Картоп өндірісі



2 Кіріспе 4
3 Картоп және жеміс.бақша өнімін өндіру мен тұтынудың қазіргі кездегі жағдайын талдау 5
3.1 Картоп өндіру және қамтамасыз етілуі 5
3.2 Көкөніс және бақшалық дақылдар өндіру және онымен қамтамасыз етілуі 6
3.3 Жеміс.жидек өнімдерін өндіру және олармен қамтамасыз етілуі 7
3.4 Инфрақұрылымдардың қазіргі жағдайы 8
3.4.1 Картоп және көкөніс қоймалары 8
3.4.2 Көтерме сауда және коммуналдық базарлар 8
3.5 Картоп және жеміс.көкөніс өнімдерін өңдеу 8
3.5.1 Картоп және жеміс.көкөніс өнімдерін өндіру тиімсіздігін талдау 9
4 Бағдарламаның мақсаты және міндеттері 9
5 Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері 10
5.1 Тұрғындардың жеміс.көкөніс өнімдеріне қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар 10
5.2 Өскемен және Семей қалалары халқын қамтамасыз ету шаралары 11
5.3 Өскемен және Семей қалаларында картоп және көкөніс өнімдерін өндіру және тұтынудың қазіргі жағдайын талдау 12
5.3.1 Картоп шаруашылығы саласының жағдайы 12
5.3.2 Көкөніс шаруашылығы саласының жағдайы 12
5.4 Өскемен және Семей қалалары тұрғындарының картоп және көкөніспен қамтамасыз етілу жағдайы 13
5.5 Өскемен және Семей қалалары бойынша картоп және көкөніс өндірудің 2008 жылға арналған теңгерімі 14
5.6 Ішкі нарықты, оның ішінде маусым аралығы кезінде, аймақтың өңтүстік өңірлерінен және алыс және таяу шет елдерден тасу арқылы жеміс.көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету 15
5.7 Картоп тұқымы шаруашылығы 16
5.8 Инфрақұрылымды дамыту 16
5.8.1 Жеміс.көкөніс қоймасы 16
5.8.2 Көтерме сауда және коммуналдық базарлар 16
5.9 Қайта өңдеу саласын дамыту 17
6 Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері 17
7 Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 18
8 Өңірлерді жеміс.көкөніс өнімімен молықтыру бойынша 2008.2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс.шаралар жоспары 19
Облыстың өнеркәсіптік бағытының ерекшелігін, тау-кен және металлургиялық өндірістің дамуын ескерсек, бірінші кезектегі маңызы бар мәселе - халықтың толыққанды тамақтануы үшін қалалар мен поселкелерді азық-түлікпен қамтамасыз ету. «Екінші нан» саналатын картоппен және көкөніспен қамтамасыз ету аса маңызды шарт болып табылады. Осыған байланысты облыстың шаруашылықтарында картоп және көкөніс шаруашылықтарын дамыту ерекше маңызға ие. Тамақтануда картоп пен көкөніс дақылдарының ешнәрсемен алмастыруға болмайтындығы өнімнің осы түрлерін өндіру тенденциясында өз рөлін ойнады, қазір олар салыстырмалы алғанда тұрақты деңгейде тұр, тіпті ауыл шаруашылығын реформалау да оларды өндіру көлеміне айтарлықтай ықпал ете алмады.
Экономиканың жоспарлы жүйесі жойылғаннан кейін шаруашылықтар үлкен еңбекті қажет ететін шығынды дақылдарды өсіруден бас тартты. Сондықтан, көкөніс дақылдарының егіс аумағы мейлінше азайып, егіс құрылымында тек өсіруге көп шығын жұмсалмайтын дақылдар ғана қалды. Егістік құрылымында орамжапырақ, сәбіз және қызылша басым. Қаражаттың жеткіліксіздігінен және ауыл шаруашылығы техникасының толық еместігінен картоп және бақшалық дақылдарды өсіру агротехникалық іс-шаралар кешені толығымен орындалмады.
Дамудың бүгінгі кезеңінде ауыл шаруашылығы өндірісін озық технологияларды және техникалық прогресс жетістіктерін қолдану және енгізу жолымен әртараптандыруға бағыт алынды. Агроөнеркәсіп кешенінің бұдан әрі дамуы өндірісті жаңғыртуды және қайта жарақтандыруды, оның инфрақұрылымын дамытуды талап етеді.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Картоп өндірісі

Өскемен қаласы, 2008 жыл
МАЗМҰНЫ


2 Кіріспе 4
3 Картоп және жеміс-бақша өнімін өндіру мен тұтынудың қазіргі 5
кездегі жағдайын талдау
3.1 Картоп өндіру және қамтамасыз етілуі 5
3.2 Көкөніс және бақшалық дақылдар өндіру және онымен қамтамасыз 6
етілуі
3.3 Жеміс-жидек өнімдерін өндіру және олармен қамтамасыз етілуі 7
3.4 Инфрақұрылымдардың қазіргі жағдайы 8
3.4.1Картоп және көкөніс қоймалары 8
3.4.2Көтерме сауда және коммуналдық базарлар 8
3.5 Картоп және жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу 8
3.5.1Картоп және жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру тиімсіздігін талдау 9
4 Бағдарламаның мақсаты және міндеттері 9
5 Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері 10
5.1 Тұрғындардың жеміс-көкөніс өнімдеріне қажеттіліктерін қамтамасыз10
ету жөніндегі шаралар
5.2 Өскемен және Семей қалалары халқын қамтамасыз ету шаралары 11
5.3 Өскемен және Семей қалаларында картоп және көкөніс өнімдерін 12
өндіру және тұтынудың қазіргі жағдайын талдау
5.3.1Картоп шаруашылығы саласының жағдайы 12
5.3.2Көкөніс шаруашылығы саласының жағдайы 12
5.4 Өскемен және Семей қалалары тұрғындарының картоп және көкөніспен13
қамтамасыз етілу жағдайы
5.5 Өскемен және Семей қалалары бойынша картоп және көкөніс 14
өндірудің 2008 жылға арналған теңгерімі
5.6 Ішкі нарықты, оның ішінде маусым аралығы кезінде, аймақтың 15
өңтүстік өңірлерінен және алыс және таяу шет елдерден тасу
арқылы жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету
5.7 Картоп тұқымы шаруашылығы 16
5.8 Инфрақұрылымды дамыту 16
5.8.1Жеміс-көкөніс қоймасы 16
5.8.2Көтерме сауда және коммуналдық базарлар 16
5.9 Қайта өңдеу саласын дамыту 17
6 Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері 17
7 Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 18
8 Өңірлерді жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру бойынша 2008-2009 19
жылдарға арналған өңірлік бағдарламаны іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары

Кіріспе

Облыстың өнеркәсіптік бағытының ерекшелігін, тау-кен және
металлургиялық өндірістің дамуын ескерсек, бірінші кезектегі маңызы бар
мәселе - халықтың толыққанды тамақтануы үшін қалалар мен поселкелерді азық-
түлікпен қамтамасыз ету. Екінші нан саналатын картоппен және көкөніспен
қамтамасыз ету аса маңызды шарт болып табылады. Осыған байланысты облыстың
шаруашылықтарында картоп және көкөніс шаруашылықтарын дамыту ерекше маңызға
ие. Тамақтануда картоп пен көкөніс дақылдарының ешнәрсемен алмастыруға
болмайтындығы өнімнің осы түрлерін өндіру тенденциясында өз рөлін ойнады,
қазір олар салыстырмалы алғанда тұрақты деңгейде тұр, тіпті ауыл
шаруашылығын реформалау да оларды өндіру көлеміне айтарлықтай ықпал ете
алмады.
Экономиканың жоспарлы жүйесі жойылғаннан кейін шаруашылықтар үлкен
еңбекті қажет ететін шығынды дақылдарды өсіруден бас тартты. Сондықтан,
көкөніс дақылдарының егіс аумағы мейлінше азайып, егіс құрылымында тек
өсіруге көп шығын жұмсалмайтын дақылдар ғана қалды. Егістік құрылымында
орамжапырақ, сәбіз және қызылша басым. Қаражаттың жеткіліксіздігінен және
ауыл шаруашылығы техникасының толық еместігінен картоп және бақшалық
дақылдарды өсіру агротехникалық іс-шаралар кешені толығымен орындалмады.
Дамудың бүгінгі кезеңінде ауыл шаруашылығы өндірісін озық
технологияларды және техникалық прогресс жетістіктерін қолдану және енгізу
жолымен әртараптандыруға бағыт алынды. Агроөнеркәсіп кешенінің бұдан әрі
дамуы өндірісті жаңғыртуды және қайта жарақтандыруды, оның инфрақұрылымын
дамытуды талап етеді.

3. Картоп және бақша-көкөніс өнімдерін өндірудің қазіргі жағдайы және
тұтынуын талдау

3.1 Картоп өндіру және онымен қамтамасыз етілу

Тұрғындардың толыққанды тамақтануының маңызды шарты екінші нан
саналатын картоппен қамтамасыз етілуі болып табылады. Осыған байланысты
облыс шаруашылықтарында картоп шаруашылығын дамытудың маңызы ерекше.
2003-2006 жылдар кезеңінде облыста картоп егістігінің аумағы жыл
сайын азайып келе жатқаны байқалады. Аталған кезеңде картоп егістігі 7,4
мың гектарға (26,8%) азайған (1-кесте). 2007 жылы 2006 жылдағыдан егістік
аумағы 1,6 мың тоннаға (7,9%) артқан.
Егістік алқаптардың азаюы салдарынан жалпы картоп түсімі 2007 жылы
2002 жылдағыдан 65,2 мың тоннаға (17,5%) аз болды. Алдыңғы жылдардағы
деңгеймен салыстырғанда егістік аумағы кеңейіп, өнімділік азайғанда жалпы
түсім 4,9 мың тонна (1,6%) болды.
Облыста картоп шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы тауарлы сала
ретінде нашар дамыған және негізінен халықтың өзін-өзі қамтамасыз ету
мақсатында өсірілетін дақыл. Картоп аумағының 90%-ға жуығы тұрғындар
шаруашылығына тиесілі, 2007 жылы олар өнімнің 91,0% өндірді. Қалалар халқын
картоппен қамтамасыз етуде ұжымдық бау-бақша шаруашылығының маңызы зор және
қалалықтардың азық-түлік қорына елеулі үлес қосуда, аталған шаруашылық
санаттарында өнімнің 15% өндіріледі.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында және шаруа қожалықтарында картоп
шаруашылығы баяу дамуда, олар барлық өндірілген картоптың 1,8 и 7,2%
көлемін ғана өндіреді.
Тұрғындар шаруашылығындағы картоп алқабының көп бөлігі суармалы
жерлерде орналасуына байланысты қан және картоп түсімі ауа райының қолайсыз
жағдайларына, әсіресе құрғақшылыққа төтеп бере алады. Соңғы бес жылда
картоп шығымдылығы жылдан жылға гектарынан 135–тен 155 центнерге дейін
артып, өсу үрдісі қалыптасқан.
2007 жылы облыста тұрғындардың әр жан басына шаққанда 217 кг картоп
өндірілді. Қалыптасқан тұтыну деңгейінде (әр адамға 60-61 кг-дан) облыста
азық-түліктік мақсатқа бір жылда 90-100 мың тонна картоп тұтынылады.
Өндірілетін картоптың 15% егістік мақсатқа пайдаланылатынын ескерсек,
қалған бөлігі мал азығына кетеді. Осыған қарағанда, облыс халқының
картоппен қамтамасыз етілуі тұтыну деңгейінен артық шығып тұр. Саланың
тауарлық сипатын көтеру проблемалық мәселе болып қалып отыр, өнім бағасының
өсуіне де осы фактор себеп болады.

3.2 Көкөніс және бақшалық дақылдар өндіру
және онымен қамтамасыз етілуі

Көкөніс шаруашылығы – ауыл шаруашылығының маңызды саласы. Қазіргі
уақытта халықтың нақты кірісінің өсуі олардың жаз-күз маусымдарында ғана
емес, қыс маусымында да көкөніске сұранысын үнемі көтеріп отыр. Осыған
қарамастан, соңғы жылдары облыс шаруашылықтарында көкөніс және бақшалық
дақылдар егістігінің аумағы қысқарып бара жатқаны байқалады, 2002-2006
жылдары осы дақылдар аумағы 3,2 гектарға (26,0%) азайды (2- кесте). 2007
жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,2 тыс. гектарға артты. Көкөніс және
бақшалық дақылдар түсімінің өсу үрдісі бар. 2002 жылмен салыстырғанда 2007
жылы өсім тиісінше 28 (14,7%) немесе 51 центнер (26,0%) болды. Аталған
кезең ішінде жалпы түсім 25,6 мың тоннаға (11,0%) кеміді.

Көкөніс-бақшалық дақылдардың 82,0% ашық топырақта өсірілетін көкөніс,
18,0% - бақшалық дақылдар. Соңғы жылдары облыс шаруашылықтарында жабық
тпырақта көкөніс өндіру қолданылған жоқ.
2007 жылы өндірілген көкөніс көлемінде томаттың (қызанақ) үлес
салмағы үлкен - 20,7%, орамжапырақ - 18,9%, асханалық тамырлы көкөністер
(сәбіз және қызылша) – 20,3%, қияр – 12,7%, пияз – 6,6%, басқа да
көкөністер – 20,8%. болды
Көкөністің 90% тұрғындар шаруашылығында өндірілді, ол өнімнің көп
бөлігін олар өздері тұтынады. Қалалық жерлерде саяжайлары немесе бақшалық
жер телімдері бар тұрғындар өздерін көкөніс өнімдерімен толық немесе
жартылай қамтамасыз етеді, басқа бөлігі көкөністі базарлардан сатып алады.
Нәтижесінде қалаға жақын шаруашылықтар қала халқын тез тасымалдауы тиімсіз
және тез бұзылатын өнімдермен 50-60 пайызға қамтамасыз етеді.
Бақшалық дақылдар шаруа қожалықтарында және тұрғындар шаруашылықтарында
бірдей көлемде өндіріледі. 2007 жылы бақшалық дақылдар құрамында қарбыз
87,4%, қауын 12,6% болды.
2007 жылы көкөніс және бақшалық дақылдар өндіру жалпы облыс бойынша әр
жан басына шаққанда 145 кг, нақты тұтынуы 76 кг болды.
Көкөніс арнайы сақтауды, болмаса тез арада қайта өңдеуді немесе сатуды
қажет ететін ерекше өнім. Осы шарттар орындалмаса көкөкніс шаруашылығын
тиісті деңгейде дамыту мүмкін болмайды. Картоп, көкөніс және жемістер
сақтайтын қойма 11 кәсіпорында және 35 шаруа қожалығында бар, олардың
аумағы 26,7 мың шаршы метр. Қоймалардың жартысынан көбі (28 қойма) Семей
қаласында, Бесқарағай және Глубокое аудандарында орналасқан. Облыста
көкөністі өңдеу халықтың іс жүзінде қолына берілген. Ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілерде қайта өңдеу жабдықтары жоқ. Облыста көкөніс өңдейтін
ірі кәсіпорындар жоқ. 2007 жылы көкөніс өңдеумен қосалқы шаруашылықтар және
жеке кәсіпкерлер айналысты, жедел есептік мәліметтер бойынша олар 2516 мың
теңгенің 12 тонна консервіленген көкөнісі шығарды.
Облыс халқын өзімізде өндірілетін картоп және көкөніспен жыл бойы
қамтамасыз ету үшін көкөністі жаппай өндіруге қабілетті және көп
номенклатуралы тауарлы түріндегі сала қалыптастыру қажет. Әсіресе ерте
пісетін және жабық тәсілмен өндірілетін көкөніс өндірісін жақсарту ерекше
маңызды. Бұл облыс халқын қыс және көктем маусымдарында көкөніспен
қамтамасыз ету проблемасын шешуге және оның бағасын төмендетуге септігін
тигізеді.

3.3 Жеміс-жидек өнімдерін өндіру және олармен қамтамасыз етілуі

Толыққанды тамақтану үшін тұрғындар көкөніс және жеміспен толық
қамтамасыз етілу үшін қажет. Облыс шаруашылықтарындағы екпе жеміс-жидек
аумағы жылдан жылға азайып барады, 2002-2007 жылдары 2221 гектарға, немесе
64,0%-ға кеміп, 1247 га құрады (3-кесте). Бұл үрдіс барлық шаруашылықтарға
тән. Аталған кезең ішінде жүзімдіктер аумағы 19 га (38,0%) кеңейіп, 69 га
құрады. Жеміс-жидек өнімін өндіру көлемі 1,9 есе азайып, жүзім алқабы 2,0
есе артты.
Қазіргі уақытта бау шаруашылығы негізінен әуесқой бау өсірушілерде
жақсы дамыған. Жеміс-жидек өнімінің негізгі көлемі (88,7%) тұрғындар
шаруашылығындағы қосалқы шаруашылықтарда және саяжайларда өндіріледі.
Облыстың көп аумағында жеміс дақылдарын өсіруге табиғи және климаттық
жағдайлар қолайсыз болғандықтан, оларды ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында
және шаруа қожалықтарында өндіру әлсіз дамуда. Одан гөрі бүлдірген, қарақат
және қызылқат, таңқурай сияқты жидек дақылдарын өсіру тисенімдірек. Алайда
оларды сақтау және сату рыноктарына тасымалдау, өсіру, әсіресе жинау
кезіндегі жұмыстың ауқымдылығы, механикаландырудың жоқтығы, энергия көздері
бағасының бағасының ұдайы қымбаттауы өндірісті дамытуға ынталандырмайды.
Жеміс-жидек дақылдары және жүзімді Зайсан, Күршім және Үржар аудандарының
шаруа қожалықтары ғана өсреді. Олардың өндірістегі үлесі 5%-дан сәл ғана
асады.
Жеміс-жидек өнімдері өндірісі көлемінде жемістердің, оның ішінде
алманың үлесі үлкен (4-кесте).
Облыс халқының өздері өндіретін жеміс-жидекпен қамтамасыз етілуі
жеткіліксіз ретінде қалып келеді. Өндіріс көлемі тұрғындардың тұтыну
сұранысының үштен бір бөлігін ғана қанағаттандырады. 2007 жылы облыста әр
адамға орта есеппен 9 кг жеміс, жидек және жүзім өндірілді, немесе тұтыну
көлемінен 22 кг-ға (71%) кем. Одан басқа, облыс шаруашылықтарында дақылдар
мен сұрыптардың шектеулі жиынтығы өндіріледі. Осыған байланысты біршама
тұтыну көлемі сырттан әкелінетін өніммен қамтамасыз етіледі.

4. Ифрақұрылымдардың қазіргі жағдайы

3.4.1 Картоп және көкөніс қоймалары

Жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде облыста сыйымдылығы 53605
тоннаны құрайтын 75 картоп және көкөніс қоймасы бары анықталды. Қолда бар
осы қоймалардың жалпы сыйымдылығы 8100 тонна құрайтын 14-і (26%) өз
мақсатында пайдаланылады, жалпы сыйымдылығы 37261 тоннаны құрайтын 34-і
(64%) қайта жөндеуді және жаңғыртуды қажет етеді (5-кесте). Жоғарыда
аталған нысандардың сыйымдылығы 8100 тоннаны құрайтын 4-інің техникалық
жарақтандырылуы қазіргі заманғы талаптарға сай емес, сондықтан бос тұр,
оларды қайта жөндеу және жаңғырту қажет.

3.4.2 Көтерме сауда және коммуналдық базарлар

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында
96 сауда базары жұмыс істейді, олардың 8-і – азық түлік сататын, 23 – азық-
түлікке жатпайтын тауар сататын, 58-і әмбебап және 7-і мамандандырылған
базарлар.
Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру ережесіне сәйкес 23 сауда
базарына 1-санат, 32 базарға 2-санат, 41 шағын базарға 3-санат берілген.
Облыста ет өнімдерінің бағасы басқа базарларға қарағанда 10-15
пайызға төмен 4 коммуналдық базар жұмыс істеуде: олар облыс орталығында,
Жарма ауданының Георгиевка, Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылдарында. Аягөз
қаласында ашылған Жақсылық муниципалды базары демалыс күндері барлық
тауар түрлерін сату қызметін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілері сауда орындарын жалға алғандары үшін ақы төлемейді. Ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілері өнімді базар бағасынан 30 пайызға дейін
кемітіп тікелей өздері сатады, бұл жеке меншік дүкендерде бағаның өсуін
тежейді.

3.5 Картоп және жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу

Картоп және көкөніс өнімдерін өндіру мен пайдалану тиімділігін арттыру
шарттарының бірі оны өңдеу болып табылады. Көкөніс дақылдары өзінің
биологиялық ерекшеліктері бойынша тез бұзылатын өнім болып табылады, осыған
байланысты облыстағы картоп және жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін және
сақтайтын орындарды қайта жаңарту және жаңғырту қажет. Облыста сыйымдылығы
3400 тоннаны құрайтын екі ашыту- маринадтау цехы, сыйымдылығы 600 тоннаны
құрайтын бір ашыту-тұздау және сағатына 2 тонна өнім шығаратын картоп
өңдейтін цех бар. Бірақ олардың жағдайының нашарлығынан бір ашыту-
маринадтау және ашыту-тұздау цехтары пайдаланылмай тұр (6-кесте).

3.5.1 Картоп және жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру тиімсіздігін талдау

Облыста картоп және жеміс-көкөніс өнімдерін өндірудің тиімді болмауы
бірқатар проблемаларға байланысты, олар мыналар:
картоп және жеміс-көкөніс дақылдарын өсіретін мамандандырылған
шаруашылықтардың жоқтығы;
картоп және жеміс-көкөніс өндірісінің ұсақ тауарлылығы, осы өнімді
өндіретін орта және ірі шаруашылықтардың аздығы;
жылыжайлардың жоқтығы;
облыстың ірі және өнеркәсіпті қалаларының көкөніс және картоп
қоймаларымен аз қамтамасыз етілуі;
картоп және көкөністі өңдеудің дамымағандығы;
шаруашылықтардың картоп және көкөніс өсіруге арналған мамандандырылған
техникамен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
Өскемен қаласындағы көкөніс шаруашылықтарында бар суармалы жерлер
тиімділігінің төмендігі;
облысқа шеттен әкелінетін көкөніс өнімдері үлес салмағының үлкендігі
және олардың бағаларының қымбаттылығы.

4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері

Мақсаты:
облыс қалалары мен аудандары тұрғындарын өндіру, дайындау, сақтау және
сатудың аяқталған түріндегі картоп және көкөніспен барынша толық қамтамасыз
ету.

Міндеттері:
облыс тұрғындарын картоп және жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз
ету;
бәсекеге қабілетті және жоғары сапалы өнім өндіруді қамтамасыз ету;
қазіргі заманғы агротехнологияларды енгізу, аталған дақылдарды
суармалы жерлерде өсіру арқылы картоп және жеміс-көкөніс өндіру тиімділігін
арттыру;
көкөніс өсіретін шаруашылықтардың қолданыстағы суармалы жерлерін
қайта жаңартуды жүргізу, жаңа суару жүйелерін салу;
арнайы ауыл шаруашылығы техникаларымен және жабдықтармен қамтамасыз
ету;
облыстың ірі қалаларында көкөніс және картоп қоймаларын салу;
қазіргі заманғы инфрақұрылымды жылыжайлар салу;
республиканың басқа өңірлерінен және басқа елдерден әкелінетін картоп
және көкөністің үлес салмағын азайту;
картоп және жеміс-көкөніс өнімдері бағаларының негізсіз өсуін тежеу;
жер-жерлерде жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеуді ұйымдастыру, оларды
өңдейтін жаңа өндірістер ашу.

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері

Осы Бағдарламаны тиімді түрде жүзеге асыру мақсатында мынадай бірқатар
шараларды атқару қажет:
ғылыми негізделген агротехнологияларды және ауыспалы егістікті енгізу
және сақтау;
өндірісте картоп және көкөністің аудандастырылған және жоғары өнімді
тұқымдарын пайдалану;
көкөніс өсіретін шаруашылықтарда қолданыстағы суармалы жерлерді қайта
жаңарту жүргізу және жаңа суармалы жүйелерді салу;
картоп және көкөніс өсіретін шаруашылықтарды лизинг жүйесі арқылы
арнайы ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету;
картоп және көкөніс-бақша дақылдарын өсіретін мамандандарылған
бригадалар, звенолар құру;
Өскемен және Семей қалаларында жабық жерде көкөніс өндіретін жылыжай
шаруашылықтарын салу;
облыстың ірі қалаларында картоп және көкөніс қоймаларын салу;
көкөніс және картоп өңдейтін жаңа өндіріс орындарын ұйымдастыру;
ауылдарда көкөніс және картоп қабылдайтын дайындау пункттерін ашу;
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен қарым қатынас жасау арқылы
тұтыну рыногын өніммен молықтыру, яғни, жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді
ӘКК қатысуымен жүзеге асыру, міндетті түрде Семей және Өскемен қалаларының
әкімдіктері белгілеген сауда орындарында сату және қоймаларында сақтау.

1. Тұрғындардың жеміс-көкөніс өнімдеріне қажеттіліктерін қамтамасыз ету
жөніндегі шаралар

Облыс тұрғындарының жеміс-көкөніс өнімдеріне болған қажеттілігін және
қамтамасыз етілуін талдау мынадай көрінеді (7-кесте).
Жалпы алғанда облыс көкөніспен толық қамтамасыз етілген. Сонымен
қатар, жеміс-көкөніс өнімдерінің кейбір түрлері бойынша мынадай
жетіспеушілік байқалуда: пияз – 11,3 мың тонна, томат – 0,8 мың тонна, алма
– 12,1 мың тонна, жеміс-жидек – 6,8 мың тонна.
Тұрғындардың жетіспейтін өнімдерге болған қажеттіліктерін қамтамасыз
ету үшін мынадай шаралар қабылдануда:
1) 2008 жылы жанар-жағар майдың және басқа да материалдық
құндылықтардың құнын арзандату бағдарламасы бойынша облыстың бақша
дақылдары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 18,2 млн. теңге, картоп
өсіруге - 1,2 мың гектар егістік алқабына, 13,2 мың тонна жалпы өнім
жинауға 3,0 млн. теңге, көкөніс өсіруге - 0,69 мың гектар егістік алқабына,
10,4 мың тонна жалпы өнім жинауға 8,3 млн. теңге және бақша дақылдарын
өсіруге – 0,56 мың гектар егістік алқабына, 14 мың тонна жалпы өнім жинауға
6,8 млн. теңге төленді.
2009 жылы 2,5 мың гектар жерде картоп өсіру үшін 6,3 млн. теңгенің,
1,2 мың гектарда көкөніс және бақша дақылдарын өсіруге 14,4 млн. теңгенің
субсидиясын төлеу жоспарланып отыр.
2) 2009 жылы көкөніс дақылдары өсірілетін жерлердің аумағын 103%,
картоптың аумағын – 104%, бақша дақылдары аумағын 104%-ға ұлғайту көзделіп
отыр (8,9,10-кестелер).
Өскемен қаласы бойынша мынадай картоп қоры жасалынады:
Дина толайым-бөлшек сауда кешені – 350 тонна;
Ақдария жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 2000 тонна;
Т.Қ.Екімбаев шаруа қожалығы – 222 тонна.

5.2. Өскемен және Семей қалалары халқын
қамтамасыз ету шаралары

Облыс қалалары халқын картоп және бақшалық көкөніс өнімдерімен барынша
қамтамасыз ету мақсатында:
Өскемен қаласы бойынша:
2008 жылы 4,7 га аумақтағы жылыжай кешені бірінші кезегінің құрылысы
жүзеге асырылады, 2009 жылы 5 га аумақтағы жылыжай кешені құрылысы
көзделуде;
Екімбаев Т.Қ. шаруа қожалығында бар 100 гектар суармалы жер
жаңаланып, 150 га жаңа суармалы жер пайдалануға енгізіледі, бұл көкөніс
өндіруді қосымша 4,2 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.
Семей қаласы бойынша:
жылдық көлемі 2 мың тонналық, 1,0 га жылыжай кешенінің бірінші
кезегі құрылысын жүзеге асыру көзделуде.
Облыс бойынша көкөніс өнімінің барлық көлемі негізінен ашық топырақта
өндіріледі, облыста жылыжай және көшетжай шаруашылықтары жоқ (1,2-
сұлбалар).
Облыста көкөніс дақылдарының тиімді өндірісінің бірден бір кепілі
оларды өсіретін суармалы жерлердің болуы. Осыған сүйене отырып, 2008 жылы
Екімбаев Т.Қ. шаруа қожалығы 100 га аумақтағы суармалы жерлерді
жаңалауды, 2009 жылы 150 га аумақтағы суармалы жерлерді іске қосуды
жоспарлап отыр. Осы мақсатқа шаруашылық Халықаралық қайта құру және даму
банкінен 275 млн. теңге қаражат алуды жоспарлауда.
Облыста тамшылатып суару тәсілі қолданылмайды. Негізінен жайып суару
және жүйелеп суару қолданылады.

5.3 Өскемен және Семей қалаларында картоп және көкөніс өнімдерін өндіру
және тұтынудың қазіргі жағдайын талдау

5.3.1 Картоп шаруашылығы саласының жағдайы

2008 жылы Өскемен қаласы бойынша картоп егістігі алқабы 1,44 мың га
құрады, оның 72 га (5%) шаруашылық жүргізуші субъектілеріне, қалған бөлігі
тұрғындардың қосалқы шаруашылықтарына тиесілі (11-кесте). Картоп және
көкөніс өндірудегі тұрақтылыққа негізінен тұрғындардың қосалқы шаруашылығы
есебінен қол жеткізілді, олар бүгінгі уақытта негізгі өндірушілер болып
табылады. Картоп егістігінің үлкен аумақтары Т.К.Екимбаев коммандиттік
серіктестігінде – 175 га. Жедел мәліметтерге қарағанда ағымдағы жылы
картоптың жалпы түсімі 23,7 мың тонна құрады.
Семей қаласы бойынша ағымдағы жылы картоп 2,53 мың га аумаққа
отырғызылды, оның ішінде ауыл шаруашылығы құралымдары 511,2 га (20%)
аумаққа отырғызды. Ауыл шаруашылығы құрылымдары ішінде 283 га картоп
егістігі Агрофирма Приречное жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
тиесілі. Семей қаласы бойынша жалпы картоп түсімі 26,9 мың тонна құрайды.
Соңғы төрт жылдағы картоп өндірісіне жасалған талдау 2005 жылмен
салыстырғанда 2008 жылы картоп өсірілетін аумақ Өскемен қаласы бойынша
960,0 га, Семей қаласы бойынша 470,0 га азайғандығын көрсетеді.

5.3.2 Көкөніс шаруашылығы саласының жағдайы

2008 жылы Өскемен қаласы бойынша көкөніс аумағы 559 га алды, оның
ішінде 70 га (14%) шаруа қожалықтарына, 489 га тұрғындар шаруашылықтарына
тиесілі. Семей қаласында көкөніс дақылдары 1160 га жерді алып жатыр, оның
ішінде 330,4 га (28%) шаруашылық субъектілерінің үлесінде. Көкөніс
өндірумен 27 шаруашылық айналысады. Приречное ауылдық округінде – 251,4
гектар, Озёрское ауылдық округінде – 58,6 гектар, Новобаженов ауылдық
округінде – 19,6 га, Жиеналы ауылдық округінде – 0,8 га аумақ орналасқан.
Ағымдағы жылы 150,0 цга өнімділік жағдайында 17,4 мың тонна көкөніс
өндірілді (12-кесте). 2007 жылмен салыстырғанда шаруашылық субъектілерінің
көкөніс дақылдарына арналған аумағы 127,4 гектарға артты. Ауыл шаруашылығы
құралымдарында өсірілетін негізгі көкөніс дақылы – орамжапырақ болып
табылады, оның үлесіне жалпы егіс көлемінің 30,5% жатады, егістіктің жалпы
көлемінде сәбіз – 36,7%, қызылша - 9,7%, тәтті бұрыш - 0,8%, қияр - 2,0%,
қызанақ - 1,8% және басқа көкөніс өнімі 18,4%-ды алады.

Өңірде көкөніс жинайтын 5 комбайн есептеледі, олар Агрофирма
Приречное жауакершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі, өңірдің басқа
шаруашылықтары көкөністі жинау кезінде өз округтеріндегі адам ресурстарын
пайдаланады. Көкөністі отырғызу және тұқым себуде механикаландыру тәсілімен
қоса, көшетті жылыжайдан ашық топыраққа қолмен де отырғызады.

5.4 Өскемен және Семей қалалары тұрғындарының картоп және көкөніспен
қамтамасыз етілу жағдайы

Өскемен қаласында картоп өндіру 2007 жылы – 22,7 мың тонна құрады.
Халық саны 298,7 мың адам болғанда қаланың картоп және көкөніске жылдық
сұранысы 20,9 мың тонна құрайды. Азық-түліктік мақсатқа қалатын көлемі 13,5
мың тонна (13-кесте). Есептеулерге қарағанда қала халқының картоппен
қамтамасыз етілуі 64,6% құрайды. Өскемен қаласы халқының сұранысын толық
қамтамасыз ету үшін картоптың жетпеген көлемі облыстың басқа аудандарынан,
республиканың басқа облыстарынан және жақын мемлекеттерден әкелінеді.
Семей қаласы бойынша 2007 жылы 41,8 мың тонна картоп өндірілді. Халық
саны 308,2 мың адам болғанда қала тұрғындарының картоп және көкөніске
жылдық сұранысы 21,6 мың тонна құрайды. Азық-түліктік мақсатқа 26,3 мың
тонна тонна картоп қалады (13-кесте). Семей қаласының қамтылуы 122%-ды
құрайды.
Көкөніс өндіру көлемі Өскемен қаласында 2007 жылы 16,5 мың тонна,
Семей қаласында 19,4 мың тонна құрады. Өскемен қаласы тұрғындарының жылдық
қажетсінуі 29,9 мың тонна, Семей қаласынікі 30,8 мың тонна болғанда,
қамтылуы тиісінше 46,6%, 54,0% құрады, бұл аталған қалаларда көкөніс
тапшылығы үлкен екенін көрсетеді. Тұрғындарды толық қамтамасыз ету үшін
көкөністің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спирт өндірісі технологиясы
Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу туралы
Ауыл шаруашылығының дамыту негiзгi мәселелері
Крахмал, уыт, талқан өндірісі
Этил спиртінің құрамы
Көкөніс цехтары
Спиртті ашу
Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу
Крахмал мен спиртке картопты құрамалы өңдеу
Ауыр енбекпен және спортпен айналысатындардың тамактану ерекшелігі, Азық түлік тауарларының сапасын бақылау
Пәндер