Қазақстан Республикасында туристік бизнесті ұйымдастыру



КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИСТІК БИЗНЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ БАЗАСЫ.
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ
2.1. Туризм инфрақұрылымы
2.2. Қазақстандық туристiк өнiмнiң маркетингi және iлгерiлеуi
2.3. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық
3. ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР
3.1 Қазақстан Республикасының туристік имиджін қалыптастыру шаралары.
3.2. Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007.2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
3.3 Халықаралық маңызы бар»"белсенді" жобаларды іске асыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАНАЛЫҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
Қазақстан егемендік алғалы бері дүние жүзілік нарықтан өз орнын алуға тырысады. Бұл жолда республика нарықтық экономикаға көшуі арқылы қиын бірақ дұрыс жолмен дамып келе жатыр. Мемлекеттің өзгеруімен онда тұратын адамдар да өзгерді, дамудың әр түрлі жолдарын іздеу үстінде.
Туризм елімізге шетелдік капиталды тарту үшін бірден бір сала ретінде белгілі. Туризм дүние жүзүлік экономикада бұрыннан бері маңызды рөл атқарады, ол жаппай ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін құрайды. Және осы туризм секторы өте тез дамып келе жатқан сектор болып саналады.
Соңғы жылдар туризм бизнестің тиімді түріне айналды. Дүние жүзінің жеті проценттей капиталын қолданады. Туризм тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін пайдалары арқылы мұнай мен автомобиль экспортынан түсетін пайдамен теңесті.
Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамыту үшін үлкен алғышарттары бар елдердің бірі. Олар:
1. тиімді геосаяси жағдай
2. саяси тұрақтылық, демократиялық өзгерістер, экономикалық реформалардың тиімді өткізілуі
3. дүниежүзілік туристік бизнестің халық тығыздығы аз және өзіндік мәдениет ерекшеліктері бар елдерге көп көңіл бөле бастауы
4. тарихи мәдени мұралардың әртүрлілігі
5. буддизм, христиандық, мұсылмандық ескерткіштер болуы, және олардың қажылық мақсатта қолданылуы
6. тарихи архетектуралық, қалалық және жолдардың болуы
7. мұражайлық, мәдени көріктік және ойын сауық мекемелері және фольклерлік этнографиялық халықтық ансамбльдер
8. флора мен фаунаның әртүрлілігі, климаттық және туристік зоналардың әртүрлілігі, бай табиғи ландшафтар және т.б
Іcкерлік туризм осы үлкен туризм инфраструктурасының бір бөлігі болғандықтан іскерлік туризмді зерртеу үшін бүкіл туризм жағдайын біліп алу жөн.
1. Биржанов М.Б. Индустрия туризма. М., 2001г
2. Вуколов В.Т. Международный туризм. М., 1986ж.
3. Гиляев В.Г. Новые информационные технологии в туризме. 1998г.
4. Гуляев В.Г. Правовое регулирование туристской деятельности. –М.:
Нолидж, 1998 год.
5. Жукова М.А. Индустрия туризма: менеджмент организации. 2003г
6. Зачиняев П.Н., Фалькович Н.С. География международного туризма. М.: Мысль, 1972 ж.
7. Золотая книга Алматы-2000. Алматы: Кайнар, 2000 ж.
8. Зорин И.В. Энциклопедия туризма. – М.: финансы и статистика, 2002
9. Ильина Е.Н. Основы туристской деятельности.- М.: Советский спорт, 2004;
10. Ильина Е.Н. Туризм – путешествия. Создание туристской фирмы Агентский бизнес. - М.: РМАТ, 1998;
11. Исмаев Д.К. Маркетинг иностранного туризма в Российской Федерации. Теория и практика деятельности туристских фирм. - М.: Академия, 2004;
12. Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма: Учебник – Мн.: Новое знание, 2002;
13. Кабушкин И.И. Менеджмент туризма. М., 2001г.
14. Квартальнос В.А., Романов А.А. Международный туризим: учебное пособие. М., 1998 ж.
15. Квартальнов В.А.. Туризм. М., 2001г.
16. Котлер Ф. Маркетинг: гостеприимство и туризм. М.,1998г.
17. Сенин В.С. Организация международного туризма. М., 2001г.
18. Сенин В.С.. Введение в туризм. М.,1993г.
19. Под ред. Чудновского. Гостиничный и туристический бизнес. 1999г
20. Янкевич. Маркетинг в гостиничной индустрии и туризме. 2003г.
21. Квартальнов В.А. Туризм. - М.: Финансы и статистика, 2002
22. Котлер Ф. Основы маркетинга: Пер. с англ. - М.: Ростинтэр, 1996;
23. Каурова А.Д. Организация сферы туризма. Учебное пособие.- М.: Герда, 2004;
24. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңы. №211, 2001ж.
25. Маринин М. М.. Туристские формальности и безопасность в туризме. - М.: Финансы и статистика, 2004;
26. Организация туризма: Учебное пособие/ А.П. Дурович. - М.: Новое знание, 2003;
27. Правила сертификации туристских услуг и услуг гостиниц. Утверждены Постановлением Госстандарта России от 14.10.94 г. N 18;
28. Руденко Л.Л. Международный туризм: правовые акты. - М.: Финансы и статистика, 2002;
29. Туризм и гостиничное хозяйство. Под ред. А.Д. Чудновского. - М.: Тандем, 2000;
30. Ушаков Д.С. Прикладной туроперейтинг. - Ростов-на-Дону: МарТ, 2003;
31. Чеботарь Ю.М. Туристский бизнес. - М.: Мир деловой книги, 1997
32. Черчилль Г.А. Маркетинговые исследования. – СПб.: Питер, 2001;

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан егемендік алғалы бері дүние жүзілік нарықтан өз орнын алуға
тырысады. Бұл жолда республика нарықтық экономикаға көшуі арқылы қиын бірақ
дұрыс жолмен дамып келе жатыр. Мемлекеттің өзгеруімен онда тұратын адамдар
да өзгерді, дамудың әр түрлі жолдарын іздеу үстінде.
Туризм елімізге шетелдік капиталды тарту үшін бірден бір сала ретінде
белгілі. Туризм дүние жүзүлік экономикада бұрыннан бері маңызды рөл
атқарады, ол жаппай ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін құрайды. Және осы
туризм секторы өте тез дамып келе жатқан сектор болып саналады.
Соңғы жылдар туризм бизнестің тиімді түріне айналды. Дүние жүзінің
жеті проценттей капиталын қолданады. Туризм тауарлар мен қызметтерді
сатудан түсетін пайдалары арқылы мұнай мен автомобиль экспортынан түсетін
пайдамен теңесті.
Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамыту үшін үлкен
алғышарттары бар елдердің бірі. Олар:
1. тиімді геосаяси жағдай
2. саяси тұрақтылық, демократиялық өзгерістер, экономикалық
реформалардың тиімді өткізілуі
3. дүниежүзілік туристік бизнестің халық тығыздығы аз және өзіндік
мәдениет ерекшеліктері бар елдерге көп көңіл бөле бастауы
4. тарихи мәдени мұралардың әртүрлілігі
5. буддизм, христиандық, мұсылмандық ескерткіштер болуы, және олардың
қажылық мақсатта қолданылуы
6. тарихи архетектуралық, қалалық және жолдардың болуы
7. мұражайлық, мәдени көріктік және ойын сауық мекемелері және
фольклерлік этнографиялық халықтық ансамбльдер
8. флора мен фаунаның әртүрлілігі, климаттық және туристік зоналардың
әртүрлілігі, бай табиғи ландшафтар және т.б
Іcкерлік туризм осы үлкен туризм инфраструктурасының бір бөлігі
болғандықтан іскерлік туризмді зерртеу үшін бүкіл туризм жағдайын біліп алу
жөн.
Туризм шаруашылығының дамуымен іскерлік туризм дамуы өтее тығыз
байланысты. Және айта кететін жай, іскерлік туризмнің ел экономикасымен
байланыстылығы. Экономиканың дамуы , халықаралық арақатынастрмен және оның
ұлғаюымен байланысты. Сондықтан бұл диплом жұмысында іскерлік туризмге ең
басты әсер ететін үш факторға мән беруді жөн көрдім . Олар :
1. елдегі туризмнің жағдайы мен дамуы
2. ел экономикасының дамуы мен тенденциялары
3. Қ.Р. саяси жағдайы мен саяси бағыты
Соңғы кездері халықаралық туризмде іскерлік туризм мәнді орын алып
жатқаны байқалады. Туризм тез дамып келе жатқан шаруашылық саласы болып
саналады. Оны кейде жиырмасыншы ғасыр феномені деп те атайды.
Іскерлік туризм дамыған елдерде перпективті және пайдалы бизнес
түріне айналған баяғыда мойындалған. Мысалы, АҚШ та іскерлік туризм 100 жыл
бұрын, Еуропада 50-ші жылдары пайда бола бастады.
Іскерлік туризм жайлы белгілі бір түсінік жоқ. Біреулердің айтуы
бойынша іскерлік туризм бұл көрмелерге, конференцияларға және басқа да
осындай шараларға саяхат жасайтын туризм түрі деп белгілейді. Бірақ біз тек
қана осындай мақсаттағы саяхаттарды іскерлік туризм дей алмаймыз. Өйткені
бір елге дамыған немесе дамып келе жатқан ел болсын, осы елдерге көптеген
адамдар белгілі бір экономикалық мақсатпен келеді. Ол болуы мүмкін
инвесторлар жиналысы, акционерлер жиналысы, еншілес компаниаларына
қызметтік сапарлар, келіссөздер өткізу үшін келген бизнесмендер, мамандар
дайындау үшін келген жұмысшылыр, т.б. қызметтік мақсаттағы саяхатшылар
келуі мүмкін. Міне осы адамдар келген елінде белгілі бір жерге орналасады,
көлік қызметін қолданады, тамақтану орындарын қолданады, бос уақыттарын сол
елмен танысуға жұмсауға немесе тағы басқа мақсаттарға байланысты
ұйымдастырады. Міне осыдан келіп біз осы саяхатты туризммен
байланыстыруымызға болады. Және де осы диплом жұмысын іскерлік туризм түрін
айқындауға бағытталады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИСТІК БИЗНЕСТІ
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ БАЗАСЫ.

Осы жұмысты заңнамалық жүйемен танысудан бастауымның себебі кез
келген шаруашылық түрімен айналысу алдында сол шаруашылықтың ережелері мен
үкімет шығарған заңмен танысу қажет. Сол саладағы тәртіпті, стандарттарды,
ұйымдастыру ережелерімен танысып алу керек. Туризм де шаруышылықтың бір
түрі болғандықтан үкімет оған қатысты заңдар шығарады. Бірақ туризм басқа
салалардан ерекшеленеді. Өзіндік спецификаға ие сала түрі
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Констетуциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикасы салаларының бірі
ретінде туристік қызметтің құқықтық , экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық
негіздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңы 5 тараудан,
және 29 баптан тұрады. Бірінші таруда Негізгі ережелер жазылған. Онда
қазіргі туристік бизнесте қолданылытын негізгі түсініктерге тоқталады. Осы
шаруашылықтың субъектісі мен объектілері анықталады.
1. Туристік қызмет субъектілеріне: туристік операторлар
(туроператорлар); туристік агенттер (турагенттер); гидтер (гид
аудармашылар) туризм нұсқаушылары, экскурсаводтар; туристер және олардың
бірлестіктері; экскурсанттар; туристтік қызмет саласындағы өзге де
бірлестіктер; туристік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін
мемлекеттік органдар;
2. Туристік қызмет объектілері : табиғи объектілер және табиғи
климаттық аймақтар, көрікті орындар, тарихи және әлеуметтік мәдени көрсету
объектілері және саяхат кезінде туристердің қажеттерін қанағаттандыра
алатын өзге де объектілер.

Ары қарай заң туристік ресурстар мен туристік индустрияға түсініктеме
береді.
1. Туристік индустрия- туристерді орналастыру құралдарының, көліктің,
қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын сауық объектілері мен
құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық, және өзге де
мақсаттағы объектілердің, туристтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың,
сондай ақ экскурсиялық қызмет және гидтер қызметін көрсететін ұйымдардың
жиынтығы.
2. Туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлері: турлар ұсыну
жөніндегі қызмет көрсету; тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;
тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету; ақпараттық, жарнамалық қызмет
көрсету; көлік қызметін көрсету; ойын сауық; өзге де туристік қызмет
көрсетулер;
Қазақстан Республикасысының туристңк ресурстарының классификациясы
мен оларға баға беру, оларды қолдану , сақтау, және қалпына келтіру
шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
6-шы бапта туризмнің ұйымдық нысандары мен түрлері қарастырылады.
1. Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып
танылады.
2. Халықаралық туризм:
1) келу туризмі- Қазақстан Республикасысының аумағында тұрақты
тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхаты;
2) шығу туризмі- Қазақстан Республикасысының азаматтары мен
Қазақстан Республикасысындағы тұрақты тұратын адамдардың басқа елге
саяхатын қамтиды;
3. Ішкі туризм- Қазақстан Республикасысының азаматтары мен оның
аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасысының шегіндегі
саяхаты;
4. Туризмнің түрлері - әлеуметтік, экологиялық, шытырман оқиғалы,
спорттық, іскерлік, конгрестік, емдеу сауықтыру, мәдени танымдық, діни және
басқа туризм.
Заңның екінші тарауы туристік қызметті мемлекеттік реттеу
қарастырады. 8- ші бапта туристік қызметті мемлекеттік реттеудің
принциптері белгіленеді.
1) туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы
жағдайлар жасау;
2) туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;
3) Қазақстан Республикасысы туралы туризм үшін қолайлы ел деген
түсінікті қалыптастыру;
4) Қазақстан Республикасының туристері мен туристік ұйымдарының және
олардың бірлестіктерінің қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету,
сондай ақ олардың мүдделері мен мүлкін қорғау.
9-шы бап туристік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаттары, басым
бағыттары және тәсілдері
1) азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп тұру
2) қоршаған ораны қорғау;
3) туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтруға бағытталған
қызмет үшін жағдайлар жасау;
4) саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттерін қамтамасыз ететін
туристік индустрияны дамыту;
5) туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру,
мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;
6) халықаралық туристік байланыстарды дамыту болып табылады;
2. Туристік қызметтерді мемлекеттік реттеудің басым бағыттары:
1) туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабелді
саласы ретінде қалыптастыру;
2)туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мүдделерін ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау
3) балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектер мен халықтың
күнкөрісі төмен топтардың арасында туристік және экскурсиялық жұмысты
ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;
4) туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
5) Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмімен және ішкі
туризммен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;
6) ішкі және халықаралық туризм қажеттерін қамтамасыз ету үшін
туристік қызметтің тиімді жүйесін құру болып табылады;
3. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу:
1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі
саясатты айқындау;
2) туристік қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туристік қызметті
лицензиялау туристік индустрияның қызмет көрсетулерін стандарттау және
сертификаттау;
4) бюджеттік заңдарға сәйкес туризмді дамытудың мемлекеттік
бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;
5) туристік қызметті кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және
олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына
жәрдемдесу;
7) ішкі және дүниежүзілік туристік рыноктарда туристік өнімді ұсынуға
жәрдемдесу;
8) елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, есепке
алу мен қорғауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
10-шы бап Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіреті
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасын әзірлейді және оның бюджет заңдарына сәйкес орындалуын
қаржыландырады;
2) туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік
құқықтық актілерді қабылдайды;
3) туристік қызметті лицензиялау ережелерін және туристік қызметке
қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
4) туристер аралауға тыйым салынған объектілер мен аумақтарды
белгілейді;
5) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты
айқындайды;
6) туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік
жүйесін құрады;
7) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актлерімен
өзінің құзіретіне жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді;
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ

2.1. Туризм инфрақұрылымы

Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе
облыстарында сырттан келушiлер туризмiнiң барынша кең көлемi байқалады, бұл
ретте iскерлiк туризм басым. Көрсетiлген қалаларда, сондай-ақ Алматы,
Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында неғұрлым
сыртқа шығушылар туризмi дамыған.
Iшкi туризмнiң барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс
Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Ақмола облыстарында байқалады.
Тұтастай алғанда, республика бойынша туризмнiң барлық түрлерiнен
барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан,
Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетiлген (5-
қосымша). Бұл өңiрлердегi туристердiң сапар мақсаты негiзiнен iскерлiк және
кәсiби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай-ақ шоп-турлар
болып табылады.
2001 жылдан бастап, жергiлiктi атқарушы органдар саланы дамытуға
қажеттi қаржылай қаражатты бөлiп келедi, алайда, талдау көрсеткенiндей,
облыстардағы туристiк индустрияның дамуын тежеушi факторлардың бiрi
жергiлiктi атқарушы органдардың экономикалық өсiмдi қамтамасыз ететiн
басымдықтардың бiрi ретiнде аталған салаға жеткiлiксiз назар аударуы болып
табылады. Айталық, туризмдi дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған өңiрлiк
және республикалық бағдарламасын iске асыруға Солтүстiк Қазақстан облысында
жыл сайын орта есеппен 400 мың, ал 2006 жылға - 329 мың теңге, Павлодар
облысында жыл сайын - 500 мың теңгеден және Қостанай облысында - 1,5 млн.
теңге шегiнде бөлiндi. 
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2005
жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристiк объект болды, оның
iшiнде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-
профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4
пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйi, 24 туристiк база, 35
сауықтыру лагерi, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1
балалар мен жасөспiрiмдер туризмi орталығы, 7 сауықтыру кешенi, 6 мұражай,
2 кесене, 1 туризм жөнiндегi мемлекеттiк кәсiпорын және басқалары (клубтар,
қолөнершiлер қалашықтары) – 5.
2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының
340-ы жеке меншiк нысанында, 22-сi мемлекет меншiгiнде және 23-i басқа
мемлекеттердiң меншiгiнде болды.
Қазақстан туризмі дамуы үшін туристік ресурстар да маңызды орын
алады. Туристік ресурстарды тарихи, мәдени, әлеуметтік және экономикалық
деп қарастыруға болады. Еліміз тарихи және мәдени ресурстарына бай (кесте
1).
Кесте 1. Қазақстан Республикасындағы тарихи және мәдени ресурстары
[автордан]

Аталуы Археологиялық ескерткіштер Архитектуралық ескерткіштер
Ескерткіштер мен монументтер Еске алу орындары Мұражай, галерея, көрме
залдары Петроглифтер Театр, филармания, мәдениет сарайлары Стадион,
Спорттық жабдыхтар Храм, собор, мешіт Этнографиялық орталықтар Қолөнер
орталығы Барлығы Қ.Р. 248 95 107 85 187 29 117 77 159 37 32
1404
Елде үш, төрт және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс iстейдi, қалған
қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.
Республика бойынша туристердi орналастыру объектiлерiн пайдалануда
түскен кiрiс 2005 жылы 21156 млн. теңгенi құрады, аталған кәсiпорындар
көрсеткен қызмет көлемi 17737,5 млн. теңге, оның iшiнде - мейрамханалары
бар қонақ үйлер - 15927,0 млн. теңге, мейрамханаларсыз қонақ үйлер - 1533,3
млн. теңге, жастар жатақханалары мен таудағы туристiк базалар - 57,7 млн.
теңге; кемпингтер, мотельдер, автофургондар мен автотiркемелердi қоюға
арналған тұрақтарда көрсетiлетiн қызметтi қоса алғанда - 0,7 млн. теңге,
қалған орналастыру объектiлерi - 218,8 млн. теңгенi құраған (6-қосымша).
Мамандандырылған орналастыру орындарында: 106 санаторий, пансионат,
санаторий-профилакторийде 2005 жылы емдеу-сауықтыру қызмет көрсетулерiн
257,4 мың адам пайдаланған, 13 демалыс базасы мен үйiнде, пансионаттарда
32686 адам демалған. Неғұрлым танымал емдеу орындарына "Сарыағаш" (ОҚО),
Арасан-Қапал (Алматы облысы), "Мойылды", "Баянауыл" (Павлодар облысы),
"Жаңақорған" (Қызылорда облысы), Щучье-Бурабай аймағы (Ақмола облысы),
"Каспий" (Маңғыстау облысы) және басқалары жатады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2003
жылы туризм объектiлерiнiң негiзгi жаңа құралдарына 29591,8 млн. теңге,
2004 жылы 37895,2 млн. теңге, 2005 жылы 33994,3 млн. теңге инвестиция
бөлiнген. Бұл туризм саласына инвестиция тартудың оң үрдiстерiне куә
болады, алайда қабылданып отырған шаралар инфрақұрылымды дамытуға және
туристiк индустрияны инвестициялауды ынталандыруға анық жеткiлiксiз. Талдау
көрсеткенiндей, елдiң инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың
жалпы сомасынан туристiк ұйымдардың қызметiн жүзеге асыруға 2003 жылы тек
139 млн. теңге, 2004 жылы 242 млн. теңге және 2005 жылы 48,3 млн. теңге
тартылған.
Туристiк қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына
шекараның арғы жағынан келген туристер сапары iскерлiк мақсатта болатынын
(iскерлiк туризм) және олар сапалы әрi қызмет көрсетулердiң толық жиынтығын
ұсынатын қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсеттi. Елдiң iскерлiк
орталықтары - iрi қалалардағы халықаралық деңгейдегi қонақ үйлер желiсiнiң
одан әрi дамуы дәл осы iскерлiк туризмге байланысты болады.
Алайда, қонақ үйлердi, пансионаттарды, демалыс үйлерi мен базаларын
қоса алғанда, орналастыру объектiлерiнiң материалдық базасы, сондай-ақ
санаторийлiк-курорттық мекемелер моральдық және физикалық тұрғыдан тозудың
жоғары шегiне жетуiмен сипатталады.
Халықаралық туризмдi дамытуға ықпал етушi негiзгi факторлардың бiрi
жолаушыларды авиатасымалдау болып табылады. Қазiргi уақытта республикаға
алыс шетелдiң алты авиакомпаниясы ("КLМ", "Lufthansa", "British Airlinees",
"Asiana Air Arabia", "Сhiпа South Airlines", "Turkish Аirlinеs") тұрақты
ұшып тұрады. Ұлттық авиатасымалдаушы "Эйр Астана" Түркия, Германия, Қытай,
Оңтүстiк Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндiстан, БАӘ, Нидерландыға тұрақты
рейстер жасайды.
Қазiргi уақытта Қазақстанның халықаралық авиатасымалдарға қол жеткiзе
алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай,
Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар.
Статистикалық деректерге сәйкес 2005 жылы әуе көлiгi қызмет
көрсетулерiн 248578 турист (57,1 процент) пайдаланған.
Соңғы жылдары темiр жол көлiгi билет құнының қолжетiмдiлiгiне
байланысты республика халқының негiзгi жол жүру құралына айналды.
Статистика деректерi бойынша, 2005 жылы темiр жол көлiгiн 87615
турист (10,27 процент) пайдаланған.
Қазақстан аумағы бойынша өзiмiзде жасақталған 132 бағдар жолаушылар
поезы жүрiп өтедi. Оның iшiнде қала маңындық қатынаста 69 бағдар бойынша;
жергiлiктi қатынаста - 49, мемлекетаралық қатынаста - 11, халықаралық
қатынаста - 3 поезд жүредi. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағы 
арқылы ТМД елдерiнде жасақталған 17 жолаушылар поезы бағдары өтедi
Жолаушыларға темiр жол көлiгiнде сервистiк қызмет көрсету деңгейiн
арттыру мақсатында бiрқатар iс-шаралар көзделген: Қазақстан Республикасы
аумағында да, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында да жолаушылар
поезында жолаушылар үшiн ланч-бокстар құрудың технологиялық процесiнiң
жобасы қарастырылуда, "ЖВ купе", "РИЦ купе" санатындағы вагондардың
жолаушылары үшiн безендiрiлiп, мамандандырылған ақпараттық буклет шығару
бағдарламасының жобасы әзiрлендi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N
1809 қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы
автомобиль жолдары тiзбесiне iрi туристiк oбъектiлерге апаратын және
туризмдi одан әрi дамытуда барынша қызығушылық тудыратын мынадай жолдар
енгiзiлуiне байланысты соңғы жылдары туристiк мақсатта автокөлiк белсендi
түрде пайдаланылып жүр:
1.Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас;
2.Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;
3.Алматы – Қарағанды -Астана - Петропавл;
4.Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркiменстан шекарасы;
5. Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай;
6. Астана - Қостанай - Челябi - Екатеринбург.
Статистика деректерi бойынша 2005 жылы қалааралық автобустардың
қызмет көрсетулерiн 87615 (20,1 процент) турист, басқа да құрлықтағы жол
құралдарын 53765 (12,36 процент) турист пайдаланған.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық маңыздағы жалпы
пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойындағы бөлiнген жолақта мынадай
объектiлер жұмыс iстейдi: 925 - АМС, 108-ТҚС, 62 - қонақ үй, 1124 -
тамақтану және сауда орындары, 61 - автотұрақ. 
Каспий теңiзiндегi Ақтау порты Қазақстанды Ресей,  Түркiменстан,
Әзiрбайжан және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан Республикасында
Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен iшкi су жолдары
бойынша қатынастар бар.
Шығыс Қазақстандық су жол дары республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорны жолаушылар тасымалдауға лицензиясы бар және туристiк қызметке
кiрiктiрiлген кемелер yшiн Өскемен мен Бұқтырма шлюздерi арқылы шлюздеу
құнының 25 процентi мөлшерiнде жеңiлдетiлген тариф белгiледi. Бұл ретте
Өскемен және Бұқтырма шлюздерi арқылы aз мөлшерлi флотты шлюздеу ұзындығы
10 м. дейiнгi кеменi - шлюздеу құнының - 10%-iмен және 10 метрден ұзын
кеменi - шлюздеу құнының 20%-iмен жеңiлдетiлген тариф бойынша белгiленген
кестемен жүргiзiледi. Статдеректерге сәйкес 2005 жылы аталған кәсiпорын 276
туристке қызмет көрсеткен.
Қазақстан Респуликасында үлкен қала агломирациялары онша көп емес.
Туризмнің басқа түрлерінің орталықтары көп болғанымен іскерлік туризмнің
спецификасына байланысты керекті инфраструкрураның болуы тиіс. Біздің
мемлекетте ірі іскерлік орталықтары санаулы десек те болады. Олардың
қатарына Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе қалаларын айтсақ болады.
Біз аймақтардан Алматы қаласының, Астананың және Ақтөбе облыстарының
іскерлік туризм жағдайларын қарастырамыз.
Қазақстан әр облысы өзінше ерекше. Әр аймақта туризм әр түрлі
деңгейде дамыған. Бұл аймақ туристік инфрақұрылымы мен орналасқан
объекттерге қарай байланысты болады (сурет 1)
Сурет 1. Қазақстан облыстары бойынша экономикалық әлеуметтік
ресурстарының шоғырлануы [автордан]

Алматы қаласы ірі қаржы орталығы, ең ірі агломерациясы, және
мемлекеттегі қонақ үйлердің 80% і осы қалада орналасқан. Осы себептен де
іскерлік туризм дамуына үлкен мүмкіншіліктері көп десек.
Болашақта алматы қаласы орта Азиядағы ірі қаржы орталықтарына айналу
мүмкіндігі жоғары. Осындай үлкен экономикалық потенциал шетелдік
компаниялар мен инвесторларды тартуда. Және сонымен қатар Алматы қаласының
географиялық орналасуы мен рекреациялық ресурстары туризм дамуына өте
қолайлы. Медеу, Шымбұлақ, Шарын, әсем тау бөктерлері, осының барлығы
туристерді тартуда. Сонымен қатар Алматыда ірі көрме оралықтары да бар, жыл
сайын қалада 50 шақты көрме өткізіледі
Қазақстанның жоғалтып алған секторы – туризм. Экономиканың осы
саласын дамыта алмай жатқанымыз аян. Туризм кластерін құрамыз дегенімізбен,
әлі күнге дейін нақты мардымды ештеңе жоқ. Жібек жолы бағдарламасы,
экотуризм, мәдени-танымдық және іскерлік туризм түрлерін дамыту ойда бар.
Нақты жасалып жатқан іс жоқтың қасы. Авиа компания тасымал саласына
жатады, ал адамдар оны туризмге апарып, қосып қояды. Келетін туристер
болса, тасуға дайын екендігін білдірген ол, өткен жылы компанияның 1,2 млн
шет елден жолаушы тасымалдағанын, оның 1 пайызы ғана туристер болғанын
айтты. Бұл тым аз. Және аталған компания республика ішінде 27 пунктке рейс
жасайды екен. Олардың арасында да жергілікті туристік орындарға бара
жатқан жолаушылар жоқ. Студенттер, туыстарына бара жатқан жолаушылар ғана.
Сурет 2. 2005 жылғы Қазақстандағы шығу туризм көрсеткіші [автордан]
Біздің елдегі туристік компаниялардың көпшілігі шығу туризмімен
жұмыс. Әрине, бұл туризм түрі қысқа мерзімде көп табыс әкеледі, ал жалпы
алғанда бұл мемлекет үшін тиімсіз. Өйткені мемлекет ақшасы басқа мемлекетке
кетуде деген сөз. Басқа елге барған турист, сол елдегі қызметтерді
пайдаланады және оған ақша төлейді. Ал кіру туризмімен аз ғана мекеме
айналысады. Және айналысқанның өзінде жергілікті әкімшіліктердің
түсінбеушіліктерімен кезігуде. Бұл осы саланың дамуына кері әсер етуші.
Осы кіру туризмінің дамытушы локомативі ретінде іскерлік туризмнен
бастауға болады. Конференцияларға, форумдарға келген адамдар біздің елдің
көрікті, қызықты жерлерімен танысады, қалаларымыздың көркемдігін көріп,
келесі бір кезде өз жанұясымен, достарымен қыдырып келуі мүмкін, және басқа
да адамдарға осы ел жайлы хабар таратады. Бұл дегеніміз үлкен жарнама.
Сонымен қатар статистикалық мәліметтерге сүиенсек, осы іскер турист елде
мың долларға дейін тастап кетеді екен. Әлемде іскерлік туризм жыл сайын
қарқын алып келе жатыр. Мысалы : АҚШ та 5%, еуропа елдерінде 5-6 % ке,
Ресейде 10% ке өсуде. Ал Қазақстанда іскерлік туризм даму жөнінен соңғы
орында Оның алдында экологиялық және мәдени танымдық туризм тұр.
Алматыда іскерлік туризмді дамыту үшін үлкен конгресс орталық салу
қажет. Ол әр түрлі халықаралық іскерлік іс шаралар өткізілуі тиіс. Сол
конгресс орталықта конференциялар, семинарлар, форумдар және тағы басқа
шаралар өткізіледі. Мысалы: Лондонда 5 конгресс хол бар, оңт. Африкада 15
жыл бұрын бірде бір болмаған ал қазір олардың саны үшеуге жетті.
Қазір Алматыда іскер туристерді бес жұлдызды қонақ үйлерде күтуде.
Олар Анкара мен Хаят. Бірақ бұл қонақ үйлердің залдары аса көп қонақтарды
қабылдай алмайды. Ол залдардың сыйымдылығы бес жүздік қана. Шындығында орта
азия елдерінде қазіргі таңда бір де бір конгресс хол жоқ. Егер Алматы
бірінші болып осы орталықты салатын болса, бұдан іскерлік туризм жағдайы
әлде қайда ілгері басатын еді. Және әр түрлі халық аралық шараларды
Алматыға тартуға мүмкіндік туады. Бұл үшін үкімет белгілеген Алматы
қаласының туризм кластерінің дамыту туралы қаулысында көрсетілгендей
конгресс орталық үшін жер берілуі тиіс. Ал қала әкімшілігі жер жоқ деуде.
Дегенмен, қазіргі таңда Қазақстанда туризм дамуында біраз жетістіктер бар.
Кіру визаларын алу оңайлатылды, уақытша алу үшін үлкен кезекте тұрудың
қажеті жоқ. Шекара бекеттерінде кірушілерді тіркеу пунктері ашылды. Бірақ
әлі де туризм кластерін құру мен дамытуда біраз қиыншылықтар мен кедергілер
бар. Солардың бірі ірі халықаралық әуе транспорт рейстерін Алматыдан
Астанаға ауыстыру. Бұл дегеніміз Алматыдағы туризм дамуына кері әсер
тигізеді. Көптеген шетелдік туристер Алматыға жету үшін Амстердамда,
Франкфуртта, Стамбулда ұша ауыстыруға тиіс. Нәтижесінде Алматы көптеген
пайдадан айырылады. Туристік салада жұмыс істейтін отыз екі мекемедегі
көптеген жұмыс орны жоғалады. Қазақстанмен бәсекелес Қырғыстан бұл жағдайды
өз мақсаттарына пайдаланып , Қазақстанды әлемдік туристік нарықтан
біржолата айыруға тырысады. Жүздеген алматылақтар үшін демалу немесе
іскерлік мақсатпен басқа елге бару үшін әуе билетінің 3040 % ке дейін
қымбаттайды. Төрт адамнан тұратын жанұялар үшін бұл өте ауыр тиеді.
Нәтижесінде Қазақстанның солтүстік аймақтарында тұратын халық ресей әуе
қатынасын, оңтүстік аймақтағылар Бішкек пен Ташкент әуе қатынасына ауысып
кетуі мүмкін. Біздің қолымызда тұрған қаржы көршілес мемлекеттер
экономикасына кетуі мүмкін. Ал үлкен әуе тасымалдаушы компаниялар болса,
алматыға ұшудың пайдасыздығына байланысты Қазақстанға сапарларын біржолата
үзуі мүмкін. Ал бүкіл әлемдік әуе байланынан үзіліп қалудың қауіпі, одан
келетін саяси, экономикалық кері әсерлері айдан анық. Бұл мәселені үкімет
дәрежесінде қайта, және бұл мәселе жөнінде альтернативті шешімдер қабылдау
қажет. Астанаға қосымша рейстер ашу сияқты.
Астана еліміздің астанасы, әкімшілік орталық болып есептеледі.
Астанаға көптеген елден саяси мақсатпен келетін қонақтар көп, тек қана
басқа елден емес Республиканың басқа да облстарынан бизнесмендер,
кәсіпкерлер, әкімдер келеді. Осы себептен де астананың ең алдымен іскерлік
туризм потенциалы жоғары болып саналады. Өзге елдермен туризм төңірегіндегі
іскерлік байланысты берік орнықтыру тұрғысында соңғы уақытта мемлекет
тарапынан бірқатар маңызды істерге баса назар аударылуда. Әсіресе,
елорданың еліміздің басты туризм орталығы ретіндегі бет-бейнесін
қалыптастыруда түрлі іскерлік қарым-қатынастың әр тарапта жандана бастауы,
көп нәрсені аңғартатындай. Мемлекеттің негізгі табыс көзі саналатын туризм
ісінің жедел түрде дами түскені соншалық, оның қажетті тетіктерін жүйелі
түрде іске қосу мәселесі бүгінде мамандардың алдында өткір қойылып отыр.
Алдыңғы жылдармен салыстыра қарайтын болсақ, бұл саладан құйылатын қаржы
көлемі жыл санап арта түскендіктен, жаңа орталықтардың ашылуы уақыт
талабына сай келуде. Егер, өткен 2005 жылы елордада бірде-бір жаңа туристік
фирма ашылмай келсе, осы жылы ол олқылық жойылып, бірден 16 туристік
орталық іске қосылып үлгерді. Яғни, бұл Астанадағы туристік фирмалар
санының 31 пайызға өскендігін көрсетеді.
Еліміздің әлемдік кеңістіктегі белсенді саяси рөлінің артуы Астананы,
ондағы туризм саласын дамытуға жаңа серпін бере бастағандай. Демек, қазіргі
уақытта өзге елдердің елордаға Еуразия кеңістігіндегі қанатын кеңге жая
бастаған рухани, мәдени, іскерлік орталық ретінде көз қадауы – ондағы түрлі
саланың, әсіресе, туризмнің өрісін кеңейте түсуге ықпал етуде. Егер,
іскерлік туризм елорданың өзге мемлекеттер арасындағы саяси беделін
қалыптастыруға барынша қозғау салса, ондағы экотуризмді дамыту да өз
кезегінде шетелден туристердің бізге көптеп ағылуына жол ашуда. Сондықтан
болар, экотуризмді ретті түрде бір жүйеге келтіру үшін бірінші кезекте
Бурабай, Зеренді, Қорғалжын секілді ерекше әсем табиғаты бар, сырттан
келген туристер үшін қолайлы демалыс орны саналатын осындай жерлерге
арналып, кейінгі кезде сан түрлі бағыттағы жобалар жасалына бастады.
Мәселен, осы жылдың мамыр айынан бастап, дүниежүзілік Еуразия қорының
басшылық етуімен экотуризмді дамыту бағдарламасы іске асырылған болатын.
Бұл бағдарлама мамандардың пікірінше, туризмнің әлемдік тәжірибесі
көрсеткендей, туристік фирмалардың қызметін жаңа заманға сай толықтай
жандандыруға мүмкіндік бермек.
Күн санап көркейіп, жаңа кейіпке еніп келе жатқан елорданың туристік
кластерін дамыту бағытында жыл сайын тәжірибелі шетелдік мамандармен
бірлескен жобалар жиі қолдау таба бастады. Бұл бағдарламалардың барлығының
көздеген бір ғана мақсаты – ол туристік сектордың бәсекеге қабілеттілігін
барынша дамыту және елорда экономикасында туризмнің үлес-салмағын арттыру
болып отыр. Ол үшін мемлекет тарапынан қаржы жағынан қамтамасыз ету басты
назарда тұр. Мәселен, елордадағы туризм саласын дамыту бағытында 2006-2008
жылдар аралығын қамтитын бағдарламаны жүзеге асыруда осы мәселе назардан
тыс қалмаған көрінеді. Егер, осы жылы жергілікті бюджеттен 46370 мың теңге
бөлінсе, 2007 жылы 46215,6 мың теңге қарастырылатын болады. Ал 2008 жылы
бұл көрсеткіш 50515 мыңға көтерілмекші. Бұл дегеніңіз, осы тектес
бағдарламалардың болашақта да қаржы жағынан қолдау табатындығын айғақтай
түседі.
Егер, аталмыш бағдарламада көзделген мақсаттарға қол жеткізілетін
болса, Астананы туристік имиджі берік орныққан орталық ретінде дүниежүзіне
танытуда біршама мүмкіндіктерге қол жеткізілер еді: яғни, экономиканың
туристік секторын бәсекелестік деңгейге жеткізу, туристік кластердің
негізін қалыптастыру, туризмнің ЖІӨ-дегі үлесін арттыру, тәжірибелі сала
мамандарын көптеп даярлап шығару, т.б.
Бұған қоса, туристік имиджді көтеруде Астананың түрлі халықаралық
көрмелерге қатысуы да өз кезегінде отандық мамандардың тәжірибесін
жетілдіре түсіп, өзге әріптестермен бәсекелестікте жұмыс істеуге жол ашатын
болады. Отандық мамандар осы орайда Астананы ТМД елдеріндегі туристік
саласы түрлі тарапта және түрлі бағытта дамып келе жатқан ең жас қала
ретінде Мадрид (FІTUR), Берлин (ІTB), Мәскеу (MІTT), Лондон (WІM), Алматы
(KІTF) сияқты қалаларда өткен халықаралық көрмелерде жан-жақты
таныстырылды. Биылғы жылы тіркелген 16 жаңа туристік фирмалардың көбі
осындай іс-жобалардың қолға алынуы негізінде өздерінің қызметін қазіргі
заманға сай атқаруда. Келешекте де мамандар осы бағыттағы бірқатар
жобаларды көптеп жүзеге асыра бермек ниетте.
Әрине, әлдебір көңіл аңсарын аулаған тұста көкейге әу бастан қонымды
ұялаған сөз төркіні өзіндік мән-мазмұнымен ойды билеп ала жөнелмейтін бе
еді. Соның кебі келді. Ынтызарлық оянды, сана сарапшылдық міндетіне
кірісті. “Әлемдік бизнестің, іскерлік туризмнің, халықаралық маңызы бар
ғылыми және мәдени шаралар өткізудің тартымды орнына айналдыру үшін қаланың
беделдік бейнесін көтере беруге баса көңіл бөлу керек”. қазірдің өзінде
елорда төрткүл дүниенің назарын аударуымен де ерекшеленген. Жоғарыдағы
талаптың біразы мақсатты түрде жүзеге асып жатқандай. Таратып көрсек,
әлемдік бизнес мұнда асырып айтқандық емес, ағылып жатыр. Мысал десеңіз:
жаңа қала аймағындағы бірнеше әлемдік үлгідегі нысандар ше? Басқасын жіктеп
жатпаса да болады. Ал халықаралық шаралардың ұйымдастырылып, өтуінен де
кенде емеспіз. Соңғы төбелі де мәртебелі жиын әлемдік дін жетекшілерінің
сындарлы басқосуы еді ғой. Осындай ілгерілеу үрдісі Елбасы талап етіп
отырған – шаһардың беделдік бейнесін көтеруге жәрдемдесері сөзсіз еді. Осы
беделдік бейнеге қызмет ететін тағы бір тұжырым іскерлік туризмді жақсы
жолға қоюмен тікелей сабақтасып жатады.
Жайлы жатын-орынсыз не береке болмақ? Басты талаптың бірі осыған
тіреледі. Қазақстанда қонақ үйдің қандай қиындығы болуы мүмкін деушілер
табылар. Істеп тұрғандары бар, салынып жатқандары бар. Орын тапшылығы
болмайтындай күйде бәрі. Бірақ бұл сезім шынайы шындық пердесін аша
алмайтыны анық. Жедел өсіп жатқан қалаларда қонақ үйлер жүйесі де шапшаң
қарқынмен дамуы қажеттігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай олқылықтардан
қонақтардың кей ретте өз мүмкіндігіне сайма-сай орналаса алмау фактілері де
кездеседі. Бүгіндері қонақ үй нөмірлерінің жалпы саны 1529 болса, оларға
бір кезектегі сыйымдылық деңгейі 2530 адам екен. Ал ірі халықаралық
жиындардың кезінде қалаға 4 мыңға жуық адам келетінін ескерсек, осынау
салыстырмалы саннан біраз проблеманың басы қылтиятыны сезіледі. Сондай
қысылтаяң шақтарда бір қонақ үйлік кереует-орынға 2 мейманнан қисаятынын
болжауға болады. Бұл енді өз атымен атасақ, үлкен кемшілік. Және де Астана
имиджіне көлеңке түсіретін олқылық. Турист назарынан мейрамханалар мен
кафелердің жұмысы да қағаберіс қалмасы анық. Бүгінде Астанада олардың саны
572 бірлікті құрайды. Үстіміздегі жылдың тоғыз айында бұл сала бизнесі 60
пайызға жуық өскен. Тиісінше баға индексі 23,8 пайыз артыпты. Өкінішке
қарай, бұдан көрсетілетін қызметтің сапасы жақсарды деуге болмайды. Осы
жағын ескерген әкімдік қаладағы 1,5 мыңдай қоғамдық тамақтандыру
орындарының қызметкерлері арасында тақырыптық конкурстар мен семинарлар
өткізуді жоспарлап отыр. Шыңдала бергеннен береке кірері анық қой. Астана
былайғы көзге барлық ішкі-сыртқы сипатын әп дегеннен жарқырата ұсынбай,
мөлдірсіздіктен адаланып, тұйықтала түссе, оған ешкімнің зауқы соқпайтыны
аян. Егер ірі-ірі базарларда Батыс пен Шығыста көзіқарақты болған әлемдік
брэндтер алдан шығып жатса, әрине, имидждік тұрғыдан шетелдік қонақтарды
зор әсерге бөлер еді. Осындайда жұртшылықтың қаладағы көптеген ғимараттар
атауының өзге тілде “былдырлауына” деген наразылығына түсіністікпен қарай
отырып, оларды жаппай өзгерткен жағдайда туристер түсінігі мен
қызығушылығына солғындық сызатын салмай ма деген пікірлер де айтылып
жүргенін жасыруға болмайды. Ал дейік, “Мак-Дональдс”, “Пицца-Хат”, “Суши-
бар” деп аталатын брэндтік жазуларды өзгерткен екенбіз, одан ең алдымен
шаһарымыздың инвестициялық тартымдылығына нұқсан келетінін де ойлағанымыз
абзал. Қала жетекшілерінің пайымынша, мысалы, бүкіләлемдік белгі құлаққа
сіңімді атау “Рамсторды”, айталық, шартты түрдегі “Аламанға” қазіргі латын
әрпінен кириллицалық нұсқасымен жазар болсақ, бұл бір жағынан тауар
маркасына деген авторлық құқықты өрескел бұзушылық ретінде қарастырылатынын
ұмытпағанымыз жөн-ау. Сондықтан кейбір мәселенің байыбын жете түсінбей,
әсіре байбаламға салыну да опық жегізетінін ескере жүрейікші. Қазақы атау–
қанымызды қыздырады, ұлттық намысымызды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Туризм индустриясындағы бизнес жоспардың мән – мазмұны мен ерекшіліктері
Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық индустриясының заманауи жағдайы
Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде
Туристік ресурстарды дамыту
Кәсіпкерлердің жаңа әдістері
Қaзaқстaн Республикaсының туризм сaлaсындaғы инвестициялық жағдайы мен инвестициялық сaясaты
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму тенденциялары
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
Туристтік фирманың бухгалтерлік есебін жүргізу
Пәндер