Қазіргі отбасы жағдайының әлеуметтік-психологиялық аспектілері


ҚАЗАҚ СТАН РЕСПУБИЛКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Қазіргі отбасы жағдайының әлеуметтік-психологиялық аспектілері
Орындаушы:
«050103 - Педагогика
және психология»
4 курс студенті
(қолы, күні)
Ғылыми жетекші:
пс. магистрі, аға оқытушы М. А. Қуаналиева
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді
«» 2009 ж.
Психология және әлеуметтік
педагогика кафедрасының
меңгерушісі, профессор Р. Б. Каримова
(қолы, күні)
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕГІ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеудің теориялық бастамалары . . . 7
1. 2 Отбасының құрылымы және оның қоғамдағы негізгі қызметтері . . .
2. ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ РОЛІ
2. 1 Отбасы институтына бағытталған еліміздің негізгі саясаты . . .
2. 2 Қазіргі заманғы отбасының бүгінгі бейнесі . . .
2. 3 Қазіргі заманғы отбасындағы рольдік ерекшеліктер . . .
2. 4 Қазіргі заманғы отбасындағы бала тәрбиелеу мәселелері . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Егеменді Қазақстан Республикасы орнағалы, елімізде жағдай түбегейлі өзгерді. Нағыз мемлекет боламыз десек, баланы бесігінен, мемлекетті отбасынан бастауымыз керек.
Отбасы әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтық белгілерін біріктіретін әлеуметтік жүйені білдіреді. Бұл қоғамдық қатынастар мен процесстердің әртүрлі түрлері түйісетін, көптеген әлеуметтік функциялар тән кешенді әлеуметтік құбылыс. Отбасы әлеуметтік институт ретінде оның мүшелері арасындағы қарым-қатынасты реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлықтардың үлгілерінің жиынтығы. Сонымен қатар, отбасы ұрпақ жалғастыру, бала туу, баланы қамтамасыз ету және жас ұрпақтың әлеуметтенуі қызметтерін атқарушы ғана емес, ол әлеуметтік институт ретінде әлеуметтік өзгерістердің белсенді бөлігі болып, сол өзгерістерді орындаушының да ролін атқарады. Яғни, отбасы - шағын орданың бір кірпіші. Осы кірпіштер берік болса, мемлекет те орнықты болады. Сондықтан да, әрбір қазақтың тәрбиесін бесіктен, мемлекетті отбасынан бастауымыз қажет.
Еліміздегі қазіргі заманғы отбасының бүгінгі жағдайы дағдарыстық құбылыстарға толы болуы, атап айтқанда, отбасы және неке тұрақсыздығы, жастардың некеге тұрып, отбасын құруын артқа қалдыруы немесе отбасына деген жауапкершілігінің болмауы, ондағы құндылықтардың өзгеруі, рольдердің өзгеруі, жалпы тәрбие беру мәселелерінің өзгере бастауы сияқты көкейтесті сұрақтар қатары зерттеу жұмысының өзектілігін ашады, яғни қазіргі біздің жағдайымызда алдымызға қоятын мақсат мемлекет тарапынан отбасыға барынша көңіл бөліп, оған қолдау көрсету болуы тиіс. Себебі алдағы уақытта отбасының әлеуметтік институт ретінде жойылу қауіпі бар. Отбасының ыдырауы, ажырасу, некеге тұрудан бас тарту, жетім балалар, қарттар және жалғыз басты әйелдер және т. б. сияқты аса күрделі мәселелер бүгінде алдымызда шешімін дұрыс және толық таппай тұрған сұрақтар болып табылады. Сәкесінше, осындай отбасындағы болып жатқан жағымсыз құбылыстар қоғамның, отбасының ролін көтеруге және адамдардың қоғамдағы және отбасындағы дұрыс өмір сүруіне қажетті жағдайды құру жолдарымен құралдарын іздеуге мәжбүрлейді.
Бүгінгі таңда еліміздегі қоғамдық - мәдени, әлеуметтік - экономикалық жағдай, сонымен қатар, нарықтық қатынастың орын алуы, әртүрлі дәрежедегі тәуелсіздіктер және дамуышы елдің жалпы ықпалы отбасының өмір сүру салтына, құрамына, тұтастығына тікелей әсер етіп отыр.
Жалпы отбасы институты қандай қоғамдық құрылыста болсада, адам баласының дүниеге келуімен оның өсіп, қалыптасуын қамтамасыз ететін болғандықтан, ол адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі шешуші факторларының бірі екендігі даусыз. Олай болса, отбасы мен неке тағдыры қандай болмасын қоғамдық құрылыспен, ондағы өндірістік қатынаспен тығыз байланысты болу арқылы, әр қоғамдық формациядағы әлеуметтік өзгерістермен бірге отбасы сипаты да өзгеріп, жаңарып отырады. Мұның өзі отбасы мәселесінің, оның даму тарихының үлкен қоғамдық мәселе екендігін айқындай түседі де, оны зерттеу ісінің ғылым алдындағы аса жауапты да, өте қажетті, әлеуметтік мәні бар үлкен мәселенің бірі болып есептелінуін білдіреді. Кешегі кеңес дәуіріндегі отбасы мен некеге көзқарасты түбірінен өзгертіп, ұлы өзгерсітер мен қазіргі экономикалық және әлеуметтік жағдайларға орай отбасы институтын шынайы түрде қайта қарау керек. Сонда ғана еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени өмірінде болып жатқан түбірлі өзгерістер мен жаңа қарым-қатынастар отбасылық, некелік қатынастарда өз сипатын дұрыс бағытта алатын болады.
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психолгияның, педогогиканың, демографияның зерттеу обьектісі болып саналады. Олардың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырады. Отбасы институтына социологиялық тұрғыда талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдалықтарын зерттейтін әлеуметтанудың өзекті мәселелерінің бірі ретінде алға шығады.
Отбасы адам үшін алғашқы тәрбие беру институты, оны адам өмір бойы сезініп өтеді. Отбасы әлеуметтенудің маңызды факторы болып табылады да, онда адамгершілік негіздері бекітіледі, мінез-құлық нормалары қалыптасады, жеке адамның ішкі дүниесі мен жеке қасиеттері ашылады. Ол адам мен қоғамның қайта өзгеруінде шешуші рөл атқарады.
Сонымен қатар, отбасы қоғамның дербес бөлігі, әлеуметтік ортамен тығыз байланысты болады да, соған тәуелденеді. Отбасында қоғамдық өмірдің барлық жетістіктері, қиындықтары және қайшылықтары өз бейнелерін табады. Социумдағы отбасы - күрделі феномен. Ол қоғамға тәуелді, сондықтан онда болған өзгерістер мұнда да болады. Мұндағы диалектика мынадай: отбасы қоғамдағы өзгерістермен бірге өзгереді, ал ол өз кезегінде отбасымен бірге өзгереді. Осыған байланысты отбасы жеке адам мен қоғамның өзара әрекеттестігі туындайтын әлеуметтік арена болып табылады.
Негізінде отбасы институтының дамуы көптеген жағдайларда кері әсер ететін әртекті шарттар мен факторларға байланысты болып келеді. Оларға демографиялық жағдайдың ауырлауы, толық емес отбасылар санының өсуі, жалпы халықтың денсаулығының нашарлауы, яғни тұрмыстық жағдайдың төмендеуі, еңбекке жарамды халық арасындағы, оның ішінде ер адамдардың өлімінің өсуі, маскүнемдік пен нашақорлықтың жойылуы жатады.
Зерттеу жұмысының пәні: қазіргі заманғы отбасын әлеуметтік тұрғыда қарастыру.
Зерттеу жұмысының объектісі: қазіргі заманғы отбасы.
Зерттеу жұмысының міндеті: тақырыпқа байланысты материалдар жинақтау және сараптау, сол арқылы отбасындағы болып жатқан қандай да бір өзгерістерді, яғни ондағы рольдік қарым-қатынастар, балаға тәрбие беру, жалпы отбасына қатысты мемлекеттің ұстанатын саясатының тұстарын толық қарау, жаңа құндылықтар мәселелерін қарастыру және бүгінгі күнгі еліміздегі қазіргі заманғы отбасындағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-психологиялық кеңістігін анықтау мақсатында нәтижелер белгілеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты: еліміздегі қазіргі заманғы отбасындағы көптеген процестерді ескере отырып, бүгінгі отбасының қызмет етуімен бір қалыпты өмір сүру үшін қиындықтарды туындатқан мәселелердің қатарын белгілеп, оның негізгі себептерін анықтау.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: егеменді еліміз Қазақстан үшін, ондағы әр бір тұлға үшін отбасы мәселесі, оның әлеуметтік институт ретіндегі ролі, сонымен қатар отбасы құндылықтары бүгінгі таңда жаңа бір өзгеру сатысында. Сондықтан да отбасының бүгінгі таңдағы жағдайы мен даму көрінісі өте маңызды тақырыптардың бірі болып есептелінеді.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі: магистрлік жұмыс батыс, кеңестік және қазақстандық социолог-ғалымдардың әлеуметтік теорияларына және отбасына қатысты әр түрлі мәселелер бойынша салыстырмалы ойлары мен социологиялық талдау нәтижелеріне негізделіп жазылған, сонымен бірге бұл тақырыпты зерттеу кезінде тарихи талдау, жүйелік талдау қолданылған.
Зерттеу жұмысының құрылымы: магистрлік жұмыс кіріспе, екі тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі мен сілтемелерден тұрады.
1. ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ РЕТІНДЕГІ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1. Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеудің теориялық бастамалары
Дүние жүзі халықтары тәрізді, қазақтың да өзіне тән отбасы тарихы бар. Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық-экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын, әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған. Оны Жер планетасын мекендеген барлық халықтар өз басынан өткізген.
Отбасы тарихының бұдан кейінгі даму сатысы топты некенің ішінде жҰп отбасының қалыптаса бастауымен, яғни қандас туыстар арасындағы некелесу ғұрпына тыйым салуына байланысты болған. Осының нәтижесінде алғашқы қауым ішінде бірімен бірі некелеспейтін «ағалы-інілілер», «апалы-сіңлілер» топтары қалыптаса бастады да, тағылық дәуірдегі топты неке біртіндеп ығысып, оның орнына жұп отбасы дүниеге келді. Жұп отбасы тағылық дәуірдің соңында қалыптасып, варварлық дәуірде әбден кемеліне келіп, қоғамдағы басты отбасы формасына айналады. Бірақ мұндағы неке беріктігі онша мығым болмағандықтан, отбасының ыдырап, ажырасуы тым оңай болған.
Алғашқы қауымдық қоғамда өндіруші күштердің дамып, еңбек бөлінісінің шығуына байланысты, қауымдық ортақ меншік орнына жеке меншіктің пайда болуы - моногамиялық отбасының, таптың және мемлекеттің шығуына әкеліп соқты. Моногамиялық отбасы варварлық дәуірдің соңғы кезеңінде басталды да, оның жұпты некенің түпкілікті жеңуі цивилизация дәуірінің басында еркектер үстемдігінің орнауымен байланысты болды. Сондықтан моногамиялық отбасы түгелдей еркектер үстемдігінің негізінде қалыптасып, жетіле түсті. Отбасы тарихының бұл кезеңінде некелесу не ажырасу тек қана еркектер үлесіне тиді де, моногамиялық отбасындағы өзара байланысты жұпты некеге қарағанда әлде қайда нығая, беки түсті.
Бұл жағдайда ескере кететін жағдайдың бірі, жоғарыда келтірілген отбасы формаларынан бұрын қалыптасқан алғашқы ру - пуналуал қандас туыс отбасынан, ал соңғы формасы ретсіз жыныстық қатынаста (промискуитет) өмір кешкен топтардан шыққандығы туралы кезінде түгелдей болмаса да, Л. Морганның пікірі тарихи шындыққа жатпайтындығын белгілі ғалым Ю. И. Семенов дәлелдеген-ді. «Қандас туыс отбасы мен пуналуал отбасына алғашқы рудың шығуынан бұрынғы кезеңдер деп қарау этнография ғылымының даму барысында толық сырылып тасталды [1] . Отбасы және неке қатынастарының пайда болу қарсаңындағы бірден - бір кезең ретінде күшінде қалып, түбегейлі дәлелденген жай - промискуитет туралы айтылған пікір. Қазіргі кезде кеңес ғалымдарының дені рудың тікілей ретсіз жыныстық қатынаста болған адамдар ұжымының шыққандығын қолдап отыр.
Сөйтіп, топты неке - жабайылық дәуірге тән болса, жұпты отбасы - варварлық, ал моногамиялық отбасы цивилизация дәуірлеріне тән болған.
Отбасы тарихындағы мұндай неке формаларын қазақ халқының арғы тектері де басынан өткізді. Бұған дәлел ретінде сол көне отбасы түрлерінің кейбір қалдықтары қазіргі жаңа заманда да кездесіп тұратындығын айтсақ жеткілікті сияқты.
Отбасы қоғамдағы тоталитаризм және индивидуализмге қарсы бола алатын әлеуметтік институт. Сондықтан да отбасының нығаюына тұлға мен қоғамның алатын орны ерекше. Отбасының әлеуметтік институт ретінде демографиялық және отбасылық құрылым арқылы әлеуметтік тарихи өзгерістердің жүруіне өз бетінше әсер ете алады. Олай дейтініміз, отбасы - қоғамның негізгі ұяшығы, негізгі бастамасы болып табылады. М. С. Мацковскийдің пікірінше отбасы институт ретінде келесі жағдайда, яғни отбасы өмір сүру салты мен оның қызметі белгілі бір рамка бойынша қандай да бір қазіргі заманның қоғамдық талаптарына қаншалықты сәйкес немесе сәйкес еместігін анықтау өте маңызды болған жағдайда айтылады. Әлеуметтік институт моделі отбасы болашақтағы өзгерістеріне болжам жасау үшін маңызды болып келеді [4] .
Отбасы әлеуметтік институт ретінде - отбасының өмір сүру салты мен отбасылық қарым-қатынасқа қоғамдық талаптардың дамуы және транформацияның ықпалдылығын, яғни отбасына деген әсерін білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар отбасы әлеуметтік институт ретінде нормалардың әлеуметтік механизмі қандай және олар қай бағытта өрбуде, отбасындағы қарым-қатынас пен отбасылық мінез-құлықты әлеуметтік реттеу жүруде деген сияқты өзекті сұрақтарды айқындауға мүмкіндік туғызады.
М. С. Мацковский өз еңбегінде - отбасының әлеуметтік институт ретінде өзіндік спецификалық ракурсқа ие екендігін айтып өткен. Себебі зерттеушіні ең әуелі отбасындағы мінез-құлық үлгісі, отбасындағы орнатылған рольдер, некелік-отбасылық қарым-қатынастардағы санкциялар мен формалды емес нормалардың ерекшелігі қызықтырды. Сонымен қатар М. С. Мацковский жұбайлар арасындағы қарым-қатынасты қарастыра келе, неке институтына мән береді. Себебі бұл неке институты отбасылық институт қызметі мен отбасылық топтың өмір сүру қызметі үшін әр түрлі нормалармен санкциялар арқылы өзара міндеттер мен қызықтар жүйесін реттейді [5] .
Ғылыми тұрғыдан қарастырудың сан алуандылығын ескере отырып, қазіргі заманғы отбасын институтционалданған қауымдастық деп те анықтама беруге болады. Институтционалданған қауымдастық неке негізінде және жұбайлардың өз балаларының денсаулығы мен олардың тәрбиесіне деген құқықтық және моральдық жауапкершіліктің негізінде қалыптасады.
Қазақ жұртшылығында шағын дара отбасының XV-XVII ғасырлардың өзінде үстем болғандығына ежелден бері қалыптасқан отауға енші бөліп беру дәстүрінің өзі-ақ бұлжытпас дәлел болғандай. Бұған қосымша кең байтақ Қазақстан өлкесін аралап жүргенде, қарттардың: «Бізде жеті атамыздан бері қарай бірде-бір үлкен патриархал отбасының болғандығын естіген емеспіз» дегендері де дәлел сияқты.
Пікірімізді дәлелдеу үшін солардың жазып алған деректердің кейбіреулерін келтіре кеткен жөн болар. Мәселен, Баянауылдық Ағыбай, Арғынбай, Қайыржан және Смағұл Қақабайұлдары мен Қадыр Байжанұлы сияқты қарттардың әрқайсысы 50-60-жылдары 60-80 жасқа келіп, немере сүйген адамдар. Бұлардың немерелерінен санағанда 8-ші атасы Самырза дейтін малды адам болыпты. Орта есеппен 4 атаны бір ғасыр деп есептегенде, Самырза XVII ғасырда өмір сүрген адам. Самырзан туған Байғана, Айғана, Тайғана және Мешітбай дейтін балалары әкесінің тірі кезінде енші алып, әрқайсысы жеке үй болып тұрған. Бұлардың өзара қарым-қатынасы жайлы сөз етсек, мұндай туыстар арасында үлкен патриархалды отбасының нышаны да болмаған, қайта туысқандар ұрпағы бір-біріне қиянат жасаумен болған. Мәселен, Байғананың 9 ұлы, ұлы болмаған Мешітбайға қиянат жасағандығын Мешітбай әулеті қазірге дейін естерінде сақтап келеді. Сөйтіп, XVII ғасырдағы бұл шындық атадан балаға ауыса отырып, осы уақытқа дейін жетіп отыр.
Жалпы қазақ халқы, оның ішінде көпті білетін қария адамдар орталарында патриархалды отбасы болғандығы туралы ешбір тарихи шежіре білмейді. Мұның өзі қазақ жұртшылығында үлкен отбасы ертеректе ыдырағандығын дәлелдейді. Қазақ өлкесінде үлкен патриархалды отбасының ертерек ыдырауына көптеген жағдайлар себепкер болды. Ең алдымен, қазақ қауымындағы таптық жіктелудің күннен-күнге күшейіп, патриархалдық тәртіптің әлсірей түсуі әсер етті. Әсіресе ежелден бері көшпелілік және жартылай көшпелілік жағдайда мал өсіріп, күн көру үлкен патриархалды отбасын сол қалпында сақтауды керексіз етті. Сонымен қатар, қазақ арасында әйелді қалыңмал беріп, айттырып алу мен ұзатылған қызға міндетті түрде жасау беруге байланысты туысқандар арасында мал және мүлік теңсіздігін туғызу факторы үлкен патриархалды отбасының сақталуына қарама-қайшы келді. Қазақ елінде ежелден қалыптасқан экзогамиялық (белгілі бір туыстық шеңберінде қыз алыспау) тәртіпті сақтай отырып неке құру, яғни келіндер арасындағы өзара туыстық нышанының мүлдем болмауы да үлкен патриархалды отбасының ыдырауына әсерін тигізді. Қазақ байларының көп әйел алу әдеті үлкен патриархалды отбасының ыдырауына өзінше әсерін тигізді. «Екі қатынның баласы екі рулы ел» деп халық тегін айтпаған, ыдыраудың зор дәлелі осыдан көрінеді. Көп қатынның балалары өзара сиыспаған соң, әр қатынға енші бөліп, оларды бөлек отырғызатын.
Шамасы келген әкелердің үйленген балаларына енші беріп, отау етіп бөлек шығару дәстүрі де үлкен патриархалды отбасының ыдырауына үлкен септігін тигізді. Ал қазақ арасында балаларына енші беріп, бөлек шығару тек ХІХ ғасырда қалыптасқан әдет емес. Оның тарихы ертеректе жатыр. Ескі жазуларға үңілгенде енші бөліп беру ХІІІ ғасырдан белгілі болып отыр. Олай болса, жоғарыда айтқандай, ертерек шешіліп, тек оның кейбір сілемдері ғана сақталған. Мәселен, «қара шаңырақты қадірлеу» деген сияқты.
Үлкен патриархалды отбасында әке үкімі шексіз болған. Әке өлген соң оның орнына отбасы бастығы боп қалған үлкен ағаның үкімі барлық басқа отбасы мүшелері үшін заңды болған. ХІХ ғасырда қазақтағы дара шағын отбасы үстемдігінің кезінде де әкесінен бөлініп, өз алдына жеке үй болып кеткен ұлдарына әкесінің не үлкен ағасының белгілі мөлшерде ықпалы жүретін. Шаруашылығы бөлек болғанымен, барлық балалары әкесімен ақылдасып, көпшілік жағдайда оның айтқанын екі қылмайтын, қыстағы бөлек болғанымен, өз алдына жеке ауыл қатарына қосыла қоймаған туысқандарының өзі жазда бір жайлауға жиналады. Бірақ қотандас болмай, жеке - жеке жұртта отыратын, кейде тіпті мал суаратын құдықтары да бөлек болатын. Мұндай жағдайда көбінесе «үлкен үй» деп аталатын атасының не әкесінің үйінде түскі қымызды бір жерге жиналып ішісетін. Кейде қымыз басарға да сол үйде жиналуы мүмкін. Үлкен үйдің бүкіл шаруашылығына бөлініп кеткен балалары әрдайым жәрдем беріп тұрумен бірге, керек болған жағдайда отау үйлерге әке шаңырағынан берілетін көмек те аз болмайтын. Үлкен үйдің шаруасын әрбір отау иелері өзінікіндей санап, ол үйден көмек дәмететін, жетпегені болса алып тұратын. Кенже бала, қазақ дәстүрі бойынша, әкенің мұрагері есебінде әкесінен бөлінбейтін де, оның шаңырағына, мал - мүлкіне ие боп қалатын.
Әдетте әке шаңырағы «қара шаңырақ», «үлкен үй» атанады. Әкесі өліп, кенже баласына не кейінгі ұрпақтарына ауысса да, «қара шаңырақ» сол қалпында сақталып, әкесінен тараған барлық ұрпақ үшін қадірлі, қасиетті орда есебінде болады. Оған барлық отаулар, ұзатылған қыздар, құдалар әр түрлі сыйлықтар, соғым сойғанда сыбаға әкеліп таратады. Қара шаңырақты қадірлеу ата-баба аруағын қадірлеуімен байланысты нанымның бір түрі болумен бірге, бұдан үлкен патриархалды отбасының ыдырау кезіндегі дара, шағын отбасының арасындағы патриархалдық қатынастардың сілемін сақтай түсу нышанын байқауға болады.
Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты [6] .
Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.
Ер мен әйел - отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады [7] .
Бүгінде қазіргі заманғы отбасының стереотиптерінде «демократизация», жыныстың теңдігі сияқты тақырыптар көтерілуде. Қазіргі заманғы және дәстүрлі отбасы модельдерінің айырмашылғы айқын көрінуде, яғни «дәстүрлік-традиционализм» үшін туысқандық отбасылық принциптері тән болса, «қазіргі заманғы отбасы» үшін әрбір отбасы мүшесі экономикалық мақсаттарына жол беріп, туысқандық принциптер алшақтатылуда. Дәстүрлі отбасындағы отбасылық өндірісте әйел мен ер кісінің арасындағы еңбекті қатар түрде бөлу болса, қазіргі заманғы отбасында рольдер трансформациясы, отбасылық рольдердің өзара алмасуы процесі жүріп жатыр [8] .
Қазіргі заманғы отбасын көптеген социологтар әртүрлі көзқараспен, өзіндік тұрғыдан қарастырады. П. Сорокин 1916 жылдың өзінде қазіргі заманғы отбасының күйзеліс тенденциясын ашып көрсеткен [9] :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz