Қазақстанның қаржы жүйесі туралы


Кіріспе

I тарау Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы
1.1 Валютаның мәні, нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Валюта бағамы, жүйелер, фактор, паритеті ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Халықаралық есеп айырысу балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ..12


II тарау Валютасының даму кезеңдері
2.1 ҚР.ның валюта жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 ҚР.ның төлем балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 ҚР.ның валюта ресурстарын қалыптасуы, пайдалануы ... .23


III тарау Ұлттық валютаның тұрақтандыру жолдары ... ... ... ... ... ...29


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38


Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40


Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының қалыптасу және бекітілу мәселелері» Жалпы, валюта негізінен екі мағынада қолданылады.
Біріншіден, елдің ақша бірлігі – оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі, ал екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде, мұнда олардың несие және төлем құралдары көрініс алады. Валюта жүйесі деп мемлекетаралық келісімшарттарымен жасалған валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді. Негізінен валюта жүйесі үш түрге бөлінеді:1.Ұлттық валюта жүйесі; 2.Дүниежүзілік валюта жүйесі; 3.Аймақтық немесе мемлекетаралық валюта жүйесі.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралақ төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол фирмада және қолма-қол емес формада болады. Оның элементтері орталық банк және коммерциялық банктер.
Дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатысқан Париж конференциясында мемлекет аралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.
Аймақтық валюта жүйесі – дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс Европаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған «Жалпы нарық» одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталвқ ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды.
Бұл жұмыстың құрылымына келетін болсақ, ол үш тараудан тұрады. Бұл тараулардың әр қайсысы өте маңызды,әрі ерекше.
1.С.Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров «Экономикалық теория» Астана,2002 381-382, 385-392, 383-385 беттер
2.Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие». Алматы,2004ж 205-227 бет
3.Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория».Ақтөбе,2004 ж 63-72 бет
4.ҚР-ның Ұлттық Банкі №004 баспасөз релизі 2005 жылғы 13 қаңтар «Банки Казахстана» 2005ж 3-4 бет
5.Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С «Қаржы».Алматы,2003ж 417-422 бет
6.Я.Ә.Әубәкіров, Ф.Н.Жақыпова «Экономикалық теория» Алматы,1999 197-203 бет
7.Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелер туралы заңы 36-бап,56-бап

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 31 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге




Қазақстан Республикасының Білім
және Ғылым Министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің Экономика және қаржы
институты

Экономикалық теория және Әлем экономикалық кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Экономикалық теория пәні
Тақырыбы: Қазақстанның қаржы жүйесі

Орындаған:102 топ студенті
Алтынбекова М.
Тексерген аға оқытушы:
Мусина Г.А

Астана,2005
Мазмұны

Кіріспе

I тарау Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы
1. Валютаның мәні,
нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 5
2. Валюта бағамы, жүйелер, фактор,
паритеті ... ... ... ... ... ... 7
3. Халықаралық есеп айырысу
балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

II тарау Валютасының даму кезеңдері
1. ҚР-ның валюта
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..1
5
2. ҚР-ның төлем
балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
3. ҚР-ның валюта ресурстарын қалыптасуы, пайдалануы ... .23

III тарау Ұлттық валютаның тұрақтандыру жолдары ... ... ... ... ... ...29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 38

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 40

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .41

Кіріспе

Осы курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасының қалыптасу және бекітілу мәселелері Жалпы, валюта негізінен екі
мағынада қолданылады.
Біріншіден, елдің ақша бірлігі – оның ақша жүйесінің элементтерінің
біреуі, ал екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде, мұнда
олардың несие және төлем құралдары көрініс алады. Валюта жүйесі деп
мемлекетаралық келісімшарттарымен жасалған валюталық қатынастарды
ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді. Негізінен валюта жүйесі үш
түрге бөлінеді:1.Ұлттық валюта жүйесі; 2.Дүниежүзілік валюта жүйесі;
3.Аймақтық немесе мемлекетаралық валюта жүйесі.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және
халықаралақ төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын
пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі
ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол
қолма-қол фирмада және қолма-қол емес формада болады. Оның элементтері
орталық банк және коммерциялық банктер.
Дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде құрылып,
1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатысқан Париж конференциясында мемлекет
аралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.
Аймақтық валюта жүйесі – дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс
Европаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы
Рим шарты бойынша құрылған Жалпы нарық одағындағы мемлекеттердің
экономикалық және валюталвқ ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы
құрылды.
Бұл жұмыстың құрылымына келетін болсақ, ол үш тараудан тұрады. Бұл
тараулардың әр қайсысы өте маңызды,әрі ерекше. Курстық жұмысым тек қана үш
тараудан тұрмай, ол бірнеше бөлімдерден, әдебиеттерден, қосымшалардан
тұрады.
Бірінші, тарауда ҚР-ның Ұлттық валютасы, зерттелген. Мұнда валютаның
мәні, нарығы, бағамы, жүйесі, факторы, паритеті, халықаралық есеп айырысу
балансы қарастырылады.
Екінші, тарауда валютасының даму кезеңдеріде қарастырылып,зерттелген.
Мұнда ҚР-ның валюта жүйесі, төлем балансы, валюта ресурстарын қалыптасуы,
пайдалануы туралы қарастырылады.
Үшінші, тарауда Ұлттық валютаның тұрақтандыру жолдары туралы
қарастырылады. Оның ішінде инфляциямен күресу жолдары туралы айтылған.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті валютаның қайшылықтарын
қарастырып, валютаның мәнін, оның жүйе қатынастарын талдаймыз.Осы
Қазақстандағы Ұлттық валютаның банктегі қызметін атаймыз.

I тарау Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы
1.1Валютаның мәні,нарығы.
Валюта деген терминді екі мағынада қолдануға болады.
Біріншіден, елдің ақша бірлігі – оның ақша жүйесінің элементтерінің
біреуі деп.
Екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде,мұнда олардың
несие және төлем құралдары көрініс алады.
Ал жалпы түсінікке келсек, валюта халықаралық төлем есеп айыру
айналымындағы ұлттық ақшаны пайдаланудың ерекше әдісі болып табылады.
Қай ел болмасын, ол басқа елдермен есептескенде, шетел валютасын
қолданылады. Сондықтан шетел тауарлары мен қызметтерін өтеу қажеттігі
валюта айырбасы мәселесін тудырады. Валюта сыртқы валюта нарығында
сатылады. Осы сатылымдар әлемдік қаржы нарығының елеулі бөлігін құрайды.
Мемлекет валюта қатынастарын Орталық банк арқылы реттеп отырады. Бірақ
валюта нарығы – децептрализациаланған (бір орталыққа бағынбайтын) нарық
болып табылады. Бұнда Орталық банктен басқа көптеген мекемелер мен
делдалдар әрекет етеді. Қаржы нарығының аса ірі орталықтары: Лондон, Нью-
Йорк, Майндағы Франкфурт, Токио, Мәскеу қалалары. Валюта нарығында сұраныс
пен ұсыныс орналасады, тауар нарығында әрекет ететін заңдылықтары осы
нарыққа да тән болады.
Сыртқы валюта нарығының институттарына Орталық банк, ірі
коммерциалдық банктер, банктік емес дилер менброкерлер жатады.
Коммерциалдық банктер валютамен жасалатын сатып алу, сату
операцияларының ірі мүшесі болып табылады. Дилер ретінде бұлар
валютаның деңгейін қолдайды, яғни олардың корреспонденттенген
банктардағы ұлттық ақша салымы болады.Бұл банктерге пайда табуға
валютаны сатып алушы бағасынан жоғары болатын сатушы бағасымен
сатудың арқасында түсетін пайда мүмкіндік береді.
Коммерциалық банктер жеке фирмалардың шетел валютасын сатып алу,
сату туралы тапсырмасын орындап, брокер рөлін атқару мүмкін. Валюта
нарығы өтеүлкен нарық, сондықтан осы нарықта банктік емес дилерлік
және брокерлік фирмаларда әрекеттерін жүргізе алады. Экономикасының
жағдайы төмен және демократиалдық жүйелері дамыған елдерде қара
валюталық нарықта әрекет ететін, тіркеуден өтпеген келісімдердің
делдардары мен мүшелерінің саны өте көп болды.
Валюта нарығында есеп айырысу қолма-қол ақша арқылы және қолма-
қол ақшасыз жүргізіледі. Бірінші, валюта немесе жол шегі қолданылады.
Қолма-қол ақша айналымы қаржы операциаларының өте аз шамасын құрады.
Жол шегі валюталық аккредитивтің бір түрі болып табылады. Демек,
Американ Экспресс компаниясының кең тараған жол шегін, белгілі бір
дисконт бойынша шетелде коммерциалық бакте қолма-қол валютаға айырбастап
алуға болады.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді коммерциалық банктар телеграф немесе
аударылатын вексель арқылы орындайды. Осы вексельдер кейін, белгіленген
мерзімде төленуі мүмкін және ел ішіндегі айналымда жүретін қарапайым
вексель түрінде айналуы мүмкін.
Экспортерлер мен импортерлердің шығындары ұлттық валютада
белгіленеді, бірақ сатушыға өз елінің валютасына сатады. Ұлттық ақша
түрінде түскен түсімнің көлемі, осы екі валютаға сұраныс пен ұсыныстың ара
қатынасымен белгіленетін валюта курсына тәуелді болады. Әдетте, валюта
курсы – бұл басқа елдің ақша бірлігі түрінде белгіленген ұлттық ақша
бірлігінң бағасы болып табылады. Бұның екі жақты көрінісі болады: шетел
валютасын сатып алу үшін қажет шетел валютасы бірлігінің саны. Валютаның
сұранысы мен көлемі оның бағасына – валюта курсына тәуелді болады.
Біртұтас халықаралық валюта нарығының әр орталығында бір валютаның
өзінің курсы әртүрлі болып қалыптасуы мүмкін. Валюта дилері бір жерде
валютаны сатып алып, оны екінші жерде сатып, біртұтас халықаралық валюта
курсының бір дәрежеде қалыптасуына ықпал етеді. (1,381-382 бет(
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелері туралы заңындағы
36 бабындағы Қазақстан Ұлттық Банкінің валюта нарығындағы
интервенцияларында көрсетілген.
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюта нарығындығы интервенциялары банкаралық
немесе биржа нарығында Қазақстан теңгесінің бағамына ықпал ету үшін шетел
валютасын сатып алуы-сатуы ұғынылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюта нарығындағы интервенцияны валюталвқ
мәміленің қандай да болсын түрін қолдана отырып, кез келген банктер немесе
валюта биржалары арқылы дербес жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюта нарығындағы интервенциялары жалпы ақша-
кредит саясаты шеңбнрінде жүргізіледі.[7,36-бап]

1.2 Валюта бағамы, жүйелер, фактор, паритеті
Экономикадағы төлем балансында көрінетін өзгерістер түбінде келіп,
валюта курсына ықпал жасайды. Валюта нарығы өз жағынан пассивтік білдірмей,
белсенді түрде экономикадағы процестерге әсер етеді. Мемлекеттің валюта
нарығын реттеу саясаты оның экономика процестеріне қатынасуының әр түрлі
дәрежесімен сипатталады. Осыған байланысты валюта нарығын және курсын
ұйымдастырудың қарама-қарсы екі жүйесі болады:
1.Валютаның айырбастау курсы сұраныс және ұсыныспенбелгіленген
жағдайдағы валюта курсының жұмсақ немесе еркін жүзу жүйесі. Шұғыл
өзгерістер болып қалғанда, мемлекет курсты жанама реттеу арқылы қолдап
отырады;
2.Қатал белгіленген валюта курстарының жүйесі. Осы жағдайда сұраныс
және ұсыныс өзгерістерінің нәтижесінде курстың ауытқуы болмайды. Бұл жағдай
валюталық және басқа нарықтардың қызметтеріне мемлекеттік кірісудің күшті
болуымен қамтамасыз етіледі.
Валюта курсының осы екі қарама-қарсы жүйелерінен басқа көптеген
аралық жүйелер де болады. Демек, Экономистердің көбінің тұжырымдалуы
бойынша, бүгінгі АҚШ-та еркін жүзетін, қатал белгіленген курстар жоқ, онда
басқарылған жүзу жүйесі қолданылады. Осы жүйе доллардың маңайында басқа
валюталардың жүзуіне, егер осы жүзу АҚШ экономикасына жағымды болса, жол
береді.
Валюта курсы ұзақ мерзімде паритетпен беогіленуге тиіс. Паритет өз
кезегімен, елдегі еңбек өнімділігінің дәрежесіне, экономикалық өсудің
қарқыны және сапасына, экономиканың құрылымына және халықаралық еңбек
бөлінісіне тартылуына тәуелді болады.
Валюта курсы қысқа және орта мерзімде валюта нарығындағы сұраныс және
ұсыныспен белгіленеді. Осы процестер төлем балансынада көрсетілген.
Сондықтан, төлем балансын белгілейтін фактор, сонымен қатар айырбас курсына
әсер етеді. Валюта нарығында тепе-теңдік экспорт және импорт көлемімен,
капиталдың кіріс және шығысымен байланысты болады. Валюта курсын
белгілейтін факторлар:
1.Тұтынушылардың талғамының өзгеруі тауарлар мен қызметтердің экспортын
немесе импортын өсіреді. Шетел тауарларының ұнамдылығын жарнама және т.б.
арқылы өсіруге болады. Импорттық тауарлардың ұнамдылығының өсуі олардың
тұтынуын өсіреді. Экспорт көлемі өзгермесе ұлттық валютаның ұсынысы
шетелдікімен салыстырғанда өседі. Осы фактордың ықпал ету нәтижесінде
ұлттық валюта құнсызданады. Егер тұтынушылардың талғамы жергілікті заттарға
ауысқан болса, керісінше процестер жүреді.
2.Белсенді сауда саясаты да экспортерлер мен импортерлер жасап отырған
экспорттың және импорттың валютаға сұранысы мен ұсынысының көлемін өзгерте
алады. Баж салығы және импорт квотасы енгізілгенде, тауардың сапасына
және қоршаған ортаны сақтаудың қатал стандартына күтпеген жаңалықтар
енгізілгенде, импорт төмендейді. Бұндай шаралар әкімшілік болғандықтан
халықаралық сауданың көлемін төмендетеді, жеке елдерге дискриминация
тудырады. Сондықтан валюта нарығын тұрақтандыру мақсатымен осындай
саясатты қолдану негативтік дәрежелер тудырады.
Импорттық тауарларға сұраныстың икемділігі. Импорттық тауарларға
икемді сұраныс, валюта нарығындағы доллардың санын көбейтеді. Импорттық
тауарларға икемді емес сұраныс, сатылған тауарлар айырбасынан нарыққа
тусетін доллардың санын азайтады.
3.Табыстардағы салыстырмалы өзгерістер. Бұрынан мәлім тұтынулық
шығындардың көлемі ұлттық табыстың дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Табыс
өскен сайын осы елдегі тауарлардың да шетел тауарларының да тұтынуы өсе
түседі. Сондықтан тауарлар мен қызметтердің импорты өндірілген ұлттық
табысқа тәуелді болады. Егер бір елдегі ұлттық табыстың өсуі келесі елдегі
көрсеткіштен артық болса, онда шетел тауарларының импортының өсуі,
экспорттан тез жүріп отырады. Осы жағдай валюта нарығындағы ұлттық
валюта курсының төмендегені болып көрінеді. Сондықтан, ұлттық табысты
өсіретін барлық факторлар валюта курсының төмендеуіне ықпал етеді және
керісінше.
4.Инфляция (бағаның салыстырмалы өзгеруі). Егер бір елдегі бағаның өсу
қарқыны басқа елдегі осы көрсеткіштен артық болса, онда импорттық тауарлар
арзандау болады. Бұл осы тауарларға сұранысты өсіреді, бұның нәтижесіне
шетел валютасына сұраныс өсіп, ұлттық акция құнсызданады. Шетел валютасын
қымбаттатын тағы бір жағдай – ол инфляция өскен сайын адамдардың өздерінің
нақты табыстарын сақтап қалуға тырысуы. Жинақтарын сақтап қалу мақсатымен
адамдар мықты валютаға сұранысын өсіреді. Ал валютасының ұсынысы
өзгермейді сондықтан айналымдағы ақшаның көбеюі мен инфляция валютаның
айырбас курсын төмендетеді
5.Нақты проценттік ставканың жанама көлемі. Біз осыған дейін ағымдағы
есепшот арқылы қалыптасатын , айырбас курсына әсер ететін факторларды
қарастырған болатынбыз. Ағымдағы есепшоттың дисбалансы нәтижесінде пайда
болатын валютаның сұранысымен ұсынысының сәйкес келмеуін капиталдың келуі
мен кетуін ғана жояды. Сондықтан елге капиталдың келуіне ат салысатын
факторлар ұлттық валютаның курсын өсіре алады және керісінше нақты
проценттік ставкалардың көлемі инвестор үшін, капиталды орналастыратын елді
белгілейтін маңызды көрсеткіш болып табылады. Нақты проценттік ставка
жоғары болған сайын, сондықтан басқа елдермен салыстырғанда елдегі құнды
қағаздардың табыстылығы жоғары болған сайын , қаржы құралдарын салуға осы
ел ұнамды болады. Ұлттық қаржы активтеріне сұраныстың өсуі шетел
валютасының ұсынысында көрінеді және ол ұлттық ақшаның курсының өсуіне әсер
етеді.
6.Белгілі айырбас курсын күту. Шаруашылық агенттерінде болашақтағы
экономиканың өсу қарқыны, инфляция темпі, нақты проценттік ставка көлемі,
макроэкономикалық саясаттың бағыттары туралы тұжырымдамалар қалыптасады.
Осыларды қорытындылай отырып, олар күтетін айырбас курсы туралы шешімдер
болжамдайды. Басқа шарттар бірдей болғанда портфелдік активтерді күтім
бойынша айырбасының курсы өтетін валюта түрінде сақтаған пайдалы болады.
Сонымен қатар халықаралық нарықта болашақта курсы төмендеп кететін валюта
түрінде қарыз алған пайдалы болады. Осындан басқа нашар валюта ұстаушылар
оны күшті валютаға айырбастауға тырысады: Осы себептермен жүргізілетін
валюта айырбасы, валютаның болашақта құнсыздану немесе қымбаттау қауіпін
күшейте түседі. Шешуші ролді саяси тұрақтылық атқарады.
7.Экономиканы мемлекеттік макрореттеу. Осыған жататындар: ресми валюта
резервін пайдалану, сауда саясаты, валюта нарығында валюталық бақылау және
валюта нарығын рационалдау, қаржылық және ақша-несиелік саясат. Валюта
резервін шебер қолдана отырып, шетел валютасының ұсынысын өсіру үшін валюта
нарығында белгілі валюта курсын ұстап тұруға болады. Бірақ резервтің көлемі
шектелген, сондықтан осы жолмен курсты ұстап тұру қысқа мерзімге ғана
мүмкін.
Сұраныс пен ұсынысқа әсер етудің басқа жолы – валюталық бақылау немесе
рационалдау. Валюта ұсынысын өсіру мақсатымен мемлекет экспортерлерге
түскен барлық валютаның 100%-ін міндетті түрде сатуға мәжбүр етеді.
Сұранысты азайту үшін, әкімшілік шешім арқылы валюта тұтынуына шек қоюға
болады. Бірақ осындай саясат болып табылады, сондықтан ол жағымсыз
нәтижелер тудырады.
Бүкіләлемдік заңдылық бойынша: экономикалық дамудың дәрежесі өскен
сайын ішкі бағалар әлемдік дәрежеге жақындай түседі, бұл автоматты түрде
ұлттық валютаның нақты курсын өсіреді. Валюта курсы ұзақ мерзімдік тепе-
теңдік болмысынан төмен еркін көрсететін көрсеткіштер аз емес.
Біріншіден, экспорт және импорттың өсу қарқындары. Егер экспорттың өсу
қарқыны импортпен салыстырғанда артық болса, онда басқа шарттар бірдей
болғанда ұлттық валюта курсы төмен болғаны айқындалады. Егер импорт
экспорттан жылдам өскен болса, онда керісінше курс көрсеткішінің жоғары
болғаны.
Екіншіден, сальдоның белгісі және сауда балансының өсу қарқыны. Егер
сауда балансы оң шамада, немесе өскен болса, онда бұл жағдай валюта
курсының төмен екенін ақиқат етеді және керісінше.
Үшіншіден, валюта резервтерінің көлемі және динамикасы. Егер елдегі
валюта резервтері өскен болса, онда басқа шарттар бірдей болғанда, осы
жағдай курсты төмендету саясаты бар екенін көрсетеді. Егер резервтер
азайған болса, онда курсты қолдау көзделіп отырғанды көрінеді.
Төртіншіден, орташа жалақыны және жалпы ақшалай табыстарды доллар
арқылы бағалау. Егер доллар арқылы есептелген табыстар өскен болса, онда
басқа шарттарбірдей болғанда, ұлттық валютаның нақты нығайғаны болып
табылады, төмендесе - нашарлағаны болғаны.
Нарықтың барлық үшеуіндегі – тауарлық, ақшалық және сыртқы нарықтағы
тепе-теңдіктің шарттарымен танысайық. Сыртқы нарықта жүріп отыратын
процестер елдің төлем балансында көрсетіледі. Ағымдағы операциялар және
капиталдың қозғалыстары есепшоттарының сальдосы нөлге тең болғанда, осы
нарық тепе-теңдік болады. Басқаша айтсақ, ағымдағы операциялар есепшотының
балансы, капиталдар қозғалысының есепшотының балансына тең болуы
керек.(1,385-392 бет(

1.3 Халықаралық есеп айырысу баланстары
Кез келген мемлекеттің халықаралық экономикалық, саяси және мәдени
қатынастары оның халықаралық есеп айырысу баланстарында жалпы қорытынды
көрініс табады.
Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық
көрсеткіштер жүйесінде маңызды орын алады, себебі ол ұлттық табысты елдер
арасында қайта бөлуді көрсетеді.
Халықаралық есеп айырысу баланстары – ол бір мемлекеттің басқа
мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен міндеттемелерінің және
түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы.
Халықаралық есеп айырысу баланстарының негізгі түрлері:
- төлем балансы
- есеп айырысу балансы
- халықаралық қарыз балансы
Төлем балансы деген белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттің
шетелге төлеген валюталық сомасымен оған шетелден түскен соманың
арақатынасы. Белгілі бір мерзімнің және бір күндік балансы болады.
Бір күндік төлем балансы статистикалық көрсеткіш ретінде
жарияланбаса да, ол белгілі датаға орындалуға тиіс төлемдермен түсімдердің
арақатынастығын көрсететін өзгерістер.
Белгілі бір мерзімнің төлем балансы осы уақыт аралығында төлем мен
түсімдердің арақатынасын көрсетіп, мемлекеттің халықаралық экономикалық
қатынастардағы өзгерістерін және елдің экономикасының жағдайын білуге
көрсетеді.
ХВҚ- ның әдістемесі бойынша құрылатын төлем балансы тек жүргізілетін
түсімдер мен төлемдері көрсетіп қоймай, сонымен қатар халықаралық талаптар
мен міндеттемелер бойынша болашақта орындалатын төлемдерді, яғни есеп
айырысу балансының элементтерін де көрсетеді.
Есеп айырысу балансы деген бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге қойған
валюталық талаптары мен міндеттемелерінің арақатынасы. Бұндай талаптар мен
міндеттемелер тауарлар мен қызметтерді экспорттау және импорттау
нәтижесінде, сондай-ақ заемдер мен несие бергенде пайда болады. Есеп
айырысу балансы екіге бөлінеді:
1.Белгілі бір күн тізбектік мерзімнің балансының активтік тауарлары бір
елдің шетел мемлекеттеріне қойған жаңа талаптарының сомасымен оның шетелден
алған инвестициясын көрсетеді.
2.Елдің халықаралық есеп айырысу позициясын бағалау үшін белгілі бір
мезгімге жасалған есеп айырысу балансын алған дұрыс. Ол осы елдің шетелге
барлық талаптары мен міндеттемелерін қай уақытта пайда болғаны және қай
уақытта өтелуі керектігін қарамастан олардың арақатынасын көрсетеді.
Төлем балансы мен есеп айырысу баланстарының негізгі айырмашылықтары:
- Төлем балансына тек іс жүзінде жүргізілген түсімдер мен төлемдер
кіреді; есеп айырысу балансына елдің шетелге қойған талаптары мен
міндеттемелері кіреді.
- Есеп айырысу балансында барлық алынған және берілген несиелер
көрсетіледі, оның ішіне төлем балансына кірмейтін өтелмеген несиелер де
көрсетіледі.
- Төлем және есеп айырысу баланстарының ақырғы сальдосы – активтік
немесе пассивтік – бір-біріне сәйкес келмейді, әдетте олар қарама-қарсы
болады.
- Төлем балансына тек төленген экспорт және импорт кіргізіледі, ал
есеп айырысу балансына болашақта несие алумен төленетін тауар айналымының
төленбеген бөлігін қамтиды.
Сөйтіп, төлем есеп айырысу баланстарының бір-бірінен айырмашылықтары
көбінесе халықаралық несие қатынастарының дамуымен айқындалады.
Капитал және несие қозғалыстарының балансы – ол жеке
жәнемемлекеттік капиталдарды әкелу мен әкету бойынша алырған және берілген
халықаралық несиелер бойынша төлемдер мен түсімдердің арақатынасы.
Кәсіпкерлік капиталының қозғалысы тікелей шетелдік инвестиция және
портфелдік қаржы жұмсау формасында жүзеге асырылады.
Халықаралық қарыз балансы – өркендеген және өркендеуші елдердің
статикасында кең қолданылатын мәліметтер жиынтығы. Оның есеп айырысу
балансына ұқсастығы болғанымен одан қаралатын тауарлардың жиынтығы және
кейбір елдердің өз ерекшеліктерімен айрықшаланады.
Қорыта айтқанда, халықаралық есеп айырысу балансы (немесе төлем
балансы, есеп айырысу балансы, халықаралық қарыз балансы) –
макроэкономикалық көрсеткіштер жүесінде айрықша орын алады. Ішкі жиынтық
өнім мен ұлттық табысты анықтағанда талаптар мен міндеттемелердің таза
сальдосы есептелінеді.(6,197-203 беттер(
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелері туралы
заңындағы 56 бабындағы Валюталық реттеу және валюталық бақылауда
көрсетілген.
Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады,шетелдермен қаржы-валюталық
және кредиттік-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;
Жасалынған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық
ұйымдармен шетел валютасын таратады.[7,56-бап]

II тарау Валютасының даму кезеңдері
2.1Қазақстан Республикасының валюта жүйесі
Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасының егеменді ел ретінде
өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек.
Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар
халық шаруашылығын қайта құру, оны рельстеріне түсіру мәселелерін бірге
шешу міндеттері тұрды.
Қазақстан 1992 жылдың щілдесінде ХВҚ –ға мүше болып кіргеннен бастап
өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары
мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру
үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде Валюталық реттеу туралы алғашқы заң
қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке
валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің
ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін
құру жұмыстарын жүргүзумен шұғылдануға еді. Қабылданған заң бағаны ырқына
жіберу деңгейіне сәйкес келін, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта
қатынастарына тіпті қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда
Қазақстан Валюталық реттеу туралы жаңадан заң қабылдады.
Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық
қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда
айқындалған. Олар заңға қоса, Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
туралы 1993 жылдың 13 желтоқсанындағы заң; Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі туралы 1995 жылдың 30 наурызындағы заң; Асыл тастар және
қымбат бағалы металдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу
туралы 1995 жылдың 20 шілдедегі заңы; Банк қызметі туралы 1995 жылдың 31
тамызындағы заң, сонымен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары, Үкімет
Қаулылары мен Ұлттық банк басқармасының нормативтік актілері.
Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып шетел
валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар,
аффинирленген алтын мен басқада бағалы металдарды республикаға әкелу, алып
кету және жіберу тәртібін белгілеу болып есептеледі. Валюталық
қатынастардың субъектілері болып резиденттер және резидент еместер
саналады.
Резидеттерге жататындар:
- Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша
шетелдерде мемлекеттік қызметтерде жүргендер;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және басқа
ресми өкілдері сондай-ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен
шұғылданбайтын өкілдіктер;
Қазақстан Республикасындағы резидент еместерге жоғарыда
республика резиденттері түсінігінде айтылмаған заңды және жеке тұлғалар
жатады.
Қазақстан заңдарын сәйкес шетел валютасын сатып алу – сату
мәмілелері Ұлттық банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия
бойынша өкілетті коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.

Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып
Ұлттық банк саналады.Ол:
- Шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар
айналасының сферасының мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында
операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді, ондай шектеулнрді сый ақы
көлеміне де енгізеді;
- Резиденттер мен резидент еместердің республикада шетел валютасымен
және шетел валютасындағы бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу ережелерін
белгілейді;
- Резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды; беру,
тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар
береді;
- Ұлттық валютаның – теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын,
оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, кедендік және салық төлемдері үшін,
сондай-ақ шетел валюталары мен бағалы металдармен жасалатын операциялар
бойынша Қазақстан теңгесіне нарықтық баға белгілеу мақсатында Ұлттық
банктің ресми бағамын белгілеу жолымен реттейді;
- Алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді;
- Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен қаржы-валюталық
және несие-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;
- Қабылданған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық
ұйымдармен шетел валюталарын таратады.
Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және
олардың агенттері жүргізіледі. Валюталық бақылау органдары болып Ұлттық
банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері
болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап
айтқанда валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.
Валютвлық бақылау негізінен мына бағытта жүргізіледі:
- Жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау
және оған қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы;
-Резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасымен
міндеттемелерін орындауын тексеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі
валюта нарығында шетел валютасын сату міндеттемелерінің орындалуын
тексеру; шетел валютасымен жүргізілетін төлемдердің дәлелдігі, валюта
операциялары бойынша есеп пен есептеудің толықтығы және объективтілігі
тексеріліп сонымен бірге резиденттер еместердің теңгемен жүргізетін
операциялары бойынша бақылау жүргізеді.
Сөйтіп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және мәдни
қатынастарға қызмет етіп, ол мемлекеттің төлем балансында көрініс
табады.[6,197-203 беттер]
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелері туралы
заңындағы 56 бабындағы Валюталық реттеу және валюталық бақылауда
көрсетілген.
Резиденттердің және резидент еместердің Қазақстн Республикасының шетел
валютасмен және шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар жүргізу
ережелерін белгілейді;
Беру, тіркеу ережелерін белгілейді және валюта заңдарында көзделгендей,
валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар береді;
Валюталық құндылықтарды бағалы металдардан өзгесін әкетуге рұқсат
береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент еместерінен алынған
банк кредиттерінің есебін жүргізеді;
Қазақстан Республикасының резидент еместерінен қосымша кредиттер тарту
мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді[7,56-бап].

2.2Қазқстан Республикасының төлем балансы
Төлем балансы – елдің белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарнан
түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызиеттер үшін
төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.
Еліміздің төлем балансы мынадай бөлімдерді қамтиды:
А) Ағымдағы шот.
В) Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шоты.
С) Қателер мен қалып қойғандар.
Д) Жалпы баланс.
Е) Қаржыландыру.
Ағымдағы шотта мыналар көрсетіледі:
1)Сауда балансы:
. Экспорт;
. Импорт.
2)Таза қызметтер:
. Жүк тасымалдау;
. Адамдар тасымалдау;
. Байланыс қызметі;
. Туризм;
. Басқа.
3)Табыстар:
. Займдар және несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру);
. Резервтер бойынша сыйақы (мүдделендіру);
. . Басқа да.
4)Ағымдағы трансферттер.
5)Гуманитарлық көмектер.
6)Техникалық көмектер.
7)Гаранттар.
Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шотында мыналар
көрсетіледі:
1)Тікелей инвестициялар;
2) Портфельдік инвестициялар;
3)Мигранттардың трансферттері (кетуі және келуі);
4)Сауда (коммерциялық) несиелері;
5)Займдар;
6)Басқа инвестициялар (депозиттер,валюта және т.б.):
Қателер мен қалып қойғандар шотында ресми түрде резидент
еместермен ескерілмей қалғандарды, оған қоса көлеңкелі бизнесті есепке
алады.
Жалпы төлем балансы ағымдағы операциялар бойынша төлем балансын,
каиталдар мен несиелердің қозғалысының балансы, сондай-ақ алтын және валюта
резервтерінің қозғалысын құрайды.
Жалпы төлем балансы әрдайым теңесіп отырылады, яғни оның активтік және
пассивтік операцмялары бірыңғай шаманы құрайды.
Қаржыландыру шотында мыналар есепке алынады:
1)Қазақстан Ұлттық банкінің мрезервтік активтері;
2)Монетарлы алтын;
3)Шетел валютасы;
4)ХВҚ несиелері.
Қазақстанда төлем балансын Ұлттық банк жасайды. Төлем
балансының басты ерекшелігі – мұнда қаражаттардың ағымы, олардың мерзім
ішіндегі өзгерісі ғана көрсетіліп, босалқы бөлшектер мен қорлар есепке
алынбайды.
Мұндағы ағымдағы операциялар шотында оң қалдықтың болуы тауарлар
менқызметтердің экспортын, табыстар мен трансферттердің түсімін білдірсе,
ал теріс қалдықтың түзілуі тауарлар мен қызметтер импортын, төленген
табыстар мен трансферттердің болуын сипаттайды. Капиталдармен жасалатын
операциялар шотындағы оң көрсеткіш сол елдің резидент еместер алдындағы
міндеттемелерінің өсуін және резиденттер жағынан резидент еместерге деген
талаптардың қысқаруын сипаттаса; ал теріс шама елдің резидент еместер
алдындағы міндеттемелердің қысқаруын және резиденттер жағынан резидент
еместерге қойылатын талаптардың өсуін сипаттайды.
Төлем балансынан есеп айырысу балансын ажырата білу қажет.
Есеп айырысу балансы - елдің шетелге қатысты талаптары мен
міндеттемелері.
Мұндай талаптар мен міндеттемелерге мемлекеттік (алтын-валюта және
басқа да) және жеке активтер, тікелей инвестициялар, алынған және берілген
несиелер, қаржы және қаржы еместер корпорациялардың міндеттемелері жатады.
Төлем балансынан бір вйырмашылығы есеп айырысу балансыда басқа елдерге
қатысты жасалмаған барлық талаптар мен міндеттемелер қамтылады.
Валюта нарығында тепе-теңдіктің орнауы мәселелерді жете білу үшін
мемлекеттік валюта кірістері мен шығыстарының барлық көздеріне талдау
жүргізу қажет. Осы операциялар елдің төлем балансында көрінеді.(1, 205-227
бет(
Төлем балансы елге түсетін валюта түсімі мен мемлекеттің белгілі бір
мезгізде шетелде жүргізілетін төлемдері арасындағы қатынастарын сипаттайды.
Төлем балансы үш бөлімнен тұрады: ағымды операциялардың балансы,
капиталдарының қозғалуының балансы, алтын-валюта резервтерінің қозғалуының
балансы. Осы елдің валюта нарығына ақша қаражаттарын әкелетін сыртқы
нарықта жасалатын операциялар қосу белгісін алады, керісінше жағдайда олар
алу белгісін алады. Осы үш бөлімнің қорытынды нәтижесі ноль береді.Мұның
дәлелі: қаражаттарды жұмсаудың әрбір бағытына сол жұмсалатын шығындардың
белгілі бір көзі сәйкес келуі керек
Төлем балансының әр бөлімін жеке алып қарайық. Мысалы, Қазақстан
Республикасының төлем балансы:[1 қосымшаға қараңыз]
Ағымдағы операциялардың есепшоты материалдық және материалдық және
материалдық емес активтердің ағымдағы немесе өткен мерзімдегі қозғалысымен
көрсетеді. Импорт экспорттан артық болғанда, сауда балансы дефициттік болып
табылады.
Ағымдағы есепшот операцияларының қосындысы сыртқы сауда
операцияларының төлем балансын береді.Оның дефициттік болғаны, ағымдағы
есепшот бойынша жасалған импорттық операциялардың, экономиканың экспорттық
секторының валюта көлемін қамтамасыз еткен сұранысынан артық сұраныс
тудырғанын көрсетеді.
Капиталдар қозғалысының есепшоты қаржы активтерін сатып алу – сатумен
және несие мен заемдер алумен байланнысты қаржы операцияларын көрсетеді.
Капиталдар қозғалысының ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қаржы жүйесі
Қаржы жүйесі туралы
Қазақстанның банк жүйесі туралы
Қаржы жүйесі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Қаржы жүйесі туралы жалпы түсінік
Қаржы және қаржы жүйесі
Қаржы жүйесі
Қаржы, каржы шаруашылыгы және каржы жүйесі жайлы
Қазақстанның білім беру жүйесі туралы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь