілімін жақтаушылардың айтуы бойынша, заттың атауы айтылып түрған атпен ғана байланысты болмауы керек [19, 94 б. ] .

Ежелгі грек философтарын қатты ойландырған сұрақ екендігіне қарамастан, зат пен оның атауы жайлы мәселе күні бүгінге дейін зерттеуді қажет ететін тақырып болып отыр.

Уәж - психологиялық ұғым. Адам санасының, түсінігінің ішіндегі біздің өміріміздің негізгі күйін, қалпын жасайтындардың бірі, адамдардың сыртқы әлеммен қатынасын қамтамасыз ететін күйдің бірі - сергектік, ширақтық (бодрствование) . Біздің организміміздің белсенді күйі уәжділікке және қабылдауға негізделген. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланыста.

Сыртқы ортаны сезіну, қабылдау - уәжділікпен байланысты. Ал уәжділік эмоцияға, сезімге қатысты. Эмоция мен уәжділікті тудыратын адамның нерв жүйелері бір-бірімен өте жақын орналасқан.

Этимологиялық жағынан эмоция мен уәжділік терминдері латынның «movers» (қозғалу, жүру) етістігінен шыққан. Психологтар адам іс-әрекетінің себебін ғылыми тұрғыдан түсіндіргенге дейін, ауызекі сөйлеу тілінде уәжділіктің әртүрлі қырларын ашатын терминдер пайда болды. Психологиялық сөздіктердегі мұндай терминнің бірі - мотивация (уәжділік) .

Уәжділік адам мінез-қүлқын анықтайтын факторлардың жиынтығы. Бұл ұғым іс-әрекет пен себептің анықталуын немесе ара қатынасын бейнелейді. Адамның барлық істеген қимылы, әрекеті белгілі бір мөлшерде уәжделген [20, 9 б. ] .

Уәжділік психофизиологиялық процестермен де тығыз байланысты. Объективті дүниені танып білу бірінен-бірі бөлінбейтін екі сатыдан тұрады:

  1. белгі берудің бірінші жүйесі;
  2. абстрактылы ойлау сатысы, яғни белгі берудің екінші жүйесі.

Қоршаған дүниеге қатысты біздің сезінулеріміз бен түсінігіміз біз үшін дүниенің бірінші белгі беруі болса, онда сөз екінші белгі беру болып шығады [21, 60 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және түрік әйел антропонимиясы
Фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы
Қазақ тілі мен әдебиеті
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі зат есімдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты
Адам есімдері концептісінің ассоциативтік–гендерлік құрамы
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)
Ағылшын-қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени аспектісі
Қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдердің ерекшеліктері
Соматикалық фразеологизмдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz