Қытай тілі жөнінде


КІРІСПЕ
Қазіргі заманда көптеген алдыңғы қатарлы елдерде «ағылшын тілін пессимистер, қытай тілін оптимистер оқиды» деп айтылатын сөздер Қазақстан елінің қытай тілін оқитын жастардың ұранына айналған секілді. Әлемнің көне тілдерінің бірі болып есептелетін қытай тіліне адамдардың қызығушылығы күннен-күнге өсуде. Қытай тілі саласы - біздің еліміздегі жас мамандықтардың бірі деп айтсақ та болады. 90-шы жылдардың басында отандық білім ордаларында қытай тілі пәнін оқыта бастады. Көрші елдің тілін оқытуда, оқытушылар көптеген қиындықтармен кездесті. Осы уақытқа дейін бірқатар проблемалар өз шешімін тапқанымен, әлі де қытай тілін оқытудың зерттелетін салалары айтарлықтай көп.
Жер бетіндегі бірнеше өркениеттер иероглификалық хатты ерте замнда қолданатын. Қоғам, ғылым және философиялық ойдың дамуымен қатар, әр елдегі графикалық жазу біртіндеп әріптік жазумен ығыстырылды. Осы күнге дейін өзінің жалпы қалпын сақтап, қолданыста бар жазудың бірі - қытай тілі. Қазіргі таңда жазу белгілерінің семантикалық және фонетикалық түрлері бар, қытай иероглифтері - семантикалық белгілер, яғни әрбір иероглиф бір не бірнеше мағынаға ие. Сонау заманнан қытай иероглифтері әрине өзгеріске ұшырады, мемлекет тарапынан да қытай иероглифтерін тез есте сақтау үшін иероглифтерді бар мүмкіндігінше қысқартып, жеңілдету шаралары да өткізілді.
Жазу қытай елінің тарихында Шан-Инь б. з. д. XV ғасырда бар болатын. Оған куә ретінде 1889 жылы Хэнань провинциясынан археологтардың қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жануарлардың сүйегіндегі жазбалар. Сонымен қатар, асқа қолданатын ыдыстардың бетінде де көне жазбаның іздері табылған. Осынау ұзақ уақыт бойы өз жазуын сол қалпы сақтап келу, бұл бір қытай халқының дәстүрді мықты сақтау қасиеті шығар. Қазақ халқына да тән өзіндік жазуы Орхон-Енисей ескерткіштерінде табылған, соны сақтап қалу, не болмаса қайта жаңғыртып, қолданысқа енгізу әлі де қолымыздан келмеуде.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда қытай тілінің грамматикасы толық-қанды зерттелген, алайда қазақстандық тіл үйренушілер үшін мемлекеттік тілде, не болмасын орыс тілінде қажетті материалдар жоқ. Ұнамды және ұнамсыз мағына - қытай тілінің грамматикалық ерекшеліктерінің бірі. Мағынасы жағынан бір-біріне жақын сөздердің әрқайсысы өзінің қолдану реті бар. Сөздіктерден қарағанда аудармасы бір-біріне ұқсас келетін, 才干, 才华, 才能 бұл үш сөздің де мағыналары бір-біріне жақын, алайда, кішкене айырмашылық бар, бұлардың барлығы бір шама жоғары қабілетті білдіреді, бірақ негізгі түйіні ұқсас емес, 才干 - бұл адамның жұмыс істеу қабілетін білдіреді, 才华 - бұл сөз адамның парасаттылығы мен қабілетін білдіреді, ал才能 - сөзі бір негізгі қимылды немесе ойды іске асыруда қолданылады. Осындай сияқты мысалдар қытай тілінде жетерлік. Сонымен қатар қытай тілінде сөздің эмоциялық мағынасына көңіл бөлу керек, сол сөздің ұнамды сөз немесе ұнамсыз сөз екенін анықтап алу керек. Осындай сөздер жігін ажырататын грамматикалық заңдылық - ұнамды және ұнамсыз мағына деп аталады. Ұнамсыз сөздің ұнамды сөз болып қолданылуын, сөздердің эмоциясына қарай бөлетін болсақ, ұнамды, ұнамсыз, бейтарап болып бөлінеді. Кейбір ұнамды сөздермен ұнамсыз сөздер ерекше бір тілдік ортада, олардың эмоциясы үлкен өзгерісте болады. Сөздің эмоциялық бояуы дегеніміз - кей сөздер өзінің түп мағынасынан басқа, сөздің эмоциялық мағынасына да ие болады. Яғни қуаныш пен қайғы, қолдау мен қарсы болу секілді т. б. адам сезімін білдіретін сөздерді тілдің эмоциялық бояуы дейміз. Мысалы: “成果” cheng guo “后果” hou guo мағынасы бірдей, бірақ “成果” жақсылықты, табысты білдіретіндіктен бұл ұнамды сөзге жатады. Ал соңғысы ұнамсыз сөзге жатады, сондықтан қолдау, қуаттау, мақтау мағынасын білдіретін сөздер ұнамды сөзге; жеккөру, кемсіту, жабайы сөздері - ұнамсыз сөзге жатады.
Зертеу жұмысының мақсаты. Зерттеу еңбегінің басты мақсаты - қытай тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне тән, ұнамды және ұнамсыз мағына құбылысын жан-жақты ашып көрсету. Жай сөздерде, не фразелогизмдерде кездесетін бұл құбылысқа қаншалықты көңіл бөле үйрену қажеттігін, тіл үйренушілерге жеткізу.
Зертеу жұмысының мақсатынан төмендегідей міндеттер туындайды:
- қытай тілі туралы жалпы түсінікті жеткізу
- қытай тілінің грамматикалық ерекшеліктерін көрсету
- қытай тілінің фонетикалық ерекшеліктерін көрсету
- қытай тілінің лексикалық ерекшеліктерін көрсету
- сөздің эмоциялық бояуы құбылысымен таныстыру
- ұнамды және ұнамсыз мағыналар түсінігін аша көрсету
- фразеологизмдердің ұнамды және ұнамсыз мағынада қолдануын мысалдар арқылы көрсету
Зерттеудің пәні мен объектісі ретінде «汉语水平等级标准与语法等级大纲» оқулығын негізге ала отырып жұмыс жасадық. Бұл еңбекте ұнамды және ұнамсыз мағыналарға түсініктеме толық қанды берілген. В. И. Гореловтың «Грамматика китайского языка» еңбегінде жалпы қытай тілінің грамматикасына сипаттамалар берілген, грамматикалық ерекшеліктердің бірі - сөздің эмоциялық бояуы туралы бірер сөз қозғаған.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы: Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде В. А. Курдюмовтың «Курс китайского языка» Теоретическая грамматика оқулығы, «英语语法应试指导» оқулығы cонымен қатар, көптеген ғылыми еңбектер мен сөздіктер де пайдаланылды. Атап айтқанда, М. В. Софронов «Киайский язык и китайское общество», «Қытай тілі сөздігі » сияқты шет тліндегі еңбектері де пайдаланылды. Бірақ негізгі материалдар интернет көзінен алынды. Себебі, толыққанды оқулық табылмады, оның қытай тіліндегі материалдарын аудару арқылы ғылыми жұмыс атқарылды.
Зерттеу әдістері. Баяндау, жинақтау, текстологиялық, түсіндірмелі, жүйелі-кешенді, салыстырмалы талдау әдістері қолданылған.
Зерттеудің теориялық-практикалық маңызы. Диплом жұмысының нәтижелері ғылымның қытай тілі грамматикасы саласында, ұнамды және ұнамсыз мағыналардың түрлері, қолдану тәсілдері, фразеологизмдердің ұнамсыз және ұнамды мағынада келуі, сөздің эмоциялық бояулары туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуде пайдалы бола алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда жалпы қытай тіліне түсінік беріледі. Тарау екі параграфтардан тұрады. Бірінші параграфта, жалпы тіл түсінігіне анықтама. Екіншісінде, қытай тілінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері топтастырылған.
Екінші тарауда негізгі тақырып ұнамды және ұнамсыз мағынаға анықтама беру, мысалдары арқылы түсіндіру. Бұл тарау да екі параграфтардан тұрады. Біріншісінде, ұнамды және ұнамсыз мағынанға жалпы түсінік, түрлері, айырмашылықтары жайлы сөз қозғалса, екішісінде, сөздің эмоциялық бояуы туралы жан-жақты зерттелген.
Үшінші бөлім қытай тілі фразеологизмдерінің ұнамды және ұнамсыз мағынада айтылуы. Мысал келтіру арқылы фразеолгизмдер бірінші параграфында талданған. Екінші параграфы синоним, антоним және ұнамды, ұнамсыз сөздердің логикалық байланысы жайлы сөз қозғаймыз. Мысалдар арқылы ара жігін ашу мақсатында бұл тарау зерттелген.
Қорытынды бөлімде қандай тілді алсақ та, сол тілдің өзіне тән ерекшелігі болатындығы жайлы. Ұнамды және ұнамсыз мағынаға жеңіл-желпі қарамау керектігі жайлы. Бұл категорияның сөйлеу, жазу мәдениетінде аса маңызды екенін көрсету туралы сөз қозғаймыз.
1 ҚЫТАЙ ТІЛІ ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Тіл туралы бірер сөз
Тіл дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап көп және алуан түрлі. Өйткені адам баласының сөйлесу тілі - қыры да, сыры да мол, өте күрделі құбылыс.
Қазіргі кездегі тілге берілген анықтамалар материалистік көзқарастарға негізделеді. Онда тілдің қатынас қызметі де, экспрессивтік қызметі де бірдей ескерілген. Қатынас құралы қызметі жағынан алынғанда: «Тіл - қатынас құралы, ол қоғам мүшелерінің бір-бірімен қатынас жасау, өзара түсінісу үшін жаралған» (Ф. Энгельс) . «Тіл - адам қатынасының аса маңызды құралы» (В. И. Ленин) . Ал экспрессивтік қызметі жағынан алғанда: «Тіл - ойдың тікелей шындығы, ойды қалыптастыратын, жарыққа шығарушы құрал» (К. Маркс) . [10, 22бет]
Қатынас құралы болу - тілдің ең негізгі қызметі. Тілдің басқа қызметтерінің барлығы оның осы негізгі қызметіне тәуелді.
Тіл дегеніміз - қатынас құралы, экспрессивтік қызмет атқырушы таңбалардың тарихи түрде қалыптасқан жүйесі.
Тіл - халықтың тарихы, оның күллі өмірінің ізі. Тілден сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы сезіліп тұрады.
Тіл - талай заманның жемісі. Ол бірнеше қоғамға қызмет ете береді. Мысалы, қазақ тілі феодалдық қоғамға да, социалистік қоғамға да қызмет етті. Енді, міне, нарықтық қатынас қоғамына да қызмет етіп отыр.
Тіл белгілі бір топтың, айталық, не байдың, не кедейдің мұқтажын өтеу үшін емес, қоғамдағы барлық таптар үшін қызмет атқарады. Олай болса, тіл таптық сипатқа емес, жалпы халықтық сипатқа ие болады. Бұл - оның ең басты ерекшелігі.
Ендеше, адамзат тілі - биологиялық та, психологиялық та құбылыс емес, ол қоғамдық (әлеуметтік) құбылыс, қоғамға қызмет етеді. Себебі тіл қоғам үшін, қоғам мүшелерінің пікір алысып, өзара түсінісу үшін керек, сол үшін жаралған, сол үшін жасалған. Пікір алысу, түсінісу қоғам бар жерде ғана болады. Бір-бірімен сөйлесетін адамдар жоқ жерде тіл де жоқ. Қоғам қай жерде, қашан туған болса, тіл де сол жерде, сол заманда пайда болған. Қоғамсыз - тіл, тілсіз - қоғам болмайды.
Тілдің ең басты қызметі не?
Оның ең басты қызметі - қатынас құралы болуы. Тіл - адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын қоғамдық құбылыс.
Тіл мен қоғамның арасындағы байланыс екі жақты болады. Біріншісі: тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі мүмкін емес. Өйткені тіл - қоғамның өмір сүруінің басты шарты. Екіншісі: тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғамнан тыс тіл жоқ.
Тілдің екінші басты қызметі - ол ойлаудың, ойды жарыққа шығарудың құралы. Адамның ойы тіл (сөйлемдер) арқылы белгілі болады. Демек, ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты.
Тілдің бұл екі қызметінің басқа, яғни қатынас құралы болу қызметі мен ойлаудың құралы болу қызметінен басқа, тағы бір қызметі бар. Ол - оның атауыштық (номинативтік) қызметі. Яғни тіліміздегі әрбір сөз, сөз тіркесі - белгілі бір заттың, ұғымның, қимылдың, сынның аты, атауы болып табылады.
Тілдің төртінші қызметі - дүниетанымдық қызмет. Біәз дүниені тіл арқылы танимыз. Өйткені тіл - дүниені (болмысты) бейнелеудің негізгі формасы.
Тілдің бесінші қызметі - экспрессивті-эмоционалдық қызмет. Тілдің экспрессивті-эмоционалдық қызметі деп - адамның сол затқа, ұғымға деген өзіндік (субъектиті) қатынасын, эмоциясын, яғни не жақсы көру, не жек көру сезімін айтамыз. Мысалы: алақай, масқара, қап, айналайын т. б.
Тіл адамдардың қатынас құралы ретңнде барлық қоғамға қызмет етеді. Сондықтан да, ол қоғамдық құрылыстың жойылуына байланысты жойылып кетепейді. Себебі тіл - таптық емес. Оны белгілі бір тап жасамайды. Ол сол тілде сөйлейтін барлық ұрпақтың күшімен жасалынады.
Тіл, негізінен алғанда, өзінің нысандық (объективтік) заңы бойынша дамиды. Бірақ оның дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Өйткені қоғам өмірінде болған өзгерістер белгілі бір мөлшерде тілге де әсерін тигізеді, онда ізін қалдырады.
Тіл мен ойлау өзара байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі: екіншіден, тіл де, ойлау да - қоғамдық құбылыстар. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі.
Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып (не жазып) жеткізеді. Тыңдаушы да айтушының ойын тіл арқылы түсінеді. Сондықтан болар, К. Маркс: «Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы» - деген болатын. Демек, тіл - пікір алысу құралы, ойлаудың құралы, ойды жарыққа шығару құралы. [11, 51 б]
Тағы да қайталайық: ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты. Тіл ойлаудың шығуымен бірге, бір мезгілде шығып қалыптасты және оның дамуымен бірге дамып келеді. Ендеше, ойлаудың тілден тыс болуы мүмкін емес екен.
Демек, тіл бір түрлі қоғамдық құбылыс. Яғни адамзат қоғамның біртүрлі ерекше байлығы болып табылатын тілді қоғамнан екі елі ажырату мүмкін емес.
Тіл қоғамсыз өмір сүре алмаса, қоғам да тілден айырыла алмайды. Егер тіл болмаса, қоғамның дамуы тоқтап, адамдардың парасат-пайымы, сана-сезімі ойсырап, тіршілігі өз ырғағынан айырылған болар еді. Демек тілдің әлеуметтік сипатының өзін қоғамдық құбылыстар қалыптастырған
1. 2 Қытай тілінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері
Тіл тек қана жай «қарым-қатынас жасау, пікір алысудың құралы» ғана емес, бір ұлттың халықтық болмысының айнасы. Демек, басқа халықтың тілін білдім деген сөз, сол халықтың ділін білдім деген сөз. Бұның себебі тілдің тағдыры сол халықтың тағдырымен, тілдің тарихи сол халықтың тарихымен біте қайнасып, бір тұлға болып, бүтін бітімге айналып кеткендігінде.
Қытай тілінің грамматикасына тоқталмастан бұрын грамматика мәселесінің өзіне жеке тоқталып өтейік. Грамматика дегеніміз - тілдегі сөздерді біріктіру, сөйлем құрау ережелері. Ол лингвистикадағы маңызды категориялардың бірі. Яғни грамматика нақты сөз бен сөйлемдердің мағыналарын түсіндірмейді, есесіне сөз бен сөйлемдерде болатын нақты құрылымдық заңдылықтар мен құбылыстарды түсіндіреді. Өйткені тек сөздерді тізіп қоя салумен ғана пікірлесу жүзеге аспайды. Ол мақсатқа жету үшін тілдік заңдылықтардан пайдалана отырып, сөздерді кіріктіре біріктіруге тура келеді. Ал жеке сөздер қайткенде кірігеді, қайткенде бірігеді . . . деген мәселелерді грамматика зерттейді. Сондықтан да грамматика тілді зерттеудің негізгі 4 құрамдас бөлігінің бірі болып есептеледі (фонетика, лексика, грамматика, семасиология) . [12, 6 б]
Грамматика сөзі біріншіден - тілдің құрылымдық заңдылықтары, екіншіден - тілдің құрылымдық заңдылықтары мен құбылыстарын зерттейтін ғылым деген мағыналарды білдіреді.
Грамматика өз ішінен екі үлкен салаға бөлінеді: сөздердің жасалуы мен түрленуін зерттейтін саласы - морфология деп аталады да, сөз тіркестері мен сөйлемдерді қаратыратын саласы - синтаксис деп аталады. Демек грамматика жеке ғылым, дербес пән ретінде тілдегі сөздердің жасалуы мен түрленуін және сөз тіркестері мен сөйлемдердің жасалу заңдылықтарын қарастырады.
Әр тілдің грамматикалық ерекшелігі болады. Бір ғана сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі рет тәртібін алып айтатын болсақ, соның өзі әр тілде әр басқа болып келеді. Мәселен, қытай тіліндегі сөйлем мүшелерінің рет тәртібі - бастауыш - баяндауыш - толықтауыш деген рет тәртіппен келеді.
Ал қытай тілі грамматикасын біз бұл арада дәстүрлі грамматика бойынша қарастырамыз. Жоғарыда атап өткеніміздей, дәстүрлі грамматика өз ішінен - морфология, синтаксис деген екі үлкен салаға бөлінеді. Мұнда морфология сөздің құрылымдық заңдарын, сөздің таптарын және ерекшеліктерін қарастырады. Ал синтаксис сөз тіркестерінің құрылымдарын, сөйлем мүшелерін және сөйлем түрлерін т. б. сөйлемдік құбылыстарды зерттейді.
Морфология мен синтаксис - грамматиканың бөлек-бөлек екі саласы болғанымен, олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Мысалы:不但A 而且 B Деген сөйлем үлгісі сатылы құрмалас сөйлем ретінде синтаксиске тән болса; 不但 мен 而且 жалғаулық ретінде морфология категориясына жатады. Сондықтан грамматиканы үйренгенде морфология мен синтаксистік біріне олай, біріне бұлай қарамау керек. Ал қытай тілін өзге тілдермен салыстыра келгенде, оның мынадай ерекшеліктері: фонетикалық, лексикалық және грамматикалық бар деуге болады.
- Фонетикалық ерекшелігі.
Cөз дегеніміз - қыры-сыры мол, күрделі категория. Сөздің мағыналық, дыбыстық шығу төркіні, даму тарихы, қолдану ерекшелігі, жасалу жолы, өзгерілу жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар.
Тіл ғылымының әр саласы сөзді әрқилы тұрғыдан қарап тексереді. Мысалы, сөздің дыбыстық жағының сыр-сипатын оның белгілі бір дыбыстық комплекс арқылы құлаққа естілетінінен байыптаймыз. Дыбыстық комплекс дегеніміз - сөздің дыбыстық жамылысы. Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәрі де белгілі бір ұғымды, белгілі бір дыбыстық жамылыш арқылы айтып, сол дыбыстық жамылыш арқылы естіп, сол арқылы сөз түрінде қабылдайды. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыстық жамылыш белгілі бір ұғымның аты я атауы (сөз) ретінде қызмет атқарады.
Дыбыстық комплекс, біріншіден, бір тұтас комплекстік тұлға болса, екіншіден жеке-жеке дыбыстарға бөлшектенетін немесе, керісінше, жеке-жеке дыбыстардан құралатын тұлға. (единица) . Сөздің осындай дыбыстық жақтарымен байланысты мәселелерін зерттеу -тіл білімінің фонетика тарауының міндеті. [12, 29 б]
Қазіргі қытай тілі фонетикасының өзге тілдер фонетикасымен салыстырғанда көзге ұрып тұратын көрнекті бір ерекшелігі - мейлі бір буынның басында немесе соңында болсын екі не үш дауыссыз дыбыстар қатар келетін жағдай кездеспейді. Бұл жағдайда түркі немесе славян тілдерімен салыстырғанда, әсіресе анық байқалады. Мысалға қазақ тіліндегі «өрт», «құрт» деген бір буынды сөздегі іркес-тіркес келіп тұрған дауыссыздарды алайық немесе орыс тіліндегі екі-үш дауыссыздың қатар келетін жағдайларын (парк, здраствуй) алайық, бұл секлді құбылыстар қытай тілінің фонетикасына мүлде жат. Бұдан шығатын қорытынды мынау: қытай тіліндегі буындардың құрылымдық формасы ретті, буындардың шет-шекарасы өте айқын. Есесіне сөздердегі дауысты дыбыстардың орны ерекше, яғни буындардағы дауысты дыбыстардың сандық самағы дауыссыздардан әлде қайда көп екендігін байқауға болады. Сондай-ақ ашық буынның көптігі де, әр буынды тиесілі ырғақ (тон) болатындығы да қытай тілі фонетикасының басты ерекшелігі есептеледі.
Қытай тілінде төрт тон бар, яғни әрбір буын сөздің өзіне тән дыбысталуы, әуені бар десек те болады. Олар: 1 тон() дыбыс бірқалыпты айтылады, 2 тон () дыбыс жоғары көтеріледі, 3тон () дыбыс төмен түсіп, қайта өз орнына келеді, 4 тон () дыбыс төмен түседі. [13, 4 б]
Тіл ерекшелігіндегі тондар тек мағынасын ажырату функциясын ғана беріп қоймай, сонымен қатар сөйлеуде рифма мен әуендік дыбысталу беріп отырады. Әртүрлі тонмен айтылатын бір буын әртүрлі мағына береді.
- Лексикалық ерекшелігі.
Қазіргі қытай тілі лексикасының басты ерекшеліктерінің бірі - сөздердің дәстүрлі бір буындылықтан жаппай қос буындылыққа қөшіп бара жатқандығы. Бұл жағдай, әсіресе, мына бірнеше себептерден анық байқалуда. Біріншіден, көне қытай тіліндегі бір буынды сөздердің түгелге дерлік екі буынды сөздер басуда. Мысалы, көне қытай тілінде «көз» ---目деген жалғыз сөз болса, бүгінде оның орның « 眼睛 » деген қос буынды сөздің басқаны белгілі. Сол секілді - 军 -нің орнын 军队- ның басқанын т. с. с. атауға болады. Екіншіден, көне қытай тіліндегі бір буынды сөздердің біразы қазіргі қытай тілінде аллофондық рөл атқарып, қос буынды сөз жасаудың «белсендісі» болып алған жайы бар. Мысалы, көне қытай тілінде «білу» деген мағынасы білдіретін « 习 » деген сөз бүгінде үйрену.
学习 Пысықтау 练习 практика 实习 немесе 习题 (пысықтау сұраулары) деген секілді қос буынды сөз жасайтын аллофон болып жүр. Бұған да мысал көп. Үшіншіден, қытай тіліндегі бұрын-сонды қалыптасқан сөздер немесе сөз тіркестері уақыт озған сайын өзінен-өзі ықшамдалып, қос буынды сөздерге өзгеріп барады. Мысалы, 科学研究 - 科研医疗效果 - 医疗
өзгеру секілді үрдісі бел алуда. Төртіншіден, өзге тілдерден дыбыстық аударма арқылы кірген көп буынды сөздердің де орнын таза қытайша екі буынды сөздер иеленуде.
Бұлардан тыс қытай тілі лексикасының тағы бір көрнекті ерекшелігі ретінде - түбір сөздерді біріктіру арқылы жаңа сөз жасағыштық қасиетін айтуға болады. Демек қытай тілінің сөз жасау ерекшелігі сөзді туындату арқылы емес, түбір сөздерді біріктіру арқылы жүзеге асатындығын аңғаруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz